Дауылпаз баба



жүктеу 9.12 Kb.

бет8/22
Дата09.01.2017
өлшемі9.12 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

 ҚОЖАБЕРГЕН  ЖЫРАУ ЖӘНЕ ТАРИХ 
ТАҒЫЛЫМЫ
Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,
журналист-заңгер,
Қазақстанның мәдениет қайраткері
Биыл жауынгер-жырау Қожаберген Толыбайсыншыұлының туғанына 
350 жыл және қазақ тарихының ең бір қайғылы кезеңі «Ақтабан шұбырын-
ды Алқакөл сұлама» қасіретін ұрпақтар зердесінде қалдырған «Елім-ай» та-
рихи жырына 290 жыл. Жырды шығарушы – Қожаберген жырау. Қазақстан 
Үкіметінің «Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын 
дайындау және өткізу туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №1678 ар-
найы қаулысымен шайырдың мерейтойы елімізде тұңғыш рет кең көлемде ата-
лып өтіп жатыр. Оның өмірі мен қызметіне арналған республикалық ғылыми-
практикалық конференциялар, «Елім-ай» тақырыбында жыр кештерін, ақындар 
айтысын, ұлттық спорт ойындарын өткізу, кітап көрмесін ұйымдастыру сияқты 
шаралар қолға алынып, іске асырылуда. 
Дауылпаз Қожаберген жырлары Ел мен Ер тағдыры ортақ екендігін көрсе-
теді, қилы заман шежіресіне қанықтырады. Қабат келіп отырған өзара сабақ-
тас екі атаулы жылдың мән-маңызы оларды тарихи тұрғыдан бірге қарастыр-
ғанда ашыла түседі. 
1456 жылы Қазақ хандығы құрылғаннан 1991 жылы тәуелсіз Қазақстан 
Республикасы жарияланғанға дейінгі бес жарым ғасырдай уақытта қазақ хал қы 
небір ауыр сындарды бастан өткерді, «мың өліп, мың тірілді». Әуелгі ең үлкен 
қатерді шығыстағы көрші, әбден күшейіп алған батыс моңғол тайпаларының 
(ойрат-қалмақ) бірлестігі Жоңғар мемлекеті төндірді. 1457 жылы болған 

125
Қожаберген жырау – 350
алғашқы соғыстан бастап жоңғар мен қазақтың өмір не өлім бітіспес тайталасы 
үш ғасырға созылды. 1698 жылы қонтайшы Сыбан Раптан кезекті бір жойқын 
шабуылды бастап, қазақ қолын жеңіп, екпіндеген бетімен Шығысты, Жетісуды, 
Оңтүстікті, Сыр бойының Түркістан өңірін Сарысу өзеніне дейін басып алып, 
он екі жыл бойы уысынан шығармады. 
Сыр бойындағы Шиелі жерінің де жоңғар тепкісінде қалған кезеңі осы кез. 
Сірә, осы кезеңге қатысты болса керек, Шиелі жұртында қалмақ билеушісін 
өлтіруге байланысты мынадай бір аңыз бар. 
Ол кезде Түркістан маңын қалмақтың Тоқбура деген ханы билеп тұрған екен. 
Мейманасы тасқан жауыз күнде қазақтың бір қызын қойнына салып отыруды 
әдетке айналдырыпты. Бұл қорлыққа жау езгісіндегі халық қарсы ештеңе істей 
алмай күйзеліпті. Содан күндердің бір күнінде кезек Көгентүп деген жігіттің 
қарындасына келіпті. Бұл арпа орып жатқан жаз мезгілі екен.  Көгентүп егін 
орағының басында жүрсе керек. Оның бойында әлдебір қасиет-күш болыпты. 
«Қарындасына кезек келді» дегенді естігенде намыстан өртеніп, ызаланған 
жігіт арпаны алақанына салып үгітіп, масақ қылтанағын дұшпанды бағыттай 
үрлеп жібереді. Сол қылтанақ ұшып барып әміршінің жүрегіне қадалып өліп 
кетіпті. «Жауыз хан ажал құшыпты» дегенді естіген ел бұған қатты қуанады. 
«Дұшпанға өлім қаптырған кім болды екен» деген сөз тараған кезде, әр жер-
ден «мен өлтірдім» деушілер де шығыпты. Сонда Көгентүп: «Хан неден, қалай 
өліпті, соны біліңіздер, егер жүрегіне арпа масағының қылтанағы қадалып, содан 
өмірем қатса, онда ажал менің атқан арпа оғымнан келгені», – дейді. Соның 
айтқаны рас болып шығады. Содан бастап Көгентүп есімді әлгі жігіт Оқшы 
атанған екен. Қазір Шиелі жерінде әулиелер қорымында үлкен кесенеде жат қан 
Оқшы ата сол Көгентүп дейтін  аңыз бар. 
Бұл, әрине, аңыз. Дегенмен, ханның жауыздығына қарсы көтерілген қа-
зақтардың бірінің  (Көгентүптің) қолынан  қаза тапқаны  шындық болар. Бірақ 
тарихта Көгентүп есімді батыр және оның қолынан өлген жоңғар билеушісі-
нің аты еш жерде кездеспейді. Ал Оқшыға келсек, ол – ІХ-Х ғасырларда Сыр 
бойында оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген Қорқыт атаның замандасы. Оқшы 
батырдың есімі «Қорқыт ата кітабының» соңғы жырында аталады. 
Құба қалмақтар (жоңғарлар) Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасын жолға 
қойып, көптеп мылтық қару-жарақтар сатып алады, зеңбірек құюды үйренеді, 
сөйтіп күшін бір бағытқа – қазақтарға төкті. Соның нәтижесінде 1708, 1711-712, 
1714-1717  жылдарғы дүркін-дүркін жасалған жорықтары кезінде қалмақтар 
қазақтардан басым түсіп отырды. 

126
        Қожаберген жырау – 350
 Әз Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін ел билеушілері арасындағы билікке та-
лас салдарынан қазақ жүздерінің бір-бірінен алшақтай түсуі Қазақ хандығы-
ның әскери қуатын едәуір әлсіретіп тастайды. Қазақ хандығы қансыраған жа-
ралы жолбарыстай күйде еді. Жақсы әзірленген кәнігі жау осыны пайдала нып 
1723 жылы көктемде тың күшпен қазақ еліне бірнеше бағытта лап қояды,  тағы 
да шығысты, Жетісуды жайпап, Қаратау асып Сыр бойына бет алады. Дұшпан 
аяғы тимеген жер Арқа мен Батыс қана еді. Әйгілі жазушы Ілияс Есенберлин 
өзінің атақты «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы «Жанталас» рома-
нында бұл жойқынды былайша сипаттайды. 
«Сыртқы жауынан қазақ елі бұрын-соңды мұндай апатқа ұрынған емес. 
Атақты Жошы ханның Арқаны, Сыр бойын алатын ұрыстарының өзінде де 
қазақ даласында қырылған ел үштен бір бөлігінен аспаған. Жошыға қазақ же-
рінде хан болу үшін ел керек болса, Сыбан Раптанға қазақ халқының жері мен 
малы керек еді. Кейбір тарихшылардың есебі бойынша жоңғар әскері атының 
тұяғы жеткен жеріне дейін сол кезде екі миллиондай қазақ халқы тұрған екен. 
Жоңғар шапқыншылары соның бестен үшін өлтірген, яғни екі миллион адам-
ның бір миллион екі жүз мыңдайын жоқ еткен. Жан түршігерлік апат!» 
Осынау зұлмат Шәкәрім Құдайбердіұлы 1888 жылы Абайдың кеңесімен 
жазған «Қалқаман – Мамыр» дастанында да баяндалады. Оқиға қазақтың 
қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырындыға» ұшырарынан бір-ақ жыл бұрын 
болған.  Сөз ретінде айта кетсек, қазақтың әйгілі үш төбе биінің бірі Қазыбек  
Келдібекұлының  (1667-1764) да кіндік қаны тамған жер Сыр бойы, жастық 
шағын Қаратау мен Ұлытау атырабында өткізіпті. Ал бұл өңір – қазіргі 
Қызылорда, Шиелі тұсы. Жоңғар шапқыншылығы салдарынан арғынның 
тобықты руы сияқты қаракесек тармағы да Арқаға ауып кеткен. Шәкәрім ел 
ахуалын аталған дастанда былай сипаттайды: 
Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, 
Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл. 
Қалмақтың бастаушысы Суан Раптан 
Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл.
Қазақты ол ұрыста қалмақ алды, 
Үш есенің екеуін қырып салды. 
Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында 
Арқаға қазақ ауып кетіп қалды. 

127
Қожаберген жырау – 350
Осы жол – бар қазаққа белгілі жол, 
«Ақтабан шұбырынды» дегенің сол. 
Жаяу жүріп табаны аппақ болып, 
Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол. 
Сол себепті Қалқаман қалды ізделмей, 
Іздемейін деген жоқ, шама келмей. 
Ол түгіл Әнет бабаң көшке ере алмай, 
Тірідей дөң басында қалған өлмей.
Шәкәрім ел күйзелісін осылай суреттеп, көз алдыңа келтіреді. Жау тепкісі-
нен ыққан ұлы жүз бен орта жүздің босқын елі табандары ақжем  шұбырын-
дыға ұшырады. Атақоныс, мал-дүние адыра қалады. Байтақ қазақ даласының 
қиыр шығысынан, оңтүстігінен жаяу-жалпы шұбырған жұрт жау былай тұрсын, 
ит-құсқа да жем болады. Бір елге ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, бетіне 
ешкім қарсы келмей, бір рулы елді билеп отырған, исі қазаққа қадірлі Әнет баба 
сияқты ардақтыны өздерімен алып кете алмай жұртта қалдыруға мәжбүр болған-
нан-ақ қалың ел басына түскен зобалаңның қандай болғанын шамалай беріңіз. 
Міне, биыл осынау «Елім-айлаған» қайғылы тарихи оқиғаға 290 жыл толып 
отыр. Ел зары «Елім-ай» жырының да шығу мерзіміне осынша жыл.
Күні кеше ақ май аузынан ағылған ел жолында кездескен өсімдіктерді 
талғажау етті. Қайың ағашының қабығын сыдырып, сөлін сорды, «қайың 
сауған» деген ат содан қалды. Ұлы жүздің рулары және орта жүз руларының 
бірсыпырасы Сырдың жоғары тұсы Шыршық маңынан өзеннен өтіп Ходжент, 
Самарқандқа қарай ағылып, бас сауғалады. Ал кіші жүз рулары Сауран қаласын 
айналып қашып, Шиелінің үстімен Сыр бойынан Хиуаға қарай беттеді. «Сауран 
айналған» деген ат осыдан қалды. 
«Елім-айлап» ақтабандап шұбырған ел титықтап Сыр бойына жетіп сұлап 
түседі. Жоңғардың 1723 жылғы жойқын шапқыншылығының бүкіл қасіретін 
бейнелеп айтқан тарихи атау «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» осыдан 
шыққан екен.  
Алқакөл бүгінгі заманға жетпей суалып қалған шағын көл ме екен, бұрын-
соңғы ешбір географиялық не тарихи картада кездеспейді. Ел аузынан жет-
кен аңыздарға қарағанда ол көл Сыр бойында және екеу көрінеді. Көлдің 
біреуі Сырдың сол жақ жағалау бетінде Шиелі тұсында алты шақырым жерде 
болған, ал екінші Алқакөл Сырдың оң жақ жағалау бетінде Ташкенттен тоқсан 
шақырым шамалас жерде дейді. Қашқан елдің жағасына жетіп құлағаны, ке-

128
        Қожаберген жырау – 350
зерген таңдайын жібіткені Сырдың арғы беті – сол жақ жағалау бетте Шиелі 
тұсындағы жақын көл болса керек. Ұлы жүз бен орта жүз қазақтары айтатын 
«Алқакөл сұлама» осы. Бірақ осы Алқакөл атауы жаңылыс кеткен болуы керек 
деген пікірді әйгілі тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханов айтқан. Маған да сон-
дай ой келеді, ол туралы сәл кейіндеу.
Ел басына түскен ауыр күйзелістен қалған ескерткіштің ең зоры – осындай 
жекелеген атаулар ғана емес, әйгілі «Елім-ай» әні. 
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді, – 
деп басталатын осы әйгілі «Елім-ай» әні сөз болғанда, ол әдеттегідей шығару-
шысы белгісіз, халық әні ретінде саналып, ән жинақтарына солай еніп келеді. 
Жоңғар шапқыншылығының қасіретін көрсеткен ілгергі-кейінгі шығармалар-
дың қай-қайсысы да мұң-зарды шынайы бейнелеу тұрғысынан оған тең келер 
ме екен!  
Осы «Елім-ай» өлеңі мен әні Сыр бойы, Қаратау бөктері Шиелі жерінде 
туыпты. Өлең мен әнді шығарушы да белгілі, ол – сардар, жырау, сазгер Қо-
жаберген Толыбайұлы. Бұл қазір кейбір зерттеушілер тарапынан айтылатын 
күмәндарға қарамастан, ғылыми ортада негізінен орныққан пікір, оған дәлелдер 
де аз емес. Әпсана-аңыздарды айтпаған күннің өзінде тарихи жазбалар да біраз 
бар болып шықты.
Бұл туралы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында алғашқылар-
дың бірі болып пікір айтқан – әдебиет зерттеуші ғалымдар М. Жармұхамедов 
пен Г. Тұрсынова. 1981 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналының 6 са-
нында, содан кейін 1983 жылы Қазақстан Ғылым академиясының М. Әуезов 
атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Ерте дәуірдегі қазақ 
әдебиеті» деген жинақта жарияланған мақалаларында Г. Тұрсынова халықтық 
«Елім-ай» өлеңінің авторлығы туралы тың мәселе көтерді. М. Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында «Керей шежіресі» деген 
қолжазба сақтаулы екен (Қолжазба қоры, 766, 12-дәптер). Шежірені жазған 
әйгілі сазгер-әнші, батыр Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов, ол 1818-1854 жыл-
дар аралығында өмір сүрген. Осы қолжазбаны академияға тапсырушы – халық 
әдеби қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин деген кісі.  
Ғалым Г. Тұрсынова 1983 жылы шыққан «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» 
деген жинақта осы шежіре мұраны талдаған «Бір халық өлеңі хақында» де-

129
Қожаберген жырау – 350
ген мақаласында қолжазбада «Елім-ай» өлеңін Қожаберген жырау, әнін оның 
әйелі Айша шығарған дерек бар екендігін алға тартады. Ал Айша Сыр бойы 
Шиелінің қызы болып шықты. Ғалым бұл мақаласында ұлы зияткер Мұхтар 
Әуезовтің «Тарихи өлеңдердің авторлары – көбінесе сол оқиғаларды көзімен 
көрген тұстастары» деген тұжырымын ұстана отырып, осы «Елім-ай» өлеңіне, 
оның басқа да бірнеше нұсқасына тоқталып, талдау жасайды. 
Оқиға былай өрбиді: 1723 жылы Қожаберген жырау әйелі Айша екеуі қайын 
жұртшылап Сыр бойына Шиеліге Бестам деген жерге қыдырып келеді. 
Сыр елі Шиелідегі Бестам қаласы – оғыз-қыпшақ заманы ІХ ғасырдан белгілі 
тарихи мекен. Бұл күнде төбешікке айналған, оның ескі орны қазір Шиелі 
ауданы ның «Жиделіарық» және «Бестам» ауылдарының арасында. Мектепте 
оқып жүрген кезімізде ізденімпаз ұстазымыз, бүгінде марқұм Ақтөре Әміров 
Бестамға талай арнайы экскурсияға апарып, қиял-ғажайып ертегідей әңгімелер 
айтатын. Күріш егістігін барған сайын ұлғайтқан совет заманының сексенінші 
жылдары басқа жер жетпегендей, айнала арна тартылып, егіс егілгендіктен қала 
орнын ыза басып, шөгіп қалған. Үстірт шолып өткендері болмаса, Қазақстан 
археологтарының да Бестамды тиянақтап зерттегендері шамалы.  
Міне, осы Бестам жеріне Қожаберген күйеу мен Айша қыз екі баласын және 
екі атқосшысын ертіп Сібірмен шектескен сонау қиыр солтүстік қазақ даласы-
нан атпен айлап жүріп, сағынып келіп, қыдырған елін сол кезде жау басады. 
Жоңғарлардың алды Қаратау бөктері – Сыр бойына келіп жетеді. Жау шабуы-
лына төтеп бере алмаған кіші жүздің 12 ата байұлы тобына жататын есентемір, 
масқар, таз және жетіру тобына кіретін жағалбайлы, кердері рулары Сайрық, 
Төс деген ел басшылары бастап Мұғалжар, Еділ – Жайыққа қарай үдере 
көшеді. Бұл мәлімет және Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» дастаны Сыр 
бойын, Шиелі жерін ол кезде қандай рулар мекендегенінен хабар береді. Бұл 
кезде қыпшақтардың негізгі бөлігі Арқада және Түркістаннан шығысқа қарай 
қоныстанған еді. 
Енді өлең мен әнді шығарушы ақын-сазгер Қожаберген кім дегенге 
тоқталайық. Қожаберген – солтүстік өңірдің қазағы, орта жүздің керейі, оның 
ішінде ашамайлы руынан. Қыздың бармайтын жері жоқ деген осы-ау, сол 
заманның өзінде бір шетінен бір шетіне құс қанаты талып, тұлпар тұяғы тозып 
жететін қиыр солтүстік пен қиыр оңтүстік қазақтары айшылық жерде жүрсе де 
өзара жақындасып, құда-жекжат болып отырыпты. 
Қожаберген Толыбайсыншыұлы 1663 жылы қоян жылы қазіргі Солтүстік 
Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Благовешен ауылында (бұл осы 
жердің кейін орыстанған атауы) Гүлтөбе деген жерде дүниеге келіпті. Жүз жыл 
9-254

130
        Қожаберген жырау – 350
өмір сүріп, 1763 жылы сол Гүлтөбеде «Толыбай жалы» деген жерде қайтыс 
болған. Қожаберген жыраудың 350 жылдығы атап өтілуіне байланысты биыл 
баспасөзде әйгілі сардар, жырау, сазгер туралы ғылыми-танымдық зерттеу 
мақалалар басылып, көзі қарақты ел-жұрт оның өмірбаянына едәуір қанығып 
қалды, сондықтан оның өмірбаянының егжей-тегжейіне тоқталып жатпай, 
жалпылай шола отырып, әлі де кең айтыла қоймаған тұстарын ғана әңгіме етіп, 
қожабергентануға ене түспекпіз.
Қожаберген бала кезінен әкесі Толыбай сыншының туған нағашысы 
кіші жүз әлімұлының төртқара руынан шыққан атақты Жалаңтөс баһадүр 
Сейітқұлұлы ұрпақтарының, яғни түп нағашыларының қолында болады. 
Үргеніш, Бұхара, Самарқанд медреселерінде оқиды. Қожаберген жырау өлең-
жырларында өзінің өмiрдерегін айтып кеткен. «Елiм-ай» дастанында:
Адам деп өз бойына өнер жиған,
Ел-жұртым деп атайды менi имам.
Жорыққа он жетiмнен араласып,
Болғам жоқ молда, софы, қожа, ишан.
Жорықта 45 жыл ғұмырым өттi,
Орта жас ол да менi тастап кеттi.
Ит қалмақ соғысуға душар еттi,
Болмаса ақсақалдық кезiм жеттi, – 
деп, жырау өзінің 61-де екендігін де айтып өтеді.
Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз 
Тәуке ханның сөзі өтімді елшілерінің бірі болған. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, 
Әйтекелермен тұстас өмір сүріп, қанаттас жүрген. Оны көршілес Қоқан, Хиуа, 
Бұхара хандықтарына, парсы еліне, түрікпенге елшілікке жіберіп отырған, ел 
бітістірмек жұмысқа белсене араласқан. Оны жыраудың алдында келтіріп кет-
кен дастанынан көреміз. 
Қожаберген ордабасы болған, сол заманда бас қолбасшыны осылай атаған. 
Түп нағашысы Жалаңтөс баһадүр емес пе! Қазақта бас қолбасшы сайланған 
жердің аты Ордабасы деп аталған. Мұндай атаулар еліміздің әр өңірінде 
кездеседі. Әдетте, қазақ салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе биді 
сайлағанда халық оларды боз биенің сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім 
кигізіп, ақ киізге отырғызып, жоғары көтеріп, құрмет көрсетеді. 1688 жылдың 
маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз Тәуке хан бастаған барша қазақ 

131
Қожаберген жырау – 350
игі жақсылары Қожабергенді ордабасы етіп сайлап, ақ киізге көтергенде оған 
орта жүз арғын тобықты Әнет би бата берген. 
Ал Қожабергеннен Абылай хан, Бөгенбай, Асқап, Ерсары, Көшек, Қабанбай, 
Жәнібек, Баян, Сырым, Есет батырлар бата алып, Бекболат, Айтбай, Едіге, 
Малайсары, Қараменде, Алдабек, Әлдибек секілді билер үлгі өнеге көрген. 
Бұқар жырау оны ұстаз тұтқан. Түріктердің бағзы замандағы заңдарынан бас-
тау алып, қазақтарда Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолына 
жалғасқан құқық Әз Тәуке хан тұсында жаңа мазмұнмен толығып Ата Заң – 
«Жеті Жарғыға» айналды. Соны жазған жеті би – Төле, Қазыбек, Әйтеке, 
Майлы билердің ішінде Қожаберген де болған. Жеті бидің осы бас қосуын 
қазақтың тұңғыш парламенті, ал «Жеті Жарғыны» олар қабылдап, Әз Тәуке 
ханға бекітуге берген заң деуге болады. Жеті би – халық өкілі, халық пікірі, 
халық үні, яғни халық кеңесі.
Қожабергеннен Абылайдың бата алғаны туралы мынадай дерек бар. Абы-
лай орта жүз Әбілмәмбет ханның оң қолы, беделді сұлтаны болып тұрған 
кезінде, 1750 жылдың сәуір айында тарту-таралғысымен келіп Қожабергенге 
сәлем береді. Бұл кезде Қожаберген 87-де. Сонда дана қарт жырау Абылайға: 
«Қарағым, болашақ үлкен хансың. Саған берер ақылым: заман – түлкі, пен-
де – қыран. Бөктерде жүріп бүркітті көрген түлкі сескеніп, етекке түседі. Жа-
уымен кең жерде айқасудан тайсалған түлкі сол бөктердегі өзі түстес бір қызыл 
тастың қия бетіне құйрығын шаншып тұрып қалады. Қыран оның тас емес, 
түлкі екенін көруі керек. Ел билігіне араласып, хан орнына жүр екенсің, көреген 
бол, шырағым. Ақылың мен ерлігің, айла-әдісің қатар жүрсін. Ханның қарадан 
өтініші болмас, өкініші болар, бұл сөзімді есіңде сақта! Ер азбай, ел азса – айдын 
көлдің суалғаны, ел азбай, ер азса – зор бәйтерегің құлағаны. Бәйтерек құласа, 
ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көл суалса, немен толар есесі? Ер бұзылса да ел 
бұзылмасын. Бұзылғанын жұрт өзі түзетеді, түзелмесе бұзығын ел жер етеді», – депті. 
Абылай сұлтан Қожаберген бабаның ақылына риза болып, оң батасын алып 
аттанған екен. 
Ол – сардар батырлығымен бірге сол заманның өзі көзбен көрген оқиғасын 
молынан жырлаған адам. Бәлкім, егер Қожаберген жырау болмаса, бізге ол 
дәуірдің көп шындығы қаз қалпында жетпес пе еді. Осы арада Қожабергеннің 
екі «Елім-айы» бар екендігін айтуымыз керек. Бірі – «Қаратаудың басынан көш 
келеді, / Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп басталатын атақты зарлы ән-
жыр «Елім-ай». Бұл жаумен арпалыс үстінде 1723 жылы туған әні бар шағын 
өлең. Екіншісі – осы екі жол қайырма сияқты қайталанып, бірақ Қаратау орны-
на қазақ тастап шыққан басқа айналайын туған елдің жер-су, тау атаулары айты-
лып, оқиға барысы егжей-тегжейлі баяндалар көлемді жыр-дастан. Бұл – Сыр 

132
        Қожаберген жырау – 350
бойы Шиелі жеріндегі соғыста екі ұлы Науан мен Бекеттен, екі атқосшысынан 
айырылып, әйелі Айшамен екеуі бір атқа мінгесіп еліне жеткеннен кейін көрген-
білгені суымай тұрғанда толғанып отырып шығарған тарихи жыр. 
Қожабергеннің шығармаларына өз кезінде Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр 
Жүсiп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин мән берген, 
«Елім-ай» өлеңін Ыбырай мен Сәкен өздері құрастырған жинақтарға енгізген. 
1936 жылы Бейімбет Майлин, Iлияс Жансүгiров және Ғабит Мүсiрепов 
Қожаберген туралы материал жинауға жыраудың елiне келген. Аса көрнекті 
тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханов және басқалар «Елім-ай» дастанын 
жоғары бағалаған. Бiрақ 1937 жылы басталған ел мен ер басына туған зобалаң 
бертінге дейін Қожабергенді қоя тұруға мәжбүрлеген. Сөйтіп, 1980 жылдарға 
дейін Қожаберген жырау шығармашылығы ғалымдар тарапынан ауызға алына 
қоймаған.  
1980 жылдардан бері зерттеушілер мақалалар жариялап келгенімен, 
Қожабергеннің халқымен шын мәнінде қайта қауышуына, жауынгер-жырау 
еңбегінің қадіріне жетіп, шығармаларының лайықты бағасы берілуін жаңа дең-
гейге көтеруге мұрындық болған тарихшы, академик Манаш Қозыбаев. Ал 
оған мұндай мүмкіндікті берген кезінде 45 жыл аттан түспей туған елінің 
тәуелсіз дігі мен бостандығы үшін арпалысып, «Елім-айлап» өткен есіл ердің 
Отаны – Қазақ елінің ақыры тәуелсіздікке жетуі еді. 2000 жылы Ұлттық 
ғылым академиясының көшпелі мәжілісі Манаш Қозыбаевтың бастауымен 
баһадүр дүлдүлдің туған елі Қызылжар қаласында өткізілді, «Қожаберген жы-
рау Толыбайұлының Отан тарихы мен қазақ поэзиясындағы алатын орны» 
деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция болды. Қазақстанның ірі 
ғалымдарының, қоғам қайраткерлерінің басын қосқан бұл мәртебелі жиын 
Қожаберген жыраудың қазақ тарихындағы орны мен қызметін тұңғыш рет 
ресми анықтап берді. Бұл қожабергентанудағы бетбұрыс еді. Осы конферен-
цияда сардар жырау еңбегі жан-жақты сараланып, жоғары баға берілді, мән-
маңызы ашылды, көрнекті еңбегі, елеулі мұрасы бола тұра осы уақытқа дейін 
Қожабергеннің неге кең танымал болмай, тасада қалып келгендігінің себептері 
көрсетілді. 
Қожаберген жыраудың қызметі мен шығармашылығын тереңдеп тал-
дау мақсатында кейін басқа да ғылыми конференциялар ұйымдастырылды, 
шығармалары кітап болып басылды. Бұл орайда Қазақстан Республикасының 
еңбек сіңірген қайраткері, заңгер ғалым, шүленгер (меценат) Бекет Тұрғараев 
басшылық жасайтын «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қайырымдылық 
қорының атқарып отырған игі істері елеулі. 

133
Қожаберген жырау – 350
Енді Қожабергенді қалтарыста қалдырған себептерге тоқталайық. «Елім-
ай» дастаны – тұнып тұрған дерек, шынайы шежіре. Дана жырау қазақтарға 
қарағанда жоңғар мемлекетінің дәуірлеп, күшею себептерін саралайды. 
Жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс импе-
риясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларды құтыртып, қару-жарақ 
беріп, зеңбірек жасауды үйретіп, қазақ сұраса теріс айналып, екі халықты өзара 
қырқыстыруға, бірін-бірі қыруға итермелегенін айтады. Тарих тағылымы сол – 
осылай өзара қырқысудан әлсіреген қазақ пен жоңғарға ауыз салып, қытай мен 
орыс өз діттегендеріне жетті: қытай жоңғар халқын жер бетінен жойып жіберіп, 
жерін иемденсе, қазақ 260 жыл орыстың бодандығында жүруге, талай сұмдық 
зұлматты бастан кешуге мәжбүр болды. Сол жоңғармен арпалысқан қысталаң 
тұста түрік тектес әрі мұсылман мемлекеттер билеушілерінің де қазақ еліне деген 
қастандық саясатын, тұс-тұстан талауға кіріскенін әшкерелейді. Қожаберген жы-
рау қазаққа кешегі түбі бір халық тек ноғай ағайын ғана болысқанын көрсетеді.  
Қазақтың сахарасы жер құлпырған,
Қытай мен орыстарды қызықтырған.
Қоқан, Хиуа, Бұхар да көз алартып,
Қазақты бас салуға дайын тұрған.
Қаруын орыс, қытай қалмаққа сатты,
Айдап сап малғұндарды қоқаңдатты.
Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,
Орыстар қамалдарын салып жатты.
Осындай шындықты айтқан Қожаберген, оның «Елім-ай» дастаны орыс 
билеген заманда қалай дәріптеле қойсын. Халықтар теңдігін сөз жүзінде 
жариялағанымен, іс жүзінде орыс үстемдігін негіздеген советтік идеологияға 
Қожаберген жыраудың азаткерлік рухы, оның «Елім-ай» дастанының мазмұны, 
айтар ойы сай келе қоймайтын еді. Қазақ ССР тарихында жоңғар – қазақ 
соғысы екі елді билеуші үстем таптың озбырлығы, қанаушылығы тұрғысынан 
ғана талданып, түсіндіріліп келгенін еске алайық. 
Дастандағы тағы бір құнды дерек – Әз Тәукеден кейін қазақ жұртында 
ауызбіршілік кетіп, билікке таласқан хандар, сұлтандар, төрелер арасындағы 
текетірес, бақталастық, берекесіздік елді осындай күйге ұшыратқанын ай-
тып, сатқындықтың сиқын ашады. Халық қалайша «Ақтабан шұбырындыға» 

134
        Қожаберген жырау – 350
ұшырағанын, қалай күйзелгенін суреттейді, неліктен тоз-тозы шықты деген 
сауалдарға жауап береді. Қазақтың өзінен билеуші шықпай халық оңбайтынын, 
Әйтеке би осылай өсиет еткенін баяндайды. 
Төреден Әйтеке би безін деді,
Келді ғой көсем сайлар кезің деді.
Қазақты батыр көсем басқармаса,
Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді.
Осындай көптен көсем ізде деді,
Хандарды шеттетуді көзде деді.
Қазақты төре бастап көгертер деп,
Малтаңды би мен бектер езбе деді.
Бұл сөзді би мен бектер ұға алмады,
Бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады.
Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп,
Ортадан батыр көсем шыға алмады.
Құлдырар болды енді қоғамымыз,
Болды ғой аяқ асты Отанымыз.
Кетірген барша жұрттың берекесін
Билер мен ханға болсын обалымыз.
Билік атадан балаға мұра болып келе жатқан монархия дәстүрі заманында 
төрелер билігіне қарсы мұндай пікір айту революциялық ұран тастаумен бірдей. 
Ел тағдырына жаны күйген Әйтеке, Қожаберген осындай биікке көтеріліп 
отыр. 
Әуелде өлең болып туған «Елiм-ай» айтыла-айтыла дастанға айналып, оны 
Қожабергеннiң өзi хатқа түсiріпті. Жазба күйде сақтаушы Толыбай сыншы 
ұрпағы – Шақшақ батыр Көшекұлы. Шақшақтан немересi Мұхамедқанафия 
Баһрамұлы жазып алған. Мұхамедқанафия – аталарына тартып бойына біткен 
сан түрлі өнерімен «Сегіз сері» атанып әйгілі болған ақын-сазгер. Қожабер ген 
шығармашылығына күмәнданушылықтың бір себебі осы Мұхамедқанафия-
Сегіз серіге байланысты. Ал оның бір атасы  Қожаберген жыраудың өзі. 
Мұхамедқанафия-Сегіз серінің махаббат лирикасына жататын «Ақбақай», «Ақ 
ерке», «Алқоңыр», «Әйкен-ай», «Гауһартас», «Ғайни», «Жылой», «Еңлік-

135
Қожаберген жырау – 350
ай» («Илігай»), «Көкем-ай», «Мақпал», «Назқоңыр» («Ай  қабақ») сияқты 
әндері ел аузында. Бұл әндер де талай уақыт шығарушысы белгісіз халық 
әндері ата лып не басқа адамдарға телініп жүрді. Сегіз сері – Исатай, Махамбет 
көтерілісіне қатысқан батыр да. Міне, қалай тегіне тартады! 
Сегіз серінің қолжазбасын сақтаушы Тәштит Тәбейұлы Барлыбаев. Тәш-
титен Мұхамедқанафия-Сегiздiң үлкен баласы Мұстафа көшiрiп алған. Мұс-
тафадан 1879 жылы Дәрiбай Малыбайұлы деген шежiрешi жiгiт жаттап үйренедi. 
Дәрiбайдан оның баласы Қожахмет жазып алып жаттайды. Ол 1978 жылы 
87 жасында қайтыс болған. Ақыры сол қолжазба академия қорына түсіп, бүгін-
де елдің рухани қазынасына айналады. Міне, осылай ауыздан ауызға, қолдан 
қолға көшіп, біздің заманымызға жеткенше жырдың әрбір айтушы тарапынан 
біршама өзгеріске ұшырауы, жаңа сөздер қосылуы сөзсіз, бұл әдебиет зерттеуші 
ғалымдар білетін үдеріс. Қожаберген шығармашылығына күмәнданушылық-
тың да бір ұшы осында.  
Қазақ халқының басына түскен зұлматты көзімен көріп, елмен бірге өткер-
ген Қожаберген жырау осы қабырғаны қайыстырып, ел сенделткен теңдессіз 
қырғын оқиғаны «Елім-айдан» басқа «Қаратаудың басынан көш келеді», «Ады-
ра қалған Қаратау», «Иесіз қалған сылаң Сыр» деген өзге өлең-жырларымен де 
тарих зердесінде қалдырыпты. 
Осы ретте Алқакөл атауына байланысты ойымды айта кетейін. «Елім-ай» 
дастанында Қожаберген былай жырлайды:
Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды,
Халқыма аштық, соғыс жаман болды.
Басталып ел сұлауы Алакөлден,
Ақтабан шұбырынды заман болды.
немесе тағы бір ретте «қырылу Алакөлден басталып тұр» деп, Қожаберген 
қазақтардың жау табанының астында қалуы Жетісуда Теріскей Алатаудың осы 
күні Жоңғар қақпасы деп аталатын тура қазақ – жоңғар (қазір қазақ – қытай) 
шекарасы өтіндегі Алакөлден басталғанын анық айтып отыр. Және бұл шумақта 
«сұлау» жаудан қашып азып-тозып, қалжырап құлап түсу дегеннен гөрі тырп 
етуге шамасы келмей, тура жау табанының астында қалды деген мағынада 
беріліп тұрғанын байқау қиын емес. Демек, Алқакөліміз босқын ел қашып ба-
рып, жағасына сұлап түскен, жан сақтаған жер емес, қайта қаша алмай, жаяу-
лап-жалпылап шұбыру, ақтабан басталған Алакөл болар. Жыр оқиғасы Алтай, 
Еділ-Жайық, Арқа, Сыр – байтақ қазақ даласын қамтиды. Батыр Бауыржан 
Момышұлының «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ 

136
        Қожаберген жырау – 350
ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқын-
дап берген емес» дейтіні содан. Жырда жер-су атаулары мол, ұқсас Аймақкөл, 
Айнакөл аталады, бірақ Алқакөл жоқ. Жырау географиялық атауға байланысты 
айтып кеткен тағы бір деректі келтірейік.
Теріскей Алатауды қалмақ алды,
Найман мен қоңыратты қуып салды.
Қайран жер жау иелігіне көшкеннен соң,
Жоңғардың Алатауы деп аталды, – 
дейді.  
Алқакөл атауына байланысты өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ба-
сында белгілі философ ғалым, қоғам қайраткері, марқұм Советқазы Ақатаев 
айтқан бір болжамды да келтіре кетейін. Советқазы ағамыз былай деп 
тұспалдайды: «Алқагөл – естен танып сұлап түсу мағынасын беретін көне түрік 
сөзі, арақ-шарап, ішімдікке қатысты алкаголь атауы содан шыққан. Яғни, ол көл 
атауы емес». С. Ақатаевтың «алқакөл сұлама» туралы бұл пікіріне қарсы уәж 
айтқан ешкім болмады. 
Он жеті жасынан сауыт киіп, жарақ асынып, атқа мініп, 1745 жылға дейін 
туған елін сыртқы жаулардан қорғаған, қол бастаған Қожаберген жырау 
көптеген басқа да тарихи дастандар шығарған. Саяси, қоғамдық істерге белсе-
не араласқандықтан, өлең-жырларында қоғам өмірін, ел тәуелсіздігі жолындағы 
ерлікті, батырлықты барынша дәріптейді. Мәселен, «Ер Көкше», «Еңсегей 
бойлы ер Есiм», «Ер Қойлыбай», «Қорқыт баба», «Асан ата», «Ер Сырым», 
«Қасқа жолды ер Қасым», «Қабанбай батыр», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», 
«Орақ батыр», «Ер Едіге» секілді дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», 
«Дүние», «Жiгiттiк» деген толғаулары, өлеңдерi осы рухта. Мұның бәрінде де 
ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырады, қазақ 
халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандайды, соны жырға қосады. 
Жан-жақты талант иесі Қожаберген жырау күйші сазгер де болыпты. Оның 
«Шұбырынды», «Сұлама», «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күл-
дірмамай» деген күйлері бар екен. Атынан көрініп тұрғанындай, күйлерінің 
тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі 
халық зарын күй тілінде де шерткен. 
Зерттеуші ғалым Шаймұрат Смағұлов өзінің «Атақты «Елім-айдың» ав-
торы» деген мақаласында Қожаберген әскербасы, от ауызды, орақ тілді ше-
шен, суырыпсалма ақын, әнші, күйші, аспаптарда құйқылжыта орындаған 

137
Қожаберген жырау – 350
өнерпаз болумен қатар, емші, сынықшы, он саусағынан өнер тамған шебер 
қолөнершілігімен де танылыпты. Ол қасиеттерінен басқа құралайды көзге атқан 
мерген, түйе балуан, аңшы, құсбегі, атбегі, шабандоз, құмалақшы, ауа райын 
болжаушы сәуегей болыпты деп көрсетеді. Соғыс кезінде жаралы болған сар-
баздарын өзі емдеп, жазып отырған. Ақынның «Емшілік» деген өлеңінде:
Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек,
Жасадым түрлі шөптен дәрі-дәрмек.
Сынықшы Қожаберген атағым бар,
Талайын науқастардың жаздым емдеп, – 
дейді.
Осы ретте мына бір аңызды да айта кеткен артық болмас. Толыбай сын-
шы кіші жүз әлімде төртқара әулетінің Ақша би, Жалаңтөс батыр Сейітқұл 
ұлдарының апасы Жамалдан туған. Самарқанд төңірегіндегі Нұрата, Қызбибі 
тауын мекендейтін осы туған нағашылары Толыбай сыншыны қонаққа шақы-
рады екен. Жиені әне барам, міне бараммен жүріп біраз уақыт өткізіп ала-
ды. 1661 жылдың мамыр айында сәті түсіп Толыбай Ақбілек бәйбішесі екеуі 
нөкерлерін ертіп сапарға  шығады. 
Жолшыбай Ұлытау мен Қаратау арасында қыпшақ Қойлыбай бақсы әулие-
нің басына зиярат қылады, мал шалып, құран оқиды. Одан кейін Түркістанда 
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне келіп дұға оқиды, тағы да мал арнайды. Осында 
үш түнейді, үшінші күні ұйықтап жатып таң алдында түс көреді. Түсінде ақ түйеге 
мінген, қолында асатаяғы, басында ақ сәлдесі, үстінде ақ шекпені бар ақсақалды 
адам Толыбайға келіп: «Балам, сапарың оң болсын», – дейді де, қоржынынан 
алып бұған найзаның ұшын, қылыш, қанжар, садақ, қобыз, қамшы, қалам, дәуіт, 
бүркіттің тұғырын, қойдың жауырынын және бір уыс құмалақ пен бір шоқ шөп 
береді. Содан кейін әлгі адам «қош, есен бол» деп жоқ болып кетеді. 
Толыбай сыншы ерте тұрып таң намазын оқиды да, таңертеңгі тамақ үстінде 
бәйбішесіне, нөкерлеріне көрген түсін айтады. Қасындағы нөкерлерінің ең үлкені 
Нияз Қожекеұлы түсін ырымдап пайғамбарлық жолмен жориды. «Көсем аға, 
көрген түсіңіз керемет екен. Найзаның ұшы, қылыш, қанжар – батырлықтың 
белгісі, садақ – мергендіктің белгісі, бүркіт тұғыры – құсбегі саятшылықтың 
белгісі, қобыз – күйшіліктің белгісі, қалам мен дәуіт – ақындық пен ғұламалық-
тың белгісі, қойдың жауырыны мен құмалақ – сәуегейліктің белгісі, бір уыс 
шөп – емшіліктің белгісі. Иншалла, құдай жар болып жеңгемізден тағы бір 
жақсы ұл көресіз. Ол өзіңізге ұқсап әрі көсем, әрі шешен батыр болады. Әлгі 
қасиеттердің бәрі соның бойына қонады», – деп тұжырады. 

138
        Қожаберген жырау – 350
Сонда Нияздың немере інісі Қантай сардар Толыбай сыншыға: «Тархан аға, 
бұл түсті Қожа Ахмет Иасауи әулиенің басында көрдіңіз ғой, болашақ келетін 
ұлыңыздың атын Қожаберген қойыңыз», – дейді. Отырғандар түгел құптасып 
қалады. Сол ырым қабыл болып, нағашысына барып қайтқан соң жарты жылдан 
кейін Толыбай сыншының Ақбілек бәйбішесі жүкті болады. 1663 жылы нау-
рыз айының басында босанып, ұл туады. Баяғы уағда бойынша жас нәресте ге 
Қожаберген деп ат қойған екен. Қожаберген өмірде расында да түс аянға сай 
нағыз сегіз қырлы бір сырлы болып өткен адам екендігін біліп отырмыз.
Қожаберген жырау 1763 жылы қазан айында жүз жастан асқан шағында 
туған жері Гүлтөбеде қайтыс болады. Әкесінің атымен аталатын сол жердегі То-
лыбай сыншы қорымына жерленеді. Жыраудың ағасы Қарабастың Асқап деген 
ұлынан туған Көшек батыр 1764 жылы Қожаберген бабасының жылына арнап 
ас береді. Ол асқа Абылай хан, Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, 
Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш жыраулар қатысады. Көтеш жырау 
Қожабергеннің асына арнап өлең шығарған. Ол өз өлеңінде аста бәйгеге үшке 
бөлініп 1 500 ат шапқанын айтады. 
Енді Айша апамызға келейік. Шиеліге Бестамға төркіндеп жүрген Айша апа-
мыз кім десек, оның да жауабын «Елім-ай» дастанынан табамыз.
Мейман боп келемін деп қуаң Сырға,
Қайта алмай қиналдым ғой мен де қырға.
Халқымның мүшкіл халін көзбен көріп,
Қобыз ап қосып тұрмын мұңды жырға.
Сүйген жарым Айшаның
Асыл тегін сұрасаң,
Кіші жүз алшын ішінде
Есентемір елі еді.
Сылаң Сырдың бойында
Мекені Бестам жер еді.
Алдында өрген малының
Есебі жоқ, көп еді.
Қайын атам Қабылан би
Өз халқына бел еді.
Қартайса да беделді,
Айтулы ердің бірі еді.

139
Қожаберген жырау – 350
Жауда қалып туған жер,
Еңіреді ел мен ер.
Аударып табан көшсе де,
Мұғалжар тауы шалғай жер!
Шықса да талай қарсы дұшпан жауға,
Шабақтай болды оралған құрған ауға.
Алшынның рулары бел байлады,
Көшпек боп Еділ-Жайық, Орал тауға, –
деп, Айша жарының шыққан тегін ғана емес, ел жайын да баяндап береді. 
Қожаберген түп нағашылары кіші жүз Жалаңтөс баһадүр елінде Самар-
қанд медресесінде жүргенде өзімен бірге оқитын Айбасқали Қабылан би ұлы 
деген жігітпен дос болады. Медресені тамамдап еліне қайтарда Айбасқали досы 
Қожабергенді қонаққа шақырып, туған жері Сыр елі Бестамға ертіп барады. 
Сол сапарда ол Қабылан бидің бой жетіп отырған қызы, Айбасқали досының 
қарындасы Айшаны ұнатып, екі жас өзара сөз байласады. Еліне барған соң 
әке, ағаларына айтып, Қарабас деген ағасын ертіп келіп жол-жоралғымен құда 
түседі. Жылқы, түйеден тиесілі қалыңмал беріп, қызды отаулап алып қайтады. 
1681 жылы Айшаның келін боп түскеніне бір жыл толғанда әкесі Толыбай сын-
шы да, шешесі Ақбілек те дүние салып, Қожаберген мен Айша ағасы Қарабас 
батырдың қамқорында қалады. 
«Елім-ай» өлеңінің әніне Айша Қабылан би қызының қатысына келсек, оның 
да жауабы сол «Елім-ай» жырында бар. Қожаберген жырау былай дейді:
«Елім-ай» деп бастай бер, Айша жарым,
Біз айтпасақ, кім айтар елдің зарын.
Жауға шабар қасымда жасағым жоқ,
Өлең айту болды ғой бар амалым. 
Біз айтпай, елдің зарын кім айтады?
Мұндай жай ел қайғысын ұлғайтады.
Халқына қысылғанда айтпағанда
Пайдалы насихатын кім айтады?
Бұған қарағанда Қожаберген төккен ащы жырды Айша зарлы әнге қосып 
таратқан да сияқты. Зерттеуші ғалым Г. Тұрсынова «Елім-айдың» әнін 
шығарған Айша дейтіні осыдан. Бірақ Айша шығарды дейтін басқа дүние 

140
        Қожаберген жырау – 350
кездеспейтіндіктен, сірә өлең де, ән де Қожабергеннің өзінің төл туынды-
сы болар деп пайымдаймыз. Оның үстіне, «Елім-ай» деп бастай бер, Айша  
жарым», деген өлең жолы әнді нақты Айша шығарды деуге айғақ болмаса 
керек.
Қожабергеннің әкесі Толыбай сыншы Дәуленұлы да исі қазаққа жақсы та-
нымал адам. Көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының бiрiккен 
әскерiн басқарып, ордабасы-баһадүр атанған. Ол қара қылды қақ жарған әдiл 
би, айыр көмей, жез таңдай шешен, ат сүрiнгенше ақыл табатын сұңғыла пара-
сатты кісі болыпты. Алдағыны болжайтын көрегендігімен, адамды да, атты да, 
құсты да сынайтын сыншылық қасиетімен Толыбай сыншы атанған. Қожабер-
ген – оның бәйбішесі Ақбілектен туған жиырма ұлының кенжесі. Толыбай сын-
шы 1603 жылы туып, 1681 жылы дүниеден өткен. Сонда Қожаберген әкесінің 
60 жасында көрген баласы. Толыбай сыншының басқа балалары да қаражаяу 
болмаған.
Қожабергеннің анасы Ақбілек – арғын Айдабол бидің қызы. Қожаберген 
«Елім-ай» дастанында өзінің туған анасы Ақбілек жайында былай дейді:
Орта жүз арғындағы асыл тектен,
Анамның шыққан заты сүйіндіктен.
Жиырма ұлдың көкжал туған сүт кенжесі ем,
Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен.
Енді Қожабергеннің өз ұрпағын таратып айтар болсақ, бәйбішесі Айшадан 
он жеті ұл, Зейнеп есімді жалғыз қыз туады. Осы он жеті баласының көпшiлiгi 
қазақ-қалмақ соғысында шейіт болған. «Елім-ай» дастанында Сыр бойы 
Шиеліге Бестамға қайын жұртшылып Айшамен екеуі Науан және Бекет де-
ген екі ұлын және екі нөкерін ертіп келгенде сол төртеуі қалмақ оғынан қаза 
болғанын өкінішпен айтады. Қазір сегізінші атадан арғы ұрпақтары бар көрінеді. 
Мейман боп қайын жұртқа келіп едім,
Сый-құрмет кіші жүзден көріп едім.
Еліме қайтар кезде жау қамады,
Жаратқан, осыншама не қып едім?
Екі ұлым бірге еріп келіп еді,
Қызықты Сыр бойынан көріп еді.
Ақыры қан майданда шаһид болды,
Қос құлыным жау қалмаққа не қып еді?

141
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жыраудың Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тағы бір 
ғылыми мекемесі Тарих, археология және этнография институтының қолжазба 
қорында сақтаулы тұрған «Ер Қойлыбай» деген жырынан да бірсыпыра мәлімет 
табамыз. 
Ертеде қыпшақта өткен Ер Қойлыбай,
Қолына жүрмейді екен қобыз алмай.
Болған соң сол асылдан бізге мирас,
Қобызды мен де жүрмін тастай алмай.
Біздерге жәрдем болып аруақ, құдай,
Жауымды талқандадым соғыста ұдай.
Қыпшақта Қойлыбайды жырға қос деп,
Түсімде аян берді әкем Толыбай.
Қыпшақта Қойлыбайдың бұлтың заты,
Басқадан артық болған парасаты.
Молда боп заманында аты шыққан,
Әбурахпан әкесінің екен аты. 
Бұл өлеңге байланысты назар аударатын бір мәселе Қожабергеннің әкесі де, 
өзі де сыйынатын Қойлыбай бақсыны Сыр бойында Шиеліні жайлаған қалың 
бұлтың қара қыпшақ өз бабалары санайды, Шиелі жерінде туған деп біледі.  
Бұл жайт та иіп әкеліп Толыбай мен Қожабергенді Шиелі жерімен тағы да бір 
байланыстырады. Бірақ Қойлыбай бақсының зираты қазір Ұлытау жерінде, 
ұлытаулықтар өз перзентіміз деп есептейді. Ол да жөн. Досбол би де, Ахмет 
ишан да, академик ғалым-жазушы Мұхаметжан Қаратаев та осылай екі елдің 
ортақ перзенттері, бұл тізімді біраз жерге апаруға болар еді. Шиелінің басқа 
көршілер Жаңақорған, Сырдария аудандарымен де осындай ортақтастықтары 
баршылық. Бұл қазақтың қай өңіріне болсын тән жәйт. Мұның барлығы да 
аумақтар әр кезде бір болыс, бір уезд, бір округ, бір аудан құрамына кіріп, 
кейін аумақтық бөліністер өзгерістерге ұшырағанымен, ағайын арасы үзілмей 
жалғасып жатқандығын көрсетеді. Қазақтың жері ортақ, жақсы адамы ортақ, 
ұлттың мақтаныштары баршаға, күллі қазаққа ортақ, өйткені қарға тамырлы 
қазақтың тарихы ортақ. Міне, сондықтан қазыналы жырау, қаһарман ордабасы 
бас сардар Қожаберген Толыбай сыншы ұлы мен Айша Қабылан би қызы – 
Сыр елінің, шиеліліктердің де мақтанышы.  

142
        Қожаберген жырау – 350
Әңгімемізді қайтадан «Елім-айға» бұратын болсақ, зерттеуші ғалымдар 
өлең «Елім-айдың» он төрт нұсқасы бар екендігін айтады. Өлеңнің үш нұсқасы 
жырға айналған. Бұл, әрине, әуелде ауызша шығарылып, ел ішіне тарап кет-
кен шығармаларға тән сипат. Оның айтушыдан айтушыға өткен сайын кейбір 
сөздерінің, шумақтарының өзгеріске ұшырауы, тіпті жаңа айтушы не жазып 
алушы тарапынан толықтырылып, жаңаланып отыруы, сөйтіп өзгешелігі бар 
жаңа нұсқасының пайда болуы ауыз әдебиетінде заңдылық. Бірақ бұл «Елім-
айдың» авторлығына күмән келтіре алмайды. Олардың бәріне тән ортақ белгі – 
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихы оқиғасының шынайы көрінісі, 
көзбен көрген, бастан өткерген адамның баяндауы, көркем ескерткіш екендігі. 
Шығармалар ұсынатын басты тағылым – халықты үнемі елін қорғауға, ол үшін 
ауызбіршілікте болуға үндеуі. 
Ескерткіш дегеннен шығады, биыл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
қасіретіне 290 жыл, тіпті әрі апарсақ, 2023 жылы үш ғасыр толады. Осыған 
орай Сыр елі Шиеліде ел ағылып жатқан Батыс Қазақстан – Батыс Қытай 
қасқа жолының бойына Қожаберген жырау мен Айшаға, «Елім-ай» жыры-
на ортақ ескерткіш орнатқан жөн болар еді. Бұл тарих тағылымына, әдебиет 
шығармасына, азаттық үшін алысып шейіт болғандар рухына арналған белгі бо-
лар еді-ау. Астанада «Ақбұлақ» ықшам ауданындағы көшеге берілген «Елім-
ай» атауы – осындай бір белгі. Осы «Елім-айға»  жапсарлас «Серпер» көшесін 
сардар-жырау Қожаберген есімімен атаса, домбыраның қос ішегіндей қатар тар-
тылып, азаматтық ерліктің сабақтастығындай болып батыр Бауыржан Момыш-
ұлы даңғылына жалғасар еді. 
Елдікті рухтар осындай ескеткіштің қажеттігіне мақала тақырыбына тікелей 
қатысты болмаса да рухы ортақ әрі Шиелі жеріне тікелей қатысты тағы бір жайт-
ты да сөз ретінде айта кетейін. Жазушы-зерттеуші Таласбек Әсемқұлов «Еге-
мен Қазақстан» газетінде биыл 5-11 қаңтарда жарияланған «Қондыгер-қаңлы» 
деген аса көлемді мақаласында Тұран елін жаулауға келген парсы Құрыш (Кир) 
патшаның әскері мен өз елінің тәуелсіздігін қорғаған Тұмар (Томирис) пат-
шайым бастаған скифтер (сақ-түріктер) қолы арасындағы кескілескен шайқас 
біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы тамыз айында Сыр бойында нақ Шиелі 
жерінде болған деген батыл болжам айтты. Бұл – парсылар күйрей жеңілген, 
скифтер (сақ-түріктер) Құрыш (Кир) патшаның басын шауып алып, «қанға 
тоймадың ғой, енді қанып іш» деп, қан толтырылған көн дорбаға салыпты 
және ол дорбаны парсы жасағынан азын-аулақ тірі қалғандарының қолына 
ұстатып еліне қайтарыпты дейтін әлемдік тарихта әйгілі жеңімпаз соғыс («Еге-
мен Қазақстан», 2013 жылғы 9, 11 қаңтар). Тарихшылар бұл оқиға Әмудария 

143
Қожаберген жырау – 350
мен Сырдария арасында бүгінгі қазақ даласының оңтүстігінде болды деп ай-
тып жүргендерімен, ол шайқас даласы Шиелі жері еді деген дерек тұңғыш рет 
нақтылай айтылып отырғаны назар аудартады. Қалай дегенде де Тұмар (То-
мирис) патшайым бастаған скифтер (сақ-түріктер) қолының басқыншы парсы 
Құрыш (Кир) патшаның әскерін жеңіп, қанқұйлы патшаның басын алған, сөйтіп 
өз елінің тәуелсіздігін қорғап қалған осынау ұлы оқиғаға арнап шежірелі Сыр елі 
Шиеліде, Қызылордада ескерткіш орнатылса, бұл ықылым замандарға кететін 
тарихымыздың тереңдігін білдірмек әрі талай ұрпақтың қаны мен тері арқылы 
қол жеткен тәуелсіздік тарихын әспеттеу болары анық.  
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті – бұл қазақ халқының 
басына құрып кету қаупінің анық төнуі еді. Қашқан елде қайбір қауқар бол-
сын, жан сауғалай паналап барған жерлерінде де қоқаң көрді. Қоқан, Хиуа, 
Бұхара хандықтары бас сауғалаған қазақтарды одан сайын тонап, зәбір көрсетті. 
Батысқа, Жайыққа жеткен қазақтарды Еділ қалмақтары мен Жайық казактары 
қыспаққа алды.  
Міне, осылай тұс-тұстан талауға түскен қазақ халқының жер бетінен ұлт 
ретінде жойылып кетуі әбден-ақ мүмкін еді. Енді шегінер жер қалмаған-ды. 
Осындай жағдайда 1726 жылы мамырда үш жүздің бетке ұстар игі жақсылары 
Сыр Ана, Қаратау пана бойына қайта жиналды. Қарақұмда Төле би мен Қазыбек 
би бастаған билердің ұсынысымен қазақ әскерлерінің бас сардары болып кіші жүз 
ханы Әбілқайыр сайланды. Ұлы жүз жасағын Саурық батыр, орта жүз жасағын 
Бөгенбай батыр, кіші жүз жасағын Тайлақ батыр бастайтын болды. 1726 жылы 
күзде қазақтар Ұлытауда Бұланты және Білеуті өзендерінің арасындағы жазықта 
екі жақтан жүз мыңдай әскер қатысқан кескілескен шайқаста зор жеңіске жетті. 
Бұл жер содан «Қалмаққырылған» аталды. Қазақтар Қаратауын, Сыр бойын 
қайтарып алды. «Елім-айда» бұл ұрыстар былай сипатталады:
Тұсында Таңбалы тас болып шайқас,
Қазақтар ата жаумен салды айқас.
Қалмақтар үсті-үстіне оқ боратты,
Дегендей үш жүз ұлы көріп байқас.
Бес мыңдай жау қырылған Үзкент жақта,
Екпіндеп баса көктеп келген шақта.
Бөгедік Сарысуда қалмақ қолын,
Дұшпандар өте алмады батыс жаққа.

144
        Қожаберген жырау – 350
Бұл шумақтарда аталатын Таңбалы тас, Сарысу өзені Шиелі жерінде 
Қаратаудың теріскей бетінде болса, Өзкент Сыр бойында Шиелімен жапсар-
лас Жаңақорғандағы жер атауы. Жауға алғашқы тойтарыстар Телікөл маңында 
Шиелі Ұлытау жерінде берілді. Бұл оқиға Ілияс Есенберлиннің «Көшпенді-
лер» трилогиясының екінші кітабы «Жанталас» романында да көркем су-
реттелген. Классик жазушы сондай-ақ Абылай басқарған негізгі қол Шиелі, 
Жаңақорған арқылы Түркістанды азат етуге аттанып, жолда Жаңақорған 
бекінісі үшін болған кескілескен шайқасты да келістіре сипаттайды. Жеңілген 
жоңғарлардың Сыр бойын босатқанын баяндайды. Бірақ ол кезде Шиелі де-
ген елдімекен болмаған, жазушы Шиеліні үнемі өзен, Сырдарияның бір тармағы 
ретінде атайды. 
Бұл жеңістер елдің еңсесін көтеріп, жігерлендірді. Одан кейін 1730 жылы 
Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында Итішпес көлінің маңындағы Аңырақай 
даласындағы ірі жеңіс қазақ жерін толық азат етуде шешуші бетбұрыс жасады. 
Бұл жазық «Жоңғарлар аңыраған жер» деп аталып кетті. Жер атауы демекші 
қазақ даласында, әсіресе, Шығыс пен Жетісуда қалмақ батырларының аты-
мен аталған, мысалы Қаскелең, Шамалған, Нарынқол деген сияқты жер ата-
улары кездеседі. Бұл қазақ батырлары жекпе-жек шайқаста қалмақ батырын 
жеңіп, өлтірген жерлер делінеді. Ол кезде жауды жеңгендіктің белгісі ретінде 
сол шайқас болған жерлерге жеңілген жау батырының атын қойып кете береген 
дәстүр болған сыңайлы. 
Бұл жеңістердің маңызын «Қазақ тарихының әліппесі» деген танымдық кі-
табында көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин өте дәл ашып көрсетті: 
«Егер Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болмаса, Қазақ Ордасы осыдан үш 
жүз жыл бұрын мүлде тозып құрып біткен Ноғай Ордасының кебін киері анық-
ты. Тоқтау көрмеген Жоңғар қалмағы енді бірер серпіннен соң Еділ қалмағымен 
тоғысар еді. Сарыарқадан айырылған соң қазақтың барар жері, басар тауы 
қалмас еді. Хандық садаға, халқының өзі құрып кетер еді». Ойлап қараған 
қазақтың жаны түршікпей ме!  
Бұл өткен ғасырда 1941-1945 жылдары неміс-фашистермен болған Мәскеу, 
Сталинград, Курск шайқастарында совет халқы жеткен шешуші шайқастар-
мен барабар емес пе!  «Елім-айға», Тұмар патшайым жеңісіне ескерткіштер сол 
үшін керек! Қазақ халқының арғы тегінің, қазақтың өзінің  қай заманда болса 
да, оның ішінде ХV-ХVІІІ ғасырларда жоңғар басқыншыларымен болған 
азаттық күресі – Ұлы Отан соғысы. Орыстар француздармен соғысын Отан 
соғысы деп атап, Бородинода ескерткіш белгі қойды емес пе.             
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы бұл жеңістерін орыс тарихымен,  ХХ ға-
сырдағы cовет халқы деп аталған бірлестік жеңістермен салыстыруымыз бекер 

145
Қожаберген жырау – 350
емес. Өйткені қазақ жерлерін жоңғарлардан толық тазартып болмай жатып, кіші 
жүз ханы Әбілқайыр қазақ халқының бұдан былайғы тағдырын біржолата шеш-
кен күрделі бетбұрыс қадамға барды. 
Көп тостық Әбілқайыр келеді деп,
Тосыннан жауға соққы береді деп.
Алайда негізгі қол көрінбеді,
Қорықтық халық түгел өледі деп.
Қамданып жасақ жиып, тігіп шатыр,
Қолбасшы Әбілқайыр қайда жатыр?
Сәмеке, Әбілмәмбет, Ғайып, Болаттың
Көмегі қазақтарға болмады ақыр, – 
деп күңіренеді жауынгер жырау Қожаберген «Елім-айлап».  
Қазақтың бас қолбасшысы Әбілқайыр кіші жүз жасақтарын майдан дала-
сынан алып кетті. Сөйтіп 1731 жылғы 10 қазанда қазақ хандарының ішінде ал-
дымен бодандыққа мойын ұсынып, Ресей империясының қолтығына кірді. Бұл 
оқиға, Әбілқайырдың әрекеті совет заманында іргелі мемлекетті паналаудың 
арқасында қазақтарды құрып кетуден құтқарған бірден-бір дұрыс шешім бол-
ды деп жөн іс ретінде құпталып келгенімен, жаңа тәуелсіз заманда бұрынғыдай 
біржақты бағаланып отырған жоқ. Қазақ халқының 260 жылға созылған игілігі 
де аз емес, қиянаты да жетіп-артыларлық Совет Одағы – Ресейде отарлық күй 
кешуі, жансебілі, жаңа тарихы басталып кетті. Бұл кезеңде ХХ ғасырда 1916-
1945 жылдары, бас аяғы отыз жыл ішінде қазақ халқы тағы да үштен екі бөлігіне 
жуық адамынан айрылып, есеңгіреп қалды. Совет заманында ұлттық рухынан, 
ділінен, тілінен айрылудың аз-ақ алдында тұрды. Бүгінгі тәуелсіздікке жетудің 
тоқпақты да соқпақты жолы, тәуелсіздік үшін қазақ халқы берген құн осы болды.
Болса да адам үшін жаман ресім,
Қалайша айтпай қоям мұның несін.
Халқымның хал жағдайын өлең етіп,
Жырладым апат күннің шежіресін.
Артымда өзім өлсем атым қалсын,
Жырыма барша жұртым құлақ салсын.
«Бабамның Қожаберген өлеңі», – деп,
Ұмытпай кейінгі ұрпақ есіне алсын, – 
10-254

146
        Қожаберген жырау – 350
деген өсиет қалдырыпты Қожаберген жырау. Жоңғар – қазақ соғысында 
туған «Елім-ай» жырының 290 жылдығы, оны шығарған сардар, сазгер-жы-
рау Қожабергеннің 350 жылдығы ел тарихын қайта саралаудың, жаңаша 
пайымдаудың бір белесі болмақ. Елі үшін еңбек сіңірген елеулі тұлғаны ұмытпай 
еске алып жүру деген осы болса керек. «Елім-ай» жыры тарих, әдебиет 
оқулықтарына енгені құба-құп. Үш ғасырлық «Елім-айдан» бүгінгі «Менің 
Қазақстанымға» дейінгі ащылы-тұщылы тарихтың тағылымдарын ұрпақтар са-
насына сіңіру, сабақ алу елінің тәуелсіздігі үшін қаны мен терін төккен қайран 
ерлер еңбегіне жасалған тағзым. 
«Солтүстік Қазақстан» газеті,
26 шілде-7 тамыз 2013 ж.

147
Қожаберген жырау – 350

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал