Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Биологиясы және шаруашылық маңызы



жүктеу 0.52 Mb.
бет20/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Биологиясы және шаруашылық маңызы. Жима тарғақ биік өсетін сирек түпті астық тұқымдас өсімдік. Қысқы және көктемгі қара суыққа төзімділігі шамалы.Бұл шөп өнімі жоғары, өте құнды мал азықтық дақылдар қатарына жатады. Алматы өңірінде көктемде себілген дән 17 күнде өніп шығып, түптену фазасына 27-36 күнде жетеді. Мұны пішен үшін гүл шоғыры толық жарып болған кезеңде шабды. Әдетте, бұл фазаға өсімдік түптенгеннен соң 18-22 күн шамасында жететін шамасында жететін болады. Гүлдеуі екі апта бойына созылады.

Себілген жылы жима тарғақ өнімді мол бермейді. Оның егісінен сепкеннен кейінгі екінші, әсіресе үшінші жылдан бастап мол өнім алынады. Қолайлы агротехника қолданылған жағдайда, 8-10 жыл бойы қатарынан тұрақты мол өнім алуға болады. Суармалы учаскелерде тыңайтқыш қолданған жағдайда оның гектарына 500 центнерге дейін балауса, яғни100-120 центнер пішен жиналады.

Шабындық үшін оның бірі өзін немесе бұршақ тұқымдас (әсіресе беде) шөптермен арарлс себуге болады. Бедемен аралас себілгенде көбіне – көп ол түптену фазасына ғана жетіп, бастапқы жылы оның тамыр системасы жеке сепкендегідей қуатты болмайды. Екінші, үшінші жылдарда ғана жақсы дамиды. Сөйтіп, бірте-бірте 6-7 жылдан соң бедені түгелдей аралас егістен ығыстырып шығып, жеке өзі қлады. Аралас егістің жыл ішіндегі дамуының да ерекшелігі бар. Бірінші шабыста шөптің құрамында жима тарғақ бедеден бастырмақ болса, екінші шабыст олардың өсіп-дамуы теңеледі, ал бұдан соңғы кезеңдерде жима тарғақтың өсуі біршама баяулайды. Жима тарғақ бедемен аралас себуге өте қолайлы және тиімді шөптерден саналады. Өйткені, ол көлеңкеден қорықпай аралас сепкенде ойдағыдай өсе береді. Жима тарғақ бірінші жылы (егісте біррен-саран ғаана тұқымдық сабақтар пайда болып) тұқымды шамлы ғана береді. Келесі жылдан бастап тұқымның өнімін мол бере бастайды. Тұқым өнімі гектарына 2-5 центрнерге дейін жетеді.

Бұл шөптің ең жақсы биологиялық қасиеттерінің бірі-шауып алғаннан соң, болмаса мал жайып кеткеннен кейін қайтадан тез алшындап жетіліп отыруы. Тез алшындап, қайта өсіп отыруы үшін топырақта ылғал мен қоректік заттар жеткілікті болуы қажет. Мысалы, Алматы облысының тау бөктеріндегі суармалы жерлерінде оның егісіне 5-6 рет қайталап мал жаюға болады.Сондай-ақ жима тарғақ қар кетісімен ерте көктемде көгеріп, қаулап өсе бастайды.Соңғы жылдрдың мағлұмттарын қарағанда, бұл дақыл мал тұяғымен таптауға да төзімді екенін көрсетеді.

Сөйтіп, жима тарғақ мол және сапалы пішен жинуды қамтамасыз етумен қатар, қазірде кең өріс алып отырған ұзақ мерзімді мәдени жайылымдар (суармалы учаскелерде) жасау үшін себетін ең бсты жабайы астық тұқымдас дақылы деуге болады. Өйткені ол басқа шөптерге қарағанда біріншіден, көктемде ерте көктейді, екіншіден малдың тұяғымен тапталуына біршама тұрақты, үшіншіден, пішен шауып алған соң, болмаса жайғаннан кейін алшындап қайтадан көктегіш келеді.

Жима тарғақ егісінен алынатын жемшөптің қоректі құндылығы да жоғары. Мысалы, 13-14%, гүлдену қарсаңынд одан да молырақ протеин болады.

Міне, сондықтан да оның өнімін тек пішен дайындау не болмаса жылым ретінде пайдаланып қана қоймай одан шөп ұнын өндіруге де әбден болады. Мұндай практика еліміздің, әсіресе, орталық және Балтық жағасындағы аймақтрында кеңінен өріс алып келеді.

Қазақстанда жима тарғақ өсіруге тиісті мән берілмей келгендігі салдарынан оның селекция және тұқым өндіру ісі де осы уқытқа дейін жөнді қолға алынбай келеді. Сондықтан да бізде оның бүгінгі күнде бірде-бір аудандастырылған сорты жоқ деуге болады.Осыған орай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мекемелерінің алдында тұрған кезек күттірмейтін міндеттердің бірі жима тарғақтарының әр түрлі шаруашылық қажетіне керекті жоғары өнімді, интенсивті сорттарды шығару және оның тұқымын өндіруді кең көлемде ұйымдастыру болып табылады.




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет