Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет51/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
 Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Қандай  кәсіпорындар  және  ұйымдармен,  тағы  қандай  себеп-
термен есеп айырысу қатынастары пайда болады?
2. Кәсіпорынның есеп айырысу шотын ашу үшін банкіге қандай 
құжаттар тапсыру қажет?
3. Банк қандай жағдайларда кәсіпорынның есеп айырысу шоты-
нан мәжбүрлі түрде ақша қаражаттарын шығыс етеді?


53
4. Банктің операцияларына қандай бастапқы құжаттар негіз бо-
лады?
20.  Төлем тапсырмаларын дайындау
Төлем  тапсырмасы,  бұл  —  банкіге  тиісті  қаржыларды 
жеткізушілер,  салық  органдары  және  басқа  ұйымдарға  аудару  ту-
ралы тапсырма. Бухгалтер оны компьютерде қажетті дана бойынша 
басады.
Онда  төлеуші  мен  оның  банкісінің,  алушы  мен  оның  банкісінің 
реквизиттері,  сомасы  мен  тағайындалуы  көрсетіледі.  Банктің 
қызметкері  төлем  тапсырмасын  орындауға  қабылдап  алып,  оның 
соңғы данасына таңба қояды, одан соң ол операцияны есепте бейнелеу 
үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген 
төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.
Төлеуші болып кәсіпорынның есеп айырысу шоты ашылған банк 
саналады және сол бөлігінде кәсіпорынның аталуы мен оның есеп 
айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.
Төменде біз ҚР Ұлттық банкіде біздің банкінің берген кодын, ал 
«дебет» бағанасында ҚР Ұлттық банктегі есеп айырысу шотының 
шифрын  көрсетеміз.  Одан  төмен  алушының  банкі,  ҚР  ҰБ-дегі 
банкінің  коды  (МФО  —  «межфилиальные  обороты  —  филиалдар 
арасындағы айналымдар»), ал «кредит» бағанасында — ҚР ҰБ-дегі 
алушы банкінің корреспонденциялық шоты көрсетіледі. 
Аударылатын  қаржы  көлемі  бас  әріппен  сөз  түрінде  басылады. 
Оның сандық мөлшері жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады.
Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас 
бухгалтердің қолтаңбаларымен қоса, кәсіпорынның мөрі қойылады.
 

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет