Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет117/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Жарғылық капитал деген не?
2. Кәсіпорын құрылтайшыларының жарғылық капиталға жарна-
ларының мөлшері қандай ?


123
3.  Өтеп  алынатын  кәсіпорынның  жарғылық  капиталы  қалай 
есептеледі?
4.  Жарғылық  капиталға  жарналар  бухгалтерлік  есепте  қалай 
бейнеленеді?
5. Акцияларды сатып алу қалай бейнеленеді?
6. Жарғылық капиталға өзгерістер қандай жағдайларда енгізілуі 
мүмкін? 
62. Арнаулы тағайындалу қорлары және резервтік қорды 
қалыптастыру мен пайдалану  
Арнаулы  тағайындалу  қорлары  салықтар  бойынша  бюджетпен 
есеп айырысудан соң, жиынтық табыстан ұйымдастырылады. 
Арнаулы  қорлар,  жұмсалу  бағыттары  бойынша  қаржыларды 
пайдалану туралы мәселені кәсіпорын өздігінше шешеді және бұл 
құрылтай құжаттарында жазылуы тиіс. 
Кәсіпорын  арнаулы  тағайындалу  қорлары  ішінде  жинақ  қоры 
мен  (яғни,  кәсіпорынның  өндірістік  дамуы  үшін  (жаңа  техника, 
технологиялар сатып алу және т.б.) мен тұтыну қорын қалыптастыруы 
мүмкін.  Соңғы  қорда  кәсіпорын  ұжымының  әлеуметтік  дамуы 
мен  материалдық  мадақтау  бойынша  іс  шараларға  кәсіпорынның 
қаржылары резервтеледі.
Өнім  өткізуден  соң  есеп  айырысу  шотына  ақша  қаражаттары 
келіп  түскен  кезде  барлық  қажетті  есеп  айырысудан  кейін  (жеткі-
зушілермен материалдар үшін, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, 
бюджетпен  салықтар  бойынша  және  т.б.)  кәсіпорын  пайдасының 
қалдығына  сәйкес  келетін  бөлігі  қалады.  Сол  қалдық  жинақ  және 
тұтыну қорларын ұйымдастыру үшін белгілі үйлесімде пайдалануды 
жоспарлайды, яғни арнаулы қорларды қалыптастырады.
Олар  №  5430  «Өткен  жылдардағы  пайда  (залал)»  шотында 
бейнеленеді. Бұл шотқа тағы «Қайтарымсыз алынған құндылықтар» 
және «Мүлікті индекстеу қоры» субшоттарын ашу қарастырылады. 
Арнаулы тағайындалу қорларын қалыптастыру үшін № 5430 «Өткен 
жылдардағы пайда (залал)» шоты пайдаланылуы мүмкін.
Тұтыну қорын сыйақы, материалдық жәрдем және қайырымдылық 
мақсаттарға  жәрдемақы  беруге  пайдалануға  болады.  Бұл  қордың 
есебінен  белгіленген  мөлшерден  артық  болған  банк  несиесінің 
пайызы шығыстардың кейбір түрлері, мысалы, іссапар шығыстары) 
төленеді,  белгіленген  нормадан  артығының    орны  толтырылады. 
Бұл қордың қаржылары есебінен әдеуметтік-мәдени сала объектілері 


124
құрылысының  акциялары  бойынша  дивидендтердің  есептелуі  де 
жүргізіледі.
Жинақ  қоры  өндірісті  кеңейту  кезінде  негізгі  құралдар,  мате-
риалдық емес активтер, материалдар сатып алу, өндірістік тағайын-
далу бойынша объектілер соғу үшін пайдаланылады.
Шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар, 
сондай-ақ  ашық  және  жабық  акционерлік  қоғамдар  резервтік 
қор  ұйымдастырады.  Ол  №  5310,  5330,  5340  «Резервтік  капитал» 
шоттарында есепке алынады. Оған қаржылар құрылтай құжаттарында 
көрсетілген  мөлшерге  жеткенше  жасалады.  Қаржылардың  көзі 
негізінен жиынтық кіріс (пайда) болып есептеледі.

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет