Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет111/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
8010 «Негізгі өндіріс»
1320 «Дайын өнім»
7010 «Өткізілген 
өнімнің өзіндік құны»
1
4


116
6010 «Дайын өнім өткізуден түскен 
кіріс (экспорт)»
1210 «Алуға тиіс шоттар 
(шетелдік сатып алушы)»
2
                   
1040 «Есеп айырысу шотындағы 
ақшалар»
7110 «Тауарларды өткізу бойынша  
шығыстар (шетелдік валюта)»


1070 «Банктердегі 
арнаулы 
шоттардағы 
ақшалар»
1050 «Валюталық 
шоттағы ақшалар»
7110 «Тауарларды
өткізу бойынша
шығыстар 
(теңге)»


5
1. Экспорттық өнім өндірістік өзіндік құн бойынша кіріс етілді;
2. Сатып алушыға бақылау бағасы бйынша (брутто төлем ақшасы 
немесе толық экспорттық төлем ақша) шот ұсынылды. Экспорттық 
өнім тиеліп, шетелдік сатып алушыға жөнелтілді;
3. Тауардың қозғалысы (өткізілуі) бойынша шығыстар төленді:  
а) теңгемен;
ә) шетелдік валютамен;
4.  Экспорттық  тауарды  өткізу  бойынша  шығыстар  өндірістік 
өзіндік құн бойынша шығыс етілді;
5. Сатып алушы ұсынылған шот бойынша толық есеп айырысты, 
(брутто  төлем  ақшасы)  ТМД  банкісіндегі  кәсіпорынның  транзитті 
шотына келіп түсті;
6.  Экспорттық  тауар  бойынша  үстеме  шығындарды  төлеу  үшін 
бұрын  жұмсалған  ақшаның  баламасы  (эквиваленті)  кәсіпорынның 
валюталық шотына аударылды. Нетто төлем ақшасы (брутто төлем 
ақшасынан шетелдік валютадағы үстеме шығыстарды шегергенде) 
үлестіріледі:
а) 50 %-ы кәсіпорынның валюталық шотына аударылады;


117
ә) 50 %-ы биржалық баға бойынша теңгеге сатылады (валютаның 
сатылу кезіндегі бағасы бойынша).
Шоттарға назар аударыңыздар: әдетте № 8010 шоттың дебеттік 
сальдосы болады. Ал, № 6010, 7010, 7110 шоттар жылдың соңында 
№  5410  «Есептік  жылдың  пайдасы  (залалы)»  шотында  жабылады. 
Табыс  пен  шығыс  жақтарының  арасындағы  айырма  тауарларды 
экспортқа сатумен байланысты операциялар бойынша пайда немесе 
залал болғанын көрсетеді.  
Дт — № 6010  Табыстар жағы
Кт — № 5410  
Дт — № 5410  Шығыстар жағы
Кт — № 7010  
№ 5410 шотқа қосымша бағамдық айырма апарылуы тиіс. Коммер-
циялық  кәсіпорындардың  экспорттық  қызметінің  тәжірибесінде 
өте жиі кездесетін тікелей немесе делдал арқылы қолма-қол ақша-
ға  экспорттық  тауарды  жеткізіп  беру,  коммерциялық  несиенің 
шарттарында тауарлардың экспорты, айырбастау келісімі бойынша 
тауарларды экспорт жасау қарастырылады.
Қолма-қол  ақшаға  сатылған  экспорттық  тауар  есебінің  ерекше-
ліктерін  талдайық.  Сатып  алушыдан  тауардың  ақшасын  алу  үшін 
экспорттаушы кәсіпорын өзінің банкісіне келісім шартпен ескертілген 
құжаттарды ұсынады (шот-фактураны, жүкқұжаттың дубликатын, 
варрантты  және  т.б.).  Бұл  құжаттар  шетелдік  банкіге  жіберіледі. 
Сатып  алушы  оларды  тексеріп,  өзінің  банкісіне  экспорттаушы 
кәсіпорынның  банкісіне  валютаны  аудару  жөніден  нұсқау  береді. 
Олан  соң,  сатып  алушының  банкісі  оған  коммерциялық  қойма 
немесе порттан алуға мүмкіндік беретін құжат ұсынады.
Сатушының сатып алушылармен есеп айырысудың мұндай түрі 
инкассо  деп  аталады.  Оны  пайдалана  отырып  сатушы  тәуекелдік 
жасайды:  сатып  алушы  валютаны  аудармай  және  тауарды  алмай 
қоюы  мүмкін.  Онда  сол  тауар  келген  елде  басқа  сатып  алушыны 
іздеуге,  не  үшінші  елге  оны  алып  кетуге  тура  келеді.  Осындай 
жағдайға жол бермес үшін аккредитив арқылы есеп айырысу үлгісін 
қолдану қажет.
Бұл жағдайда кәсіпорын тауарды жөнелтуге дайындап, бұл тура-
лы  сатып  алушыға  телеграф  арқылы  хабарлайды.  Сатып  алушы 
аккредитив ашады (әдетте шетелдік банкіде). Ол туралы жеделхат 
(телеграмма) алған соң жүкті жөнелтеді де, экспорттаушы кәсіпорын 
құжаттар  негізінде  аккредитив  бойынша  ақшаны  алады  (ашылған 
банкіден).


118
Кәсіпорын экспорттық тауарды жеткізіп беру мен сатып алушы-
дан валютаны алуды өз міндетіне алатын делдалмен келісім шарт 
жасауы мүмкін. Келісім шартта делдалмен есеп айырысудың түр-
лерін келісіп алу қажет.
Коммерциялық несие деп, тауар үшін төлемақы мерзімін ұзартуды 
айтады.  Коммерциялық  несиенің  шарттарында  тауарлардың 
экспорты кезінде дағдылы түрде тауардың экспорттық құнының 5 
тен 20 %-ға дейін сатып алушы тарапынан қолма-қол ақша төленеді, 
ал  қалған  сома  оған  несиеге  беріледі.  Бұл  операциялар  есебінің 
жалпы нобайдан айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Бартерлік келісімдер 
кезіндегі  экспорттық  операциялардың  есебі  оқу  құралының  жеке 
бөлімінде көрсетілген.   

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет