Дауылпаз баба



жүктеу 9.12 Kb.

бет6/22
Дата09.01.2017
өлшемі9.12 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ АЙНАСЫ
Қосыл ОМАРОВ, 
халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Солтүстік Қазақстан облыстық
 бөлімшесінің төрағасы
Қожаберген жырау қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, тұлпарды тұя-
ғынан, құсты қауырсынынан таныған сыншы Толыбай Дәуленұлының 20 ұлы-
ның кенжесі екен. Жырау жас кезінде нағашысы Жалаңтөс баһадүрдің елін-
де болып, сол жақтағы Самарқанд, Бұхара медреселерінде тыңғылықты білім 
алған. Ол туралы атамыз:
Өнерге жас шағымнан құштар болғам,
Самархан, Бұхарадан білім алғам.
Атанып үздік шәкірт қатарында
Ең үлкен медресесін тәмамдағам, – 
дейді.
Жыраудың өмірін зерттеушілер оның «сегіз қырлы, бір сырлы» өнер иесі 
екенін, ақын, әнші, шешен, балуан, т.б. қасиеттерін атап өтеді. Біздің мақсаты-
мыз – Қожаберген бабамыздың шығармашылық шеберлігін сөз етіп, оның эпи-
калық туындыларындағы, әсіресе, «Елім-ай», «Баба тілі» дастандарындағы 
оқиғалардын тарихи деректілікпен, шындықпен ұштасып жатқандығын дәлелдеу.
Қожаберген өмір сүрген XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасыр-
дың бірінші жартысы қазақ халқы тарихында ерекше кезең, ұлтымыздың 
тағдыры қыл үстінде тұрған жылдар деп айтуға болады.
Бір ғасыр өмір сүрген жыраудың ат-жалын тартып атқа мініп, ел-жұртқа та-
нымал азамат болуы Тәуке ханның таққа отыру (1680 ж.) кезеңіне дөп келеді. 
Ол кезде 17 жасқа толған Қожаберген ел қорғаған белгілі батыр еді, өзінің бір 
толғауында:

87
Қожаберген жырау – 350
Ішінде ашамайлы керей көшебемін
Соғысқа он жетімнен төселгенмін. 
Жекпе-жек қалмақтармен шыққан шақта 
Желкесін қидым талай өрсінгеннің, – 
дейді.
Қожаберген жастайынан жауынгер-жырау ғана емес, саяси қайраткер бо-
лып қалыптасты. Тәуке ханның таққа отыруының алғашқы кезі қазақ-жоңғар 
арасында соғыс толастап, тыныштық орнай бастаған жылдар болатын. Бірақ 
бейбітшіліктің баянды болмасын білген Тәуке мемлекетті нығайтуды жедел 
қолға алады. Өз бетімен түйе айдай бастаған сұлтандардың билігін тежеп бір 
орталыққа бағынатын шараларды жүргізе бастады. Орталық хандықты нығайу 
мақсатымен ол «халық кеңесі» мен «билер кеңесін» құрды. Тәртіпті нығайтып, 
құқықтық мемлекет орнату мақсатымен «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» деп 
аталып кеткен қазақ даласында ұлттық әдет-ғұрып зандарының жинағын 
шығарады. «Жеті Жарғыны» жасауға билер мен жыраулар да қатысқан екен. 
Ол туралы Қожаберген жырау:
Шығайдан соң орнында Тәуке қалды, 
Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды. 
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп, 
Дейтұғын «Жеті Жарғы» заң шығарды, – 
дейді.
Әз Тәуке қазақ хандығының ішкі бірлігін ғана ойлаған жоқ, алты алаштың 
басын қосам деген арманы болған, ол саясатты да Қожаберген жырау қызу 
қолдады:
Қазақ, ұзақ, созақ пен
Башқұрт, қырғыз, татарлар 
Бір қауым боп біріккен, 
Көсемінен бата алған,
Алты алаш боп атанған, – 
дейді.
Қожаберген жырау – Тәукенің сыртқы саясатын тек қолдаушы ғана емес, 
іске асыруға да белсенді қатысқан қайраткер. Ол өзі туралы:

88
        Қожаберген жырау – 350
Тіліне араб, парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Көрші елге елшілікке ылғи барып,
Мен жүрмін қазағыма қызмет етіп, – 
дегені бар.
Тәуке ханның ішкі-сыртқы саясатты жүйелі жүргізіп, түбегейлі аяқтауына 
Жоңғар хонтайшылары мүмкіндік бермеді. Қазақ хандығының күшеюінен 
қорқып жоңғарлар біздің елге шабуылын жиілетті. Олардың 1710, 1711, 1713, 
1714 жылдары жасаған жорықтарының көбі «итжығыс» түсіп жүрді.
Бұл арада айта кететін бір жай, жоңғарлар қазақ еліне ашық жорыққа ат-
танғанда, оларға дем беруші, көзге түспеген ақылшылары да болды. Әсіресе, 
шығыстағы жаулап алған жерлеріне қауіп төнбесін деп көрші жоңғар-қазақ 
елдерін бір-біріне айдап салып отырған I Петрдің өзі еді. Ресей ақыл ғана бер-
ген жоқ, қару-жарақ сатып жоңғарларға көмек көрсетіп отырды. Патшаның бұл 
қанқұйлы әрекеті жырынды саясаткер Қожаберген жыраудың назарынан тыс 
қалмаған. «Елім-ай» дастанында: 
Әз Тәуке болса дағы достыққа ынтық,
Сатпады көрші екі жұрт бізге мылтық.
Жоңғарлар қорғасын оқ жаудырғанда
Найза ұстап, садақ тартып қарсы шықтық.
Соғыстан көрші елдер де босамаған,
Сонда да жерімізге көз тастаған.
Бастаған Ойрат ісі ұрыс болды,
Бұл соғыс көрші ел үшін дұрыс болды.
Қалмақты жабдықтаған қос көршінің
Әуелден көздегені қоныс болды. 
Басқаша айтқанда, қос көршінің де көмекейлерінде қазақ қонысы – қазақ 
жері болды.
Тіпті, қос империяны былай қойғанда, өзіміздің түрік тұқымдас елдердің қа-
зақ халқына деген пиғылы көріне бастады. Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтары сол 
кездегі күшті қару-жарақтарын қазақтарға сатпай, жоңғарларға берді. Сондағы 
ойлары қазақтар соғыстан әлсіресе, жерін бөліске салу еді. Бұл саясатты да сезіп 
отырған жырау:

89
Қожаберген жырау – 350
Болса да оғыз, түрік тектеріміз, 
Түріктің көп елінен шектедік біз.
Туыс елдер қасқыр боп жұртымызға, 
Қандастар жат боп кетті дәл осы кез.
Қазақтың сахарасы жер құлпырған, 
Әрдайым көрші елдерді қызықтырған. 
Қоқан, Хиуа, Бұхара да көз алартып, 
Қазақты бас салуға дайын тұрған, – 
дейді.
Көршілерден де, қандастардан да түңілген жырау қазақ халқын тек өз күшіне 
сенуге, үш жүздің басын қосып, жауға тойтарыс беруге шақырады. Халықпен 
бірге бабамыз қобызын найзаға айырбастап, қазақ елін, жерін азат етуге жорыққа 
аттанады, қол басқарады, өзі ол туралы:
Танытып сарбаздарға оң мен солын,
Басқардым керей-уақ, татар қолын, – 
дейді.
Бөгенбайдан бұрын Ордабасы болғанын «Елім-ай» дастанының бірінші 
бөлімдегі мына жолдар анықтайды: 
Даңқыма қанық болған қазақ, ноғай, 
Есімім Қожаберген, әкем Толыбай.
Бөгенбайдан бұрынғы ордабасы ем
Үш жүзде сардар болған қалың қолға-ай. 
Атақты Бұқар жырау (Қожабергенді ұстаз санаған) былай дейді: 
Толыбай сыншы баласы 
Үш жүздің бастап әскерін. 
Қазақтын болған ағасы, 
Қожаберген ғаділ ер, 
Қадырын білген қалың ел. 
Бөгембайдай батырға 
Билігін берген ардагер.

90
        Қожаберген жырау – 350
Осылай батырлар бастап, халық қостап, үш жүз боп тізе қоса аттанған соң 
шыдата ма? Жоңғар хонтайшыларының мезгіл-мезгіл жасаған шабуылдары еш 
нәтиже бермейді. 1718 жылы Тәуке дүниеден өтіп, билікке оның баласы Бо-
лат келеді де, қазақ хандарының берекесі кете бастайды. Болат ұлы жүзді ғана 
билейді. орта жүзге Сәмеке мен Күшік хан, кіші жүзге Әбілқайыр хан, Қайып 
хан, Барақ сұлтандар билік жүргізеді. Бұл туралы Қожаберген жырау:
Сәмеке, Ғайып, Болат сұм, 
Соңына елді ерте алмай, 
Хонтайшыға сатылып, 
Елдің сырын ашқан күн.
Шағырмақ күнім түн болды, 
Сәмеке, Ғайып, Болаттың
Сатқандығы шын болды. 
Әбілмәмбет солқылдақ, 
Ақ балшыққа борқылдақ, –
деп бар шындықты жайып  салады. Осындай ел басына күн туған, қазақ халқы-
ның тағдыры қыл үстінде тұрған кезде хан мен төрелердің сиқы жоғарыдағыдай 
болған соң, суырылып шығып халықты соңынан ерте алатын көсем қажет болды. 
Қожаберген жырау:
Төреден Әйтеке би безін деді, 
Келді ғой көсем сайлар кезі деді.
Қазақты батыр көсем басқармаса
Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді. 
Хан-сұлтан, төре күні өткен деді, 
Олардан ақыл айла кеткен деді. 
Қазағым, өзіңді өзің тұтас ел қып,
Басқарар енді уақыт жеткен еді.
Амал не? Би мен бектер ұға алмады
Басқосып дұрыс кеңес құра алмады.
Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп,
Ортадан батыр көсем шыға алмады, – 
дейді. 
Шындығында, көсем, хан сайлау шонжарлардың (олар негізінен сұлтандар) 
қолында болды да, ел басқаруға лайықты қара қазақтан шыққан ірі тұлғаларды 

91
Қожаберген жырау – 350
билікке жолатпады. Міне, осындай мемлекеттік басқару жүйесіндегі дағдарысты 
пайдаланып, он жылдай жасырын дайындалған жоңғарлар 1723 жылы жаз шыға 
кенеттен шабуылға шығады. Бейбіт, бейғам жатқан елді шауып, қанға бөктіріп, 
қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды,  Алқакөл сұлама» деген атпен белгілі қанды 
апатқа душар етеді. Осы оқиға байланысты Қожаберген бабамыздың «Елім-ай» 
әні мен өлеңі бүкіл ұлттың әнұранына айналып, ғасырлар бойы айтылып келеді:
Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Ел-жұртынан айырылған жаман екен, 
Қара көзден мөлдіреп жас келеді. 
Мына заман, қай заман – бағы заман, 
Баяғыдай болсайшы тағы заман.
Атадан ұл, анадан қыз айырылды, 
Көздің жасын көл қылып ағызамын. 
Қош аман бол, Қаратау – ел өлкесі, 
Жердің кетер ел ауса берекесі. 
Ханзададай, ханшадай өскен ұл-қыз, 
Қайдан енді табады берекесін.
Қазақтың үштен бірі қырылған бұл сойқан соғыста еліміздің күйрей 
жеңілу себебі не деген сұраққа Қожаберген бабамыздың жауабы тарихшы ғы-
лымдарымыздың тұжырымдарымен үндес. Бірінші, себеп, жоғарыда ай-
тып кеттік, қазақ хандарының алауыздығы, әрқайсысы өз ұлыстарында билік 
жүргізіп, қазақ мемлекетін әлсіретіп кетті. Тәукеден кейін хан-сұлтандар билікке 
таласып, бірімен-бірі алысып жүргенде елдің қауіпсіздігін ойлауға шамалары 
келмеді. Ол туралы:
Болған соң қамсыз күйде сахарамыз, 
Келмеді қорғануға еш шамамыз. 
Төрелер елдің басын қоспаған соң, 
Қалайша дұшпаннан кек қайтарамыз.
Апатқа дайындықсыз ұрынғамыз,
Соғыста мылтық болмай қырылғамыз. 
Бұл соғыс қазағыма қатты батты, 
Қара жер боздақтарды жұтып жатты. 

92
        Қожаберген жырау – 350
Қыз алып, қалмақтармен құда болып, 
Опасыз қожа, сұлтан жұртты сатты, – 
дейді.
Міне, осы шумақтарда біраз жағдайлардың беті ашылады. Хан-сұлтандар-
дың алауыздығы, олардың сатқындығы, жоңғарлардың он жыл бойы дайын-
далуы, зеңбірек, күшті қару-жарақпен қарулануы, т.б. шымбайға батса да 
шындық. 
1723 жылдың қысы қатты болып «Ақ мешін» жұтынан аллалап жазға әрең 
шыққан қазақ елі соғыс деген ойларында жоқ, «жағасы жайлау», күнде ойын-
тоймен жүріп жатқанды. Ол туралы жырау:
Астасқан Арқа, Сібір жерін жайлап, 
Жаз болса, бие менен інген байлап. 
Теңге атып, бозбалалар көкпар тартып, 
Ән шырқар ақындары топта сайрап, – 
дейді.
Осылай бейбіт жатқан елге тұтқиылдан зеңбірекпен қаруланған, тарих-
шылардың айтуы бойынша, 65 мың жоңғар әскерлері кенеттен лап қойғасын 
шыдата ма? Оның үстіне жас бала, қарияларды қойдай бауыздап қазақ даласын 
қан қақсатып келе жатыр деген хабар елді дүрліктірмей қойсын ба?
Сонымен, жырау бабамыз қазақ жасақтарының жеңілу себебін тайға таңба 
басқандай айта келіп, қазақ елінің ауыр халын ел-жұртын тастап үдере көшкенін 
суреттейді:
Көп жылғы мол дайындық арқасында
Паналап дәу мылтықпен қырқасында. 
Екпіндеп ілгерілеп жетті жаулар
Қаратау, Сыр мен Шу, Балқашыңа, –
дей келіп, осы дастанында жау әскерлерінің Шымкент, Созақ, Тараз, Сайрам, 
Түркістан, Ташкент қалаларын басып алғанын айтады. Бұл сөздері Шоқан 
Уәлихановтың «Қазақтар жауыз жоңғарлардың қуғынына түгел түсіп, үріккен 
киіктерше оңтүстікке босты. Қашып келе жатқан жолда өздерінің дүние-
мүліктерін, балаларын, шал-кемпірлерін, үй аспаптарын жүдеп-жадаған малын 
қалдырып, ақырында орта жүз – Самарқанд маңында, кіші жүз – Хиуа мен 
Бұхар жағына барып тоқтады» дегенімен үндесіп жатыр.

93
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жыраудың өзі қатысып, қазақ жасақтарына қолбасшылық еткен 
еліміздің солтүстік өңіріндегі шайқастар «Елім-ай» дастанында толық баяндала-
ды:
Татарды қуған ойрат бізге жетті, 
Жыл сайын шабуылын жиілетті. 
Қарашада топ ат тұяғынан жер ойылып, 
Көп қалмақ Омбы өзені суға кетті...
Қыс түсіп, Омбы өзені соғыс тоқтап, 
Қалмақтар дайындалды мылтық оқтап. 
Біз дағы хал-хадари мылтық соқтық, 
Дұшпанға кеткен жұрттың кегін жоқтап. 
Соғысты Омбы өзенде көзбен көрдім, 
Дұшпанға қолма-қолда соққы бердім.
Майданда мылтық аз боп атысуға, 
Жігерін құм етті ғой талай ердің. 
Сан рет дәу мылтықтан атылды доп, 
Оған қайран қыларлық бізде түк жоқ. 
Тастауға Омбы өзенін ақыр көндім, 
Етпеуге жан шығынын көңіл бөлдім. 
Керейден Омбы өзенін тартып алды, 
Ертіске орнап қалмақ жатып алды.
Сонымен, ежелден керейдің қонысы болған Ертістің батысындағы Сибан 
көл, Тарышы көл, Аққас, Қарақас көлдері Омбының Ертіске құяр алқабы 
жау қолында қалды. Қазақ қосындары Танаш, Абақ, Көшебе көлдеріне келіп 
тіреледі. Әрі қарай жырау:
Тоқтаттық Есілкөлде қалың жауды, 
Ор қазып Есілкөлде жолын бөгеп. 
Соғысып қолма-қолда дұшпанды ұттық.
Осы арада қазақ жауынгерлерінің ерлігі суреттеледі:
Тоқтады жау Есілкөлден өтпей бері,
Жоңғарда кетіп жүр ғой жұрттың кегі. 

94
        Қожаберген жырау – 350
Бұл майдан екі жаққа да ауыр соғып
Ерлер мен көп төгілді аттың тері, – 
дейді.
Осындай қанды қырғынға ұшырап, үштен бірінен айырылған қазақ аз 
жылда етек-жеңін, күш-қуатын жинап, ел болып бірігіп, жоңғарлаға қарсы 
шабуылға шықты. Осы кезде Қожаберген тағы бір қырынан көрінді, ол қол 
бастаған қолбасшы ғана емес, елді бірлікке, жауға қарсы күресуге шақырған ел 
жыршысы болды:
Қазыбек, Ер Жәнібек, Алдарбек би –  
Көрді олар өз халқынан кеткенін күй. 
Үшеуге тозған елді біріктірер, 
Қайғырма, азаматтар, есіңді жи.
Немесе мына жолдар:
Қазаққа қиын болды келген індет, 
Ежелден жауға шабу ерге міндет. 
Үйде-түзде болсақ та бір өлім, 
Дұшпаннан алған дұрыс елдің кегін, – 
дейді.
Өзінің сардарларын да жауға қарсы күреске шақырады:
Ассалаумағалейкем, сардарларым, 
Жұрт үшін ерлік еткен дегдарларым. 
Кеңесіп, дұшпандардан ел қорғаңдар, 
Кетпесін жау қолында мал-жандарың, – 
деп жырау халықты бірлікке, жауға қарсы аттануға шақырады. Қожаберген 
жырау айтқандай, қазақ хандарынан қайыр болмайтынын білген ұлтымыздың 
мақтанышы дана билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастап 1726 жылы 
Түркістанның оңтүстік шығысындағы Ордабасы биігінде үш жүз өкілдерінің 
ұлы жиыны болып, онда бүкіл қазақ халқының басын біріктіру туралы шешім 
қабылдап, Әбілқайырды қолбасы сайлады. 1727 жылы қазақ жасақтары Бұланты 
өзенінің жағасында «Қарасиыр» деген жерде жоңғарларға қирата соққы береді.
Осы «Қалмаққырылған» соғысында 10 мыңдай жауынгерінен айырылған 

95
Қожаберген жырау – 350
жоңғарлардың беті қайта бастады. Оған дәлел – 1730 жылдың көктемінде 
Итішпес көлінің маңыңдағы «Аңырақай» шайқасы.
Бұл жолы да қалмақтар ойсырай жеңілді. Міне, осылай қазақ жасақтары 
қан майданда еркін басымдылыққа қол жеткізіп, енді бірер соққымен жоңғар 
басқыншыларын тас-талқан ету ғана қалған кезде, аға хан санатында жүрген Бо-
лат қайтыс болады. Тағы да таққа талас басталады, хандықтан дәметкен орта 
жүздің ханы Сәмеке, кіші жүздің ханы Әбілқайыр жеке бастың қамымен 
кетті. Ал Әз Тәукенің аруағы үшін деп, оның үшінші баласы Әбілмәмбет 
хан сайланғанын естіген Сәмеке мен Әбілқайыр хан (өзі үш жүз әскерінің 
қолбасшысы) майдан шебін тастап, өз жасақтарын алып елдеріне кетіп қалады. 
Сатқындық демей не деуге болады мұны?! 
Қазақ хан-сұлтандарының алауыздығы, таққа-баққа таластығы жоңғар мем-
лекетінің өмірін ұзартты. Олардың қазақ еліне қаупі басылмады. Қазақтың 
шұрайлы жерлері әлі де жоңғарлардың қол астында қалды.
Қансыраған елімізді шешуші айқасқа бастайтын, бытыраған қазақ халқының 
басын біріктіріп, тәуелсіз іргелі мемлекет құратын қайраткер керек болды. Тарих 
ондай тұлғаны берді де. Ол хан Абылай болды. Қазақ әскерінің жеңісін көзі-
мен көрген Қожаберген жырау 60 жылдай өмірін ат үстінде өткізіп, 82 жасында 
жаудан босатып алған өз еліне оралады.
Пайғамбар жасындай ғұмырым майданда өтті, 
Орта жас ол да мені тастап кетті. 
Сақал мұрт, шашымды ақ көбік жауып, 
Кәрілік Қожакеңе келіп жетті, – 
дейді.
Өмірінің соңғы жылдарында аттан түссе де, аталық, жыраулық жағынан 
түскен жоқ.
Сөз соңында айтарымыз, әдебиетші, тарихшы ғалымдарымыз Қожаберген 
жыраудың өмір жолын, шығармашылығын терең зерттеп, бабамыздың еңбегін 
халық игілігіне жаратса екен.
1995 ж.

96
        Қожаберген жырау – 350
ҒИБРАТЫ МОЛ ҒАЛАМАТ БАБАМЫЗ
Өмірзақ ОЗҒАНБАВ, 
Республикалық ардагерлер ұйымы
орталық кеңесінің төрағасы,
тарих ғылымдарының докторы
Бүгінгі күні бүкіл қазақ даласын сыртқы жаудан қорғап, ішкі даудан 
сақтап, біртұтас ел болуына ұлан-ғайыр еңбек сіңірген Қожаберген жырау То -
лыбайұлының 350 жылдық мерейтойын атап өтіп отырғанымыздың өзі – ұлы 
Тәуелсіздіктің арқасында ғана қол жеткізіп отырған зор табыс екенін атап 
өтуіміз керек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та ел қорғаған ерлер мен ха-
лықты бірлікке ұйыта алған көсемдердің есімін мәңгілікке ұмытпай, ұрпаққа үлгі 
етіп отыруды үнемі ескертіп отырады. Астана қаласында Қазақ мемлекетінің 
алғашқы қадасын қадаған керей мен Жәнібек хандарға, Төле, Қаз дауысты 
Қазыбек, Әйтеке билерге, Қанжығалы Бөгенбай, Жәнібек сияқты батырларға 
еңселі ескерткіштерінің ашылуы – соның айғағы. 
Советтік идеологияның талабымен Қожабергеннің қадірлі есімі ұзақ жыл-
дар бойы ауызға алынбай, қара құлыптың астында жасырынып келгенін енді 
біліп отырмыз. Өйткені, ол қазақ халқының дербес, біртұтас, ынтымақты ел бо-
луын жырлаған және осы қадамдарға қол жеткізетін амалдарды да атап, соны 
іске асыруға шақырған дуалы ауыз шешен, қол бастаған көсем еді. Табиғи да-
рынына қоса ол Бұхара мен Самарқандта оқып, үлкен ілім алып, бірнеше тілді 
меңгеріп, ақыл-парасатын арттырған мол білімді, терең ойлы, кемеңгер тұлға 
болды. Жыраудың ең үлкен туындысы «Елім-ай» дастанында төл шежіреміздің 
жат жұрттық зерттеушілердің жазбалары мен ақын-жазушыларымыздың 
шығармашылық қиялының арқасында ғана белгілі болып, айтылып жүрген та-
рихи оқиғалары көз көрген адамның аузымен баяндалып, тарихи шындыққа көз 
жеткізеді. Халқымыздың аса көрнекті ғалымы, тарих ғылымынан тұңғыш рет 

97
Қожаберген жырау – 350
докторлық диссертация қорғаған қандасымыз Ермұхан Бекмаханов бұл дастан 
туралы: «Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. 
Әрі сол «Елім-ай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылы «Ақтабан 
шұбырынды Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен 
бірден-бір тарихи құжат» деп баға берген.  
Сонымен бірге шығарма дәл сол кезде жазылғандықтан, оның өне бойы 
азаттық күреске шақырған ұрандар мен намысты жанитын үндеулерге толы. 
«Кеудеңде шыбын жаның болса егер / Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын» деп 
бір жырласа, / «Би мен бек бір-біріңді сынамаңдар, / Дауласып ел арасын был-
ғамаңдар!» деген тәрізді ұрандар көтереді. Осы күнгі кейбір әдебиетшілеріміз 
Қожаберген жырау еңбектерінің көркемдік жағының солғындығына көбірек 
кө ңіл бөліп, оның тарихи деректілік маңызына назар аудармайды. Тасқа басы-
лып, өзгермей жеткізетін нұсқаны жасауға ол кезде мүмкіндік болмағандықтан, 
әркімнің есте қалғандарынан жинап, халық аузынан жазылып алынған дүние 
болғандықтан, оның көркемдігіне мін тағу, әрине, оңай. Кейбір жолдарының 
ұйқасы мен поэтикалық қуаты әлсіз екендігі тіпті маман емес адамның да көзіне 
ұрып тұратыны шындық. Бірақ, қайталап айтайын,  тарихи оқиғаларды көз 
көрген ретінде деректі түрде жеткізуінен мін табу қиын. Шын мәнінде жыраудың 
«Елім-ай» дастаны – қазақ тарихының 200 жылдық жоңғармен жаугершілік 
заманындағы үлкен шежіресі іспеттес туынды. Академик Манаш Қозыбаев дас-
тан туралы: «Оны тек дастан деу аз сияқты. Оның арнасы кең. Онда ұлттың 
болу-болмауы, Отан тағдыры қамтылған. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлт-
тың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген 
мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар 
болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай» – шын мәнінде 
ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы...» деп 
жазған еді. «Елім-айда» Қожаберген жырау батыр, ордабасы ретінде өзінің және 
басқа да сардарлардың алты Алаштың баласы мекен еткен үлкен территория-
ның барлық пұшпағын сыртқы жаудан қорғаған ерлігін баяндаған, тұтастығын 
жырлаған. Оның жырлары мен сөздері ресми идеологияның, қолдан жасалған 
ресми тарихтың ұсқынын әшкерелеп береді. Егер ресми тарих қазақты алты 
Алаштың басқа халықтарына біріктірмей, алалап, ынтымақтасуынан сақтанып, 
олармен жауыққан шағын ғана баяндаса, Қожаберген қазақ, қарақалпақ, татар, 
естек, ноғай, шор, тұба, саха, т.б. халықтардың қалмаққа қарсы бірге күрескенін 
жеткізеді. Сондай-ақ, саясат «орыс империясы Қазақстанға қорғандар мен бе-
кіністерді отарлау үшін емес, қазақты жоңғарлардан қорғау үшін салды» десе, 
Қожаберген, керісінше, ақ патшаның жоңғарлардың шапқыншылығын қолдап, 
7-254

98
        Қожаберген жырау – 350
оларға қару да сатып, қазақтарды, татарларды қыра түсуіне мүмкіндік бергенін 
айтады. Ал қазаққа патша от қару, күкірт сатуды арнайы жарлығымен қатаң 
тыйған. «Әз Тәуке болса дағы достыққа ынтық, / Сатпады Ресей, Қытай бізге 
мылтық», – дейді жырау. Демек, империяның «жоңғар қазақты қыра берсін, 
босаған жерін артынан біз басып аламыз» деген ойы бар екенін жырау жырла-
рынан көрініп тұр. Жоңғар шапқынынан шегініп, атақоныстарынан ауа босқан 
қазақ жерлерін орыс империясы басыбайлы иелену мақсатымен қорғандар мен 
қамалдар сала бастағаны туралы ол: 
Жұртымның жағдайына болып қанық,
Байлаулы қазақ қолын пайдаланып,
Иесіз қалған жерге күрке тігіп,
Орыстар масайрады қамал салып... – 
дейді. 
Демек, айлакерлікпен жасалған басқыншылықты әшкерелеп тұрған Қо-
жабергеннің жырларын, оның есімін кейін негізінен Ресей империясының 
колониалдық саясатын ақтап, оны жақтауға барлық күшін салған Совет өкі-
метінің идеологиясы да ауызға алдырмай келді. Бұл туралы Саяси бюроның 
арнайы директивасы да болған. 1932 жылы большевиктер партиясының орта-
лық комитеті «О перестройке литературно-художественной деятельности» деген 
қаулы қабылдап, онда жазушыларды Совет өкіметі платформасын, социалистік 
құрылысты ғана жақтап шығармалар жазуға, ал ұлттық батырлар мен азаттық 
үшін күрескендерді ауызға алмауға міндеттеді. Осы кезден бастап тарихтағы ащы 
шындықты баяндаған, орыс империясының басқыншылық саясатын әшкерелеген 
халық аузындағы шығармалар ауызға алынбайтын болған. Жағдай осындай 
болған соң Қожабергеннің жерлестері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер де 
оны өз шығармаларында атамағаны хақ. Ал одан бергі тарихтағы талай жақсы-
жайсаңдарды атайтын себебі: олар орысқа қарсы шыққан жоқ, керісінше Ресей 
империясына қызмет етіп шен алған, азаттық үшін күрескендерге қарсы жандар. 
Сондықтан үстем таптың өкілі ретінде оны жағымсыз етіп баяндаса да қос жазу-
шы өз шығармаларында ол туралы айтқан. 
Одан берірек, басқаша ойлау мен ой еркіндігіне барынша тұсау салып, тек 
кеңестік ресми идеологияны ғана жақтау шараларын өрістеткен 1946 жылғы 
14 тамыздағы Орталық комитеттің «Звезда» және «Ленинград» журналдары» 
туралы қаулысы бойынша патша өкіметіне қарсы алысқан ерліктері халық жады-
нан өшпегендіктен ғана оқулықтарға енгізіліп, ерліктері айтылып келген бертінгі 

99
Қожаберген жырау – 350
ұлттық батырлардың есімдерін ауызға алуға мүлде тыйым салынды. Соның 
ішінде колониалдық езгіге қарсы он жыл бойы талмай күрескен Кенесары 
Қасымовты да ғылыми айналымнан шығартып, мектеп оқулықтарынан алдыр-
тып тастады. Ол туралы ғылыми еңбек жазған ғалымдар, соның ішінде Ермұхан 
Бекмахановтың да қуғындалғанын білесіздер.
Жоғарыда мен Қожаберген шығармаларын халық аузынан жиналғанын 
айттым. Оның үстіне бұл жырау еңбектерін жетік білетін адамдардың азай-
ған шағында басталған іс болған соң оның бізге жеткен бүгінгі жырларының 
көркемдік сапасына айтып берген және жазып алған адамдар да жауапты 
екені сөзсіз. Қожаберген шығармаларын сынайтын кейбір зерттеушілер жы-
раудың еңбегі негізінен солтүстікқазақстандық жерлестерінің аузынан жа-
зылып алынғанына қарап, оның растығына күдік келтіреді. Жырау еңбектері 
кезінде Қазақстанның барлық жеріне де белгілі болған. Мәселен, кіші жүзде 
он екі ата Байұлының Назар есімді елге белгілі қолбасшысы болған. Осы На-
зармен Қожаберген жақсы қарым-қатынаста болады. 1723 жылғы «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұламаның» тұсында Қожаберген кіші жүздің қызы 
Айша бәйбішесімен осы Назар ауылына қонаққа келеді. Осы арада басталған 
қанды қырғынды естіп, өзінің «Елім-ай» дастанын шығарған екен. Бұл әңгімені 
белгілі жазушы Бектұр Төлеуғалиев Назардың ұрпағы Айтқұл Шманұлынан 
1955 жылы жазып алыпты. Демек, Қожаберген жырлары мен сөздері – жал ғыз 
солтүстіктің еншісі емес, байтақ қазақ даласына кең тараған тарихи мұра.  Ал 
«Елім-ай» дастанындағы бір факты туралы жоғарыда аталған белгілі тарихшы 
Ермұхан Бекмаханов: «Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында «Алқакөл 
сұлама емес, Алакөл сұлама» дейді. Шындығында да солай, сол апатты жылда 
қазақ халқының қырылуының бір шеті Алакөлден басталғаны рас. Ал Алқа көлді 
ешкім білмейді, осы көлдің аты жаңсақ айтылып кеткен сияқты» деген пікірді 
40 жылдары айтқан екен.
Қожаберген бабамыздың өмірінен ғибрат аларлық тағы бір үлкен тәлім бар. 
Бабамыз халық санын көбейтіп, ел қорғайтын ерлер санын арттыруға үлкен мән 
беріп отырған сияқты. Өз әкесі Толыбай сыншыдан 24 ұл туған болса, Қо-
жаберген бабамыз аттан түспей, үнемі ел қорғап, жау қуып жүрген аласапы-
ран уақытта өмір сүргеніне қарамай-ақ 17 ұлды-қызды болған. Шежіре оның 
Айша есімді бір әйелі болғанын айтады. Бір әйелден осынша ұлды болу оңай 
емес. Бірақ жорықтарда қаза болған кейбір қандыкөйлек жолдастарының, 
тума-тумаластарының, тіпті жаудан тұтқынға түскен сәбилерді де батырлар 
жетімсіретпей, бауырына басқаны айқын және әрбір сәбиге қуанып, ұлан-асыр 
той жасап, олардың өмірінің жарқын болуын тілеген. Осының өзі оның халық 

100
        Қожаберген жырау – 350
санын арттырудың маңыздылығын түсіне отырып, бұл іске өзі үлгі көрсетіп 
отырғандығын білдіреді. Мұндай мысалдар бабалар тарихында жиі болған. Мы-
салы, Танаш биден 15 бала туады. Танаш бидің баласы Балта батыр әр түрлі 
мұсылман елдерінен 11 сұлу қызға неке қиып, үйленген екен. Солардан ол 47 ұл 
көріпті. Бұлардан тараған ұрпақ, Балта керей деп аталған. Көшебеден тараған 15 
бала, Ораз батырдан 17 ұл, Таузардың үлкен ұлы Дәулен баһадүрден 15 бала, 
оның ішінде шешен, би, әскербасы Толыбай сыншы да бар. Шақшақ биден 
16 бала дүниеге келген. Міне, осылай аз халықты көбейтуді, ентелеген жауға есе 
жібермеуді, түптің түбінде санның сапаға ауысатынын білген бабалар балалар 
санын көбейте берген сияқты.
Халық санын өсіру қазақ халқының алдында күні бүгінге дейін үлкен про-
блема болып отыр. Үнемі ат үстінде, қысылтаяң жағдайларда болып, қатаң суық 
пен аптап ыстықты кешіп жүрсе де осынша бала өсірген бабаларымыздың 
ісі біз үшін үлгілі ғибрат болуы керек. Осының өзі-ақ үлкен ерлік емес пе? Ал 
бүгінгі күні жылы үй мен жақсы тұрмыста өмір сүріп отырған көптеген қан-
дастарымыздың бар болғаны бір-екі баламен ғана шектеліп, бала бағуды үлкен 
салмақ көріп, ұрпақ санын көбейтуден қашуы – табиғи қорқақтық па, әлде 
жанаярлық па, әлде ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен қашқақтау ма? Өлімнің 
көбеюінен, бала туудың төмендеуінен соңғы 30 жылда халқымыздың табиғи 
өсуі үш есе кеміп кетті. Мұндай жағдайда біз демографиялық проблеманы шеше 
алмаймыз. Бүгінгі жайма-шуақ заманда бала санын көбейту азаматтық міндет, 
абыройлы борыш екенін әрбір азамат зердесіне түйіп жүргені мақұл. Мұны ба-
балар аманаты деп түсінуге де болар. Еншісі бөлінбеген байтақ қазақ жерінің 
бірлігін, қазақ халқының тұтастығын қамтамасыз еткен қазақ келіндері болған. 
Қазақтың кең даласының түкпір-түкпірінде халық сирек қоныстанса да дәстүр, 
тіл тұтастығының бұзылмауы осы келіндерді алыстан алып, бір-бірімен туыстық 
байланысын үзбеуінен де сияқты. Жер қанша үлкен, барыс-келіс соншалықты 
қиын болғанымен туыстардың бір-біріне деген ыстық сағынышы тұтастықтың 
үзілмес кіндігі болғандай.  
Қожабергеннің әйелі Айша кіші жүз Атабайұлы Есентемірдің Қа былан 
биінің қызы екен. Толыбай сыншының әкесі Дәулен батыр да кіші жүз 
ішінде төртқара руынан шыққан Жалаңтөс Баһадүрдің туған апасы Жамалға 
үйленген. Сондықтан да болар өзінің 24 ұлының 19-ын Самарқанд, Үргеніш, 
Бұхара қалаларының іргелі оқу орындарына жіберіп, нағашылары Жалаңтөс, 
Ақшахандардың қамқорлығымен оқытып, сол дәуірдің ең білімді адамдары етіп 
тәрбиелеген.
Иә, «асыл – асылға, нәсіл – нәсілге» деген әңгіме де тегін айтылмаған бо-
лар. Ұлы бабалардың текті ортадан, ұлылардың тәрбиелі ұрпақтарына құда 

101
Қожаберген жырау – 350
түсіп, айттырып, келін түсіруі де халқымыздың санасына сіңген, ғасырлардан 
жал ғасып келе жатқан игі дәстүр. Сондай-ақ атам қазақ жетімі мен жесірін 
жылатпау, демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін «әмеңгерлік», «он үште 
отау иесі» салттарын да даналықпен ойлап тапқан. Қазақтың осы игі дәстүрлері 
ел ішінде кеңінен тараған. Мысалы: Өзбек ханға ақылшы болған Танаш би 
Фархадұлының Манас есімді інісі майданда қаза болып, оның келіншегі Сәлиман 
жесір қалады. Ақылды бәйбіше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен қайнысы ның 
әйелі Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады. Сонда кең пейілді бәйбіше 
биге өзі ұл туып бере алмағандықтан емес, өзі 14 ұл туса да Сәлиман да Та-
рышы сияқты батыр бидің ұрпағын молықтыра түссін деген ойда болған. Бұл 
сияқты халық дәстүріне байланысты мысалдарды бабалар тарихынан көптеп 
кездестіруге болады.                    
Сонымен бірге бүгін, осынау алқалы жиында «Қаратаудың басынан көш 
келеді, / Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. / Қарындастан айырылған жа-
ман екен / Қара көзге мөлтілдеп жас келеді» деп басталып, қазақ баласының 
басына түскен ауыр халды, аянышты кепті баяндайтын мұңлы зар  – «Елім-
ай» әніне тоқталғым келіп отыр. Ол 300 жыл бойы жүрегімізді қан жыла-
тып, зар гимні сияқты болып, сол заманды көзімізге дәл бүгінгідей елестетіп, 
ұмыттырмай, жеткізді. Бұл әннің құдіреттілігі – әрбір екі жолынан кейін айту-
шыны зар-еңіреткен «Елім-ай, Елім-ай» деген сөздерінде ғана емес, төменнен 
басталып, ішкі нала мен мұңның, қайғының құдіретінен жоғарыға қарай аңырай 
көтерілетін сазының айрықшалығында. Осының өзі оның сөзі мен әнін де бір 
адамның жазғаны және қатардағы адам емес, ой-өрісі биік, жалпы елдің қамын 
ойлайтын, ұлттың ұлан-ғайыр қайғысын жан-дүниесімен терең сезініп, жүрегі 
қан жылаған жанның шығармасы екендігін айқындап тұр. Егер ол отбасы, ошақ 
қасында отырған әйелдің немесе алқынған ақын жүректі қарапайым адамның 
шығарған әні болса, бүкіл елді қамтымай, қайғы ауқымын тарылтып, диапазонын 
кішірейткен болар еді. «Қарындастан айырылған» дегендегі «қарындас» сөзі де 
бүгінгі күні жасы кіші қыздарға қолданылатын мағынада емес, бір қарыннан 
шыққан барлық бауырға, яғни тұтас елге қарата айтылған мәнде екені даусыз. 
Енді осы әннің Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанымен бір мезгілде 
шыққанына, бір мақсатты, бір  мұңды  арқалағанына назар аударыңыз. 
Қазақ халқының дәстүрінде ежелден біреудің сөзін біреу «өзімдікі» деп 
меншіктеп пайдаланбайды. Ал біреудің сөзін қолданса авторын міндетті түрде 
атап отырған. Мәселен, «бұл Абайдың сөзі» немесе  «Бұхар жырау былай 
депті», «Ақтамбердіде мынадай сөздер бар» деген сияқты анықтамаларды бірге 

102
        Қожаберген жырау – 350
қосып отырады. Өз сөздері болмаса Қожаберген, дәстүр бойынша, олардың ав-
торын көрсетсе керек еді. Демек, олар – жыраудың өз сөздері. Сонымен қатар 
жыраудың «Елім-ай» дастаны мен әнде біршама сөздер өзгеріссіз қайталанады. 
Мысалы: «Елім-ай» дастанында:
Бұл заман болды елге қиын заман,
Шіріткен талай елдің миын заман. 
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, 
Қағынды қазақ үшін биыл заман, – 
деген сөздер бар. 
Ал құдіретті әнде: 
Мына заман қай заман, қысқан заман,
Басымыздан бақ, дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман, – 
деген жолдар бар. Демек екеуі де бір адамның аузынан «аһ» ұрып шыққан 
күйініш сөзі екені көрініп тұр. Оның үстіне Қожабергеннің ақын, жырау ғана 
емес, күйші, әнші екендігі де белгілі. Осы «Елім-ай» дастанын шығарғанда оның: 
Жұртымнан неге аяйын өнерімді, 
Жоғалтпан тірі жүріп бедерімді. 
Халқымның ауыр халін баян етіп, 
Бастайын «Елім-ай» деп өлеңімді.
Айтылар көптің мұңы болса жиын,
Ондайда ер сөзіне болар түйін. 
Шығарған осы жырмен қоса қабат
Аталсын «Елім-ай» деп ән мен күйім, – 
деген сөздері де бар. 
Бірақ осыған қарамай, әлі күнге кейбір өнертанушыларымыз, баспагер-
лер, әншілер «Елім-ай» әнін «халық әні» деп айтып жүр. Кез келген «халық 
әнінің» нақты авторы болады. Халық өздігінен бірлесіп, ән шығармайтыны 
белгілі жайт. Жалпы, қазақ халқында бірлесіп ән шығару деген дәстүр мүлде 

103
Қожаберген жырау – 350
болмаған. Осы уақытқа дейін бұл әннің Қожабергеннен басқа авторы да атал-
ған емес. Ендеше, осы алқалы жиында, бәріміз бірауыздан «Елім-ай» әнін 
ендігі жерде Қожабергеннің өзіне қайтарып, жаппай: «авторы Қожаберген 
жырау» деп айтуға пәтуаласайықшы. Бұл да бір тарихи әділеттілік болар еді 
деп ойлаймын. Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымақты болуын ойлайтын 
ақсақалдар ұйымының өкілі ретінде осыны сіздерден өтінемін. Философ, ақын 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Даналарға» атты өлеңіндегі мына жолдарды да 
ұмытпайық:
Қолбасы, ақын-жырау һәм елші-би,
Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй.
«Елім-ай» әні менен жырын тағы
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй.         
Сөзімнің соңында, біздің осынау ұлан-ғайыр жерге ие болып, тарих сахнасы-
нан жоңғарлар сияқты жойылып кетпей, аман қалғанымыз – осы Қожаберген 
жырау Толыбайұлы сияқты ерлеріміздің арқасында екенін ұмытпай, олардың 
жарқын есімдерін ұрпақтарымызға жарқырата жеткізе беру парызымыз екенін 
әрқашан ұмытпайық дегім келеді. Өздерінің осынау парызын азаматтықпен 
атқарып жүрген Социал Жұмабаев, Бекет Тұрғараев, Сабыр Қасымов, Абай 
Тасболатов, Дихан Қамзабеков, т.б. азаматтарға ризашылығымды білдіремін.    
«Түркістан» газеті,
20 маусым 2013 ж. 

104
        Қожаберген жырау – 350

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал