БҰзылуы және аурулардың даму қаупі факторларының алдын алу



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата20.02.2017
өлшемі1.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

АКАДЕМИК Б.О. ЖАРБОСЫНОВ АТЫНДАҒЫ 

УРОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ  

ЕР АДАМДАРДЫҢ ҰРПАҚ ЖАЛҒАСТЫРУ ДЕНСАУЛЫҒЫ. 

ЕР АДАМДАРДЫҢ ҰРПАҚ ЖАЛҒАСТЫРУ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ 

БҰЗЫЛУЫ ЖӘНЕ АУРУЛАРДЫҢ ДАМУ ҚАУПІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ 

АЛДЫН АЛУ 

(Әдістемелік ұсынымдар)

Алматы 2014

Авторлары: 

м.ғ.д., профессор Ж.Е.Баттакова; м.ғ.д., профессор М.К.Алшынбаев, 

м.ғ.д., профессор И.Т.Мухамеджан, м.ғ.д. Г.Ж.Токмурзиева, 

м.ғ.д., профессор Т.С. Хайдарова. 



Пікір жазғандар:

м.ғ.д., профессор М.А.Макажанов 

м.ғ.д. Т.Э. Хусаинов 

Осы әдістемелік ұсынымдар денсаулық сақтау саласының бірінші буынының 

қызметкерлеріне  –  жалпы  тәжірибелік  дәрігерлерге,  отбасылық  дәрігерлерге, 

орта  медициналық  қызметкерлерге,  әлеуметтік  қызметкерлерге,  психологтарға 

және  бастамашы  топтарға  арналған.  Ұсынымдардың  мақсаты  бастапқы 

буынның  жоғарыда  көрсетілген  санаттарының  ауруларының  даму  қаупін  және 

ер  адамдардың  ұрпақ  жалғастыру  функцияларының  бұзылу  факторларының 

белсенді түрде алдын алу.  

Әдістемелік  ұсынымдарды  Академик  Б.О.Жарбосынов  атындағы  уроло-

гия ғылыми орталығы (2014 жылғы 27 қаңтардағы №1 хаттамаcы)  және Сала-

уатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының Ғылыми 

кеңесінің  отырысында  (2014  жылғы  10  ақпанындағы  №1  хаттамасы)  қаралып 

мақұлданды.  

 

Денсаулық  сақтауды  дамыту  республикалық  орталығы  Сараптау  Кеңесінің 



2014 жылғы 10 маусымдағы №4 шешімімен бекітілген. 

3

Қысқартылған сөздер тізімі:

АИТ   –  

адамның  иммун тапшылығы

АМСК   –  

алғашқы медициналық- санитарлық көмек 

ДДҰ   –  

дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 

ДНҚ   –  

дезоксирибонуклеинді қышқыл

ЕБІ  


–  

еркек безінің ісігі

ЕБҚГ   –  

еркек безінің қатерсіз гиперплазиясы

ЕҰД   –  

ер адамдардың ұрпақ жалғастыру денсаулығы 

ЖЕА   –  

жұқпалы емес аурулар

ЖМБИ  –  

жыныс мүшелері арқылы берілетін инфекциялар 

ИФР   –  

иммунофлуоресценция реакциясы 

ИФТ   –  

иммуноферменттік талдау

МС  

–  


метаболикалық синдром

ПСА     –  

простатспецификалық антиген

ПТР   –  

полимераздық тізбекті реакция

УЗИ   –  

ультрадыбыстық зерттеу

ЭД  


–  

эректильдік дисфункция

ЭШЖ   –  

эритроциттердің шөгу жылдамдығы



4

Мазмұны 

Кіріспе ...........................................................................................................................5

Негізгі бөлігі

1. Ер адамдардың ұрпақ жалғастыру жүйесі органдарының ауруы ........................7

2. Эпидемиология .......................................................................................................11

3. Скрининг. Скринингтік тесттер..............................................................................12

4. Сыртқы факторлар және ұрпақ жалғастыру денсаулығы ...................................12

5. Темекіні пайдалануды жеңу бойынша медициналық көмек көлемі .................15

6. Жасөспірімнің ұрпақ жалғастыру денсаулығы ...................................................18

7. Ер адамдардың ұрпақ жалғастыру жүйесі ауруларының алдын алу .................20

8 Функцияларды мамандар арасында бөлу және тәуекелдің мінез-құлықтық 

факторларын жеңу бойынша (темекі шегуді азайту мысалы)  медициналық

және профилактикалық көмек көлемі ..................................................................... 29

Қорытынды................................................................................................................. 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................................34


5

Кіріспе

Ер адамдардың ұрпақ жалғастыру денсаулығы 

Ер  адамдардың  ұрпақ  жалғастыру  денсаулығы  (ЕҰД)  –  жеке  тұлғаның  өзі 

санын және мерзімін анықтайтын және өмірге дені сау ұрпақ әкелу қабілетімен 

үйлесетін  қауіпсіз  және  тиімді  жыныстық  өмір  сүру  мүмкіндігін  қамтамасыз 

ететін толық табиғи, психикалық және әлеуметтік игілікті жай-күйі.

Ер адамның ұрпақ жалғастыруға қабілеттілігі (ұрпақ жалғастыру денсаулығы) 

екі функцияның - спермогенездің (сперматозоидтардың пайда болу процесі) және 

жыныстық қауқардың (жыныстық қатынас жасауға қабілеттілік, эрекцияның бо-

луы)  толыққандылығына  байланысты.  Бұл  функциялардың  әрқайсысының  же-

келей немесе белсіздік (эрекцияның бұзылуы) пен спермогенез ауытқуы (спер-

ма сапасының және/немесе санының өзгеруі) ер адамдардың ұрпақ жалғастыру 

денсаулығы бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Бедеулік пен белсіздікті 

емдеу ер адамдардың ұрпақ жалғастыру денсаулығының бұзылу негізінде жатқан 

факторларды талдаудан басталуы тиіс.



Проблеманың өзектілігі

Ер  адамның  ұрпақ  жалғастыру  денсаулығының  жалпы  жай-күйі  тек  ұрпақ 

жалғастыру жүйесі мен несеп жыныс жүйесі органдарының асқынған және со-

зылмалы ауруларының ғана емес басқа жұқпалы емес аурулардың (бірінші кезек-

те семіру, қан айналу жүйесінің аурулары, қант диабеті) болуымен анықталады.

Жоғарыда айтылған жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) және ер адамдардың несеп 

жыныс ауруларының әсерінің салдары ер адамдар арасындағы ұрпақ жалғастыру 

функцияларының, ұрпақ жалғастыру денсаулығының бұзылуы болып табылады: 



Эректильдік дисфункция – бұл этиологиясы бойынша мультифакторлық күй, 

ол қалыпты және толыққанды сексуалдық өмір сүрудің мүмкін еместігімен сипат-

талады, өйткені бірқатар себептермен эрекция тіпті болмайды немесе жыныстық 

қатынас жасауға жеткіліксіз.



Анықтау  әдістері:  Қан  мен  несеп  талдауы,  қан  глюкозасы  және  глюкозаға 

төзімділік  тесті,  қан  сарысуының  липидтері,  түнгі  эрекцияны  қадағалау, 

эндоуретралдық  термометрия,  пениалдық  қысымды  өлшеу,  реофаллография, 

аортография  және  селективтік  бұт  аралық  ангиография,  динамикалық  каверно-

графия, неврологиялық зерттеу, сыртқы жыныс органдарын қарау, Rigiscan-тест, 

ригидометрия, түрлі-түсті ультрадыбыстық допплерография, гормоналдық стату-

сын зерттеу, психологиялық зерттеу, кавернозография, жыныс мүшесін УДЗ, жам-

бас қуысы бұлшық етінің электромиографиясы [4].



Ер  адамдар  бедеулігі.  Бедеулік  көрсеткіштері  бұзылғандығының  бірқатар 

басымдық  ауытқуға  шоғырлануы  тиіс.  Тіпті  ауытқу  тек  ер  адамда  анықталса 

да,  онымен  бірге  бір  уақытта  оның  серіктесін  де  зерттеген  жөн.  Өйткені,  ДДҚ 

мәліметтері  бойынша  бедеулікке  қатысты  кеңес  алуға  келген  серіктестердің 

екеуінде де ауытқудың бар екені анықталады.


6

1 кесте - Ер адамдар бедеулігінің негізгі себебі 



Тестикулярлық жетіспеушілік

• Крипторхизм 

• Орхит (вирустік)

• Жыныс безінің бұралуы

• Цитотоксикалық терапия (химиотерапия)

• Сәулелік  терапия

• Тұқым қуалау себептері (Клайнфелтер синдромы, Y-делеция )

Эндокриндік ауытқу

• Каллманн синдромы

• Падера-Вилли синдромы

• Гипофиз (аденома, инфекция) ауруы



Ер адамның гениталь жолдарының обструкциясы (кедергісі): 

• Туа біткен ұрық шығаратын өзегінің /эпидидимис жоқтығы 

• Еркек безінің мюллерлік ісіктері

• Қосалқы ұрық безінің обструкциясы (кедергісі)  (жұқпалы, туа біткен)

• Шап пен ұма тұсындағы операциядан кейін 

Сперматозоидтер антиденесі

Дәрілік терапия, қоршаған орта, стресс, ауру

Варикоцеле

Сексуалдық ауытқулар/ұрық шығарудың ауытқуы

Пайда болуы белгісіз 

Анықтау  әдістері:  Спермограмма,  гормондарды  зерттеу  (ФСГ/ЛГ), 

микробиологиялық  зерттеу,  генетикалық  талдау,  ультрадыбыстық  зерттеу, 

тестикулярлық биопсия [4, 5]. 

Эректильдік  дисфункцияға  және  ер  адам  бедеулігіне  алып  келетін    ер 

адамдардың ұрпақ жалғастыру жүйесінің (ЕҰЖ) негізгі аурулары несеп жыныс 

органдарының аурулары, бірінші кезекте простатит ауруы.  



7

Негізгі бөлігі

1. Ер адамдардың ұрпақ жалғастыру жүйесі органдарының аурулары 

Ер адамдардың ұрпақ жалғастыру денсаулығының бұзылуының дамуына әсер 

ететін ісінбейтін аурулар (РЗМ). 

Варикоцеле  - ұрық ені мен ұрық безі тамырының варикоздық кеңеюі. Ол ша-

мамен  жас ер адамдардың 10% кездеседі.  



Анықтау әдісі: ұрық безі тамырларының буылтықтанып өрілуін УДЗ.   Спер-

мограмма (қажет болғанда). 



Қосалқы ұрық безінің қабынуы (сперматоцеле) – жұмыр нысандағы көлемді 

ісік, ол қосалқы ұрық безінде орналасқан тығыз фиброздық қабықпен немесе кап-

суламен қоршалған сұйықтықты білдіреді.

Анықтау әдісі: Ұма УДЗ, онда қосалқы ұрық безінде орналасқан жұмыр ісік 

білінеді. Ұрық енінің қабынуы (фуникулоцеле) - жұмыр нысандағы көлемді ісік, 

ол қосалқы ұрық безінде орналасқан тығыз фиброздық қабықпен немесе капсула-

мен қоршалған сұйықтықты білдіреді.



Гидроцеле  (ұрық  безі  қабының  шемені)  –  ұрық  безі  қабы  арасындағы 

сұйықтықтың жиналуы. Гидроцеле пайда болуының себебі ұманың жарақаттануы, 

сәуле  терапиясы,  асқынған  орхит  немесе  эпидидимит,  сондай-ақ  ұрық  безінің 

қатерлі  ісіктері. Ұрық  безі  қабының  шемені бедеуліктің  дамуына, ұрық  безінің 

семуіне алып келуі мүмкін, сондықтан гидроцеле белгілері байқалғанда дәрігерге 

көріну қажет.



Анықтау әдісі: Ұма  органдарының  УДЗ,  зерттеу кезінде ұрық безі қабында 

артық сұйықтық бар екені анықталады.



Қабыну аурулары

Орхит – ұрық безінің қабынуы. Іс жүзінде әрқашан қандай да бір жұқпалы-

ісіну  ауруының  асқынуы  болып  табылады.  Орхит  эпидемиялық  паротиттен 

(свинка),  тұмаудан,  скарлатинадан,  желшешек  ауруынан,  өкпенің  қабынуынан, 

бруцеллезден, іш сүзегінен кейін дамуы мүмкін. Бірақ орхит көбіне несеп-жы-

ныс жүйесінің қабынған аурулары – уретрит, простатит, везикулит, эпидидимит 

кезінде дамиды. Сондай-ақ орхит ұрық безі жарақатынан кейін де пайда болуы 

мүмкін.

Анықтау әдісі: Ұманы қарау және саусақпен ұстап тексеру кезінде ұрық безінің 

үлкейгені, ісінгені, ауыратыны байқалады; қабынған ұрық безі үстіндегі терінің 

қызарғанын байқауға болады; дене температурасы көтеріледі; қанды жалпы тал-

дау белгіленеді, ол лейкоциттердің көбейгенін, ЭШЖ жоғарылағанын көрсетеді, 

лейкоцитарлық формула солға жылжып кетеді, яғни қабыну белгілері пайда бо-

лады; несептің жалпы талдауы қалыпты болуы немесе орташа қабыну байқалуы 

мүмкін; дәрігер әрқашан жыныс мүшелері арқылы берілетін ауруларды зерттеуді 

(жағынды, жағындыны егу, ПТР, ИФТ)  белгілеуі тиіс. Орхитпен ауырған адамның 

ұма органдарын УДЗ арқылы ұрық безінің ұлғайғаны және ісінгенін анықтау.


8

Эпидидимит  -  бұл  қосалқы  ұрық  безінің  қабыну  процесі.  Әдетте  бұл  ауру  

табиғаты бактериалдық ауру. Ұрық безінің эпидидимиті жас кезде дамуы мүмкін. 



Анықтау  әдісі:  Ұма  УДЗ,  мұнда  қосалқы  ұрық  безінің  өзгеруі  мен  ісігені 

анықталады.  Сондай-ақ  қанды  жалпы  талдау  белгіленеді,  ол  лейкоциттердің 

көбейгенін, ЭШЖ жоғарылағанын көрсетеді, лейкоцитарлық формула солға қарай 

жылжып кетеді, яғни қабыну белгілері пайда болады. Несептің жалпы талдауы 

қалыпты болуы немесе орташа қабыну байқалуы мүмкін. Дәрігер әрқашан жыныс 

мүшелері арқылы берілетін ауруларды зерттеуді (жағынды, жағындыны егу, ПТР, 

ИФТ) белгілеуі тиіс. 

Фуникулит – ер адамдардың ұрық енінің қабынуын (асқынған немесе созыл-

малы) білдіретін ауру.



Анықтау  әдісі:  Ұма  УДЗ,  мұнда  ұрық  енінің  айтарлықтай  қалыңдағаны 

анықталады. Саусақпен басқанда ауырады және едәуір тығыз ауырлықты білдіреді, 

бұл ұрық безінің бастап шап өзегіне дейін білінеді. Қанды жалпы талдау кезінде 

эритроциттер, лейкоциттер шөгу жылдамдығының жоғарылағаны анықталады.



Везикулит - бұл ұрық көпіршіктерінің біреуінің немесе екеуінің де қабынуы. 

Қосалқы ұрық безінен ұрық өзектері несеп қалтасының мойынына жақындайды, 

онда  кеңейеді  және  ұрық  көпіршіктері  пайда  болады.  Тұқым  көпіршіктерінде 

сперматозоидтар  сақталады.  Тұқым  көпіршіктерінен  несеп  жүретін  өзекке 

шығатын жері бар. 

Анықтау әдісі: клиникалық белгілерінде дене температурасының  жоғарылауы, 

дененің қалтырап тоңуы және шап тұсы, айналшық пен сегізкөз тұсының қатты 

ауыруы байқалады. Кейбір  жағдайларда кіші дәретке жиі барады, жиі және со-

зылмалы  түнгі  эрекция  болады,  эякуляция  кезінде  ауырады.  Маман  ректальды 

зерттеу жүргізеді, онда еркек безі бүйір жақ беттерінде орналасқан қабынған жер-

лер анықталады, қан мен несептің жалпы талдауы, ұрық көпіршіктері секретінің 

жағындысын себу тағайындалады. 

Простатит - қабыну сипаты бар еркек безінің ауруы. Қазіргі кездегі  урологи-

яда бұл ең көп тараған аурулардың бірі. Аурудың өту деңгейі бойынша простатит 

асқынған және созылмалы болып бөлінеді. 

Анықтау  әдісі:  I-PSS  (International  Prostatic  Symptom  Score  -  Простаталық 

белгілерді  бағалаудың  халықаралық  шкаласы)  шкаласын  толтыру.  Бұл  шкала  8 

сұрақтан тұрады және бірінші 7-уі 0 -ден бастап 5 -ке дейінгі белгісінің анық бо-

луына байланысты ауытқиды. Сөйтіп клиникалық белгілері бойынша ең жоғары 

балл 35 -ке жетуі мүмкін. Бұл ретте баллдар жинағы былайша бөлінген: 0 - 7 - 

әлсіз білінетін белгілер, 8 - 19 - орташа белгілер, 20 – 35 анық көрінетін белгілер. 

Уофлоуметрия - несеп ағынының ең көп жылдамдығының төмендеуі, УДЗ - ер-

кек безі белгілері қабынуының ұлғаюы, ісінуі, несеп қалдығы көрінеді. Жалпы 

клиникалық талдауларда қабыну процесінің белгілері бар [4,8,9].

Колликулит  -  ұрық  бұдырмағының  қабынуы,  көбіне  уретритпен,  проста-

титпен, везикулитпен, эпидидимитпен бірге өтеді. Шын мәнінде артқы уретрит 

(уретраның простаталық бөлігінің қабынуы). Алғашқы колликулит және тұқым 


9

бұдырмағының қайталап қабынуы кездеседі. 



Анықтау әдісі: емделушінің айтқандарын анықтауға; простатаны ректалдық 

саусақпен  зерттеу  мәліметтеріне;  эякулят  (немесе  простата  секреті),  жыныс 

мүшелері  арқылы  берілетін  инфекция  ПТР  диагностикасының  нәтижесіне; 

уретроскопияға негізделеді.



Уретрит  -  несеп  шығаратын  өзектің  (үрпінің)  қабынуы,  өте  кең  тараған 

урологиялық  ауру.  Уретритпен  ер  адамдар  да,  әйелдер  де  бірдей  ауырады. 

Уретриттің екі түрі болады: жұқпалы және жұқпалы емес. Жұқпалы уретрит  бак-

териядан, вирустардан, зеңдерден болады.  



Анықтау әдісі:  клиникалық түрде несеп шығарғанда, әсіресе оның бас кезінде 

дызылдаумен,  аурумен  немесе  шаншумен  және  үрпіден  тамшылаудан  білінеді. 

Қабыну мен инфекция белгілерінің бар екенін несепті жалпы талдаумен; жыныс 

мүшесі мен ұманы толық дәрігердің қарауы, простатаны саусақпен басып көру, 

үрпі ішіндегі құрамды талдау; жыныс мүшелері арқылы берілетін басқа аурулар-

дан саралау үшін қан талдауы  белгіленеді.  



Жыныс мүшелері  арқылы  берілетін  инфекциялар  (ЖМАБИ)  -  олардың 

қоздырғыштары 30 аса түрлі бактериялар, вирустар және паразиттер болып табы-

лады, көбіне сексуалдық қатынастар, вагиналдық, анальдік және оральдық сек-

стер кезінде таралады. Кейбір ЖМАБИ терілік сексуалдық қатынас кезінде берілуі 

мүмкін. ЖМАБИ тудыртатын шағын организмдер, сондай-ақ қан өнімдерін құю 

және тінді қайта орнату кезінде берілуі мүмкін. Көптеген ЖМАБИ хламидиоз, го-

норея, гепатит В, АИТ,  АПВ,  ЖВГ-2 қоса, анасынан баласына жүкті және босану 

уақытында берілуі мүмкін. 



Анықтау  әдісі:  емделушінің  айтқандарын  анықтау;  маманның  қарауы,  үрпі 

жағындысын  алу;  бактериоскопиялық  және  бактериологиялық  зерттеу;  ДНК-

диагностика  немесе  ПТР-зерттеу;    иммунофлуоресценция  реакциялары  (ИФР); 

қанның иммунологиялық талдауы.



Простата ауруы 

Еркек безі ауруы және бедеулікке алып келетін онымен байланысты жыныстық 

ауытқулар  қазіргі  уақытта  урология  және  сексопатологияда  айтарлықтай  орын 

алады.  Соңғы  мәліметтер  бойынша  бұл  аурулармен  барлық  ер  адамдардың 

кемінде 30-50%  зардап шегеді. 

Созылмалы простатит проблемасы урологияның өзекті проблемаларының бірі 

болып  табылады.  Түрлі  статистикалық  зерттеулер  созылмалы  простатитпен  ер 

адамдардың ең әлеуметттік белсенді тобының зардап шегетінін көрсетті. Түрлі 

авторлардың мәліметтері бойынша созылмалы простатитпен ауыратындар 8% ба-

стап  35% дейін ауытқитынын көрсетеді. Созылмалы простатит 28%-ы жағдайда 

ер  адамдардың  урологтарға  өтініш  жасау  себебі  болып  табылады;  59%-ы  про-

статитке өздігінен болған ауру ретінде диагностика жасалады және 85%-ы еркек 

безінің қатерсіз гиперплазиясымен бірге жүреді.


10

Простата аурулары:

• асқынған  бактериалдық простатит

• созылмалы бактериалдық простатит

• асқынған бактериалдық простатит (созылмалы жамбас аурулары және   про-

статадония)

Еркек безі ауруларының жалпы белгілері:

1.  Несеп шығару ауытқушылығы: несеп шығару басындағы және аяғындағы 

ауру, үнемі сыздап ауру.

2.  Жыныс  саласындағы  ауытқулар:  эякуляция  уақытында  дұрыс  эрекция 

кезінде  уақытынан  бұрын  тұқым  шығарудан  оргазм  сезудің  және  жыныстық 

тілектің әлсіреуіне төмендеуі және жыныс гормондарын бөлудің төмендеуі.

3.  Егер  ер  адамдардың  дұрыс  тұқым  шығаруы  жыныстық  қатынасты 

бастағаннан кейін 1,5-5 минуттан ерте басталатын болса, онда простатитпен ау-

ыру кезінде кейде жыныс мүшесін қынапқа енгізгеннен кейін дереу басталады. 

Мұның бәрі жыныстық жақындық алдында жалған үрей тудырады, нәтижесінде 

сексуалдық неврозға алып келеді және жыныстық қатынасты одан әрі нашарлата-

ды.


Созылмалы  простатитпен  ауыратындардың  жыныстық  ауытқуларының 

түрлері  жыныс  мүшесі  эрекциясының  бұзылуы  болып  табылады.  Осылайша 

ер  адамдардың  өте  көп  ауыруы,  ұрпақ  жалғастыру  денсаулығының  төмендігі 

айтарлықтай деңгейде алғашқы және қайта деңгейімен, сондай-ақ  уақытында ди-

агностика жасамаумен, емделушілердің алдын алуға және ауруды емдеуге көңіл 

аударуының  төмендігімен  және  оның  салдарынан  аурудың  соңғы  сатысында 

дәрігерге келуімен және емдеудің тиімсіздігімен   шарттастырылған. Сондықтан 

өмір  сүру  салтымен  байланысты  және  ер  адамдардың  ұрпақ  жалғастыру 

денсаулығының бұзылу себебі болып табылатын тәуекел факторларын уақытында 

анықтау және алдын алу қажет. 

Еркек  безінің  қатерсіз  гиперплазиясы  (ЕБҚГ)  -  бездік  эпителиден  неме-

се  простатаның  стромалдық  құрама  бөлігінен  дамитын  жаңадан  пайда  болған  

қатерсіз тін. 

Анықтау әдісі: анамнез жинау, несеп шығару күнделігін толтыру; физикалдық 

зерттеу  және  саусақпен  ректальды  зерттеу;  жалпы  несеп  талдауы;  қалған  не-

сеп  көлемін  анықтаумен  бүйректі,  несеп  қалтасын  УДЗ;  IPSS-QoL  (BS)  (IPSS 

– International Prostate Symptom Score; QoL – Quality of Life; BS – Bother Score) 

сауалнамасы бойынша сауалнама жүргізу; простатаны трансректальды УДЗ; қан 

сарысуында простатспецификалық антиген (ПСА) деңгейін анықтау; урофлоуме-

трия [4,6,7]. 

Еркек безінің ісігі. Соңғы жылдары Қазақстанда ерекек безінің ісігімен (ЕБІ) 

ауру жедел өсуде, бұл ретте айтарлықтай үлес аурудың 3-4 сатысына келеді.

Тәуекел факторлары: генетикалық бейімді, бірінші деңгейдегі туыстығы бар 

жақын туысы (әкесі, ағасы) ЕБІ ауырған ер адамдардың еркек бездерінің ісігінің 

даму  мүмкіндігі,  тамақтану  ерекшелігі,  темекі  шегу,  дене  қимылының  аздығы. 


11

Кестеде  негізгі  белгілері,  диагностика  жасау  әдістері  және  ЕБР  емдеу 

нұсқалары келтірілген.

1 кесте – Еркек безі ісігінің белгілері және диагностика жасау 

Әдістемелік  ұсынымның  мақсаты:  Бұл  ұсынымның  мақсаты  АМСК 

медициналық  қызметкерлерін  нақты  әдіснамамен,  профилактикалық  көмек 

моделімен  және  мінез-құлықтық  профилактика  және  аурудың  даму  тәуекелінің 

жеке факторларын және Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау демографиялық 

көрсеткіштерін  жақсарту  негізі  ретінде  ер  адамдардың  ұрпақ  жалғастыру 

денсаулығының қауқарын және ресурстарын нығайту үшін ер адамдар арасын-

да  ұрпақ  жалғастыру  денсаулығының  бұзылғанын  анықтау  бойынша  әрекеттер 

алгоритмдерімен қамтамасыз ету.  



2. Эпидемиология

Урология  ҒО  2006  жылы  жүргізген  Қазақстан  Республикасының  ер 

адамдарының ұрпақ жалғастыру денсаулығын скринингтік зерттеу нәтижелері.

ҚР 14 облысында тұратын 24 396 ер адамның ұрпақ жалғастыру денсаулығының 

жай-күйіне стандартты скринингтік зерттеу жүргізілді, эректильдік дисфункция 

белгілері  (түрлі  дәрежеде  білінген)  ер  адамдардың  56,3%  (13734)    анықталды; 

фертильдік бұзылу белгілері (түрлі дәрежеде білінген) ер адамдардың 30,4% (7416) 

анықталды;  жыныс  мүшелері  арқылы  берілетін  инфекциялар  ер  адамдардың 

42,4%  (10343)  анықталды;  ұрпақ  жалғастыру  функциясының  бұзылуы  мұнай 

шығарумен  айналасатын  жұмысшылардың  63,5%  (15491)  анықталды;  ұрпақ 

11 

 

жалғастыру  денсаулығының  бұзылу  себебі  болып  табылатын  тəуекел  факторларын 



уақытында анықтау жəне алдын алу қажет.  

Еркек  безінің  қатерсіз  гиперплазиясы  (ЕБҚГ)  -  бездік  эпителиден  немесе 

простатаның стромалдық құрама бөлігінен дамитын жаңадан пайда болған  қатерсіз тін.  

Анықтау  əдісі:  анамнез  жинау,  несеп  шығару  күнделігін  толтыру;  физикалдық 

зерттеу  жəне  саусақпен  ректальды  зерттеу;  жалпы  несеп  талдауы;  қалған  несеп  көлемін 

анықтаумен  бүйректі,  несеп  қалтасын  УДЗ;  IPSS-QoL  (BS)  (IPSS  –  International  Prostate 

Symptom Score; QoL – Quality of Life; BS – Bother Score) сауалнамасы бойынша сауалнама 

жүргізу; простатаны трансректальды УДЗ; қан сарысуында простатспецификалық антиген 

(ПСА) деңгейін анықтау; урофлоуметрия [4,6,7].  




жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет