Дауылпаз баба



жүктеу 9.12 Kb.

бет10/22
Дата09.01.2017
өлшемі9.12 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР-ЖЫРАУ ШЕЖІРЕСІ
Социал ЖҰМАБАЕВ,
өлкетанушы
Қожаберген батыр-жырау орта жүздің керей руынан тарайды. Біздің 
солтүстік өңірде керей шежіресін алғаш рет ұрпаққа мұра етіп қалдырушы 
ашамайлы керейдің көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген 
жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Бұл үлкен шежіре содан 
қолдан-қолға өтіп жүріп, ақыры Сегіз сері Баһрам ұлына (Дәуленнің жетінші 
ұрпағы) келіп жеткен.
Сегіз сері өзге өнерімен қоса үлкен шежіреші, жылнамашы да болған. Қазақ 
халқының шежіре-тарихын да мол жинаған. Шежіре туралы былай деп жазып 
кеткен: «Шежіре ата айтысу үшін емес, тарих үшін, туыс адамдар бір-бірімен 
қыз алысып қоймау үшін, кімнің кімге жақын екенін білу үшін де керек», – 
деп жазған. Ол жинаған қазақ халқының шежіре жылнамасы Қазақ Ғылым 
академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология 
институтының қазақ тарихы бөлімінде және Қазақтың көне мәдени, тарихи 
ескерткіштерді қорғау қоғамының орталық кеңсесінде сақтаулы тұр (№853 пап-
ка, 1-тізім).
Керей шежіресін Сегізден кейін жалғастырған, жинастырған, хаттаған, ар-
хивке тапсырған Тәшмұхамед (Тәштит) Тәбейұлы Барлыбаев болған. Осы 
керей шежіресі кейінгі ұрпаққа осы Тәштит арқылы жеткен. Тәштит теріскей 
Арқадағы үлкен шежіреші адам болған (Қолжазбадан, 125-126-бб.).
Сондықтан да болар осы шежіреде керейдің көшебе атасының шежіресін 
толық жазған.
Осы шежіреге қосар тағы бір ойымыз – бұл шежіре бірден-бір сауатты шежіре 
болуы керек, өйткені түпкі авторы Дәулен тархан Таузарұлы жеті ұлттың тілін 
білген дана адам болған, шежірені жалғастырушылар: Толыбай – Қожабер-

161
Қожаберген жырау – 350
ген – Сегіз Сері – Тәбей және Тәштит Барлыбаевтар сауатты және өз кезінің 
озық ойлы адамдары.
Енді осы керей шежіресі бойынша Қожаберген әулетінің аталарын таратайық.
Керей – тайпалық одақтың арғы атасы. Ұраны – Ошыбай. Таңбасы – аша-
май.
Керей руының атақонысы жайлы Қожаберген жырау өзінің «Ататек» деген 
дастанында былай дейді:
Атанған бабам Ғали Ашамайлы,
Өсірген мыңдап тайлақ, құлын-тайды.
Сібірге ұрпақтары қоныстанып,
Ел болып ерте кезден қанат жайды.
Шалқар көл, ну орманды Сібір жері, 
Сібірді мекен еткен керей елі.
Егін сап, күн көрудің қамын ойлап, 
Бас қосып кеңес құрған би мен бегі.
Ғали (Ашамайлы) – шежіре бойынша XIV ғасырдың аяғы XV ғасырдың ба-
сында өмір сүрген адам. керей руының мекен жеріне арнайы тоқтап жатқанымыз 
кейбір тарихшылар керейлерді Сібір жеріне кейін, қалмақтардан ығысып келген 
деген пікір айтып жүр. керей руының мекендеген жері жайлы Қожаберген жы-
рау «Елім-ай» атты дастанында да:
Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын 
Қазақтың күйге бөлеп ен даласын, 
Сауықшыл орта жүздің керейі едік 
Үш жүздің жат көрмеген еш баласын, – 
деген.
Керейден бір бала – Мәңліқаған. Одан екі бала –Арыстанбек, Аслан-
бек. Арыстанбектен бір бала – Наурызхан. Одан екі бала – Ғали (Ашамай-
лы), Меркіт. Ғалидан – Бағдат батыр. Одан екі бала – Төбей, Көбей. Төбей 
биден екі бала – Бабай, Әзизбек. Әзизбектен бір бала – Тұрлынхан сардар. 
Одан үш бала – Жарғақ, Балдақ, Қоянбай. Жарғақтан екі бала – Қажыхан, 
Қазихан. Қажыханнан бір бала – Әлмұхамед. Одан үш бала – Уызбек, Уыз-
хан, Уызбай. Уызбектен екі бала – Қанай, Жанай батырлар. Жанайдан бір бала 
– Бағлан би. Бағлан би осы күнгі солтүстік өңірдегі көп керейлердің түп атасы 
11-254

162
        Қожаберген жырау – 350
болып есептеледі. Бағлан бидің бейіті Ресейдің Қорған облысының Половинка 
(Ақсиыр) ауданына қарасты Звериноголовка (Бағлан) қалашығының түбінде, 
Тобыл өзенінің жағасындағы керей тоғайында жатыр. 1928 жылға дейін ол жер-
де атақты Бағлан жәрмеңкесі болғаны тарихтан мәлім. Бағлан би өз заманында 
қазақ халқының айтулы көсемдерінің бірі болған.
Бағлан бидің Бопай есімді әйелінен Архад, Фархад, Сарымұрат туады. Фар-
хад батырдың Гүләндам есімді әйелінен үш бала – Танаш, Аббас, Манас туады.
Танаш би Фархадұлы өзінен жасы кіші Мамай, Тоқтамыс, Ақсақ Темірге 
ақылшы болыпты. Сөйтіп ол өз заманында Алтын Орда хандығының көрнек-
ті адамы – әділқазы би атаныпты. Танаш бидің балалары: Балға, Балта, Едіге 
батырлар әр кезеңде Мамай, Тоқтамыс хандардың әскербасы,  қолбасшысы 
болған. Кейін олар Ақсақ Темірдің (Әмір Темір) әскерін басқарыпты. Едіге ба-
тыр Әмір Темір әскерінің тобын бастап жаумен соғысып жүргенде ауыр жара-
ланды. Ол сарбаздарына өзін Ұлытаудың ең биік шыңына жерлеңдер деп өсиет 
етеді. Ақыры солай жерленеді.
Танаш бидің Манас есімді інісі майданда қаза болады да, оның келіншегі 
Сәлиман жесір қалады. Ақылды бәйбіше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен 
қайнысының әйелі Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады.
Танаш биден 17 бала туады, оның 16-сы – Балға, Балта, Едіге, Есен, Аман, 
Аспан, Ақпан, Сапу, Қаңтар, Орал, Одақ, Орман, Көшебе, Мамыр – Айша 
бәйбішеден, біреуі Тарышы – Сәлиманнан туады.
Танаш өзінің үлкен баласы Балғаға Сібір татарының бегі Ағайынбектің 
қарындасы Ғалия сұлуды әпереді. Одан Әзім есімді жалғыз ұл туады. Әзім 
туғаннан кейін көп ұзамай, Танаш бидің әйелі Айша ел жайлауға көшкенде көш 
үстінде босанып ұл туады. Баланың атын көшіп келе жатқанда туды деп Көшебе 
қояды. Ел жайлауға көшіп барғанда Танаштың інісі Аббас батырдың әйелі 
Бәтиха да босанып, ұл табады. Оның атын Жайлаубек қояды. Өзім туғаннан 
кейін екі шешесі де ұл тапты, арты құтты болды деп жеңгелері Әзімді «сыйлы 
бала» деп, содан Әзім «Сыйбала» атанып, келе-келе «Сыйбан» атанып кеткен. 
керейдің Сибан руы осыдан тараған.
Танаш бидің ортаншы баласы Балта батыр әр түрлі мұсылман халқынан 
11 сұлу қызды атастырып алған екен. Солардан ол 47 ұл көріпті. Осылардан 
тараған ел Балта керей аталған.
Керей елінің қара шаңырағы Танаш бидің бәйбішесі Айшадан туған кейінгі 
ұлдарының бірі – Көшебе батырда қалған екен. Кейбір шежіреші – ғалымдар 
шежіре кітаптарында XIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Көшебе 
батыр Танаш би ұлы мен сол Танаштың інісі Аббас батырдан тараған Кешу-
бай батырды алмастырып алып жүр. Кешубай сардар жас кезінде әскер бастап, 

163
Қожаберген жырау – 350
Сібір татарларына көмектесіп, ел қорғап, жер-су үшін орыстармен соғысып, 
Том өзені мен Кемер арасында көшіп-қонып жүріпті. XVII ғасырда өмір сүрген 
Аббас керей Кешубай батырдың сүйегі туған ауылының маңындағы бейітке, 
қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауы-
лы мен Суаткөл ауылдарының арасында бұрын болған қорымға жерленіпті. Ке-
шубай қасиетті, зор кісі болса керек: бұл жер болып кеткен Кешубай бейітінің 
үстінен жүргізілген тас жолда ылғи машина, мотоцикл аударылып, кісі өлімі бо-
лып тұрады. Мұны сол маңайдағы ауылдың адамдары жақсы біледі. Кешубай-
ды орыстар мен қалмақтар «Кочубей» деп атаған екен. Оның ұрпақтарын 1723 
жылы жазда жоңғар-қалмақ басқыншыларының қандықол әскері зеңбірекпен 
атқылап қырып тастапты.
Көшебенің он бірінші ұрпағы Қожаберген жырау былай дейді:
Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе, 
Қай батыр тең келіпті Көшебеге?!
Қазақтың кейінгі жас батырлары 
Жұрт ұстап, Көшебедей меңгере ме?!
Шежіреге, тарихи деректерге, Қожаберген жыраудың «Ататек», «Баба тіл», 
«Елім-ай» дастандарына сүйенсек, Көшебе атасынан тараған жұрттың атамекені 
Омбы, Ертіс өзендерінің бойында болған. Шежіре бойынша Көшебе батыр бір 
соғыста ауыр жараланып, оны ауылға үлкен баласы Жауынгер мен сарбаздары 
найзаға салып алып келеді. Қазіргі Омбы қаласы орналасқан жерге жерленген.
Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында:
Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге, 
Сын болды қол бастаған біздей ерге. 
Шегіне соғыс салып ақырында 
Тірелдік Танаш көл мен Абақ көлге.
Бекініп екі көлдің арасына, 
Шатырды тігіп судың жағасына, 
Отырдық Көшебе орман қойнауында 
Жауынгер дәрі жағып жарасына.
Тоқтаттық Есілкөлде қалың жауды, 
Үздіксіз шабуылдап есе бермей..., – 
деген.

164
        Қожаберген жырау – 350
Осы өлең жолдарында аталған жер-сулар, орман – бәрі Омбы қаласының 
маңында.
Көшебеден 15 бала – Жауынгер, Жәдігер, Жанқорыс, Жазы, Жомарт, 
Жарқынбек, Жанат, Жауғашты, Жалайыр, Жандарбек, Жантелі, Жұмат, 
Жаған, Жанәбіл, Жангелді туады.
Жауынгерден тараған ел Үлкен Көшебе немесе Жауынгер Көшебе деп ата-
лады. Себебі, Жауынгер Көшебе батырдың бәйбішесі – Балумәржаннан туған 
тұңғышы екен. Ол туралы Қожаберген жырау «Баба тіл» атты тарихи даста-
нында:
Көшебе тұңғышы 
Жауынгер баба ер болған.
Темірдің қолын басқарып,
Мұсылманға бел болған.
Жауынгерден өрбіген
Үлкен көшебе керейде..., – 
деп жазған.
Жауынгерден – Асылболат, одан екі бала: Байбол, Бибол туады. Бай-
болдан – Алдаспан, одан Шілікші би туады. Шілікшіден – Жаңбыршы, 
Бораншы, Құланшы, Аққас, Қарақас, Жастабан, Жолжақсы есімді 7 ба-
тыр ұл туған. Жаңбыршыдан 3 бала – Ораз, Шәміл, Мәміл туады. 
Ораз батыр дан – Айболат, Байболат, Биболат, Ерболат, Есболат, Жанболат, 
Ақболат, Сойылгер, Найзагер, Қаншыгер, Сойырғаш, Еламан, Жоламан, Тау-
зар, Баузар, Қанжарбек, Қылышбек – 17 ұл туады.
Таузардан – 9 бала: Дәулен, Мәулен, Дәурен, Ақсары, Бексары, Жансары, 
Базар, Назар, Күжігір.
Таузардың үлкен баласы Дәулен баһадүр XVI ғасырдың екінші жартысы 
мен XVII ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген, ол көп жыл бойы қазақ, 
қарақалпақ, ноғай халықтарының біріккен әскерін басқарып, ордабасы тархан 
деген әскери атақтар алған кісі екен. Дәуленнен 15 бала – Малыбай, Аулабай, 
Жақсыбай, Садақбай, Тұрсынбай, Наурызбай, арғынбай, Қыпшақбай, Уақбай, 
Толыбай сыншы, Ертісбай, Жарқынбай, Қарқынбай, Барқынбай, Арыстанбай.
Толыбай сыншы Арқадағы керей руының басшысы, атақты әскербасы 
болған. Сонымен бірге ол алдағыны болжайтын көреген, адамды да, атты да, 
құсты да сынайтын сыншы, қара қылды қақ жарған әділ би, айыр көмей, жез 
таңдай шешен, ат сүрінгенше ақыл табатын дейтін адам екен. Гүлтөбеде көп 
жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып, 

165
Қожаберген жырау – 350
ордабасы-баһадүр деп атанған. Шешендігін, әділдігін, сыншылдығын кезінде 
бүкіл қазақ халқы қадір тұтқан.
Толыбай сыншыдан 23 бала туған: Майлы би, Өтежан, Өтеген, Өтебай, 
Өтеулі, Өтебек, Өтегелді, Қарабас, Өмір, Әмір, Темір, Батыр, Бабыр, Ба-
дыр, Еділ, Жайық, Оралбек, Тобыш, Барқыт, Өтеғүл, Өтепберген, Өтеміс, 
Қожаберген жырау.
Қожаберген жырау – ағасы Қарабастың тәрбиесінде болған адам. Сегіз сері 
осы Қарабастан тарайды. Қарабас тарханның шежіресін таратпастан бұрын 
Қарабас Толыбайсыншыұлы туралы ел аузында сақталып қалған аңыз-әңгі-
мені айта кетейік.
1647 доңыз жылы бір күні ауылға кенеттен жау тиіп, қалмақ шапқыншы лары 
бір топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқын дап 
әкетеді.
Арада бірнеше күн жол жүріп, өздерінің мекеніне жеткен жаулар аяқ-қолы 
бұғауланған жасөспірім Қарабасты басқа да олжамен бірге хонтайшыға әкеледі. 
Хонтайшы Қарабасты бір қалмақ шонжарының қарамағына жіберіп, тұтқын ба-
ланы кісендеп ұстауды тапсырды.
Дұшпандар қолға түскен жас баланы келеке етіп, аяғына кісен салып, бетіне 
күйе жағып, өздері соған мәз болыпты. Бір күні тұтқын бала кісеннің шынжы-
рын сүйрете жүріп, тезек теруге барғанда жылқының бас сүйегін тауып алып, әрі-
бері аударып қарап, оның тұлпардың басы екенін таниды. Ол басты өзі жататын 
қамыс лашыққа алып келеді. Сол баспен Қарабас ылғи мұңдасады екен. Сонда 
ол оған: «Сені тұлпардың басы деп кім айтар, мені Толыбай сыншының баласы 
деп кім айтар?» – деп мұңын шағады екен. Қазақ баласын күзететін қартаңдау 
қалмақ жас жігіт көзінде қазаққа тұтқын болып, сонда қазақ тілін үйренген екен.
Күзетші қалмақ бір күні жылқының қу басын қолына ұстап, өзінен-өзі сөйлеп 
отырған Қарабастың сөздерін сыртынан келіп тыңдап алады да, қалмақ шонжа-
рына барып оның әкесіне тартқан сыншы екенін айтады.
Қарабастың түр-тұлғасына қарап жоңғар шонжары да оны тегін бала емес 
деп ойлаған екен. Енді оның сол ойын күзетші шал расқа шығарып тұр.
Жоңғар тайшысы күзетші шалға Қарабасты алдырады. Қалмақ тайшысы:
«Сен қазақтың қай батырының баласысың?» – деп сұрапты. Қарабас:
«Мен – Толыбай сыншы ордабасының ұлымын» – деп тура жауап 
қайтарыпты. Қалмақтың шонжары оған тағы да: «Сен ат сынауды білесің 
бе?» – деп сауал қояды. Қазақ баласы:
«Ептеп ат сынауды білемін!» – деп жауап береді. Хонтайшы: «Менің жыл-
қыларымның ішіндегі тәуір аттарды іріктеп, соның ішінде тұлпар бар ма екен, 
біліп бер!» – дейді.

166
        Қожаберген жырау – 350
Қарабас қалмақ тайшысының үш мың бес жүз жылқысын аралап, тәуір ат 
болуға жарайтын асауларды көрсетіп, жылқышыларға ұстатып үйретеді. Алай-
да бес жүздей жақсы аттың ішінде тұлпар жоғын Қарабас қалмақ шонжары-
на ашық айтады. Табылса құнын артығымен төлеп, сатып алмақ болып келісіп, 
қасына Қарабасты ертіп, бірнеше қалмақ байларының жылқыларын аралап, ат-
тарды сынап көргенде тұлпар таба алмайды.
Содан олар ауылына қайтып келе жатса, бір өзеннің жағасындағы лашықты 
көреді. Ол бір қалмақ балықшы шалдың лашығы екен. Сол үйдің маңында 
екі жылқы жүргенін Қарабас алыстан көреді. Сыншы қазақ баласы: «Ана екі 
жылқыны көре кетейік» – деп, өтініш қылады. Екі жылқының бірі – торы ала 
бие, бірі – арық қара кер ат екен. Қарабас аттан түсе қап, биені де, атты да айнала 
жүріп қарап шығып: «Арықтығына қарамаңыз, қара кер бесті нағыз тұлпар бо-
латын жылқы екен. Орнына жетектегі аттардан екі ат беріңіз де, осыны алыңыз. 
Ал, ана бие де жақсы екен. Бірақ ол тұлпар болатын құлын таппайды» – депті. 
Жоңғар тайшысы балықшы шал мен кемпірді шақырып алып, оларға екі күйлі ат 
беріп, арық қара кер бестіні алып кетіпті.
Ауылына бір күндік жер қалғанда олар тағы да өзен бойында отырған екі 
балықшыға кез болады. Сыншы Қарабастың айтуымен жоңғар тайшысы екі 
балықшыға екі-екіден төрт ат беріп, екі арық бесті жетелеп жүре беріпті.
Үйіне оралған соң, тайшыға Қарабас үш арық бесті атты күтуді өз міндетіне 
алатынын айтқан екен. Тайшы енді Қарабасты еркіндікте ұстайтын болыпты. 
Қазақ баласы үш арық бестіге жем-шөпті мөлшерлеп беріп, оларды жақсы 
бағады.
Аттарды баққанына бір жыл толғанда тұлпар торы атты сойғызыпты. Сонда 
торы аттың бел омыртқасының сүйегін сүйемдей жері қызыл-қоңыр болып, арқа 
сүйегінің басқа жері түгелдей ағарғанын көріпті. Қарабас: «Тұлпардың сүйегі 
түгелдей ағаруға әлі біраз уақыт бар екен!» – депті қалмақ тайшысына.
Арада тағы бір жыл өткен соң, Қарабас жоңғар тайшысына айтып, тұлпар 
емес көк атты сойғызыпты. Бала оның сүйегінің екі елі жері әлі ағармағанын 
байқаған екен.
Үшінші жылы күздің басында қазақ баласы қаракер тұлпарды мініп, әрі-
бері жүріп, атты ылғи суытып, таң асырып қояды. Ол тұлпарды өзі баптап күту 
үшін жоңғар шонжарынан рұқсат сұрапты. Қалмақ тайшысы оның тілегін қабыл 
алыпты.
Қарабас әкесінің және басқа да атбегілердің сәйгүліктерді қалай таңдап, 
қалай баптағанына көзі қанық болып өскен жас екен. Ол соны іс жүзінде өзі 
де қолдану үшін үш жыл бағып, сүйегін ағартқан қаракер тұлпарды мініп, әуелі 

167
Қожаберген жырау – 350
аса көп, қатты жүрмей, аз ғана шыға жүріп, үнемі суытып, таң асырып қойып 
жүрген екен. Ол тұлпарға жем ретінде тазаланған арпа, не сұлы және жалқыға 
жұғымды қара шөп беріп отырыпты. Жемді қара керге шамалап, ретімен беріпті. 
Себебі аяңдатып, кейде желіп, кейде шоқытып, кейде шауып жүріп, келгеннен 
соң кермеге байлап, суытып, таң асырып, терін алған атқа жемді ел жата, түн 
ортасы ауа, таңға жақын беру керектігін Қарабас жақсы біледі екен. Тұлпарды 
баптап жүрген ол ұйқыны азайтып, сергек жүріпті. Талай таңды көзімен 
атыр ған екен. Әдетте ол тұлпарды суытқан соң, отқа қоятын бопты.
Суытпаған, не таң асырылып тері алынбаған жылқы семіз кезінде тез 
бұзылатынын, яғни қызыл май болатынын Қарабас біліпті. Тұтқын қара кер 
тұлпарды күз, қыс бойы баптап, бәйгеге қосуға жаратыпты. Тұлпармен еліне 
жетуді армандаған Қарабас қалмақ тайшысының «таңдаған қызыңды әперем» 
дегеніне амалсыз келісіп, қыз көруді кейінге қалдырыпты. Құдай оның көктен 
тілегенін жерден беріп, жаздың басында хонтайшының інісінің баласы келіншек 
алатын болып, соның тойына зор дайындықпен баратын болыпты. Сонымен 
қатар сол тойда болатын ат жарысында Қарабас баптап, қыс бойы оқтаудай боп 
жараған қаракер тұлпарды қосатын сәт туды. Атқа Қарабастың өзі мініп шаба-
тын болған екен. Сондықтан ол тұлпардың кекілін түйіп, үкілеп, жалын тарап, 
құйрығына шоқ тағыпты.
Ат айдаушы жүйріктерді белгілі жерден жіберер алдында астындағы ер-
тоқымның үстіне екі басына орталап құм салынған қоржынды байлап, үстіне 
өзі отырып, аттардың артында кете барады. Бәйге аттарға мінген балалар тиісті 
жерге жетіп қонып, ат тынықтырып, өздері де дем алыпты. Ертеңіне ат жа-
рысы басталған кезде де Қарабас қаракер тұлпардың екі бүйіріне құм салған 
қоржынның екі басын теңдеп алып, сәйгүліктер қарасын үзгенше, артында келе 
жатыпты. Бәйге аттардың алды ортасынан ауды-ау деген кезде тұлпардың 
құлақ шекесі аздап терлей бастайды, көзі шырадай жанып, ілгері қарай шаба 
береді. Сол шақта ол тізгінін тартып, ат басын тежеп, қоржынды ат үстінен алып 
тастап, жұлдыздай аққан тұлпардың көздерін жібек орамалмен сыпай сүртіп, 
екі тізгінді іркіп ұстап отырып, барлық жүйріктерді басып озыпты. «Қазақ! 
Қазақ!» деп ұран салып, қарақшыдан өте шығып, ат басын тежеп, жоңғар тай-
шысына қарап: «Бәйге сенікі, тұлпар менікі. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне, 
қайыр қош, аман болыңдар!» – депті. Дереу ат басын бұрып алып, жолға түсіп, 
«Алаштап!» ұран салып, ілгері қарай жөнеле беріпті. Былай шыға Қарабас 
астындағы қаракер тұлпарға: «Жануар, қалмақ байына бәйге әпердің, енді мені 
аман-есен еліме жеткізерсің!» – деді де, бүйірі қызған тұлпармен еліне аттанып 
кетіпті.

168
        Қожаберген жырау – 350
Салқам Жәңгірдің орнына хан болған Шығай хан інісі Әз Тәукені әскери 
азамат етіп шығару үшін жас кезіннен үлкен әскербасы, батыр Қарабас Толыбай 
сыншыұлының (1633-1723) тәрбиесіне береді. Қарабас баһадүр жас Тәукені 
қолына алып жауынгерлікке тәрбиелейді. Тәуке онбасыдан түменбасыға дейінгі 
дәрежедегі әскери атақтарға ие болған уақыттарда қалмақ басқыншыларына 
қарсы соғыстарда әскер бастап жауларға талай рет соққы беріп, ерліктер 
көрсеткен екен. Тәуке өмірінің соңына дейін Қарабас баһадүрді ұстаз тұтып 
сыйлап өткен екен. Хан болғасын оны бас уәзір етіп сайлапты.
Қарабас тарханнан 7 бала: Асқап, Рүстем, Дәстем, Алдабек, Бұқпа, Қараша, 
Қаумен (Алтын әжеден).
Ордабасылары Қарабастың, Қожабергеннің қоғамдық қызметтері Әз 
Тәуке ханмен тығыз байланысты болғандықтан осы хан туралы айта кеткеннің 
артықшылығы болмас. 
Үш жүздің соңғы ханы Әз Тәукенің (1645-1718) есімі оның «Жеті Жарғы» 
атты шығарған заңдары арқылы көпке мәлім. Бұл қазақ мемлкеттігінің бізге 
жеткен тұңғыш атазаңы еді. Тәуке қарапайым әрі көреген адам болыпты. Ол 
сол болжампаздығынан Әз Тәуке атаныпты. 1680-1718 жылдары, яғни отыз 
сегіз жыл хан болып, үш жүздің тұтастығын, елдің бірлігін сақтады. Ол өзінің 
бұрынғы хан болған ата-бабаларының, әкесі Салқам Жәңгір, Шығай хандардың 
жолдарын, дәстүрін мықты ұстап, соны әрі қарай дамытқан. Ол елдін ауыз 
бірлігін, ыңтымағын сақтай білген әділ де тәуір хан болыпты. Өз Тәуке де 
өзінен бұрынғы хандар сияқты қазақ елінің шаруашылығын, діндарлығын 
өркендете түскен. Әз Тәуке тұсында қазақ хандығында егін шаруашылығы, мал 
шаруашылығы, қол өнеркәсібі, шапшаң қарқынмен дамып, ислам діні ішінде 
нығая түсіпті. Сонымен қатар Әз Тәуке өз тұсында көрші елдермен татулықты 
сақтау үшін, сауда-саттық жасау үшін көптеген игілікті істер жүргізген. Әз 
Тәуке өз әскерін мылтықпен жабдықтау үшін Ресеймен одақтас болғысы келіп, 
оған елші жіберіп, зеңбірек және басқа қару-жарақ түрлерін, оқ-дәрі сұратып 
ала алмайды. Себебі, Ресей мұсылман мемлекеттерінің күшейгенін, тәуелсіздігін 
ұнатпаған. Керісінше жоңғар қалмақтарын оқ-дәрімен, мылтықтың түрлерімен 
қамтамасыз етіп отырған. Осы арқылы мұсылмандарды қырғынға ұшыратып, 
жер-суларына орыс дворяндарын қоныстандырып отырғаны да елге мәлім.
1719 жылы шілде айында Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әнет билер мен қол-
басы – жырау Қожаберген, Бөгенбай, Жәнібек, Хангелді батырлардың ұйым-
дастырумен үш жүздің игі жақсылары Әз Тәуке ханға арнап құран оқытып, 
үлкен ас беріпті. Асты қарт би Әнет бабаның ұсынысы бойынша Асқап баһадүр 
Қарабас Тарханұлы (1673-1769) басқарыпты. Асқап басқарған ас өте жақсы 

169
Қожаберген жырау – 350
өтіпті. Қайып Әз Тәукеұлы қатты риза болғанмен, сол төре әулетінен шыққан 
ағайынды Жолбарыс, Әбілхайыр басқа төрелер күншілдік жасапты. Қазақ билері 
осы аста 1720 жылы жаздың басында ханның бір баласын хан етіп сайлау үшін 
құрылтай өткізбек болып келісіпті. Үш жүзді басқаратын болашақ ханға Қайып 
төре лайық екені жұртқа сол аста-ақ мәлім болыпты. Осы ас туралы Дәстем сал 
Қарабасұлының «Әз Тәуке хан» атты тарихи дастанынан үзінді келтірейік:
Тағдырың жазуымен дәмі бітіп.
Жетпіс үш мүшелінде ажал жетті, 
Тұп-тұтас үш жүзімен соңғы ханы –  
Фәниден бақи жайға Тәуке кетті.
Ханның қырқы болғанда Қазыбек, Төле, 
Әйтеке, Қожаберген мәжіліс құрып, 
«Келер жаз ханның асы болады», – деді, 
Әлеумет мақұлдады құлақ түріп.
Үш жүздің бектеріне хат жолданып, 
Осылай ас уақыты белгіленді. 
Қазақтың уақытша ханы болып 
Жиында Қайып сұлтан әйгіленді.
* * *
Салтанатпен Тәукенің асы өтті,
Ас басқарған Асқап та еді епті. 
Қожаберген, Әнет пен Ер Бөгенбай
Үш би менен Асқапқа жәрдемдесті.
Осылайша Тәукенің жабдығы өтті, 
Хан болуды Қайып ер арман етті. 
Хан сайлауы боларын күткен ерге 
Ақ аулап жүргенінде қаза жетті.
Тәукенің басқа уәзірі жігерсіз боп, 
Хандықтың бөлшектенер шағы жетті. 
Би мен бек, төре, шонжар келісе алмай, 
Дәурені үш жүзімен өтіп кетті.

170
        Қожаберген жырау – 350
Осыны сыртқы жаулар пайдаланып, 
Бақыт құс қазағымнан ұшып кетті.
Қарабас тарханның үшінші баласы Дәстем сал 1677 жылы туып, 1752 жылы 
қайтыс болған екен. Ол да Қожаберген жырау тұған Гүлтөбеде дүниеге келген, 
көп қисса-дастан, өлеңдер шығарған ірі ақын, әскербасы – батыр адам болып-
ты. Дәстем салдың бізге жеткен ірі шығармасының бірі – «Дәстемнама» деген 
тарихи жыр.
Асқап батырдан 2 бала: Көшек, Марқаш. Көшек сардардан 12 бала: Сүгірбай, 
Кәдірбай, Сәдірбай, Қалан, Қамбар, Жанкісі, Байкісі, Шақшақ, Әбдіқадыр, 
Әбдікәрім, Тілеулі, Сартай (1750-1821). Шақшақ биден 16 бала: Әйтемір, 
Байтемір, Ертемір, Міртемір, Жантемір, Өстемір, Шынтемір, Шыттемір, 
Битемір, Бектемір (Сексен қажы атанып кеткен), Баһрам, Бауыржан, Есенжан, 
Қайыржан,Шағырай сал, Жанат сері.
Баһрам батырдан 7 бала: Көрпеш, Нәупіл, Сүйір, Сүйін, Сейіткерей, 
Мұхаммедханафия (Сегіз Сері), Қуаныш. Сегіз сері Баһрамұлы шежіресін осы 
арадан үзіп, Қожаберген жырау шежіресін жалғастырайық.
Толыбай сыншының ең кенже баласы Қожаберген жыраудың өмірі жайлы 
баспа беттерінде аз жазылып жүрген жоқ деуге болады. Шаймұрат Смағұлов
Қосыл Омаров, Қаратай Биғожиндердің «Солтүстік Қазақстан» газетінде 
Қожаберген жырау жайлы әр кезде жазылған мақалалары басылып шықты. 
Белгілі жазушы Н. Әбуталиев 1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан «Ордаба-
сы Қожаберген» атты монография жазды. 
Бір жақсысы, Қожаберген жыраудың өмірдеректері ешқандай дау 
туғызбайды. Өйткені шежірелерінен бастап өз өмірін өзі жазып кеткен адам. 
Әсіресе, «Елім-ай» дастанының мазмұны өзінің өмір жолы желісімен жазылған. 
Әкесі жайында:
«Толыбай сыншы кенжесі ем Қожаберген. 
Бата алғам Әнет пенен Әз Тәукеден», – 
десе, анасы жайында:
«Анамның шыққан заты сүйіндіктен 
Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен», – 
дейді. Оқуы жайында:
«Самарқанд, Бұхарадан білім алғам, 
Өнерге құштар болып жас шағымнан. 

171
Қожаберген жырау – 350
Атанып зерек шәкірт қатарында. 
Үргеніш медресесін тәмамдағам», – 
дейді.
Бұдан арғы өмірбаянын өз сөзімен айтсақ:
Адам деп өз бойына өнер жиған, 
Ел-жұртым деп атайды мені имам. 
Жорыққа он жетімнен араласып, 
Болғам жоқ молда, софы, қожа, ишан.
* * *
Тіліне араб-парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Көрші елге елшілікке ылғи барып,
Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп, –  
дейді.
Қожаберген жырау өмірі жайлы одан әрі:
Жорықта 45 жыл ғұмырым өтті. 
Орта жас ол да мені тастап кетті. 
Ит қалмақ соғысуға душар етті, 
Болмаса ақсақалдық кезім жетті.
* * *
Жасынан ер жүрегі шерге толған, 
Халқына қартайғанда қорған болған, 
Қиналып қысылғанда жыр шығарған 
Керейде Қожаберген бабаң болам, – 
дейді.
Қожаберген бабамыздан қалған әдеби мұра көптеп саналады. «Елім-ай», 
«Баба тіл», «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Ер Қойлыбай», «Қорқыт 
баба», «Асан ата» сияқты дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», 
«Жігіттік», т.б. толғаулары, «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, шоңғал, 
шоңғал тас», «Сылаң Сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау», «Қазақ пен ноғайдың 
қоштасуы» өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», 
«Сұлама» сияқты күйлері бар. Бұл біздерге белгілі ғана. Қожаберген мұраларын 
іздестіру, зерттеу – болашақтың міндеті.

172
        Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жыраудан 17 бала: Әли, Әди, Әсет, Есет, Әбет, Мәди, Нәби, 
Науан, Бекет, Ақыл, Ноғай, Мамай, Бағыда, Сағынбек, Бектеміс, Тоқтамыс, 
Балқан (бәрі де Айша бәйбішеден туған). Осы 17 баласынан көпшілігі қазақ – 
қалмақ соғысында шәйіт болды. Бізге мәлімі ең кенже ұлы Балқаннан ғана ұрпақ 
бар. Балқан батырдың сегізінші ұрпағы – Қаражігіт үш баласымен бірге Ре-
сейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданында тұрады. Қаражігіт 1929 
жылы туған кісі екен.
Қожаберген жырау «Баба тіл» дастанында өзінің шежіресі жайлы былай дейді:
Біздің жайды сұрасақ, 
Қызылжар өңірі – мекенім. 
Мұсылманға белгілі 
Менің де кім екенім. 
Орта жүз керей ішінде, 
Ашамайлы деген елінде, 
Ақылына сай боп күші де. 
Көсем болған кезінде 
Ер Фархадтың баласы 
Танаш биден жаралдық.
Мекендеп Батыс Сібірді, 
Қалың ел боп таралдық. 
Танаштың ұғылы Көшебе – 
Біздің арғы бабамыз. 
Өсіп-өндік сол ерден, 
Кемімес бедел бағамыз. 
Көшебенің тұңғышы 
Жауынгер бабам ер болған, 
Темірдің қолын басқарып, 
Мұсылманға бел болған. 
Жауынгерден өрбіген, 
Үлкен Көшебе керейде 
Қамалын бұзып кәпірдің, 
Бөленген ерлік мерейге. 
Толыбай сыншы ұлымын
Тұлпар мініп, ту алған,
Тыныштық кезең болғанда
Мағына айтқан құраннан.
1995 ж.

173
Қожаберген жырау – 350

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал