Бухгалтерлік есеп


II  БӨЛІМ.  КӘСІПКЕРЛІК  ҚЫЗМЕТТЕГІ  БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕП



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет50/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
II  БӨЛІМ. 
КӘСІПКЕРЛІК  ҚЫЗМЕТТЕГІ  БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕП
I бөлімше.  АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ  ЕСЕБІ
19. Банкіде ағымдағы шот ашу
Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен 
немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланысқа 
түсіп,  олармен  алыс-беріс  қатынастарда  болады.  Алыс-беріс 
қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық 
құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын 
төлеу  міндеттемелеріне,  сондай-ақ  жеткізушілердің  алушылардан 
төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.   
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыз-
дандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдармен де пайда болады.
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржы-
лардың  айналымдылығын  тездетуге,  төлемдердің  мерзімін  өткізіп 
алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құ-
тылу мүмкіндігін береді.
Көбінесе  ұйымдардың  арасында  есеп  айырысу  банк  жүйесінің 
жәрдемімен  қолма-қол  ақшасыз  жүргізіледі.  Есеп  айырысу  шотын 
ашу  үшін  кәсіпорын  банкіге  төмендегі  құжаттарды  өткізеді:  шот 
ашу  жөнінде  өтініш,  кәсіпорын  ұйымдастырылуының  заңдылығы 
туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі), 
жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорын-
ның  қаржыларын  басқарушылардың  қолтаңбалары  қойылған  но-
тариуспен  бекітілген  екі  карточка,  кәсіпорынның  тіркелуі  туралы 
статистикалық  органдардан  анықтама  және  есепке  қою  туралы 
салық инспекциясының анықтамасы.
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығына  сәйкес, 
әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша опе-
рацияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір 
ағымдағы (есеп айырысу)  және бюджеттік шот ашуға құқылы.
Салық  төлеушілер  тоқсан  сайын  салық  органдарына  өздерінің 
Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған 
барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер 
беріп тұруға міндетті.


52
Кәсіпорынның  есеп  айырысу  шотына  өткізілген  өнім  үшін  ақ-
шалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, 
кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі. 
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, 
еңбекақы  төлеу,  іссапар,  шаруашылық  және  өкілдік  шығыстарына 
қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес боса-
тылады.
Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша 
аударуларын әдеттегіше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы 
негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізеді.
Ерекше жағдайларда банк есеп айырысу шотынан мәжбүрлі түрде 
ақша  қаражаттарын  шығыс  етеді.  Мысалы,  салық  органдарының 
ұйғарымы  бойынша  төлеу  мерзімдері  өтіп  кеткен  салықтар,  жи-
наулар және т.б. аударылады. Одан басқа, өзінің келісімі бойынша 
ақша  қаражаттарын  шығыс  еті  мүмкін,  мысалы,  банктің  несиесін 
пайдаланғаны  үшін  (несие  үшін  процент),  есеп  айырысу  мен 
кассалық қызмет үшін және т.б. 
Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар кәсіпорын-
ның  шығындарына,  ал  кәсіпорынның  уақытша  еркін  қаржыларын 
пайдаланғаны  үшін  банктің  төлемдері  —  оның    негізгі  емес  қыз-
меттерінің табыстарына апарылады.
Банктің  ағымдағы  шотында  операциялар  жүргізу  үшін  негіз 
ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол 
ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.
Төлем  тапсырмасы  кәсіпорынның  есеп  айырысу  шотынан 
алушының  есеп  айырысу  шотына,  онда  көрсетілген  қаржыны 
шығыс ету үшін қызмет атқарады.
Ақша  чегі  банкіге  қолма-қол  ақшаның  көрсетілген  көлемінде 
есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.
 

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет