БҰзылуы және аурулардың даму қаупі факторларының алдын алу



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата20.02.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Еркек безінің ісігі. Соңғы жылдары Қазақстанда ерекек безінің ісігімен (ЕБІ) ауру 

жедел өсуде, бұл ретте айтарлықтай үлес аурудың 3-4 сатысына келеді. 

Тəуекел факторлары: генетикалық бейімді, бірінші деңгейдегі туыстығы бар жақын 

туысы (əкесі, ағасы) ЕБІ ауырған ер адамдардың еркек бездерінің ісігінің даму мүмкіндігі, 

тамақтану  ерекшелігі,  темекі  шегу,  дене  қимылының  аздығы.  Кестеде  негізгі  белгілері, 

диагностика жасау əдістері жəне ЕБР емдеу нұсқалары келтірілген. 



 

1 кесте – Еркек безі ісігінің белгілері жəне диагностика жасау   

 

Ісік патологиясының белгілері  Емделушіні жүргізу тактикасы   Арнайы емдеудің мүмкін 

болатын түрлері 

Жиі зəр шығару, зəр шығарудың 

түнде жиіленуі, шағын мөлшерде 

зəр шығару, несеп қалтасының 

толық босамағанын сезіну, зəр 

шығару кезіндегі жағымсыз 

сезім, несепте қанның пайда 

болуы (гематурия). 

Зəр шығарудың кідіруі. 

Ушыққан жағдайларда зəр 

шығарудың жедел тоқтауы, 

сондай-ақ қатерлі улану 

белгілері, күрт арықтау, əлсіздік, 

терінің түсі жер беттеніп 

сұрлануы мүмкін. 

Клиникалық қарау* 

Простата – тəндік антиген (ПТА) 

деңгейін анықтау. 

Простатаны ректальды саусақпен 

зерттеу. 

Трансректалды УДЗ (ТРУДЗ), 

простата УДЗ көрсеткіштері 

болғанда – биопсиямен бір 

уақытта. Онкологтың кеңесін алу 

(нақтылайтын диагностика).  

Хирургиялық 

Сəулелік терапия 

Гормондық 

Құрама кешенді емдеу 

 

 


12

жалғастыру  функциясының  бұзылуы  түсті  металлургия  кәсіпорындарында 

жұмыс істейтін ер адамдардың 53,2% (12978) анықталды.

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы бойынша 296 ер адам және ба-

лалар (ер балалар) зерттелді; олардың ішінде уронадрологиялық ауытқу  2 806 

ер адамда (85,1%), уроандрологиялық ауытқуы бар аурулар арасында: 34,2% АГ 

зардап шегеді, 17,8 % ҚД зардап шегеді, АГ бар ер адамдардың 75%  және ҚД бар 

ер адамдардың 72,4% эректильдік дисфункциясы бар. 296 баланың (1 жастан ба-

стап 16 жасқа дейін) 263 (88,8%) ауытқу анықталды, 33 баланың (11,2%) дені сау.

3. Скрининг. Скринингтік тесттер

Ер адамдардың ұрпақ жалғастыру денсаулығын зерттеу әдістері

А. Ер адамдардың несеп-жыныс жүйесі мүшесін зерттеу әдістері:

1. Анамнез жинау. 

2. Зәр шығару күнделігін толтыру; 

3. Физикалық зерттеу және саусақпен ректальді зерттеу; 

4. Несеп пен қанды жалпы талдау; 

5. Қалдық несеп көлемін анықтаумен несеп қалтасын, бүйректі УДЗ;

6. IPSS-QoL (BS) (IPSS – International Prostate Symptom Score;  QoL – Quality of 

Life; BS – Bother Score) сауалнамасы бойныша сауалнама жүргізу; 

8. Қан сарысуында простатспецификалық антиген (ПСА) деңгейін анықтау

9. Урофлоуметрия.

10. Спермограмма.

11. Тестостеронға қан талдауы.



Б. Жұқпалы емес аурулардың даму тәуекелінің мінез-құлықтық факторла-

рын анықтау бойынша зерттеулер (темекі шегу, бір сигаретаны тарту болса да; 

аптасына 140 таза этанолдан асатын ішімдікті аса көп тұтыну; дұрыс тамақтанбау; 

аэробтық  дене  қозғалысының  төмендігі,  күн  сайын    30-40  минуттан  аз  және 

жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау (артериалық гипертония – артериалық қан 

қысымы 140/90мм.с.б. жоғары, семіру, дене салмағының индексі 25 көп).

4. Сыртқы  факторлар және ұрпақ жалғастыру денсаулығы 

Сыртқы  ортаның  жағымсыз  әсеріне  бейімделу  деңгейінің  белгілі  индикато-

ры ер адамдардың ұрпақ жалғастыру жүйесі болып табылады, өйткені сперма-

тогенез  бірден  жауап  береді.  Ер  адамдардың  фертильділігі  қоршаған  ортаның 

оңтайлы  жағдайларының  болуына  немесе  болмауына  байланысты  ұрпақтың 

пайда  болуы  мүмкіндігін  реттейді.  Ер  адамдардың  бастамасы  құбылмалы, 

әйелдердікі едәуір тұрақты және түрдің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондықтан 

сыртқы ортаның әсерінен адам ағзасында болған өзгерістерді мысалы ретінде ер 

адамдардың көбею жүйесі және сол бойынша жағымсыз факторлардың бар екенін 

анықтауды қарастыруға болады. Мысалы Атырау облысының қалаларында жас ер 

адамдардың 20-30% сперматозоидтарының орташа құрамы және жалпы құрамы 


13

төмендеді.  Сперматогенездің бұзылу салдары баласыз неке санының немесе ауру 

балалардың дүниеге келуін ұлғайтады.

Бүгінгі  күніде  әлемнің  дамыған  елдерінде  спермограмм  көрсеткіштерінің 

төмендеуі шамамен жылына 2% жылдамдықпен болуда, бұл Атырау облысының 

фертильдік жастағы тұрғындарына да тән.



Ер  адамдардың  эректильдік  функцияларына  метаболикалық  

синдромның  әсері.  Қазіргі  түсініктерге  сәйкес  тәуекелдің  маңызды  түбегейлі 

факторларын біріктіретін метаболикалық синдром (МС) эректильдік дисфункция 

(ЭД) дамуының ең жиі себептерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа клиникалық 

зерттеулер  МС  құрама  бөліктері  санының  және  ұзақтығының  ұлғаю  шамасына 

қарай ЭД жиілігі мен ауырлығының жоғарылағанын көрсетті. ЭД ауырлығының 

жоғарылауы  қолданылатын  терапияның  тиімділігіне  жағымсыз  әсер  етеді, 

сондықтан эректильдік бұзылулардың ауыр түрінің алдын алу аса маңызды. 

МС  бар  науқастардың  қан  тамырлық  ауруларының  асқынуының  алдын  алу 

әдістерінің ішінде өмір сүру салтын түзетуге және дене салмағын азайтуға негізгі 

мән беріледі [6–8]. Дене қимылының белсенді болуы айтарлықтай шамада МС 

бар  аурулардың  эректильдік  функциясын  сақтауға,  тіпті  орта  жаста  бастаса  да 

ықпал  етеді,  бұл  бірқатар  эпидемиологиялық  зерттеулермен  дәлелденген.  Атап 

айтқанда күн сайын 2 жыл бойы 2 мильге жүру 33% салмағы бар емделушілердің  

сексуальдық белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. МС басқа құрама 

бөліктерін түзету артериалдық гипертензияны және дислипидемимедикаменттік 

терапия  жүргізуді  талап  етеді.  Алайда  мұндай  терапия  үшін  пайдаланылған 

дәрілер  өздігінен  эректильдік  функцияға  жағымсыз  әсер  етеді,  бұл  дәрілер 

таңдау  кезінде іріктеу  тәсілін талап  етеді. МС  бар ауруларды қалыпқа түсіруге 

мүмкіндік береді, ЭД алдын алу үшін бұл санаттың даму мүмкіндігін төмендету 

үшін метаболикалық ауытқуларды түзетуден басқа ЭД емдеуге пайдаланылатын 

арнайы дәрілерді пайдалану қажет. 

Стрестер. Ұйқының қанбауы, созылмалы түрде шаршау, стресс, невроз және 

психиканы жарақаттайтын басқа жағдайлар ағзаның ішкі мүшелерінің көптеген 

аурулары  үшін  негіз  болады,  спермогенез  белсенділігін  төмендетеді  және 

эректильдік функцияны бұзады. 



Зиянды  әдеттер.  Ішімдік  ішу,  шылым  шегу  және  наша  тарту  (тіпті 

«жеңілдерін») - бедеулікке апаратын тура жол. Ішімдіктің аз ғана мөлшері қан ай-

налымды жақсартып, сперманың пайда болуына ықпал етеді деп саналады, алай-

да  алкогольдің  спермогенез  үшін  пайдалы  және  жыныс  жасушалары  үшін  улы 

мөлшері арасындағы шегі әлі күнге дейін анықталмаған. Мұндай шектің болмауы 

да мүмкін. Ішімдікті аз мөлшерде ұзақ уақыт қолдану «еркектіктің» пайда болуы 

үшін  жауап  беретін  тестостерон  –  гормон  шығаруды,  оның  ішінде  сперманың 

ұрықтануына және жыныстық қатынасқа қабілеттілігін төмендетеді. Бұл ретте ер 

адамдар үшін ең зиянды сусын сыра болып табылады. Ішімдіктің сырадағы улы 

әсері  әйелдердің  жыныстық  гормондарына  ұқсастардың  (фитоэстрогендердің) 

әрекетінен  күшейе  түседі,  олар  құлмақ  түйініне  бай.  Бұдан  басқа  кейбір  сыра 


14

өндірушілер өз өнімдеріне консерванттар ретінде синтетикалық әйелдер гормо-

нын қосады.

Шылым шегудің ер адамдардың ұрпақ жалғастыру функциясына әсері

Есірткі, никотин  және темекі түтіні ер адамдар үшін өте улы, олар спермо-

генезге  ауыр  тиеді,  сперматозоидтер  құрылымын  бұзады,  олардың  ұрықтану 

қабілетін шектейді, қауқарын төмендетеді. Ұзақ уақыт шылым шегу және есірткі 

қабылдау ер адамның жыныс жүйесін қайта қалпына келмейтін өзгерістерге алып 

келеді. Үнемі есірткі қолдану кезінде сперматогенездің қатты бұзылуы (негізінде 

марихуана,  каннабис  және  героин)  сперматозоидтер  санының  азаюынан  және 

өліп қалғандарының көбеюімен білінеді.

Әдеттегі  интоксикация  (ішімдік  ішу,  шылым  шегу,  есірткі  қолдану). 

Никотиннің тамырды тарылтатын әрекеті ұрық безі паренхимасының қоректенуін 

нашарлатады,  бұдан  басқа  никотин  ұрық  шығару  жолдарының  және  қосалқы 

жыныс  бездерінің  бұлшық  еттерінің  тонусын  төмендетеді.  Шылым  шегетін  ер 

адамдардың  ұрық  безінің  тестостерон  секрециясы,  эякуляттағы  спермалардың 

концентрациясы  және  олардың  қозғалғыштығы,  ұрықтандырғыш  қабілеті, 

морфологиялық және функциональдық қалыпты жасушалардың үлесі төмендеген.

Никотиннің эрекция мен эякуляцияға нашар әсері бар. Бұл бірнеше себептер-

ден  болады.  Бір  жағынан  никотин  жұлында  тұқым  шығару  және  эрекция  үшін 

жауапты белсенді орталықтарды нашарлатады. Екінші жағынан никотин әсерінен 

болған тамырлардың тарылуы атеросклероздың жедел дамуына алып келеді. Пе-

нис тамырының атеросклерозы белсіздікке алып келеді. Шылым шеккен жылдар 

саны көп болса, өзгерістер аса білінеді. Темекі түтіні андрогендер (ер адамдардың 

жыныс гормондары) деңгейін төмендетеді, нәтижесінде сексуальдық құштарлық 

төмендейді және эректильдік функция бұзылады. Шылым шегу сперма сапасын 

нашарлатады:    сперматозоидтардың  қозғалғыштығы  және  құрамы  төмендейді, 

олардың морфологиясы (қалыпты құрылысы) бұзылады. 

Шылым шегетін емделушілердің скринингісі  

1. Қарапайым сауалнама (сауалнаманың құпиялығы шылым шегу туралы аса 

нақты жауап алуға ықпал етеді).

2. Учаскелік дәрігер, ЖТД әрбір шылым шегушіге кеңес беруге тиіс.

3. Анамнез жинау.

4. Шылым шегуден бас тартқанда денсаулық үшін оң қатынас қалыптастыру 

негізінде ұсыныстар беру. 


15

5. Темекі шегуді жеңу бойынша медициналық көмектің көлемі

Учаскелік дәрігер, ЖТД іске асырады:

1. Шылым шегушілерді, о.і. қоршаған темекі түтінінен зардап шеккендерді (аз 

шылым шегетіндерді) анықтау. 

2.  Емделушінің  амбулаторлық  картасындағы  нәтижелерді  тіркеу.  Шылым 

шегуді  жеңуге  көмек  көрсету  немесе  емделушіні  әлеуметтік-психологиялық 

көмек бөлімшесіне (шылым шегуге қарсы кабинет) жіберу. 

3. Созылмалы аурудың даму тәуекелі факторларын анықтау. Шылым шегуді 

емдеу үшін мақсатты топтар қалыптастыру. 

4.  Жүрек-қан  тамыры,  бронх-өкпе  және  ұрпақ  жалғастырудың  бұзылу 

тәуекелін бағалау.  

5. Қысқаша кеңес беру (қысқа араласу стратегиясы) түрінде шылым шегудің 

алдын  алу  немесе  тоқтатуға  ынталандыру  көмегін  көрсету.  Үнемі  кеңес  беру 

және/немесе дәрілік терапия белгілеу түрінде шылым шегуден емделуді бастауға 

тілек білдірген және дайын емделушіге темекі шегуден бас тартуға көмектесу. 

6.  Емделушіні  шылым  шегуден  бас  тарту  бойынша  мамандандырылған 

қабылдауға жіберу (әлеуметтік-психологиялық көмек). 

7. Амбулаторлық картаға темекі шегуден бас тартуға көмек көрсету әрекеттерін 

тіркеу.


Шылым  шегетін  емделушілерді  бақылау  және  қадағалау  және  нәтижелерін 

тіркеу. 


Шылым шегу мәртебесін бағалау

Шылым шегу мәртебесін бағалау темекі шегуге тәуелділікті емдеудегі алғашқы 

қадам болып табылады. Ол 4 топқа бөлінеді:

1. Үнемі шылым шегетіндер, шылым шегуді тастауға бекем бел буған.

2. Үнемі шылым шегетін, шылым шегуді тастағысы келмейтін, бірақ болашақта 

тастауы мүмкін.

3. Үнемі шылым шегетін, шылым шегуді тоқтатудан бас тартатын.

4. Үнемі шылым шекпейтін емделушілер. 



Шылым шегу мәртебесін бағалау мыналардан тұрады:

- шылым шегу нәтижесінде аурудың даму тәуекелін бағалау;

- никотинге тәуелділік деңгейін бағалау;

- шылым шегуді тастауға ынталандыруды бағалау;

- шылым шегу құлқын  (шылым шегуге ынталануды) бағалау;

Шылым шегуді аурудың даму тәуекелінің факторы ретінде бағалау: шылым 

шегу  мәртебесін  бағалауда  жетекші  болып  табылады  және  емделушіні  шылым 

шегуден  бас  тартуға  ынталандыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Бағалау  шылым 

шегетін адамның индексі (ШИ) бойынша жүргізіледі, ол мынадай формула бой-

ынша есептеледі: ШИ=N-айына тартатын сигарета саны, 12 (ай саны) көбейту.

ШИ    140  асса  өкпе  СИЕА  даму  тәуекелінің  жоғары  екенін  білдіреді.  ШИ 

есептеуді дәрігер қабылдауына келген әрбір емделушімен жүргізу қажет, нәтижесін 

амбулаторлық емделуші картасына (ауру тарихы) тіркеу және емделушіге хабар-



16

лау қажет.

Мынадай формула бойынша анықталатын қорап/жыл индексін есептеуге бо-

лады: бір тәулікте  шегілетін сигареталар саны  x шылым шеккен уақыт (жыл-

дар). Қорап/жыл индексі жылдан асса, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы 

тәуекелінің сенімді факторы болып табылады. 



Шылым шегудің алдын алу

Мінез-құлықтық профилактика. Шылым шегудің алдын алу әдістері.

Негізгі  әдіс  -  қысқаша  кеңес  беру  (қысқаша  араласу  стратегиясы).  Әдетте 

учаскелік  дәрігермен  іске  асырылады.  Профилактикалық  кеңес  беру  және 

әңгімелесу пайдаланылады, яғни «Қысқа кеңес» немесе «қысқа араласу страте-

гиясы» (Minimal Intervation Gtrategy -5 «A» - Ask, Advis, Assess, Assist, Arrange) 

- шылым шегуден бас тарту және шылым шегуді тоқтату үшін емделушіні ын-

таландыруды  көтеру  бойынша  қысқаша  кеңес  беру  әдісі,  әңгімелесу  минуттан 

аспайды.

Жеке мінез-құлықтық кеңес беру - қысқаша кеңеске қарағанда араласу 10 ми-

нуттан аспайды.



Топтық кеңес беру

Шылым шегуді тоқтатуға арналған денсаулық мектебі

Денсаулық мектептерінде екі немесе одан асатын топтық сабақтар жүргізілуі 

мүмкін.  Денсаулық  мектебін  жүргізу  профилактикасы  және  әлеуметттік- 

психологиялық көмек бөлімшелерінде амбулаторлық- емханалық ұйымдар база-

сында іске асырылады.

«Денсаулық  мектебі»  технологиясының  тиімділігі  -  өзіне  өзі  көмектесу 

бағдарламаларымен салыстырғанда топтық сабақтарды қолдану 1,9 есе шылым 

шегуден бас тарту мүмкіндігін ұлғайтады. 

Ынталандыру кеңесі - 5R- (Revalence, Risk, Rewards, Roadblocks, Repetition) 

- шылым шегетін емделушімен оның ақпараттануын және шылым шегуден бас 

тартуға ынталандыруын арттыру үшін әңгімелесу. 

Ішімдіктің ер адамдардың ұрпақ жалғастыру функциясына әсері  

Ішімдіктің  ер  адамдардың  фертильдігіне  әсері  күдік  тудырмайды.  Ішімдік 

сперматогендік эпителияның ұрық безі мен клеткаларға тікелей улы әсер етеді. 

Маскүнемдердің 80%-нан көбі бедеу. Сперматогенездің бұзылу дәрежесі ішілген 

ішімдіктің  мөлшеріне  байланысты.  Күн  сайынғы  абсолютті  ішімдіктің  80-160г 

және одан жоғары дозасы кезінде  қалыпты  сперматогенез ер адамдардың тек 

21-37% сақталады, ер адамдардың 54-74%-нда сперматогенез жартылай немесе 

толық  бұзылады,  ал  4-9%  –  Лейдиг  клеткасының  семуімен  «тек  Сертоли  клет-

касы» синдромы болады, олар ер адамдар гормоны тестостерон өнімі үшін жа-

уап береді. Бүйректің, бауырдың, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен бірге 

ішімдік  сперматогенезді  қайтадан  зақымдандырады.  Ішімдіктің  аса  кең  тара-

уы  генетикалық  көрсеткіштердің  нашарлау  себептері  болып  табылады,  яғни 

ішкіліктік геноцид (азғындау) туралы айтуға болады.  


17

Кәсіби зияндылық. Бедеуліктің аса жиілігі мен белсіздігі жоғары температура 

жағдайында жұмыс істейтін, сонымен қатар жұмысы иондық сәулеленумен, улы 

өнімдермен  және  үнемі  ауыр  көтерумен  байланысты  ер  адамдардың  арасында 

анықталады.  Бұдан  басқа  ұялы  телефондарды  белдікке  салып  немесе  генитали 

тұсында ұстау кезінде спермогенез қарқындылығы азаяды. 

Белсенді  дене  қимылы.  Түрлі  дене  белсенділігі  бар  ер  адамдардың  спер-

мограммасын  талдау  кезінде  бірқалыпты  белсенді  дене  қимылы  кезінде  және 

спортшылардың сперматозоидтарының белсенділігі мен қозғалғыштығын ((40,0%) 

аса сперма қозғалғыш), дене қимыл белсенділігі төмен (сперма қозғалғыштығы 

31,0%)  және  қалжырататын  ДБ  және  спорт  сперма  қозғалғыштығын  (сперма 

қозғалғыштығы 27,0%) төмендететіні анықталды. 



Семірудің ер адамдардың ұрпақ жалғастыру функциясына әсері

Халықаралық  диабет  федерациясы  көрсеткіштеріне  сәйкес  белінің  көлемі 

94 см асатын әрбір ер адамға семіру диагнозын қою керек. Белінің көлемі 94 см 

асатынның бәрі – семірудің  диагнозы. 94-102 см –  ер адам ұрпақ жалғастыру 

функциясын төмендететін қандай да бір асқынулар тәуекелінің аймағында  бо-

лады. Семірген барлық ер адамдардың тестостерон деңгейін анықтау қажет. Те-

стостеронды қалыпқа келтіруге бағытталған белгілі бір терапияны жүргізу қажет, 

өйткені тестостерон -  май кетіретін басты гормон. 



Дене  жарақаттары.  Жыныс  органдарын  (жыныс  мүшесі,  ұрық  безі,  еркек 

безі, тұқым шығару жолдары)  соғып алу, жырып кету, жарылу, кесіп алу және 

басқа  жарақаттары  қауқардың  бұзылуына  және  тіндердің  бұзылуы  салдарынан 

бедеулікке, қан айналымының бұзылуына, қабыну өзгерістерінің дамуына және 

жабысулардың пайда болуына алып келеді. 

Жоғары  температура  әсері.  Бұл  фактордың  ер  адамның  ұрпақ  жалғастыру 

қауқарына  әсері:  дәрігерлердің  бірі  жоғары  температура  әсері  («бу  әсері» 

памперстерінен  бастап  тар,  жылы  іш  киім  киюмен  және  ыстық  ванна  мен  бу-

мен ұзақ уақыт қыздырынумен аяқтағанда) спермогенезге жағымсыз әсер етеді 

деп есептейді, бұл теорияға қарсылар мұндай өзара байланыстың барын жоққа 

шығарады. Алайда барлық мамандар жиі ұзақ уақыт парға кіру, жоғары темпера-

тура жағдайындағы жұмыс (ыстық цех), жұқпалы аурулар кезінде (баспа (анги-

на), өкпе қабынуы, тұмау) ұзақ уақыт қалтырау және басқа осыған ұқсас төтенше 

жағдайларда  олардың  сапасын  төмендетеді  деген  пікірде.  Осылайша  сауна  не-

месе моншадан кейін спермограмма (сперманың барлық негізгі сипаттамаларын 

бағалауға мүмкіндік беретін талдау) көрсеткіштері қалпына аптадан кейін келеді, 

ұрпақ жалғастыру қабілетін толық көлемде қалпына келтіру үшін жұқпалы ауру-

дан кейін айға жуық уақыт кетуі тиіс. 

Дұрыс  тамақтанбау.  Біз  өмір  сүру  үшін  тамақ  жейміз  және  егерде  дұрыс 

тамақтансақ, онда біздің өміріміз ұзақ және толыққанды болады. Тамақтану си-

паты  ағза  қызметінің  барлық  түрлерімен,  оның  ішінде  ұрпақ  жалғастыру  және 

жыныстық функцияны іске асырумен байланысты. Дене қимылы төмен болған 



18

кездегі жоғары құнарлы тамақ дененің артық салмақ жинауына және семіруіне 

ықпал етеді, ол тестостерон шығаруды төмендетеді және бедеулік пен белсіздікке 

алып  келеді.  Майлы  тамақты  (әсіресе  мал    майы  көп)  аса  артық  ішу  барлық 

органдағы қан айналымын бұза отырып, қан тамырларындағы атеросклеротикалық 

процесті белсенді жүргізеді. Көптеген тағам өнімінің құрамына кіретін бояғыштар 

мен консерванттар ағзаға көп түскен жағдайда улы әсер етуі және гормоналдық 

теңгерімді  бұзуға  қабілетті  болады.  Сперма  құрамына  белогы  аз  диета  және 

кейбір дәрумендер мен микроэлементтердің жеткіліксіз түсуі маңызды әсер етеді. 

Жыныстық  функцияның  қалыпты  жүзеге  асуы  үшін  аса  қажеттілердің  ішінде 

әсіресе мырышты бөлу қажет.  

Ер адам денсаулығына таптырмайтын қолдау көрсету

Адам  үшін  мырыштың  маңыздылығы  оның  тірі  ағзадағы  химиялық  реак-

цияларды  бақылайтын  90  түрлі  фермент  -  ақуыздардың  жұмысына  белсенді  

қатысуымен  түсіндіріледі.  Мырыштың  ағзаға  жеткілікті  түсуі  мыңдаған 

процестерді жүзеге асыру үшін қажет - оның ішінде сперматозоидтардың және 

олардың  ұрықтандыру  қабілетінің  белсенділігіне  қолдау  көрсететін  сперманың 

басқа құрама бөліктерінің (ұрық безі көпіршіктері мен еркек безінің секреті) пай-

да болу процесі үшін. Сондай-ақ мырыш жыныс жүйесін жұқпалы агенттерден 

қорғауға қатысады, жұқпалы- қабыну ауруларынан кейін жазылу және қалпына 

келтіру процесін жеделдетеді. 



6. Жасөспірімнің ұрпақ жалғастыру денсаулығы

Статистика көрсеткендей соңғы 15-20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының 

ер адамдар саны айтарлықтай төмендеді. Бұл бәрінен бұрын ер адамдар өмірінің 

ұзақтығының  қысқаруына  және  қыз  балалармен  салыстырғанда  ер  балалардың 

туылуының азаюына байланысты. Бұдан басқа баласыз неке саны да (16% жуық), 

олардың  жартысы  ер  адамдар  денсаулығына  байланысты.  Ұрпақ  жалғастыру 

денсаулығының  бұзылуының  алдын  алу  балалық  шақтан  басталуы  тиіс, 

сондықтан  әрбір  жасөспірімнің  және  оның  ата-анасының  жасөспірімдердің  - 

қоғамның дамуының болашақтағы әлеуетінің ұрпақ жалғастыру денсаулығы ту-

ралы қарапайым түсініктері болуы тиіс.   



Ер балалардың өтпелі және ұрпақ жалғастыру аспектісіндегі дамуының аса 

маңызды сатылары: 

• өмірдің препубертаттық кезеңі — 7-11 жас

• өмірдің ерте препубертаттық кезеңі — 11-13 жас

• толық препубертаттық кезеңі — 13-17 жас.

Дәл осы кезеңдерде әрбір бала (оның ішінде ата-аналарының көмегімен) мы-

наларды білулері тиіс:

•  Шылым  шегу  және  жасөспірімдердің  ұрпақ  жалғастыру  денсаулығы. 

Зиянсыз шылым жоқ. Әсіресе жасөспірім жаста басталған шылым шегу темекі 

шегуге тәуелділіктің тез дамуына  алып келеді, бедеулікке және мүгедек немесе 

аурушаң балалардың тууына алып келуі мүмкін. 


19

•  Ішімдік  және  жасөспірімдердің  ұрпақ  жалғастыру  денсаулығы.  Зиян-



сыз  ішімдік  жоқ.  Соңғы  жылдары  жасөспірімдер  арасында  «жеңіл»  ішімдік  - 

түрлі коктейлдер мен сыраны ішу кең тарап келеді. Тіпті «алкогольсіз» сырада 

0,5% алкоголь бар. Оның құрамына түрлі қоспалар кіреді, олар түрлі ауруларға, 

онкологияға дейін ұшыратуы мүмкін, эстрогенге ұқсас заттар - жыныс органда-

рына ұқсас заттардан тұрады, ұрпақ жалғастыру органдарының функциясына бұл 

заттар белгілі жағымсыз әсер етеді. 

•  Ішімдік  және  тестостерон  шығару.  Тестостерон  (ер  адамның  жыныстық 

гормоны) шығаратын жыныс клеткалары спирт ішімдіктерінің кез келген граду-

сынан зардап шегеді. Ішімдіксіз сыра мен коктейлді ұзақ уақыт ішуден ішімдік 

гипогонадизмул - ұрық безі функциясының жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, 

бұл бедеулікке алып келеді.  

•  Есірткі,  ішімдік,  шылым  шегу  -  ЖБЗ  пайдалану  кезінде  жыныстық 

функцияның қалыпты дамуы төмендейді, бұл түбінде бедеулікке алып келуі не-

месе болашақта мүгедек мұрагердің тууына алып келуі мүмкін.  

•  Белсенді  дене  қимылы  және  жасөспірімдердің  ұрпақ  жалғастыру 



жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет