Д. Қамзабекұлы Астана қ., Қазақстан «диалог еуразия»



жүктеу 97.18 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.03.2017
өлшемі97.18 Kb.

 

Д. Қамзабекұлы  

Астана қ., Қазақстан 

 

«ДИАЛОГ ЕУРАЗИЯ» ЖӘНЕ ЕЛАРАЛЫҚ МЕНТАЛИТЕТ» 

 

Қазақстан – рухани кемелдікке мүдделі және сол үшін аянбай тер тӛгіп келе жатқан ел. Ата-



бабамыз  ақ  найзаның  ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорғап  қалған  біздің  жер  –  біраз  дүниенің 

орталығы.  Мысалы,  түрік  дүниесінің  орталығы,  Еуразияның  орталығы,  діни-рухани  парасаттың 

орталығы, береке-бірліктің орталығы. 

«Түрік балалары енші алып тарасқанда, қазаққа қара шаңырақ қалған жоқ па?!» деп айтқан 

ақын Мағжан. «Қазақстан – жаңарған Еуразиялық қауымдастықтың орталығы болады» деп айтқан 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев.  «Қазақ  елінің  тарих  қатпарынан  талай  діннің  жұрнағын  табасыз.  Бүгін 

мұнда 71 пайыз мұсылман тұрады. Сӛйте тұра әлемдік діндердің жиынын тұрақты ӛткізіп тұратын 

бірден-бір  ел  –  Қазақстан»  деп  айтқан  діни  қайраткерлер.  «Біз  біргеміз,  сӛгілмесін  іргеміз!»  деп 

айтқан Қазақстан халқы Ассамблеясы. 

Осы  тұрақтылық  пен ынтымаққа  тек  қана  қуануымыз  керек.  Ӛйткені,  Қазақ  елінің  құшағы 

досқа  –  кең,  дұшпанға  –  сабақ.  Сабақ  деуімізге  себеп,  қазақта  әдемі  сӛз  бар:  «Таспен  ұрғанды 

аспен ұр» деген. Мұның мағынасы да – достық пен татулық.  

Жалпы қазақ халқы дос тапқанды жақсы кӛреді. Сондықтан оның нақыл сӛздерінің кӛбі осы 

мақсатта айтылады. Мәселен, «Жолдасы кӛптің қолдасы кӛп», «Пайданың зоры – дос үшін шеккен 

зиян», «Достың ескісі жақсы, киімнің жаңасы жақсы» т.б. 

Бізде тағы да мынандай тағылымды сӛз бар: 

 

Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді, 

Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі, 

Білімдімен дос бол – ақыл-кеңес береді. 

 

Біз  халық  нақылын  неге  осыншама  кӛп  айтып  отырмыз?  Айтып  отырған  себебіміз,  20 



жылдық  тәуелсіздігіміздің  тарихында  елімізге  дос  кӛңілімен  келіп,  ортақ  мәдени-рухани 

жұмыстарымызды  бірлесе  кӛтеруге  септесіп  жүрген  «Диалог  Ауразия»  («Диалог  Еуразия», 

«Еуразия сұхбаты») платформасының Қазақстандағы нәтижелі еңбегі арнайы сӛз етуге тұрарлық 

дер  едік.  Тіпті  мұны  (арнайы  сӛз  етуімізді)  «Дос  кӛңіл  деген  қандай-ды?»  деп  қазақыландырып 

қойсақ та артық болмас. 

Әлемдік ауқымдағы «Диалог Еуразия» «DА» платформасының Қазақстан бӛлімшесі немесе 

комитеті  біздің  елімізде  2000-жылдардың  басынан  бері  жұмыс  істеп  келеді.  Оның  негізгі 

миссиясы – бейбіт қатар ӛмір сүру мен рухани үйлесімділікті насихаттау, осы бағытта шараларды 

жүзеге асыру, әлемдік құндылықтардың маңызын түсіндіру, байыптау. 

Қазір  Қазақстан  Республикасының  мәдени-рухани  саласында  «Диалог  Еуразия» 

платформасын  білмейтін  адам  кемде-кем.  Ӛйткені  бұл  халықаралық  ұйым  тәуелсіздіктің  ең 

жауапты  жылдарында  «бірлесе  кӛтерген  жүк  жеңіл»  дегендей  істерді  атқарды.  «DА»  -ның 

Қазақстандағы  шағын  жұмыс  тобы  еліміздің  орталық  қалаларында  ғана  жұмыс  істемей,  облыс 

орталықтарымен де тығыз байланыс орнатып елдік шаралардың негізгілерінен шет қалмады. 

Бұл шараларды біз үш топқа жіктеп қарастырамыз. Бірінші  – ел зиялыларының еңбектерін 

республика  мен  әлемге  насихаттау.  Екінші  –  заманның  аса  кӛкейкесті  тақырыптарына  арналған 

форум,  конференция,  дӛңгелек  үстел,  семинар  т.б.  шаралар  ұйымдастыру.  Үшінші  –  рухани-

имандылық шараларына зайырлылық сипат беру. 

Қазақ халқында: «Барған жеріңнің биігіне шық, үлкенімен жолық» деген тағылымды сӛз бар. 

Әр  ұлттың  биік  тұлғалы  зиялы  азаматтары  –  сол  ұлттың  бет-бейнесі,  парасаты.  Осы  тұрғыдан 

келгенде,  «Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бӛлімшесі  2002  жылдан  бастап  Халық 

жазушысы, Еңбек ері Ә.Кекілбайұлының, Халық жазушысы Ш.Мұртазаның, әлемге белгілі ақын, 

қайраткер  О.Сүлейменовтің,  әлемге  белгілі  жазушы  Ш.Айтматов  пен  танымал  ақын 

М.Шахановтың  (бірігіп  жазған  еңбектерін),  Қазақстан  Жазушылар  одағының  тӛрағасы 

Н.Оразалиннің, академик-сенатор Ғ.Есімнің таңдаулы шығармаларын түрік тіліне аударып, оның 

тұсаукесерін  ӛткізуге  ұйытқы  болғаны  –  айта  кетерліктей  фактілер.  Тіпті  мұны  «мәдени-рухани 

елшіліктің алтын кӛпірі» деп атасақ та жарасады. 

           Сондай-ақ «ДА» бүкіл түркі жұрты ғана емес дүниежүзіне танымал ойшыл, қайраткер 

Фетхуллаһ  Гүленнің  бірнеше  жинағын  қазақ  тіліне  аударуға  себепші  болып,  оның  тұсаукесер 


 

шарасын  ғылым-біліми,  зайырлы  сипатта  ӛткізгенін  айта  кеткен  жӛн.  Бұл  ретте    2009  жылы 



Алматы  және  Астана  қалаларында  ӛткен  «Фетхуллаһ  Гүлен  және  бүгінгі  әлем»  атты  танымдық-

шығармашылық кешті ерекше атаймыз. Осындай достық ықылас пен мәдени ынтымақтастықтың 

арқасында  2010  жылы  Ф.Гүлен  тұлғасы  мен  шығармашылығына  арналған  қазақ  зиялыларының 

(ғалым,  ақын-жазушы,  журналист,  дінтанушы  т.б.)  «Сана  сәулеткері»  атты  мақалалар  жинағы 

жарық кӛрді. 

«Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бӛлімшесі  ұйымдастырып  жүрген  ғылыми-

біліми, кӛпшілік-танымдық шараларды екі топқа бӛлуге болады. Біріншісі – Қазақстанда ӛткізген 

шаралары. Екіншісі – Түркия немесе ӛзге де елдерде ӛткізілген шараларға атсалысуы. Бұл жерде 

шараның  аты  мен  заты  ғана  емес,  мәдениеттанушылық,  руханияттанушылық  салмағы  айрықша 

болғанын айта кеткен лазым. Енді соның бірнешеуін атап ӛтейік: «Ұлттық мәдениеттердің тарихи 

сабақтастығы»  (Алматы:  қалалық  әкімдік,  2003),  «ХХІ  ғасырдағы  халықтардың  келісім  мен  бір 

қатар ӛмір сүру мәдениеті» (Алматы: ҚР Парламенті, 2005), «Еуразия: ұрпақтар мен мәдениеттер 

сұхбаты» (Астана, 2010) атты халықаралық форумдар мен «Ұлттық ақпарат құралдары жаһандану 

жағдайында»  (Алматы:  ҚазҰУ,  2006),  «Мәулана  және  бүгінгі  әлем»  (Алматы:  Жастар  театры, 

2007),  «Ӛзара  әдеби  ықпалдастық»  (Алматы:  Жазушылар  одағы,  2010),  «Отбасы  және  қоғам: 

дәстүр,  құндылық,  мұрат»  (Астана:  ҚР  Президенті  жанындағы  Әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жӛніндегі  ұлттық  комиссия,  2010)  атты  ғылыми-практикалық 

конференциялар. 

  Ал,  Түркия  мен  басқа  да  шетелдерде  ӛткізілген  шаралардың  ауқымы  мен  маңызын  да 

ерекше атауға болады. Мысалы, ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттарының қатысуымен 

Стамбұл-Анкара-Кония  қалаларында  ӛткен  «Мәдениет,  білім,  сенім  еркіндігі  және  бейбіт  қатар 

ӛмір сүру» атты шарасы (2009), ҚР Парламенті Сенатының тӛрағасы Қ-Ж.Тоқаевтың қолдауымен 

Стамбұл-Мардин-Урфа  қалаларында  ӛткен  Қазақстан  дінтанушылары  мен  діни  жетекшілерінің 

«Рухани  түсіністік  пен  келісім»  шарасы  (2009).  Сонымен  бірге  «DА»  ӛткізген  мынандай 

халықаралық  форумдарға  Қазақстан  делегациясы  қатысты:  Жастар  форумы  (Анталья,  2009), 

«Орталық Азия – сұхбат пен ынтымақтастық ӛңірі» (Бішкек, 2010) т.б. 

    «Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бӛлімшесі  жыл  сайын  рамазан  айында 

ӛтетін  «ауызашар»  имандылық  шарасына  да  мәдени-біліми  сипат  беруге  тырысады.  Бұл  ретте 

Астана,  Алматы  қалалары  мен  облыс  орталықтарында  «Сүйіспеншілік  және  бейбіт  ӛмір  сүру 

мәдениеті»  деген  атпен  ифтар  ӛткізіледі.  Мұнда  зиялы  қауым  мен  қарапайым  адамдар  рухани 

келісім мен бейбіт қатар ӛмір сүрудің ислам діні аясындағы құндылықтарын байыптайды. 

  Біздің  байқап  жүргеніміздей,  «DА»  әлемдік  халықтық  мейрамдарды  діни  және  ресми  деп 

бӛлмейді.  Бұл  ұйым  мейрам-мерекелердің  елді  біріктіретін  философиясы  мен  парасатына, 

практикалық  мәніне  жиі  назар  аударады.  Осы  орайда  «Диалог  Еуразия»  платформасының 

Қазақстан бӛлімшесі жиі қатысып жүрген «Наурыз мейрамы» мен «1 мамыр - Қазақстан халқының 

бірлігі күні» мерекесін атап кеткен орынды. Аталған мерекелерге «DА» үлкен даярлықпен келіп, 

Астана және Алматы қалаларында орайлы мәдени шаралар, кездесулер, рухани сұхбаттар ӛткізіп 

жүр. 


  «DА»  ның  басым  бағытының  бірі  –  жастардың  рухани  кемелдігі  мәселесі.  Осы  орайда 

ұйым Астана мен Алматы қалаларындағы жетекші университеттердің талапты жастарын зерделік-

зияткерлік  байқауларға,  ғылыми-мәдени  шараларға  тартып  жүргенін  байқаймыз.  Мысалы,  бұған 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ӛткен «Әлемдік бейбітшілік пен ұрпақтар 

сабақтастығын  сақтаудың  жаңа  бағыттары»  атты  дебат-сайысты  (Астана,  2008),  Әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде  ӛткен  «Жастар  болашағы  және  мәдени  сұхбат»  атты 

кешті (Алматы, 2009) ұйымдастырғаны дәлел болады. 

  Қазақстанда қарапайым халық пен зиялылар тоғысатын елеулі орын  – Жазушылар одағы. 

Себебі, халық ӛз ой мен сезімін ақын-жазушыларға жеткізгісі келеді, ал қаламгерлер елдің мінбері 

ретінде жұрттың ойын қоғамға жеткізеді. Осы ретте қатарынан бірнеше жыл   «Диалог Еуразия» 

платформасының тӛрағасы болып ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Пемьер-министрдің 

кеңесшісі  Н.М.Оразалин  сайланғанын  жақсы  білеміз.  «DА»  мен  Жазушылар  одағының 

ықпалдастығы, ынтымақтастығы түрік дүниесі мен әлем үшін олжа болды. 2010 жылы Жазушылар 

одағының 75 жылдық мерейтойын атап ӛтуге «DА» ұйымдастыруымен Еуразия елдері Жазушылар 

одағы басшыларының келуі мерекенің халықаралық сипатын, маңызын арттырып жіберді. Талай 

жылдарға азық болатын рухани ой-пікірлер, идеялар ортаға тасталынды. Қонақтар да, қазақ ақын-

жазушылары да сұхбаттастық нәтижесіне риза болды. 


 

  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  –  еліміздегі  заң  шығарушы  орган.  Оның  екі 



палатасы да мәдениет, руханият, қоғамдық келісім мәселесін орынымен шешуге мүдделі. «Диалог 

Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бӛлімшесі,  оның  бұрынғы  координаторы  Әли  Челикбаш, 

қазіргі  координаторы  Салих  Акчай  мырзалар  Қазақстанның  депутаттар  корпусымен  тығыз 

байланыста. Сонымен бірге «DА» платформасының Қазақстандағы жетекшілерінің бірі академик, 

сенатор  Ғарифолла  Есім  болғаны  халықаралық  мәдени-рухани  шаралардың  жандануына, 

мәселелердің  шешімін  табуына  ықпал  етіп  отыр.  Соңғы  жылдары  С.Акчай  Сенат  тӛрағасы  Қ.-

Ж.К.Тоқаев,  Мәжіліс  тӛрағасы  О.Б.Мұхамеджанов  мырзалардың  қабылдауында  болып,  талай 

маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді. 

«Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бӛлімшесі  Елбасымыз  негізін  қалаған 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен де тығыз қарым-қатынаста. Әсіресе, екі 

ұйымның да салиқалы еуразиялық миссиясы, мәдени-ғылыми қызметі әлемдік парасатты еңбектің 

мысалы  болып  отыр.  Бұл  ретте  2010  жыл  28-30  сәуірде  Астана  қаласында  ӛткен    «Еуразия: 

ұрпақтар  мен  мәдениеттер  сұхбаты»  атты  халықаралық  жастар  форумының  елеулі  шаралары 

аталған университетте жүргізілгені де белгілі. 

«DА-Қазақстан» платформасы жаңа форматтағы ізденістерімен де айрықшаланады. Мысалы, 

ол  2010  жылы  «Астана  мінбері»  атты  танымдық-ақпараттық  шараны  бастады.  Оның  алғашқы 

тақырыбы: «Нахчыван Декларациясы: түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі» 

деп  аталды.  Бас  баяндаманы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кӛмекшісі,  Тӛтенше  және 

ӛкілетті  елші  Қайрат  Шораұлы  Сарыбай  жасады.  Жиынға  мәжіліс  және  сенат  депутаттары, 

ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер қатысты.   

«Диалог  Еуразия»  платформасы  БАҚ  немесе  масс-медиа  бағытында  да  біраз  жүйелі 

жұмыстар  атқарды.  Қазақстанның  ақпарат  кеңістігіне  2005  жылдан  халықаралық  «DА» 

журналының «da Қазақстан» қосымшасы шыға бастады. Мұнда мәдениет, руханият, білім, ғылым, 

сұхбаттастық,  келісім  т.б.  маңызды  бағыттар  бойынша  қазақ  тіліндегі  материалдар  жарияланып 

тұрады.  «da  Қазақстан»  оқырманы  –  елдің  қалың  қауымы,  оның  ішінде  зиялылар  да,  қарапайым 

еңбеккерлер де бар. 

2009  жылы  «DА»  Қазақстан  комитеті  ӛз  жұмысын  жүйелендіріп,  салаландырып,  Алматы 

және  Астана  ұлттық  комитеттерін  құрды.  Алматы  комитетінің  тӛрағасы  болып  белгілі 

әдебиеттанушы,  филология  ғылымдарының  докторы,  әл-Фабари  атындағы  ҚазҰУ  филология 

факультетінің  деканы  Қансейіт  Әбдезұлы,  ал  Астана  комитетінің  тӛрағасы  болып  алаштанушы, 

филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы 

сайланды. 

Ал,  енді  «Диалог  Еуразия»  платформасы  бүгінгі  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік-

мәдени және саяси жедел жаңғыру жолымен орнықты дамып, әлемдік үйлесімділікке елеулі үлесін 

қосып  келе  жатқанына  қалай  қарайды?»  деген  сұрақ  тӛңірегінде  бірсырыпа  әңгіме  қозғауға 

болады.  Мәселен,  «DА»  35  жылдық  тарихы  бар  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық 

жӛніндегі  ұйымға  посткеңестік  республикалар  ішінен  бірінші  болып  Қазақстанның  тӛрағалық 

етуін – аса айрықша оқиға балады. Бір айта кетерлік жайт, бұл оқиғадан дәл 11 жыл бұрын ЕҚЫҰ 

тӛрағалығын Түркия Республикасы атқарған-ды. 

«DА»  айтып-жазып  жүргендей,  Отанымыздың  түрлі  саладағы  табысын  сырттан  келген 

лауазы  жоғары  мәртебелі  қонақтар  ӛз  кӛзімен  кӛріп,  лайықты  бағалап  та  отыр.  Ішкі  ӛніміміздің 

саны  мен  сапасының  артқаны,  ӛндірістік-инновациялық  стратегиямыздың  дәйекті  жүзеге  асып 

жатқаны – ертеңіміздің баянды кепілі. Мәселен, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан экономикасына 

қомақты 


инвестиция 

келгені 


мемлекетіміздің 

беделі 


мен 

берекесін 

айқындайды. 

Отандастарымыздың әл-ауқаты артты. Тұрғын-үй мәселесі де орайлы шешіліп келеді. Саяси және 

құқықтық реформалар да ӛз жемісін бере бастады. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы мен 

республикамыздың  білім  саласындағы  модернизация  шаралары  рухани,  білімдік-біліктік  және 

ғылыми бағдарда ӛрістеуімізге мол мүмкіндік ашты.  

Қазақстанның  16  миллион  300  мыңнан  астам  халқы  мүддесі  мен  арманы  ортақ  айрандай 

ұйыған бір отбасыдай тіршілік кешіп келеді.  

Еліміздің сыртқы саясаты да байыпты. Бұл саясаттың басым бағытын – ХХІ ғасырдың күллі 

зәруліктеріне жауап беру, ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдденің қажетін қамтамасыз ету, жан-

жақтылық  пен  тепе-теңдікті  қатар  ұстау  құрайды.  Азат  Қазақстан  Шанхай  ынтымақтастығы 

ұйымын, ТМД аясындағы  реформаларды,  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  пен Бірыңғай 

экономикалық кеңістікті қалыптастыруды дамытатын аймақтық ықпалдасуға кӛп кӛңіл бӛледі.  



 

«DА» Қазақстан комитетінің пікірінше, осынау әлем мен ұлтымыздың олжасына айналған іс-



шаралардың  ұйытқысы  әрі  ізашары  –  жалпыұлттық  кӛшбасшымыз,  Еуразиялық  одақ 

тұжырымдамасының авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  

Былтырғы  еліміздің  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жӛніндегі  ұйымға 

тӛрағалық  еткен  лайықты  іскерлігінің  бір  бастауын  осыдан  он  жеті  жыл  бұрын  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  «Еуразиялық  Одақ»  жобасын  тарихи  жария  етуімен  де  байланыстыруға 

болды. 


 Жалпы  еуразияшылдық  -  тарихнамаға  тағзым  ету  емес,  осы  кӛзқарастың  негізін  қалаған 

зиялылардың  идеяларын  жай  ғана  ретроспективті  талдау  емес,  сондай-ақ  дана  тарихшы  Лев 

Гумилевтің  мұрасына  деген  сүйіспеншілік  пен  қызығушылық  та  емес.  Бүгінгі  еуразияшылдық  - 

жаңа  кезеңнен  болашаққа  тартылған  ӛзіндік  тарихы  бар  ӛзекті  және  жаңашыл  құбылыс. 

Еуразияшылдықтың мән-мағынасын аз сӛзге сыйдырсақ: ол – мәдени және еларалық тұтастықты 

сақтау негізіндегі әлеуметтік жаңару, экономикалық даму.  

Қазіргі еуразияшылдықтың айрықша ӛзекті жайы Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы 

он  жыл»  кітабында  жете  сӛз  болады.  Жаһандану  –  аса  күрделі  құбылыс.  Бір  жағынан,  ол 

технологиялық дамуға, экономикалық жаңаруға, динамикалық ӛсуге жол ашады. Сӛйте тұра бұл 

даму тұтастықты жоғалту үдерісі арқылы жүзеге асады, мәдениетке, тарихи ӛзіндік ерекшелікке, 

конфессиялық және этникалық бірегейлікке кері әсерін тигізеді. Жаһандануға сыни кӛзбен қарай 

алмаған  қоғам  ӛзіндік  бет-бейнесін  жоғалтады,  стандартты  және  ұлттық  кескінсіз  қоғамға 

айналады. Жаһандануды қабылдамайтын «жабық қоғамды» қолдайтын елдер де бар. Олар осылай 

ӛзінің  тұтастығын  сақтауға  тырысады.  Бұл  жартылай  ғана  іске  асады:  тоқырау  басталады, 

әлеуметтік  серпін  жойылады,  жүйе  біртіндеп  ыдырайды.  «Жабық  қоғам»  -  тұйықтан  шығудың 

жолы емес.  

Қазіргі  кезеңдегі  еуразияшылдық  «үшінші  жолды»  -  дәстүр  мен  консерватизмді  ескеретін 

серпінділік пен ашықтықтың үйлесімін ұсынады.  

Бүгінгі  еуразияшылдық  –  тұтас  алғанда  жаңа  құбылыс.  Ол  белгілі  бір  дәрежеге  дейін 

демократиялы,  сауатты,  ашық,  экономикалық  дамуға  айрықша  мән  беретін  прагматикалық 

қоғамды жасақтайды.  

Әр халықтың ӛзіндік ерекшелігі мен дәстүрі бар. Жер шарының адамдары кӛршісінің рухани 

ерекшелігіне  ыждаһатпен  қарағанда  ғана  бірін-бірі  түсінісе  алады.  Осылай  ғана  халықтар  мен 

мемлекеттер шын мәнінде ӛзара жақындаса алады.  

Қазіргі  еуразияшылдық  осыдан  18  жыл  бұрын  Н.Ә.Назарбаевтың  М.Ломоносов  атындағы 

ММУ мінберінен  «Еуразиялық Одақ» туралы айтқан тарихи сӛзінен кейін қалыптасты. Қайраткер 

алғаш  рет  еуразияшылдықты  ірі  ауқымда  теориялық  тұрғыдан  ғана  емес,  сонымен  бірге 

практикалық  саясаттың  тармағы  ретінде  де  белгіледі.  Бұл  еуразияшылдық  ойдың  тарихындағы  

маңызды бір белес еді.  

Еуразияшылдық  Қазақстанға  не  берді  немесе  не  беріп  жатыр?  Бұл  жӛнінде  де  «DА» 

Қазақстан комитетінің ӛзіндік байламы бар. 

Біріншіден,  еуразияшылдық  –  қоғамның  тарихи  тұрақтылығын,  жаңаруын,  дәстүрін 

сақтайтын қарқынды даму үйлесімі. Мұның рәмізі ретінде Астана құрылысы мен мәдениетін алсақ 

та жеткілікті.  

Екіншіден,  еуразияшылдық  –  Еуразиялық  Одаққа,  посткеңестік  кеңістіктің  ықпалдасуына 

бағдар  жасау.  Еуразиялық  ықпалдасу  -экономикалық  даму  талаптарын  басшылыққа  ала  отырып, 

егемендік пен демократияны сақтау мен нығайту қағидасы.  

Үшіншіден,  еуразияшылдық  –    Еуроодақ  пен  әлемдік  игілікті  қауымдастыққа  ықпалдасуға 

орайласқан  бағыт.  Бұл  –  ТМД  және  Орталық  Азия  елдерімен,  Қытаймен,  сондай-ақ  Түркиямен, 

араб әлемімен ӛңірлік серіктестіктің дамуы.  

Еуразияшылдықтың  осы  үш  бағдары  қазіргі  Қазақстан  басшылығының  практикалық 

саясатында  кӛрініс  тапқан.  Бұл  –  тарихи  жоспардың  жүзеге  аса  бастауы  және  қазақ  тарихының 

нақтылануы.  

Біз  бүгін  жаңа  әлемде  ӛмір  сүріп  жатырмыз.  Оның  бір  ұстыны  саналатын  еуразия  әлемі  - 

әдемі ой ғана емес, сонымен бірге шынайы, іс-қимыл факторы. Еуразияшылдық – жаңашыл заман 

арқауы.  Бұл  арқау  -  ӛте  нәзік  құбылыс.  Дүниетаным  тірі  ағзаның  қалыптасуы  сияқты  пайда 

болады:  есейеді,  дамиды  және  нақты  ӛмірге  енеді.  «Диалог  Еуразия»  платформасы  және  «DА» 

Қазақстан комитеті осы мәселені жиі айтады. 

Біз  сеніммен  мәлімдейміз:  Қазақстанның  еуразияшылдық  мұраты  –  ел  мұратының  үлкен 

саясаттағы ӛрісі мен табысы. Бұл – бұратартушылыққа қарсы жұмылған Қазақ елінің мүддесі.  



 

ТМД-ның  бір  қанаты  ретінде  неғұрлым  тығыз  ықпалдасу  аймағы  және  жаңа  стратегиялық 



еуразиялық  құрылымның  ӛзегі  болып  саналатын  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастықтың 

(ЕурАзЭҚ)  бүгінгі  беталысы  да  тарихтың  соны  парағын  ашып  жатқандай.  Ӛзгеше  бағдарды 

ұстаған Грузия, Ӛзбекстан, Украина, Әзірбайжан және Молдова (ГӚУӘМ) стратегиялық бірлестігі 

де  ЕурАзЭҚ-ті  белгілі  дәрежеде  шыңдады.  Бұдан  да  кең  ықпалдастық  ауқымындағы  бірлестік  – 

Шанхай 

ынтымақтастық 



ұйымы 

(ШЫҰ) 


– 

бірігуге 

лайықталмаған 

кеңістіктерді 

ынтымақтастыруға бағыт алып, ӛңірлерге жаңа серпін берді.  

Әрине, кей елдерде Еуразия ұғымымен КСРО-ны еске түсіру, байырғы таптаурын сезіммен 

бүгінгі Еуразиялық Одақтың шындығын қорыта алмау үдерісі жүріп жатқанын да жасырмаймыз.  

Бұрын  кӛп  жұртқа  ықпалын  жүргізіп  дағдыланған  елдер  заман  жаңарған  шақта  саяси 

элитасы бас болып әлі де толқу үстінде: яғни «Ыдырау жалғаса ма? Әлде ұлттық ықшам мемлекет 

құрған дұрыс па?». Алаң ой басым. 

Бір  топ  ТМД  елдерімен  байланыстарды  үзу  бағытын  жандандыра  түседі.  Екінші  топ  ТМД 

елдерін қысқа мерзімде Мәскеу мүддесіне сай етіп құруға мәжбүрлеу үшін экономикалық, саяси 

және әскери қысым  кӛрсетуге бейім. Үшінші топ еуразиялық ықпалдасуды қолдайды.  

Батыста  мемлекеттік  бірегейліктің  ауысу  үдерісі  шұғыл  жүріп  жатыр.  «Ұлы  жаһандану» 

бағытының  белсенділігі  артып  келеді.  АҚШ  әлемде  жалғыз  жаһандастырушы  болуға  ұмтыла 

отырып,  барлығына  ӛзінің  қамқорлығын  ұсынады.  Бұл  ұлттық  мемлекеттер  біртіндеп  жоғары 

саяси сатылардың - әлемдік метрополиялардың АҚШ пайдасына қарай ӛзгереді дегенді білдіреді. 

Американың  қазіргі  стратегиялық  доктринасы  бұл  істі  тұжырымды  және  құжаттамалық  негізде 

бекітіп  отыр.  Бұл  американдық-жаһандану  факторы  ықпал  етудің  тұрақты  және  тұжырымды 

қалыптасқан  ұғымына  айналып,  бұрынғы  кеңестік  елдердің  әрқайсысына  жаһандануға  бірігудің 

айрықша сценарийін енгізе бастады. 

Мұнымен қатарласа жаһанданудың ӛзгеше нұсқасы Батыс Еуропада толық іске асып жатыр: 

ӛңірлік  жаһандану,  «үлкен  кеңістіктің»  біртұтас  саяси-экономикалық  қалыптасуы.  Бұл  ұлттық 

мемлекетті  сақтау  үлгісі  де  емес,  сонымен  бірге  әлемдік  империяға  кіру  де  емес.  Бұл  –  ӛңірлік 

күштерді біріктіру.  

Жаһанданудың  осы  екі  түрінің шарттары  20 жылға  жуықтаған жаңа  достастық  тарихы  бар 

ТМД  елдерінің  күн  тәртібіне  елеулі  ықпал  етіп  отыр.  «DА»  Қазақстан  комитеті  пайымынша, 

бүгінгі  іс-қимылдың  мәнді  сатысы  –  Қазақстан  кӛшбасшысының  теория  мен  тәжірибені 

ұйыстырған еуразияшылдық идеясы бола алады. Бұл жағдайда үлгі ретінде ӛңірлік жаһанданудың 

нұсқасы түрінде ешқандай қарама-қарсы емес, соншалықты бірегей де емес «Еуроодақ» алынды. 

Қазақстан  ұсынған  еуразияшылықта  ТМД  елдерінің  ұлттық  мемлекеттілігі  құндылық  ретінде 

қарастырылды. Алайда бұл құндылықты сақтау, оның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету – тарихи, 

мәдени,  ӛркениеттік  ерекшеліктерімен  жақын  басқа  елдермен  ықпалдасу  әрекеттерін  жасау 

барысында ғана жүзеге аспақ. Елбасымыздың аса байыпты саясатының айрықшылығы мынада: ол 

ТМД  елдері  басшыларының  ішінде  бірінші  болып  ӛз  мемлекетінің  барлық  тәуекелшілдігін, 

екіұдай  транзиттік  қалпын  жете  түсініп,  бұл  жағдайдан  шығудың  оңтайлы  шешімін  ұсынды, 

ӛңірлік  яки  еуразиялық  ықпалдасу  –  жаһандануға  сіңіп  кету  қаупі  алдындағы  қазақстандық 

бірегейлікті сақтау әрі нығайту кепілі еді.  

Н.Ә.Назарбаевтың  еуразияшылдығында  КСРО-дан  ТМД  арқылы  кӛп  полярлы  әлемге 

сындарлы және демократиялық құрылым ретіндегі Еуразиялық одаққа ӛтудің айқын және баянды 

жолы  байыпталған.  Сӛйтіп,  Елбасымыздың  бұл  саладағы  әрі  теориясында,  әрі  практикасында  

ТМД-ның  мәні-мазмұны  нақтыланған:  бұл  құрылым  жаңа  геосаяси  сипат  алады,  ұжымдық 

қорғаныс пен егемендік құндылықтарының жаңа полюсі жасалады. Сӛйтіп, ӛңірдегі мемлекеттер 

ӛзіндік  бірегейлігін,  тарихи  «менін»,  қоғамдық-парасаттық  жолын  сақтай  отырып,  жаңа  заманға 

ілеседі. Еуразиялық үйлесім мен келісім пайда болады. 

Нұрсұлтан  Назарбаев  тұлғасы  арқылы  біз  бірегей  қайраткердің  философиялық  және  саяси 

әрекеттер  жүйесімен  іргелі  геосаяси  үдерістердің  мазмұнын  ӛзгерткен  бастамасын  аңғарамыз. 

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан посткеңестік кеңістіктің тарихына жаңа мән-мазмұн ұсынды. Бұл 

абыройлы  бастама  ғалымдар  тарапынан  зерттелініп,  саясаткерлер  тарапынан  практикалық 

істермен  байытылуы  тиіс.  Осы  ретте  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жӛніндегі 

ұйымға  ТМД  елдері  арасынан  бірінші  рет  тӛрағалық  бұйырып  отырған  еліміз  әйгілі  «Корф 

үдерісін» дамытуға да үлесін қосып отырғанын айта кеткен ләзім. Дәлірек зерделесек, Қазақстан 

еуро-атлантикалық  және  еуразиялық  қауіпсіздік  бойынша  сұхбатқа  толық  жағдай  жасап  келеді. 

Шетелдік  білікті  сарапшылар  1-2  желтоқсанда  ӛткен  ЕЫҚҰ  Астана  саммиті  «Хельсинки 

үдерісінің» дамуына жаңаша серпін берді деп санаймыз. 


 

Осындай  игілік  пен  абыройдың  бәрі  Отанымыздың  береке-бірлігінен  ӛрбіп  жатыр.  Әрине, 



бұған үлкен сүйеніш – ел бірлігі мен демократия құндылықтары. «Демократияның ӛзі – адамның 

ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жӛн»  деп жазған еді Н.Ә.Назарбаев. 

Расында,  адам  ӛзін-ӛзі  түземей  немесе  жақсы  қоғамға  лайықты  ӛмір  сүрмей  демократияға  қолы 

жетпейді. Демократия сӛзбен орнамайды, үлгілі іспен орнайды.  

Қазақстан  –  ӛркениетті  дамуға  жанкүйер  мемлекет.  Елбасы  айқындаған  жедел  жаңару, 

әлемдік қауымдастықтан бастамашыл легінде жүру – қоғамымыздың басым бағыты болып қалмақ. 

Осы  орайда,  бейнелеп  айтқанда,  әрбір  ұйым,  мекеме,  кәсіпорын,  шаруашылық,  оқу  орны  жедел 

жаңару  ғимаратының  кірпіші.  Елбасы  негізін  қалаған  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті  де  бұл  жолдағы  жауапкершілігін,  әсіресе  еуразиялық  миссиясын  жақсы  сезінеді. 

Бізге жаңа заманға лайық білім беру, ғылымды салаландыру және Президентіміз кӛтерген Еуразия 

идеясын  дамыту  міндеті  жүктеліп  отыр.  Мемлекет  басшысының:  «Қазақстан  бүгін  Еуропа  мен 

Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет – осынау бірегей 

геосаяси  жағдайымызды  ӛз  еліміз  бен  халықаралық  қоғамдастықтың  мүддесі  үшін  ұтымды 

пайдалану»  деген  пікірі  де  қоғамымызға,  оның  ішіндегі  білім-ғылым  саласына  айрықша  қозғау 

салады деп санаймыз. 

Қазақстанның  ішкі  және  сыртқы  саясаттағы  мүддесі  мен  орны,  басымдықтары  мен 

мүмкіндіктері заман талабын тереңірек ұғынуға, жаңа бағытты парасатпен байыптауға мүмкіндік 

береді.  ЕҚЫҰ  аясында  2010  жыл  Қазақ  елі  ұсынған  сенім,  дәстүр,  ашықтық,  толеранттылық 

(ағылшынша тӛрт «Т») қағидатымен ӛткені кӛп нәрсені аңғартады. 

  Еуропа мен Азияның, кең мағынадағы Еуразия мен шарттылау ТМД-ның  қауіпсіздігі мен 

ынтымақтастығы  сӛз  болған  жерде  Қазақстанның  ұстанымы  мен  беделі  айтылатын  дәрежеге 

жеттік.  Бұл  жауапкершілік  ел  абыройын  кӛздің  қарашығындай  сақтауға  міндеттейді.  Еларалық 

үйлесімді менталитет -  «DА» Қазақстан комитеті жұмысының басты арқауы. Ел мен ел, ұлт пен 

ұлт жарасымдылығы - әлемнің жеңісі. 

  Сонымен,  «Диалог  Еуразия»  платформасы  Қазақстан  комитетінің  іс-шаралар  жоспары 

еліміздің  халықаралық  саясат  пен  ішкі  саясаттағы  тұрақтылықты,  үйлесімділікті  сақтау 



жолындағы басым бағыттарымен үйлеседі. 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 97.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет