Бухгалтерлік есеп


Өнім өндіруге (жұмыстар мен қызметтерді атқаруға)



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет91/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
45. Өнім өндіруге (жұмыстар мен қызметтерді атқаруға) 
кететін  шығындардың  құрылымы
Өндірістік процестің есебін жүргізу кезінде жиынтық операция 
болып өнімнің өндірістік өзіндік құнын анықтау саналады. Бұл опе-
рация өте жауапты, өйткені шығындарды есептеудің дұрыстығына 
табыстың сомасы тәуелді болады, өз кезегінде оған салық салынуы 
тиіс. Демек, бухгалтер жұмысының бұл бөлімі кәсіпорынды салық 
инспекциясы тарапынан тексеру кезінде мұқият зерттеледі.
Қазіргі  уақытта  бухгалтерлік  есеп  жүйесі  «Бухгалтерлік  есеп 
стандарттарының әдістемелік нұсқаулары» негізінде жүргізіледі. 
Бірінші кезекте шығындарды екі бағыт бойынша айқын ажыра-
тып алу керек:
а)  тауар-материалдық  қорлардың  өзіндік  құнға  енгізілетін  шы-
ғындары;
б)  тауар-материалдық  қорлардың  өзіндік  құнға  енгізілмейтін 
және мезгілдік шығындар ретінде танылатын құралдары.


89
Өзіндік  құнға  тек  өнім,  жұмыстар  мен  қызметтердің  өндірістік 
шығындары ғана енгізіледі: 
1) Материалдық шығындар, оның ішінде мүмкін болатын пайда-
лану бағасы бойынша қайтарылу қалдықтарын шегергендегі табиғи 
ресурстарды пайдалануға байланысты шығындар;
2)    Еңбекақы  бойынша  өндірістік  нәтижелер  үшін  сыйақылар, 
заңдармен  қарастырылған  нормалар  шегінде  бағалардың  жоғары-
лауы  мен  табыстардың  индексациясымен  байланысты  еңбекақы 
бойынша  орнын  толтырулар,  заңдармен  белгіленген  жасқа  жет-
кенше  баланың  күтімі  бойынша  бөлшекті  түрде  төленетін  дема-
лыста  болатын  әйелдерге  төленетін  орнын  толтырулар,  сондай-ақ 
негізгі  қызметте  жұмыс  істейтін,  кәсіпорынның  штатында  есепте 
жоқ  қызметкерлердің  еңбекақысына  төленетін  қаражаттарды  қоса 
есептегендегі шығындар;
3) Әлеуметтік қамсыздандыру қаржылары: әлеуметтік және зей-
нетақы қорларының органдарына заңдармен белгіленген нормалар 
бойынша міндетті төлемдер;
4) Негізгі қорлардың амортизациясы және олардың индексация-
сы  нәтижесінде  амортизациялық  қаржылардың,  өсу  сомасы  қоса 
есептелген шығындары.
Мезгілдік шығындар. Оларға өткізілмеген өнім мен аяқталмаған 
өндірістің  қалдықтарына  кейін  келетін  кезеңдерге  көшірілмейтін 
өздері  жасалған  кезеңде  шығыс  етілетін  шығындар  жатады.  Атап 
айтқанда,  бұл  субъектінің  баға  саясатында  дәлелді  шешімдер 
қабылдау үшін маңызды мәселе болып табылады. 
Бұл кейбір салықтар (көлік құралдарының мүлік иелерінен), ар-
найы қорларға төлемдер мен алымдар, заңдармен белгіленген нор-
малар бойынша іссапарларға шығындар, кадрлар даярлау мен қайта 
даярлауға  кететін  шығындардың  бөлігі  (мысалы,  қызметкердің 
өндірістен қол үзіп, оқу уақытында жұмысының негізгі орны бой-
ынша  орташа  еңбекақысы),  банк  мекемелері  арқылы  кәсіпорын 
қызметкерлеріне еңбекақы беру бойынша банктің қызметтерін төлеу, 
банктердің  несиелері  бойынша  төлемдер  (ҚР  ҰБ-нің  белгілеген 
мөлшерлемесі  шегінде),  жарнамамен  байланысты  шығындар, 
коммерциялық  қызметтермен  байланысты  өкілеттік  шығындар, 
кәсіпорын кеңесі (басқармасы) мен тексеру комиссиясының отыры-
старын  өткізу  бойынша  шығындар  (заңдармен  белгіленген  норма-
лар мен нормативтерге негізделіп есепті жылға жасалған кәсіпорын 
кеңесінің (басқармасының) бекіткен сметалары шегінде), кеңес пен 
аудиторлық  қызметтердің  төлемдері,  негізгі  қорларды  жөндеуге 
кеткен шығындар және т.б.


90
Алынған пайданың есебінен іссапарлармен байланысты қосымша 
төлемдер (ерекшелік ретінде), заңдармен қарастырылған қайтарым 
нормаларынан  артық  қызмет  сапарларында  жеке  жеңіл  автомаши-
насын пайдаланғаны үшін орнын толтырулар, басқару жүйесі мен 
құралдарды  құру  мен  жетілдіру  бойынша  шығындар,  нормала-
ры  мен  нормативтері  заңдармен  белгіленген  өкілеттік  шығындар, 
заңдармен белгіленген мөлшерлемеден артық банктердің несиелері 
бойынша төлемдер және т.б.

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет