Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет92/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өндірісіне жұмсал-
ған шығындарды анықтау үшін қандай құжатты пайдалану керек?
2.  Өнімнің,  жұмыстардың,  қызметтердің  өзіндік  құнына  мына-
лар енгізіледі ме?
салықтар;
— банктің несиелері бойынша төлемдер;
—  қызмет  сапарлары  үшін  жеке  бастың  жеңіл  автомашинасын 
пайдаланғаны үшін орнын толтыру;
— өкілеттік шығыстар.
46.  Өндірістегі шығындардың есебі мен өнімнің 
(жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын есептеп 
шығару (калькуляциялау)
Өндірістегі  шығындар  мен  өнімді  өткізу  (коммерциялық  шы-
ғыстар)  туралы  мәліметтер  негізінде  жұмыстар  мен  қызметтердің 
өндірістік және толық өзіндік құны анықталады.
Өзіндік  құнға  енгізу  әдісі  бойынша  барлық  шығындар  тікелей 
және жанама (үстеме) болып бөлінеді.
Шығындардың  есебі  №  8010  «Негізгі  өндіріс»,  7110  «Өнімдерді 
сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», № 7210 «Әкім-
шілік шығыстар», № 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотта-
рында жүргізіледі.
Бұл  —  активті  шоттар.  Оларда  шығындар  дебет  бойынша 
бейнеленеді,  ал  жылдың  соңында  барлық  көрсетілген  шоттар  (№ 
8010-нан басқа) № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шоты-
на жабылады. 
№ 900 шоттың кредиті бойынша өнім шығарылуы немесе жұмыс-
тар, қызметтердің атқарылуы бейнеленеді. Одан басқа № 8010 «Негізгі 


91
өндіріс» шоты № 80 бөлімше бойынша жинақтаушы болатындығын 
айта кетуіміз қажет. Оған № 8011 «Материалдар», № 8012 «Өндірістік 
жұмысшылардың  еңбекақысы»,  №  8013  «Еңбекақыдан  есептел-
ген  қаржылар»,  №  8014  «Өндірістегі  үстеме  шығыстар»  шоттары 
кіреді. Бұл шоттар өтпелі (транзитті) болғандықтан, ай сайын жа-
былып отырады, шығындар № 8010 шотқа шығыс етіледі және өнім, 
жұмыстар мен қызметтердің жеке түрлері бойынша үлестіріледі.
 

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет