Дат! 6-б етте Еркін жуасбек



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата09.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Нұрман ЖҮНДІБАЕВ, Қорқыт ата 

атындағы Қызылорда мемлекеттік 

университетінің оқытушысы:

– Расында, ежелден біздің 

халықпен етене болған Еділбай 

қойының кезінде көзден таса қалып 

қойғаны жасырын емес. Әрбір 

халықтың өзіне тән қой тұқымы бар. 

Мәселен, славян халқының 

романовск, америкалықтардың 

линкольн деген қойлары бар. Біздің 

Еділбай олардан бір мысқал да кем 

түспейді. Оны ұлттық бренд есебінде 

бағалауымыз тиіс. Қазір елдің 

арасында оған көңіл бөліп жүрген 

адамдар баршылық. Дегенмен әлі де 

іргелі шаруашылықтар кемде-кем. Бұл 

мақсатта мемлекет тарапынан тиісті 

деңгейде назар аударылғаны дұрыс 

болар еді. 

Адамзат баласы қой малын есте жоқ 

ескі заманнан қолға үйреткен. Кейбір 

дерек терде оның осыдан 10-11 мың жыл 

бұрын қолға үйретілгені айтылады. Сол 

заманда біздің жерімізді мекен еткен 

бабаларымыз қойға көңіл бөлген екен. Бір 

сөзбен айтқанда, біздің халқымыз үшін 

түліктің бұл түрін өсіру таңсық шаруа емес. 

Алайда ауыздыға сөз бермей, өзімізді төрт 

түлікті түлеткен ұлттың ұрпағымыз деп 

кеуде кергенмен, оның бағасына жетіп, 

қамқорлық жасауға келгенде жүзімізді 

жасыруға тура келетіндігі жасырын емес. 

Ұлттық брендке айналар құндылық ұмыт 

қалып қоймай ма деген сауал мазалайды 

бізді. 

Бүгінгі таңда қазақы қой тұқымдарын 



сақтауға өз деңгейінде көңіл бөлмесе 

болмайды. Әйтпесе күні ертең Еділбай 

қойын тек суреттен көріп қалуымыз ғажап 

емес. 


Қызылорда  облысы     

Қай халық та өткеніне көз салады. Жақсысын асырады, жаманын 

жасырады. Біздің қазақтың да тамыры тереңде жатыр. Көне заманнан 

үзілмеген шежіреміз бар. «Көшпелі халықтың ұрпағымыз» дейміз. 

Бабалар сайын сахараны мекен етті. Жайлау төсін малға толтырды. 

Төрт түліктің бабын жасады. Оның ішінде қой малының орны 

бөлек. Өйткені түліктің осы түрі біздің байтақ даламызға сыймай, 

мыңғырып жатты. Қазір де сол тірліктің қазанын қайнатып жүрміз. 

Десе де, көкейге сауал кептеледі: біз қойдың қай тұқымын өсірдік? 

Бүгінде жер шарында Шопан ата түлігінің сан түрі бар. Ал қойдың қай 

тұқымы біздің ұлттық брендіміз екен? Тарихты парақтап қарасаңыз, 

Бөкей ордасында Еділбай қойы өсірілген деген деректер кездеседі. 

Ендеше, ол біздің қазақтың төл тұқымы десек те болады. Дегенмен 

бүгінгі таңда бұл тұқымның сақталу жағдайы біздің көңілден шыға 

қоймайды. Ара-тұра болмаса, бұл тұқым көзге көп түсе бермейді. 

Осының кесірінен болар, қазіргі жас ұрпақтың Еділбай қойы туралы 

білетіндері кемде-кем.

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Бойы өспесе, мырыш жетпейді деген сөз

Екі елдің сауда-саттық айналымы қарқынды

АША ТҰЯҚ


Мал басын сақтап қалуды халықаралық дәрежеге жеткізу керек

Мәселен, Ұйғыр ауданы Сұңқар ауы-

лын да қонақүй құрылысын жүргізу ісі қар-

қын алып келеді. «Арасан» ыстық минерал-

ды су көзі аумағында салынып жатқан 

қонақүй қазақтың ұлттық дәстүрлерін 

жаңғырта отырып жұмыс істемек. Жоба 

аймақта неғұрлым жайлы экономикалық 

туристік инфрақұрылым қалыптастыруға 

бағытталып отыр. Соның нәтижесінде 

өңірдің табиғи ерекшелігін тамашалауға, 

минералды ыстық суға шомылуға келетін-

дер дің қатарын арттыруға болады деп 

есептейді жобаны ұсынушылар. Сол сияқ-

ты шағын несиенің шарапатын көре баста-

ғандар қатарында Сарқан ауданында 

омар та шаруашылығын қолға алған, Тал-

ғар ауданында ағаштан ұлттық бұйым дар 

мен ыдыстар жасайтын, Ұйғыр ауданын-

дағы алма мен өрік бағын өсіруді көздеген 

кәсіпкерлер де бар. 

Сағыныш НАМАЗШАМОВА

Шағын несиенің 

шарапатын көруде

«Табиғи орта»  шағын несие-

леу бағдарламасының алғашқы 

нәтижелері көріне бастады. Елі-

міздегі ерекше қорғауға жататын 

аймақтар маңында орналасқан 

ауылдарда баламалы қызмет 

түрін дамытуға бағытталған бұл 

бағдарлама бойынша 2011 жы-

лы «Ауыл шаруашылығын қол-

дау қоры» АҚ Алматы облыстық 

филиалы жалпы құны 64 млн 

996 мың теңге болатын 30 жоба-

ны қаржыландырды. Олардың 

қатарында қазақтың көрпе, 

жапқыш сияқты төсек бұйымда-

рын тігу, дәрілік шөптер мен жи-

дектер жинау, жеміс бақта рын, 

омарталарды қалпына келтіру 

мен жақсарту, қазақтың ұлттық 

киімдері мен баскиімдерін тігу 

секілді бірқатар жоба мақұлдан-

ған.

БАНК СЕКТОРЫ



Ресей банкі 

несиелендіруге дайын

НЕСИЕЛЕНДІР

У

Әріптестер агроөндірістік кешен, өндіру 



мен өңдеу, өңір өнеркәсібі мен басқа 

аймақ салаларындағы жобаларды қар-

жыландыруды бірлесе жүзеге асыруды 

жоспарлап отыр. Облыс мекемелерінің 

өніміндегі қазақстандық үлесті арттыру 

бойынша инновациялық бағдарламаларды 

іске асыру да қарастырылуда. Несиелік 

қаржыландыру 5 млрд долларды құрай-

ды.

– Меморандум аясында «Сбербанк» 



үдемелі индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасы бойынша облыс 

кәсіпорындарының әлеуетті инвестициялық 

жобаларын несиелендіру міндетін қолға 

алады, – деп атап өтті өңір басшысы Бақыт-

жан Сағынтаев. 

«Біз мемлекетпен бірге стратегиялық 

әріптестікті дамыту керектігіне сенімдіміз, 

өйткені ел экономикасы үшін маңызды 

механизмдер дәл осы мемлекеттік-жеке-

меншіктік әріптестік негізінде жатыр», – 

дейді «Сбербанк» АҚ төрағасы Олег 

Смирнов. 

Жанаргүл ҚАДЫРОВА

Әлеуметтік-экономикалық 

бағдарламаны іске асыру 

аясында Павлодар облы сы ның 

әкімі Бақытжан Сағын таев пен 

ресейлік «Сбербанк» АҚ 

басқармасының төрағасы Олег 

Смирнов әріптестікке бағыттал-

ған келісімшартқа қол қойды.

Беларусь-Қазақстан сауда айналы-

мы, алдын ала мәлімет бойынша, өткен 

жылы 1 млрд долларға жетті. Бела-

русьтің Қазақстандағы елшісі Анатолий 

Смирновтің айтуынша, қазіргі кезде 

белорустар біздің еліміздегі 30 ірі жоба-

ға қатысу жөнінде келіссөз жүргізуде. 

Әзірге екі ел арасындағы сауда-саттық 

ұсақ өнімнен асқан жоқ. Алайда БЭК 

(Бірыңғай экономикалық кеңістік) 

өрістеген кезде өзара тауар айналымы 

екі-үш есе артады. Бұл елге біз енді ғана 

ендеп келеміз. Онда бірлескен жобалар-

ды инвестициялауды жүзеге асыратын 

БТА банкі жұмыс істейді. Мәселен, 

Минскіде бесжұлдызды қонақүйдің 

құрылысы басталды. 

Сондай-ақ Беларуське қазақстандық 

мұнайды жеткізу жөніндегі мәселе де 

шешімін күтуде. Елшінің сөзіне қараған-

да, 1994 жылдан бері жүргізіліп келе 

жатқан келіссөз нәтижесі биыл белгілі 

болмақ. Сондай-ақ белорус жері арқы-

лы біздің мұнайды тасымалдау көлемін 

Белорустар – біздің Кеден одағындағы әріптесіміз. Қазіргі уақытта 

осы елмен арадағы сауда-экономикалық байланыс қандай? 

Әділ АЗАМАТҰЛЫ

ұлғайту жағы қарастырылады.  Бүгінде 

ол 8 млн тоннаны  құрайды.

Мәселен, Ахметжанова ханымның 

айтуынша, бұған бірінші себеп – қазірде 

еліміздегі ет экспортының әлеуетінің 

төмен деп кеткендігі. Ет экспортын арттыру 

мақсатында ел бюджетінен қомақты 

қаржы бөлініп отыр. Десек те, қаржының 

ауқымдылығына қарамастан, біз осы 

уақытқа дейін 1990-99 жылдардағыдай 

етті сыртқа экспорттай алмаппыз. Мысалы, 

90-жылдары елімізден сыртқа шығарылған 

ет экспорты 180 мың тоннаны құраса, соң-

ғы екі-үш жылда Қазақстан отандық 

тұтынушыларын ет және ет өнімдерімен 

толық қамтамасыз ете алмайтындай құл-

ды рауға түскен. «2009 жылы ет экспорты 

300 тоннадан әрең асса, 2010 жылы сырт-

қа мүлдем ет шыққан жоқ. Сондықтан да 

біз бүгін ет әлеуетін арттыруға қатысты 

шараны нөлден емес, құлдыраудан (ми-

нус тан) бастағалы отырмыз. Алдағы уақыт-

та осы олқылықтың орнын толтыруымыз 

керек», – дейді Айгүл Ахметжанова. «Сон-

дай-ақ елдегі мал басы жоспарлағандай 

өсім бере алмай отыр». Бұған қатысты 

маман: «Аналық мал басының жаппай 

етке өткізілуі мал басының өсіміне де кері 

ықпал етіп отыр. Әсіресе асыл тұқымды 

аналық мал басын союға тыйым салынғаны 

абзал. Бұлай етпесек, мал шаруашылығын 

тіптен банкроттық деңгейге жеткіземіз», 

– дегенді алға тартып отыр. Міне, осы 

жайт тарды алға тартқан «ҚазАгроӨнім» 

акционерлік қоғамының өкілі аталған 

ұсыныстардың елдегі мал санының өсіміне 

айрықша ықпал ететініне сенімді... Ал енді 

бұл ұсыныс мал шаруашылығын дамыту-

дың бірден-бір кепілі ме? Жалпы, аналық 

мал басын сақтап қалу мәселені шешудің 

көзірі ме?



ШЕКТЕУ ӨСІМДІ 

АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ ЕМЕС... 

Бұл ретте мамандардың қайсыбірі 

«аналық мал басын шектеу арқылы мәсе-

ле ні шешеміз деуге негіз жоқ» екенін алға 

тартады. Өйткені бүгінде мал шаруашылы-

ғында түйдектеліп қалған мәселе бұл ғана 

емес. Мал басын өсіру үшін алдымен арна-

йы бағдарлама қабылдануы қажет... Осы-

ған қатысты мал шаруашылығы ғылы-

мы 

ның докторы, профессор Мәкен 

ТОЙШЫБЕКОВ 

былай дейді:



– Өз басым аналық мал басын жаппай 

етке өткізуге шектеу қою арқылы мәселе 

шешіледі дегенге сенбеймін. Мал шаруа-

шылығы саласында қордаланып қалған 

бұдан да басқа жайттар жетіп-артылады. 

Мысалы, естуіңіз бар шығар, БҰҰ-ның 

есебіне жүгінсек, асылтұқымды мал басын 

және жалпы мал басын сақтауда Орта Азия 

елдері мен Таяу Шығыста (оның ішінде, 

әрине, Қазақстан да бар) көрсеткіш өте 

төмен. Тіпті осы аталған елдерде малдың 

тұқымын сақтаудың арнайы бағдарламасы 

да жоқ көрінеді. Негізінде, малды әлем 

бойынша екі түрде сақтайды. Біріншісінде  

малдың өзін тірідей сақтайды. Ал екінші 

түрі – бұл оның тұқымдық элементтерін 

сақтау және осы тұқымдық элементтерін 

сақтау арқылы мал басы туралы генетика-

лық ақпарат беру. Бұл сақтау түрі малдың 

тұқымын мұздатып қатыру арқылы жүзеге 

асады. Бүгінде әлем елдері аталық және 

аналық жыныс клеткасын мұздату арқылы 

малдың эмбриондарын сақтауды терең 

меңгеріп отыр. Бізде осы малдың эмбрион-

да 

рын сақтау түрлері жетілмеген. Өзге 

елдерде малдың аналық тегін мұздатып 

сақтау өте жоғары деңгейге жеткен. Мәсе-

лен, АҚШ малдың аналық эмбриондарын 

мұздатып, қатырып сақтау түрін 100 пайыз-

ға дейін жеткізсе, ғылымы дамымаған 

Африканың өзінде малдың аналық басын 

сақтау 40 пайызға жеткен. Ал бізде бұл 

үрдіс бар-жоғы 10 пайызды құрайды. Ме-

нің ше, аналық малды жаппай етке өткізуге 

тыйым салғаннан гөрі, аналық мал басы-

ның эмбриондарын сақтауды үйрену әлде-

қайда жеңіл әрі тиімді. Осыған орай ар-

найы бағдарлама қабылданып жатса, мұ-

ны қолдар едім...

 

15 МЫҢ ТЕҢГЕ 



ЕМЕКСІТУДІҢ БІР ТҮРІ... 

Бұған қоса мамандар елде мал басын 

асылдандыру ісі де жүйелі жолға қойылмай 

отырғандығын мысал етуде. Жалпы, 1998 

жылы қабылданған «Асыл тұқымды мал 

шаруашылығы туралы» Заңға түбегейлі 

өзгертулер енгізу қажеттігін алға тартқан 

ғалымдар бұл саланы дамытудағы негізгі 

тетік асыл тұқымды мал басын көбейту 

екенін алға тартуда. Мәселен, ауыл 



шаруа шылығы  ғылымының  докторы

профессор Аман ШОТАЕВ

 былай дейді: 



– Менің бір таңғалатыным, біздің 

елімізде асыл тұқымды мал басын өсірген 

шаруаларға мал басына қарай 15 мың 

теңгеден субсидия бөлінеді екен. Мысалы, 

шаруалар 55 бас асыл тұқымды мал өсірсе, 

малдың әрқайсысына 15 мың теңге бөліне-

ді. Бұл дегеніңіз сол малдың жем-шөбін де 

ақтамайтын қаржы ғой. Сондықтан мұндай 

емексітуді қою керек. Өз басым 15 мың 

теңге субсидия шаруаларды құр алдарқату 

деп санаймын. Егер мал басын өсіреміз, ет 

экспортының көлемін ұлғайтамыз, отандық 

тұтынушыларды ет және ет өнімдерімен 

то лық қамтамасыз етеміз десек, асыл тұ-

қым 

ды мал өсіруге бөлінетін субсидия 

көлемін өсіру керек. Мұндай мал басын 

өсіретін арнайы цехтар, орталықтар ашу 

керек. Бұл – біздің экономикалық жағдайы-

Балам 6-сыныпта оқиды. Қатарластарынан бойы жағы-

нан артта қалғаны байқалады. Соған қарап, баламның 

бойы өспей қала ма деп қауіптенемін. Бұл жөнінде 

дәрігерлер қандай кеңес берер екен? 

Сәния МАЙҚАНОВА, Қызылорда облысы

Әлбетте, адам бойының өсуі 

алдымен тұқымға  байланысты. 

Дегенмен ана құрсағында жат-

қан кезінен бастап, ер жеткенге 

дейінгі кезеңде баланың тамақ-

тану рационы да оның жетілуіне 

әсер етеді. Бұл ғылыми тұрғыда 

дәлелденген. Сондықтан дәрі-

гер лер бой өсуі тежеліп тұрған 

балаларға мырыш жетпеуі мүм-

кін дегенді айтады. Өйткені 

мырыш иммун жүйесінің қалып-

ты қызмет етуіне және бойдың 

өсуіне ықпал етеді. Ол нуклеин 

қышқылдары мен ақуыз синтезі 

үшін қажет. Сондай-ақ көміртек 

айналымына қатысатын көпте-

ген маңызды ферменттің құра-

мына және инсулин гормонына 

кіреді.   

Жеңіл сіңетін мырышқа бай 

өнімдер – мал мен құс еті, сыр, 

сүт, көкөністер. Қолжетімді мы-

рыш тың қайнар көздерін дәнді 

дақылдар, мұқият тартылған 

ұннан пісірілген нан немесе 

фитат және фенолға бай өзге де 

өсімдік өнімдерімен алмастыру 

мырыш тапшылығына әкеледі, 

сөйтіп оның бойдың өсуіне 

тигізетін кері әсерін күшейтеді. 

Балаларға мырыш жетіспесе, 

бойдың өсуі мен жыныстық да-

муын тежейді, сондай-ақ ағза-

ның инфекцияларға қарсы 

күре сін  әлсіретеді. 

АЛАШ-АҚПАРАТ



Су құбыры жарылып, әкімдік 

пен банкке қауіп төндірді

Қазір Әуезов көшесінің  бойындағы 

барлық үй  сусыз қалды. Бұл оқиға  көкше-

таулық тұрғындармен қатар, қалалық 

әкімдік пен коммуналдық шаруашылықтағы 

лауазымды шенеуніктерді әбігерге  салды. 

Оқиға орнына бірден жеткен төтенше 

жағдай басқармасы, «Көкшетау су арнасы» 

мемлекеттік коммуналдық  шаруашылығы, 

басқа да қаладағы коммуналдық мекеме-

лердің техникалары түгелдей тартылған. 

Мұнарбек БАТЫРХАНОВ,

 Көкшетау 



қаласының әкімі:

– Қаламыздың су құбырларының  

60-70 пайызының әбден тозығы 

жеткен. Сондықтан бірін жөндеп 

жатсақ, екіншісі жарылып жатқанын 

жасыра алмаймыз. Қазір 

қаламыздағы қолда бар барлық  

техниканы жұмылдырып, осы төтенше 

жағдайды жөндеуге кірісіп кеттік. 

Дәл қазір жердің астынан шыққан ыс-

тық  су лезде  көшенің бойын жалтыр мұзға  

айналдырып, көлдің аумағындай ақ айдын 

пайда болды. 

Ерназар МҰХАМЕТЖАНОВ,

 кәріз 



(канализация) бөлімінің бастығы:

 – Мұнда қазір біздің кәріздерге су 

құйылып жатыр. Бірақ  судың ағынын 

тоқтатып үлгере алар емеспіз. Әзірге 

тек Чапаев көшесімен қиылыстағы 

жарылған жері табылды. Бірер сағатта 

жөндеуге тырысамыз. 

Қазір олқылықты  орнына келтіру  жұ-

мыс тары  қолға алынып, сусыз қалған аза-

маттарға көмек беріліп жатыр. Қаланың 

орталығындағы  тұрба жарылысынан 400 

метр аумақта толықтай жөндеу, суды та-

зар ту  жұмыстары  жүргізілуде. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Көкшетау

Кеше Көкшетау қаласының  

ең негізгі  көшелерінің бірі 

Әуезов және Чапаев көшелерінің 

қиылысындағы тұрбалар таңғы 

сегіздер шамасында  қаңтардағы 

солтүстіктің сары аязына 

шыдамай жарылып, су тасқыны 

көше бойындағы қалалық 

әкімдік пен бірнеше банк 

ғимаратына қауіп төндірді.

«Аналық мал басын 

жаппай етке өткізуге белгілі 

бір шектеу қою керек». Нақ 

осылай деген «ҚазАгроӨнім» 

акционерлік қоғамы басқар-

ма төрағасының орынбасары 

Айгүл Ахметжанова шектеуге 

қатысты бірнеше себепті 

санамалап берді.

мыз көтеретін ұсыныс. Демек, көп кешіктір-

мей, соңғы екі жылдың ішінде бұл мәселе-

лер арнайы заңмен қарастырылғаны 

абзал...

МАЛДЫ ЖАЛҒА АЛУ 

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЕМЕС... 

Мал шаруашылығына қатысты пікір 

білдірген мамандарымыздың енді бір 

парасы мал шаруашылығын жетілдіруге 

қатысты несие жүйесі де несібемізді арт-

тыра қоймайтынын құлаққағыс етті. Бұл 

жөнінде экономист-ғалымдарымыз: 

«Шаруаларды банктерге борышкер етіп, 

малды жалға беру – сауатсыздықтың бір 

түрі. Мойнында борышы бола тұра, шаруа 

мал басын өсіре алмайды. Мұның тәуекелі 

көп. Сондықтан бұл сыртқы нарыққа қазақ 

малын шығарудың бірден-бір жолы емес. 

Бұл арқылы мал санын көбейту тіптен 

мүмкін емес», – деседі. 

Негізінен, қазіргі таңда әлем бойынша 

аша тұяқтың етіне сұраныс артып отырғаны 

мәлім. Ал мұндайда «қазақ малының саны 

мен сапасын қалай арттырамыз, ел Үкіметі 

жоспарлап отырғандай ет экспортында 

өзіндік межені бағындыра аламыз ба?» де-

ген сауалдар көкейде тұрары анық. Дерек-

тер ге жүгінсек, бүгінде елімізде 6 млн 160 

мың бас ірі қара, 17 млн 840 мың қой-ешкі

1 млн 483 мың жылқы, 33 млн құс және  

1 млн 356 мың шошқа бар. Рас, көз тояр-

лықтай-ақ сан. Дегенмен ел тұрғындарының 

саны да жылдан-жылға өсіп келетінін 

есепке алсақ, төрт түліктің өскенін (17 млн 

840 мың) еліміздегі халық санына (16 млн 

473 мың) шағып көрсе, есепке жүйрік 

ағайынның көңілі толмасы тағы анық. 

Ендеше, біз үшін мал басын өсіруге шындап 

мән беретін кезең әлдеқашан жеткенін осы 

сандық деректердің-ақ айғақтап тұрғанын 

мойындауға тура келеді. Жалпы, мал ба-

сын сақтаудың, өсірудің, одан өнім алудың 

халықаралық межесіне ілескеніміз абзал 

екенін осыдан-ақ пайымдауға болады... 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№9 (691) 21.01.2012 жыл, сенбі      



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Елімізде сапалы киіз үй тапшы 

ДАТ!

Еркін ЖУАСБЕК, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық 

музыкалық драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі: 

Руханиятта жүрген жандардың сананы ояту 

жолындағы жауапкершілігін сезінетін кезі жетті

e-mail: info@alashainasy.kz

2012 жыл. 13 қаңтар. Жұма. Жағына 

жылан жұмыртқалағыр балгерлер бұл 

күннің қауіп-қатерге толы болатынын күні 

бұрын болжап қойған еді. Кездейсоқ сәй-

кестік дейміз бе, әлде тентектің сандырағы 

ма, мүмкін, ежелгі адамдардың көреген-

дігі шығар, дәл осы күні сағат тура 22.00 

бол ғанда Италияның Чивитавеккья пор-

тынан Савону портына бет алған круиз дік 

кеме жолдағы Джилио аралына таяп ке-

ліп, қайраңға отырып қалды. Су астындағы 

құзға соғылған кеме оқыс қисайып барып, 

теңізге бата бастайды. Жолаушылар жан 

ұшырып, дүрбелеңге түседі, құтқарушылар 

шұғыл іске кіріседі. Бұл кезде алып су 

көлігінде «Қысқы Жерорта теңізі жаға-

лауының жеті түні» атты саяхаттың қызы-

ғын көреміз деген 3216 турист болған. 

Олар әлемнің 62 елінен жиналыпты. Ара-

сында жеті отандасымыз бар. Кемедегілер-

дің дені құтқарылған, 11 адамның өлі 

де несі табылды, 25 адам із-түзсіз жоқ. 

Қайтыс болғандар мен жоғалып кеткен-

дердің көбі шетелдіктер делінгенімен, 

Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан 

азаматтары дін аман болып шықты. Біздің 

жерлестеріміз тіпті апаттан құтқарылған 

күннің ертесінде Италияда жүріп, елде 

болып жатқан сай лауға қатысты және 

демалыстарын одан әрі жалғастыруды 

ұйғарды. Қазір кеме капитаны Франческо 

Скеттино абайсыз дықпен кісі өлтірді деген 

күдікпен тұтқын далды. Прокурорлар оны 

қызметтегі нем құ райдылығы мен шығын 

келтіру дерегі бойынша да тергеп жатыр. 

Алдын ала белгілі болғаны: ол әдеттегідей 

кемені аралға әдейі тақап, сүйіктісіне сый 

жасамаққа әрекеттенген, қауіп сіздік пен 

құтқару талаптарын ескер меген, тіпті 

кемені жолаушылардан бұрын тастап 

кеткен. Costa Concordia апатынан кейін 

жұртшылық әйгілі «Титаникті» еріксіз еске 

алып отыр. «Титаник» демекші, күні кеше 

апатқа ұшыраған круиз саяхатшы ларының 

арасында 1912 жылдың сәуірін де айс-

берг   ке ұрынып, опат болған кеме жолау-

шыла рының бірінің шөберелері бар! 

Іlmessaggero.it порталының мәліме тін ше, 

Валентин және Алессандро Капуа нолар 

«Титаникте» болған Джованни есімді 

даяшы ның шөберелері екен. Апат құрбан-

дарының туыстары тағы бір адам ды 

жақтырмай отыр. Ол – чехиялық супермо-

дель әрі актриса Ева Херцигова. 2006 

жылы 7 шілдеде Costa Concordia салтанат-

ты жағдайда шоқындырылған кезде 

актриса аққайнарды кемеге ұрып сындыра 

алмаған. Ырымшылдар мұны жаманатқа 

балайды. Қазақшасы «Келісім жағалауы» 

дегенді білдіретін алып кеменің апаты 

осылайша әлі біраз әңгімеге өзек болатын 

түрі бар. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің өрке-

ние тіміздің даму тарихында үш миллион-

нан астам кеме апатының болғаны жайлы 

дерек жинастырған. Тарихтағы ең жой-

қын, яғни адам шығыны көп апаттар не-

гізі нен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 

болыпты. 



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет