Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет102/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Егістікті күтіп-баптау шаралары. Танапты тырмалаудан (көгі шыққанға дейін және шыққаннан соң ) және қатараралықты (2-3 рет) өңдеуден тұрады. Кең қатармен себілген мақсары егісі КРН-4,2 немесе КРН-5,6 культиваторларымен қатараралықтары өңделеді. Бірінші рет культивациялау 6-8 см тереңдікке, екінші 8-10 см, ал үшінші 6-8 см жүргізіледі. Бірінші культивациямен бірге өсімдік минералды тыңайтқыштармен қоректендіріледі. Суармалы егіншілікте мақсарыны 2-3 рет суару ұсынылады. Әрбір суғару мөлшері 600-800 м3 /га. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік шығысында мақсары егісі 30 аса зиянкестермен зақымданады. Олардың ішіндегі кең тараған түрлері : кіші және үлкен мақсары бізтұмсықтары, мақсары шыбыны, жидек кенесі және т.б. Күресу шаралары : егер біз тұмсықтар саны 1 шаршы метрде 2-3 данадан асса, онда 5% каратэ немесе кинмикс препараттарын егіске бүрку, мөлшері 0,15-0,20 л/га. Жұмыс сұйығы шығыны 200-250 л /га. Мақсары ауруларына қарсы (тат, жапырақтың қоңыр дағы және т.б.) Алдын-алу шаралары тұқымды дәрілеу (Витовакс 200 ФФ-3-4 л/га). Өсімдік өскінін топырақ инфекциясынан қорғау үшін қажет және дақылды ертерек қолайлы мерзімде себу.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет