Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қоркыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Инженерлі-технологиялық институты

Аграрлық технологиялар кафедрасы

Модуль 06- «Өсімдік шаруашылығындағы жаңа тәсілдер мен технологиялар»
DEDOT4310-« Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы»
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандығы: 6В08171 Агрономия
Күндізгі оқу формасы

Қызылорда қаласы


Дәріс №1-2

Тақырыбы: Дәстүрлі емес дақылдар мен өсімдіктердің жалпы сипатамасы.

Дәрістің жоспары:

  1. Мал азықтық және т.б. шаруашылық қасиеттері.

  2. Жалпы сипатамасы,  қоршаған орта факторларына қоятын талаптары.

  3. Жабайы өсімдіктерді өндіріске енгізгудегі негізгі қиыншылықтар.

  4. Аймақтағы перспективалы дақылдарды жерсіндіру.

Шаруашылыққа ұсынылған жаңа мал азықтық өсімдіктердің ішінде біржылдық өсімдіктер түрлері кездеседі. Бірақ, жаңа дақылдар көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Бұл дегеніміз, өндіріске ұсынылған жаңа мал азыктық дақылдардың негізгі бағалы ерекшелігі. Сондай-ақ, дақылдардың бұл қасиеттері бұрыннан себіліп жүрген әдеттегі мал азықтық дақылдардан әлдеқайда жоғары. Кейбір әдеттен тыс дақылдар бір жерде 30-50 жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді. Мысалы Мәскеу облысының Белая Колпь шаруашылығында XX ғасырдың басында себілген қатты майтамырдың егістігі осы күнге дейін сақталған және өнімін жоғалтпаған. Кавказда 20-30 жыл бұрын отырғызылған жабайы болып кеткен жер жаңғағын кездестіруге болады. Санкт-Петербургтағы Ботаникалық институтта бұдан 20 жылдай бұрын себілген Вейрих таранын кездестіруге болады, Львов университетінің оқу тәжірибе пунктінде 50 жылдан бері өсіп тұрған сүйір жапырақты сильфия кездеседі (П.П.Вавилов, 1990).

Көпжылдық мал азықтық дақылдарды 8-10 жылға дейін, ал кейбіреулерін 13-15 жылға дейін шаруашылықта пайдалануға болады. Осы кездері олар өнімін төмендетпей шаруашылықта  пайдалы болып келеді. Жаңа дақылдардың осындай ерекшеліктерін ғалымдар мен мамандар жоғары бағалап, келешекте осының негізінде шаруашылықтарда көпжылдық; сүрлемдік дақылдар егістіктерін ұйымдастыруға болатынын дәлелдеді.

Барлық жерсіңдірілген жаңа мал азықтық өсімдіктер өздерінің биологиялық өнімдерінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Олар үстеп қоректендіруге, аддыңғы қатарлы өсіру агротехникасына жақсы бейімделеді. Осы ерекшеліктеріне карай оларды интенсивті және перспективті дақылдар қатарына жатқызуға болады. Көпжылдық жаңа малазықтық өсімдіктердің көк балаусасының әр гектардан түсетін өнімі орта есеппен 600-800, ал біржылдық өсімдіктердің өнімі - 350-500 ц-ге жетеді. Кейбір жекелеген  тәжірибеде олардан өте жоғары өнімдер алынды.

Жаңа мал азықтық өсімдіктерден алынған жоғары өнімдердің әр гектарынан жиналған өнім мөлшерінің 150-300 ц азықтық өлшемге, ал қорытылатын протеиннің мөлшері 20-25 ц дейін жететін мысалдарын көптеп келтіруге болады.

Жаңа дақылдардың көк балаусасының жоғары өнімі оның сапасының да жоғарлылығымен ерекшеленеді. Оның химиялық құрамдары әдеттегі өсіріп жүрген мал азық дақылдардан бірде-бір кем түспейді де, кейбір сапалық (витаминдер кұрамы т.б.) көрсеткшггері олардан артық болады.Жаңа малазықтық өсімдіктердің негізгі ерекшелігі оның көк балаусасындағы протеин мөлшерінің жоғары болуында. Көпшілік өсімдіктерден жиналатын азықтық өлшем қорытылатын протеинмен тиісті мөлшерде қамтамасыз етілген немесе одан жоғары болады.

Жоғары өнім беретін өсімдіктердің әр гектарынан 10-15 ц дейін протеин жиналады.Сондықтан осы өсімдіктерден дайындалған сүрлемде мал азығына жетіспейтін белок мөлшері жоғары және белок кұрамының ауыстырылмайтын аминқышқылдарына бай болып келеді.

Кейбір  жаңа өсімдіктерде макро (кальций, фосфор) және микроэлементтер (кобальт, молибден, бор, цинк, марганец) көптеп кездеседі.Алғаш рет үйренгенше көпшілік жаңа өсімдіктердің көк балаусасын мал сүйсініп жей қоймайды. Ал үйреніп алғасын жақсы жей бастайды. Мұның себебі әртүрлі. Мысалы кейбір өсімдіктердің дәмдік сапасы (таран, қатыран жәпе т.б.), кейбіреулерінің сабағы мен жапырағьшың түктенуі (майтамыр, майлы шомыр), ал кейбіреулерінің құрамында эфир майының (аю балдырғаны және т.б.) болуы малдың сүйсініп жеуіне әсер етеді.

Жаңа мал азықтық өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатта белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болады.Шаруашылыққа енгізіліп жатқан өсімдіктердің пайдалы ерекшеліктері олардың суыққа және аязға төзімділігі. Көпжылдық өсімдіктер қар жамылғысының астында жатып, ұзақ мезгіл -40-45°С аязға төзеді, ал көктемде және вегетация басталған кезде ауаның -6-80С суығына шыдайды.

Көбінесе таулы аймақтардан жерсіндірілген өсімдіктер ерте көктемде көктеумен және алғашқы кезеңде қарқынды өсуімен ерекшеленеді. Олардың бұл ерекшеліктері күздік дақылдардан және әдетте өсіретін көпжылдық мал азықтық шөптерден (жоңышқа, беде) жоғары. Осы ерекшеліктеріне байланысты көктемде бір айдың шамасында олардың көк балаусасыи орып, әр гектардан 200-250 ц-ге дейін өнім алуға болады. Бұл дегеніміз, көктемде тапшы болып қалатын мал азығының қорын қалыптастырып, малды көк азықпен ертерек қамтамасыз ету.Барлық жаңа өсімдіктер: біржылдық болсын, көпжылдық болсын, күздің аяғына дейін өсе беретінімен ерекшеленеді. Егер күзгі-1-20 суыққа жүгері, -2-3° суыққа күнбағыс үсіп закымданатын болса, жаңа өсімдіктер мұндай суықтарда және күздің қалыпты күндері түскенге дейін өсуін тоқтатпайды.

Жаңа өсімдіктердің көбі өздеріне тән ерекшеліктерінің бірі олардың тұқым өнімінің және өну коэффициентінің жоғары болуы. Жаңа өсімдіктердің көпшілігі өзінің өсіп, жоғары өнім қалыптастырған кезіңде жапырылмайды. Оларды интенсивті қоректендіріп, суарып жақсы баптай берсең сабақтары жапырылмай өсе береді. Бұл жоғары өнім қалыптастыратын өсімдіктер үшін бағалы қасиет.

Жаңа мал азықтық дақылдар көбінесе жарық сүйгіш өсімдік екенгі белгілі. Және де олардың алғашқы өсу кезінде арамшөптермен бәсекелесінің нашар болатыны да анық. Арамшөптермен қатты ластанған жаңа дақылдар егістіктері күзге дейін нашар өсіп, келесі жыддары мүддем сиреп кететін қауіп болатынын ескерген жөн. Сондықтан көпжылдық дакылдарды арамшөптен барынша тазаланған танаптарға себу керек те, өсе бастаған арамшөптерді дер кезінде қүртып отыру кажет. Казір ол үшін көбінесе қол еңбегін пайдаланады. Келешекте ғылымның алдында арамшөптермен химиялық (гербицидтер) жолмен күресу мөселелерін анықтап, өндіріске ұсыну міндеттері тұр.

Жаңа мал азықытық өсімдіктердің жақсы ерекшеліктерін айта келіп олардың кемшіліктерін де айтпасқа болмайды.Бұлардың барлығы дерлік жабайы өсімдіктерден жерсіндіріліп шаруашылыққа ұсынылғанын ұмытпағанымыз жөн. Егер селекционерлерге жаңа сорт шығару үшін біраз жылдар керек болса, ал жабайы өсімдіктерді жерсіндіріп, мәдени түрге енгізу одан да коп жылдарды керек етеді. Шаруашылық тұрғыдан алып қарағанда жаңа өсімдіктердің биологиялық екшеліктерінен көптеген кемшіліктерді табуға болады.

Ең басты кемшілігі олардың тұқымының біркелкі піспеуінде, өздігінен шашылып қалуында және жыныстық орандарының сабақ бойында көп ярусты орналасуында. олардың осы кемшіліктері тұқым жинауды механикаландырылған әдіспен жүргізуді тежеп, жинау кезінде көп тұқым шашылып қалады. Келесі кемшілік жоғарыда айтылып кеткендей, бірінші   жылы арамшөптермен күресу мәселелері. Содан кейінгі мәселе тұқымдарының тыныштық кезеңдерінің ұзықтығы. Жаңа өсімдік тұқымдарының бұл қасиеті оларды түріне және сақталу ортасына байланысты әртүрлі болады Өсімдіктердің осындай биологиялық ерекшеліктері олар шаруашылықта өсіргенде қиындықтар тұғызады.

Жемшөп өндіруді ұлғайтудың бір жолы – перспективалы дақылдарды жерсіндіру болып табылады. Оған жабайы флора құрамынан алынған, жергілікті жағдайларда өсіру болашағы бар және жақсы өндірістік бағаға ие болған өсімдік түрлерін енгізу керек. Мысалы, байкал тараны (горец забайкальский) биіктігі 120-150 см болатын, Шығыс Сібірде жабайы түрде өсетін көпжылдық жоғары тамырсабақты өсімдік. Оны солтүстік Қазақстан жағдайында зерттеу 1970-жылдарда басталды. Ақмола облысында арнайы бағытталған сұрыптау  нәтижесінде «Чаглинский» сорты алынған. 2002-2007 жылдары орта есеппен алғанда оның өнімділігі 39,8 ц/га абсолютті құрғақ затты құрады, бұл сұлының 40-42 ц/га өнімділігіне тепе-тең.

Бұған өзге табиғи жағдайлар мен орындарда бұрыннан өсіріліп, тасымалданған біршама дақылдардың түрлері де қосылған.Қазақстанның құрғақшылыққа бейім  және құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарының егіншілік аймақтарында ноқатты егіп өсірудің болашағы зор. Оны әдетте республиканың оңтүстігі мен көршілес орта азиялық мемлекеттерде өсіреді. Далалық азық өсіруде көптеген онжылдықтар бойы жинақтаған тәжірибе көрсеткендей, мал шаруашылығында қазіргі кезде іске асырылып жатқан жемшөптің тапшылығының мәселесін тез арада шешуді дәстүрлі жемшөп дақылдарын өсіру негізінде жүзеге асыру мүмкін емес. Өндіріс технологияларын жетілдіру арқылы өнімділіктің өсуі соңғы 30 жылда орта есеппен алғанда 26-38%-ды құрады. Ауылшаруашылық зоналарда перспективалы жаңа жемшөп өсімдіктерін енгізу байырғы дақылдармен салыстырғанда өнімділікті еселеп (2,0-2,5), жемшөп өндіруді жылдам және бірнеше есе ұлғайту мәселесін шешуге жағдай жасайды.

Аймақтың өзіндік табиғи жағдайлары және топырақ ерекшеліктері:

- тұрақты жел белсенділігі;

- жауын-шашын мерзімділігі;

- температураның көктемгі жылдам өсімі;

- топырақтың эрозияға бейімділігі

Соңғы уақытқа дейін көбісі топыраққа саяз отырғызуды талап ететін және топырақтың жоғары қабатының тез кебуіне бейімделмеген ұсақ тұқымды болып табылатын дақылдардың егу ауданын кеңейтуді тежейтін факторлар болып келді.

Бірақ агротехниканың жетілдірілуі және егу машиналары, сонымен қатар арамшөптен қорғау құралдары мен әдістері жүйесіндегі жаңа техникалық шешімдер аймақ жағдайында бұл дақылдардың өнімділік әлеуетін толығырақ іске асыруға мүмкіндік береді.1970 жылдардан бастап ғылыми-зерттеу орталықтарының ұжымдық қызметінің нәтижесінде

- дәстүрлі өңдеу дақылдарынан өнімділігі жағынан 2,0…3,5 есе асатын перспективалы дақылдарды өсірудің зоналық технологиялары жасалды;

- осы дақылдардың әрқайсысы үшін зоналық деңгейде топырақ-климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып агроклиматтық аудандастыру жүргізілді;

- патенттермен және авторлық куәліктермен қорғалған арамшөптерден қорғау, егу агрегаттарын қайта қалпына келтіру, сорттар жасау жүйелеріне қатысты бірнеше техникалық шешімдер ұсынылды;

- жеке дақылдар бойынша бастапқы тұқым шаруашылығы басталды.

Жаңа жемшөптік дақылдар өнімдерінің мына жағдайларға жарамдылығын бағалау классификациясы жасалды:

- таза күйде консервілеуге (сүрлем, пішендеме);

- дәстүрлі өсірілетін дақылдармен қоспада консервілеуге;

- жасанды жолмен ылғалсыздандырылған жемшөптерді дайындауға (витаминді шөп ұнтағы, түйірлер);

- негізгі шикізаттың сапасын арттыру үшін үстеме ретінде.

Жаңа дақылдардың өнімі, жоғары шығымдылығымен қатар, жақсы қортылуымен, алынатын шикізаттың жоғары протеиндік қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.



жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет