Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет57/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
Вексель деген не?
Вексель бойынша төлемді кім төлеуге міндетті?
Не үшін вексель қолданылады және оның жағымды жағы неде?
Аударма вексельдің жай вексельден айырмашылығы неде?
Вексель ақшаның қайтарылуына 100 %-дық кепілдік береді ме?
Коммерциялық  қызметте  аударма  вексельді  пайдаланудың 
қандай варианттары бар?
Алынған вексельдер қай шоттарда есепке алынады?
25. Банктің көшірмелері. Есеп айырысудағы қателерді 
түзету
 
Кәсіпорын  оқтын-оқтын  (күнделікті  немесе  басқа  белгіленген 
мерзімдерде) банкіден өзінің есеп айырысу шотының көшірмелерін 
алады. Онда операцияның мазмұны шартты кодпен ауыстырылып 
қойылады.
Банктің  көшірмесі  белгілі  кезеңде  кәсіпорынның  есеп  айырысу 
шотындағы банкімен жүргізілген операциялардың тізімін құрайды. 
Ол  есеп  айырысу  шоты  бойынша  операцияны  жүргізгеннен  кейін 
беріледі. Көшірмеге әрбір сома бойынша анықтаушы құжаттар қоса 
тігіледі.  
Банктің  көшірмелерін  бухгалтерлік  өңдеу  кезінде  банк 
кәсіпорынның  борышкері  ретінде  болатындығын,  өйткені  ол 
кәсіпорынның ақша қаражаттарын сақтап және оны өзінің айналы-
мында  пайдаланатындығын  есте  сақтауымыз  қажет.  Сондықтан, 
қаржылардың қалдықтары мен олардың келіп түсуі кәсіпорынның 
бет есебі кредиті бойынша, ал ақша беру мен аудару — дебет бой-
ынша  жазылады.  Кәсіпорынның  бухгалтері  бұл  операцияларды 
№1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотында 
керісінше тәртіпте жазады. 
Егер бухгалтер есеп айырысуда қателесіп, қажет болған сомадан 
артық ақша аударып қойса, онда бұл жағдай туралы банкіге шұғыл 
хабар  жіберуі  қажет.  Егер  төлем  тапсырмасы  банкіден  өтіп  кет-
се,  онда  №  1280  «Өзге  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешек  (оның 
ішінде  шағымдар  бойынша  қойылған)»  шотын  қолданып,  кейінгі 


60
есеп айырысу кезінде қажетті соманы реттеу немесе ақшаны алған 
тұлғаға  артық  кеткен  қаржыларды  қайтару  туралы  өтінішін  жол-
дауы қажет.
Банктің  көшірмелерін  бухгалтер  тексереді  және  оның  ақ 
шеттерінде байланысатын шоттардың шифры көрсетіледі. Сол шот-
тар көшірмеге тігілген құжаттарда да көрсетіледі.

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет