Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет136/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бастапқы құжаттардың қайта пайдаланылуын қалай болдыр-
мауға болады?
2. Бастапқы құжаттар қандай тәртіпте тігіледі?
3. Бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері қайда сақталады?
4. Құжаттарды кімдер алып қоюы мүмкін?
5. Құжаттардың жойылу, жоғалу жағдайында не істеу керек?
6. Бас бухгалтер қандай негізгі нормативті құжаттарды басшы-
лыққа алуы тиіс?
7.  Әртүрлі  нормативті  құжаттарда  қайшылықтар  пайда  болған 
жағдайларда қандай ережелерді басшылыққа алу керек?
79. Банкротттық рәсім кезіндегі бухгалтерлік есеп 
жүргізудің тәртібі 
      
Қазіргі  заманғы  бизнес  әлемі  нарықтық  экономикаға  бейім-
делгендіктен  күрделі,  сондықтан  кәсіпкерден  икемді  және  шебер 
жұмыс істеуді талап етеді. Қисынсыз немесе олақ қызмет жағдайында 
банкроттық сияқты жағымсыз процедураларға тап болуы мүмкін.
Қазақстан  Республикасының  «Банкроттық  туралы»  заңы  1997 
жылы 21 қаңтарда (№ 67—1) қабылданды.
  «Банкроттық»  —  борышкердің  соттың  шешімімен  танылған 
оны  таратуға  негіз  болып  табылған  дәрменсіздігі.  «Дәрменсіздік» 
борышкердің  —  жеке  кәсіпкердің  немесе  заңды  тұлғаның  ақ-
шалай  міндеттемелері  бойынша  несие  берушілердің  талаптарын 
қанағаттандыра  алмауы,  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін 
адамдармен  еңбегіне  ақы  төлеу  жөнінде  есеп  айырыса  алмауы, 
сондай-ақ  бюджетке  және  бюджеттен  тыс  қорлардың  міндетті 
төлемдерін  қамтамасыз  ете  алмауы  сияқты  қабілетсіздігі  оның 
дәрменсіздігі деп түсіндіріледі.
Осы заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды 


153
тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. 
Оңалту  рәсімін,  конкурстық  істі  (таратуды)  жүргізу,  не  соттан 
тыс тарату рәсімін өткізу кезеңінде банкроттық рәсімдерін, оңалту 
рәсімін және соттан тыс тарату рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына 
қол  жеткізу  үшін  дәрменсіз  борышкердің  барлық  органдары  оны 
басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару 
міндеттері  оңалтушыға,  не  конкурсты  басқарушыға  (таратушыға) 
беріледі.
Оңалтушы және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді 
басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет етеді.
Оңалту  рәсімі  борышкер  жасаған  және  несие  берушілер  коми-
тетінің келісімі болған жағдайда сот тәртібімен тек коммерциялық 
ұйымдарға қатысты қолданылады.
Оңалту рәсімін жүзеге асырудың ұзақтығы екі жылдан аспауға 
тиіс.  Оңалтуды  басқарушының  өтініші  бойынша  несие  берушілер 
комитетінің  келісімімен  сот  оны  жүзеге  асыру  мерзімін  ұзартуға 
құқылы, бірақ ол 6 айдан аспауға тиіс.
Конкурс жүргізу несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру 
және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге 
асырылады. Конкурстық іс жүргізу мерзімі алты айдан аспауы ке-
рек. Конкурсты басқарушының өтініші бойынша несие берушілер 
комитетінің келісімімен бұл мерзім әрі кеткенде 3 айға ұзартылуы 
мүмкін.
Талап ету құқығын (дебеиторлық берешек) қоса алғанда, борыш-
кердің,  соның  ішінде  оның  қаржы  құжаттарында  көрсетілмеген, 
бірақ борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі, 
борышкерге  меншік  құқығына  тиесілі  емес  мүлікті  қоспағанда, 
конкурстық масса болады.
Борышкер  —  заңдарда  көзделген  тәртіппен  өзіне  банкроттық 
рәсімінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем 
қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі негіз болатын заңды тұлға.
Конкурстық массаны бөлу тәртібі:
1. Әкімшілік және сот шығыстары борышкер мүлкінің есебінен 
кезектен тыс өтеледі. Әкімшілік шығыстарының сомасын олардың 
туындауына қарай оңалтушы немесе конкурстық басқарушы төлеуі 
мүмкін;
2. Таратылатын банкрот өміріне немесе денсаулығына келтірілген 
зиян үшін жауап беретін азаматтардың талаптары бойынша тиісті 
уақытылы төленетін капиталға айналдыру арқылы бірінші кезекте 
қанағаттандырылады.


154
3.  Несие  берушілердің  таратылатын  банкроттың  мүліктік 
кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары 
қамтамасыз ету сомасы шегінде екінші кезекте қанағаттандырыла-
ды;
4. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқан адамдардың еңбе-
гіне ақы төлеу жөніндегі және авторлық шарттар бойынша сыйақы-
лар төлеу жөніндегі есеп айырысу үшінші кезекте жүргізіледі;
5.  Бюджетке  және  бюджеттен  тыс  қорларға  міндетті  төлемдер 
жөніндегі берешек төртінші кезекте өтеледі;
6. Басқа несие берушілермен есеп айырысу заң актілеріне сәйкес 
бесінші кезекте жүргізіледі.
Әрбір  кезектің  талаптары  алдыңғы  кезектегі  талаптар  толық 
қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
Несие  берушінің  талабы  оның  келісімімен  заңдарға  қайшы 
келмейтін  әдістермен,  соның  ішінде  ақша  түрінде  және  (немесе) 
мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Бірінші  және  үшінші  кезектегі  несие  берушілердің  барлық  не-
сие  берушілермен  есеп  айырысқанша  қойған  талаптары  конкур-
стық  мүліктің  есебінен  қанағаттандырылуға  тиіс.  Мұндай  та-
лаптар  қанағаттандырылғанға  дейін  тиісті  кезекте  тұрған  несие 
берушілердің талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. 
Қаржылық санкциялардың сомалары бесінші кезектің құрамында 
есепке алынады.
Банкроттық  рәсімін  өткізу  кезінде  бухгалтерлік  есеп  жалпы 
қабылданған  тәртіп  негізінде  жүргізіледі.  Тауарлар,  қызметтер, 
негізгі құралдар және т.б. өткізу кезінде ҚҚС-ның есептелуі дағдылы 
түрде жасалады.
Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталады. Еңбекақы есептеген 
кезде  әлеуметтік  салық  есептеледі  және  жинақтаушы  зейнетақы 
қорға жарналар ұсталады.
Салықтардың  тізімінен  жалғыз  корпоративтік  табыс  салығы 
шығарылады. Ол жиынтық табыстан үдей түсу тәртібінде есептелетін 
болғандықтан,  ал  банкроттық  жағдайларда  жиынтық  табыстың 
жоқтығынан салықтың бұл түрі есептелмейді.
Сонымен,  конкурс  жүргізу  кезінде  есептелетін  салықтардың 
барлық түрлері әкімшілік шығыстарға жататынын және бірінші ке-
зекте төленуге тиіс екенін есте сақтау қажет.
 
 

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет