Даиш заман қасіреті (топтастырылған мақала-сұхбаттар)



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата09.06.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
Атырау облысы Дін істері басқармасы 
 Ақпараттық-талдау орталығы 
 
 
 
 
 
 
ДАИШ - ЗАМАН ҚАСІРЕТІ 
 (топтастырылған мақала-сұхбаттар)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Атырау, 2016 жыл 

 
 
 
 
 
 
 
Редакциялық алқа: 
Е.Шохаев, Ж.Есенғалиев, М.Кикимбаев, А.Құбашқызы, 
Ү.Оразбаева 
 
 
 
Жинақта әлеуметтік парақшалардағы  ДАИШ және басқа да 
террористік ұйымдардың теріс мәнін, сондай-ақ, радикалдық діни 
идея  ұстанушылар  қатарына  кіріп  кету  қаупін  көрсететін 
мақалалар топтастырылған.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ДАИШ – заман қасіреті» атты мақалалар жинағы 

 
 
Мазмұны
 
Бақытбек СМАҒҰЛ 
ИМАНДЫ АЙДАЛАДАН ЕМЕС, АЙНАЛАҢНАН ІЗДЕ ............... 5
 
 
Төлеу ҒИБАДАТ 
ДАИШ ҰЙЫМЫ – ОЛАР КІМДЕР? ................................................. 12 
 
Амантай РАУШАН  
ДАИШ — АДАСТЫРУ МЕН АДАСУ ............................................... 15
 
 
Мұхан ИСАХАН 
ДАИШ – ИСЛАМҒА ЖАТ ҚҰБЫЛЫС ........................................... 20 
АЛЛАҒА ОРАЛУ МЕКЕНІ СИРИЯДА ЕМЕС, ӘРКІМНІҢ 
ЖҮРЕГІНДЕ, ӨЗ ОТАНЫНДА .......................................................... 25
 
 
Құдайберді БАҒАШАРОВ 
ДАИШ-ТЫҢ ҚАУПІ АСҚЫНЫП ТҰР ............................................ 29 
 
Ершат ОҢҒАРОВ 
СИРИЯ МЕН ИРАКТАҒЫ СОДЫРЛАРДЫҢ ЖАСАП 
ЖҮРГЕНДЕРІ «ЖИҺАД» ЕМЕС ...................................................... 33 
 
Еркінбек ШОХАЕВ 
ТҮНЕКТЕ ЖҮРГЕН ТАҒДЫРЛАР. ДАИШ – АДАМИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАН АДА БОЛҒАНДАР ТОБЫ...................36 
 
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
 
ДАИШ ТҰЗАҒЫ НЕМЕСЕ СОҚЫР СЕНІМНІҢ САЛДАРЫ ..... 42
 
ДАИШ: БЕТПЕРДЕНІҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ КІМ? ................. 46
 
ПАЙҒАМБАР АЙТҚАН ХАУАРИЖДЕР – ОСЫЛАР .................. 56 
 
Алау ӘДІЛБАЕВ 
СИРИЯДАҒЫ СОҒЫС САРСАҢЫ .................................................. 64 
 
Алау ӘДІЛБАЕВ 
«ЖИҺАДҚА» ЖАНАСПАЙТЫН «САЙТАН ТІРЛІК» ................. 71 
 
Мұхиддин ИСАҰЛЫ
 
ДАИШ ТЕРРОРИСТЕРІ –ШЕЙХСЫМАҚТАРДЫҢ 
ЖЕТЕГІНДЕГІ САУАТСЫЗ ТОБЫРЛАР ...................................... 80 

 
 
 
Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ 
ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ - ТЕРРОРИЗМ ТҰЗАҒЫ ... 86 
 
Балғабек МЫРЗАЕВ 
ДАИШ-ТЕН КЕЛЕР ҚАУIП ҚАНДАЙ? ........................................... 91
 
 
Александр ТАСБОЛАТОВ 
ҚАНҚҰЙЛЫ ҚЫРҒЫН КІМГЕ КЕРЕК? ........................................ 93 
 
Джеймс МИЛЛЕР (ағылшын тілінен аударылды)  
ИМ ТОБЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ ........................... 103 
 
 


 
ИМАНДЫ АЙДАЛАДАН ЕМЕС, АЙНАЛАҢНАН ІЗДЕ 
Бақытбек СМАҒҰЛ, 
Парламент Мәжілісінің депутаты,  
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының  
«Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының  
төрағасы 
 
Парламент  Мәжілісінің  депутаты,  Ауған  соғысы 
ардагерлері 
ұйымдарының 
«Қазақстан 
ардагерлері» 
қауымдастығының  төрағасы  Бақытбек  СМАҒҰЛМЕН 
әңгіме. 
 
– Бүгінгі күні Сирия мен Ирак аумағында орын алып 
отырған  қанды  қырғын  бүкіл  әлемді  әбігерге  салуда.  Әу 
баста  сырт  көзге  «Араб  көктемі»  атты  көтерілістің 
Сириядағы  жалғасы  секілді  көрінген  бұл  үрдіс  2014 
жылдан бастап жаңа сипатқа ие болды. «Араб көктемі» – 
әлеуметтік 
аз 
қамтылған 
қалың 
бұқараның 
авторитарлық билікке қарсы көтерілуі еді. Ал 2014 жылы 
осы  дүрмектен  бөлініп,  «Ислам  мемлекеті»  («ДАИШ») 
атты  жаңа  дүмпу  шықты.  Халықты  қанға  бөктірген 
қанқұйлы  топ  өздерінің  барлық  сорақы  істерін  ислам 
шариғатымен  ақтап  алуға  тырысып  бағуда.  Бірақ, 
сарапшылар  «ДАИШ»-тың  сыртқы  күштердің  әсерімен 
жасалған исламофобиялық ойын екенін алға тартады. Сіз 
не айтасыз?  
 
−  Иә,  «ДАИШ»  бүгінде  қантөгіс  жолымен  Сирия  мен 
Ирактың  біршама  аумағын  жаулап  алды.  Қазір  террорлық 
ұйымның  аталған  аймақтардағы  қанды-қасап  іс-әрекеттері 
әлем  жұртшылығын  шошындырып  отыр.  Оның  қызметіне 
БҰҰ-на мүше көптеген мемлекеттермен бірге, Қазақстанда да 
тыйым салынған. 
 
Ислам  атын  жамылған  бұл  қарулы  құрылым  бір  күнде 
пайда болған жоқ. Бұл трансұлттық террорлық топ Ирактағы 
атышулы «Әл-Каида» террорлық ұйымы секілді он шақты әр-
түрлі  экстремистік  топтардан  құрылғандығы  белгілі. 


 
«ДАИШ»  террорлық  ұйымы  2014-2015  жылдардың  өзінде 
Таяу Шығыстың талай жерін қанға бөктірді. 
 
Таяу  тарихтан  белгілі  болғандай,  мұндай  ұйымдар 
Сириядағы  2011  жылы  басталған  сұрапыл  соғысты  ұтымды 
пайдаланып,  қару-жарақ,  мұнай  көздерін  және  тағы  басқа 
байлықтарды  оңай  қолға  түсіруді  ғана  қалайды.  Өкінішке 
қарай,  олар  осы  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  біршама  қол 
жеткізгені  бәрімізге  мәлім.  Алайда,  мұның  барлығы  қандай 
құнмен  іске  асты?  Толыққанды  қалыптасқан,  тарихы  мен 
өркениеті бай бүтіндей бір елді геноцидпен қырып-жою орын 
алуда. Бүгінде әлемдік БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, соғыс 
зардабынан  1  миллионнан  астам  адам  қырылып,  4 
миллиондай  адам  елін  тастап,  босқынға  айналып  кетті. 
Қарулы  қырғыннан  аман  қалғаны  оқшауланған  қалаларда 
аштық  пен  аурулардан  жапа  шегіп  жатыр.  Мұндай 
сұмдықтың  басталуы  мен  жалғасуына  жол  берген  қарулы 
топтарды  әсте  діни  ұйым  немесе  мемлекет  деп  атауға 
болмайды. 
 
–  «Ислам  мемлекеті»  делінетін  лаңкестік  топтың 
артында  кімдердің  тұруы  ықтимал?  Олар  кімдер  деп 
ойлайсыз? 
 
–  Әрине,  ешбір  қарулы  топ  бір  мемлекеттің  әскери 
қорғанысын  тек  өз  күшімен  бұза  алмайды.  Ол  үшін  көп 
қаражат  пен  сыртқы  күштердің  қолдауы  қажет.  Айталық, 
Ауғанстандағы  «Талибанмен»  жүргізілген  соғыс,  сондай-ақ, 
Солтүстік  Кавказдағы  қарулы  қақтығыстардың  ешқайсысы 
сыртқы күштердің қолдауынсыз жүзеге асқан емес. 
Сирия мен Ирак − алпауыт мемлекеттердің саяси-эконо-
микалық мүдделері тоғысқан жер. Яғни, «ДАИШ»-тың пайда 
болуы, қаржылай қолдау табуы, қанатын кеңге жаюы сыртқы 
күштердің  ықпалымен  болып  отыр.  Әйткенмен,  лаңкестік 
топқа  көмек  қолын  созғандардың  кімдер  екенін  дөп  басып 
айту  қиын.  Бұл  сауал  аясында  ақпарат  кеңістігінде  таласты 
пікірлер көп. 
 
− «ДАИШ»-тың мұсылмандардың мүддесін қорғаған 
болып көрінуінің астарында не жатыр? 


 
 
− Біз кез келген дін атын жамылған ұйымдардың жалған 
ұрандарына  емес,  шынайы  мұрат-мақсатына,  нақты  іс-
әрекетіне  қарап  баға  беруіміз  керек.  Бір  діни  қозғалысқа 
толымды  баға  беру  үшін  оның  қандай  мәселелерге  көбірек 
назар  аударатынын,  қандай  істе  белсенділік  танытатынын 
бағамдау  қажет.  Осыдан  кейін  барып  ол  ұйымның  шынайы 
мұрат-мақсаты  айқындалады.  Ал  «ДАИШ-тың»  қанды-қасап 
қарекеті  мен  саяси  ұстанымдары  оның  діни  емес,  дін  атын 
жамылған  террорлық  топ  екенін  әйгілейді.  Шынтуайтында, 
«ДАИШ»  −  жай  ғана  лаңкестік  топ  емес,  жаһандық 
терроризмнің аса қауіпті көрінісі. 
 
− Бүкіл әлемде ислам ғалымдары «ДАИШ» ұйымын 
ислами емес деп таныған. Осыған қарамастан, бұл ұйым 
өзін  жарнамалауды  жалғастыруда.  Себебі  неде  деп 
ойлайсыз? 
 
− 
«ДАИШ» 
содырларының 
қантөгіс 
әрекеттері 
шариғаттың 
ешқандай 
моральдық 
және 
құқықтық 
қағидаттары  мен  нормаларына  сәйкес  келмейді.  Естеріңізде 
болса,  таяуда  дүниежүзінің  жүзден  астам  ислам  ғалымдары 
бұл  ұйымға  ашық  хат  жазып,  олардың  іс-әрекеттерін  қатаң 
сынға  алғандығы  осыған  айғақ.  Бұл  жөнінде  көптеген  БАҚ 
жариялаған болатын. Сондай-ақ, былтыр елордамыз Астанада 
өткен  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  кезекті 
съезінде  біз  білетін  барлық  танымал  дінбасылар  мен 
халықаралық  ислам  ұйымдарының  өкілдері  «ДАИШ»  тер-
рорлық  ұйымының  іс-әрекеті  ислам  қағидаттарына  үш 
қайнаса сорпасы қосылмайтынын атап көрсетті. 
ХХІ  ғасыр,  төртінші  билік  өкілдері  айтпақшы,  ақпарат 
ғасыры.  Қазіргі  ақпарат  кеңістігіндегі  жүргізіліп  жатқан 
ойындардың  залал-зардабы  қарулы  қақтығыстардан  ауыр 
болмаса,  жеңіл  емес.  Қаржылық  тұрғыдан  әлеуеті  жоғары 
«ДАИШ»  ұйымы  бүгінде  техниканың  заманауи  құралдарын 
пайдаланып,  ғаламтор  кеңістігіндегі  насихат  жұмыстарын 
кеңінен  жүргізуде.  Сол  арқылы  бұл  ұйым  әлемнің  әр 
түкпірінен  қаржылық  ресурстар  мен  адамдарды  көбірек 
тартып жатқандығын түсіну қиын емес. 


 
 
«ДАИШ»  ұйымының  негізгі  кадрлық  құрамына  назар 
салсақ,  олар,  ең  алдымен,  Саддам  Хусейн  кезіндегі 
тәжірибелі  арнайы  қызметтің  мамандарынан,  жоғары  шенді 
әскерилерден  құралғандығын  байқауға  болады.  Яғни,  ұйым 
мүшелерінің  саны  кәсіби  білікті  рекрутерлерді  пайдалана 
отырып көбеюде. Сонымен қатар, «ДАИШ» өзінің қаржылық 
әлеуетінің  арқасында  арнайы  әскери  дайындықтан  өткен 
мамандарға  мол  жалақы  төлейтінін  жарнамалап  және  тағы 
басқа  түрлі  алдап-арбау  тәсілдерін  қолдана  отырып,  қатар-
ластарының санын арттырып жатқанын көреміз. 
 
−  Қазақстан  Республикасының  соты  «ДАИШ»  және 
«Ан-нусра»  ұйымдарын  террорлық  ұйымдар  деп  шешім 
шығарды. Алайда, бұл ұйымдарға кетушілердің саны не-
ліктен  азаймайды  және  осы  мәселені  қалай  шешуге 
болады? 
 
−  Қазақстан  сотының  «ДАИШ»  және  «Ан-нусраны» 
террорлық  ұйымдар  деп  тануы  дер  кезінде  қабылданған 
шешім  болды.  Өткен  жылы  «Ат-такфир  уәл-хижра»  ұйы-
мының  да  қызметіне  тыйым  салынды.  Қазақстан  сотының 
мұндай  шешімдері  теріс  пиғылды  лаңкестерге  қосылатын 
адасушылар легін азайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. 
 
«ДАИШ»  пен  «Ан-нусра»  секілді  террорлық  ұйымдарға 
түскен  жандар  –  зайырлы  қоғамнан  оқшауланған  адамдар, 
психологиялық  арбау  салдарынан  ұстанымдары  мен  өмірге 
көзқарастары агрессивті идеялармен уланған. 
 
Жалпы, шетін көзқарастарды ұстанатын діндарлар ресми 
ақпарат  көздері  арқылы  немесе  діни  институттар  тарапынан 
таратылатын  түсіндіру  мақсатындағы  жарияланымдарды 
қабылдамайды.  Мұның  мысалын  қазіргі  таңда  мешіттерде 
көруге  болады.  Көптеген  жастарымыз  мешіт  имамдарына 
құлақ  аспай,  өз  білгенімен  құлшылықтарын  орындап  жатыр. 
Бұл  –  қазақ  үшін  ерсі  қылық.  Көзіқарақты  жұртшылықты 
біздің  бүгінгі  қоғамымызда  бой  көрсетіп  жүрген  ислам  атын 
жамылған  теріс  діни  ағымдар  жақтастарының  мешіттегі 
жүріс-тұрыстары  мен  өзін  өзі  ұстау  мәдениеті  ойландырмай 
қоймайды. Бұл, жұмсартып айтқанда, әдепсіздік. 


 
 
Ата-бабаларымыз  дін  ұстанғанда  имам-молдаларға  әр-
дайым құрмет көрсетіп, тура жолдан таймас үшін ізін де тура 
басқан.  Қазақтың  ешбір  ұлттық  салт-дәстүрлері  мен  жиын-
дары  елдің,  жұрттың  рухани  көшбасшыларынсыз  өтпейтін. 
Оған  тарихымыздың  өзі  куә.  Ал  діндегі  тура  жолдан  адас-
қандардың  әрекеттері  олардың  қалың  жұрттан  оқшауланып, 
бөлініп  кетіп  бара  жатқанын  көрсетеді.  Бұл  –  біз  үшін  алаң-
датарлық жайт. 
 
Осы  бір  мысалдан-ақ  атышулы  «ДАИШ»  ұйымының 
белсенділері 
қатарластарын 
ресми 
дін 
мамандарын 
тыңдамауға  үгіттеп,  ақпараттық  тұрғыдан  оқшаулап  тас-
тайтындығын  байқауға  болады.  Олар  өзара  әлеуметтік  қа-
тынастар  арқылы  жаңадан  қосылған  немесе  екі  ойлы 
адамдарды  жедел  баурап,  өз  қатарларына  біржола  енгізуге 
ықпал  етеді.  Осыған  орай,  біз  олардың  артынан  ерген 
жастарымызбен кешенді түрде көбірек жұмыс істеуіміз керек 
деп  ойлаймын.  Радикалдардың  шырғалаңына  түскен 
қаракөздерімізге  рухани  әрі  психологиялық  көмек  беру 
қажет.  Ол  үшін,  әрине,  ең  алдымен,  жастарымыздың  діни 
сауаттылығымен  қатар,  кәсіби  зайырлы  білімін  көтеріп, 
патриоттық пен ұлттық сананы жандандыруға көп көңіл бөлу 
керек. 
 
Сондай-ақ,  мұндай  жағдайларды  болдырмау  үшін 
радикалды  идеологиядан  азат  аудиторияға  алдын  алу 
бағытындағы  жалпы  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізуді 
қарқынды түрде жалғастырған жөн. 
 
−  Соңғы  уақытта  «ДАИШ»  ұйымына  қосылуға 
кетушілердің  жолы  құқық  қорғау  органдары  тарапынан 
жиі  бөгелуде.  Осыған  орай,  бұл  ұйымның  идеологтары 
«қарулы  жиһадты»  Орталық  Азия  аумағында,  соның 
ішінде, әсіресе, Қазақстанда жүзеге асыруға үндеп жатыр. 
Лаңкестік  ұйым  үндеген  бұл  қауіптің  іске  асырылуы 
қаншалықты ықтимал?  
 
−  Жалпы,  экстремистік  және  террорлық  идеологияның 
негізінде  «қарсылық  таныту»,  «қанды  оқиға  арқылы  өзіне 
көңіл  аударту»  секілді  түсініктер  жатыр.  Осы  түсініктер 

10 
 
негізінде  экстремистік  ұйымдардың  идеологтары  топ 
мүшелерін  ресми  үкімет  тарапынан  көрсетіліп  жатқан 
«әділетсіздіктерге»  қарсы  шығуға,  діни  емес  мемлекеттік 
жүйені  қарулы  төңкеріс  арқылы  жоюға  үндейді.  Лаңкестік 
ұйымдар  үшін  бұл  –  әдеттегі  түсінік.  Өйткені,  олардың 
құрылу  миссиясының  өзі  осындай  қанқұйлы  теріс 
пиғылдардан тұрады. 
 
Бүгінде  халықаралық  терроризм  қаупі  барлық  елде  бар. 
Оған  соңғы  уақытта  Еуропа  елдеріндегі  және  Түркиядағы 
қанды оқиғалар айғақ бола алады. Бұл індетке қарсы тұрудың 
ең  дұрыс  жолы  –  тиянақты  алдын  алу  шараларын  жүргізу. 
Қоғам  мүшелерінің  діни  және  дінтанулық  сауаттылығын 
арттырып  қана  қоймай,  азаматтық  белсенділігін  күшейту, 
отансүйгіштік  сезімдеріне  соны  серпін  беру,  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  діни  таным  мен  рухани  құндылықтарды  жаң-
ғырту, мәмілегер, бірлікшіл, бейбітсүйгіш ұлттық мінездерге 
қозғау  салу  қазіргі  таңдағы  идеологиялық  бағдарымыздың 
негізгі  тіндеріне  айналуы  тиіс.  Тұтастай  алғанда,  жаһандық 
терроризмнің  салдарымен  күресумен  шектелмей,  пайда  болу 
себептерін  түбірімен  жойсақ,  әлдеқайда  үлкен  жетістіктерге 
жете аламыз. 
 
– Теріс көзқарасқа елігіп, жаңылып жүрген жастарға 
аға ретінде не айтар едіңіз?  
 
–  Мен  –  Ауған  соғысына  қатысып,  талай  қанды 
қырғынды көзімен көрген жанның бірімін. Адамның соғысты 
сырттан  естіп-білгені  бір  басқа  да,  қанды  қасапты  бастан 
кешіру  бір  басқа.  Қазіргі  күнде  «ДАИШ»  содырларынан 
қиянат  көріп  отырған  Таяу  Шығыс  жұртшылығына  да,  теріс 
идеяның жетегінде кетіп, жат елдегі сойқанға алданып барып 
ұрынған  біздің  кейбір  қаракөздерімізге  де  өте  ауыр  сын 
сағаты  туып  тұр.  Бейбіт  елдің  басындағы  бағын  ұшырған 
Сириядағы  соғыс аумағында лаңкестердің қатарында жүрген 
қаракөз  бауырларымыз  ғаламтор  желілеріндегі  жалған 
бейнематериалдарда  көрсететіндей  алаңсыз  өмір  сүріп, 
жұмақ-дәуренді бастан кешіп жатқан жоқ, керісінше, олар өз 

11 
 
бастарынан нағыз қиямет-қайымды өткеріп, басқа елдегі жат 
соғыста ажал құшуда. 
Сондықтан  мен  бүгінгі  жастарға  айдың,  күннің 
аманында  адаспаңыздар,  тәуелсіздік  пен  тыныштықтың 
қадірін  біліңіздер,  бастарыңыздағы  бақытты  бағалаңыздар 
дер  едім.  Ата-ана,  туған  жерден  артық  жұмақ  жоқ.  Дін-
исламның  шынайы  жолымен  жүргің  келсе,  Отаныңа,  еліңе, 
ата-ана,  бауырларыңа  қызмет  жаса,  оқы,  ізден,  еңбек  ет! 
Бабаларымыз  қанымен  де,  жанымен  де,  арымен  де  қорғаған 
туған  жерге  туың  тік!  Иманды  айдаладан  емес,  айналаңнан 
ізде дер едім… 
Біздің  топырағымызда  орныққан  ислам  дінінің  ханафи 
мазхабына  қатып  қалған  қасаң  қағидалар  мен  біржақтылық 
жат  деп  ойлаймын.  Мен  теріс  идеялардың  жетегінде  кеткен 
бәзбіреулер  айтатындай,  «сақалың  бір  тұтамнан  аспаса, 
мұсылман  емессің»  деушілерді  өз  басым  құптай  алмаймын. 
Мәселе  тек  сақалда  болса,  мен  көрген  Ауғанстан  дүние-
жүзіндегі  озық  елдердің  қатарында  болар  еді  ғой.  Мен  сон-
дықтан  да  Қазақстан  азаматтарын  алауыздықтың  әсерінен 
басынан  бағы  тайып,  соғыс  өртіне  оранған  алыс-жақын 
елдердің  бүгінінен  сабақ  алып,  өз  елімізде  берік  орныққан 
тыныштық  пен  келісімді  қадірлеуге  шақырамын.  Біз  түтіні 
түзу  шығатын  қуатты  ел  болуымыз  үшін  ғылымға,  білімге, 
жаңашылдыққа  жақын  болып,  еліміздің  тұтастығы  мен 
тұрақтылығын  қашанда  басты  орынға  қоюымыз  қажет  деп 
білемін. 
-
 
Әңгімеңізге рахмет. 
 
 
 
 
 
 

12 
 
ДАИШ ҰЙЫМЫ – ОЛАР КІМДЕР? 
Төлеу ҒИБАДАТ  
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының  
Ақпараттық-талдау бөлімінің аға сарапшысы 
 
 
Бүгінгі  таңда  бүкіл  әлем  бетпе-бет  келіп  отырған 
лаңкестік  қылмыс  пен  діни  экстремизм  дерті  адамзат 
болашағына  қауіп  төндіруде.  Әлемдік  аренада  ислам  атын 
жамылып,  террористік  пен  зорлық-зомбылық  жасайтын, 
жүйесіз  жаңа  ұйымдар  көптеп  бас  көтеруде.  Соның  ішінде, 
барлық  әлем  елдерінің  тыныштығы  мен  қауіпсіздігіне  қатер 
төндіріп,  үрей  ұялатқан  ДАИШ  лаңкестік  ұйымы  белсенді 
әрекет етуде. 
 
 2013  жылдан  бастап  «Әл-Каида»  террористік  тобының 
құрылымы  ретінде  көзге  көрінген  ДАИШ  лаңкестік  ұйымы 
2014  жылдың  маусымынан  бастап  Ирак  және  Сирия 
аумағында халифат құрылғанын жариялап, Абдалла Ибрагим 
әл-Самарийді  (Әбу  Бәкір  әл-Багдади)  өздеріне  халиф  етіп 
сайлады. 
 
ДАИШ  лаңкестік  ұйымының  негізгі  мақсаты  Таяу 
Шығыс  елдерінің  арасына  іріткі  салып,  өз  территорияларын 
мейлінше кеңейту. Лаңкестік ұйым «Халифат» құрамыз деген 
желеумен  Ирак  және  Сирия  елдеріне  ойран  салып,  діни 
дүрдараздық  тудырып,  жазықсыз  жандардың  қанын  төгуде. 
Қазіргі  таңда  ДАИШ  –  террорлық  ұйымдардың  ішіндегі  ең 
қауіптісі.  Бұл  ұйым  жаһандық  желіні  пайдаланып,  өз 
құрамдарын  әлемнің  көптеген  елдерінің  жастарымен 
толықтыруда. 
 
Жалпы, халифат орнату идеясы экстремистік топтардың 
арасында  ғана  емес,  мұсылман  елдерінде  астыртын  әрекет 
ететін  ұйымдар  арасында  да  белсенді  насихатқа  ие  екені 
анық.  Мәселен,  Ауғанстан  мен  Өзбекстанның  терроршыл 
топтары  бұрыннан-ақ   Орталық  Азияда  халифат  орнату 
идеясын  жүргізуде.  Сондықтан  да,  ДАИШ  өз  қатарын 

13 
 
толықтыру  үшін  көп  қиналмайтыны  анық  байқалады.  Оның 
үстіне,  Ирак  пен  Сириядағы  терроршыл  топтар  «Талибан», 
«Өзбекстанның  ислам  қозғалысы»,  «Боко  харам»  тәрізді 
лаңкестік  ұйымдармен  бірлесе  қимылдауда.  Өкінішке  орай, 
қазіргі  уақытта  діни  сауатсыздық  салдарынан  әлемнің 
көптеген  елдерінің  азаматтары  ДАИШ  содырларының 
қатарына қосылуда. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, ДАИШ 
ұйымының  құрамында  әлемнің  көптеген  елінің  азаматтары 
бар.  Өкінішке  орай,  олардың  қатарында  Қазақстанның 
азаматтары да бар екені белгілі. 
 
Сирия жерінде болып жатқан ДАИШ содырларының іс-
әрекеттері, соның салдарынан Орталық Азия елдеріне төнетін 
қауіп-қатерлер  отандық  сарапшы-мамандарды  да  бей-жай 
қалдырмайды.  Лаңкестерге  қосылып,  басқа  елде  қарулы 
қақтығыстарға  қатысқан  Қазақстан  азаматының  келешегі  не 
болмақ?  Егер  олар  елге  оралса,  бүгінде  қорқыныш  ұялатып 
отырған  қауіптерді  күшейтпей  ме?  Мұндай  азаматтардың 
елге  оралғаннан  қауіп  болатынын  ресми  органдар  да 
мәлімдеп  жатыр.  «Олар  елге  келсе,  терроризм  қаупі  де 
күшейеді.  Өйткені,  ол  жақтан  тәжірибесіз  дилетанттар  емес, 
керісінше,  нағыз  соғысты  көрген,  диверсиялық  әрекеттерге 
әбден  қанық  «ардагерлер»  оралады»,  –  деген  алаңдаушылық 
та жоқ емес. 
 
Ендеше,  көрші  мемлекеттерді  алаңдатып  отырған 
ДАИШ  содырлары  біздің  көңілімізге  де  күдік  ұялататыны 
анық.  Осы  орайда  экстремистік  ұйымдарға  қарсы  елімізде 
пәрменді  шаралар  іске  асырылып  жатқандығын  айта  кеткен 
орынды.  Қазіргі  таңда  сырттан  келетін  қауіпке  мемлекет 
тарапынан  жүргізіп  отырған  идеологиялық  күресіміз 
қауқарлы деуге болады. 
 
Осы  мәселелерді  ескерген  еліміздің  құзырлы  органдары 
ДАИШ  ұйымы  Астана  қаласы,  Есіл  аудандық  сотының 
шешімімен  2015  жылдың  15  қазанында  террористік  ұйым 
ретінде  танылып,  оның  ел  аумағындағы  қызметіне  тыйым 
салды. Бұл – дер кезінде қабылданған дұрыс шешім. 

14 
 
 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  халқына  жасайтын  әр 
жылғы  Жолдауында  және  «Мәңгілік  ел  –  қазақ  халқының 
ұлттық идеясы» жобасында елдің экономикалық жағдайымен 
қоса  дін  мәселесіне  айрықша  көңіл  бөледі.  Біз  –  көп  ұлтты 
зайырлы  мемлекетпіз,  сондықтан  ішкі  діни  тұрақтылық  пен 
конфессияаралық келісімнің, сырттан келетін діни терроризм 
мен  экстремизмге  қарсы  тұрудың  маңыздылығын   ерекше 
баса  айтады.  Ендеше  ұлт  болып,  мемлекет  болып  қоғамды 
және  болашақ  ұрпағымызды  дін  атын  жамылған  керағар 
ұйымдардың ықпалынан сақтау – баршамыздың міндетіміз. 
 
Терроризм  идеологиясының  таралуын  алдын  алудағы 
негізгі  құралдың  бір  –  қоғамның  діни  сауаттылығы.  Діндер 
тарихы,  оның  қоғамдағы  рөлі  туралы  ақпаратты  жеткізу 
жұмысында, ең алдымен, мектептерде және ЖОО-да дінтану 
пәні  оқулықтары  мен  мамандардың  сапасына  ерекше  көңіл 
бөліну  керек.  Сондай-ақ,  уәкілетті  органдар  жасап  жатқан 
жұмыстармен  бірге  мешіт  имамдарының  да  белсенділігін 
арттыру – кезек күттірмейтін қажеттілік. 
 
 
 

Каталог: images -> doc
doc -> № Аты жөні Мектеп балл
doc -> Қобда аудандық балалар кітапханасы
doc -> Стр. 4 финансовый ликбез: жизнь в кредит? стр. 5 ясный взгляд:
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> "№6 Хромтау гимназиясы" мемлекеттік мекеме Сыныптан тыс шаралар
doc -> Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама
doc -> «Қаржы» «Финансы» №2-3 (14-15) февраль-март 2015
doc -> Гимназия директоры

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет