Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет11/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Шоттың нөмірі мен аталуы 
Дт
Кт


16
Баланстан (тиісті бап бойынша) шотқа біз жазатын сома айдың 
басындағы  «қалдық»  немесе  «сальдо»  деп  аталады.  Одан  соң  ай 
бойы шотта шаруашылық операцияларды жазамыз, айдың соңында 
дебет  пен  кредит  бойынша  айналымдарды  есептейміз  және  жаңа 
қалдық шығарамыз. Оны біз келесі айдың (кезеңнің) басына баланс 
құрастыруда пайдалануымыз мүмкін.
Шоттар активті және пассивті болып бөлінеді. 
Активті шоттар, бұл — кәсіпорынның құралдары мен дебитор-
лық қарыздарының есебі жүргізілетін шоттар.
Пассивті шоттар — сол құралдардың көздері мен кредиторлық 
қарыздың есебі жүргізілетін шоттар.
Активті шоттарда кәсіпорынға құралдардың келуі дебет бойын-
ша, ал шығыс етілуі кредит бойынша бейнеленеді (жазылады).
Пассивті  шоттарда,  керісінше,  құралдар  көзінің  (немесе  ша-
руашылық  құралдары  үшін  алынған  қарыздың)  көбеюі  кредит 
бойынша, ал кемуі дебет бойынша бейнеленеді.
Шатасып қалмау және есеп айырысулардың мерзімдерін өткізіп 
жібермеу үшін әрбір дебитор мен кредитор бойынша қосымша есеп 
ұйымдастыру қажет.
Шоттарда  шаруашылық  операцияларды  бейнелеуден  алдын, 
оларды ашу қажет. Ол үшін шоттардың дебетіне немесе кредитіне 
баланстан  алынған  бастапқы  қалдықтар  жазылады.  Активті  шот-
тарда бастапқы қалдық (бастапқы сальдо) дебетке, ал пассивті шот-
тарда кредитке жазылады.
Бухгалтерлік  есеп  шоттарының  кеңестік  дәуірдегі  жоспарын-
да (егер онымен таныс болсаңыз) активті-пассивті шоттар болған. 
Олардың дебеттік жағында дебиторлық қарыз немесе шығыстардың, 
ал  кредиттік  жағында  есептеу  бойынша  айналымдардың  көбеюі 
есепке алынатын.
Мысалы, № 46 «Өткізу» шотын алайық. Оның дебеттік жағында 
шығындар, ал кредиттік жағында табыстардың есептелуі бейнелен-
ген. № 80 «Пайдалар мен залалдар» шотының дебеттік жағында пай-
даны қолдану, ал кредиттік жағында оның есептелуі бейнеленген. 
№ 76 «Әртүрлі дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысулар» 
шотының дебеттік жағында кәсіпорынның дебиторлық қарыздары, 
ал кредиттік жағында кредиторлық қарызы бейнеленген.
Шоттардың  Бас,  Типтік  жоспары,  ал  одан  соң  Жұмыс  жоспа-
рының  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі,  ол  тапсырыс  берушілер  мен 
мердігерлердің арасындағы нақты қатынастарға негізделген.


17
Сондықтан,  бұл  шоттар  өзінің  маңызы  бойынша  активті  және 
пассивті  болып  бөлінеді.  Мысалы,  өнім,  жұмыс  немесе  қызмет 
өткізу фактісі төмендегіше:
—    кірістер келтіру бойынша VI бөлімнің шоттарында;
— нақты шығыстар бойынша VII бөлімнің шоттарында бейне-
ленеді.
Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздары да екі шотта:
— қысқа мерзімді дебиторлық берешек 12 «Қысқа мерзімді де-
биторлық берешек» кіші бөлімінің шоттарында;
— қысқа мерзімді міндеттемелер 3 «Қысқа мерзімді міндеттеме-
лер» бөлімінің шоттарында бейнеленеді.
Жалғыз  ерекшелік,  бұл  —  №  5410  «Есепті  жылдың  пайдасы 
(залалы)» шоты болып табылады. Бірақ, ол қалдықсыз сипатқа ие 
болып,  жылдың  соңында  бір  рет  қана  жабылады.  Оның  дебеттік 
жағында  жұмсалған  шығыстар  мен  жиынтық  табыстың  пайда-
ланылуы, ал кредиттік жағында есептелуі бейнеленеді.
Қосарлы жазу, бұл — әрбір шаруашылық операциясының екіден 
кем  емес  өзара  байланысты  шоттарда,  біреуінің  дебеті  бойынша 
және екіншісінің кредиті бойынша бір сомада бейнеленуі. Мысалы, 
1000  теңге  мөлшерінде  есеп  айырысу  шотынан  кассаға  қолма-
қол  ақша  алу  операциясы  №  1010  «Кассадағы  теңгемен  ақша 
қаражаттары» шотының дебеті бойынша және № 1040 «Ағымдағы 
банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» шотының кредиті 
бойынша бірдей сомада жазылады. Қосарлы жазу баланспен қоса, 
бухгалтерлік  есептегі  бақылаудың  қорытындылаушы  жүйесінің 
басты элементтері болып табылады. 
Келесі шаруашылық операцияны шоттарда бейнелейік.
Қоймада  20000  теңге  соманы  құрайтын,  әлі  ақысы  төленбеген 
материалдар бар. Одан басқа 30000 теңгеге материалдар келіп түсті, 
бірақ жеткізушілердің қойылған шоттары төленген жоқ.
С әрпімен 20000 теңге сомасындағы материалдардың бастапқы 
сальдосын  белгілеп,  №1310  «Шикізат  пен  материалдар»  шотын 
ашамыз. Бұл шоттың дебетінде кәсіпорынға келген материалдардың 
сомасын жазамыз:

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет