Дат! 6-б етте Шерхан МҰртаза



жүктеу 0.64 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

–  Құдайға шүкір, Тәуелсіздік 

алдық. Қазақ халқының бүгінгі 

түйсігі қандай?

– Алланың ақ нұры дейді мұны. Міне, 

құрғап жатыр еді, жел тұрып, азынап, тассу 

ұрып, шаң суырып,  аппақ қар жауғызды да, 

жақсылығын үйіп-төгіп бере салды. Соның 

арқасында ауамыз тазарып, тынысымыз 

кеңейіп, жанымыз кіріп қалды. Рахат! 

Қытайдың саяхатшысы болыпты, монах. 

Сол ел аралап келе жатып, Баласағұнға, 

одан Таразға келеді. Таразға келіп, «мына 

жақ та қандай елдер бар?»,  деп сұрағанда, 

Мың 


бұлақты айтқан екен. Мыңбұлақ – 

қалың, ну орман. Талас Алатауы дейді. Бірақ 

бізде Алатау деген ат жоқ. Негізі – Тәңіртау. 

Алатау Қырғыздармен бірге келген атау. 

«Алатоо» дейді. Бізде Тәңіртау дейді. Тәңір-

дің, Құдайдың жаратқан үлкен дүниесі де-

ген сөз ғой. Сол Тәңіртаудың баурайында 

Мыңбұлақ деген жер бар. Содан аққан бұ-

лақ тар – мың дейді.  Бағытымыз – Тараз 

тұр ған жерден оңтүстік батыс жақта. Қазір 

– Жуалы, бұрын – Мыңбұлақ деген. Таудан 

аққан сулар, өзендер, бұлақтар сай-сай 

болып келеді. Әр сайдың басында бес-алты 

үйден отыратынбыз, баяғыда. Кейін бәрі 

біріктірілді ғой. Су да тартылды, құбырменен 

далаға, егінге, анау-мынауға айдап жіберді. 

Мыңбұлақтың қазір көзі жұмылды, суы 

тартылды, бәрін каналға салып жіберді. 

Міне, заманның өзгерістері. Сондай жер –  

біздің жеріміз! Мыңбұлақ – шын аты, кейін, 

«Жуалы» деді.  Жуа дейтін көп өседі екен, 

жа рық тық.  Ашаршылық жылдары бізге кә-

дім гідей тамақ болды. Соғыс жылдары да 

тал ғажау еттік. Сол біздің туған, өскен жері-

міз. 

–  Бурный қайдан шыққан?

–  Бурный емес, Боранды ғой, басында. 

Орыстар «Бурное» деп жүрген. Оны қазақтар 

«Бурный» деп қойды. Ол – орыстандырудың 

саясаты. Орыс көп болды, біздің Жуалы – 

Мыңбұлақта. Өйткені су мол, егіншілікке 

жақсы, малға жайлы, бәріне дұрыс. Тұнып 

тұрған орыстың аттары болатын: Алексеевка, 

Александровка, Евгеновка, Самсоновка, т.т. 

толып жатыр. Қазақша атаулар шамалы 

ғана болатын, мұндаға дейін. Кейінірек, 

заман түзеле бастағаннан соң, сол аттардың 

барлығы жойылып, қазақтың аттары қалпы-

на келе  бастады. Қазір Мыңбұлақ, Кербұлақ, 

т.с.с.  Барлық атаулар есімде жоқ. Сондай 

замандар өткен! Ол –  патша заманының 

тіршілігі. Одан кейін Совет заманы келді. 

Патшадан кем болған жоқ, «советтер». Қай-

та, патша заманында сәл кеңшілік болды-ау 

деп ойлаймын. Ол кезде там-тұм су, ел, жер 

бар еді. Совет келді де бәрін тарылтты. 

Малдың бәрін жиып алды. Колхоздастыру 

болды. Орталықта ұстап, кейіннен быт-шыт 

болып, әр-әркімнің, баяғы белсенділердің  

қолында кетті. Ақырында ашаршылық 

болды. Оның үстіне соғыс келді. Соғыс ке-

зін де дүние мүлдем тарылды. Сонда жаңағы 

жуа бізге кәдімгідей тамақ болды. Жуа теріп 

жедік. Анамыз колхоз жұмысына кетеді. 

Біздер кішкентай балалармыз. Кетерінде: 

«Әй, күн күркіремей, жаңбыр жаумай, жуа 

жемеңдер!» деп айтып кетеді. Біз тыңдай-

мыз. 

– Күннің күркіреуі мен жуаның 

қатысы не екен?

– Ол – құдірет! Мен қайдан білейін!?  

Жерден энергия келе ме? Әйтеуір, найзағай 

ойнап, күн күркірегенде жуаны жеуге 

болады. «Оған дейін жесеңдер, уланып өліп 

қаласыңдар» дейді. Қайдан білемін!? Ға-

лым дығым жоқ. Ал «біледі» дейтін ғалым-

дар әлі күнге дейін айта алмайды. Жарқыл-

даған найзағай мен жердегі жуаның қандай 

байланысы барын. Осыдан кейін жараты-

лыс тың құдіретіне табынбай көр! Демек, 

дүниенің барлығы Алланың ашса – алақа-

нында, жұмса – жұдырығында. Дар вин нің: 

«адамның барлығы маймылдан жаратыл-

ған» дегені өтірік болып шықты. 

Әкемізді алып кеткен азабынан кейін 

басталған қиын дүние... Әсіресе, соғыс 

кезі... Қиыншылықпен өстік... 

Бес жасқа дейін бақытты өмір сүрдім. 

Мен әкемнің жалғызымын. Менен бұрын 

үшеуі, бірінен соң-бірі, қарашешектен 

қайтыс болып кеткен. Шешек шығады, өле 

береді, тірі қалмайды. Менімен бірге туған 

балалардың қырылғаны – бәрі тірі болғанда, 

біз бүгінгі заманда, 30-40 миллионға жетер 

ме едік?! Қырылып қалған! Қынадай қырыл-

ған,  қарашешектен! Мен аман қалғам!  

Неге, аман қалғам? Сөйтсем, менің бесігім 

ар ша ағашынан екен.  Әжем – Күнекей, жа-

рық тық, байдың қызы. Сол әжемнің  бесігі 

болған. Оны  «Аршабесік» дейді. Талас Ала-

тауын да өсетін арша, содан бесік жасаған. 

Аршабесікке құрт-құмырсқа, «шорт-морт», 

бит, анау-мынау, жыбырлағандар жоламай-

ды, қырылып қалады. Маған да шыққан, 

қарашешек. Құдай сақтап, сол аршабесіктің 

арқасында  аман қалғам. Әкем  жарықтық 

ол кезде жас, мен бесікте жатқанда: «Мынау 

да адам болмайтын болды ғой» деп теріс 

қарап, күдер үзіп қалған екен. Құдайдың 

құдіреті, бір кезде мен әйтеуір, тіріліп, 

қатарға қосылыппын. Аман қалуыма, сол 

аршабесік себеп болды. Шешек ауруының, 

дертінің уытын өзінің бойына сіңірген дүние. 

Қасиетті арша ағашы бар – Талас Тәңіртауын-

да. Сол жерлерде өседі. Көп жерлерде жоқ, 

қасиетті арша. Ол кез келген жерде өсе 

бермейді. Міне, біздің тауымыздың, жара-

тылысымыздың, жеріміздің  құдіреті. Су да 

дәрі болатын. Бірақ Кеңес өкіметі судың 

барлығын каналға салды-дағы, егіске, ан-

да-мында айдатып жіберді. Оның барлығын 

жазғанмын. «Мылтықсыз майдан», «Ай мен 

Айшада» айтылады. Балалық шақ туралы 

білгісі келетіндер оқысын! Бірақ сендер 

оқы майсыңдар! 



–  Оқыған бір басқа да,  әуе 

толқынында  өз аузыңыздан естіген 

бір бөлек қой. Біздің мақсат, Сіз 

секілді тұлғаның бар екенін білсе, 

өмірдеректі  өзіңізден естісе,  

дегендік. 

– Е-е-е,  білсе, сол!  Жоқтан бар болған-

да рмыз. Кім біледі, аршабесік болмаса, 

қырылып қалған миллиондардың қатарын-

да мен де кетер ме едім? Әлдеқашан, қара-

ше шектен өліп қалар ма едім? Жоқтан бар 

болғанмын деуім – осы! 

– Бұл да Алланың құдіреті ғой?

– Шынында, солай! 



– Сол кездегі халық басына 

түскен қасірет, ажал құшу, адамның 

қолынан келген іс пе немесе 

Алланың жазуы ма, осы арасын 

қалай деуге болады?  

– Ол адам бейімдеген іс қой. Құдайдың 

құдіреті жіберген азабына, бейнетіне қарсы 

тұра алмаған, қаруы, білімі жетпеген.  Әйт-

пе се қынадай қырылып қалған менің заман-

дастарымнан 1932 жылы, одан бұ рын ғы 

1931 жылы туғандардан тірі қалған дары  

некен-саяқ. Марқұм, Мақатаев!  Құ дай дың 

құдіретімен аман қалған. Сол сияқ ты бірен-

саран. Бірге өскен, хан тұқымының баласы 

Шота Уәлиханов  бар. Камал Смаи лов деген 

бар еді, менімен түйдей жасты, қайтыс бо-

лып кетті, марқұм. Иманды болсын! Со дан 

кейін Әбдуәлі Данаев деген бар, мектепті 

бірге бітіргенбіз. Ол – күміс медальмен бі-

тір ді. Ленинградта оқыды, Теміржол инс-

титу 

тын бітірді. Жамбылдың стансысын, 



техникумын басқарып тұрды. Қазір де сол 

техникумда сабақ береді. Де малысқа шы-

ғып кеткен, бірақ әлі күнге дейін жұмыс 

істейді. Тараздың шығыс жағында, үш ша-

қы рымдай жерде Талас стансысы деген бар, 

сол жерде тұрады. Машина айдайды, өзі 

жүргізеді. Біз екі класс едік.  «А» класы және 

«Б» класы  болып бітірдік.  Қазір мен білетін-

дерден үшеуі тірі жүр, басқалары жоқ, көбісі 

қайтыс болып кетті. Мақан Өтемісов деген 

бар, көрші колхозда тұрады. Амангелді деп 

қойыпты, бұрын – Бектөбе деуші еді, сол 

ауылда. Мақанның кәсібі – молда. Одан 

кейін Манап дейтін бар. «Бозкөз» деуші еді, 

біздің физика-математикадан сабақ беретін 

апайымыз: «Тақтаға шық, борды ал, жаз!» 

дейді. Формулаларды айта бастағанда, 

анау білмейді, жаза алмайды. Апайымыз 

барады-дағы, саусағымен иегін көтереді,  

өзі әдемі келіншек. Қызғанасың, әдемі, 

сүйріктей саусағымен ананың кір-кір тама-

ғынан көтергенін көріп...  Сөйтіп, көзіне үңі-

ле ді: «О, Бо-оз-к-ө-ө-з-з!» дейді. Сөйтеді де 

«Отыр, Бозкөз!» дейді. Сол Бозкөз – Манап 

бар. Осы үшеуі, басқасын білмеймін. 

А.Үмбет баев дейтін мықты бар еді, әкесі  

«народный артист», шешесі де «артистка» 

болатын. Ол Алматыға көшіп кетіпті, қазір 

жоқ, бұл жерде. Сол-ақпыз! Әйтпесе екі 

кластан 80-ге жуық бала бар болатын. 

Олардан менің білетінім сол-ақ!  

– Өзіңіз айтқан ақын Мұқағали: 

«Неменеңе жетістің бала батыр, 

Қариялар азайып бара жатыр» дейді 

ғой. Қатарластарыңызды іздейсіз 

бе? Жаныңыз нені қалайды?   

– Жаным тыныштықты қалайды. Аман-

есен, сау-саламат жарық дүниеде жүре 

берсем деймін. Менің бұл тілегімді Алла 

қашанғы бере береді, қашанғы менің сөзіме 

құлақ салады? Оның барлығы уақытша дү-

ние ғой. Бір күні алып соғады. Оны білеміз, 

көзіміз жетеді. Өлмейтін пенде жоқ. Бәрі өлу 

үшін, оның ар жағында өмір бар дейді, рас 

болса, барып, көріп келген ешкім жоқ. 



– Өзіңіздің сеніміңіз, ішкі 

пайымыңыз не дейді?

– Ол туралы кейде елестер болады. Түс 

көресің... Түсіңде әлдеқашан кетіп қалған 

адамдармен көрісіп, сөйлесіп те жүресің... 

Ал, ар жағы белгісіз дүние... Бәрін Алла 

біледі. 


– Намаз оқисыз ба, мешітке 

барып тұрасыз ба?

– Намаз оқимын, әне жайнамазым тұр. 

Кейінгі кезде денсаулығыма байланысты 

құлшылық тоқтап, мешітке баруға  шамам 

келмей жүр. Менің баратыным – орталық 

үлкен мешіт емес, шағын ғана Ақсарай де-

ген мешіт. Исатай деген ініміз – сол ме шіт те 

имам. Үлкен имам. Ең алдымен, Алла таға-

ла иман берсін! Иман жоқ жерде еш нәрсе 

болмайды. Алладан иман тілеңдер! Иман-

сыздар тышқаншалап тығып жатыр ғой, 

қалта сына да, қамбасына да. Солардан 

сұраңдар! Менен несін сұрайсыңдар!? Ме-

нің ешкімге зияным жоқ, «пенсиямды» 

алып, өзіммен-өзім өмір сүріп жатырмын. 

Отырған жерім – мынау.  Балаларым – Ал-

ма  ты да. Бір ұл, бір қыз бар. Жалғыз ұл. Өзі, 

әлі бойдақ. Бір рет үйленді, дәм-тұзы жарас-

па ды-ау деймін, ажырасып кетті. Әзірге, 

ұрпақ жоқ. Міне, мәселе қайда! Ұрпақсыз 

болса, дүниенің барлығынан не пайда? 

Жиған-тергенің, жазғаның, сызғаның  бар-

лы ғы қа ла ды, ертең тоз-тоз болып. Немере, 

шөбере жоқ. «Жалғыз» дейтін әңгімем бар. 

«Жалғыз ұлым» дейтін өлең де бар екен. 

Айтысты жүргізетін Жүрсіндікі-ау деймін. 

Мына сенің радиоңнан тыңдадым. Сол, 

менде де жалғыз. Елуден асып барады. Енді 

ол үйлене ме, жоқ па? Құдайдан ұрпақ қа-

луын тілеп отырмыз. Бір Алла біледі. Ұрпақ-

сыз мына жазғаныңның барлығы – көктиын.  

Кітапты әркім жазады.  Қазір пенсионерлер 

де кітап жазғыш болып кетті. Солай, айна-

лайын, көңілде көп арман бар, Алатаудан 

да биік. Жиған-тергендер – мына кітаптар. 

Қора-қора малым, үйір-үйір жылқым, боз-

торғай жұмыртқалайтын отар-отар қойым 

жоқ. Жуа лыда інім тұрады. Соның, әйтеуір 

шаруа сы, мал-жаны, бала-шағасы бар, оған 

да шү кір. Соған барып, анда-санда атқа 

міне мін.

– Қазір жазып жүрсіз бе?

– Мына бір дәптерім бар, осыған жа-

замын, әйтеуір. Е-е-е!  «Отанды сүю – Алла-

дан келетін иман» дейді. «Екі көз тозақта 

күймейді» дейді. Көзім нашар көреді. Өз 

жазғанымды өзім танымай қаламын. Е-е-е, 

шырағым, сондай! «Тәңіртаудың қуысында, 

бір Алланың уысында жүріп жатырмыз» 

деппін. Алла уысын қыса ма, жоқ, бос ұстай 

ма, өзі біледі. Сондай-сондай дүние. Іздеген 

адам болса, осыдан табады. 

– Шераға, әңгіме барысындағы 

үзілген желіске қайта келсек. 

Жоғарыда айтылған Андреевка, 

Евгеневка, т. тағылардың   тарихи 

атауларына ие болуы – 

Тәуелсіздіктің жемісі ғой. 

– Ең алдымен, сол – Тәуелсіздіктің жемі-

сі. Бостандыққа шыққанымызға 20 жыл деп 

жүрміз ғой. Оның алдында, мұндаға дейін, 

қаз қалпында тізіліп тұрған. Қазір Андреевка 

– Шанышқылы, біздің ауыл совет кезінде 

«Талапты» еді, әлі де солай. «Қызылкүншы-

ғыс» дейтін аттар болған. 



– Болашақта өзіңіздің есіміңізбен 

елдің, жердің, қала атының қалуын 

қалайсыз ба?  

– Айналайын, ол менің шаруам емес. 

Кейінгілер өздері біледі. Қалай ма, қаламай 

ма, мен шеше алмаймын. Айту қиын. 



– Ол  туралы ойланбайсыз ба? 

– Жоқ!  Ол – халықтың шешетін ісі. Еңбек 

болды ма, жоқ па? Бұл да – менен кейінгілер-

дің  шаруасы. 



– Тәуелсіз елді, бүгінгі ұрпақты 

қалай бағалайсыз? Беталыс қандай? 

– Құдайға шүкір, жаман емес. Патша-

мыз дың айтқаны алғыс, басқаруы жақсы. 

Оны жақсы көретіндер бар, түрлі-түрлі ғой 

адам баласы. Мысалы, менің бір кездері 

айтқаным бар: «Президент – біреу, қалғаны 

– тіреу!» деп. Кейде ойлаймын: «артық 

айттым ба, қалай екен?» деп. Түзу сияқты. 

Халық: «Дұрыс!» дейді. Әр-әр жерге жазып 

жүр. Осы кісі бізді басқарып келе жатыр, 

жамандық, қорлық  көрген жоқпыз. Ниеті 

– түзу, сөзі – иманды. Соған қарап: «Аман 

болса екен» деп, тілеуін тілейміз. 

– 20 жылды ғасырға бергісіз 

уақыт деп жүрміз ғой. Сіз не дер 

едіңіз?

– Мен баяғыда естуші едім: «Қой үстіне 

бозторғай жұмыртқалаған заман болады» 

деп. Мен сол кезді аңсаймын: «Болса екен!» 

деп. Бозторғай қойдың үстіне жұмыртқалаға-

ны – жердің малдан босамай, бітіп  қалғаны 

ғой, соншалықты байлық, соншалықты құ-

дірет. Сол заман келсе, жақсы болар еді. 



– Бүгінгі беталыс, бағыт сол 

заманға әкеледі деген сенім бар ма? 

– Сенімнің болғаны жақсы ғой. Біраз 

кедергілер бар, соларды сыпырып-сыйырып 

тастаса, деймін. Қазір бір сөз тіркесі бар: 

«Алтайдан Атырауға дейін» дейді. Ол – қа-

те! Атырау – облыстың аты. Ал, бізге ракета 

атып жататын Азғыр – Атыраудың арғы жа-

ғын да, Ресей жерінде. Сол Азғырдан Прио-

зерныйға дейін атқылайды. Приозерныйдан 

Азғырға қарай атады. Сол екі ортада талай 

ракеталар жерге құлайды. Ол құлаған жерде 

шөп өспейді. Бұрын мыңғырған ақбөкендер 

жүретін. Көзіммен көргенмін. Баяғыда, 

Қостанай облысы бойынша тілші болдым.   

Сонда машинамен жүріп келе жатқанда, 

мың-мыңменен өріп жүреді, киік-ақбөкен-

дер. Жарысып келіп, сөз жоқ, қалай да, 

жаңағы машинаның алдын кесіп өтуі керек, 

серті өзінің. Кейде өтіп кететіндері де бола-

ды. Болмаса, жарысып, жүре береді, құла-

ған ша. Сол мың-мыңдаған киіктерден, қа-

зір там-тұмы ғана қалды. Ауып кетті! Құрып 

кетті! Басқа жаққа кетті! Білмеймін, қай жақ-

қа кеткенін. Өйткені жаңағы ракета түс кен 

жер – улы. 

– Бүгінгі күні жаһандану деген 

шықты ғой. Бұған не дейсіз? 

– Ол қазір  іске асып, жаһанданып 

жатыр. Жаһандану – аралас-құралас болу. 

Амал жоқ, қайда барасың. «Біздің ішімізде 

130 ұлттың өкілі бар. Тату болайық! Қазақ 

тілін біліңдер! Қазақ тілін үйреніңдер» деп 

жатыр, Президентіміз. Онысы – имандылық. 

Үндеуі, Жолдауы, сөзі де бар.



– Болашақтан не күтесіз?

–  Біздің дәуір өткеннен кейін, болашақ, 

келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, 

балаларымыздың балалары, шөберелеріміз, 

солар жақсы дәуірде өмір сүретін болуы 

керек. Соған сенгім келеді.  



– Елге тілегіңіз...

– Ел аман, жұрт тыныш болсын! Алланың 

ақ нұры жауса – ел де, жер де, тау да, тас та, 

бәрі аман болады. Сол – менің тілегім! 



– Рақмет! Өзіңіз де аман 

болыңыз!

АЙТӨБЕЛ-ДАТ!



?

Көңілдесі көп адамдар 

орган доноры бола 

алмайды


Америкада орган донорларына қатысты жаңа талап бекі ді. Бұдан 

былай көңілдесі көп адамдар донор бола ал мауы мүмкін.

ABC News-тің хабарлауын 

ша, 

Ауруларды бақылау және алдын алу 



жөніндегі орталық маман 

дары бір 

жыл ішінде бір неше адаммен төсектес 

болған дарды орган доноры қатарына 

алмау ды ұсынып отыр. Өйткені олар-

дың ВИЧ, В және С гепатит тері мен 

басқа да жұқпалы аурулар ды тарату 

ықтималдығы жоғары. Бірақ мұндай 

талап трансплан 

тологтерге ұнамай 

жатыр. Се бебі қазір Америкада 112 

мың адам жаңа органға мұқтаж. Ал 

әлгі талап донор лардың қатарын тым 

азайтып жібермекші. «Бұған қоса, ор-

ган 

дардың инфекция тасымал 



дауы 

сирек жағдай» дейді мамандар.



Шерхан МҰРТАЗА, Халық жазушысы:

«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы 

«Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы 

Авторы: Едiл АНЫҚБАЙ

Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сәрсенбі күні сағат 14:05-15:00

Алаш айнасы

e-mail: info@alashainasy.kz

асы

Менімен бірге туған ұрпақ 

қырылып қалмағанда, бүгін 

30-40 миллионға жетер ме едік... 

Сәбилі болған 

әйелдің күйзелісіне 

ерлерді кінәлайды



Бала босанған әйелдердің 40%-ының депрессиясына 

күйеуі кінәлі. Бұған АҚШ-тың Мердок балаларды 

зерттеу институтының дәрігерлері көз жеткізді.

Ханна Вулхауз бастаған 

ғалымдар тобы тұң ғыш рет 

бала көтерген 1300-ден астам 

ананы тек серуден өткізді. Бұл 

әйелдердің 16%-ы бала бо-

сан ғаннан кейінгі 12 ай ішінде 

күйзеліске  ұшы ра ған.  Зерттеу 

барысында депрессия белгісі 

анықталған келіншек 

тердің 

40%-ын күйеулері ренжітетіні 



анық болды. Эмоционалды 

немесе дене соққысын алған 

әйел дер дің  ахуалы  мұндай ды 

көрмеген өзге аналарға қара-

ғанда үш есе нашарлайды 

екен.


ҚОЛ ДОБЫ

ВЕЛОСПОР


Т

ІЗ. ДЕН. ІС



Олимпиада сағымдай бұлдырады 

Винокуровқа жала жабылды

Альфара музыкалық аспабы жасалды

Қол добынан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан 

құрамасы тағы да жеңіліске ұшырап, Лондон Олимпиадасы жолдамасына 

қол жеткізу мүмкіндігінен айырылды. 

Қазақстан велоспортшысы Александр Винокуровқа қатысты бір 

дау-дамай Еуропа төрінен бұрқ етті. Жала деген жөн болар. Өйткені әлі 

ешқандай дәйек-дәлелі жоқ.

Күллі түркі халқы үшін сүйінші хабар! Абайтанушы, халық сазгері, 

ақын, журналист, семейлік Арғынбек Ахметбекұлы альфара деп аталатын 

жаңа аспап ойлап тапты. Бірегейлігі сол: альфара  үш ішекті.  Автордың 

айтуынша, бұл – көне аспап. Кезінде түркі халқының осыған ұқсас 

аспабы болған екен. Арғынбек Ахметжанов соны өзіндік стильде өңдеп, 

жаңартып, қайта қатарға қосты.  

Әр топтағы алты командадан тек төрт 

құрама ғана келесі кезеңге шығатындығын 

ескерсек, төрт ойынның үшеуінде қарсы-

лас тарына есе жіберген  Қазақстан құрама-

сы енді буынып-түйініп, жинала берсе де 

болады. Себебі біздің қыздар соңғы кез-

десуін төрткүл дүниенің үздік құрамалары-

ның бірі Ресей қыздарымен өткізеді. Егер 

орыс қыздарының жандары ашып, біздің 

құрамадан ұтылып, үш ұпайды тарту етсе, 

онда көмескі үмітіміз қайта тұтанар. Әйтпе-

се енді келесі кезеңге шығатын үміт жоқ. Ал 

келесі айналымға шыға алмасақ, келесі 

жылы өтетін лицензиялық турнирге де 

жол дама ала алмаймыз. Сондықтан да 

біздің қыздар үшін Лондон Олимпиадасына 

баруға еш мүмкіндік қалған жоқ. Кеше 

Қазақстан құрамасы Испания қыздарымен 

кездесіп, 18:27 есебімен ойсырай ұтылып, 

соңғы мүмкіндіктен де айырылды. 

  Телжан КҮДЕРОВ  

Жақында Швейцарияның «Иллюстре» 

газеті «Александр Винокуров 2010 жылғы 

«Льеж-Бастонь-Льеж» велобәйгесінде 

бірінші орынды ресейлік Александр Коло-

бнев тан сатып алды» деген мәтінде бір 

мақала жариялапты. Бүгінде Халықаралық 

велошабандоздар одағы (UCI) швейцария-

лық басылымнан қандай да бір дәлелді 

талап етуде. Ал ҚР велоспорт федерациясы 

кеше «Винокуровқа жабылып отырған 

жала – дәлелсіз» деп ресми хат таратты.

Мұны Александр Винокуров пен Алек-

сандр Колобнев та жоққа шығарып, «тұзы 

татымайтын жала» деп мәлімдеуде. Вино-

ку ров  тіпті:

Өзім жайлы өсектерге жол бермеймін. 

Мұның артында белгілі бір адамдар тұр. 

Олар мені аяқтан шалмақ. Сайлау алдында 

менің кандидатурам ұсынылған соң, 

шығып отырғаны ойландырады. Бұл менің 

жеке өмірімді бұзу болып табылады. Олар 

журналистің қолына менің хаттарымның 

қалай түскенін қайтіп түсіндіреді екен? 

Менің қорғаушыларым сот жүзінде мұның 

соңына түседі, – деп сотқа шағымданатын-

дығын білдірді.

Шетелдік және отандық ақпарат көз-

дері нің мәлімдемелеріне сүйенсек, бей-

мәлім біреулер Винокуровтың электронды 

жеке поштасын бұзып, Колобневке осы 

жылдың аяғына дейін 100 мың евро қаржы 

аудару жөніндегі хатын оқыған секілді. Кім 

де болса, қаржының не үшін аударылуы 

керек екендігінің байыбына бармай, 

осылай шу шығарып отырған сыңайлы.

Басқаса басқа, бірақ біреудің жеке 

дүниесіне қол сұғу қылмыс емес пе?! 



 Нұрғазы САСАЕВ

«Үш ішекті домбыра Абай елінде 

Абайдың тұсында болған. Және бұл кісінің 

айтуынша, түркі халқының осындай үш 

ішек ті аспабы болған көрінеді. Негізі, мұн-

дай музыкалық аспапты жасаушы – әл-

Фара би. Тағы бір айтарлығы, «үш ішекті 

дом бы ра жасап бер» деп  қалап, өзінің 

кепкен ағашын алып келген Шәкір Әбенов 

деген ағамыз еді. Бұл кісіні барлығы біледі.  

Тұңғыш Президентке батасын берген көне-

көз қарт. 93 жас жасаған адам. Бір жағынан 

сол кісінің айтуы бойынша,  әрі қиялымда 

жүрген ойымды жүзеге асыру мақсатында 

осы аспапты ойлап, бүгінде жасап шығар-

дым», – дейді абайтанушы.

Жаңғақ ағашынан жасалған аспаптың 

тағы бір ерекшелігі: үш ішегінен шығатын 

үн аспаптың төменгі бөлігіндегі үш ойық 

арқылы сыртқа шығады. «Үш саңылаудың 

болуы әуеннің үйлесіп, сыңғырлап шығуы 

үшін жасалған», – дейді шебер.  Тиегінің 

өзі де керемет. Түйе керуенінің бейнесінде 

жасалған. 

Абайдың 45 өлеңі мен Шәкәрімнің екі 

өлеңіне ән-романс жазған талантты 

сазгердің өңірдегі ән-күй саласына сіңірген 

еңбегі де орасан. Арғынбек Ахметбекұлы 

– әншілік пен композиторлықты ғана жетік 

меңгермей, қолөнер бағытының да асқан 

шебері. Ол – киіз үй, тұрмыстық заттар мен 

саз аспаптары сынды көптеген туындының 

авторы.  Осы уақыта дейін өз қолынан жүз-

ден астам домбыра жасап, оның барлығын 

таныс-туыстарына тегін сыйлапты. Арғын-

бек Ахметжанов өзі ойлап тапқан үш ішекті 

альфара  аспабы арқылы Абай мен Шәкә-

рім жазған әндерді насихаттамақ ниетте. 

Бұл үшін Шәкәрімнің отыз ән-дастанын 

нотаға түсіріп, кітап қылып шығарып та 

қойған. Арғынбек қартты  Абай үлгісіндегі 

домбыра жасайтын шебер десе де бола-

ды. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал