Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет2/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
ISBN 9965-830-06-1 — (1-кітап)             © Нұр-пресс, 2009.
ISBN 9965-830-05-3
0605010205
00(05)-08


3
К І Р І С П Е
Әміршіл  экономика  негізінде  ұйымдастырылған  бухгалтерлік 
есеп-қисаптың бұрыңғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатық-
қан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын емес, оны дүниеге 
келтірген  әкімшілік-әміршілдік  шаруашылық  жүргізу  жүйесінің 
талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің 
нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған. 
Өйткені есеп-қисап барлық мекемелердің қатаң иерархиялық бағы-
ныштылығына сүйенетін еді.
Мекемеялердің  қай-қайсысы  болмасын  өзіндік  бастамаға 
ешқандай  құқығы  болмай,  тек  жоғары  басқару  органдарының 
нұсқауларын орындауына міндетті болған. Осы себептер салдарынан 
ұйымдастырылған  бухгалтерлік  есеп-қисап  жүйесі  нарықтық 
қатынастар кезінде басқаруға қажетті мәлімет берген емес, әрі бере 
алмайтын еді. Өйткені ол дүниежүзілік тәжірибеден, халықаралық 
стандарттардан бөлек болатын. 
Нарықтық  қатынастар  Қазақстан  экономикасына  (былайша 
айтқанда,  ТМД-нің  барлық  елдеріне  сияқты)  үлкен  өзгерістер 
енгізді. Егер бұрыңғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай 
мемлекеттік меншіктің негізінде құрылса, енді олар есеп айырысу-
лар, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады.  
  «Пайда»  деген  ұғым  жартылай  түрде  көзге  ғана  сипатқа  ие 
болатын  еді,  өйткені  оны  мемлекет  өзі  пайдаланатын  еді  және 
кәсіпорындарда  оны  алуға  ынта  болмағандығы  ешкімге  құпия 
емес.  Әдеттен  тыс,  бірақ  шынын  айтқанда,  кейбір  кәсіпорындар 
(әсіресе  одақтық  ведомстволардың)  өздерінің  шығыстарын  әдейі 
жоғарылатып  көрсететін  еді,  өйткені  залал  шегетін  жағдайда, 
мемлекет, әдеттегінше, оларды өзінің жәрдем қаржыларымен өтеп 
беретінін білетін еді.
Анықтап  айтқанда,  кәсіпорынның  күнелту,  даму  және  өркен-
деудің көзі пайда алу емес, мемлекеттік нұсқау болатын еді. Әміршіл 
экономиканың  мұндай  теріс  механизмдері  бухгалтерлік  есептің 
жүргізілуіне де өз әсерін тигізді.
Мәселен,  кәсіпорынның  балансы  мемлекеттік  механизмдебей-
неленеді,  яғни  кәсіпорынның  жарғылық  капиталының  қалыпта-


4
суына  тиісті  мән  берілмесе  де,  шығыстардың  әрбір  бабы  атап 
көрсетілген. Оған қоса баланс өте өрістеген және рабайсыз еді.
Алайда, барлық аталған аз ғана өзгешеліктері кезінде бухгалтер-
лік есептің әдістемесін үйренуге өндірісте де, оқу орындарында да 
тиісті көңіл бөлінетін еді. Өндірістерде оқушыларды үйрету үшін 
жетекші бухгалтерлер болған, ал кез келген экономикалық ЖОО-
да  бухгалтерлік  есеп  кафедрасы  ұйымдастырылған  еді.  Жұмыс 
орындарында нұсқаулар мен көрсетулер жеткілікті болған.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта бухгалтерлік есепті жүргізу және 
үйрету әдістемесі өте қиын кезеңге ұшырап отыр. Бірақ бұл — уақыт 
талабы және одан құтылып немесе оны аттап кету мүмкін емес.
Біздің  көзқарасымыз  бойынша  оның  қиындығы  біз  ескі 
механизмді бұзып, бірақ жаңасын әлі құрып үлгермегендігімізден 
тұрады. Және біз төмендегі маңызды проблемалар бойынша пайда 
болған мәселелерді шешуіміз керек:
1) Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас, одан соң Типтік жоспары.
2) Қаржылық есеп беру мен салықтық есеп бойынша жиынтық 
табысты анықтау және салыстыру.
3)  Экономиканы  мемлекет  тарапынан  реттеудің  салықтық  тәр-
тібін енгізу.
Мамандарға бухгалтерлік есепті оқыту мәселесі әлдеқайда қиын 
жағдайда қалды.
Ал  біздерге,  педагогтарға  және  бір  маңызды  проблема:  оқы-
туды  жүргізу  кезінде  әрбір  студенттің  дербес  мүмкіндіктері  мен 
қабілеттілігін  есепке  алу.  Өйткені  бүгінгі  студенттен  ертеңгі 
экономист-бухгалтер шығады ғой!
Бұл жағдай осы пәнді оқуды қалайтын әрбір адамға қажет негізгі 
түсінікті  және  оңай  меңгерілетін  материалдарды  көрсететін  оқу 
құралдардың  жаңа  бағыттарын  даярлау  қажеттілігінің  уақыты 
жеткенін дәлелдейді.
Қазіргі уақытта көптеген әдістемелік көрсетулер шығып жатыр, 
бірақ олар таза кәсіби сипатқа ие, сондықтан да студенттерге көп зат 
түсініксіз болып қала береді.
Өкінішке  орай,  студенттердің  арасында  кейде,  ол  туралы 
дауыстап:  «Бухгалтерлік  есепті  біз  бұл  жерде  (яғни  ЖОО-да) 
ешқашан да үйрене алмаймыз, оны кейінрек өндірісте үйренеміз, 
сондықтан  күш  салудың  қажеті  жоқ»  деген  теріс  пікір  пайда 
болады.  Онымен  біз  шешімді  түрде  келіспейміз  және  оларды: 
«Бухгалтерлік  есепті  сіздер  бұл  жерде  үйренуге  тиістісіздер, 
ал  өндірісте  өздеріңіздің  білімдеріңіз  бен  дағдыларыңызды 
жетілдіресіздер» деп сендіреміз.


5
Осы  ой-пікір  —  авторлардың  осындай  оқу-әдістемелік  кешенді 
жазуына түрткі болды. Ол, өз кезегінде, тиісті тараулар, бөлімдер 
мен  бөлімшелерге  бөлінетін  2  тараудан  тұрады.  Материалдарды 
оқудың  қолайлылығы  үшін  бөлімдер  бірізді  түрде  нөмірленген, 
көлемі бойынша тиімді мөлшерленген. 
Бірінші  тарауда  бухгалтерлік  есептің  негізгі  теориялық  мәсе-
лелері мен оның тәжірибелік аспекттерінің бір қатары баяндалған. 
Синтетикалық  шоттарда  есеп  жүргізу,  баланс  құрудың  негізі 
мен  кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  талдаудың  мысалдары 
келтірілген.
Екінші  тарауда  балансқа  қатынасы  жөнінен  бухгалтерлік  шот-
тардың жіктелуі бойынша нақты тәжірибелік материал келтірілген, 
мысалдарда  бухгалтерлік  проводкаларды  құру  әдістемесі  көрсе-
тілген. Контрарлы және нәтижелі шоттарға талдау жасалған.
Құрал  бухгалтерлік  есептің  егжей-тегжейін  үйренуді  қалаған 
әрбір студент пен курстардың оқушысы үшін түсінікті, қарапайым 
тілмен жазылған.
Ұсынылып  отырған  кешен  —  бухгалтерлік  есеп  бойынша 
мамандар даярлау процесінде авторлар тарапынан сынақтан өткен 
тәжірибенің тұжырымы. Осы пәннің студенттер тарапынан игерілуі 
олардың алдағы қызметінде өздерінің жоғары деңгейдегі біліммен 
қалыптасқан  жұмысының  іскер  және  шығармашылық  өзегінің 
нығаюына мүмкіндік туғызады. 
Кітаптағы  материалдар  төменде  аталған:  «Салық  және  салық 
салу», «Шығындарды басқару», «Еңбекке ақы төлеу», «Шаруашылық 
қызметті  талдау»,  «Басқарушылық  есеп»,  «Кәсіпкерлік  негіздері», 
«Кәсіпорындар экономикасы» пәндерін оқыту кезінде пайдаланылуы 
мүмкін.  
Авторлар,  бұл  жұмыстың  жаңашылдығымен  толық  қамту 
сипатына  үміттенбей,  оны  әрбір  студент  үшін  түсінерлік  ететін 
құралдың белгілі құрылымын жасау үшін барлық мүмкіндіктерін 
іске  асыруға  бағыттады.  Материалдар  2006  жылдың  6  қаңтарына 
берілген. 
Оқу құралы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ экономика факультетінің 
деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б. С. Мырза-
лиевтің басшылығымен (кіріспе, I тарау, жалпы редакция), «Қаржы 
және  бухгалтерлік  есеп»  кафедрасының  меңгерушісі,  экономика 
ғылымдарының  кандидаты,  доцент  А.  С.  Дюсембиев  (I  тарау  II 
бөлімінің  V—IХ  бөлімшелері),  сол  кафедраның  аға  оқытушысы       
Р. С. Әбдішүкіров (II тараудың I—VI бөлімдері), «Менеджмент және 


6
маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы С. М. Мұханов (I тарау 
III  бөлімінің  V—VII  бөлімшелері),  сол  кафедраның  оқытушысы 
Б.  Ж.  Кенешбаев  (II  тараудың  V—IХ  бөлімдері),  есеп  және  аудит 
магистрі  Д.  Р.  Әбдішүкіровтар  (II  тараудың  VI  бөлімі),  сондай-ақ  
Қазақстан-Ресей  университетінің  оқытушысы  Ө.  Ж.  Жамшаев  (I 
тарау III бөлімінің VIII—IХ бөлімшелері) дайындаған. 
Авторлар  бұл  кітаптің  мазмұны  және  оны  жетілдіру  бойынша 
өздерінің пікірлері мен ескертулерін айтуға мүмкіндік тапқандардың 
барлығына ізгі тілектері мен ризалығын білдіреді. 
 


7

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет