Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата02.02.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5

Åóðîïàëû? 

êîìèññèÿ


Ñî?ûñ æ?íå áåéá³òø³ë³êò³ 

æàðèÿëàó æ?í³íäåã³ Èíñòèòóò



қаңтар-ақпан 2010

2

Қ

ұрметті

 

оҚырмандар

!

 

Біздің  ақпараттық-сараптамалық  бюллетеніміздің  кезекті 

үшінші жарияланымында Сіздердің назарларыңызға жоба ша-

ралары  жайындағы  ақпарат  пен  Орта  Азия  елдеріндегі  адам 

құқығы саласында болып жатқан оқиғалар мен аймақтағы бел-

гілі  құқыққорғаушылармен  болған  сұхбатты  ұсынамыз.  Бұл 

жарияланымның  негізгі  тақырыбы  Қырғызстандағы  журналис-

терге  жасалған  шабуылдардың  соңғы  статистикасына  байла-

нысты  журналистердің  қауіпсіздігі  мәселесі,  Тәжікстандағы 

жетекші  газеттерге  қатысты  жала  жабу  бойынша  айыптау 

оқиғаларының  жиілеп  кетуі,  Өзбекстандағы  журналистерді 

қорқыту оқиғалары болды. Біз, сонымен қатар, Қырғызстанда 

күн өткен сайын өзектілік алып келе жатқан азаптауды қолдану 

мәселесін  де  көтеруге  тырыстық.  Мүмкіндікті  пайдалана  оты-

рып,  осы  жарияланымды  қызықты  әрі  пайдалы  деп  тапқан 

жандарға алғысымызды білдіреміз. 

Бюллетень  «Орта  Азия  мемлекеттеріндегі  құқыққорғау  білімі 

мен адам құқығын БАҚ арқылы қорғау» жобасының аясында, 

Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі британдық инсти-

тут арқылы жүзеге асырылып, Еуро Комиссияның қолдауымен 

басылды.  Орта  Азия  мемлекеттеріндегі  адам  құқығын  қорғау 

саласындағы қоғамның ақпаратпен қамтамасыз етуінің деңгейін 

көтеру жобаның негізгі мақсаттарының бірі болып есептеледі.

Бүгінгі  күні  жоба  Қырғызстандағы  балалардың  білімге  қол 

жеткізу  туралы  сұрақтарын,  Тәжікстандағы  өз  өзіне  қол 

жұмсаушылықтың  көбейіп  кетуіне  байланысты  мәселелердің, 

Қазақстандағы  сөз  бостандығына  қатысты  мәселелерге 

қатысты  диалогтық  байланысқа  қатысты  сұрақтарды  шешіп, 

қамтамасыз етіп отыр. Жобаның келесі бағыты үкіметтік емес 

ұйымның мүшелерін қоғаммен байланысқа, бұқаралық ақпарат 

құралдарымен  қарым-қатынас  құруға  және  адам  құқығына 

қатысты  халықаралық  стандарттар  мен  сол  саладағы  ұлттық 

заңнама туралы журналистерге арналған тренингтер өткізеді.

IWPR бүгінгі таңда Еуропада, Ауғанстанда, Иранда, Иракта, Си-

рияда, Филиппинде, Уганда, Солтүстік Африкада, Зимбабведе, 

Кавказда және Орта Азия мемлекеттерінде өз қызметін жүзеге 

асырып келеді. Орта Азиялық аймақта IWPR-дың сәтті қызметі 

1999  жылдан  бастау  алған.  Осы  уақыт  аралығында  Институт 

мемлекеттік  органдармен,  үкіметтік  емес  ұйымдармен  (ҮЕҰ) 

және медиа құрылымдармен конструктивті қарым-қатынас ор-

натты.  IWPR  алғашқылардың  бірі  болып  жергілікті  журналис-

термен қарым-қатынас құрып, оларға шетелдегі әріптестерімен 

байланыстарын дамытуға көмектесті.

Уақыт өте келе серіктестік тығыз қарым-қатынастар түріне айнал-

ды. Мұндай тәсіл жаңа байланыстардың кеңеюін, идеялардың, 

білімнің және машықтармен алмасуды қамтамасыз етті. Тілдік 

тосқауыл  мен  көзқарастардың  әр  түрлі  болуына  қарамастан, 

www.iwpr.net.  сайтында  көптеген  мақалалар  жарық  көруі, 

жемісті  жұмыстың  қорытындысы  болып  есептеледі.  Осындай 

жұмыстың  арқасында  IWPR  адам  құқығына  байланысты,  де-

мократия  мен  басқа  да  қақтығыс  тудыратын  тақырыптарды, 

сұрақтарды баяндауға қатысты едәуір үлесін қосты. 

Бюллетеннің  әр  нөмірінде  біз  сіздерді  жобаның  қызметімен, 

Қазақстандағы, 

Қырғызстандағы, 

Тәжікстандағы 

және 

Өзбекстандағы  адам  құқығын  бұзуға  қатысты  әр  түрлі 



жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар, біздің аймақтағы 

мемлекеттердің шынайы жағдайын объективті түрде баяндауға 

тырысамыз.

ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ӨЗЕКТІ СҰХБАТ 

ҚАЗАҚСТАН:

Қазақстандағы  исламистерге  жасалынып  отырған 

қысым. Билік жекелеген діни топтарды радикалдылық 

пен  бүлікшілдік  іс-әрекеттермен  айыптап,  оларға 

қарсы шұғыл шаралар қолдануда.

ҚЫРҒЫЗСТАН:

1. Қырғызстан: журналистік қауіпсіздікке байланысты 

алаңдаушылық. Қатігез шабуылдар медиа-қауымдас-

тықты іс-шараларға баруға мәжбүрлеуде. 

2. Қырғызстандағы азаптау ісі жағымды жағдайға ауы-

сады  деп  болжануда.  Күштеп  мойындату  негізінде 

шығарылған  үкімнің  орындалмауы  азаптауға  қарсы 

күресте жаңа қадамдарға әкелуі мүмкін. Алайда кел-

тірілген  шығынның  орнын  толтыру  мен  азаптауды 

қолданған және жасырып қалған кінәлілерді сот тер-

геуіне тарту қажет.

ТӘЖІКСТАН:

1. Тәжікстандық құқыққорғаушылар тіркеуге алу инсти-

тутынан бас тартуды талап етуде. Сын айтушылардың 

пікірінше, тіркеуге алудың кеңестік жүйесін жою қажет.

2.  Тәжікстан:  Газеттерге  қарсы  арыз-шағымға  бай-

ланысты  алаңдаушылық.  Медиа-бақылаушылардың 

пікірінше,  жала  жабуға  байланысты  сот  істерінің 

бірқатары сайлау қарсаңында үш мерзімді басылымға 

қарсы  жүргізілетін  алдын-ала  келісілген  кампанияға 

ұқсайды. 



ӨЗБЕКСТАН:

1.  Журналистерді  қорқыту  арқылы  өзбек  билігі  оларға 

шындықты жазуға тыйым салғысы келеді.

ТҮРКІМЕНСТАН:

1. Түркімен билігінің тұрғын үйлерді бұзуға байланыс-

ты көңілі толмайды. 

2.  Тұрғын  үйлерді  бұзуға  байланысты  кампанияға 

түркімен  билігінің  көңілі  толмайды.  Адамдар  жолдар 

мен  көпқабатты  үйлер  тұрғызу  мақсатты  бұзылған 

тұрғын үйлерге берілетін ақша үшін күресуде. 

ОСЫ НӨМІРДЕ:

02

10



17

19

23



26

28


қаңтар-ақпан  2010

3

30-31  қаңтарда  Ош  қаласында  Қырғызстанның 

оңтүстігіндегі үш облыстың журналистеріне арналған, 

«Орта Азиядағы адам құқығын және құқық қорғау бі-

лімін  БАҚ  арқылы  қорғау»  жобасының  ұйымдас-

тыруымен  тренинг  өтті.  IWPR  жобасының  редак-

тор-фрилансені  Абдумомун  Мамараимов  тренинг 

қатысушыларына  адам  құқығы  теориясының  негізгі 

түсініктері,  және  осы  саладағы  негізгі  халықаралық 

құжаттар жайлы айтып берді. Тренинг қатысушылары, 

сонымен  қатар,  адам  құқығын  қорғайтын  халықа-

ралық  және  аймақтық  құралдармен,  механизмдар-

мен танысты, ел азаматтарының құқығын қорғаудағы 

құқыққорғаушылардың,  БАҚ-ның  және  мемлекеттік 

органдардың рөлін талқылап, олардың өзара қарым-

қатынасының  маңыздылығы  жайлы  сөз  қылды. 

Тренинг  жұмысына  Ош,  Баткен,  Жалалабад  облыс-

тарының  түрлі  БАҚ-нан  он  екі  журналист,  тәуелсіз 

журналистер,  жергілікті  ЖОО-ның  журналистика 

факультетінің студенттері қатысты. 

Тренинг қатысушыларының алдында Ош қаласындағы 

ЕҚЫҰ далалық кеңсесінің өкілі Октам Газиев пен жер-

гілікті «Адам құқықтары бойынша эдвокаси орталық» 

ҮЕҰ-ның Ассоциациясы» құқыққорғау ұйымының ли-

дері Жениш Тороев сөз сөйледі.

Қонақтар  қатысушыларға  ЕҚЫҰ-ның  мысалын-

да  адам  құқығы  бойынша  жергілікті  құралдар, 

құқыққорғаушының  қазіргі  жағдайдағы  рөлі  мен 

жұмысы  жайлы  айтып  берді.  Бұл  әңгімелер  қаты-

сушылардың  үлкен  қызығушылығын  туғызды,  олар 

өздерін  қызықтырып  жүрген  сұрақтарға  жауап  ала 

алды.  Тренингте  құқыққорғау  журналистикасының 

ерекшеліктері  мен  осы  жұмысқа  байланысты 

қатерлер мәселесі талқыланды. Әсіресе журналистің 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар 

ерекше назарға алынды. 

ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Журналистерге арналған адам құқығына кіріспе» 

тренингі


Ош қ., Қырғызстан

«Адам  құқығы  мәселелеріне  жазып  жүрген  журналистер 

бұл  тақырыптың  ерекшеліктеріне  келгенде  сауатты  бо-

лулары  керек,  сондықтан,  олар  тұрақты  түрде  біліктілігін 

көтеріп отырулары қажет. Бұл, біріншіден, журналистерге өз 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек береді, себебі, жұмыста 

адам  құқығын  бұзудың  алдын-алады,  екіншіден,  мұндай  білім 

жарияланымдардың сапасын, кәсібилігін арттыра түседі. Осы 

тұрғыдан алғанда тренинг маған өте үлкен көмек берді».

«Ош шамы» газетінің корреспонденті, Гульзат Газиева

«Соңғы  екі  жыл  бойы  елдегі  адам  ққығы  мәселелері  жайлы  ақпарат  берумен  айналысып  жүрген 

журналист  және  редактор  ретінде  біздің  көптеген  әріптестерімізге  осы  тақырыпты  қозғауға 

білім мен дағдының жетіспейтіні жайлы айта аламын. Бұл шараны маңызды деп есептеймін, себебі 

БАҚ мен журналистің адам құқығы мәселелерін шешудегі рөлін бағалау қиын. Осындай тренингтер 

құқыққорғау тақырыбына жазатын журналистердің қатарын көбейтеді деп сенемін. Әзірге, өкінішке 

орай, олардың саны өое көп емес», - дейді Мамараимов.

«Өкінішке  орай,  біз  мұндай  шараларға  жиі  қатыспаймыз,  ал 

университетте  практикалық  білім  бермейді.  Мен  енді  адам 

құқығы  не  екенін  және  азаматтардың  құқығын  сақтаудағы 

журналистің рөлінің қаншалықты маңыздылығын білемін. Бұл 

тренингке қатысқаныма өте қуаныштымын».

Жалалабат мемлекеттік университетінің 

журналистика бөлімінің студенті Зумрат Исакова.

қаңтар-ақпан 2010

4

29-30  қаңтарда  Душанбеде  журналистер  Кеңесінің 

конференц-залында  «Журналистерге  арналған  адам 

құқығы»  тренингі  өтті.  Тренер  адам  құқықтары  мен 

заңдылықты  сақтау  бойынша  Қазақстандық  Халы-

қаралық ұйымның Қарағанды бөлімшесінің директоры 

Юрий Гусаков болды.

Ю.  Гусаковтың  сөзіне  қарғанда  БАҚ  адам  құқығын 

қорғауда  айтарлықтай  рөл  ойнайды,  сондықтан  осы 

тақырыпқа  жазғысы  келетін  журналистерге  қажетті 

теориялық  білім  берілуі  қажет.  Тренингке  25  журна-

лист  пен  Тәжікстанның  барлық  аймақтарынан  келген 

журналистика факультеттерінің студенттері қатысты.

Тренингтің негізгі мақсаты – тәжік журналистерін не-

гізгі  адам  құқықтары  және  құқыққорғау  қызметімен 

болашақта  баспасөзде  жариялау  үшін  таныстыру 

болды. 


Дәріскер  жайында:  Юрий  Гусков,  құқыққорғаушы, 

адам  құқықтары  мен  заңдылықты  сақтау  бойынша 

Қазақстандық  Халықаралық  ұйымның  Қарағанды 

бөлімшесінің  директоры.  Көпжылдық  тәжірибесі  бар 

тренер  (құқыққорғау  тақырыбы  бойынша  Қазақстан 

мен  Орта  Азияда  40-тан  астам  тренинг  өткізген). 

Қазақстан  Республикасындағы  адам  құқығын,  осы 

саладағы  білімді  сақтау  тақырыбына  арналған  ма-

қалалар мен презентациялар авторы.

«Журналистерге арналған 

адам құқығы» 

тренингі


Душанбе қ., Тәжікстан

Алматы қаласын-

да 

23-24  ақпан 

күні MediaNet Ха-

лықаралық  жур-

налистика  орта-

лығының  тре-

н и н г - з а л ы н д а  

«ҮЕҰ  үшін  тиімді 

коммуникация

лар» тренингі  өтті. Шараны  IWPR  Қазақстандағы  өкілдігі 

Еуро  Одақ  қаржыландыратын  «Орта  Азиядағы  адам 

құқығын  және  құқық  қорғау  білімін  БАҚ  арқылы  қорғау» 

жобасының аясында ұйымдастырды. Тренингке үкіметтік 

емес  ұйымдардың  өкілдері  қатысты.  Тренер  MediaNet 

Халықаралық  журналистика  орталығы  директорының 

орынбасары,  Media  Relations  Group  креатив-директоры 

болды.  Тренингтің  негізгі  тақырыптары:  ақпараттық  се-

бепті  дамыту,  мессидж,  баспасөз  мәлімделерін  құрау, 

БАҚ-мен  тиімді  қарым-қатынас  орнату,  жобалар  жайлы 

ақпарат беруді ұйымдастыру.

Тренинг  аясында  ҮЕҰ-дың  БАҚ-мен  жұмыс  істеу  бары-

сында  жіберілетін  ең  бір  ерекше  қателер  талқыланды. 

Жекелеп  алғанда,  сарапшылдардың  ҮЕҰ  рөлін 

түсінуі,  яғни  олардың  қандай  жобаларды  жүзеге  асы-

рып,  немен  айналысатындығын  ғана  емес,  не  үшін 

айналысатындығын  да  сауатты  түрде  жеткізу,  қызметтің 

қандай жайсыз әлеуметтік жағдайда жүргізілетіндігі, нақты 

осы бағытта олардың жұмысын а кім өзектілік бере ала-

ды деген  мәселеслер көтерілді. Бұл тек ҮЕҰ қызметінің 

тактикасы  мен  стратегиясын  болжау  және  жасау  үшін 

ғана  емес,  әрқашан  да  әлеуметтік  контент  іздейтін  БАҚ 

үшін  де  қажет.  Тренинг  бағдарламасы  қоғамдық  жобалар 

қызметін  масс-медиаға  барынша  тиімді  түрде  жеткізуді 

ұйымдастыру  үшін БАҚ-мен жүргізілген жұмыс барысын-

да алынған білімді қолдану ұстанымы бойынша құрылды. 

Тренингтің  әр  блогы  презентация  түрінде  жасалынып, 

тренингтің  әр  тыңдаушысы  дайын,  тексерілген  схема-

ны  өз  қызметі  мен  шараға  лайықтап  пайдалануы  үшін 

Құқыққорғаушы ҮЕҰ өкілдеріне 

арналған «ҮЕҰ үшін тиімді 

коммуникациялар»  

тренингі


Алматы қ.

қаңтар-ақпан  2010

5

әр  қатысушыға  жіберілді.  Жекелеп  алғанда  ақпараттық 

себеп  пен  мессидж  блогында  теориялық  материалдың 

түсіндірілуі мен мүмкін болатын шешімдер абстрактілі мы-

салда көрсетілген соң, тренинг тыңдаушылары практикалық 

блогта  ақпараттық  кеңістікте  өз  тақырыбы  мен  идеяларын 

өткізу  үшін  әлеуметтік  контекст  аңыздылығын  ғана  емес, 

БАҚ-ның түрі мен жанрларын да ескере отырып мүмкіндігін 

ұйымдастырды.  Пракатикалық  мысал  ретінде  топтардың 

бірі  адам  құқықтары  бойынша  мерзімдік  әмбебап  шолу 

аяясындағы  Қазақстандағы  алғашқы  ұлттық  баяндама 

мен  ҮЕҰ  балама  баяндамасы  алынды.  Қатысушылар  оны 

ақпараттық  кеңістік  пен  басылымдардың  түрлеріне  бейім-

делуді ескере отырып аудиторияға жеткізу нұсқаларын жет-

кізді.  ҮЕҰдың  телеарналармен  жұмыс  істеуіне  байланыс-

ты  блок  пайдаланушылардың  айтуынша  пайдалы  болған, 

себебі,  телеарналар  мерзімдік  басылымдарға  ұқсамайды, 

олармен жұмыс кезінде бірқатар ерекше ұстанымдарды ес-

керу қажет. Бұл әсіресе негізгі аудиторияның телевизиялық 

өнімді пайдалануға ұмтылатыны және үкіметтік емес сала 

сарапшысының  бет-бейнесін  халыққа  таныту  мақсатында 

да керек.

  

Тренинг  қатысушыларының  ойынша,  алынған  ақпарат 



пен  дағды  оларға  БАҚ-мен  қарым-қатынаста  ақпараттық 

кеңістік  үшін  күресуде  көмектеседі.  Әзірге  ҮЕҰ  мемле-

кеттік  сектор  мен  бизнеске  жеңіліп  келе  жатыр.  Тренинг 

тыңдаушыларының  бірі  мұндай  тренингтерді  қызметін 

жаңа бастап келе жатқан құқыққорғаушыларға да, азматтық 

қоғамның тәжірибелі өкілдеріне де арнап өткізу қажет деді. 

БАҚ тиімді қарым-қатынас құрмай азаматтық сектор дамы-

майды дейді қатысушылар. 



25-26  қаңтарда  парламент  өкілдері,  білім  және 

ғылым  Министрлігі,  құқыққорғау  ұйымдары  мен  мек-

теп  әкімшілігі  мен  ата-аналардың  қатысуымен  Біш-

кекте астана мен Шу облысындағы балалардың білім 

алуға  қол  жеткізуі  мәселесін  талқылады.  Мұндай 

шара  бұдан  бұрын  Таласта,  Түпте,  Жалал-Абадта 

өткен болатын.

 

Аталған дөңгелек үстелдердің сериясынан кейін пар-



ламенттік  тыңдаулар  болады,  ол  жерде  Дөңгелек 

үстелдер аясында берілген ұсыныстар талқыланады. 

Парламеттік тыңдаудан кейін бұл ұсыныстар Жогорку 

Кенеш палатасының қарауына жіберіледі.

Бішкек  баспасөз-клубында  Дөңгелек  үстелде  сөз 

сөйлеген ҚР Жогорку Кенеш депутаты, ыступая Ком-

мунистер фракциясының мүшесі мен ҚР білімге деген 

бала  құқығы  саласындағы  заңнамасын  жүзеге  асы-



«Бала құқығын сақтаудың халықаралық 

және ұлттық стандарттары шеңберіндегі 

мектептердегі шындық» 

Бішкек қ., Қырғызстан



қаңтар-ақпан 2010

6

ру  мен  қадағалауды  зерттеу  бойын-

ша  уақытша  Комиссияның  төрағасы 

Гульжамал Султаналиева Қырғызстан 

өзіне  балалар  құқығығын  сақтау  мен 

қамтамасыз ету бойынша бүкіл міндет-

ті  алғанын,  алайда  бұл  құқықтардың 

жүйелі  түрде  бұзылатындығын  атап 

кетті.  «Ел  Конституциясымен  бекітіл-

ген кепілдіктер де, мысалы білім алуға 

деген  бала  құқығы  сақталмайды»,  - 

дейді Султаналиева. Дөңгелек үстелге 

қатысқандар білім жүйесінің комерци-

ялану  тенденциясын,  бұл  жағдайдың 

Конституцияда  бекітілген  Қырғыз 

Республикасындағы 

тегін 

әрі 


қолжетімді  білім  ұстанымына  қайшы 

келетін  сөз  қылды.  Ата-аналар  үшін 

ерікті-еріксіз  ақша  алу  проблема  бо-

лып отыр, тіпті кей ата-ана балаларын 

осы  жағдайға  байланысты  мектепке 

де  бере  алмайды.  Талқылау  кезін-

де  Гульжамал  Султаналиева  бер-

ген  мәліметтер  бойынша,  алғашқы 

алымдар  мектеп  пен  аймаққа  бай-

ланысты  2  000-нан  20  000  сомға 

дейін  болады,  ал  айлық  алым  200-

ден  500  сомға  дейін  құрайды.  «Бұған 

күзет  пен  тазалық  сақтауға  алынатын 

төлемді қосыңыз. Сонымен қатар, мек-

теп  басшылығы  кішкентай  балалар 

үшін  олардың  мектепке  дайындығын 

тексеру  мақсатында  тестілеу  ұйым-

дастырады»,  -  дейді  өз  презента-

циясында  Султаналиева.  «ҚР  білім 

мекемелерінде  баланың  әлеуметтік 

статусына  байланысты  шеттетушілік 

жүріп жатыр. Жағдайды мектептердегі 

бала құқығының бұзылуының латентті 

сипатқа ие болуы ұшықтыра түсуде», - 

дейді «Бала құқығын қорғаушылардың 

Лигасы  ҚҚ  лидері  Назгуль  Турдубе-

кова.  Құқыққорғау  ұйымдары  оқуға 

төлейтін жағдайлары жоқ оқушыларды 

психологиялық қысым көрсету арқылы 

кетуге  мәжбүр  еткен  оқиғаларды 

тіркеген.  «Бір  жағынан  алғанда, 

біз  ең  жақсы  деген  педагогикалық 

кадрлардың  коммерциялық  немесе 

басқа  салаларға  кеткенін  түсінеміз. 

Бүгінгі  мұғалім  жұмысы  үшін  тиын-те-

бен  алады,  дәптер  тексергеніне  мем-

лекет айына 15 сом бөледі», - деді ҚР 

ЖК  депутаты,  ҚӘДП  фракциясының 

мүшесі  Ирина  Карамушкина.  «Қазіргі 

кезде  мектеп  директоры  тек  оқу  про-

цесін  ұйымдастырумен  ғана  айна-

лыспайды,  барлық  материалдық-

техникалық  мәселелрді  шешу  оның 

мойнында.  Себебі  мектептер  «өмір 

сүру»  үшін  барын  салуда.  Осы 

мақсатта  қазір  мектептердің  жанынан 

кеңестер құрылуда, олар директорлар-

ды аталған міндеттен құтқаруы тиіс», - 

дейді «Наше право» ҚҚ кеңесшісі Ка-

лича Умуралиева. 

Дөңгелек үстел назарына алған бөлек 

мәселе  мигранттардың  балаларының 

білім  алуы  болды.  Мысалы,  Бішкек-

тік  айналасында  54  тұрғынмассивтер 

орналасқан.  Ол  жерде  балалар 

бақшасы жоқ. Жаңа орынға көшкенде 

баланың  басқа  мектепке  ауыспауы 

жиі  кездеседі,  оған  себеп  мекен-жай 

тіркеуінің  жоқтығы,  ата-анасының 

алғашқы 


және 

айлық 


алымды 

төлеуге  шамасының  келмеуі  болмаса 

сыныптағы бала санының көптігі. Білім 

министрлігінің  өкілі  Дөңгелек  үстелде 

астанада кем дегенде жаңа 19-20 мек-

теп  салу  қажеттілігінің  туғанын  айтып 

кетті.  Бішкек  пен  аймақтардағы  білім 

саласынынң  түйткілді  мәселелері  көп 

жағдайда  ұқсас,  алайда  айтарлықтай 

ерекшеліктер де бар. «Егер қала мек-

тептерінде  балалар  байқау  бойынша 

алынса,  біз  керісінше  ата-аналар-

ды  балаларын  мектепке  алып  келуін 

өтінеміз»,  -  деді  Дөңгелек  үстелде 

Шу  облысы,  Ысық-Ата  ауданындағы 

мектеп  директоры  Раби  Чекиева. 

Көп  отбасыларда  балалар  жанұялық 

жағдайға  байланысты  жұмыс  істей-

тіні,  сондықтан  сабаққа  бара  алмай-

тыны да аталып кетті. Сонымен қатар, 

елде  мектеп  білімімен  қамтылған 

емесе,  жалпы  балалардың  санының 

артып келе жатқанын айта кету қажет. 

Султаналиеваның  сөзіне  қарағанда, 

бүгінгі  күні  Қырғызстанда  70-80  мың 

бала мектепке бармайды. Елдің білім 

саласына  бөлген  қаржысы  ЖІӨ-нің 

4,7  пайызын  құрайды,  ал  әлемдік 

көрсеткіш  20  пайыздың  төңірегінде. 

ҚР  білімге  қол  жеткізу  мәселелсін 

жақсарту  үшін  Дөңгелек  үстелге 

қатысушылар  келесі  ұсыныстарды 

әзірледі: 

жалпыұлттық  білім  идеологиясын  жа-

сау; білім Министрлігі мен донорлық ин-

ституттар және жобалар әріптестігінің 

негізінде  үйлестіруші  орган  құру, 

педагогтарды 

тарту 

мақсатында 



инновациялық  әдістемелер  жасау, 

балаларды  оқытудың  инновациялық 

әдістемелерін 

жасау,  мұғалімдер 

кәсіподағының  тиімділігін  арттыру 

және т. б.

«Бұл  тақырыптың  көтеріліп  отырғаны 

өте 


маңызды. 

Елде 


сауатсыз 

жандардың  жаңа  буыны  өсті.  Егер 

тез  арада  шаралар  қолданбаса 

Қырғызстан  мұндай  буынның  екін-

шісіне  ие  болады.  Ал  бұл  әлеуметтік 

жарылыстың  қатері»,  -  деді  Гульжа-

мал  Султаналиева.  «Өзара  тар-

тыс  пен  айыптаудан  әріптестікке 

көше  бастағанымыз  қуантады.  Білім 

жүйесінің  құрылым  сондай  –  біздің 

бүгінгі  жасаған  жұмысымыз  жылдам 

нәтиже бере қоймайды. Сондықтан біз 

бәріміз даму үшін жағдайды бүгін жа-

сауымыз қажет», - деді Дөңгелек үстел 

барысында  ҚР  білім  және  ғылым  ми-

нистрі Абдулла Мусаев. 

«Осы  Дөңгелек  үстелдерден  кейін 

заңнамалық  актілер  мен  үкіметтің 

балалардың 

білімге 


қол 

жеткі-


зу  жағдайына  байланысты  нағыз 

өзгерістер  алып  келетін  шешімдері 

болады  деп  үміттенеміз»,  -  деді 

Қырғызстандағы  IWPR  Өкілдігінің  ди-

ректоры Эрлан Абдылдаев.

 

Дөңгелек  үстелді  осы  тақырыпта 



Орталық-Азия  аймағы  форматында 

өткізу ұсынылды. 



қаңтар-ақпан  2010

7

5  ақпанда  Душанбе  қаласында 

Тәжікстанның  журналистер  кеңесінің 

конференц-залында  «Тәжікстан  жур-

налистерінің  құқығын  қорғау»  тақы-

рыбында  дөңгелек  үстел  өтті.  Осын-

дай  дөңгелек  үстел  кейінірек  Ход-

жент  қаласында  да  өткен  болатын. 

Шараға 

БАҚ-ның, 



Халықаралық 

және  қоғамдық  құқыққорғау  ұйымда-

рының,  елшіліктердің  50-ден  ас-

там  өкілі  қатысты,  Дөңгелек  үстелді 

Тәжікстандағы  IWPR  өкілдігі  мен 

Тәжікстанның  тәуелсіз  БАҚ  Ұлттық 

ассоциациясы  (ТТБАҚҰА)  біріге  оты-

рып  ұйымдастырды.  Қатысушылар 

журналистердің  құқығын  қорғаудың 

ерекшеліктерін  (әсіресе  мемлекеттік 

органдар  тарапынан  журналистер-

ге  қарсы  сотқа  тарту  оқиғалары  мен 

республика  парламенті  сайлауының 

қарсаңында)  талқылады.  ТТБАҚҰА 

төрағасының ойынша, БАҚ өкілдеріне 

қарсы  қозғалған  сот  істері  БАҚ-

дағы  өз-өзіне  деген  цензура  мен 

Тәжікстандағы  сөз  бостандығының 

деңгейіне жағымсыз әсер етеді. Соңғы 

бес  жылдың  ішінде  журналистерге 

қозғалған сот істерінің бірде-біреуінде 

БАҚ  өкілінің  ақталмағаны  да  сөз  бол-

ды. 

Осы  оқиғаға  байланысты  ЕҚЫҰ,    ТР-



дағы  АҚШ  елшілігінің,  ЕуроОдақ 

өкілдері  өз  пікірлерін  білдірді.  Тәжі-

кстандағы АҚШ елшілігінің саяси мәсе-

лелер  бойынша  офицері  Чарлз  Мар-

тин өз мәлімдемесінде тәжік басылым-

дарына қарсы заңдық қысымға байла-

нысты алаңдаушылығын білдірді.

«Біз  өз  алаңдаушылығымызды  Тәжік-

станның үкіметіне жеткізуге мәжбүрміз, 

себебі  БАҚ  демократияның  дамуын-

да  маңызды  рөл  ойнайды»,  -  деп 

мәлімдеді Мартин. 

Дөңгелек үстел


Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция
publication -> Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті

жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет