Дат! 6-б етте Шерхан МҰртаза



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

Арғынбек АХМЕТЖАНОВ, абайтанушы, 

халық сазгері:

– Осы альфараны жасап шығару 15 

жыл бұрын ойыма келген еді. Ол ойым 

соңғы бір жылда жүзеге асты. Алдымен 

аспап жасау үшін ағашын дайындап алу 

керек. «Үйдің жақсы болуы – ағашынан, 

жігіттің жақсы болуы – нағашыдан» дей-

ді ғой. Кандай музыкалық аспап бол сын 

ол, кепкен қатты ағаштан жаса луы тиіс. 

Ал бет тақтайы жұмсақ қара 

ғай 

дан 

болады. Ал мен таза жаңғақ ағашынан 

жасадым. Альфараның тиегі де, шанағы 

да, бар лы ғы осы ағаштан. Енді альфара  

деп атауымның себебі, «аль» деген буын-

ның мәні: медицинада адамның жұмыс 

істеп, қалыпты жағдай да отыр ған сәттегі 

жүрек соғысын  альфа  дейді. Яғни орта-

ша жүрек соғысы парасатты ойды, кең-

пейілділікті, адамгер 

шілікті білдіреді. 

Со сын «аль» деген тағы – әл- Фарабидің 

ал  ғашқы буыны, «фа» деген Фараби 

дегеннен алынған тағы да. Әл- Фараби 

– түркі халқынан шыққан музыкалық 

тео 

рияны Пифагор 

дан кейін жасап 

шығарушы. «А» деге німіз – Абай. Дом-

быра дан ерекшелігі: мұнда ритм, ырғақ 

басым. Осы аспап арқылы Абай мен көп 

әні тарамай жат қан Шәкәрім бабамыз-

дың әндерін тарат сам деймін. Сонымен 

қоса, бұл аспап жалғыз бол май ды. Жа-

ны на тағы бес түрлі домбыра қосып, ан-

самбль құрсам деген бір арманым бар. 

 Гауһар МҰРАТҚЫЗЫ, 

Семей

С І З   Е С Т І Д І Ң І З   Б Е ?

С І З   Е С Т І Д І Ң І З   Б Е ?

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№219 (671) 9.12.2011 жыл, жұма          



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ТҰЛҒА

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА – 220 ЖЫЛ!



 

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Исатайдың ұрпақтары бар ма? 

Исатайға қойылған 

ескерткіштер



Ереуіл атқа ер салған Исатайдай ер қайда?!

Жыл басынан бері батырдың мерей-

тойына арналған шаралар еліміздің әр түк-

пірінде аталып өтіп жатыр. Жаздың соңғы 

күндерінде Исатай Тайманұлының кіндік 

қаны тамған туған топырағында арнайы ас 

берілсе, өзге аймақтарда осы тақырыпта 

әдеби-мәдени шаралар, рухани жиындар 

ұйымдастырылуда. Жуырда Алматыда 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университетінде еліміздің Тәуелсіздігінің 

20 жылдығына арналған «Тарих және тұл-

ға. Исатай Тайманұлы» атты рес пуб ли ка-

лық ғылыми-теориялық конференция бо-

лып өткен еді. Оған тарихшы ғалымдар 

мен жас зерттеушілер қатысып, әлеуметтік 

теңдік, ұлт-азаттық үшін болған күрес та-

қы рыбын ғылыми тұрғыдан талқылады. 

Конференцияның мақсаты ұлт тарихында 

қазақ бұқарасын өзінің табиғи-тарихи 

және заңды құқы үшін мақсатты ұйым дас-

қан көтеріліске алып шыққан қаһарман да 

кемеңгер тұлға Исатай Тайманұлының та-

рихи бейнесі арқылы жас ұрпақтың са на-

сында тарихи талғам қалыптастыру еді. 

БІЛІМ ҚУЫП, ЕЛ ІСІНЕ ЕРТЕ 

АРАЛАСҚАН ИСАТАЙ 

Исатай батыр 1791 жылы қазіргі Аты-

рау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған 

құмындағы Тайман жалы деген жерде 

дүниеге келген. И.Тайманұлының төртінші 

атасы Ағатайдың есімі қалмақтарға қарсы 

соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руы-

ның ұранына айналған. Исатайдың ел ісіне 

ерте араласып, кемелденуіне Тайманның 

інісі Жабал Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол 

кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар 

адам болған. 1808 жылы Жабал бастаған 

Бегәлі ауылы Жайықтан өтіп, Бөкей ханның 

қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, сая-

сат тан хабары бар, халық алдында беделді 

Жабалды беріш ауылына старшина етіп 

қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін 

оның орнына старшина ретінде Исатай 

Тайманұлы бекітіледі. 

Хан Бөкей Исатайдың басқаруына 

Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы 

Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, 

Кемелі аралдарын береді. Осылайша, жа-

сынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, 

өжет, қара қылды қақ жаратын әділ Исатай 

21 жасында Беріш руының старшинасы 

болып ел басқарады, Ордадағы беделді 

адамдардың біріне айналады.

Исатайдың күн санап ел арасында бе-

делі асып бара жатқанын көре алмаған хан 

төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін 

түрлі қастандықтар ойластырып, қара күйе 

жағумен айналысып кетеді. Соның сал да-

рынан бас- аяғы төрт-бес жылдың ішінде 

бірінде «старшын Өтеміс Құлманиязовты 

тонады» деген, екіншісінде «кісі өлтірді» 

деген жаламен түрмеге қамалады. Оның 

алғашқысынан ақша беріп құтылса, екін-

ші сінен Орынборға конвоймен айдалып 

бара жатқан жерінде есебін тауып, қашып 

кетеді.

ИСАТАЙ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ПАЙДА 

БОЛУЫ

Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне 

тікелей араласа бастаған Ресей отаршылары 

қазақтардың құнарлы жерлерін тартып 

алып, өздерін сыртқа қуады. Орал казак-

орыстары Жайық бойын иемденіп алады. 



Сәкен КӨКЕНОВ

Мұндай қысымшылықты Исатай старшина 

болып жүрген беріш руы да көреді. 

1833 жылы маусым айында Жәңгір хан 

осыған дейін И.Тайманұлы басқарып кел-

ген Каспий теңізінің солтүстік жа ға лауын-

дағы шөбі шүйгін, суы мол бес аралды 

зорлық-зомбылығымен аты шыққан сау-

дагер Қарауылқожа Бабажановтың би-

лігіне беріп, бұрын Исатайдың қарауында 

болған елді шаруашылыққа қолайсыз, суы 

да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге ау-

дарады. Жәңгір хан Жайық бойындағы 

руларды екіге бөліп, бірін қайын атасына, 

екіншісін озбыр Қарауылқожаға басқартып 

қояды. Бұл жағдай жоқшылықтан ашынған 

шаруалардың ашу-ызасын тудырды. Иса-

тай ханнан Қарауылқожаның озбыр би лі-

гіне тыйым салуын талап етеді. Бұған 

ашуланған хан Исатайдың үнін өшіру үшін 

бес жүздей (кей деректерде 800) жасақпен 

Қарауылқожаны аттандырады. Оларды 

Исатай батыр 200 жігітпен күтіп алмақ 

бола 


ды. Бетпе-бет шайқасқа келгенде 

Иса тай дың батыр жігіттеріне шамасы кел-

мей тінін біліп, Қарауылқожа кері қайтады. 

Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қара-

ма ғындағы елге дегенін істеп әдеттенген 

Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе 

істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына 

тарай ды. Осыдан кейін-ақ озбыр мінез 

Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан 

қашқан, үстем тапқа ызасы кернеген ша-

руалар тобы әр жақтан Исатай батырдың 

қол астына жинала бастайды. Ішкі Ордада 

патша өкіметінің отарлық мүддесін іске 

асы рушы ханның халыққа жасаған озбыр-

лы 

ғына И.Тайманұлы әу бастан қарсы 



болады. Оның қол астындағыларға ханның 

әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәң-

гір дің әлі келмейді. Ханның төңірегінде 

не гізінен төрелер, билер, қожалар, мол-

далар және соларға ерген аз ғана халық 

қалады.


Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-37 

жыл дардағы Бөкей ордасындағы шаруа-

лар 

дың феодалдық қанау мен патша 



өкіметінің отарлау саясатына қарсы көте-

рілісіне ұласады. Көтеріліс бүкіл халықты 

қамтиды. Әртүрлі алым-салықтан күйзел-

ген, жайылым жерден айырылған, казак 

әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі 

жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған 

бұқара халықтың наразылығы арта береді, 

қолдарына қару алып, көтеріліске шы-

ғады.

Жәңгір ханның және басқа да фео дал-



дар дың халыққа жасап отырған қысым-

шылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір 

топ старшина Орынбордағы Шекара 

комис сиясына, тіпті губернатордың өзіне 

талай рет арыздар да жазады. Бірақ одан 

ешқандай да қорытынды шықпайды. 

1836 жылғы маусымның соңы мен 

шілде айының басында И.Тайманұлы бас-

таған шағын топ ханға халық талабын жет-

кі зу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. 

Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген 

Жәңгір хан Астрахань әскери губер на то-

рынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді 

сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақ са-

тын да Исатайлардың талаптарын білу үшін 

оларға өзінің сенімді адамын жібереді. 

Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдай-

бер геновті қызмет орындарынан босату 

туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақия-

ның қолымен жазылған басқа да та лап-

тарды тапсырып, кейін қайтады.

1837 жылдың жазында Исатай батыр 

бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына 

тарайды. Жәңгір хан мен оның айна ла сын-

дағыларға наразылардың бәрі Исатайдың 

айналасына жиналады. Келген жігіттер ат-

пен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қам та-

ма сыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы 

белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық 

және әскери ұйымның басшысына айна-

ла ды. 

1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай 



батыр бастаған 200-ден астам сарбаз ха-

лық қа әбден жек көрінішті Қарауылқожа 

Бабажановтың ауылын шабады. Одан 

алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға 

тара тылып беріледі. 1837 жылғы 17 қа-

зан да  көтерілісшілер  Балқы  Құ дай бер ге-

нов тің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын 

шауып, хан ордасы Жасқұсқа бірте-бірте 

жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен 

қолды басқарып, Жасқұсқа келе жат-

қандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор 

және Астрахань әскери губернаторларына 

дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. 

Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалы-

сы 

ның жаңғырығы Ресей астанасы – 



Санкт-Петербургке де жетеді. Император 

И.Тайманұлы бастаған «бүлікшілерді» 

қатаң жазалауды талап етеді. Хан ордасын 

қорғауға Астраханьнан подполковник 

Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке 

басқарған зеңбіректермен қаруланған 

әскерлер аттанады. 

ТАРАЗЫ БАСЫН ТӨҢКЕРГЕН

ШЕШУШІ ШАЙҚАСТАР

Көп ұзамай Исатай батыр бастаған 

2000-нан астам қол хан ордасын қор-

шайды. Істі қантөгіспен емес, келіссөзбен 

шеш пек болған олар алдымен хан елші ле-

рімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз 

келіссөз жүргізеді. 

Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да 

ба 

тырлардың «хан ордасын шабайық» 



деген ұсынысын Исатай қабылдамайды. 

Себебі дәстүрде ордаға шабу жаман 

ырым ға бағаланатын, оның үстіне орданы 

шапқан күннің өзінде де патша өкіметі 

оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, 

өйт 


кені Жәңгір ханның артында патша 

өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері 

тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы 

тұ 


рарлықтай өзінде күштің жоқтығын 

ескерген Исатай батыр халық талабын 

ханға, бір жағынан, айбармен, екінші жа-

ғынан, келіссөз арқылы орындатуға күш 

салады. 

Хан Жәңгір шақыртқан патша әскері 

мен Исатай батырдың іріктелген 500 сар-

ба зының арасындағы шешуші ұрыс 1837 

жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде 

болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен 

шайқасса да, ұрыстың тағдырын зең бі рек-

тер шешеді. Осы ұрыста Исатайдың Мыл-



Исатай Тайманұлының бірнеше ұлы шайқастарда қаза тапқаны 

белгілі, батырдың артынан қалған ұрпақтары бар ма?

Дидар ЖАҚЫПБЕК, Тараз

Исатай Тайманұлының ұрпақ та-

ры көп. Исатайдың алты ұлы – 

Жақия, Ақай, Оспан, Досмағанбет, 

Дінбаян, Әлпияр және бір қызы – 

Дүлзада болған. Ақай 20 жасында 

1837 жылғы қазан айында хан 

ордасының түбіндегі шешуші шай-

қаста қаза болды. Оспан үйленбестен 

ауырып қайтыс болды. Жақия 1838 

жылғы 12 шілдедегі Ақбұлақ өзе-

нінің құйылысындағы ірі шайқаста 

әкесіне жәрдемдесіп жүргенде жау 

қолына түсіп, шетелге айдалып кетті. 

Содан хабарсыз кетті. Артында жал-

ғыз ұлы Шахмет қалды. Одан – 

Шамақ, баласы Құрмет қалды. Құр-

мет Ұлы Отан соғысына қатысып, 

елге аман келіп еді, қазір өмірде 

жоқ. Балалары Исатай ауданында 

тұ рады.

Ал Досмағанбеттің шөбересі – 

Шайдолла Қодаров сол жылдарда 

қала түбіндегі Жұмыскер селосында 

тұрған. Қазір өмірде жоқ. Баласы 

Ғазиз Қодаров Ғани Мұратбаев орта 

мектебінде мұғалім болып жұмыс 

істейді. Исатай батырдың тағы бір 

баласы Дінбаяннан Өтепқали (1930 

жылы қайтыс болды), Серәлі, Қа-

релі, Қарес, өмірге келсе, Өтеп қа ли-

дан – Сәлен, Құбайдолла, Ибрайым, 

Қамза, Қишекен, ал Қамадан Уахит, 

Сайдол, Зейнеден туды. Бұлар Иса-

тай ауданында тұрады. Қишекеннің 

баласы – Қабес Аты рауда тұрады. 

Иса тай 

батырдың 

шө бе релері 

Атырау қаласында, Ба лықшы, Ма-

хамбет, Исатай аудан дарында тұрып 

жатыр.


Қазақтың арғы-бергі 

тарихында ауыз толтырып 

айтарлықтай аңғал да 

қайсар, халық қамын 

көздеген қаһарман, 

азаттық үшін алысқан 

батырлар аз емес. «Ереулі 

атқа ер салып, егеулі 

найза қолға алып» қылыш 

сермеген, елінің азаттығы 

жолында құрбан болған 

сол есіл ерлердің бірі 

Исатай Тайманұлы еді. 

Бөкей ордасы мен Кіші 

жүздің батыс бөлігін 

қамтыған азаттық 

көтерілісінің басшысы, 

Ағатай батырдың ұрпағы 

Исатай Тайманұлының 

туғанына биыл – 220 жыл! 

Исатай батырдың атындағы мектептер мен көшелер немесе 

ескерткіштер бар ма?

Нұрбек САҒЫНБЕК, Орал

И.Тайманұлының есімі – мәңгі 

халық есінде. Ақтөбе облысының 

Қобда ауданында Исатай батыр мен 

оның баласы Оспанға шайқас бол ған 

жерде ескерткіш орна тыл ған. Атырау 

облысы Исатай ауда нының орталығы 

Аққыстауда да Исатай батыр дың 

ескерткіші бар. Атырау қала сындағы 

орта мек тепке, Миялы селосындағы 

орта мектепке, Жұ мыс кер село сын-

дағы орталау мек 

теп 

ке батырдың 



есімі берілген. Батыр дың туған жерін-

дегі Тайман жа 

лы деп аталатын 

орынға мемо риал дық тақта қойылып, 

Аққыстау село 

сында батырдың 

мемо риалдық  мұра жайы  ашылған. 

И.Тай ман ұлы мен оның ұрпақ тары 

туралы «Қазақ фильм» киностудиясы 

«Мін гені  Иса тайдың  Ақтабан-ай» 

атты деректі фильм түсірді.

қым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза 

табады. Тастөбедегі шайқаста көте рі ліс-

шілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. 

Иса тай батырдың оң қолына оқ тиіп, ас-

тын дағы аты жараланады. Осы ұрыстағы 

көтерілісшілердің ерлігіне подполковник 

Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орын-

бор дағы әскери губернаторға «Иса тай-

лардың өздері мен отбасын қорғаймын 

деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қар-

сы шабуылға баруы олардың соншама 

ашын ғандықтарын көрсетеді» деп жаз-

ған.


ИСАТАЙДЫҢ ӨЛІМІ

Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың 

басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс 

ақша тігіледі. Алайда уәде етілген ақшаның 

қомақтылығына қарамастан, оны ешкім 

ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және 

оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, 

көлікпен қамтамасыз етіп отырды. 

Ішкі Ордада бытырап жүрген көтері ліс-

шілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ 

екендігін түсінген И.Тайманұлы бір топ 

жолдасымен бірге Кіші жүзге өтіп кету үшін 

Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 

12 желтоқсанынан 13-іне қараған таңда 

өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың кө ме-

гімен И.Тайманұлы бастаған 38 адам ұйыт-

қып соққан боранды пайдаланып, қазіргі 

Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді 

мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың 

шығыс бетіне – Кіші жүзге өтеді. Олар қа-

раң ғылық пен боранның көмегімен арт-

тарынан ілесе қуған казактар мен Бай ма-

ғанбет сұлтанның адамдарын адастырып, 

үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет 

ала ды.

Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған 



шағын топ осы жерде патша өкіметінің 

отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет 

Айшуақов бастаған жергілікті фео дал дар-

дың қарапайым халықты езіп-жаншуына 

қар 

сы азаттық күресті ұйымдастыруға 



кіріседі.

Исатай батыр мен ақын Махамбет бүкіл 

Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің отар-

лық саясатын және солардың қолшоқпары 

– хандар мен сұлтандардың халыққа 

жасап отырған озбырлығын шаруаларға 

түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, 

өздерінің азаттығы үшін күреске шығуға 

ша қырды. Сол мақсатпен Исатай Махам-

бетпен бірге Маңғыстауға барып, оның 

билеушісі Қ.Есімовпен күш біріктіруге уағ-

да 


ласады Сонымен бірге Хиуа ханы 

Қайыпқали Есімовке патша әскерлерін 

тойтару үшін 20 мың әскер беруге уәде 

етеді.


И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге 

батыр Жоламан Тіленшиев, би Жүсіп Құ-

ла 

нов бастаған сарбаздар қосылады. 



Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете 

ру ларынан Исатай мен Қ.Есімовтің қол 

астына 3000-дай адам жиналады.

Патша өкіметі И.Тайманұлының бас қа-

руы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болып 

жатқан халық наразылығының одан әрі 

өршуінен қауіптеніп, оны басудың қамына 

кіріседі. Өйтпеген жағдайда бұл көтеріліс 

Кіші жүзге қарай жақындап келе жатқан 

Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық 

көте ріліске ұласып, патша өкіметінің отар-

шыл 


дық езгісіне қарсы халық-азаттық 

соғысқа айналуы әбден мүмкін еді. Осыны 

ескерген Орынбор генерал-губернаторы 

1838 жылғы шілде айының басында под-

пол ковник Геке басқарған зеңбіректермен 

қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы 

аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск 

қамалынан бір топ әскерді бастап Бай ма-

ғамбет Айшуақов та шығады. Жа за лау-

шылардың екі тобы 10 шілдеде Үлкен 

Қоб да өзеніне жақын жерде кездеседі.

Баймағамбет сұлтан әдейілеп жіберген 

Балта деген алдаушының сөзіне сеніп 

қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 

сар баз алып, сұлтан Б.Айшуақовтың ауы-

лын шаппақшы болып, негізгі қолдан бө-

лініп шығады. Жазалаушы әскерлердің 

келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар 

тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ 

өзенінің жағасында Геке мен Баймағамбет 

сұлтанның біріккен әскерінің үстінен 

шығады. Әскер күші жағынан тең емес 

шай қаста Исатай батыр бастаған көтері ліс-

шілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда мұнда 

да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын 

зеңбіректер шешеді. Ақбұлақ өзенінің 

жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай 

батыр да, оның 16 жастағы ұлы Оспан да 

қаза табады. Осы шайқастың басы-қа сын-

да болған Исатайдың 14 жастағы ұлы 

Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі 

арқасында Махамбетпен бірге жау қолына 

түспей, құтылып кетеді.

Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста 

қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі 

дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап 

кетеді. Осылайша, бас-аяғы алты айға 

жет 


пейтін қысқа уақытты қамтыған, 

аумағы мен сарбаздардың саны жағынан 

Бөкей хандығындағы көтерілістен асып 

түсетін, бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінт-

кен батыр Исатай Тайманұлы бастаған ха-

лық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшы-

райды. 

Исатай батыр бастаған көтерілістің же-



ңі ліске ұшырағаны анық. Алайда дәл осы 

дүмпуден кейін халыққа қойылатын алым-

салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере 

беруге шек қойылды; патша үкіметінің кө-

те 

рілісті қолдаған қазақ ауылдарының 



стар шындарымен санасуына тура келді.

Бүгінде Исатай көтерілісі тақырыбына 

қалам тартқан кейбір тарихшылар, жур на-

лис тердің Жәңгір мен Исатай, Баймағамбет 

сұлтан мен Махамбет арасын «табыстыру», 

«жарастыру» әрекеті байқалады. Жалпы, 

қазіргі күні Истай мен Махамбет кө те рі-

лісінің тарихи бағасы әртүрлі беріліп жүр. 

Мәселен, конференцияда профессор 

Әзім бай Ғали тарапынан Исатай мен Ма-

хамбет Жәңгір хан жүргізген реформаға 

қарсылық көрсетті, яғни олар консер ва-

тивтік ұстанымда болды, ал егер қазақ қо-

ға мы Жәңгір хан ұсынған жолмен кеткенде 

бүгін біз шамамен Чехия сияқты еуропалық 

мемлекеттің деңгейінде болатын едік деген 

тұжырым да айтылды. Жалпы, мұндай 

пікір бұдан бұрын да жазылып жүр. Мә-

селен, М.Құлкенов пен Р.Отарбаевтың 

Жәң гір ханның өмірі мен қызметіне арнал-

ған кітапта жазылған.

Бұған тарихшы ғалым Мәмбет Қой гел-

дінің айтар қарсы уәждері мынадай: 

«Біріншіден, Исатай Тайманұлы мен Жәңгір 

хан ның өзара арпалысында ханның жең-

гені күмән тудырмаса керек. Қазақ жеріне 

ентелеп еніп келе жатқан «еуро палық» 

билік біржола орнады. Бұл Жәңгір хан 

партиясының жеңісі емей не?! Олай болса, 

Қазақстан осы билік жағдайында Чехия 

жеткен дәрежеге неге жетпеді? Екіншіден, 

Жәңгір ханның ағартушылық қызметі тарих 

ғылымында жоққа шығарылмайды. Ал 

бірақ оның саяси және экономикалық қыз-

ме тін асыра бағалап, бұқара халық мүд де-

сіне жасаған қиянатына көз жұму қан ша-

лық ты негізді бола қояр екен? Үшіншіден, 

Исатай мен Махамбетті еуропалық ұс та-

ным дағы Жәңгір ханның рефор ма торлық 

қызметін түсіне алмаушылар ретінде 

көрсету бұл кезінде большевиктердің Алаш 

қай рат керлерін табиғи ұлт мүддесін қор-

ғау 

шылар ретінде емес, ретроградтар 



ретінде айыптауын еске салады. Осыған 

орай мынаны айтуға тиіспін: Исатай мен 

Жәңгір хан арасындағы егес – қазақ қоға-

мын да, оның ішінде кіші жүз ауқымында 

бұрыннан келе жатқан, яғни Есім хан мен 

Сырым батыр, Жантөре хан мен Қаратай 

сұлтан арасындағы өзара текетірестің 

таби ғи  жалғасы».



Қазақ қоғамынан ХІХ ғасырдың 

ал ғаш қы  жартысында-ақ  әлеуметтік 

әді летсіздікке қарсылық көрсетіп, хан 

мен оның сюзерен-қамқоршысы – 

империялық биліктен ақырып теңдік 

сұраған Исатай сияқты ұлы тұлғаның 

шыққанын мақтаныш тұтқанымыз 

әбден орынды да, негізді. Ел Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев Махамбет Өте-

міс ұлының туғанына 200 жыл толуына 

арналған жиында бұл тарихи оқиғаға: 

«Қазақ халқының өзінің жер бетінен 

жоға 

лып кетпей, іргелі ел ретінде 

сақталып қалғаны – оның еркіндік сүй-

гіш ерік-жіге 

рінің, асқақ рухының 

арқасы. Осы жолда арғы-бергі заман-

дарда орын алған бас көтерулердің, 

қозғалыс – көтерілістердің арқасы. Елі 

мен жері үшін жанын пида ет кен боз-

дақтардың арқасы. Исатай мен Махам-

бет басқарған халық қозғалысы солар-

дың бірі емес, бірегейі», – деп баға 

бер 

ген болатын. Ендеше біз бүгін 

Исатай Тайманұлының биік рухы ал-

дында ба сы мыз ды ие отырып, өткенге 

салауат айтып, Исатай армандаған 

заман ның  енді  кел генін,  қаншалықты 

ауыр кезеңдерді басы нан кешіргенімен

қазақ елі өзінің негізгі, басты құнды-

лық тарын сақтай білгендігін сеніммен 

айта аламыз.

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор:

– Исатай Тайманұлы мен Махамбет  Өтемісұлы – қазақ тарихы көшіндегі кез-

дей соқ, тек бір кезеңге ғана тән өткінші тұлғалар емес, көтерген қоғамдық жүгі мен 

жеке азаматтық үлгісі тұрғысынан ұлт жадында мәңгі сақталатын қайталанбас 

құбылыстар. Өйткені олар өз ғұмырларын арнап, орнықтыруға күш салған 

құндылықтар, яғни халықтың өз ішіндегі әлеуметтік теңдігі, сондай-ақ өзге жұрттан 

тәуелсіздігі еш уақытта маңызын жоғалтқан емес.

Әрине, Исатай Тайманұлы тұлғасын оның артында тұрған қалың жұртынан, сол 

елдің сан ғасырлық мәдениетінен бөліп алып қарау мәселенің табиғатына қиянат 

жасаумен тең болар еді. Міне, осы тұрғыдан алғанда, Исатай Тайманұлы мен 

Махамбет Өтемісұлы – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ азаттық 

қозғалысының көш бастаушылары ғана емес, сонымен бірге ұлттық мәдениет пен 

элитаның осы мезгілдегі дәреже, деңгейін анықтаушы тарихи құбылыстар. 

Көтерілістің басына Исатаймен бірге, Махамбет сияқты ірі тұлғаның келуі 

кездейсоқ құбылыс емес. Ол сол тарихи мезгілдегі қазақ қоғамының рухани 

әлемінің тереңінде жүріп жатқан ғаламат сілкіністердің көрінісі еді. 

Біріншіден, Исатай қозғалысын ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында бүкіл қазақ 

елі көлемін қамтыған ондаған ресейлік экспансияға қарсы қозғалыстар контексінде 

ғана тура түсініп, бағалау мүмкін. Ол – сөзсіз, өзінің шығу негізі тұрғысынан ресейлік 

экспансияның нәтижесі.

Сонымен бірге Исатай мен Махамбет көтерілісінің сол тарихи мезгілдегі өзге 

қарсылықтардан бөліп тұрған басты бір ерекшелігі бар. Ол көтерілістің ашық та 

айқын «қара қазан, сары баланың» қамын жеген бұқаралық сипат алуында еді. 

Бұдан бұрын қазақ жерінде бірде-бір қуатты қоғамдық қозғалыс мұндай айқын 

әлеуметтік, анығырақ айтқанда, таптық сипат алған емес.

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№219 (671) 9.12.2011 жыл, жұма         



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№219 (671) 9.12.2011 жыл, жұма         



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – А



рман ӘУБӘКІР 

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1078

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №2652

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

БҮГІН:

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 08:12 

 

            09.05 

 

           17:17   

ЖҰЛДЫЗ

-

ЖОРАМАЛ

 

ТАРАЗЫ

Жалпы, күніңіз сәтті қа-

лып тасады. Бірақ кейбір құ-

жаттарды толтырғанда қате 

кетіп, жаңылысып қалуы 

ңыз 


ықтимал. Алайда дер кезінде 

байқап, түзетсеңіз, айтарлықтай 

қауіп жоқ. Негізі, осы күн жаңа 

таныстықтар орнатуға қолай-

лы. 

САРЫШАЯН

Сіз ақылды әрі байқампаз 

болғаныңызбен, дәл осы 

кү 


ні басқа біреу қулығын 

асы 


рып кетуі ғажап емес. 

Үміт күткен адамдарыңыз тек өз 

пай дасына жұмыс істейтінін бі-

ліп, көңіліңіз қалады. Өзіңіз де 

ешкімге уәде бермегеніңіз дұ-

рыс.


МЕРГЕН 

Күшіңізді жинап, бұл 

күні қандай жағдай болса 

да, берілмеуге тырысыңыз. 

Сіз өте шыдамсызсыз, ал 

айна ла ңыздағылар  керісінше, 

еш қай да асықпайды. Сол үшін 

ке ліспеушілік туындауы мүмкін. 

Өміріңіз жақсы жағына өзгере-

ді.


ТАУЕШКІ

Бұл күн қызметіңізде алға 

жылжумен, жағдайдың жақ-

сы жағына өзгеруімен бай-

ланысты болады. Пайдалы келі-

сімшартқа отырып, серіктестікке 

қызықты ұсыныс түсуі мүмкін. 

Алайда бар уақытыңызды жұ-

мыс қа арнауға тура келеді.  

СУҚҰЙҒЫШ

Өз өміріңізге өзгешелік 

енгізетін күн де келіп жетті. 

Бұл күн осы кезге дейін сізге 

беймәлім болған нәрселерді 

танып-білуге қолайлы болмақ. 

Сіздің жұмысқа қатысты идея-

ңыз әріптестеріңіздің тарапынан 

қолдауға ие болады. 

БАЛЫҚТАР

Бұл күніңіз қиындықтар 

әкелуі мүмкін. Ойыңызды 

жи 


нақтаудың өзі оңайға 

соқ пайтын оқиға қалыптасады. 

Басыңызға қандай ой келсе, 

сол күйінде айта салмаңыз, оны 

көбі түсінбей қалуы мүмкін. 

Әсі 


ресе әсершіл адамға өте 

қиын. 


ТОҚТЫ

Жаңа жұмыстар бастау 

үшін қолайлы күн. Сізге ғала-

мат күш құйылып, белсенділі-

гіңіз арта түседі. Іссапарға шық-

саңыз, табысты болады. Келіс-

сөз 

дер өткізуге ыңғайлы күн. 



Сүйіктіңізбен арақатынасыңыз 

да жақсара түсері анық.



ТОРПАҚ

Осы жұмада өзіңізге қа-

жетті адамдардың сеніміне 

кіре аласыз. Бұл күн әсіресе 

шығармашылықпен айналыса-

тын дар үшін сәтті болады. Ше-

тел 

ге саяхаттауды жоспарлап 



жүрсеңіз, бүгіннен бастап да-

йын далғаныңыз  дұрыс. 



ЕГІЗДЕР 

Бүгін сізді жұмыста әріп-

тес теріңіздің арасында өзара 

түсіністік, ал үйіңізде үйлесім-

ділік күтеді. Киім-кешек сатып 

алуға сәтті күн. Басшылық тара-

пынан келіп түскен ұсыныстан 

бас тартпаңыз, материалдық 

жағдайыңыз жақсарады.

ШАЯН

Сіз үшін бизнесте де, жеке 

өміріңізде де маңызды өзге-

ріс тердің уақыты келді. Биік 

мақсаттарды бағындыру үшін 

өзіңізге қарауды ұмытпағаныңыз 

абзал. Кез келген мәселені бас-

қа лардың ой-пікірімен келісіп 

шешуге тырысыңыз.

АРЫСТАН

Бүгін сіздің күш-қуатыңыз 

артып, жан-жағыңызды жай-

натып жібере аласыз. Сондай-

ақ қабілетіңізді қажет ететін 

істерді ойдағыдай орындайсыз. 

Кәсіптік және қаржы мәселеле-

рінің оңды шешілуіне де қолайлы 

күндердің бірі.

БИКЕШ

Бүгін шешім қабылдағанда 

батылырақ болыңыз және де 

оны жария етуден қорықпа-

ңыз. Осы күннің табысы басқа-

лар дың назарын тек өзіңізге ау-

дара білуіңізге байланысты бол-

мақ. Аз да болса, таза ауада се-

руен дегеніңіз  дұрыс.

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

р

осының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Желтоқсанның 9-ы

Алаштың атаулы күні

20 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен 

Қазақстанның А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді.

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне 

қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке жоғары 

ерекшелік белгісі – «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Үш жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға 

арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР 

Президенті Н.Назарбаев қатысты.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.

Туған күн иелері

Кеңес Бейсебаев (1938) – профессор, академик, полковник;

Әпсалямов Нәдірбек

 (1941) – экономика ғылымының докторы, 

профессор, академик;

Саин Каменов (1950) – Павлодар облыстық энергетика және 

коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы;



Батырбек Ахметов (1954) – Қостанай облысы Алтынсарин 

ауданының әкімі;



Райымхан Өзбекғалиев (1955) – полиция генерал-майоры;

Иманғали Тасмағамбетов (1956) – Астана қаласының әкімі, 

саясаттану ғылымының докторы;



Евгений Ан (1958) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің проректоры;



Эрнест Еспенбетов (1966) – Шығыс Қазақстан облыстық 

телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры;



Тимур Жанқобаев (1967) – «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ 

басқарма төрағасының орынбасары;  



Индира Бабатаева (1980) – шахматшы, халықаралық шебер, 

шахмат қайраткері, жаттықтырушы.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ИМАНҒАЛИ – арабтың «имән» (сенім, ізгілік, адамгершілік) 

және «алъи» (асқақ, ұлы) сөздерінің бірігуінен құралған 

ныспы. Адам бойындағы асыл қасиет ті қазақ «иманды 

жан екен» деп бағалаған. Жаңа туған сәбиге «Алланың 

сүйікті құлы болсын, жақсылықпен аты шықсын, жүрегі 

иманға, ізгі нұрға толы болсын» деген ниетпен қояды. Ел 

ішінде сирек кездесетін есімдер қатарында. 

 

 



  

САХНА


Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №218 (670) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Ермен. Рад. Бәле. Анион. Ода. Анар. Пандус. Мырыш. Эркер. Ине. Мата. Умаш. Илот. Апе. Не. Шаян. Каор.



ТІГІНЕН: 

Аренга. Рампа. Нәк. Зебоид. «Емшан». Нән. Умра. Асы. Тиек. Фреон. Риал. «Дарын». Оно. Аджар. Шертер. 

Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

ЖЕЛТОҚСАН

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

31

Алматтың әзілдері



Құлаққағыс:

– Соңғы кезде орын алған лаңкестік оқиғаларға 

байланысты Жаңа жыл кештеріне Аяз аталар сақалсыз, 

Ақшақарлар орамалсыз келетін болды.

***

Бір қария емханаға қаралуға келеді:

– Дәрігер балам, жүрегімді тыңдап берші.

– Не болып қалды, ақсақал?

– Біреуіне шыққанда-ақ алқына бастаймын, екіншісі-

не шықсам, өкпем қысылады, үшіншісіне шықсам, жү ре-

гім шаншиды.

– Дегенмен, ақсақал, сіз мықты екенсіз. Мен жас бол-

сам да, үшеуіне бірден шыға алмас едім.

– Қой, сендей жігітке баспалдаққа шығу сөз болып па?!

***

Дәрігер науқас баланың ата-анасына:

– Сіздердің балаларыңыздың бір құлағын бітеп тас-

тауға тура келді.

– Неге?

– «Айтқан сөз бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан 

шығып кетеді» деген өздеріңіз емес пе?!

***

Автобөлшектер сата тын дүкенде: 

 – Сіздерде «Москвич ке» арналған қосалқы бөл шектер 

бар ма? 

– Бұл жер сізге темір-терсектер мұражайы емес...

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Суға бат-

пайтын 

жеңіл тас



Құмырсқа 

ұясы


Домбыра 

бөлігі


Еті дәмді 

ірі теңіз 

балығы

Сиыр жүні



Тұсау

Балықшы 


құралы

Франция. 

портты 

қала


Скандина-

вия. халық 

жиыны

Сыйлы 


адам

Көп шөміш- 

ті су шы-

ғаратын 


құрал

Сатыла-


тын зат

Әуез


Парсы  

әдеби тілі

Хим. элемент, 

галоген


Поляк әйел

Өсімдік-


тердің 

бүрі


Күлше

Шеше


Кәлла

Матадор


Геометрия-

лық дене


Шұбар

Өсімдік сүті

Нигерия 

ақшасы


Улы жылан

Қомағай


Болған 

жағдай


Ағылшын 

сыраханасы

Залым

Таудың 


төменгі 

жағы


16 ғ. Фран-

ция әскері



Ауа райы

-7-9

о

 

 -15-17

о

-6-8

о

 

-10-12

о

-12-14

о

 

-21-23

о

 -3-5

о

 

-6-8

о

 +3+5

о

 

-0-2

о

 

-10-12



о

 

-20-22

о

 

-8-10



о

 

-15-17

о

-5-7

о

 

  -13-15

о

-3-5

о

 

-13-15

о

0+1

о

 

 -6-8

о

-10-12

о

 

-20-22

о

-5-7

о

 

-13-15

о

 

-6-8

о

 

 -19-21

о

 

-3-5

О

 

-13-15

О

  

-1-3

о

 

-6-8

о

        


-10-12

о

 

-20-22

о

 

-4-6

О

 

-8-10

О

  

-6-8

о

 

-19-21

о

«Мен өзімнің тәуекеліме таңғаламын»

«ТАУДАҒЫ ТҮННІҢ» 

ТҰСАУКЕСЕРІНЕН СОҢ...

Таяуда еліміздегі елеулі өнер ордасы, қара-

шаңы рақ, дәлірек айтсақ, Ғ.Мүсірепов атындағы 

Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында 

жаңа бір қойылымның тұсауы кесілді. Қаламгер 

Нұрғали Ораздың пьесасы негізінде белгілі режис-

сер Бал табай Сейітмамытов «Таудағы түн» атты 

қойылым сахналады. Айтпағымыз, қойылым бас-

тан-аяқ Роза Әлқожаның әндерімен көркемделіп, 

кейіпкер 

лер солайша сыршыл әндермен ішкі 

сезімдерін жайып салды. Желтоқсанның 18-і күні 

өзінің жеке ән кеші, есептік концертін бергелі 

жатқан да бұлай ша әндерінің жаңа сахналық қойы-

лымға арқау болып жатқаны Розаның өзіне де 

тосынсый болса керек. Біз онымен «Таудағы түн-

нің» тұсаукесерінде жолығып, сұхбаттастық. 

– Концерттің дайындығымен жүргенде бір 

күні кенет ұялы телефонымен бейтаныс кісі 

хабарласты. Балтабай Сейітмамытұлы сынды 

ағамызды сырттай жақсы танығаныммен, ол 

кісінің менің әндерімді асыға күтіп тыңдайтын 

тыңдармандарымның қатарында екенін 

білмеппін. «Шалқар» радиосынан әндерімді 

жібермей тыңдайтынын айтқан режиссер аға 

өзінің бүгінгі қойылымы жайлы айтып, 

мінекей, бүгін нәтижесін көріп отырмыз. Бүгін 

қойылымда төрт әнім орындалды.

АЛБЫРТ ШАҚТЫҢ 

АПТЫҒЫН БАСЫП... 

Әншімен әрі қарай ән кеші жайлы сөйлесуге 

көштік. Үлкен сахнада – он жыл. Алғаш Студенттер  

сарайында өзінің «Мен сыйға тартқан орамал» 

әнін орындағанда небәрі 20-да болған еліктей қыз 

бүгінде 30-ға толып, осы уақыт аралығында төрт 

баланың анасы болып үлгерген. Өнердегі Роза 

Әлқожаның аяқ алысы көрерменнің көз алдында. 

Өзі сызылта салған әндерден бөлек, Баян Нұр мы-

ше ваның орындауындағы «Жібектің елі», марқұм 

Ажар Түзелбекқызы салған «Сағын дым сені», Роза 

мен «Жігіттердің»  «Таңдағанымсыңы», Еркін Нұр-

жа нов пен дуэт болып орындаған «Мына өмір ға-

жап қандай?» т.б. көптеген әні қазақ эстрадасында 

хитқа айналып та кеткені жасырын емес. Алайда 

сазгер осы есеп беру концертіне тағы да жаңа ән-

дер шығарғалы отыр. 

– Жастық шақтың албырт кезінде адам 

қалаға, өсуге, жаңа бір белеске 

асыққанымен, ес тоқтата келе, ауылының 

қадірін түсінеді екен, сағынады екен. Мен де 

бүгінде шекара сыртында, өзбек жұртында 

қалған ауылымды сағынып, жаңа ән жаздым. 

«Ауылымды аңсадым» деп аталады. Сондай-

ақ Жаратушыға деген пенделік 

махаббатымның белгісі – «Иман келтіру» 

сынды ән де жүрегіме ыстық. Ақын Бақытжан 

Алдияровтың иман жайлы сөздері жүрегіме 

жылы ұшырап, ән туды. Сондай-ақ «Асыл 

жарым» атты ән дүниеге келді. Алмат 

Исәділдің өлеңі – «Балапандарымды» 

автордың өз аузынан естігеннен-ақ бірден 

қалап алдым. Белгілі журналист, сазгер Серік 

Жанболаттың талантты ақын ағамыз Ғалым 

Жайлыбайдың сөзіне жазылған «Гүлтолқын» 

әні де шығармашылығымда орны бөлек 

дүние екенін айта кетуім керек. «Қазақ 

радиосының» хитпарадында топ жарып 

шыққан бұл ән осы кеште орындалады. Ал 

енді концерт соңында бір жаңа ән 

орындалады. Әйгілі Роза Рымбаева келеді 

деп күтіп отырмын. Себебі ол кісіге 

тосынсыйым бар. 

ҚОС РОЗА ҚОСЫЛАР КҮН...

Негізі, қазақ –  ырымшыл халық. Әлқожа лар 

әулетінде осыдан 30 жыл бұрын дүниеге сәби 

келгенде «нәрестеге қандай есім береміз» деген 

сауал туған. Сонда тап өзі бір Розадай әншінің бақ 

жұлдызы жарқырай жанып, «Алтын арфейдің» бас 

жүлдесін алып келген тұс еді. Өмір есігін жаңа 

ашқан сәби де осы бұлбұл әншідей болсын деген 

ниетпен азан шықырып, Роза қойған екен. Ендеше, 

кешегі сәби, бүгінгі сазгер, әнші, қазақтың ерке 

қызы Роза «атымды бекер Роза қоймаған болар» 

деп әншілікке талпынған әрі осы концертте өзіне 

өнерге құштарлық сыйлаған Рымбаевадай апайы-

на ән арнап отыр. Әрі «Майраның әні» деген әйгілі 

сазгер Майра Уәлиқызы секілді «Ән салшы, Роза» 

деген әнімен концертін қорытындыламақ.

Сөз соңын біздің қайратты қызымыз Роза 

 

былай түйіндеді: 



–  Мен өзімнің тәуекеліме танғаламын. Себебі 

тәуекелге не ессіз адам, не көзсіз батыр ғана бара 

алады. Ешқандай демеушім жоқ, сенерім – тек бір 

Алла. Қиналғанда рухыма жігер беретін балаларым 

мен жан жарым, достарым бар, шүкір деймін 

соған.  Болашақта балаларымды өз басынан ар-

тыл майтын біреу қылып емес, әрқайсысын қоғам-

ға пайдасы тиер азамат етіп тәрбиелей алсақ екен 

деймін. Ал өзі тұлға бола алмаған адам баласын 

қалай тұлға ете алады?! Міне, менің басты ойла-



нып, от алатыным – осы ойлар. 

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Роза ӘЛҚОЖА, әнші, сазгер:

Өзгені сендіруден гөрі, адамның 

өзін-өзі сендіруі әлдеқайда қиын 

екендігін әлемдік ойшылдар әлдеқашан 

айтып кеткен. Алайда қай заманда 

болсын осы бір қағида өзектілігін 

жоймай келеді. 

Оның да өзін-өзі мойындауына, 

өзгеден бұрын өзін-өзі сендіруіне он 

жылдан астам уақыт кетіпті. Осы уақыт 

аралығында ел болып шырқайтын       

30 шақты ән тудырып, өзі ғана орындап 

қоймай, әншілерге тарту етіп, солайша 

Шәмші, Әсет, Сейдолла сынды 

қазақтың сазгер ұлдарының бастаған 

ісіне өзіндік қолтаңбасын енгізген ол 

адам – әнші, сазгер, керек десеңіз, тіпті 

отты жырлардың авторы, ақын да Роза 

Әлқожа. 

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет