Дат! 6-б етте Шерхан МҰртаза



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№219 (671) 9 желтоқсан

жұма 2011 жыл

ДАТ!

6-б

етте

Шерхан МҰРТАЗА:

Менімен бірге туған ұрпақ 

қырылып қалмағанда,

бүгін 30-40 миллионға 

жетер ме едік...

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,64

197,91

4,72

23,21

1,34

12196,37

1485,26

1143,67

110,10

1740,90

Бас қолбасшы болашақ 

генералдармен кездесті 

5-бет

6-бет

7-бет

Ереуіл атқа ер 

салған Исатайдай 

ер қайда?!

Альфара 

музыкалық 

аспабы жасалды

Тәуелсіздік айнасы

ҚҰБЫЛЫС

Күн мен Айдың тұтылуы жөнінен биыл рекордты 



жыл екені белгілі. Күнге қатысты мұндай құбылыс төрт 

рет байқалған еді: қаңтардың 4-інде, маусымның 

2-сінде, шілденің 1-інде және қарашаның 25-інде. 

Соңғы екі құбылысты қазақстандықтар тамашалай 

алмады. Ал Ай бұған дейін маусымның 15-інде толық 

тұтылды. Бұл жолғы құбылыс Астана уақыты бойынша 

18.30-дан асқан кезде біртіндеп басталып, төрт сағатқа 

созылады. Бірақ тұтылудың толық фазасының ұзақтығы  

51 минут қана. Сағат тілі 20.05-тен жылжығанда Ай 

Жердің конус пішінді көлеңкесінен болатын қараң ғы-

лыққа түгел еніп, оның беті қою қызыл түске боялады. 

Астрофизиктер әдетте мұндай құбылыстың аса сезімтал 

адамдарға қандай да бір әсері болатынын жасыр-

мағанымен, оған алаңдамауға шақырады. В.Г.Фесенков 

атындағы астрофизика институты мамандарының 

мәліметінше, бұл – 2011 жылдың үлесіне тиетін соңғы 

тұтылу құбылысы. Астрономиялық ірі құбылыстардан 

енді желтоқсанның 22-сінде күннің қысқы тоқырауы 

болады. Былтыр Айдың толық тұтылуы күннің 

қысқаруымен сәйкес келген еді. Мамандардың 

айтуынша, күннің қысқы тоқырауымен сәйкес келетін 

тұтылу құбылысы бұдан соң тек 2094 жылдың 

желтоқсанында ғана қайталанады. Биыл Жердің 

табиғи серігі тоқыраудан 12 күн бұрын тұтылмақшы.



Болатбек МҰХТАРОВ

Айдың толық 

тұтылуын 

тамашалаймыз

Желтоқсанның 10-ы күні кешкісін 

қазақстандықтар Айдың толық тұтылуын 

бақылай алады. Мұндай құбылыс биыл 

осымен екінші рет болайын деп тұр. 

ОЙ-КӨКПАР 



Мемлекет қаржысын ақтамай отырған спорт түрлерін қаржыландыруды шектеу керек пе?

ИӘ

– Дәл қазір менің қолымда «белгілі 

бір спорт түріне осынша мөлшерде 

қаржы бөлінеді, бірақ ол спорт түрі өзін-

өзі ақтап отырған жоқ» деген ақпарат 

жоқ. Десе де, мемлекет тарапынан 

қаржы бөлініп, бірақ ешқандай нәтиже 

көрсете алмаса, міндетті түрде ол спорт 

түріне бөлінетін қаржы мөлшерін шектеу 

қажет. Мысалы, «Қыран» федерациясы-

на мемлекет тарапынан қаржы 

бөлінбейді. Бірақ ұлттық спорт түрлерін 

дамыту керек дейміз. Жыл сайын екі рет 

«Сонар» ұйымдастырамыз. Облыстық 

әкімшіліктерден азын-аулақ тиын-тебен 

берілетіні болмаса, басқа қаржы көзі 

жоқ бізде. Мен кезінде осы қаржыны 

ұйымдастыру жөнінде ұсыныс айтқан 

болатынмын.   

ЖОҚ

– Бұл сұрақ онсыз да спортқа қаржы 

бөлгісі келмейтін шенеуніктердің оң жам-

басына келіп тұрған сияқты. Егер қисынға 

салып қарайтын болсақ, қандай спорт түрі 

болмасын,  алаламай  қар жы лан дырылуы 

қажет. Мысалы, Қазақстан футболын алып 

қарайықшы. Еліміздегі ең әлсіз саланың 

бірі осы – футбол. Ұлт тық құрамамыз да, 

клуб тық ұжымдар да Еуропаның азулы 

ко мандаларын  айт па ған да,  деңгейлес 

фут болшылардан да жеңіліп жүр. Енді 

өзін-өзі ақтамайтын са ла деп, осы футбол-

ды айтсақ болады. Сонда көрсеткіш осы-

лай болды екен деп футболды назардан 

тыс қалдыруымыз керек пе? Мен мұнымен 

ке ліспеймін. Футбол командаларымыз се-

німді ақта май отырса, ол – біздегі мек теп-

тердің  қа лып таспағандығында!   

4-бетте

Нұрлан ӨНЕРБАЕВ,

«Қыран» федерациясының 

президенті:

Есенжол АЛИЯРОВ, Қазақстан 

гуманитарлық саяси конъюнктура 

орталығының президенті:

Қай спорт түрі болмасын, мемлекеттің 

әлемдік аренада атын шығаратын құдіретке 

ие екенін жалпақ жұрт жақсы біледі. 

Спортшыларының Олимпиада ойындарын-

да, әлем біріншіліктерінде топ жаруы – мем-

лекет үшін абырой. Сондықтан кез келген 

мемлекет спорт түрлеріне қаржы бөліп, 

демеп жатады. Біздің ел де спортқа қаржы 

бөлуде аянып қалмайды. Бірақ нәтиже 

мен жетістіктеріміз біз ойлағандай болмай 

жатады. Осыған байланысты «Мемлекет 

қаржысын ақтамай отырған спорт түрлерін 

қаржыландыруды шектеу керек пе?» деген 

мәселені көтеріп отырмыз.

Сергей СОБЯНИН, Мәскеу мэрі:

– Көшеде кептеліс. Сол кеп-

телісте жеке автокөліктер де, қо-

ғамдық көліктер де тату-тәтті 

жара сып тұр. Және солар кеп те-

лісте бірге тұрғандығына мәз-

мәй рам болып, бір-біріне қа ра са-

ды. 


(Итоги.ру сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

Алаш жұрты Әбілқайыр ханымен қауышты

Күні кеше Алматыдағы ұлттық баспасөз клубында 

елі міздегі Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және эт но-

логия институты «Хан моласы» некрополы ғылыми 

зерт теуі нәтижесінің №92 және №178 объектілерінің 

гип 


стен жасалған реконструкциялау барысының 

Ақсарбас! Алмағайып заманды 

басынан аз өткермеген Алаш баласы 

үшін бүгін өлгені тіріліп, өшкені 

жанған күн туып отыр. Қазақ даласын 

жоңғар қолы бір емес, бірнеше мәрте 

шабуылдап, ел мен жердің тағдыры 

жау қолына өтіп кету қаупі туған сонау 

бір кезеңде Ресеймен одақтасу жөнінде 

шешім шығарған Әбілқайыр ханның 

бассүйегі қалпына келтірілді, хан 

сүйегінің ДНК сараптамасы ұрпағымен 

99,355% сәйкес келді! 

Жыл аяқталар тұста Тәуелсіздік 

мерекесімен қарайластырып 

байтақ Астанада жаңа 

кешендерді ашу, ел игілігі үшін 

жоспарланған нысандарды 

іске қосу әдеттегі дәстүрімізге 

айналып келетіні жасырын 

емес. Мерейлі 20 жылдықтың 

межесіндегі биылғы дәстүріміз 

де ерекше атқарылып келеді. 

Соның бір мысалы ретінде 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  

кеше Астанадағы генерал                            

С.Нұрмағамбетов атындағы 

«Жас Ұлан» республикалық 

мектебінің жаңа кешенінің ашылу 

салтанатына қатысты.

Мәриям ӘБСАТТАР

РУ

Х



Жалғасы 2-бетте 

Қазақстанның жас сарбаздарын мектеп қабыр ға-

сынан бастап шыңдау, оларды жауынгерлік-пат риот-

тық бағытта тәрбиелеп, мемлекеттің ертеңіне сенімді 

тірек ету мақсатында осындай бірегей арнайы оқу 

орнын құру туралы идеяның авторы Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлының өзі болатын. Сондай мақсатта осыдан 

12 жыл бұрын, яғни 1999 жылы Президент Н. На-

зар баев  Астананың ескі бөлігінен болашақ Отан қор-

ғау 


шыларды тәрбиелейтін «Жас Ұлан» мектебін 

ашқан еді. Ендігі күні ұландар өз оқуларын Астананың 

батысында бой көтерген еңселі де жаңа ғимаратта 

жалғастыратын болады. «Осынау жаңа ғимараттың 

сыныптары жас сарбаздар үшін оқу үрдісіне өте қо-

лай лы етіп салынған. Сондықтан да зор қуа ныш та-

мыз. Биыл біз мектебіміздің 12 жылдығын атап өткен 

едік. Ал Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында бізге, 

біздің ұландарымызға мемлекет тарапынан зор сый-

құрмет көрсетілгені үшін алғысымыз шексіз», – деді 

аталған мектептің басшысы Марат Ботин. Оның сө зі-

не қарағанда, елордадағы еңселі оқу орнында елі-

міздің барша өңірінен іріктелген жасөспірім ұландар 

7-11 сыныптық білімді алады. Сосын мек теп  ті тә мам-

даған түлектер еліміздегі және шетел дер де гі жоғары 

әс кери оқу орындарында білімдерін жал ғастыруға 

мүм кіндік алатын болады. Бұған дейін мек теп қабыр-

ға сынан 10 мәрте түлектер қанаттарын қақ са, со лар-

дың басым бөлігі қазіргі кезде Қазақстан Қа рулы 

Күш 


терінің сапында офицерлік қызметпен Отан 

алдындағы борышын абыроймен атқарып жүр. 



Қанат ҚАЗЫ

тұсау кесерін жасады. Аталған институт директоры 

Хангелді Әбжанов, жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор 

Серік Әжіғали, Жалпы генетика және цитология инс-

ти тутының директоры, биология ғылымының кан ди-

да ты Ләйла Жансүгірова, сондай-ақ Әбілқайыр хан 

ұр пақтары  қатысты.

Хангелді ӘБЖАНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих 

және этнология институтының директоры: 

– Бүгін – қазақ ғылымындағы айрықша күн-

дер дің бірі. Ұзақ жылғы зерттеуден кейін Әбіл-

қайыр хан ның бассүйегі, түр-келбеті қалпына 

кел тіріліп, мінеки, алдарыңызға келді. Мұндай 

ғы лыми же тіс тік Қазақстанға жат емес, кезінде 

батыр  ба ба мыз  Махамбет  Өтемісұлының  бас 

сүйе гі  ре конс трук цияланған  болатын,  сосын  Қо-

быланды ба тыр дың да, Әйтеке бидің де бас 

сүйек тері  зерт тел генін  білесіздер.  Демек, 

Әбілқайыр хан бас сүйегінің қалыпқа келтірілуі 

де – бүгін шыға сал ған нәтиже емес, ертерек бас-

тал ған істің жалғасы, жемісі. Айта кетерлігі, бұған 

Ре сейдің, Венгрияның да ғалымдары араласты. 

Мы на алдарыңызда тұр ған бюст Венгрияда қал-

пына келтірілді.

Жалғасы 2-бетте 

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Сәрсенғали СЫДЫҚ – Әбілқайыр ханның жетінші ұрпағы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№219 (671) 9.12.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ҚОҒАМ


Қазақстан аруы кім болды?

«Байқоңыр» қандай фильм?



«Германия режиссері «Байқоңыр» атты фильм түсіріпті» деп 

естідім. Ол біздің ғарыш айлағы жайлы ма, әлде тек аты солай, 

заты басқа ма? Фильм неге «Байқоңыр» деп аталады?

Гүлжан ДОСЖАН, Астана қаласы

Әлемдік киноиндустрия бү гін де 

әлдеқайда алға озып кеткенін 

білеміз. Бұл ретте де белгілі неміс 

режиссері Файт Хельмер «Бай-

қоңыр» деп атай отырып, қа зақ тың 

«Байқоңырын» да көр сете ді. Бірақ 

жанрын  коме дия лық  дра маға 

құрып, әдемі бір форма таба біл-

ген. Фильм ғарышкер әй ел ге ға-

шық болған қазақ жігіті жай лы. 

Француз турисі Джулия Махе «Бай-

қоңырдан» ғарышқа ұшып, қай та 

оралған соң, қазақ жі гіті Ес кен дір-

мен кездейсоқ танысып қа лады. 

Ел-жұрт Гагарин деп атап кет кен ол 

жігіт сұлу қызды бір өлім нен құт қа-

рып қалады. Фильм нің тұсау кесері 

алдымен үсті міздегі жыл дың қыр-

күйегінде Гер манияда кесілді, енді 

бүгінде елімізге де кел ді. Алдағы 

күндері Алматы, Ас тана кинотеатр-

ларынан көріп қаласыздар. 

РУ

Х



Жақында өткен «Қазақстан аруы» байқауының нәтижесі қандай? 

Ең сұлу қыз кім болды екен?

Марина ДЛИМОВА, Алматы

«Қазақстан аруы – 2011» байқауы-

ның ақтық сыны Алматыдағы Inter-

con tinental қонақүйінде өткен.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы 

қар саңында ұйымдастырылған сән 

байқауының ақтық сынында 20 бой-

жеткен Қазақстанның ең сұлу аруы 

атағына бақ сынасты. Арнайы іріктеу-

ден өткен ең таңдаулы ару қыздар екі 

апта бойы ән айту, актерлік шеберлік, 

макияж жасау, интеллектуалдық бай-

қау және бұдан өзге де 10-ға жуық 

сын нан, көптеген кастингтен сүрін бей 

өтіп, түрлі әлеуметтік және қайы-

рымдылық акцияларға қатысты.

Ақтық сында әділ қазылар алқасы 

мен көрермендердің SMS дауыс беруі 

арқылы 20 үміткердің арасынан бес 

ару финалға шықты. Бес сұлудың іші-

нен талдықорғандық Айнұр Төлеуова 

«Қазақстан аруы» атағына лайық деп 

танылды. «I ару» атағын астаналық 

Мария Горбулько жеңіп алса, «II ару» 

атағын Арна Абдрахмани иеленді, ал 

«III ару» атағына Өскемен қаласының 

сұлу қызы Әсем Мамаева ие болды.

Қазақстанның ең сұлу қызы 

атағының иегері Айнұр Төлеуоваға 

сұлулық тәжімен қатар, тұңғыш 

рет бай қау тарихында 37 гауһар 

тастан тұра тын алқа сыйға тар-

тылды. Сон дай-ақ бас жеңімпаз 

«Әлем аруы – 2012» халықаралық 

байқа уына  Қа зақстан ның  атынан 

қатысуға жолдама алды. Тәжді 

«Қазақстан аруы – 2010» байқа-

уының жеңім пазы Жанна Жұма-

лиева табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, ең сұлу 

қыздар арасындағы сұлулық хан-

шайымы тәжіне күрес мамырдың 

1-інде басталды. Сол уақыт ара-

лығында әр өңір өз аруын анықтады. 

Байқауларға жалпы саны 300-ге 

жуық ару қатысты. 



Бас қолбасшы болашақ генералдармен кездесті

Сондай-ақ кеше Елбасы Нұрсұлтан На-

зарбаев елордада жаңадан бой көтерген 

көркем ғимараттардың бірі – Оқушылар 

сарайында болып, нысан 

ның салыну 

жос парымен,  материалдық-техникалық 

жа рақ талуымен  жан-жақты  танысты, 

кешенді аралап көрді. Жалпы ауданы 

60 мың шаршы метрді құрайтын төрт 

қабатты бірегей ғимаратта жеңіл атле-

Жаңа ғимараттағы ашылу салтана-

тында жас жауынгерлерге деген сенімнің 

жоғары екенін Елбасы да білдіріп өтті. 

«Мемлекет болғаннан кейін оның өз 

әскері қалыптаспаса, Тәуелсіздікті қорғау 

еш мүмкін емес. Сондықтан да Астанаға 

көшіп келген алғашқы жылдары мен осы 

мектепті құрдым. Осында оқып жатқан 

ұландардың барлығы отансүйгіш, хал-

қын әр уақытта жақтайтын болады. Мен 

олардың ата-бабамыздан қалған жер-

ді, Отанымызды, Тәуелсіздігімізді жан 

ая 


май қорғайтынына сенемін», – деп 

ашылу салтанатына сөз арнаған Елбасы 

«жасұландықтардың» қатарынан келе-

шек әскери қолбасшылар шығатынына 

үлкен үміт артты. Мұнымен қоса Мем-

лекет басшысы жаңа мектепті аралап 

көргеннен кейін жас ұландарға спорттық 

киімдер жиынтығын сыйға тартты. Айта 

кетейік, «Жас ұлан» мектебі жалпы орта 

білім беретін арнайы оқу орны болып 

ЖАҢА НЫСАН

Ұлттық музыка өнеріне, оның ішінде домбыра өнеріне баулуда 

күйлердің атқаратын рөлі ерекше. Ұлттық күй өнерін үш салаға 

бөле отырып қараған жөн. Бірінші – халық күйлері, екінші – тарихи 

күйлер, үшінші – бүгінгі күйші сазгерлер күйлері. Музыка көзбен көріп, 

қолмен ұстайтын бейне жасай алмайды. Оның басқа көркемөнерден 

айырмашылығы – адамның ішкі сезімін оятып, көңіл күйін дыбыс әуені, 

саз, ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде. Сондықтан мектепке келген 

сәбидің ұлттық музыкалық түйсігіне мұғалім қандай ұлттық өрнек салса, 

өрнек сәби жүрегінде мәңгі қалады.

Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебе-

сіне ие болуы ұрпақ тәрбиесін жаңаша қа-

рауды, оны жақсарту жолдарын нақты ай-

қындауды талап етеді. Қоғамның жаңаруы 

ғылым мен білімге тәуелді. Домбыра – 

қа зақ музыкалық мәдениеті тарихында, 

ел ішінде ең көп тараған, ерте заманнан 

халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, 

рухани жан серігіне айналған музыкалық 

аспаптардың бірі. Домбыра үйрету бағ-

дарламалары қазіргі уақыт талабына сай 

жаңартылып, толтырылуда.

Домбыра – халық даналығының туын-

дысы. Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздікке 

қол жеткізгелі бері ұлтты айқындайтын не-

гізгі белгілердің бірі – ана тілі мәселесімен 

қоса, ұлттық өнерге де біраз көңіл бөлінген 

секілді.

Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлеке-

тіміздің болашағына тұтқа болар білімді де 

білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі 

күн 

нің кезек күттірмейтін міндеттерінің 



бірі.

Музыка өнерінің мақсаты – өскелең 

ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазы-

наларымен сусындату, дүниежүзілік үздік 

музыка өнерінің шығармаларына баулу, 

олардың әлемдік эстетикалық көзқарасын 

кеңейте отырып, оған деген көзқарасты 

қа лыптастыру.

Өнерге тәрбиелеуде музыкалық шы-

ғар маларды тыңдату арқылы балалардың 

ер кін қиялына қанат бітіріп, өзіндік шы-

ғармашылық әрекет жасауына ықпал етіп, 

оның қызығушылық ынта-жігерін артты-

руына жағдай тудырып, жетелеп отыру 

қа жет. Дүниежүзіне Тәуелсіздігімізді паш 

ете тін тіліміз бен өнеріміздің, оның ішін-

де қасиетті домбырамыздың мәртебесін 

көте ру, тереңірек зерттеу – бүгінгі ұрпақ 

міндеті.

Осы домбыра аспабын негіз ете оты-

рып, «Арнау» фольклорлық ансамблі құ-

рылды. «Арнау» фольклорлық ансамбль 

болғандықтан, оқушының талабына, жас 

ерекшелігіне қарастырылып алынды. 

Оның ішінде домбырамен қоса, қазақтың 

кө не ұлттық аспаптарын: сазсырнай, жеті-

ген, қылқобыз, дабыл, шаңқобыз, дауыл-

паз, асатаяқ т.б. аспаптарды қосымша 

үй рете отырып, оқушының қазақ музыка-

сына деген қызығушылығын арттыру көз-

делді. Алғаш рет репертуар таңдағанда 

әр аспаптың үнін үзінді ретінде тыңдата, 

көрсете отырып, біртұтас музыкалық шы-

ғарма ретінде ойнатылады. 

Әр дайындық үстінде шығарманың 

мағынасын түсіндіре отырып, оқушының 

талабын байқай, ой-пікірімен санасқан жөн 

болар. Ұстаздың міндеті – баланың қия лын 

дамытуға жағдай жасап, шеберлікпен ба-

ғыт беріп, басшылық жасау. Ұстаз ұлттық 

мә де ниет үрдістерін өркениетті өмір мен 

бай ланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана 

білуге міндетті. Мол адамгер шілік тәр бие нің 

аталмыш қасиеттерін баланың бо йына да-

рыту әдістерінің бірі – ұлттық өнер.

«Халықты халықпен, адамды адаммен 

теңестіретін – білім» деп Мұхтар Әуе зов 

атап көрсеткендей, рухани ұлттық қа-

жеттілікке жараған білім ғана – ең мықты 

білім, рухани ұлттық тәрбие алған ұрпақ 

қана болашақта Тәуелсіздікті баянды ететін 

ұрпақ бола алады. 



Нұргүл ӘКІМҒОЖИНА,

күйші, №2 Глиэр атындағы 

Балалар музыка мектебінің ұстазы 

ТӘРБИЕ


Домбыра – ұлттық мұрамыз

Қандай сайлау болсын оның әділ әрі ашық өткені маңызды. Осы шарт 

мейлінше толық қамтылғанда ғана сайлау нәтижелерінің әділдігі мен 

сайлаушылардың шын қалауы турасында айтуға болады. Ал сайлау ашық 

әрі таза, қиянатсыз өтуі үшін оған қоғамдық бақылау қажет. Мұндай 

қоғамдық бақылауды, әлбетте, елдегі азаматтық ұйымдар атқаратыны 

белгілі.

Бір күн бұрын ғана Астанада өткен 

«Сай лау – 2012: рейтингілер мен болжам-

дар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге 

қаты 

сып, өз болжамдарымен бөліскен 



«Де мо кратия институты» ғылыми зерттеу-

лер қа уымдастығының жобалар директо-

ры Юлия Кучинская кеше Ұлттық баспасөз 

клу бында алдағы сайлауда атқарар іс-ша-

ра ларынан да хабардар етті. 

«Дауыс беретін күні, яғни 2012 жыл-

дың 15 қаңтарында сайлау учаскелерінде 

дауыс беріп шыққан азаматтарға Exit Pool 

технологиясы бойынша сұрау салына ды. 

Бұл күні шамамен 50 мыңға жуық сай-

лаушыны сауалға тарту жоспарлануда. 

Са уал намаға ауылдық және қалалық елді 

ме кен дердегі электорат бірдей кең ауқым-

да тар тылмақ», – деген Ю.Кучинскаяның 

сөзі 

не қарағанда, Exit Pool нәтижелері, 



Қазақ стан Республикасының «Сайлау ту-

ралы» Заңына сәйкес, қаңтардың 15-інен 

16-сына қараған түні арнайы баспасөз 

мәс лихатында  таныстырылады. 

Осы орайда «сайлау нәтижелеріне 

қатысты оқырманның ойында Exit Pool 

же лісі арқылы алынған мәліметтер қан-

шалықты нақты немесе оның жалпы сай-

лау барысын көрсете алатындай мүмкіндігі 

бар ма» деген сауал туындайтын да бо-

лар. Бірақ біз сөз етіп отырған инсти-

тут – нарықта 16 жыл істеп келе жатқан, 

еліміздің барлық аймағында тарамдалған 

желісі бар ұйым. Оның үстіне олардың 

сайлауға қатысты жүргізетін сауалнамала-

рына қаржылық жағынан Қазақстанның 

азаматтық альянсы қолдау білдіретіндік-

тен, басқадай мүдделерге бұруына да не-

гіз жоқ. «Ал Exit Pool бірінші кезекте сай-

лаудың ресми қорытындылары қан ша лық 

нақты болғандығын салыстыру үшін керек. 

Екінші жағынан, ол сайлаудың қан шалық 

ашық, транспарентті өткендігін са ра лауға 

да мүмкіндік береді», – дейді «Қазақ стан-

ның азаматтық альянсы» заңды тұл ғалар 

бірлестігінің атқарушы директоры Алина 

Хамат динова.

Юлия КУЧИНСКАЯ, 

«Демократия институты» 

ғылыми зерттеулер қауымдастығының 

жобалар директоры: 

– Бізде қарашаның 18-19 күндері 

жүргізген сауалнаманың нәтижелері 

бар. Онда біз «егер таяу жексенбіде 

Мә жі ліске сайлау өтетін болса, сайлау 

учас 

келеріне келіп, дауыс берер ме 

еді ңіз» деген сауал қойған едік. Оған 

жа уап бергендердің 61 пайыздан аста-

мы «иә» деді. Демек, бұл елдің басым 

көпшілігі сайлауда белсенді болып, да-

уыс беруге келетінін көрсетеді. 

Ал қалған 40 пайызға келсек, 9 пайы-

зы «жоқ» десе, тағы 9 пайыз азаматтар 

«кел 


мейтін шығармызға» саятын жауап 

берген көрінеді. Негізінде, қай елде бол-

сын эл ектораттың 20 пайыздайы сай лауға 

қа тыс пай жатады. Бұл – әлемдік тәжі-

рибеде бар нәрсе. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал