Дауыс & КӨрініс issn 680-0923


         Уголок  Профессионала



жүктеу 0.74 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата13.09.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

83 

 

  



 

Уголок  Профессионала  

 

Мұғалімді төрге шығаратын кім? 

 

Жұмаш МАХАНОВА, 

ҚазОА Тренері, 

№2 Ақсуат ОМ, 

Тарбағатай ауданы, 

ШҚО 

                                                                                                         

 

ХХ  ғасырдың  басында-ақ  қазақтың  бір  туар  ақыны,  алаш  қайраткері 



Мағжан  Жұмабаев:  «Алты  алаштың  баласы  бас  қосса,  төр  -  мұғалімдікі» 

деген. Қазіргі жаһандану заманында мұғалімдер осы үрдістен шығып жүр ме? 

Ардагер  ұстаз  ретінде  осы  мәселе  жалғыз  мені  ғана  емес,  бүкіл  қоғамды 

ойландырады.  Бұл  заңды.  Себебі,  ұлттық бәсекеге  қабілетті  болудың  негізгі 

көрсеткіші  –  білім  деңгейімен  өлшенеді.  Бұл  мәселені  шешудің  кілті  ұстаз 

қолында.  Өйткені,  ұстаз  елдің  ертеңгі  тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиелейді. 

Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы ұстаздың негізгі құралы 

- сабақ екені белгілі. Сабақ скрипка аспабы секілді онымен жай гаммаларды 

ойнауға немесе Паганинше саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып 

үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әлемге толы нағыз ұстаз болу 

кімнің  де  болсын  арманы.  Бұл  арманды  орындауға  Үкімет  те,  Білім  және 

ғылым  министрлігі  аянып  жатқан  жоқ.  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың 

бастамасымен  елімізде  білім  берудің  стратегиялық  жоспарлары  жасалып, 

бағыттары  белгіленді.  Сондай  жаңа  жүйелердің  бірі  -  мұғалім  біліктілігін 

арттырудың  Кембридж  университеті  бағдарламасы.  Әрине,  бұл  қуанарлық 

жағдай.  Үкіметтен  миллиардтаған  қаржы  бөлініп,  мұғалімдерді  оқыту  - 

өркениетті  елдердің  көбінде  жоқ  үрдіс.  Бұл  жағынан  келгенде  еліміздегі 

ұстаздардың бағы жанды. 

 

Біздің мектептен де мұғалімдер Кембридж бағдарламасы (КБ) бойынша 



оқып, өз сабақтарында пайдаланып, материалдық жағынан ынталанып  

84 

 

  



Маман бұрышы

 

 



жатқан  жайлары  бар.  Аталған  мұғалімдердің  сабақ  үрдістерінде  оңды 

өзгерістер  болғаны  да  анық.  Білім  беру  үрдісіндегі  жаңа  әдістерді 

қолданғаннан кейін оның тиімділігіне сараптама жасалынатыны белгілі. Осы 

орайда  КБ  оқып  келгендер  мен  аталған  бағдарламаны  оқымаған 

мұғалімдерден сауалнама алынған болатын. Оқыған мұғалімдердің барлығы 

да  «Оқу  мен  Жазу  арқылы  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамыту»  (СТО) 

жобасы бойынша оқыту семинарынан өткен мұғалімдер болатын. КБ туралы, 

оның әдістері туралы не айтасыз? деген сұрауға барлығы да оның тиімділігі 

туралы, бұрыннан СТО жобасы арқылы таныстығы туралы жазыпты. Соның 

ішінде  бір  мұғалім:  аталған  әдістерді  СТО  жобасының  оқыту  семинарында 

өзіміз  топпен  жұмыс  істей  отырып  игерсек,  КБ  әдістерін  1  ай  ішінде 

теориясын  оқып,  содан  соң  практика  жүзінде  сабақта  қолданып,  үйрендік. 

Бізге  тиімді  болғаны  -  СТО  жобасында  әдістермен  бұрыннан  таныс  болып, 

сабақтарда пайдаланғанымыз.  Әрі қарай  КБ  жалғасын  тапқандай болды  деп 

жазыпты.  

Кембридж  Бағдарламасы  және  мұғалім  философиясы  туралы 

ойларыңызбен  бөліссеңіз  деген  сауалға  жауап  берген  мұғалімдердің  ішінде 

А.  деген  мұғалімнің  жауабына  назар  аудардым.  «Почему  учителям  нужно 

менятся?  Потому  что  мир  меняется,  ученики  меняются.  Чтобы  помочь 

ученику,  необходимо  развить  способность  оказывать  помощь  ребенку  в 

сотрудничестве  с  другими  коллегами,  постоянно  рефлексировать  над  своей 

профессиональной  деятельностью,  чтобы  учиться  на  своем  опыте»  деп  өз 

ойын білдіріпті.   

Ал,  СТО  жобасын  оқып,  КБ  оқымаған  мұғалімдерден  алынған 

сауалнамада  бәрі  де  СТО  мен  КБ  ұқсастығын  байқағандарын  жазса,  соның 

ішінде С.: Оқып келген мұғалімдердің әдістері КБ оқымасам да маған таныс 

СТО жобасының әдістері екенін көрдім. Сондықтан шетелдік оқытудың түп  


85 

 

  



Уголок  Профессионала  

 

негізі  біреу  ғана  ма  деп  ойлаймын.  Мұғалімдерді  іріктеп  қана  мемлекеттің 



ақшасын  кетіріп,  оқыту  дұрыс  па?  Бұл  жағы  маған  белгісіз?  деп  өз  ойын 

сұрақпен аяқтапты. 

Көпшілік мұғалімдер СТО жобасын оқып барып, үйренудің тиімділігін 

де жазыпты.  

Кембридж бағдарламасының бір модулі болып саналатын СТО жобасы 

туралы қазір барлық ұстаздар қауымы біледі десек, артық емес. Аталған жоба 

Қазақстанға  1997  жылы  келді.  Жобаның  жұмысын  жүзеге  асыратын  заңды 

қоғамдық  ұйым  -  Қазақстан  Оқу  Ассоциациясы  (ҚазОА).  Бірақ  ресми 

орындарда ҚазОА туралы айтылмауы көңіліме келеді. 

 

Өткенге  сәл  шегініс  жасасам,  ұстаздық  қызметім  көз  алдымда 



тізбектеліп өткендей. 

35  жылдай  білім  саласында  еңбек  етіп  жүргенде,  көптеген  жетістікке 

жеттім.Түрлі оқулар мен конференцияларға қатыстым, талай жерде баяндама 

жасадым. Оқушыларым облыстық пән олимпиадасында жүлдегер атанды. Бір 

сөзбен 

айтқанда, 



жаман 

мұғалім 


болмадым. 

Бірақ 


бұл 

мені 


қанағаттандырмады,  бір  нәрсе  жетпей  тұрғандай  күй  кешетінмін.  Әріптесім 

Нұргүл  Оспанованың  тәжірибесіндегі  жаңа  әдістерді,  балалардағы 

өзгерістерді  көріп,  қызықтым.  Осылай  СТО  жобасымен  танысып, 

қызығушылығым  оянды.  Сол  үшін  Семей  қаласына  арнайы  барып,  ҚазОА 

Тренерлері  Галина Селезнева мен  Рысалды  Қалиевадан оқыту  семинарынан 

өттім.  Осы  жобаның  мен  іздеген,  көңіліме  қонған,  ең  бастысы  -  бала  үшін 

тиімді  болғанын  байқадым.  Және  де  педагогикалық  әдістемеме  түбегейлі 

өзгеріс  әкелді.  Бұл  2003  жыл  еді.  СТО-ның  қайнаған  қазанына  түскен  мен 

қатысушыдан  бастап,  барлық  деңгейлерден  өттім.  Бір  менің  ғана  емес 

республикада  мыңдаған  ұстаздың  осындай  күй  кешкеніне  шүбәм  жоқ. 

Қарапайым ауыл мұғалімдері Ұлттық, Халықаралық Оқу конференцияларына  


86 

 

  



Маман бұрышы

 

 



қатысып, ғалым-ұстаздармен терезесі тең дәрежеде ой бөлісуі үлкен жетістік 

еді. Республиканың түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер бір проблема төңірегінде 

ой  өрбітеді,  пікір  алысады.  Себебі,  қай  жақта  болмасын  оқушы  бірдей, 

тақырып  ортақ.  Көптеген  мұғалімдер  осы  жобаның  арқасында  ғылыми 

зерттеудің  жаңа  жақтарын  ашып,  іс-тәжірибелерінде  белгілі  бір  нәтижеге 

жетіп  келеді.  Біздің  ауданымызда  жобаның  жүзеге  асуы  Нұргүл 

Оспанованың  еңбегі  дер  едім.  Жобаны  алғаш  рет  таныстыруымен  қатар, 

өзімен  бірге  әріптестерін  де  тартып,  кәсіби  дамуларына  жол  ашты,  бірлесіп 

жұмыс істеудің үлгісін көрсетті.  

Ал,  Қазақстанға  осы  жобаны  әкелген,  оны  биік  деңгейге  көтерген  - 

ҚазОА  Президенті,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Мирсеитова 

Сапаргүл  Сламбайқызы.  Аталған  жоба  одақтас  республикалардың 

бірнешеуінде  оқытылып,  мұғалімдерге  таныстырылды.  Алайда,  ешқандай 

елде СТО жобасы еліміздегідей биікке көтеріле алған жоқ. Мұғалімнің кәсіби 

өсуіне  жол  ашатын  түрлі  шаралармен  қатар,  «Дауыс  пен  Көрініс» 

журналының  шығуы,  «КДМ»  сериясымен  шыққан  кітаптардың  басылуы 

қоғамдық  ұйым  мүшелерінің  еңбегі  екені  рас.  Кітап  шығарудың  қандай 

екенін  кез  келгеніміз  білсек  те,  мойындамаймыз.  Осы  алақандай  мақаланы 

жазуға  қиналғанда,  Сапаргүлдің  еңбегі  өлшеусіз  екенін  түсінесің.  Аталған 

жобалар  (СТО,  КБ)  шет  елдерден  келгендіктен,  оларды  өз  тілімізде  оқитын 

кітаптар  мүлде  жоқ  деуге  болады.  Сапаргүл  Сламбайқызы  шетел 

ғалымдарының  құнды  педагогикалық  еңбектерін  ойлана  оқи  отырып,  өзінің 

тәжірибесі  арқылы  ой  елегінен  өткізіп  барып,  аударуы  автордың  кәсіби 

шеберлігін  көрсетеді.  Мұның  құндылығы  сонда,  ойларға  еркіндік  беріледі. 

Қабылдау,  қабылдамау  еркін  тыңдаушының  өзіне  қалдырып,  тек  жол 

көрсетеді.  Таңдауды  өзің  жасайсың,  қажеттілігін  аласың.  Сонымен  қатар 

Сапаргүл өзінің философиялық, педагогикалық пайымдауларын да тиімді  


87 

 

  



Уголок  Профессионала  

 

жеткізе  білген,  педагог  жазушы  деңгейіне  дейін  көтерілген  жан.  Көптеген 



педагогикалық  еңбектері  мен  қазіргі  кезде  барлық  мұғалімдердің 

бойтұмарындай қолдарынан түсірмей оқитын кітаптары - Сапаргүлдің еңбегі. 

«Оқыту  ізденіс  ретінде  және  ізденіс  оқыту  ретінде»  кітабы  Кембридж 

бағдарламасына  орай  жазылған  еңбек  болатын.  Алайда,  неліктен  екені 

белгісіз  осы  кітаптың  авторын  айтқызбаса  да,  КБ  оқыған  мұғалімдер  іздеп 

жүріп, оқуы ойға қалдырады. Мұғалімдер неге аталған кітапты іздейді? Осы 

сұрақтың  жауабын  дәл  қазір  маған  ешкім  де  айта  алмас.  Неміс  ойшылы 

Ф.Энгельстің:  «Ақырында  бәрін  тарих  орны-орнына  қояды»  деген 

пәлсапалық  сөздеріне  сүйенсек,  күндердің-күнінде  бәрі  қалпына  келеді. 

Алайда, ол уақыттың еншісінде.  

Егер  біздің  мұғалімдер  бүгінгі  күні  өз  журналдарын  шығарса, 

зерттеулер  жүргізсе,  жыл  сайын  өтетін  конференцияларда  бас  қосса,  кітап 

жазса, онда бұл жоба авторларының ұсынғандарының шеңберінен әлдеқайда 

шығып  кетті.  Менің  ойымша,  кез  келген  теорияның  құндылығы,  түрлі 

идеялар мен ойдың шарықтауына жол беретіндігі (С.Мирсеитова, Дж.Дьюи, 

Л.Выготский  және  Ж.Пиаже  идеялары:  бүгінгі  көзқарас,  КДМ  сериясы, 

Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева 

редакциялаған, ИздатМаркет, Алматы, 2004,71-73 бет).  

Бұл  ойлардың  жүзеге  асуына  барлық  ҚазОА  мүшелері  атсалысты, 

сондықтан да дұрыс бағытпен келе жатуымыздың әр қайсымыз үшін маңызы 

зор. 

Ендеше, қадірлі ҚазОА белсенділері, барымызды қадірлеп, оған демеу 



болу  -  біздің  ұстаздық  та,  азаматтық  та  парызымыз.  Себебі,  жеткен 

жетістігімізге  қоғамдық  бірлестік  мүшелері  мен  Сапаргүлдің  де  орны  бар 

екені  даусыз.  Құзырлы  мекемелер  мүмкін  білер,  мүмкін  білмес,  бірақ  та 

Үкіметтің қыруар қаржысын шашпай, СТО жобасы талай ұстаздың бағын  



88 

 

  



Маман бұрышы

 

 



ашты, кәсіби дамуына жол көрсетті. Жобадағы мұғалімдер  сабақтағы басты 

тұлға өздері екенін түсінді.  

 

Санаулы  күндерден  кейін  зейнетке  шығамын  ба  деп  отырмын.  Сонда 



да,  мен  өзімді  бақытты  санаймын.  ҚазОА-ның  арқасында  талай  танымал 

ұстаздармен  таныстым,  пікірлестім.  Ауылда  қарапайым  мұғалім  болсам  да, 

зерттеулерім  бірнеше  кітаптар  мен  журналда  жарияланды.  Тағы  да  бір 

жаңалық,  әріптестерім  Нұргүл  Оспанова,  Қайыргүл  Дүзбаева,  Гүлжан 

Рахметжановалармен  бірге  Америка  баспасынан  ағылшын  тілінде  шыққан 

«Этнография»  жинағында  зерттеулерім  басылыпты  деген  Сапаргүл 

Сламбайқызынан  қуанышты  хабар  алдым.  Бұл  мен  үшін  де,  әріптестерім 

үшін  де  үлкен  жетістік  болды.  Осы  кітапты  редакциялаған  Сапаргүл 

Мирсеитова  мен  Дэвид  Ландистің  еңбегі  зор  болды.  Себебі,  бұл 

шығаршылық жұмыс бірнеше жылға созылды. Көз майын тауысып, бірнеше 

рет  сүзгіден  өткізіп,  аударылған  кітапты  табандылықтың  жемісі  деп 

бағалаймыз. Редакторлар бізге нағыз шығармашылықтың үлгісі көрсетті. Сол 

үшін Сапаргүл Сламбайқызы мен Дэвид Ландиске зор алғысымызды білдіріп

рахмет айтамыз. 

 

ҚазОА-ның арқасында оқушыларым төрге шығарды деп ойлаймын. Бір 



мен емес, осы жобада тұрақты жүрген мыңдаған ұстаздың төрге шыққанына 

да  сенімдімін.  Бәрі  де  өзімізге  байланысты  екенін  ұмытпайық  және  лайым 

төрде болайық. 

 

Сіздер қалай ойлайсыздар, әріптестер? 



 

 

 



 

89 

 

  



НОВОСТИ КазАЧ\МАЧ  

 



"Трансформируя жизни через грамотность"  

         18-20 июля, 2015 г. 



                                         60-я Конвенция МАЧ, Луис, Миссури, США 

 



60-я  Конвенция  МАЧ  состоится  с  июле  2015  года.  КазАЧ  ждет  ваши 

поздравления  и  предложения  с  этим  знаменательным  событием.  Лучшие 

поздравления будут представлены в МАЧ. 

 



Желающие принять участие в конкурсе МАЧ по исследованию в области 

Чтения,  просьба  прислать  материал  в  офис  КазАЧ  и  принять  участие  в 

обсуждениях на НКЧ-15. 

КазАЧ  предлагает  помощь  в  корректировке  материалов  на  английском       

языке. См. соответствующий раздел сайта МАЧ - www.reading.org 

 



Конкурс КазАЧ – 2015 «Лучший читатель КазАЧ», «Лучший  

писатель КазАЧ», «Лучший иллюстратор КазАЧ» 

В конкурсе могут принять участие все желающие: учителя - члены КазАЧ и 

их ученики. Для этого до 1 июня 2015 года в Правление КазАЧ должны быть 

предоставлены следующие материалы:  

1.  Протокол  собрания-мероприятия  по  проведению  конкурса  на  местах  с 

указанием результатов голосования (большинство из числа присутствующих) 

за первые места по указанным всем трем категориям. 

2.  а)  для  читателя  -  наличие  текста  защиты-презентации  книги  с 

приложениями  (эссе  претендента  и\или  его\ее  рекламы  аудитории, 

иллюстрации, фотографии); б) для писателя - сочинение, эссе, текст рассказа 

(истории);  в)  для  иллюстратора  -  иллюстрация  к  произведению  по  выбору 

автора. 


3. Отзыв тренера\учителя (члены КазАЧ), отзыв\эссе участников форума. 

 

 



 

90 

 

  



ҚазОА\ХОА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 

 

 



НОРМА ЭТИКИ КАЗАХСТАНСКОЙ АССОЦИАЦИИ ПО ЧТЕНИЮ 

разработана и публикована Голос и Видение, №4(16) 2003г. 

 

Казахстанская  Ассоциация  по  Чтению  открывает  доступ  к  повышению 



квалификации 

педагогов 

(учителей, 

преподавателей, 

методистов), 

совместному  поиску  и  профессиональному  развитию.  Ассоциация 

способствует  созданию  профессионального  сообщества  с  единой  целью  - 

демократизация 

образования. 

Члены 


КазАЧ 

образуют 

группу 

профессиональных  людей,  способствующих  развитию  общества  через 



обучение,  проведение  исследований  и  публикации.  Члены  КазАЧ 

способствуют  созданию  и  поддержанию  благоприятного  имиджа 

организации: 

Все  члены  КазАЧ  обязаны  соблюдать  этические  нормы  организации, 

поддерживать  отношение  с  другими  профессиональными  людьми,  уметь 

слушать  мнение  коллег  и  высказывать  собственное  мнение,  основываясь на 

достоверных  фактах  и  допускать,  что  кто-то  это  делает  по-другому,  но  при 

этом  быть  готовым  предложить  и  свой  вариант.  А  также  своевременно 

излагать  результаты  проведения  исследовательских  работ  и  иной 

деятельности по развитию обучения чтению. 

Члены  КазАЧ  обязуются  не  рекламировать  работу  организации  и  не 

использовать ее с выгодой для себя или какого-либо лица. 

КазАЧ  приветствует  профессионалов  по  чтению  и  предоставляет 

страницы  для  публикации  в  изданиях  КазАЧ,  а  также  приветствует  и 

публикации  на  страницах  республиканских  изданий.  При  этом  мы 

рекомендуем авторам предоставить текст материала в местном ОО «РКМ» и 

своим тренерам для рецензии. Все члены КазАЧ должны стремиться к тому, 

чтобы наши публикации отличались высоким уровнем. 



жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет