Дат! 6-б етте Шерхан МҰртаза



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

САЙЛАУ – 2012



Алдағы сайлауда халық 

белсенділігі қалай болмақ?

Алаш жұрты Әбілқайыр ханымен қауышты

дары, орыс баспасөзі жазып, құ жаттары 

да сол Орынбор мұрағатында сақталған. 

Ең алғаш ХІХ ғасырдың 60-жылдары бұл 

молаға алғаш ат ізін салған – зерттеуші 

капитан Николай Рычков, ол мола орны-

на сипаттама жазып кеткен. Бұл – 1771 

жыл, яғни хан өлімінен арада 23 жыл 

өткен кез. Әбілқайыр хан 1748 жылы 

қайтыс болған еді. ХІХ ғасырда деген 

атпен ол жерді сипаттап, топогра фиялық 

картаға түсірген. Бір емес, одан кейін 

Левшин, Эрситов, Крафт сынды зерт-

теу шілер еңбегіне арқау болған. Міне, 

сондай тарихи құжаттар мен түрлі био-

генетикалық, антропологиялық т.б. зерт-

теулер қоры тындысы бір қорытын дыға 

келіп, біз бүгін хан моласын нақты бел-

гілеп, Әбілқайыр хан моласы осы жер, 

сүйегі сол кісінікі деген тұжырымға келіп 

отырмыз. 

250 жылдай уақыт өткен моланы іздеп 

табу, әрине, оңайға түскен жоқ. Себебі бір 

кездері тарихи жазбаларда сипатталған 

жер лер одан бері қаншама өзгеріске түс кен. 

Мә селен, белгілі тарихшы Крафт 1898 жыл-

ғы өз жазбасында хан моласы ның басында 

жалғыз қайың өсіп тұрғанын айтқан. Алайда 

бүгінде ол жоқ. Екіншіден, ол кез елсіз бол-

ғанымен, бүгінде сол қорым кеңейіп, 942 

қабір түскен. Соның қайсысы деген дағдарыс 

туары сөзсіз. Ғалымдар соның өзін топы ра-

ғынан, ағашының тамырынан ең көне деген 

тұсы – солтүстік жағын тауып, Новосібір ға-

лым дарының көмегімен магнитометр, гео-

ра дар сынды құралдар арқылы, сондай-ақ 

Венгрия мамандары ның мықты жасақталған 

лабораториясын дағы тәжірибелі мамандар 

арқылы, сон дай-ақ Әбіш Кекілбай ағамыз 

бастаған экспедиция құрамын да болған 

Аманжол Алдашев, сол тұста 20 жастағы жі-

гіт, тракторшы болған Қаныбек Жанаев т.б. 

20 шақты ақпарат беруші азаматтың жол 

нұс қа уы мен  дәлірек  ізге  түскен. 

Нәтижесінде Будапешт қаласында ор-

наласқан Венгр ұлттық жаратылыстану 

Расында, хан моласын зерттеу 

негізі 1979 жылдан басталған, яғни 

сол жылы әйгілі қаламгер, ардақты 

тұлға Әбіш Кекілбай ағамыз өзінің 

«Үркер» романын жазарда арнайы экспе-

диция құрып, ел ішінен хан сүйегі жатыр 

деген жердің жобасын біледі-ау деген 

адамдарды жинап, біршама жұмыс ат-

қарған. Десе де, екі ғасыр дан аса бұрын ғы 

моланы табу бес-алты кісінің қолынан ке-

летін шаруа емес еді. Соған қарамастан, 

біраз дерек жинаған әлгі экспедиция араға 

біршама уақыт салып кәдімгідей ел болып, 

еліміздегі Ш.Уәли ханов атындағы Тарих 

және этнология институтының және тағы 

басқа ғылыми-зерттеу мекемелерінің 

ғалымдар тобы – тарихшылар, этно-архе-

ологтар, этнографтар, геофизиктер, ан-

тропологтар, генетиктер мен топырақтану-

шылар т.б. көптеген ғалым, яғни бірнеше 

ғылым саласы бірігіп зерттеуге, іздестіруге 

көшкен. Түрлі құрал-сайманмен мұздай 

қаруланған топтың көкейінде «таппай 

қоймаймыз» деген бір ғана мақсат болды. 

Бұл 1998 жылдар болатын, содан күні 

бүгінге дейін тоқтаусыз жұмыстар жүре 

отырып, енді, міне, ресми түрде жария етіп 

отыр. 


Серік ӘЖІҒАЛИ, тарих ғылымының 

докторы, профессор, жоба жетекшісі: 

– Хан моласы Ақтөбе мен Торғай 

облысының шекарасында, Өлкейік пен 

Қабырға өзенінен төрт шақырым қашық-

тықта жатқан елсіз жырақта орналасқан. 

Ешқандай да бір зират қондыруға қо-

лайсыз жер, олай дейтінім, әдетте қа зақ 

моланы биік жерге, қыстауға қон дырған. 

Ал енді Әбілқайыр ханның сү йегі неге 

елсізге жерленген дегенге кел сек, оның 

қапияда қайтыс болуынан. Негізі, ханның 

кенеттен болған өлі 

мі сол тұста дала 

жұрты мен патша сарайындағыларды 

тегіс аң-таң қал дырған үлкен оқиға бол-

ды. Сондықтан да ол жайлы орыс ғалым-

Басы 1-бетте

ТҮЙІН

«Ханның басын хан алар», яғни жазылмаған дала заңы бойынша, астындағы 

атын да, қойнындағы жарын да, тіпті бар қазынасын берсе де, хан атамекеннің 

сүйемдей жеріне жау аяғын бастырмай, тіпті керек болса, сүйегін де беруге тиіс 

болған. Сондайда егер жеңіске жетсе, шапқыншы жұрт ханының басын жер иесі, 

патшасы алады, керісінше, жеңіліс тапса, сол жолда ханның басы қасқайған күйі 

жау патшасының қолынан кесіледі. Бұл егер ашық соғыс болса, ал жымысқы жау-

гершілікте ол заң, әрине, жүрмейді. Аласапыран тұсында Әбілқайырдай, Кенеса-

рыдай хандардың қапталдан бас салған дұшпандардың қолынан қаза болған 

денесі мүмкін болған жерге жерлене салғанын түсінеміз. Ал енді бүгін сол 

ханымыздың моласын анықтап, бет-бейнесін қалыпқа келтіріп жатсақ, бұл – шы-

нын айту керек, ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің арқасы. Әбілқайыр 

хан бейнесі таяу да фотосуреті дайын болысымен Елбасымыздың назарына 

ұсынылған. Тәуелсіз елдің ғылыми ізденіс жұмысының нәтижесі мен осындай ұлы 

істегі тұтастыққа Елбасы өз ризашылығын білдірсе керек.

тика алаңы, суда жүзу бассейні, мұз ай-

дын, баскетбол алаңы, теннис залдары 

қамтылыпты. Көздің жауын алатын жеңіл 

атлетика залының три буналары – 336, 

мұз айдынның әмбе бап залы – 384, бас-

сейн залы 144 көрерменге есептел ген. 

Сондықтан да жаңа Оқушылар сара-

йы жас тардың рухани және мәдени да-

муы 


 

ның маңызды орталығына айнал-



Басы 1-бетте

табылады. Мұнда мемлекеттік және шет 

тілдер, әскери тәртіп пәндері тереңдетіліп 

оқытылады. Жаңа пайдалануға беріл-

ген мектептің қамтыған аумағы 24 мың 

шаршы метрді құрайды. Төрт қабатты 

оқу орнында 51 сынып, 500 орындық 

жатақхана, кітапхана, оқу және мәжіліс 

залдары, спорт залы, алты жолақты бас-

сейн бар. 

мақ. Сарайда студиялармен қатар, театр, 

дайындық алаңдары, оркестр, хор, би, 

балет және драма топтарына ар налған 

сахна, көрме залы орналасқан. Са-

райдың өз асханасы мен медицина 

орталығы, түрлі техникалық қызметтерге 

арналған бөлмелері бар. Оқушылар 

сарайының және бір ерекшелігі: онда 

170 орындық планетарий бар расытхана 

(обсерватория) жұмыс істейтін болады. 

Планетарийде 3Д технологиясын пайда-

лану арқылы панорамалық, сфералық 

және ғаламшарлық кескіндеме көрсету 

мүмкіндіктері де қарастырылыпты. Ос ын-

дай артықшылықтармен салынған за 

ма-


науи Оқушылар сарайы танымдық-эв 

рис 


-

тикалық, мәдени-ағартушылық, спорт тық-

сауықтыру және ұйымдастыру-әдіс темелік 

қызмет атқаратын елорданың бас ты білім 

беру институтына айналатыны сөзсіз. Са-

райдың қуат-қарқыны да ерен. Мә 

се-

лен, ондағы оқушылар үшін ашы латын 



40 үйірмеге бір мезгілде 3880 бала қа-

тыса алады. Дегенмен бір күн ішін де са-

райдың одан үш-төрт есе көп келу ші лерді 

қабылдауға да мүмкіндігі жетеді. 

8,3 гектар аумақты алып жатқан кешен-

ді «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 

тапсырысы бойынша «Базис құрылыс» 

ком паниясы 11 айдың ішінде салып бітір-

ді. Бұл да ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы 

қар саңында жастардың келешегі үшін жа-

салған зор сыйдың бірі болмақ. 

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

лар)



Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

ғылымы мұражайында доктор Андраш 

Биро ның жетекшілігімен жоғарыда аталған 

сүйек қалдықтарына жалпы антропо логия-

лық зерттеу жүргізіп, №92 объектіден та-

былған сүйектер мен ханның тікелей ұр-

пақтарының ДНК сәйкестігі 99,355% 

болған. Сондай-ақ қабірдегі сүйек иесінің 

бойы – 168-173 см аралығында, жасы 

қай тыс болғанда 55-65 аралығында бол-

ға нын, сондай-ақ ат құлағында ойнағанын, 

түр-келбетінде ержүрек батырға тән сипат-

тар мен ханға тән дарқандық болғанын 

анықтаған. Сөйтіп, бет-келбетін компью-

терлік реконструкциялаған және жақ сү-

йек 


терін гипспен реконструкциялаған. 

Оны танымал венгр ғалымы Агнеш Кустар 

жа саған. Әрине, бұл зерттеу тарихтың за-

ман ағымына сай жұмыс істейтінін дәлел-

десе, екіншіден, Әбілқайыр ханның сүйегін 

дәл анықтау арқылы келер ұрпаққа қазақ 

тарихындағы көрнекті қайраткер бейнесін 

қалдыруға үлкен келелі іс болды. Ал енді, 

расында, осы қалпына келтірілген бейне 

ұрпағының үдесінен шыға ма дегенге кел-

сек, осы отырысқа келген жасы 70-ті ал-

қымдаған ақсақал былай деді.



Сәрсенғали СЫДЫҚ,

 

Әбілқайыр ханның жетінші ұрпағы: 



– Осыдан бірнеше жыл бұрын төл 

теңгемізде бейнеленген атамыздың су-

ретіне қарап, «апырым-ай, мынау шы-

нында біздің атамыз ба, шынында түрі 

осындай болған ба, мен осы, расында, 

осындай бабаның ұрпағы болсам, неге 

ұқсамаймыз» деген сұрақ көкейде 

тұратын. Ал бүгін мына бет-бейнеден, 

шыны керек, мен өзімді тауып, көңі-

лім толқып тұр. Өзіме келсем, мен 

Әбіл қайыр ханның жетінші ұрпағымын. 

Ол кісінің Нұралы, Ералы, Айшуақ, 

Әділ, Шыңғыс, Қожахмет деген алты 

ұлы болғанын білесіздер. Мен соның 

Әділ деген баласынан тарайтын ұр-

пақпын. Әділден – Ағым мен Тоғым 

деген екі баласы, мен Ағымынанмын, 

одан Әбілжан, Әбілмомын, Есжан де-

ген үш бала туады. Есжаннан Ахмет, 

Бекжігіт деген балалар туады. Соның 

мен – Өтепалы деген, Өтеміс деген 

ұлынан. Өтемістің баласы Сыдық төре 

– менің әкем. Бізді негізі кезінде хан 

тұқымы деп қудалағанын да білесіз-

дер. Атақты Бақытжан, Арон Қара-

таевтармен туыспыз ғой. Солар 

өздеріне тықыр таянғанда «Сыдық 

бүгіннен қалмай Өзбекстан аспаса, 

ертең алып кетеді» деп адам жіберіп-

ті. Солай біз шекара сыртында тегіміз-

ді де айта алмай жүрдік. 1954 жылға 

дейін әкем тіс жармай келді, сол жыл-

дан бастап маған айтып, міне, бүгінге 

жеттік. 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№219 (671) 9.12.2011 жыл, жұма          



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

ӨРКЕНИЕТ

Тәуелсіздік нышаны – «Мәңгілік ел» қақпасы

Салтанат қақпасы – әлемдегі санаулы 

қа лаларға тән ерекше сәулеттік-мо ну мен-

тал ды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс 

рухын асқақтату немесе жасампаз жетіс тік-

тердің құрметіне қаланың кіреберісіне, 

үлкен жолдың бойына орнатылады. 

Ал тарихи тұрғыдан қарап, «Мәңгілік 

ел» сөздерінің мағынасына үңілсек, сонау 

XII–XIII ғасырларға шолу жасап, тарихтағы 

Шыңғысханның 25 жыл көлемінде-ақ Рим 

империясынан екі есе үлкен мемлекет 

құрып, мәңгі ел құру арманы мен идео ло-

гиясын іске асыруды мақсат тұтқандығын 

көре аламыз. 

«Моңғол» сөзін талқылай отырып, қы-

тай шежірелерінде кездесетін тұңғыш 

дерек саналып жүрген VIII ғасырдағы «Тан 

шу» кітабындағы «менъу» (мен гу) сөзіне 

тоқ 


талмауға болмайды. Осы дерекке 

сүйенген әлем тарихшылары моңғолдың 

бұ рыннан бар этнос екенін айтуда. Бұл 

сөзді (мен гу) қытайлар «ежелгілер, ежел-

гі ні сақтаушылар» деген мағынадағы ие-

ро глифтермен белгілепті. Ал, сайып кел-

ген 

де, «сақталынған, ежелгі» дегеннің 



ма ғы насы бәрібір «мәңгі, мәңгілік» екені 

сөзсіз.


Шыңғысхан мемлекетінің тарихын 

зерт теген орыс аудармашылары бойынша 

«Мён кэ-Кёкё-Тенгрин» сөзі «Вечное Синее 

Небо», яғни «Мәңгі Көк Тәңірі» деген ма-

ғы наны білдіріп, Тәңірі, Құдай, Алла сөз -

дерінің синонимі екендігін ұғын ды рады. 

Рашид ад-диннің де «Жамиғ-ат-Тауа-

ри хында»: «Большую часть тюрков теперь 

называют монголами» деуі түріктердің 

үлкен бөлігінің әп-сәтте ассимиляцияға 

ұшы рап, «моңғол этносы болып кетуінен» 

емес, «Мәңгі ел» деген бірлестіктің, одақ-

тың халқы болды деген ұғымды білдірген 

екен.


Салтанат қақпалары мемлекеттің жеңіс 

жо лында қол жеткізген тәуелсіздік символы 

болып саналатыны сөзсіз.

Ресейде 1714 жылдың 9 қыркүйегінде 

Ұлы Петр жаңа астана – Санкт-Петербургтің 

салына басталуының және теңіз жеңіс те-

рінің құрметіне салтанатты түрде Триум-

фал ды  арканы  ашқан.

Үндістанға кіретін Триумфалды қақ па-

лар (Gateway of India ағылш.) – араб-үнді 

сти лінде Бомбейдің теңіз жағалауында 

тұр ғызылған 26 метрлік базальтты арка 

Үндістанның тәуелсіздік алуының символы 

болып саналады.

Көне Қазақстан тарихында Күлтегін 

құр метіне арналған жазбаларда Түрік Қа-

ға  натының  Естеми,  Бумын  қаған  қатарлы 

баһадүр билеушілер Темір қақпадан 

Шань-дунь жазығына дейін, Тибеттен 

Байкал көліне дейінгі аса байтақ өңірде 

ме кен етіп, билік құрып, қол жеткізген же-

ңістері ата-бабаларымыздың теңдессіз 

жорық жолын көрсетеді.

1771 жылы Абылай хан әйгілі «Шаңды 

жо рықтан» кейін Түркістан қаласында ақ 

киіз ге отырғызылып, үш жүздің ханы деп 

жарияланды. Есіл және Нұра өзендерінің 

жағалауында ту тіккен Хан Ордасына орал-

ған нан кейін Төле, Қазыбек, Әйтеке бас-

таған дана билер Абылай ханды өзі шы-

ғар ған атақты жеңіс маршы – «Терісқақпай» 

күйін орындауымен қарсы алған. Белгілі 

қазақ музыкасы тарихын зерттеуші А.За-

тае  вич  осы  музыка  туындысы  туралы:         

«...Қазақтардың түсіндіруі бойынша, Абы-

лай ханның салтанатты шерулері кезінде 

бұл күйді атты домбырашылар ойнайды», 

– деп жазған екен.

Ескі аңыз бойынша, жоңғар басқын-

шы ла рымен күрестегі орасан жеңіске орай, 

Салқам Жәңгір ханның бұйрығымен әйгілі 

қолбасшы, Самарқанның билеушісі 

Жалаң  төс Баһадүр Есіл бойында Қара өт-

кел тас көпірін салған екен. Сол Қараөткел 

кө пірі қазақтың қайсар жігері мен теңдессіз 

жауынгерлік қуатының үлгісі ретінде небір 

замандар бойы өз даңқын паш етумен 

келген еді.

Туысқан Түркия Республикасының бұ-

рын ғы астанасы Стамбул қаласының Мәр-

мәр теңізі жақ жиегінде орын тепкен, 

ежел гі басқыншылардың өктемдік ізіндей 

көрінетін Ая София шіркеуін тек мұна ра-

ла рын ғана мешітке өзгертіп, ішкі бедерін 

сол қалпында қалдырып, музейге айнал-

ды рып қоюы – бүгінгі Түрік елінің Осман 

им периясынан жеткен арқалы рухының 

бір парасы екенін әлемнің әр түкпірінен 

сая хаттай келген әрбір адам терең сезіне 

алады. 


Бүгінгі таңда бой көтерер «Мәңгілік ел» 

қақпасын қазақ халқының түркітілдес ата-

ба баларымыздың сан ғасырлық ар ма ны-

ның іске асырылуы деп білуге болады.

Қақпа – алып аумағы бойынша әлем-

де гі тоғызыншы мемлекеттің бүгінгі биік 

мәр тебесі мен ертеңгі ерен еншісін ел-

жұртының жадына мәңгі сақтайтын тағ-

лым  ды дүние. Жай ғана ескерткіш емес

ұлттың ғасырлар бойғы арман-ойы мен 

өмірлік өнегесін үнемі еске салатын көрнекі 

тұғыр. 


Бұл сәулет нысаны Астананың сол жа-

ға 


лауындағы көкке бой созған зәулім 

ғимараттардың ортасынан ойып орын 

алып, ерке Есілдің сол жағалауындағы Ас-

та наның жаңа әкімшілік орталығы, қай та-

лан бас дара бейнесі бар толымды сәулет 

ансамблін түзбек: темірқазығы – Елба сы-

ның ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын 

«шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік 

және келісім сарайына, «Қазақ елі» мону-

мен 


тіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт 

сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-

жасыл желек жолды көктей өтіп, аспанмен 

тірескен алып ғимараттарға бағыт алмақ.

Елбасымыздың айтуынша: «Тәуел сіз-

дік ке арналған нышан – Салтанат қақ па сы 

ұрпаққа ой беруге тиіс, ол – еліміздің 

еңсесі тіктеліп, рухы көтерілгендігінің ны-

ша ны! Ол азаттығымызды әлемге айғақ тап 

тұратын болады және Тәуелсіздікке қол 

жеткен 20 жыл ішіндегі жас мемлекетіміздің 

табысын паш етеді».

Астанаға Салтанат қақпасының клас си-

ка лық негізі алынды. Классикалық ере же-

лер ге сәйкес, елордадағы «Мәңгілік ел» 

қақ пасы да нақты үйлесімділікпен ерек ше-

ле нетін болады. Салтанат қақпасының өл-

шем дері тепе-теңдік ережесіне бағынышты. 

Яғни нысанның биіктігі, ені мен терең ді-

гінің өзара сәйкестігі қараған адамның ішкі 

сүйінішін тудырып, көңіл толып, көз тоятын 

мақтаныш сезімін оятады. Сондықтан да 

бұл нысанға заманауи жаңа өлшем әдістері 

қолданылды. 

Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. 

Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының 

белгісі. Мұндай биіктік қала шегінде айқын 

көрінеді. «Мәңгілік ел» қақпасы – сәулеттік 

біртұтастығы тұрғысынан да, сыртқы қас-

бе тінің безендірілуі жағынан да ұлттық 

ерек шеліктерге толы, негізі берік, мазмұны 

толайым нысан. 

Қақпаның әрбір қабырғасының сим-

мет риялық өлшемдерінің теңдігі бірдей. 

Сондықтан да ол халықаралық әуежай жа-

ғы нан да (қалаға кіреберіс), қала жағы нан 

да (қаладан шығаберіс) бірдей кө рі неді. 

Әрбір қабырғаның төменгі табанында 

биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер 

бар. Композициялық тұрғыда бұл ба-

рельеф  тер нысанның төменгі жағында ор-

на  лас қан. Мұның өзі – орта бойлы адам-

ның көрер көзіне ыңғайлы әрі көрермен 

наза ры на нысанның толағай тұлғасын паш 

ету ге мүмкіндік береді. Түптеп келгенде 

осы ның бәрі қақпаға өзіндік әсер береді. 

Өз кезегінде тұғыр үстінде арнайы бос 

орындар бар. Бұл жерге қазақ ұлтының 

терең де тамырлы ішкі дүниесі мен сыртқы 

кел бетін ашатын рельефтік мүсіндер ор на-

тыл ған. 

Қақпаның сол жақ қапталында «Ақ са-

қал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың 

ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, да на-

лық тың символы. Санаға сіңген осынау 

дәс түрлі бейне «даналық», «данышпан», 

«ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы 

ұғым дармен астасады. Оның қазақы ерек-

шелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. 

Қақпаның сол жақ қапталында от иесі 

– «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні ор на-

тыл 


ған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін 

«Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды 

киелі ұлт тық ұғымдарына ұласады. Олай 

болса, ана бейнесі арқылы адамның 

дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы 

идео ло гем ма  айқын  көрініс  табады. 

Мүсіндердің әрқайсысының астында 

қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын 

тепкен. Ол мемлекеттің мәңгілігін, яки 

елдік тің негізгі рәміздерінің «шексіздік» 

ұғы мы мен астасып жатқанын білдіреді. 

Түркі халық тары үшін бұл таңбалар – бәле-

жала дан сақтаушы және Айдың жарығы 

мен Күннің жылуы, махаббат пен мейірім 

бұлағындай киелі бейнелер. 

Әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба 

орналасқан. Елтаңба құрылымға ерекше 

салтанаттылық бере отырып, оның мем ле-

кеттік мән-маңызын көрсетеді әрі мем ле-

кет тік рәміздеріміздің толайым бейнесін 

аша түседі. Қақпа ойығының сызығы таза 

шығыстық та, таза батыстық та үлгіде емес, 

ерекше ұлттық нақышта жасалған. Сыртқы 

бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» 

жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уа-

қыт қа тәуелсіз киелі қорғаны. 

Композицияның жоғарғы бөлігін тұтас 

күрделі ою-өрнектер шоғыры алып жатыр. 

Дәл осы өрнектер мемлекетіміздің Көк 

бай рағында да көрініс тапқан. Мемлекеттік 

Туға тән күн мен қалықтаған қыран бей не-

сін дегі символика бүкіл композицияның 

өзе гіне айналған. Күн – өмірдің, күш-қуат-

тың көзі. Қыран – рәміздер тілінде билікті, 

кеңдік пен қырағылықты білдіреді. Ұл ты-

мыз дың дүниетанымында ол – бостан дық-

тың, тәуелсіздіктің, шырқау көкке, биік 

Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш 

Президенті – Елбасымыз 

Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың биылғы 

еліміздің әрбір азаматы 

үшін қашанда қарымынан 

қуат, қоғамынан сауат ескен 

мемлекеттіліктің айшықты 

белгісі болған Қазақстан 

Тәуелсіздігінің айтулы 20 

жылдығы қарсаңында 

елордада сәулет туындысын 

тұрғызу идеясының 

нәтижесінде Астанада асқақ 

рухымыздың тағы бір символы 

– «Мәңгілік ел» салтанат 

қақпасы бой көтермек. Осы 

орайда, біз қалың оқырманға 

осы бір ерекше құрылыстың 

жан-жақты сипаттамасын 

ұсынып отырмыз.

мақ саттарға ұмтылудың, болашаққа қанат 

қағудың символы. 

Қақпаның төрт бұрышы бағаналармен 

бекітілген. Бұл оның классикалық стилін 

айшық тай түседі. Қақпаның сол жағындағы 

орында көшпенді сарбаздың, ал оң жа-

ғын 


да қазіргі Қазақстан жауынгерінің 

мүсіні орналасқан. Ежелгі көшпенділер 

сар базының мүсіні қазақ батырларының 

жан қияр ерліктері мен қаһармандығын 

бейнелейді, ал оның сыртқы стилі Аңы ра-

қай шайқасы кезеңіне негізделген. 

Жалпы алғанда, бұл мүсіндер жиын ты-

ғы қазақ халқы үшін қастерлі ұғым – ел 

қор ғау ісінен бастау  алады. Жаугершілік 

та қы рыбы сонау көшпенділер сарбаз да-

ры нан қазіргі заман әскерлеріне дейінгі 

соғыс салттарын дәріптеп, қаһармандық 

та рихын паш етеді.

Ұлы Әмір Темір бабамыз салған Қожа 

Ах мет Ясауи кесенесіндегі Тайқазан кө шір-

ме лері де қақпаның екі жағынан орын 

алмақ. «Тайқазан» мүсіні орналасқан өзін-

дік орындармен ерекшеленеді. Түркі ха-

лық  тары үшін «Тайқазан» тыныштық пен 

тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай 

пейілдің терең ұғымын білдіреді. Осынау 

бай мазмұнды көрініс тарихтың уақыт кө-

шін дегі ел жетістігінің бейнесін білдіретін 

Салтанат қақпасының біртұтас идео ло гия-

лық тұжырымдамасына енгізілген. 

Сондай-ақ қабырғалары қазақтың күр-

делі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ор-

та сына қазақ жауынгерінің бес қаруының 

бірі – қалқан орналасқан. Қалқан – қа-

шанда қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, 

тұрақ  ты лық,  жеңістің  белгісі.  «Қалқан» 

дегенде, ойға бірден батырлық пен ерлік 

оралады. Бағзы замандардан бері қолына 

қалқан ұстаған батыр бейнесі жеңістен ха-

бар бер ген. Пішіні мен безендірілуіне қа-

рап, бұл қалқанның көшпенділер сар ба-

зына тиесілі екенін білуге болады. Атап 

айт  қанда,  қал қан ның  қақ  ортасындағы 

аттың қылы  оның көшпенділерге ғана тән 

айрықша белгісін танытады.

«Мәңгілік ел» қақпасы маңында 

орналасқан  Астанаға кіреберістегі даңғыл 

жол мен саябақ бар. Жалпы, дәстүрлі түрде 

Салтанат қақпалары үлкен жолдардың 

бойына, қаланың кіреберісіне қойылады. 

Өзінің негізгі мазмұны мен идеологиялық 

маңызын бұзбай, Астанадағы «Мәңгілік 

ел» қақпасы да Орынбор көшесінің орта 

тұ сынан бой көтерді. Бұл нысанның сәу-

лет тік құндылығының ерекшелігіне бай ла-

ныс ты оған жету және өту жолдары ерекше 

тәр тіппен жобаланған. Өту жолдары «Мәң-

гілік ел» қақпасының екі жағынан ай на ла-

ды. Саябақ жағында жерасты жолы бар. 

Одан шығатын тұс тамашалаушы-көрермен 

мен саябаққа өтушілерге қолайлы болу 

үшін көлік жүретін жолдан бөлек ор на тыл-

ған. Өту жолы екі жағынан да симметриялы 

түсіп, «Мәңгілік ел» қақпасының дәл ас ты-

нан жүргізілген. 

Қақпаның орталық бөлігінде тағы бір 

шығу жолы бар. Бұл келушілерге «Мәңгілік 

ел» қақпасының серуен алаңына тура шы-

ғуға мүмкіндік береді. Қақпаның ішкі жа-

ғы  ның екі қабырғасы да рельефті сурет-

тер 


 

мен әшекейленген. Қақпаның ішкі 

жа ғын дағы екі қабырғаның әрбірі 7 х 3,5 

метр болатын бедерлі суреттермен әше-

кей  лен ген. Олардың бірінде «Сақтар» – 

«Түр  кілер» – «Қыпшақтар» – «Қазақтар» 

тіз  бесіндегі қазақтың шығу тарихының 

ке  зе ңі көрсетілген. Бас тақырып – қазақ 

ұл  ты үшін тарихи мәні мен маңызы зор 

«Ұлы көш» сөзі. «Ұлы көш» ұғымы – көш-

пен ділер өркениетінің философиялық не-

гізі, яғни алға жылжу мен дамудың бей-

не сі.

Келесі қабырғаның бас тақырыбы ең 



қастерлі ұлттық құндылық – Тәуелсіздікке 

арналады. Мұнда Қазақстан Тәуелсіздігінің 

бастауын айқындайтын тұңғыш заң на ма-

лық құжат – Ел егемендігі туралы дек ла ра-

ция көрсетілген. Өрнекті қабырға бүгінгі 

Тәуелсіздіктің мазмұнын ашып, мағынасын 

тарқататын Ақорда, Бәйтерек және бас қа 

да нысан суреттерімен бедерленген. Бола-

шаққа деген батыл қадамды жас буын ға 

арналған  бедерлі  суреттер  бей не лей ді. 

Жоғарғы жағында көлемді көру мұ на-

ра сы бар. Құрылыстық тұрғыдан «Мәңгілік 

ел» қақпасын тұрғызу барысында жарқын 

түсті жоғары сапаға жауап беретін мате-

риал дар  қолданылуда. 

Алаштың айбыны, бар қазақтың ортақ 

Ота ны – Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жаса-

сын!


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет