Дат! 6-б етте Еркін жуасбек


қойма» деп бұйрық бере алмайды. Дей тұрғанмен, бүгінде театрларымыздың



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата09.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

қойма» деп бұйрық бере алмайды. Дей тұрғанмен, бүгінде театрларымыздың 

төңірегінде айтылып жүрген проблемалар аз емес. Көрерменнің бір бөлігі: «Бізде 

шетелдік қойылымдар көбейіп кетті», – десе, енді біреулері керісінше: «Өзіміздің 

ұлттық дүниелерге сахнадан кең орын беріле бастады», – дейді. Әрине, талғамға талас 

жоқ. Қандай театр болмасын, әлемнің озық классикалық шығармаларын сахна төріне 

шығармай тұра алмайды. Бұл – жақсы құбылыс. Бұл ретте ұлттық драматургия 

шетелдік мықты қойылымдардың көлеңкесінде қалып қоймас үшін, өзінен-өзі-ақ биік 

деңгейге жетуге талпына түспек. Өзімізді-өзіміз қызықтап жүре берсек, өзімізді таныта 

алмас едік. 

 

Дайындаған Алмат ИСӘДІЛ

БЕЙТАРАП ПІКІР

ая сындағы ресми мекеме емес. Әр театр 

– өнер ордасы, шығармашылық ойдың бір 

ошағы  болғандықтан, бір-бірінен өзге ше-

леніп тұруы керек. Олардың репертуарлары 

да әртүрлі болуға тиіс. Себебі көрермен 

тал ғамы да әр деңгейлі.

Үшінші қала атанудан үміткер Шымкент кинотеатрсыз қалмақ па?

кі тап қоры бар кітапхана болғанына «шү-

кір шілік» деген жөн шығар.  

С.Сейфуллин атындағы кинотеатр Ха-

лықтар достығы үйі болып, әр алуан ал қа-

лы жиындар, шығармашылық адам дар-

дың кездесуі жиі өтіп тұратыны  жүрегіңе 

жы лылық ұялатады. Есесіне, «Родина», 

«Юность», «Қазығұрт» кинотеатрлары ақ-

шалы алпауыттар сатып алып, көңіл кө-

теретін мейрамхана мен тойхана ретінде 

ке ңінен танылған. Бір кездері тұнып тұрған 

тәр биені насихаттайтын мәдениет оша-

ғында қазір тілек айтып, тост көтереді, ас 

ішіп, бөтелке босатады. Қайран, заман-ай, 

десеңізші!

Кинотеатрлардың ішіндегі ең іргелісі 

– «Қазақстан» күні кешеге дейін жұмысы 

жүйелі жүріп, тәп-тәуір тірлік кешіп келген 

еді. Былтырдан бастап есігіне қара құлып 

түсті. Облыстық мәдениет басқармасының 

мәліметіне жүгінсек, кинотеатрды 2011 

жылы «Цеснабанк» арқылы Астана қала-

сы ның тұрғыны С.Ботаев деген азамат са-

тып алған. Оның ойында не бар екенін 

қай дам, арада көп уақыт өтпей жатып-ақ, 

қай та саудаға салуға бел буыпты. Осы 

жыл дың желтоқсан айының соңында  «SIS 

СТРОЙ» ЖШС тарапынан облыстық  әкім-

дік ке кинотеатрды сататыны жөнінде хат 

жол даныпты. «Тірлігі шатқаяқтаған кино-

театр дың  келешекте халыққа қызмет көр-

сетуі қалай болар екен» деген уайым кө-

рер мендердің көңілінен сейілер емес. Елі-

міз дегі үшінші үлкен қала мәртебесіне ие 

болудан үміткер Шымкенттегі кинотеатрлар 

жөніндегі «фильмнің» соңы осылайша 

«тра гедиямен» тынбақ па? Облыс орта лы-

ғындағы қаптаған кинотеатрлар жұқ палы 

ТАР


ТЫС

Бірден айтайық, сіз сенсеңіз де, сен бе-

сеңіз де, Қазақстандағы үшінші қала бо лу-

дан үміткер деп үкілеп жүрген, 1 миллионға 

жуық тұрғын тұратын Шымкент қаласында 

қа зіргі таңда жұмыс істейтін бірде-бір ки-

но театр жоқ.  Сыншы саналатын сырткөзге 

тек Мегаорталықтағы «Кинопарк» жаққа 

жол сілтеуден өзге еш амал таппайсыз. Об-

лыс орталығында мұндай жағдай қалып-

тас са, ауылдардағы ахуал айтпасақ та тү-

сінікті. 

Кеңес Одағы тұсында Шымкент қала-

сын да халыққа жеті кинотеатр қызмет көр-

сет кен екен. Бір кездері атағы жер жарған, 

қа ланың орталығындағы көрермені көп 

«Шым кент» кинотеатрының соңғы жыл-

дары басынан бағы тайды. Әуелі мемлекет 

та рапынан қолдау таппай, қор болған ки-

но 


театр жекеменшіктің жетегінде кетті. 

Одан да тірлігі оңалмай, түтіні түзу ұшпай, 

таяуда қайтадан жекеменшіктен мем ле-

кеттің қарамағына қайтарылып, облыстық 

әзіл-сықақ және сатира театры отау тікті. 

Ки нотеатрдың алдына көп кешікпей Ал дар 

 көсенің мүсінін орнату жағы ой лас ты ры-

луда. Бұған да шүкір, әйтеуір халыққа мә-

дени тұрғыдан қызмет ұсыну ұй ға рыл-

ғанына қуандық. Өйткені бүгінде қаншама 

ки нотеатрлардың нысаналы мақсаты мүл-

дем өзгеріп, бірқатары тойханаға айналса, 

бір қатарының тоз-тозы шығып, қирап қал-

ғандары өкінішті-ақ. Талай ғашықтардың 

се зіміне от жаққан «Мир» кинотеатры со-

лардың кебін құшпай, 600 мыңнан астам 

дертке жолыққандай, неліктен бірінен ке-

йін бірі жұртқа қызмет етуін тоқтатты. Әл де 

киноны кинотеатрдан көретін заман кел-

меске кетті ме? Олай деуге де толық негіз 

таппайсың. Шымкенттегі жалғыз кин отеатр 

– Мегаорталықтағы «Кино парк тен» кейде 

билет таппай, ұнжырғаң түсіп, үйге ренжіп 

қайтасың. Ал Алматыдағы «Арман» 

кинотеатрынан әлі күнге дейін адам үзіл-

мейді. Ендеше, жауапты адамдар кө рер -

мен дерді алып экранның алдына жи нау-

дың, қызықтырудың амалын таппай отыр 



деу ақылға қонымды ғой.   

Батырхан ДӘУРЕНБЕК, облыстық 

кинобейне орталығының бастығы:

– Шымкенттегі кинотеатрлардың 

тағ дыры шырғалаңға түсу себебі –бә-

се  келестікке төтеп бере алмағандықтан  

деп ойлаймын. Айталық, Ме га ор талық-

тағы кинотеатрлар көрер мен дер үшін  

ыңғайлы, өте жайлы. Кино  та маша-

лауға қолайлы. Оған қоса, ел асыға 

күт кен  жаңа  фильмдердің  көп ші лігінің  

тұ саукесер көрсетілімдері осы Ме га ор-

та лықтағы кинозалдардан бас тау ала-

ды. «Қазақстан», «Шымкент» ки 

но-

театр лары қандай жақсы еді, жұ мысын 

дұрыс жүргізбей, нарық заңына тө теп 

бере алмады. Ал ауылдарда  клуб тарға 

кино көруге бәрібір ешкім де ба 

ра 

қоймайды. Себебі тозған,  ескі клуб та 

200 теңгеге бір кино көргенше, қа ра 

базардан арзан бағаға сатып ал ған бір 

дискіден үйде шай ішіп жатып, бір неше 

фильм тамашалаған артық. Бар 

лы-

ғының үйінде «DVD» бар. Әрі ка бель дік  

арналардан киноның неше тү рін көруге 

болады. Менің ойымша, кө 

рер-

мендерді жинау үшін соңғы үл гідегі 

кинотеатрлар соғу керек. Мә 

се 

лен, 

киноны арнайы көзілдірікпен кө ретін 

жүйені енгізген ұтымды. Сосын отандық 

кино өндірісін дамыта түсу ке рек. Жақ-

сы кинолар шықса, оның жар на масы 

жақсы жүргізілсе, көрермендер та ра-

пынан қызығушылық туындайды. Мә-

се лен, дәл қазір көрермендер Ақан 

Сар  таевтың «Мыңбала» фильмін та ма-

шалауға асығып жүр. Бұл тұрғыда «Қа-

зақ фильмге» артылар жүк ауқымды. 

Өз  бекстанның кино өндірісі Қазақстан-

ға қа 

рағанда әлдеқайда алға озып 

кетті. Ташкенттің кинотеатрларының ал-

дында азаматтар әлі күнге дейін би лет 

алуға кезекке тұратыны бекер дей мі сіз? 

Міне, біздің елдің режиссерлері де осы 

жағын мықтап ойланса, кәнеки! 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кино – өнер, тәрбие құралы ғана емес, ұлттық салт-дәстүрді, 

мәдениетті әлем жұртшылығына насихаттауға мол мүмкіндік туғызатын 

құрал. Қазір қайсыбір арнадан болмасын, қаптаған кәріс, түрік  

сериалдарын асыға күтетін «ауруға шалдықтық». Сол сериалдарда 

ойнайтын актерлер кәдімгі ағайын-туысқандай ет жақынымызға 

айналып, бауыр басып қалғанымыз жасырын емес. Әлеуметтік-

экономикалық ахуалы төмендігін сынап-мінеп жүрген көршілес 

Өзбекстанның өзі кино түсіру жағынан біздің елден көшілгері озып 

кеткенін мойындаған жөн. Ұлттық мүддені, ұлттық құндылықтарды 

ұлықтайтын кинотуынды әзірлейтін тұсымыз әлсіз болып тұрғандықтан, 

бүгінде қай елдің киносын көрсек, сол елдің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын 

санасына сіңіріп, жас ұрпақ өсіп жатқаны өкінішті-ақ. Кино жайлы 

әңгімеге алдағы уақытта бөлек оралмақпыз. Бұл жолы кино көретін 

кинотеатр тақырыбына тереңірек үңілген журналистік зерттеуге 

жүгінсек дейміз. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Басы 1-бетте

БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫС



Жаңа Парламент Мәсімов 

Үкіметімен жұмыс істей бермек

КЕҢЕСКЕН ІСТЕ КЕМДІК БОЛМАЙДЫ

Бұдан кейін Мемлекет басшысы бесінші 

Парламенттің алдағы жауапты жұмысына 

да тоқталды және б 

v v ә с е кел е ст і к 

жағдайында жұмыс атқаратын Парламентте 

байыпты ше 

шімдер қабылданатынына 

сенім біл 

дірді. Бұған орай: «Қазақстан 

халқы ассам 

блея 


сы және үш партия 

өкілдерінен тұра 

тын Парламентті алда 

іргелі міндеттер күтіп тұр. Халқымызда 

«төртеу түгел болса, төбе де гі келеді» деген 

қанатты сөз бар. Ел мүд десі мен мемлекет 

мұраты партиялар бағ да рынан қашан да 

биік тұрады. Мәжіліске ен 

ген партия 

өкілдері ортақ мүдде төңі ре гінде топтасып, 

бірлесе қызмет атқарады деп сенемін», – 

деген Нұрсұлтан Әбішұлы ел дамуының 

өткен 20 жылдығындағы жетістіктерге де 

тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстан 

жасампаз 20 жылда дәу летіне сәулеті сай, 

әлем таныған абы 

ройлы мемлекетке 

айналғанын, осы кезең де әлеуметтік даму 

да, саяси жаңғыру да табысты болғанын 

тілге тиек етті. Қазақ стан ның дүниедегі 

дағдарыс тұсында ин 

но 


вация мен 

индустрияландыру жолына түскенін, түптеп 

келгенде, мұның барлығы халқымыздың 

берекелі бірлігі мен тату тірлігі арқылы 

жүзеге асып отырғанын жет кізді. Ендігі 

мақсат – дамудың даңғылынан жаңылмай, 

алдағы асқар асулардан да абыроймен 

өту. Елбасы бұған да сенім артты. «Осы 

орайда бізге ең керегі – қоғам 

ның 


тұрақтылығы мен ұлыстың ынтымағы. Бұл 

істе жаңа сайланған халық қалаулылары 

елеулі үлес қосады деп сенім артамын», – 

деді  Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Сөз арасында Президент жаңғырған 

Пар ламенттің әлеуетіне, мүмкіндігіне де 

кеңінен тоқталды. Мәселен, Елбасының 

айтуынша, 65 пайызға жаңарған Мәжілісте 

Қазақстан халқының түрлі әлеуметтік, 

гендерлік және кәсіби құрамы ынтымақтаса 

жұмыс істейтін  болады. Асығы алшысынан 

түскен үш партия арқылы заң шығарушы 

билікке Қазақстанның барлық өңірінен 

өкілдер келген, әлеуметтік жік түгел қамты-

лып, еліміздің көп ұлттылығы да ескерілген. 

Әйелдер мен жастардың қатысуы да 

артып ты. Осының өзі елімізде демократия-

лық процестің кезең-кезеңімен дамып келе 

жатқанын көрсетсе керек. «Түптеп келгенде, 

мұның барлығы елдегі барлық саяси 

партияның жауапкершілік деңгейін айтар-

лық тай арттырады. Сондай-ақ, Конститу-

цияға сәйкес, Мәжілістің тоғыз депутаты 

Қазақстан халқы ассамблеясынан сайлан-

ды. Бұл да – елдің жоғары заң шығарушы 

ор ганына түрлі этнос өкілдерінің өз де-

путат  тарын сайлауына мүмкіндік беретін 

Қазақ станның демократиялық инновация-

сы», – деп түйіндеді қазақстандық жолдың 

ерекшелігіне тоқталған Елбасы. 

Президенттің пайымынша, бүгінгі отан-

дастар тыныштық пен тұрақтылықты, дос-

тық пен өзара түсіністікті қорғау қажеттігін 

ерекше түсінеді. Сондықтан да елдегі заң 

мен тәртіп, халықтың бірлігі ел сайлаушы-

ларының ең басты аманатына айналып 

отыр. «Тек осы жолда ғана көп ұлтты Қазақ-

стан халқының ұжымдық ерік-жігерін 

жүзеге асыра аламыз. Сондықтан да жаңа 

көп партиялы Қазақстан Парламенті тек 

жемісті пікірсайыстың ғана емес, сонымен 

бірге бірлескен сындарлы іс-әрекеттердің 

мінберіне айналуы тиіс. Партиялардың 

бәсекелесі мен жарысы біздің Парламенттің 

өмірін жандандыра түсетіні сөзсіз. Деген-

мен сіздердің әрқайсыңыз әрқашан да 

барлығымыз бір елдің азаматы екенді-

гімізді, сіздер біздің халқымыздың мүддесін 

қорғайтындықтарыңызды ұмытпаулары-

ңыз керек. Мен өткен сайлауда қай партия-

ға дауыс бермесін, әрбір қазақстандықтың 

таңдауына үлкен сыйластықпен қараймын.  

Бұл – елімізде азаматтық қоғамның орны-

ғып отырғанына дәлел болатын қалыпты 

де мократиялық үдеріс», – деді Мемлекет 

бас шысы. 

Сонымен қатар Елбасы Парламент пен 

жалпы билік тармақтарының алдағы мін-

дет теріне де мән бере сөйледі. Елдің бүгінгі 

даму деңгейінде қамтылуы тиіс мәселелер 

де назарға алынды. Мысалы, қазіргі таңда 

жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы 

көрсеткіші 11 мың доллардан асады. Ал 

халықаралық жиынтық резерв 85 млрд 

доллардан асты. Үш жыл ішінде зейнетақы 

мен жалақы екі есеге артып, білім беру мен 

денсаулық сақтау жүйелері жедел жаңғы-

рып келеді. «Экономикалық көрсеткіштер 

өсімімен қатар, қоғамның мәдени, білім 

деңгейін арттыруға көңіл бөлуге тиіспіз. 

Жаңа қазақстандық интеллектуалдық ұлт 

қалыптастыруымыз керек. Мұны біз алдағы 

уақытта этникалық және конфессиялық 

келі сімді нығайта отырып жүргізетін  бола-

мыз», – деді Елбасы. Жаңа сайланған Пар-

ла менттің тағы бір міндеті – парламент-

аралық байланысты нығайту. Бұл ретте заң 

шығарушы органның ықпалдастығы ең 

алдымен ТМД елдері және Бірыңғай эконо-

микалық кеңістікке қатысушы мемлекет-

термен нығайтылуы тиіс.

Сөз соңында жаһандық деңгейде көп 

айтыла бастаған дағдарыс туралы, ондай 

құбылысқа салмақты әзірлікке де көңіл 

бөлінді. «Қазақстанның алдында жаһандық 

әлем мен жаһандық экономиканың мәжбү-

рінен туындайтын жаңа, орасан әрі күрделі 

міндеттер тұр. Бүгінгі әлем салмақты жүйе-

лік трансформацияны бастан өткеріп отыр-

ғандықтан, бұларды жүзеге асыру оңай 

болмасы анық. Дүние экономика сының 

тұрақ сыздығы, дағдарыстың жаңа қауіп-

тері нің туындауы, біздің экспортымызға 

бағаның төмендеуі Қазақстан экономикасы-

на әсер етуі мүмкін. Сондықтан да алдағы 

жылдары әлеуметтік мәселелерде аса 

сақтықпен, бірте-бірте алға жылжуымыз 

керек», – дейді Президент. 

«Жаман айтпай, жақсы жоқ», алда-

жалда болжам жағымсызға ұласса, Елбасы  

инфляция деңгейіне зейнетақы мен табыс-

тарды индексациялау мәселесі жү зеге асуы 

тиістігін алға тартады. Жалақыны 20-30 

пайызға көтеру мәселесіне келетін болсақ,  

алдымен әлемнің қалайша өзгеріп, нендей 

құбылысқа түскенін бақылау керек. Бұл 

рет те Мемлекет басшысы  жинақталған қа-

ра жаттың қазіргі жалақы мен зейнетақыны 

төлеуге жұмсалуы мүмкін екендігін де жоқ-

қа шығармады. Ал егер экономика бүгін гі-

дей қарқынмен өсіп, әлемдік конюнктура 

жағымды қалыптасса, онда қаражат 

негізінен халықтың әлеуметтік жағдайын 

арттыруға жұмсалатын болады. Дегенмен, 

кедергілерге қарамастан, Қазақстан өзі 

таңдаған бағытты, азаматтардың жақсы 

өмір сүруі үшін жаңғырту жолын жалғас-

тыратын болады. 



ХХІ ҒАСЫРДА ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ 

ҚАНА ТАБЫСТЫ ДАМИ АЛАДЫ

«ХХІ ғасырда тек қуатты мемлекет қана 

табысты дами алады. Сол үшін алдағы бес 

жылда Қазақстанның жаңарған Парламенті 

қуатты саяси күшке айналып, өзіне елдің 

болашағы, қоғам тұрақтылығы және оның 

жан-жақты жаңғыруы үшін жауапкершілікті 

алатынына сенімдімін. Қазақстанды бұдан 

да қуатты, тұрақты, мығым мемлекет ету 

– сіздердің қолдарыңызда. Біз бәріміз бірге 

осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», – 

деді Елбасы. Сосын бұрынғы тісқаққан һәм 

жаңа қосылған халық қалаулыларына 

Президент жемісті жұмыс тіледі. «Парла-

мент ке адам құр отыруға емес, жұмыс 

істеуге келеді. Заң шығару ісі, заң жобала-

рын талқылау оңай жұмыс емес, зор білімді 

қажет етеді. Дана халқымыз «кеңескен істе 

кемдік болмайды» деген. Мемлекет 

мүддесі бізден айрықша ерік-жігер мен 

асқан ұйымшылдықты талап етіп отыр. 

Біздің алдымызда жаңа мақсаттар, межелі 

міндеттер мен іргелі істер бар. Ендеше, 

берекелі бірлігіміз берік, мемлекетіміз 

мерейлі, еліміз еңселі болсын, ағайын!» 

деп аяқтады сессияны ашқан Президент 

Нұрсұлтан Назарбаев. 

Жиын барысында жаңа сайланған 

Пар ламент депутаттары Қазақстан хал-

қына ант берді. Конституцияның 44-ба-

бының 2-тар мақшасына сәйкес, депу тат-

тардың Қазақ стан халқына берген антын 

Президент Нұр сұлтан Назарбаев қабыл-

даған болатын. 



МӘЖІЛІС СПИКЕРІН САЙЛАДЫ

Бірлескен отырыс аяқталысымен 

Мәжілістің құрамына енген ескі һәм жаңа 

депутаттар палатаның тұңғыш отырысын 

да өткізе бастады. Мәжілісмендердің 

алғашқы басқосуын спикері сайланғанға 

дейін бас сайлауком Қуандық Тұрғанқұлов 

жүргізіп, депутаттар төраға мен оның екі 

орынбасарын таңдады. Бұл ретте депутат 

Розақұл Халмұрадов спикерлікке Нұрлан 

Нығматулинді ұсынып, осы бастаманы 106 

депутат жасырын дауыс беру арқылы 

бірауыздан қолдады. Жаңа спикер Нұрлан 

Зайроллаұлының орынбасарлығына тағы 

бір тісқаққан депутат Сергей Дьяченко мен 

экс-әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов сай лан-

ды.  Мәжіліс комитетінің атаулары өзгеріссіз 

қалды.   Төрағаларына келетін болсақ, Ро-

мин Мадинов – Аграрлық мәселелер ко-

ми тетін, Дариға Назарбаева – Әлеуметтік 

мә дени даму комитетін, Рахмет Мұқашев 

Заңнама және сот-құқықтық реформалар 

комитетін басқаратын болды. Қаржы және 

бюджет комитетінің төрайымына Гүлжан 

Қарағұсова қайта сайланса, Мәулен Әшім-

баев – Халықаралық істер, қорғаныс және 

қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Алек-

сандр Милютин – Экологиялық мәсе лелер 

және табиғатты  қорғау комитетінің төраға-

сы, Сейітсұлтан Айымбетов Эколо гиялық 

реформалар және өңірлік даму ко митетінің 

төрағасы лауазымына сай ланды.



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№9 (691) 21.01.2012 жыл, сенбі             



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Әлеуметтік төлем қалай есептеледі?

Елімізде ішкі істер қызметкерлерін даярлайтын қанша оқу орны бар?

МӘСЕЛЕ


Қақаған аяз қаңғыбастарға қиын тиіп тұр 

Қаңғыбастар негізінен үлкен қалаларды 

мекен етеді. Себебі мұнда тамақ тауып жеу 

қиын емес. Алматы қаласында қаңғыбас-

тардың көп болуы да сондықтан. Ал осын-

дай мегаполисте кезбелерді жазғыр май, 

жылы қабақ танытып қабылдайтын бір 

ғана орын бар. Ол – тұрғылықты орны жоқ 

адамдарға арналған бейімдеу орта лығы. 

Орталықтың құрылғанына он жылдың 

жүзі болған. Ең алғаш жұмысты қолға ал ған-

да орталық жертөледе 50 адамға ар на лып 

ашылса, бүгінде 300 адамға лайық талған. 

Күн суығаннан бері мұнда келуші лер  дің 

қарасы көбейген. Бейімдеу орталы 

ғы 


директорының орынбасары Гүлнар Сү-

лейменқызының айтуынша, биыл дан бас тап 

жаңа қаулы шыққан. Қау 

лыға сәй 

кес, 

зейнетақы,  мүгедектік  жәрде мақы  ала     тын 



жандар  орталыққа  қабыл дан бай ды. 

Орталықтың көмегіне жүгінетіндердің 

көбі – сотталғандар. Жыл басынан бері 

олардың саны 141-ден асқан. Олар өз от-

ба сыларына бармай, өз еріктерімен осын-

да келеді екен. Бостандыққа шық қан нан 

ке йін оларды отбасындағылар қабыл да-

май жатады. Олардың арасында екі не ме-

се үш рет сотталып келгендер де бар. Бе й-

ім деу  орталығындағылар  ел  Тәуел сіз ді гі нің 

20 жылдығы қарсаңында қаңғы 

бас 


 

тар 


саны тағы да артады деп алаң 

да 


ға 

ны 


жасырын  емес.  Себебі  рақым шы лық пен 

түрмеден шыққандардың көбі бос 

тан-

дыққа бейім деле алмай, көше кезбелеріне 



айналады. 

Мұнда құжатсыз жандардың құжат-

тарын жасату, денсаулығын тексеру секілді 

жұмыстардың бәрі – орталық қызмет кер-

лерінің мойнында. Төлқұжатсыз жүрген-

дердің құжатын жасату ұзақ уақытты алады 

екен. Бір жылда 110-нан аса азаматқа 

құжат жасау, мүгедектік жәрдемақы алу, 

жұмысқа тұру секілді көмектер көрсетілген. 

Бұрын құжатын жоғалтқандарға айыппұл 

салынбаса, бүгінде айыппұлсыз құжатты 

қалпына келтіру мүмкін емес. Ал әр адамға 

7,5 мың теңгеден төлеп, қаңғыбастардың 

құ жаттарын қалпына келтіруге орталықтың 

шамасы келмейді. Бұл да – бейімдеу 

орталығының мойнына жүктеліп отырған 

тағы бір мәселе. 

Осы мәселені шешу үшін Көші-қон 

полициясына қаңғыбастардың құжатын 

айыппұлсыз қалпына келтіру жайлы 

арнайы хат та жолданған екен. Алайда 

ондағылар «заң бәріне ортақ» деп қысқа 

жауап қайырыпты. 

Панасыз жандарға тамақ пен дәрі тегін 

беріледі. Ал киім-кешек үшін қаржы қа-

рас 


тырылмаған. Мұндағыларға киімді 

үне мі мешіт пен шіркеу қызметкерлері жет-

кізіп тұрады екен. 

Қаңғыбастар арасында кезінде мықты 

кәсіби маман болғандар да кезігеді. 

Анна МЕРГЕНБАЙҚЫЗЫ, психолог:

– Кезбелік өмірге түскен адамды 

қайтадан бұрынғы өз ортасына 

қайтаруға болады. Өйткені ол – қоғам 

мүшесі. Көшеден кезіккен панасыз 

жандардың бәрінің кезінде отбасы 

болған. Ешкім бірден осындай күйге 

түсе салмайды. Қаңғыбас адамдарға 

жақын адамдарының сенімі мен қам-

қорлығы басты орында болуы ке рек. 

Олардың бірден бейімделіп кетуі 

қиынға соғады. Оптимизмді, үмітті кө-

кі регіне ұялату қажет. Мұның бәрін тек 

отбасы мүшелері ғана бере алады. Көк-

тегі ғарыштан ғарышкерлер жерге кел-

ген де бірден үйрене алмай жүреді. Сол 

се кілді жаңа ортаға сіңіп кете алмай 

жү ретін уақыт болады. Бірақ үміт деп 

тағы айтамын. Үлкен үміт қана бәрін 

жеңе алады. Көбінесе адамның бомжға 

ай налуына отбасындағы түрлі жағдай-

лар әсер етеді. 90-жылдары нарық ке-

зеңіне аяқ басқан тұста көптеген 

қиындық орын алды. Сол кезеңде көп 

жанұяда отбасылық қиындық болып, ісі 

алға баспаған жандар қаңғыбастық 

жолға түсіп кетті. Қиындықтарға 

шыдамай, үйінен кетіп жатқандар 

қаншама! Психологтық тәжірибемде 

17 жылдан кейін де отбасына оралған 

ер адамды көрдім. Қазір ел қатарлы 

жұмыс істеп, немере сүйіп отыр.                                               

Құқық қорғау қызметкерлері қаңғыбас-

тардың қылмыстық статистиканың өсуіне 

септігін тигізетінін айтады. Ұрлық жасау, 

мас болып төбелесу, суық қару қолдану 

арқылы байқаусызда адам өлтіру секілді 

қылмыстар көбінесе солардың үлесінде 

екен. Сонымен қатар елімізде мүгедектер 

қатарын көбейтіп жүргендер де – кезбелер. 

Себебі күн суытқан соң үсік шалып, аяқ-

қолдарын кесуге тура келетін жағдайлар 

да аз емес. 

Ел байлығы – адам. Ал әрбір адамның 

ел дамуына үлес қосуы үшін жағдай жасау 

– мемлекеттің міндеті. Кезбелердің 

әлеуметтік, психологиялық мәселелерін 

терең зерттеп, себептерін анықтау арқылы 

ғана мәселені шешудің нақты жолын 

ұсынуға болады. 

Елімізде қорғансыздарға пана болатын 

орталықтар саны – 22. Ал қаңғыбастар 

саны әр қалада жыл өткен сайын артып 

келеді. Бұл – қоғамдық түйткіл. Сондықтан 

мемлекет бұл мәселеге бейжай қарамауы 

тиіс. Алматыдағы жалғыз орталық аздық 

еткендіктен, «Көкжиек» ықшамауданынан 

100 орынға арналған жаңа ғимарат бой 

көтермек. Орталық мамандары осындай 

нысандарды аудан әкімдіктері әр ауданда 

ашса деген тілектерін жеткізді. Дегенмен 

бейімдеу орталықтарын көптеп ашқаннан 

қаңғыбастар саны азая қоймас. Тек 

олардың осы жолға саналы түрде баруына 

тосқауыл қоятын кез жетті.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет