Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет104/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Дивидендтер төлеу үшін № 5430 шот қандай жағдайда пайда-
ланылады?
2. Дивидендтерге салық салу қандай шоттарда бейнеленеді?
3.  Егер  дивидендтер  банк  арқылы  төленген  жағдайда  олардың 
есебі қалай жүргізіледі?


104
54. Қор нарығының  акцияларымен жүргізілетін 
операциялардың есебі
        
Әртүрлі шаруашылық субъектілері шығарған акциялар, облига-
циялар  және  басқа  бағалы  қағаздардарға  қаржылық  салымдардың 
есебін  жүргізу  үшін  бухгалтерлік  есеп  шоттарының  Жұмыс 
жоспарында № 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» 
және  2040  «Өзге  ұзақ  мерзімді  қаржылық  активтер»  шоттары 
арналған.
Акциялар  сатып  алуға  қарастырылған  нақты  шығындардың 
сомасында  бағаланады.  Бұл  шығындардың  негізін  акцияларды 
сатып  алу  бағасы  құрайды.  Ол  номиналды  баға  мен  эмитентке 
төленген сыйақы немесе эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан 
басқа, акциялар сатып алу кезінде қаралатын тауардың ерекшелігіне 
байланысты қосымша шығындар пайда болады. Олардың ішінде — 
инвестициялық  кеңесшінің  қызметі,  қаржылық  брокерге  сыйақы 
және бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салық төлеу.
Бағалы қағаздар сатып алу туралы мәліметтердің жинағын жеке 
операциялық  шотта  жүргізу  тиімді.  Кәсіпорындарда  ол  №  2930 
«Аяқталмаған құрылыс» шоты болуы мүмкін. Нәтижесінде № 1150 
«Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» және 2040 «Өзге ұзақ 
мерзімді қаржылық активтер» шоттарына мәліметтер қалыптасқан 
бастапқы құн бойынша келе бастайды.
Акционерлік кәсіпорындардың акциялары мен басқа бағалы қа-
ғаздарды  сатып  алу  теңгемен,  шетелдік  валютамен  немесе  басқа 
мүлікті  акционерлік  қоғамның  меншігіне  не  пайдалануына  беру 
жолымен төленуі мүмкін.
Инвестордың (ақша салушының) есебіне мынадай жазулар жазы-
лады: 
а) теңгемен немесе валютамен төлеу кезінде:
Дт — № 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» және 
2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер» шоттары;
Кт — № 1040, 1050 «Банктік ағымдағы және валюталық шоттар-
дағы ақшалар» шоттары.
ә) мүлік беру жолымен төлеу кезінде:
1. сатып алынатын акциялардың сатып алу құнының сомасына
Дт — № 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» және 
2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер» шоттары;
Кт —  № 6210 «Активтердің шығуынан түскен кірістер» шоты.
2. акциялардың төлемі есебінен өткізілетін мүліктік объектілердің 
баланстық құнының сомасына


105
Дт  —  №  7410  «Активтердің  шығуынан  алынатын  шығыстар» 
шоты;
Кт  —  №  2410  «Негізгі  құралдар»  (акциялары  сатылып  жатқан 
АҚ-ны құру бойынша ұйымдастыру шығыстарының сомасына).
Акциялардың төлемі біржолғы да, бөлшектеп те жүргізілуі мүм-
кін.  Қандай  жағдайда  болсын  акционерлік  қоғам  тіркеуден  өткен 
соң,  бірінші  30  күн  ішінде  инвестор  сатып  алынған  акциялардың 
50%-дан кем емес мөлшерін төлеуі тиіс.
Акцияларды бөлшектеп төлеу кезінде екі жағдай болуы мүмкін. 
Егер  ақшасы  толық  төленбеген  акциялар  бойынша  кәсіпорын 
дивидендтер алуға құқылы болып және толық жауапты болса, онда 
баланстың активінде сол акциялардың толық құны, ал пассивінде 
кредиторлық  қарыз  ретінде  жабылмаған  сома  бейнеленеді.  Бұл 
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше жазылады:        
Дт  —  №  1150  «Өзге  қысқа  мерзімді  қаржы  инвестициялары» 
шоты. 
№ 1010, 1040 «Касса және банктік ағымдағы шоттағы ақшалар» 
шоттары — нақты аударылған сомаға;
Кт — № 3340-а «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының 
«Сатып алынатын акциялар үшін есеп айырысулар» субшоты.
Басқа жағдайда сатып алуға тиісті акциялардың есебінен төленген 
сомалар  баланстың  активінде  дебиторлармен  есеп  айырысу  бабы 
бойынша көрсетіледі:
Дт — № 3340-а «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының 
«Сатып алынатын акциялар үшін есеп айырысулар» субшоты;
Кт  —  №  1040,  1050  «Банктік  ағымдағы  және  валюталық  шот-
тардағы ақшалар» шоты.
Кассада  сақталатын  барлық  акциялар  тиісті  реестрде  (кітапта) 
тізімделген түрде бейнеленуі тиіс. Реестр екі дана болып жасалады. 
Біреуі — кассир, екіншісі — бухгалтер үшін. Ондағы жазулардың 
әрбір акция бойынша жасалуы міндеттеледі.
Кәсіпорын сатып алған акциялар бойынша алынған дивидендтер 
ол үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады және 
төмендегіше бейнеленеді:
Дт — № 1220-1240 «Еншілес және ұйымдар мен филиалдардың 
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары;
Кт —  № 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер» шоты.
Егер  кәсіпорын  дивидендтерді  акционерлік  қоғамның  өнімі 
(жұмыстары,  қызметтері)  түрінде  алатын  болса,  онда  есептелген 
дивидендтер бойынша қарыз сомаларының жабылуы № 1220-1240 


106
шоттардың кредиті бойынша өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) 
түрін бейнелейтін шоттар корреспонденциясында көрсетіледі.
Ұсталған  салықтың  сомасы  есебінен  кемітіліп  есептелген 
қаржылар инвестордың билігіне көшуі төмендегіше бейнеленеді:
Дт — № 1040 немесе төлемнің заттай түріне сәйкес шоттар;
Кт — № 1220-1240 «Еншілес және ұйымдар мен филиалдардың 
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары.
Кәсіпорынның бұрын сатып алған акцияларының сатылуы (қайта 
сатылуы) төмендегі проводкалармен бейнеленеді: 
а)  сатылатын  акциялар  үшін  алушыдан  нақты  алуға  тиісті  со-
маға
Дт  —  №  1210-2110  «Сатып  алушылар  мен  тапсырысшылардың 
қысқа және ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары;
Кт — № 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер» шоты.
б) сатылатын акциялардың баланстық құнының сомасына
Дт — № 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар» 
шоты;
Кт  —  №  1150  «Өзге  қысқа  мерзімді  қаржы  инвестициялары» 
шоты.
Акцияларды  кепілдікке  беру  кезінде  кәсіпорынның  есебінде           
№ 1150-2040 шоттар бойынша ішкі жазу жазылады: бұл акциялардың 
құны  арнайы  ашылатын  (аналитикалық  есепте)  «Кепілдікке  бері-
летін акциялар» субшотында белгіленеді. Бұл субшоттағы ақпарат 
кепіл ұстаушылар бойынша қосымша топтастырылады. Акцияның 
кепілдігімен  қамтамасыз  етілген  міндеттемелердің  орындалуы 
кәсіпорынның есебінде кері жазуға себепкер болады.

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет