Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері



жүктеу 0.52 Mb.
бет110/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық тарна екіжылдық өсімдік: бірінші жылы тамыржемісін және көптеген жертаған жапырақтарын түзеді; екінші жылы гүлдерімен бұршаққыны және тұқым салған сабақтары өседі. Тарнада шалқанға қарағанда кіндіктамыры онша дамымаған. Оның тек жас өсімдіктерінде ғана кіндіктамыры және бірінші әлсіз ажыратылатын жапырақтары кездеседі. Содан 1-1,5 айдан кейін қысқа сабақтарында ірі, жалпақ алақаны тарамданған жапырақтар және тамыры – тамыржемісін түзеді. Тамыржемісінің төменгі жағында жанама тамырлар және тамыршалар өседі. Тамыржемісінің пішіні көбінесе домалақ немесе сопақша-домаланған болып келеді. Тарнаның жер бетіндегі бөлігі жасыл түсті, күлгін немесе қызыл белгілерімен, жер астындағы тамыржемістері – ақ немесе сары түсті келеді.

Жапырағы қарапайым, бөлектенген, кейбіреуі тұтас келеді, жылтыр немесе түкті, түсі қошқыл-жасыл балауызданған. Сортына қарай жапырақтануы 20 дан 60% дейін. Жыныстық өркендері 1,5 метрге дейін жетеді.

Гүлшоғыры – шашақгүл. Ақтүсті тамыржемісті тарнаның күлтесі – ашық сары түсті, сары тамыржемісті тарнаның күлтесі – сары-қызғылт түсті.

Жемісі – бұршаққын. Тұқымының пішіні домалақ, түсі – қара-қоңыр. 1000 тұқымының салмағы 2,5-3,6 г. Мал азықтық тарнаның тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +1-20С жылығанда өне бастайды, оңтайлы өніп-өсуі +20-220С жүреді. Себілген жылы тарнаның өнім жинауға дейінгі вегетациясының ұзақтығы – 11-145 күн, ал екінші жылы тұқымы піскенше – 90-110 күндей. Жалпы өнім беруі үшін температура жиынтығы 1300-15000С тең.

Мал азықтық тарна ылғалды көп қажет ететін өсімдік. Вегетациясының алғашқы айларында және дамуының соңғы кезеңінде суды көп керек етеді. Тарна егістігін қатты ылғалдандыруға да болмайды. Ондай жағдайда өсуі тоқтайды және өсімдік бактериозбен ауырады. Мал азықтық тарна әртүрлі механикалық құрамды, құнарлы топырақта жақсы өседі. Ол балшықты, құмбалшықты және күлгін түсті шым топырақты жерлерде жақсы өсіп жоғары өнім түзеді. Тарнаның мал азықтыққа мына сорттарын өсіреді: Куузику, Вышегородская улучшенная, Красносельская, Эско, Сибирская кормовая т.б.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет