толғамдарды оқитыны анық.
1 қаңтар 2016 жыл
www.egemen.kz
8
Ел тынысы: мың бір мысал
Ақ тілектер ағыны
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Жетісуда жарыса бой көтерген
құрылыс нысандары мешін жылы
да жалғасын табады. Соның
бірегейі Талдықорғанда салы-
натын Алматы облыстық драма
театры болып саналады. Құры-
лыс нысанының жалпы аумағы
10513,40 шаршы метр болатын-
дығы, онда 3 қабатты ғимарат
бой көтеретіндігі жоспарланған.
Көрген жанның көзін тойдыра-
тын ғимараттың сырт келбеті
əсемдігімен қала сəнін көркейте
түссе, ішіне 510 адам сыйып нағыз
өнер ордасына айналары хақ.
Өңір басшысының бұл маңыз ды
мəселені алдын ала кеңі нен ойлас-
тырғандығы сол, бүгінде драма
театрдың құрылыс жұмыстарын
жүргізу үшін экономикалық-
техни калық негіздегі кешенді
сараптаманың қорытындысы
да шықты. Жобаны талқылап,
қарау үшін мемлекеттік сатып
алу жүргізуге конкурстық құжат-
тар дайындалуда. Бұл дегені міз,
белгіленген уақытта құры лыс
жұмысын жүргізетін құры лыс
компаниясын анықтап, заңна ма
шеңберінде драма театр құры-
лысын ешқандай кедергісіз
бастауға ашылған жол болып
саналады. Сөйтіп, Талдықорған-
ның батысында бой көтеретін
драма театры жаңа шағын аудан-
да жарыса салынып, сап түзе ген
құры лыс нысандарымен қанаттаса
қаланы түрлендіре түсетініне
кəміл сенім бар.
ТАЛДЫҚОРҒАН.
Талдыќорєанды
тїрлендірер театр
Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Тараз қаласындағы бұрынғы
«Керуен сарай» базарының ор-
нынан «Мега» орталығы бой
көтеруде. Бұл еліміздегі ең ірі
орталықтың бірі болмақ.
Бес қабатты «Mега» сауда-
ойын-сауық орталығы 2016 жылы
пай далануға беріледі. Қазір құры-
лыс басында 60 жұмысшы өнімді
ең бек етіп жатыр. Орталық өз
жұмы сын бастаған кезде бұдан
да көп жандарға дəл осы жер-
ден жұмыс табылатыны анық.
Сауда-ойын-сауық орталығының
бірін ші қабатында əдеттегідей
керек-жарақтар сатылатын су-
пермаркет болады деп жоспарла-
нуда. Ал, екінші қабатта əртүрлі
техникалық құрал-жабдықтар
дүкендері орналасады. Сондай-ақ,
үшінші-төртінші қабатта шетелден
əкелінген брендтік киім-кешектер
саудаланса, бесінші қабатта шағын
үш кинотеатр, балалардың ойын
алаңшалары жəне де шағын кафе-
лер болады.
Осындай ірі орталық құры-
лы сының қолға алынуы – бұл
уақыт талабы деп айтуға болады.
Бұл нысанның қасынан «Ежелгі
Тараз» тарихи-мəдени орталығы
орын тепкен. Яғни, бұл аумақтағы
археологиялық саябақ, ашық
аспан астындағы мұражай, Шолу
мұнарасы, Достық үйі, Мыңбұлақ
құрылымдары өз алдына əдемі бір
кешен болып, елдің нағыз демалыс
аймағына айналары сөзсіз.
Жамбыл облысы.
–––––––––––––
Суретті түсірген
Ақəділ РЫСМАХАН.
Қайрат ƏБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
Арқа жұрты атақты Геннадий
Головкинді «Майқұдықтың мұз-
балағы» деп əспеттейді, алақанына
салып, көкке көтереді. Иə, қазақтың
атын айдай əлемге жайып жүрген
əйгілі боксшы Қарағандының
іргесінде жатқан осы бір елді ме-
кенде кір жуып, кіндік кескен.
Зады, Майқұдықтың атағы өр
кеуде, мінезі кесек ұлдарымен
шыққан. Рас, арасында аз-маз
тентектігі болған шығар... əйтсе
де бөрі тектес өрендерінің өмірдің
əр саласында, əсіресе, спортта
бойға біткен бұла күш, қайсар
рухтың арқасында бұзып-жарып
жол салып, абырой-беделге бөленіп
жүргені рас. Майқұдықтың сондай
саңлақ ұлдарының бірі, сөз жоқ
бүгінгі күнде əлемдік бокстың
«GGG» танымал таңбалы тренді
болған – Геннадий Голов кин.
Əуесқойлар арасында əлем чемпио-
ны, Афины-2004 Олим пиадасының
күміс жүлдегері, кəсіпқой бокс-
та WBA (Super), IBO жəне WBC
(Interim) тұжырымдары бойынша
əлем чемпионы осы елді мекендегі
№14 шағын ауданда қарапайым
кеншінің отбасында дүниеге
келген. Болашақ чемпионның
балалық шағы да осы жерде өтті.
Осындағы №65 орта мектепте
оқыған. Аудандағы «Фазанканың»
спорт залында бокс деген өнермен
алғаш қауышқан...
Қарағанды халқы Майқұдықтан
түлеп ұшқан мұзбалағымен орынды
мақтанады. Мақтанып қана қоймай,
чемпионға лайықты деңгейде
сый-құрмет көрсетуге келгенде де
жолдан жығылған емес. Сөзіміз
жалаң болмас үшін, мына мысалды
келтірсек те жет кілікті. Биыл қала
əкімдігі Геннадий Головкин туып-
өскен Майқұдықтың осы 14-ші
шағын ауданында Денешынықтыру-
сауықтыру кешенін салуға шешім
қабылд а д ы . А м а н д ы қ б о л -
са, 2016 жылдың соңына таман
пайдалануға берілмекші бұл
кешенді Головкиннің есімімен
атау ойда бар. Бүгінгі күнде əкімдік
бұл мəселенің жай-жапсарын
қарастырып жатыр. Яғни, бұл
айтылған игі идеялар жүзеге асса,
кезінде болашақ чемпион өзі
құралпы балалармен доп қуып,
бокс əлеміне алғаш қадам басқан
шағын ауданда өңірде теңдесі жоқ
спорттық кешен бой көтермек.
Жалпы, қазіргі таңдағы қалып -
тасқан қиын жағдайға қарамас тан,
мұндай бірегей жобаны іске асыру
– белгілі бір дəреже де тəуекелді
талап ететін дүние. Оның үстіне,
облыстық əкімдік тің шеші мімен
келесі жылға жоспар ланған құ-
рылыс біткеннің тоқтаты ла тұра-
тынын еске алсақ, бұл ғима раттың
бү гінгі күннің шындығынан қара-
ғандағы мəн-маңызы арта түседі.
Əлем чемпионының есімімен
аталмақшы болашақ Денешы-
нықтыру-сауықтыру кешенінің
ішінде 25 метрлік төрт жолақты
жүзу бассейні болады. Сонымен
қатар, 140 адам емін-еркін сы-
йып кететін трибунасы бар ойын
залы, ауыр атлеттерге арналған
жəне боксшылар жаттығатын зал-
дар да жоба жоспарынан ойып
орын алған. Спорт кешенінің іші
осындай болғанда, сырты да көз
сүйсінтетіндей сұлу сымбатқа ие
болмақ. Ғимараттың атшаптырым
аумағында спорттық ойындарға
арналған ашық алаңқайлар, жасан-
ды төсеніші бар футбол алаңы жəне
де 140 автокөлікке арналған тұрақ
салынады.
Қарағанды қаласының бас-
шылығы айтқандай, бұл спорт-
тық ғимарат заманауи сапа талап-
тарының бəріне жауап бере ала-
тын кешен болмақ. Оның сыртқы
келбеті архитектуралық орган-
дармен келісілген. Ішіндегі спорт
жабдықтары да бүгінгі күннің
сұранысын өтейтін деңгейде бола-
тыны белгілі.
Сөз жоқ, Майқұдықтың қажетін
ашып, ажарын сұлуландыра түсе-
тін келешек денешынықтыру-
сауықтыру кешенінің əлеуметтік
маңызын ауызбен айтып жеткізу
қиын. Неге десеңіз, дəл осы шағын
аудан тұрмақ, бүкіл Майқұдықтың
өзінде мұндай кешен атымен
болған емес.
Қазақта «Алтын шыққан жерді
белден қаз» деген сөз бар. Голо в-
киндей бокстағы ғажап құбылыс
түлеген топырақта мұндай бола-
шақ чемпиондардың ұясы бола-
тын ғимараттың бой көтеруі –
заңдылық!
ҚАРАҒАНДЫ.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Целиноград ауданындағы Қа-
жымұқан ауылында ешкі өсіру
фермасының құрылысы бастал-
ды. Республикамыздағы екінші
жобаның құны 1,5 миллиард
теңгені құрайды. Мұнда болашақта
5000 бас асыл тұқымды түлік
өсірілмек. Ферманың өндірістік
алаңы 10 гектарды құрайды.
«Зеренді асыл тұқымды ша руа-
шылығы» аталатын ЖШС құрыл-
тайшылары Хамит Фаезов пен
Ермек Лұқпановтың айтуынша,
фер ма алдағы көктемде жұмысын
бас тайды. Құрылыс қарқынды
жү ріп жатыр. Бірінші кезекте
Еуро падан алып келінетін асыл
тұқымды мал жайғасатын қора мен
сүт зауыты салынады. Жабдықтар
келісімшарт бойынша Италиядан
жеткізіледі. Сүт өндірудің толық
циклін қамтитын жұмыс түгелдей
автоматтандырылған. Мұнда
30-50 аралығында жұмыс орны
құрылады. Олар италиялық маман-
дардан сабақ алады.
Өңірде бұрын болмаған жоба
авторлары орта есеппен əр тү лік тен
800-ден 1200 литрге дейін сүт алы-
нады деп отыр. Тұтыну нары ғына
ешкі сүті, айраны, майы, кіле гей мен
ірімшігі шығарылмақ. Бұл өнім дер-
ге Италия мен Қытай қы зы ғушы лық
танытып отыр ғанын білдік.
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.
Демаламын десеѕ дїкенге кел
Келешектіѕ кешені
Ќараєандыда салынатын спорттыќ єимаратќа Головкинніѕ есімі берілмекші
Ешкі баќќанныѕ есебі тїгел
Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,
Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!
Қазағымның айқара ашып есігін,
Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!
Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,
Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!
Төрт түлігім түгел болып жерімде,
Арылмасын дастарқаннан ақ деген!
Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,
Жаңа жылым, əрбір атқан таңдарым!
Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,
Сөнбесінші əр үйдегі шамдарың.
Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым,
Жаңа жылым, күнделікті жұмысым!
Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап,
Сəбиімнің бұза көрме тынышын!
Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,
Жаңа жылым, достық күнін таратқан!
Елің үшін, жерің үшін кең-байтақ,
Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!
Жаңа жылым, ырысы мол дана бір,
Жаңа жылым, жазылмаған жаңа жыр!
Өз еліме ала келсін қашанда,
Жаңа жылым, жаңа бақыт, жаңа нұр!
Сайлаубек ТОЙЛЫБАЕВ.
Жаѕа жылым
– Айсұлу Құрмамбекқызы,
əр жыл келген сайын бір кеменің
үстіндегі жолаушы екенімізді
бүкіл жер жүзі сезінетіндей.
Жыл қалай болмақ?
– 2016 жыл бүкіл дүниежүзіне
қолайлы бола қалады деп айтпай-
мын. Ал өз еліміз үшін айтсам,
əдетте, «мың өліп, мың тірілген»
халқымызда «мешін жылы – ауыр
жыл» деген түсінік қалыптасқан.
Тарихта «тас мешін» деген жұт
жыл дары да болған ғой. Қазір,
əрине, уақыттың басқа еке нін
еске руіміз керек. Мешін нің
шым шыма мінездері болса да,
еліміз үшін жылдан жақсы лық-
тар көріп тұрмын. Қазір дағ дарыс
туралы көп айтылса да, ел эко-
номикасының алға бас қан дығын
байқайтын боламыз. Адамдарда
бір серпіліс пайда болады, жұмыс
орындары қыс қарғанымен, ашы-
латын кəсіпорындар да аз бол-
майды. 2016 жылы талабы барлар
бизнес ашқаны жөн, олар үшін
қолайлы жыл. Ал бас қосамын,
некеге тұрамын деген жастар,
жалпы кісілер үшін аса сəтті бо-
лады деп айтпаймын.
Жалпы, еліміз үшін алдағы
жылы жамандық көріп тұрған
жоқпын. Тек ақпан айында
Аста на – Павлодар тас жолында
төтенше жағдай қалыптасады,
көп көлік, зардап шеккен адамдар
болады. Қаңтарда жаңбыр жауа-
ды, көлік апаттары орын алады.
– Мешін жылы егін қалай
болады?
– Мол, бітік егін шығады.
Өт кен жылы да егін жақсы
шық қанымен, астықтың сапа-
сы, қа мырлылығы аса жоғары
бол мағаны белгілі. Келер жылы
астықтың көлемі де, сапасы
да диқанның ойынан шығар.
Қостанай облысы алдағы үш жыл
бойы мол астық жинайтынын
көріп отырмын.
– Жұртшылық дағдарыс
туралы айтқаныңызды білгісі
келеді.
– Біздің ел үшін дағдарыс
үш жылдай уақытқа созылады,
бірақ үш жылдан кейін эконо-
мика, басқа салалар өте жақсы
дамиды. Мен осы сауалыңызға
көріпкелдікпен қатар, парапси-
холог маман ретінде бір тілек
айтқым келеді. Дағдарыстан адам-
дар қорықпауы тиіс. Жұмыстан
қысқартылған жастарда, жас от-
басыларда үрей болмауы тиіс.
Қазақ «қолы қимылдағанның
аузы қимылдайды» демей ме?
Уақытқа ілесу керек, еңбек
бəрінен де құтқарады.
– Теңгеміздің халі нешік бо-
лар екен?
– Теңге 2017 жылы қадамын
нықтай бастайды. Теңге бағамы
құлдырауының барар жері 380
болады. Сосын тоқтайды. Қазақ -
станның өз банктері жақсы жұ-
мыс істейді.
– Айсұлу Құрмамбекқызы,
Мешін жылында табиғи апат-
тар орын алмай ма?
– «Алматыда зілзала болмай
ма?» деп сұрағыңыз келді ме?
Алматы зілзаладан аман бола-
ды. Ал жалпы табиғи апаттарға
келсек, көктемде мал шығыны
орын алады. Қарағанды облысы
төңірегінде қарғын су тағы да
жұрттың мазасын алады. Мұндай
көріністі Батыс Қазақстаннан да
көріп тұрмын. Ақпан биыл қатты
аязымен есте қалады, ал қаңтар
айында жаңбыр жауатынын айт-
тым. Қарлы жаңбыр.
– Мал шығыны туралы айт-
қаныңыз киікті еске салып тұр.
– Мешін жылы киік қырыл-
майды. Өтіп бара жатқан жылы
киіктің қырылу себебін мен шөп-
тен көріп тұрмын. Улы шөп, оған
киік тің бауыры шыдамады. Əлгі
шөптің қалай аталатынын біл-
меймін, ол шөп табиғи шықп а-
ған, жергілікті шөп емес, сырттан
əкелінген, оны сепкен деп білемін.
Сөзімнің соңында Алла қыр-
дағы киікті те, қорадағы мал-
ды да, оттың басын да, елімізді
де аман қылсын деп тілеймін.
Жер-ана жемісін берсін, Аспан
нұрын төксін, Күннен жылу,
Жұлдыздардан бақ-береке, Айдан
амандық, тыныштық сұрайық!
Əңгімелескен
Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.
Қостанайлық көріпкел, парапсихолог, емші Айсұлу
ЖАҚАНОВА ел газеті «Егемен Қазақстанның» тілші
қосынына келіп, есік қағып тұрған мешін жылына
болжам айтқан еді. Ерекше қасиет қонған жанның
тұспалы мен тілегін елге жеткізгенді жөн көрдік.
«Мінезді мешінніѕ
мейірімі де аз емес»
– дейді кґріпкел Айсўлу Жаќанова
Құттықтаймыз!
Астана қаласының тұрғыны
Рамазан Мырқалиұлы АХМЕТОВ
1 қаңтар күні ер жасы 50-ге толып отыр.
Ардақты да аяулы ата-анамыздың сүт кенжесі, есейсе де бізге
еркелеп жүрер жан бауырымыз, аяулы əке, мейірімді ата Рамазан
сені бүгінгі мерейлі мерекең – туған күніңмен құттықтаймыз.
Туған-туыс, дос-жаран арасында əсем əніңді əуелетіп, жан жа-
дыратар əдемі əзіл-қалжыңың таусылмай бақытты күндердің
шуағына бөленіп, ортамызда жүре бер.
Құтты болсын ер жасына келгенің,
Кенжеміз сен соңымыздан ергенің.
Шаңырағыңа игілік нұры төгілсін,
Денсаулықпен жана берсін еңбегің, –
деген ізгі ниетпен Ағаң Бейсенғали – Зылиха, апа-жезделерің Ажаркүл, Базаркүл, Қазына
– Ықылас, Назгүл – Қуат, жұбайың Сəбира, балаларың Меруерт – Жанболат, Жандос,
Шұғыла жəне немерең Көркем.
Жұлдызшы жорамалы