Дауылпаз баба



жүктеу 9.12 Kb.

бет7/22
Дата09.01.2017
өлшемі9.12 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

«ЕЛІМ-АЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ  ОТАРЛАУ
САЯСАТЫНЫҢ  ТАРИХИ  ШЫНДЫҒЫ
Темірғали КӨПБАЕВ,
филология  ғылымдарының  кандидаты,            
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Еліміз егемендік алғалы өткен тарихымызды түгендеу бағытында көптеген 
игі шаралар атқарылды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында 
ғасырлар қойнауында қалып қойған асыл жәдігерлеріміздің басым бөлігі қайта 
оралды. Өз тарихымыздың ақиқат сырын жаңаша бағамдай бастадық. Бұған 
дейін біздің тарихымыздағы көрші Ресей мемлекетінің мүддесіне қайшы келе-
тін, оның саясатына сызат түсіретін ақиқат деректер бұрмаланып көрсетілгені-
не көзіміз анық жетті. Бұрмаланғаннан бұрын, қазақ даласында орын алған 
орыстың отаршылық саясатына қарсы қозғалыстарды ауызға алдырмау, бұғауға 
басын сұққысы келмеген қазақ қайраткерлері мен батырларының атын ататпай 
қою Ресей атқамінерлерінің ұзын құрық, кең тұсау айла-шарғысының басты 
қағидасы болды.
Тәуелсіздікпен бірге халқымызға қайта оралған есімдердің бірі – Қожабер-
ген жырау есімі. Қожаберген Толыбайұлы – өз заманында сан қырлы таланты-
мен танылып, қазақ халқының ерекше құрметіне бөленген аса дарынды мемле-
кет қайраткері, үш жүз қолының сардарбегі болған асқан батыр қолбасшы, Әз 
Тәукенің тұсында қазақ мемлекетінің нығаюы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан 
ірі саясаткер, Бұқар жырауға ұстаз болған теңдессіз сөз зергері, Абылайға кеңес 
берген көреген би, өзінің ақындық және батырлық мектебін қалыптастыра білген 
ұлт қаһарманы. 
Халқымыздың ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы аласапыран арпалысқа толы 
өмірінің тұтас трагедиялық панорамасын жасаған «Елім-ай» жыры,  «Елім-ай» 

105
Қожаберген жырау – 350
күйі, «Елім-ай»  әні – Қожаберген жыраудың төл шығармалары. 
Қожаберген бабаның ақындық мектебіне Бұқар жырау, Дәстем сал, Ақ-
тамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Махамбет, Сегіз Сері сияқты дауылпаз ақындар 
қатарын жатқызсақ, батырлық мектебінен ерлік жорықтарда баба жолын үлгі 
тұтқан халқымыздың арыстан жүректі ұлдары Бөгенбай, Бақсары, Жәнібек, 
Ақпанбет, Асқап, Жанай, балта керей Тұрсынбай, т.б.  батырлар легін көреміз. 
Осындай алып данамыздың, асыл бабамыздың есімі өткен ғасыр соңына 
дейін неге аталмай келді? Тереңдей үңілсек тағы да сол Ресей саясатының сал-
қынын аңғарамыз. Өйткені сол замандағы орыс саясаткерлерінің бірді бірге 
айдап салатын, ара ағайын болғансып отырып отқа итеретін сұрқия саясатын 
Қожабергендей ашық сынаған адам болған жоқ. Бұл туралы академик Манаш 
Қозыбаев: «Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы, оның «Елім-
айы» – империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға қару 
сатты, қолдады деп айыптайды» дей келе отаршылық кезінде Қожаберген жы-
рау туралы ешкімнің ауыз аша алмағанын, тіпті кешегі Совет өкіметінің тұсында 
компартияның қабағынан сескенген Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтердің 
де бұл тақырыпқа белсеніп кірісе алмағандығын айтады. 
Әдетте, тарихи тұлғалар туралы шындықты қалпына келтіру барысында біз 
атаулы адамның іс-әрекеттері мен ерекше қызметі, өмір жолы жайлы оның өз 
тұсындағы замандастарының сөздерінен дерек іздейміз. Қазақ сахарасында 
мұндай дереккөз иелері ақын-жыраулар болғаны анық. Өйткені жазу-сызуы 
кең қанат жаймаған дала төсінде шыншыл ақпарат ауыздан ауызға таралды. 
Барлық тарихи деректер, шежірелер  ақын-жыраулардың жыр-дастандарында 
қамтылды. Осы тұрғыдан алғанда Қожаберген жыраудың «Елім-ай» даста-
ны сол қиын замандағы тарихи шындықты қалтқысыз бейнелеген теңдессіз 
жәдігер деп қарағанымыз дұрыс. Мұнда сол кездегі заман қасіреті ғана емес, 
Қожаберген жыраудың өз өмірі, болмысы, таланты, ақындығы мен батырлығы, 
көсемдігі, көрегендігі, ұлтшылдығы туралы толық мағлұмат берілген. Сондық-
тан бүгінгі күнде осындай дана бабамыздың тарихтағы орны мен қайраткерлік 
тұлғасына күмәнмен қарау орынсыз. Өйткені Қожаберген жырау өзі туралы 
өзі айтып кеткен. Өзгелердің ол туралы айтқаны да жеткілікті. Мысалы, Бұқар 
жырау, Дәстем сал, Сегіз Сері, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы, т.с.с. алғыр ойлы ақиықтар Қожаберген есімін жырға қосқан. Оның 
ерлігі мен талантына тәнті болған.
Жоғарыда айтып өткеніміздей Қожаберген жыраудың ақиқат шындығы 
оның өз сөздерінде жатыр. Тағы да академик М. Қозыбаевтың пікіріне сү-
йенетін болсақ: «Дауылпаз Қожаберген – дүлдүл тарихшы. Біріншіден, тек 

106
        Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» дастанында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының 
дә уірлеп күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың орыстар мен 
қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін 
тұқыртып, жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді 
халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді. 
Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұхараның қазақ еліне деген қастандық сая-
сатын, өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз Тәукеден 
кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас берекесіздіктің бетпердесін 
ашады. Бесіншіден, «Ақтабан шұбырынды» қалай болды, халық қалай, неге 
тозды деген сауалдарға жауап береді».
Академиктің бұл пікіріне қосарымыз: Қожаберген жырау «Елім-ай» тарихи 
жырында 1723 жылғы үлкен апаттың тек қазақ халқына ғана емес, әрі туысқан, 
әрі көрші Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай башқұрттары, Сібір татары 
халықтарына да кенеттен келген зор қасірет екенін ашық та дәлелді түрде баян-
дайды.
«Қожаберген жырау» кітабының құрастырушысы С. Жұмабаев кітап со-
ңында берілген түсініктемеде нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, тө-
мендегідей бұлтартпас мысалдар келтіреді: «Қожаберген ақынның «Елім-
ай» дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнекті, білгір адамдардың бірі – 
халқымыздың әскери қайраткері,білімпаз да аса дарынды, қадірлі жазушысы, 
атақты батыры, есімі әлемге әйгілі Бауыржан Момышұлы: – керей Қожаберген 
жыраудай бұрынғы-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ 
жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» 
жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет 
естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» – деген болатын. Ал 
қазақ халқының аса көрнекті ғылым қайраткерлерінің бірі, тарих ғылымының 
докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов: «Көшебе керей Қожаберген ақын 
Толыбайсыншыұлының «Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол 
«Елім-ай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды 
Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір та-
рихи құжат!» – деп тұжырымдап еді. Осы мазмұндас бағаны академик-жазушы 
Ғабит Мүсірепов, академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсіпбеков, тарих 
ғылымының докторлары Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаевтар да кезінде 
шегелеп айтқан еді».   
Енді «Елім-ай» тарихи жырындағы Қожаберген жыраудың өз сөздеріне 
кезек берер болсақ, оның атақоныс, туған ел туралы шумақтары төмендегідей 
өріледі:

107
Қожаберген жырау – 350
... Ел қорғап, қол бастауда көшелі едім,
Қазақтың қатардағы көсемі едім.
Теріскей Сарыарқаны қыстайтұғын
Егіз ел керей-уақ көсемі едім.
Тұтас ел жігі ажырамай, орнаған бақ,
Ішінде орта жүздің керей-уақ.
Құт қонып, қыдыр дарып ерте кезден,
Мекендеп Сібірде олар тұрған ұзақ...
... Есіл, Ертіс, Тобылдың тоғайларын,
Ежелден елім-жұртым қыстап келген...
... Тоғайын Омбы өзені жұртым қыстап,
Баптаған алғыр тазы, қыран ұстап.
Ертеден керей қоныс еткен Сібір,
Қорғаған жаудан ерлер қару ұстап...
Осы шумақтарда орта жүздің керей-уақ тайпалары, Қожаберген жыраудың 
ата-бабалары теріскей Сарыарқа мен Батыс Сібірді мекен еткендігі жайлы нақты 
деректер айтылады. Осынау туған жердің шетіне жау тигенде бұғанасы қатпай 
жатып-ақ ақ найза ұстап атқа қонған батырлардың бірі Қожаберген бабамыз еді. 
Серілікпен жаста шарладым
Қазан мен Кемер арасын.
Ата жаудан қорғадық
Мұсылманның баласын.
Жасымда жасап сан жорық,
Байкөлден аса мен бардым.
Сол жақтан қалмақ келгенін
Жас та болсам аңғардым, – 
дейді ол.
Жыр басында өзіне дейінгі тарихта жоңғар-қалмақтардың қайдан шығып
қайдан келгендігін саралай келе, олардың соғыс жорықтарын Алтай, Тарбағатай 
өңірінен бастағанын, жолдарындағы Сағай, Меркіт, Оңғұт, Боржіген, Бара-

108
        Қожаберген жырау – 350
бы, Барын, Ескер, т.б. татар тайпаларын, қырғыздың Шор, Тұба, Хас, Саха 
елдерін аяусыз қырып, Түмен, Том қалаларының тұрғындарын қызыл қанға 
боя ғандығын тілге тиек етеді. Осы тұста автор жоңғар мемлекетінің әскери күші 
неліктен артқандығын, неліктен өзі қатарлы елдерді жау көріп, баса-көктеп 
келгендігін зерделеп, оның басты себептерін ашуға тырысады.  Қожабергеннің 
пайымдауынша жоңғарлар сол заманда адамдық мораль, этика тұрғысынан да, 
әдеп, өнер, білім жағынан да өзгелерден көп кейін қалған ел еді. Олар ХVІІ ғасыр 
соңындағы халдан Бошохтың тұсында орыстармен және қытаймен ауыз жала-
сып, соғыс өнерін игере бастайды. Орыстарға да керегі сол еді, Алтай аймағы мен 
Батыс Сібірді мекендеген түркі халықтарын өз жерінен ығыстырып шығарудың 
оңтайлы жолы табыла кетеді. Жоңғарларды арнайы шақырып, арқасынан қағып, 
ақыл айтып, зеңбіректермен қаруландырып өзі тектес халықтарға айдап салады. 
Жоңғарлардың ұзақ жылдарға созылған шапқыншылық жорықтары осылай 
басталған. Бұл соғыстың барлық кінәсі орыстың ашкөз саясатында жатқанын 
Қожаберген аяусыз шенейді:
...Сұмырай халдан Бошох дүниеден өтіп,
Ұлдары орнын басар қалды жетіп.
Күшігі Сыбан Рабтан таққа отырды,
Қалмаққа қонтайшы боп билік етіп...
Халдан Бошохтың інісі – Сыбан Рабтан,
Көрші елді жауламақ боп көз алартқан.
Бұйратты, Халхиды да қосып алып,
Татардың Барабысын келіп шапқан...
...Сібір татары Ресейге қараса да,
Ол елдің ісін орыс жөн көрмеді.
Жоңғарлар татарларды шапқан кезде
Ресей қалмақтарға қой демеді.
Жердің елсіз қалғанын хош көрді орыс,
Оларға қажет болды иесіз қоныс.
Қол астындағы татарға көмектеспей,
Ресей қыр көрсетті тіпті жолсыз.
Сібір татарлары Ресей атқамінерлеріне хат жолдап, елші жіберіп көмек сұра-
ған. Қалмақтарға тыйым салуын өтінген. Орыс саясаткерлері болса татарлардың 

109
Қожаберген жырау – 350
салық төлеуден бас тартқанын желеу етіп, қалмақтарды одан сайын айдап салған. 
Нәтижесінде Сібір татарлары адам айтқысыз қырғынға ұшырап, елінен, жерінен 
безіп, Омбы өзені жағасындағы керейлерге келіп паналайды. Арада он жылдай 
уақыт өткенде жоңғарлар керей еліне келіп килігеді. керейлерге шаппас бұрын 
Сыбан Рабтан орыс пен қытайға мол дүние беріп, олардың білгір мамандарын 
жалдап, әскери соғыс қимылдары мен қару жарақтың жетілген түрлерін үйретіп 
он жыл дайындалған екен. Қожаберген жырау ол туралы былай дейді:
...Жоңғарға Дүнген, Сібе дихан болып,
Шор, Тұба, Саха мен Хас малшы болып.
Шаруасын тәуелді елдер атқарған соң,
Жауыздар дәулеттенді бақыт қонып.
Алтын, күміс, мал беріп аямай-ақ,
Орыстар мен Қытайдан білгір жалдап.
Сыбан Рабтан ден қойып өнерпазға,
Ғаскерін үйреттірді он жыл қамдап.
Дариға-ай, қалмаққа өнер қайдан келсін,
Тетігін дәу мылтықтың қайдан білсін?
Он жылғы мол жабдықпен келіп шапты,
Дегендей қайратымды қазақ көрсін.
Өнерді надан қалмақ меңгерген жоқ,
Дәу мылтық жасауды олар үйренген жоқ.
Көрші екі ел мылтық беріп айдап салды,
Әйтпесе қалмақ бізге тең келген жоқ.
Бұл  тұста «көрші екі ел» деп Қожаберген Ресей мен Қытайды айтып отыр. 
Бақайшағына дейін қаруланып алған жоңғар әскерлері қазақ жеріне ауыз сала-
ды. Ежелден ат үстінде соғысып үйренген керейдің батыр ұлдары қарулы жауға 
сойыл-шоқпармен, қылыш-найзамен қарсы шабады. Зеңбіректі жауды састы-
рып, бірнеше дүркін тойтарыс береді. Омбы өзені бірнеше рет қолдан-қолға 
өтеді.
Жоңғарлар дәу мылтықты қолданған соң,
Керейдің біраз жері қолдан кетті.

110
        Қожаберген жырау – 350
Шайқасты кәпірлермен сарбаздарым,
Бел буып тәуекелге қойып бетті.
Қарашада топ ат тұяғынан мұз ойылып,
Көп қалмақ Омбы өзенде суға кетті.
Сан өтті қолдан-қолға Омбы өзені,
Соғыстың ауыр тиді бұл кезеңі.
Қалған соң атамекен жау қолында,
Өртенді соны ойлап жұрт өзегі.
Жау қалмақ оқ атса да оң мен солдан,
Майданда айнығам жоқ ерлік жолдан.
Ежелден керей мекен еткен Сібір,
Қалайша шығарамын оны қолдан.
...Төнген соң найза ұрыста үлкен қауіп,
Ордостар оқ боратты амал тауып.
Шар түсіп, маңымызға жарылған соң,
Ештеңе өндірмедік жауға шауып.
...Жер алу жоңғарлардың есі-дерті,
Мықты екен Ресеймен еткен серті.
Көбейді қалмақтардың үсті-үстіне,
Әр жерде қайта-қайта салған өрті.
...Алмақ боп көп мылтық пен жақсы қару,
Мақсұты болғаннан соң жұртты шабу.
Керейден тартып алған Омбы өзенін,
Орысқа кәпір қалмақ етті тарту.
«Елім-ай» жырындағы ақиқат шындық осылай өріледі. Қазақ жауынгер-
лерінің жанқиярлық ерлік істері Қожаберген жырау сөзімен кеңінен суреттеледі. 
керейлер мекендеген Сібір жерінің әрбір төбесі, әрбір өзен-көлі үшін кескілес кен 
ұрыстар болғанын аңғартады. Қарастырылып отырған жырда жер-су, тоғай-
төбе сияқты географиялық атаулар көптеп кездеседі. Жырау солардың әрбірін 
тәптіштей айтады. Бұл көркемдік әдіс келешек ұрпаққа тарихи шындық толық 
жетсін деген ниеттен туындаған болса керек.

111
Қожаберген жырау – 350
Дастанды оқып отырғанда тағы бір аңғаратынымыз, Тәуке хан тұсында қазақ 
елшілерінің қару-жарақ сатып алу мақсатында Ресейге барғандығы туралы де-
ректер. Бірақ жоңғарды әдейі айдап салып отырған орыстар келісім бермейді. 
Қытай мемлекеті де қару беруден бас тартқан. 
Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық,
Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық.
Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда  
Найза ұстап, садақ асып, қарсы шықтық.
Соғыстан Ресей, Қытай босамаған,
Сонда да жерімізге көз тастаған.
Өздері бізге жорық жасамаған,
Халхилар солар үшін іс бастаған.
Бастаған Ойрат ісі ұрыс болды,
Бұл соғыс Ресей үшін дұрыс болды.
Қалмақты жабдықтаған қос көршінің
Әуелден көздегені қоныс болды.
...Босаған соң қуанып талай қоныс,
Қалмаққа алғыс айтқан билікті орыс.
Тоқтатып сол арада қалмақтарды, 
Оларға сыйлық берген ұлық орыс.
Қарулы қалың әскерге найза, қылыш, садақпен қарсы барған қазақ қолы 
аяусыз талқандалып, амалсыз шегінуге мәжбүр болады. Зеңбіректен 
тыным сыз оқ жаудырған қалмақтар қазақтарды күн сайын қырып отырып, 
арқаға, оңтүстікке қарай ығыстырып кете барды. Ал ойындағысы орындалған 
орыс саясаткерлері босап қалған жерлерге мұжықтар мен әскерилерді еркін 
қоныстандырып, бекіністер салып жатты. Өзгенің қолымен от көсеп, жазықсыз 
халықтарды қынадай қырып, жер бетінен із-түзсіз жойып жіберуді ашық мақсат 
еткен Ресейдің қанқұйлы қарақшылық саясаты бүгінге дейін айтылмай келді.  
Өзінің бір адамын шығын етпей бүткіл Сібірді, оның ішінде алты алаштың 
атақонысы болған Түмен, Том, Омбы, Ор, Челябі, Орынбор, Қорған, Бары-
науыл қалаларын маңайымен қоса өз меншігіне айналдырған орыс отаршыла-
ры ақиқатты қайдан қаласын? Сол шындықты шырқырата айтқан Қожаберген 

112
        Қожаберген жырау – 350
жырауды орыс саясаты қалай жақтырсын? Ақ патшаның тұсында да, советтік 
кезеңде де Қожаберген жыраудың аты аталмағанының басты себебі осында жа-
тыр.
Баба есімі бүгінгі тәуелсіздік таңында жиі айтыла бастады. Оған да шүкірші-
лік етеміз. Қожаберген Толыбайсыншыұлының «Елім-ай» дастанынан өзге де 
қалдырған мұрасы мол. Сан қырлы талант иесінің ерлікке толы өмір жолы мен 
қазыналы шығармашылығы келешектегі «Қожабергентану» ісінің сарқылмас 
көзі боларына сеніміміз мол.  
«Айқын» газеті,
18 маусым 2013 ж. 

113
Қожаберген жырау – 350
МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ЗЕРТТЕУІНДЕГІ 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Әрқайсысы бір-бір елдің маңдайына татырлық саңлақтарды құндақтаған, 
алыптарға алтын бесік болған, ақ селеуі айшық ашқан, жусаны жұпар шашқан, 
көлдері төңкерілген, қайың-терегімен көмкерілген, перзенттеріне кеңпейіл 
мі нез, кесек тұлғасын дарытқан қазыналы топыраққа халық «Гүлтөбе» деп ат 
қойып, айдар тағыпты. Гүлтөбе – Толыбай сыншының, Қожаберген жырау-
дың, Сегіз серінің атамекені, туған жері, өскен елі. Ендеше, талантты табиғат 
тудыратынын бұдан асыра айғақтау мүмкін бе өзі?!
«Гүлтөбе» деген сөз қайдан шыққан? Қожаберген мұрасын зерттеуге атса-
лысып, кезінде оның есімімен аталған қорды басқарған ғалым, қоғам қайраткері 
марқұм Шаймұрат Смағұлов арғы-бергі заманнан бұрын Қожабергеннің туған 
жерінде шоқ-шоқ боп қалампыр иісті алқызыл гүлдер өскен, Толыбай сыншының  
Гүлтөбесі содан шыққан деген әңгіме жеткенін алға тартады. Бір ғажабы, гүлдер 
ойпаңға қарағанда, екі көлдің арасына сыналай кірген, көз ұшындағыны шала-
тындай аумақты алып жатқан төбешікте қалың өседі екен. Неге екені белгісіз, 
сол гүлдер өткен ғасырдың отызыншы жылдарында өзінен өзі солып қалыпты. 
Қожаберген Толыбайұлы 1663 қоян жылы нақ осы жерде, қазіргі Солтүстік 
Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында батырлар мекенінде дүниеге 
келген. Олай дейтініміз, орта жүздің керей руынан тарайтын Толыбай сыншы 
да, ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір 
сүрген Дәулен де (Толыбайдың әкесі), арғы атасы Көшебе де батыр болған. 
Қожабергеннің:
8-254

114
        Қожаберген жырау – 350
Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе,
Қай батыр тең келіпті Көшебеге?! –
немесе:
Ол соғыс Есімханның тұсында өткен,
Қалмақты Дәулен атам қырған шеттен, – 
деуі содан.
Осындай ел қорғаны болған асылдардың тұяғы Толыбайдың аты адамды, 
сол сияқты, атты, құсты және басқа жануарларды, гауһар, меруерт тастарды, 
қару-жарақты сынайтын қасиетімен ғана емес, болашақты болжай білетін кө-
регендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, шешендігімен, ел іргесі сөгілсе, 
қылышын қынабынан суырар ерлігімен де шыққан. Ол Гүлтөбеде көп жыл 
бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып ел 
тыныштығын қорғаған, ордабасы атанған. Ел ішінде әлі күнге дейін Толыбай 
сыншыға телінетін нақыл, қанатты сөздер аз емес.
Ал Қожабергенге келсек, ол:
Көрші елге батырлықпен даңқы кеткен,
Сібірдің батыс жағын мекен еткен.
Керейде Толыбай сыншы кіші ұлы едім
Жырларым қазақ жұртын елжіреткен, – 
деп жырлағандай, Толыбай сыншының көп ұлының (кей зерттеушілер Толыбай 
сыншының ұлдарының санын 20 деп көрсетсе, енді біреулері 23, 24 дейді) ең 
кенжесі.
Қожаберген Толыбайұлы ақын-жырау, әнші-күйші, сазгер ғана емес, ел 
тағдыры таразы басына тартылған қан-майдан жорықтарда қалың қолды бас-
таған батыр, балуан, мерген, сыншы, саятшы, он саусағынан өнер тамған шебер, 
емші, сауатты адам болған. 
Тіліне араб-парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Көрші елге елшілікке ылғи барып,
Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп, – 
деген жолдар көп жайдан сыр ұқтырады.

115
Қожаберген жырау – 350
Бүгінде қожабергентану біраз ілгері басып, қалыптасып, тұлғаланып қалды 
десек артық айтқандық болмайды. Оның өмірі мен еңбегі қазақ халқының алғаш-
қы ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсаринді де қызықтырған. Ыбырай Алтын-
сарин Қожабергеннің атын 1879 жылы Орынбор баспасынан жарық көрген 
«Қазақ  хрестоматиясы» жинағына енгізеді. Қожаберген мұрасына С. Сейфул-
лин, І. Жансүгіров, С. Көбеев, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, І. Омаровтардың да 
ден қойғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Сәкен Сейфуллин Қожаберген жырау 
мен Сегіз сері туралы поэма жазуға ниеттеніп, көп материал жинайды, осы 
мақсатпен 1927 жылы Қызылжар өңірінде де болады.
1983 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан «Ерте дәуірдегі қазақ 
әдебиеті» деген еңбек жарық көрді. Осы кітапта Қожаберген жырауға да орын 
берілген. Міне, содан бері Қожаберген Толыбайұлы туралы бірнеше кітап, 
жүзден астам зерттеу мақала жарық көрді. Дегенмен, дәл бүгін Қожаберген 
бабамыздың есімі мен ерлігі тарих қатпарларынан толық аршылып алынды 
деу ге әлі ерте. Олай дейтініміз, зерттеулерде бір-біріне кереғар деректер әлі 
де кездеседі. Демек, «мың жорамалдан бір дәйек қымбат» дегендей, дауылпаз 
жыраудың ғылыми өмірбаянын түпкілікті тиянақтайтын мезгіл жеткен сияқты. 
2000 жылдың 19-20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
академиясының ұйымдастыруымен Қызылжар қаласында өткен «Қожаберген 
Толыбайсыншыұлының ел тарихындағы орны мен рөлі» деген тақырыпта өткен 
ғылыми-теориялық конференцияда негізгі баяндама жасаған академик, марқұм 
М.Қ. Қозыбаев та осы ойды қозғаған еді. Манаш Қабашұлы ендігі жерде 
белгілі ғалымдардың қожабергентану ісіне жегілуі қажеттігін, оның еңбекте-
ріне текстологиялық талдау жүргізу керектігін қадай айтқан болатын.  М.Қ. Қо-
зыбаевтың өз сөзіне жүгінсек, «Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана 
емес. Ол – 1688-1710 жылдары 22-23 жыл бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ 
халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, 
Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! «Ақтабан шұбырындыдан» кейін 
Қожаберген – ұлы жеңісті шыңдаған стратег», – деп жазады Манаш Қабашұлы. 
Осы сөздерді XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі 
болған Бұқар жыраудың Қожабергенге арналған «Ғаділ ер» деген толғауындағы:
Көшебе керей ағасы,
Толыбай сыншы баласы.
Қол бастаған Қожаекең
Үш жүздің болды-ау данасы, – 
деген өлең жолдары да растай түседі. Бұқар жырау «Ұстазыма» деген толғауын-
да «Бата алған Бұқармын Қожаберген асылдан», – дейді.

116
        Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жырау да «Елім-ай» дастанында Бұқар жырауды бауырына 
тарта  сөйлейді:
Шәкіртім сүйіндікте Бұқар жыршы,
Ол Бұқар – өзі ақын, өзі сыншы.
Олдағы қарап жатпас аттан салар, 
Сөзіне оның, халқым, құлақ түрші! – 
дейді.
Осылай Бұқардың дана боларына сенген Қожаберген жырау «Елім-
ай» дастанында: «Тізе қос, етек жиып, ес барында», «Ер емес жаудың туын 
құлатпаған», «Кеудеңде шыбын жаның болса егер, жоғалтпа жер бетінен қазақ 
атын», – деп халқын ерлікке, бірлікке үндейді. Ендеше, М.Қ. Қозыбаевтың 
жоғарыда айтқан конференцияда «Ақтабан шұбырындыдан» кейін  Қожабер ген 
ұлы жеңісті шыңдаған стратег. Қожаберген батырлардың батыры, қолбас шы, 
Әз-Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны», – деп баға лауы 
өте орынды.
Атақты тарихшы «Дауылпаз баба — Қожаберген» деген еңбегінде Қо-
жаберген жыраудың Әз Тәукенің тапсырмасымен «Жеті Жарғыны» ақ 
былғарыға жазып, ханға табыс еткені туралы деректер келтіреді. «Халық ара-
сында «Жеті Жарғыны» Тәуке хан жазды деген сөз бар. Ал шын мәнінде, 
зерттеуші М.Е. Есламғалиұлы өзінің «Әйтеке би» деген шежіренамасында 
жазғандай, «Жеті Жарғыны» дайындауға Сасық (қарақалпақ) Мұхамед, 
Қоқым (қырғыз), Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен бірге сол кезде көзі тірі 
Әнет баба, Едіге, Соқыр Абыз, Құдайназар, Болпыш, Жылкелді сияқты әйгілі 
билер мен ұлыс басшылары қатысқан. «Жеті Жарғыны» Тәуке хан жазған жоқ, 
ол үкім  шығарып жаздырды. Сол жазған жеті бидің бірі Қожаберген би екенін 
айту тарихи әділдік болар еді» (Манаш Қозыбаев).
Қожаберген жыраудың бүгінгі ұрпаққа аманат еткен әдеби мұрасы мол. 
«Күлдірмамай», «Қойлыбай көрген», «Қарасары болат керей», «Соқыр абыз», 
«Баба тіл» сияқты дастандарын былай қойғанда, XVIII-ХХ ғасырларда қазақ 
халқының ұраны болған «Елім-айының» өзі неге тұрады. Жеті бөлімнен, 3683 
шумақтан, 14732 жолдан тұратын «Елім-ай» дастанында жырау 1723 жылдың 
апатын, халықтың қайғы-қасіретін, күйзелісін ашына жазады. «Елім-ай» – ел 
өміріндегі тұтас бір кезеңді қамтитын тарихи шығарма. Автор бұл еңбегінде 
Жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін, Әз Тәукеден кейінгі қазақ 
хандығында болған текетірес, бақталас, алауыздықтың бетпердесін ашады. 
«Елім-ай» дастанындағы:

117
Қожаберген жырау – 350
Әз Тәуке болса дағы достыққа ынтық,
Сатпады көрші екі жұрт бізге мылтық.
Жоңғарлар қорғасын оқ жаудырғанда
Найза ұстап, садақ тартып қарсы шықтық, – 
деген жолдардың да астарында көп ой жатқаны анық. Бұл арада әңгіме 
жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенінде болып отыр. Дастанда 
Түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұхараның қазақ еліне деген қастандығы, өзбек пен 
тәжіктің жаттығы  әшкереленеді. Осы тұрғыдан алғанда, М.Қ. Қозыбаевтың 
тілімен айтсақ, «Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның арнасы кең – ұлттың 
болу-болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасыр-
лық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, 
саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді ара-
лап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай шын мәнінде ұлттық сананың 
биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш 
сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының 
шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» – ұлтымыздың Илиада мен 
Одиссеясындай эпикалық өміршең трагедиясы».
Халқымыздың асыл ұлдарының бірі Әлихан Бөкейхановтан қалған 
«Тарихтық сарын екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны – соғыс 
істері. Біздің қазақ білетін тарих осы. Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс 
тілінде история культуры дейді) пайдаланғаны – жұрттың болмыс-салты, ру-
хани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұрттың сол замандағы тіккен 
үйінен, киген киімінен, ұстаған... сөздерінен білінеді. Анық тарих – осы екін-
шісі» – деген сөз бар. Олай болса, құрметті оқырман, біздің Қожаберген жырау, 
оның «Елім-ай» дастаны туралы азды-көпті әңгімемізді Гүлтөбенің тарихымен 
байланыстыра қабылдағаныңызды қалар едік.
«Елдің атын ер шығарады» деп халқымыз бекер айтпаған ғой, Гүлтөбенің 
атын алысқа жайған жалғыз Қожаберген емес, бұл өңірді Сегіз сері де әнмен 
тербеген.  Сегіз сері, шын аты – Мұхамедқанафия Баһрамұлы 1818 жылы Гүл-
төбеде дүниеге келген. Жоғарыда біз Толыбай сыншының 20 ұлы болғанын 
айттық. Солардың бірі Қарабас та үлкен әскербасы, батыр болған. Сегіз сері 
осы Қарабастан тарайды. Демек, ол да Толыбай сыншының ұрпағы, қолөнері, 
аңшылық, құсбегі-саятшылық, атбегілік, емшілік бұған да дарыған. Орыс тілін 
тез меңгеріп алған Сегіз сері оқуын Омбыдағы азиялық мектепте жалғастырады, 
әскери шен алады. Бірақ, патшаға қызмет етуден бас тартады. Сол үшін қуғын-
сүргінге ұшырайды. Айта берсек, Сегіз жайлы сөз көп. Бірақ, біздің мақсаты-
мыз – оның өмірбаянын баяндап шығу емес.

118
        Қожаберген жырау – 350
Гүлтөбе, Маманайым – туған жерім,
Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім.
Жалаңаш, жалаң аяқ жар басында
Көйлек шешіп, көбелек қуған жерім, – 
деп жырлаған Сегіздің де батырлар ордасы, қасиетті мекен Гүлтөбеден түлеп 
ұшқан қыран екенін жеткізу.  
«Жер шарлап, салдық құрып думандатқан,
Құс салып, ит жүгіртіп дабылдатқан, 
Ту ұстап, тұлпар мініп, сауыт киіп,
Қол бастан кернейлетіп, шеру тартқан». 
(Нұржан Наушабаев) 
Сегіз де тұстастарынан ерте дараланып, көзге түседі. Ел арасында Мұха-
медқанафия сегіз жасында үлкендермен бірге аңға шығып, киік атып алған деген 
сөз бар. Бекер сөз болмауы керек. Жүре-жүре оның басқа қасиеттері де ашы-
лып, елге ақын, батыр ретінде танылады. Жерлесіміз академик-жазушы Ғабит 
Мүсіреповтің «Ұлпан» атты романында: «Бұл келген керей аталатын көп рулы 
елдің аты шулы ақын-әншілері, жыраулары еді. Бәрі де атақтының атақты-
сы – Сегіз сері ақынның мұрагерлері» – деуі (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан. – Ал-
маты, 1975. – 164-б.) содан. Кезінде Сегіз серіні қазаққа қиғысы келмеген 
кейбіреулердің: «Ұлпан» көркем шығарма, Сегіз сері жазушының қиялынан 
туған кейіпкер» деп жазғаны есімде. Бос сөз, «Ұлпан» – деректі роман, ондағы 
кейіпкерлердің бәрі өмірде болған адамдар.
«Күнделіктеріне» түртіп қоюына қарағанда, Ғабең кезінде Сегіз сері тура-
лы кесек дүние жазбақ болған. Бірақ, сол кездегі өктем саясат, Сегіздің орыс 
патшасына, отаршылдыққа қарсы күреске қатысуы жазушының қолын байлай 
берген сияқты.
Сол сияқты,  Сегізде толып жатыр тамаша әндер: «Әйкен-ай», «Жылой», 
«Қарғаш», «Бес қарагер», «Шолпан қыз», «Ғайни» менен «Боз қараған» – 
бәрі де ол шығарған ғажап әндер деген Жаяу Мұсаның, Сегіз сері жайлы ұзақ 
жырлар жазған Жанақ, Өске ақындардың, Шынияз Жұбатұлының сөздерін 
қайда қоямыз.
Осы арада Сегіз сері мен Есенейге қатысты Балғожа қарттан естіген тағы 
бір әңгімені баяндай кету артық болмас. Сегіз сері кіші жүзден оралғаннан кейін 
1850 жылы Есенейге Аббас, Сәду дейтін екі жігітін жұмсап: «Босшұбар мен 
Қанкүрең қартайыңқырап қалды, бір ат берсін», – дейді.

119
Қожаберген жырау – 350
«Батырдың қалауы қандай ат?» дегенде Аббас сөзден мүдірмей:
Орта жүздің ішінде,
Ашамайлы керейде,
Балға батыр ұрпағы
Есеней ерге сәлем де.
Есекең Сегіздей інісіне 
Бір ат берсін. 
Ат берсе, құйрық-жалы күзелмеген,
Ешқашан да мінілмеген.
Мұз бел, бура сан қунақ берсін.
Беріктігі өзіндей болсын,
Күштілігі өгіздей болсын,
Сезгіштігі Есболдай болсын,
Сергектігі Бектастай болсын.
Берсе, Есекең Сегіздей інісіне
Осындай бір ат берсін.
Бермесе, табиғат Сегіз серінің
Қанкүреңі мен Бозшұбарына қуат берсін, – 
дейді.
Есеней Сегіз серінің сәлемін тыңдағаннан кейін өзі бас болып жайылымда-
ғы жылқыға келіп, үш атты ұстатады. Содан, бұған дейін жүген-құрық тиме-
ген асауларды өзінің жігіттеріне үйреттіріп, «батырға сәлем айтыңдар, мына 
бозшұбарды алысқа сапар шеккенде мінсін, күреңді бәйгеге қоссын, ал боз 
бестіні ел аралағанда ерттесін» деп екі жігітті шығарып салады.
Есенейдің Сегіз серінің тілегін екі етпеуінің өзіндік сыры бар екен. Сегіз сері 
медреседе оқып жүрген кезінде аға сұлтан Есенейге 15 арба бойы қорап тоқып 
береді. Ақысына бір бесті ат бермек болған Есенейдің шабармандары кейін Сегіз 
серіні баласынып уәделерін ұмытып кетеді.
Сегіз серінің артына қалдырған мол әдеби мұрасын, әрине, зерделеу, зерт-
теу, ғылыми тұрғыдан талдау қажет. Қазірдің өзінде бұл орайда едәуір іс 
тындырылғанын оқырман қауым жақсы біледі. Десек те, Сегіз жайлы қалам 
тербеген көрнекті ғалымдар Әлкей Марғұлан мен Қайым Мұхамедқановтың, 
жазушы-журналистер Есенкелді Жақыповтың, Нәбиден Әбутәлиев пен Төлеш 
Сүлейменовтің тағы басқаларының еңбектеріне қайта-қайта үңіліп, соларды са-
лыстыра отырып, тарихи шындықты іздестірсе артық емес.
Осындай бір ұмтылыс кезінде тарих ғылымының докторы, профессор 
мар құм Зұлқарнай Алдамжардың тарапынан жасалғанын айту зор ғанибет. 

120
        Қожаберген жырау – 350
Ол өзінің 2002 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Тарих: пайым 
мен тағылым» атты кітабында Сегіз сері туралы деректерді тарихи тұрғыдан 
тексеріп, ел ішінде айтылып жүрген шежіремен мұқият салыстырып шығады, 
дәлелді сөз айтады, кейбіреулердің көңілінде жүрген күдікті сейілтеді. Әсіресе, 
оның Сегіз сері мен Исатай Таймановтың қарым-қатынасына байланыс-
ты айтқандары ақылға қонымды. «Сегіз серінің атасы Шақшақтың шешесі 
Ақ бота – атақты шешен Сырым батырдың туған апасы, Даттың қызы» – 
деп жазады ол (З. Алдамжар. Тарих: пайым мен тағылым. – Алматы, 
2002. – 145 б.).
Осы еңбекте Сегіз серінің Исатаймен алғаш кездесіп, танысуына қатысты 
да тың деректер келтірілген. Кітаптың «Азаттық туы астында» деп атала-
тын тарауында тарихшы-ғалым соңғы кезге дейін осы ұлы бабаларымыздың, 
яғни Исатай батыр мен Сегіз серінің тікелей тағдырластығы, ортақ мақсат-
арманы, шынайы қимас достығы, ағалы-інілі сыйластықтары қалтарыста қалып 
жүргеніне қынжылыс білдіре келіп, олардың қайда, қашан, қалай кездескенін 
тәптіштей баяндайды: «Ол (Сегіз сері – Ж.С.) Исатай, Махамбетпен алғаш 
рет 1833 жылдың жазында Қызылжар өңіріндегі Қоскөлге таяу жерінде-
гі Малдыбай ауылындағы тойда танысқан еді... Ашамайлы керей Қырғыз 
қажы Малдыбайұлының Бектас деген баласы Исатайдың кенже қарындасы 
Патшайымға үйленіп, содан Қырғыз қажы құдасы Исатайды қонаққа шақырады. 
Исатай мұнда өзімен бірге батыр інісі Махамбетті де ерте келеді. Сол жолы Сегіз 
сері бұл үйге Исатай, Махамбеттердің үстіне келеді» (143-б.). 
Осы жолдардың өзіме тікелей қатысы болғандықтан, Бектастың кім екеніне 
тоқтала кетуді жөн көріп отырмын. Өйткені, Бектас Қырғызұлы – менің ұлы 
атам. Ол туралы 2006 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Солтүстік 
Қазақстан облысының энциклопедиясында» мынадай деректер келтірілген: 
«Бектас Қырғызұлы (1817-1866 жж.) Астрахань қаласындағы медресіні 
бітірген соң, Қазанда жүріп заң, құқықтық білім алады. Көп жылдар бойы 
Омбы қаласында судья болып жұмыс істеген. Халық арасында қызыл тілді ше-
шен және әділ би-соты ретінде танымал. Ұлт-азаттық қозғалысының басшы-
сы атақты Исатай Таймановтың кіші қарындасына үйленген. Бектастың әкесі 
Қырғыз Малдыбайұлы өлкенің беделді адамдарының бірі болған, қасиетті Мек-
кеге жеті рет қажылық сапарға барған» (198-б.).
Алғаш рет осындай бір әңгіменің шетін Сегіз серінің өмірі мен шы-
ғарма 
ларына қатысты деректерді жинаумен көп айналысқан, есімі облыс 
жұртшылығына кең танымал қадірменді қарт Балғожа Кенжеқозыұлының ау-
зынан естіген едім. Ол кезде жастығымнан болар, қарттың сөзіне онша мән 
бере қоймадым. Кейін Бектас атамның есімі алдымнан әлденеше рет шықты. 

121
Қожаберген жырау – 350
Ол туралы кезінде Сәбит Мұқановтың баласы, тарих ғылымының докторы 
марқұм Марат Мұқанов та, жазушы Төлеш Сүлейменов те жазған екен. Бек-
тас Қырғызұлы туралы деректерді көкшетаулық қаламгер, өлкетанушы Тортай 
Садуақасовтың «Ел мен жер» деп аталатын кітабынан да кездестірдім. 
Міне, осы кітаптың «Құсмұрын округінің ел-жұрты» деп аталатын 
тара уында 1857-1860 жылдары жасақ жинау есебі жүргізілгені, онымен за-
седатель Коллежский айналысқаны туралы деректер келтірілген, мал-жанды 
куәландырып, депутат Сұлтан Әбділдинмен бірге қол қойған билердің тізімі 
берілген. Сегіз сері елі деп көрсетілген көшебеден тарайтындардың арасында 
Бектас Қырғызовтың да есімі бар. Оның тұсына би екенін айғақтайтын айрықша 
таңба қойылыпты.
Жоғарыда аталған авторлардың ішінде менің назарымды ерекше аударған 
атақты жерлесіміз жазушы Сәбит Мұқановтың  ұлы Марат Мұқанов еді. 
Біріншіден, ол – ел тарихын, шежірені көп зерттеген ғалым. Сондай-ақ, әкесінен 
естігендері де аз болмауы керек. 
Марат Сәбитұлы 1998 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Қазақстан 
тарихы» деп аталатын еңбегінде: «Кейде адамдардың тағдыры қызық та 
тағылымды болады. Көшебе керейдің жоламанынан тарайтын Малдыбай қазақ 
даласындағы ең бай адамдардың бірі еді, оның 17000 жылқысы болды. Оның 
ұлы Қырғыз мұсылмандардың қасиетті мекені Меккеге қажы лық сапармен жеті 
рет барған... Қажылар ел арасында өте беделді болды. Тіпті жоғарыдағылар да 
олардың сөзін екі етпейтін. Қырғыз қажы да осындай адамдардың санатын-
да болды. Ол ұлы Бектасты оқытты, білім әперді. Бектас (1817-1866 жж.) 
медресені тәмамдап, Астраханда, Қазанда заңгерлік білім алды, ұзақ уақыт 
Омбы қаласында судья болды. Ол Исатай Таймановтың кіші қарындасы 
Патшайымға үйленді», – деп жазады.
Тарихшы-ғалым одан әрі Бектастың бойшаң, талдырмаш, өте сұлу адам 
болғанын жаза келіп, бұған дейін еш жерде айтылмаған бір қызық деректің бетін 
ашады. «Оған арғын тайпасының қаржас руынан тарайтын атақты Шорман-
ның (1798-1843) қызы Зейнеп сұлу ғашық болды. Бектас Зейнепті екінші әйелі 
қылып алғысы келген, оған Қырғыз қарсы болады. Өйткені, ол сұлтан Шыңғыс 
Уәлихановтың айттырып қойған қалыңдығы еді» (105 б.).
Бұл қайдан шыққан сөз, қайдан табылған дерек деп көп сұрастырдым. 
Қызылжардағы «Асыл мұра» орталығының қызметкері Социал Жұмабаевқа да 
«Сіз мұрағаттарда жиі боласыз ғой, мүмкін, менің аталарым туралы деректер ді 
де көзіңіз шалып қалар, байқай жүріңізші» деп тілек білдірген едім, жақында 
Сәкең хабарласып, Омбының мұрағатында біраз жұмыс істеп келгенін айтып, 
Қырғыз атама қатысты екі деректі ұсынды. Оның біріншісі Омбы мұрағаты -

122
        Қожаберген жырау – 350
ның №374 қорынан алынған «Құсмұрын округі бойынша сұлтандардың, 
билердің старшындардың, құрметті қазақтардың 1850 жылғы тізімі». Он 
бір адамнан тұратын осы тізімге менің атам Қырғыз Малдыбайұлы Шыңғыс 
Уәлихановтан кейін тоғызыншы болып енгізіліпті. 1795 жылы туған Қырғыз 
Малдыбайұлы 1831-1843 жылдар аралығында болыс болған, 1844 жылы патша 
үкіметінің прапорщигі болып тағайындалыпты.
Осы тізімде оның 1791 жылы туған Жаңабай деген ағасы да жүр. Жаңабай 
Малдыбайұлы 1835-1841 жылдары ауыл старшинасы қызметін атқарыпты.
Енді Зейнептің (Шоқан Уәлихановтың анасы – Ж.С.) Бектас Қырғызұлына 
ғашық болғанына келсек, осыған көп күмәнім бар еді. Маған біздің тұқым 
мен Уәлихановтар әулетінің жолы ешқашан түйіспегендей көрінетін. Жоқ, 
олай емес екен, Аманқарағай округтік приказының аға сұлтаны Шыңғыс 
Уәлиханов Қырғыз Малдыбайұлын өте жақсы біліпті, аралас-құралас болып-
ты. Өлкетанушы Социал Жұмабаев ұсынған екінші құжат осыны дәттейді. Осы 
арада Шыңғыс Уәлихановтың 1840 жылдың 20 ақпанында Ресей үкіметінің, 
басшылығына жолдаған баяндау хатынан үзінді келтіре кетейін: «Аманқарағай 
округіне қарасты көшебе керей болысының заседательдері Тәбей Барлыбаев, 
Қырғыз Малдыбаев және қанжығалы болысының заседателі Чареке Мен-
декин болыстар басқару жөніндегі Ресей үкіметінің барлық тапсырмаларын 
мүлтіксіз орындауда. Осыны Сіздерге жеткізуді өзімнің борышым деп біле-
 мін», – дей келіп Шыңғыс Уәлиханов жоғарыда есімдері аталған болыстарды 
мақтау қағаздарымен марапаттауды сұрайды. Осы жайларға қаныққаннан 
кейін Марат Мұқановтың жазғандарына бекерден-бекер шүбә келтіргенімді 
түсіндім. 
2007 жылдың жазында Солтүстік Қазақстан облысына бір топ ақын-
жазушыларды бастап келген белгілі ақын, Алматыдағы С. Мұқанов пен Ғ. Мү-
сіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Әділ-
ғазы Қайырбековпен кездескенде М. Мұқановтың мұрағаты жайлы сұраған 
едім. «Ол кісінің жиған-тергені көп еді, өзі қайтыс болғаннан кейін отбасы 
әне-міне мұражайға өткіземіз деп жүргенде бәрінен айырылып қалды», – деген 
Әділғазы Марат Мұқановтың құжаттармен жұмыс істеуде өте ұқыпты болғанын 
айтып, «ол кісінің назарына іліксе, кездейсоқ емес, шындық, тағы бір жерден 
шығып қалуға тиіс» деп мені жұбатқандай болған.
Сегіз сері мен Бектастың достығы өз алдына, олар – бір атаның балалары. 
Жабай батырдың баласы Тоқсан бидің таратуынша, Ораз сардардан Жоламан 
мен Таузар туған. Сонда, Сегіз сері мен Бектас алты атадан қосылады.
Ал Исатай мен Қырғыз қажы қалай танысып жүр дегенге келсек, бұл екеуі 
де Омбы губернаторы жанындағы шекаралық комиссияның мүшелері болған. 

123
Қожаберген жырау – 350
Кейін осыған қатысты құжаттарды Омбы облысының мемлекеттік мұрағаты-
нан іздемек болған талабым нәтижесін бере қоймады. «Кезінде мұрағатты 
өрт шалған, сонда көп құжаттар жойылып кетті, солардың арасында болуы 
мүмкін» деген жауапқа тосылып қалсам да, Бектас, Қырғыз қажы есімдерінің 
бертін жарық көрген материалдарда ара-тұра болса да, қылаң беріп жүргеніне 
қарағанда, аталарымның тарихта ізі бар сияқты.
Қазір біз кіші жүз қайда, орта жүз қайда деп байтақ елдің әр қиырында жатқан 
қазақтарды бір-біріне жақындатуға жүрексініп тұрамыз. Ал шын мәнінде, 
олар өз заманында мидай араласып жатқан. Тарихшы-ғалым Зұлқайнар Ал-
дамжар жоғарыда біз келтірген кітабында Толыбай сыншының өз нағашысы, 
Қожаберген жыраудың түпнағашысы кіші жүз әлім руының төртқара әулетінен 
шыққан атақты Жалаңтас баһадүр Сейітқұлұлы ұрпағынан екенін анықтай 
түседі. «Қожаберген жырау бала кезінен бастап нағашы жұртында тәрбиеленіп, 
Үргеніш, Бұқара, Самарқандта білім алыпты» (146-б.). Олай болса, Сегіз 
серінің басына қатер төнгенде ата-бабалары ежелден қарым-қатынаста болған 
кіші жүзге шығып кетуі соншалықты түсіндіруді қажет етпейтін жайт.
Кіші жүз алшын ішінде,
Он екі ата байұлы,
Жайық беріш баласы.
Бұхара қазақ ағасы
Басқадан артық бағасы.
Исатайдай батырды
Мен – Сегіз бүгін жақтадым, – 
деуі оның халықтық көтеріліс кезінде Исатайдың жанында болғанының 
бұлтартпас  дәлелі.
Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, Сегіз сері сынды саңлақтарды 
құндақтаған Гүлтөбе-Маманай – Көшебе, Ораз, Таузар, Жоламан, Дәулен 
сынды батырлардың да алтын тұғырына айналған қасиетті мекен. Содан да бұл 
өңірге ат басын тірегендер Гүлтөбеге, Қожаберген жыраудың мәңгілік меке-
ніне соқпай кетпейді.
2005 ж.

124
        Қожаберген жырау – 350

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал