Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет102/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қаржылық салымдар деген не?
2.  Ұзақ  мерзімді  қаржылық  салымдар  қысқа  мерзімділерден 
несімен ерекшеленеді?
3. Акциялар облигациялардан несімен ерекшеленеді?
4. Жинақ сертификаты деген не?
5.  Акциялар  немесе  облигациялардың  қайсысын  сатып  алу 
тиімдірек болады?
6.  Бағалы  қағаздың  сертификаты  деген  не  және  ол  не  үшін 
керек?
7. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салық салына 
ма?
52. Акционерлік қоғамның меншікті  акцияларының 
қозғалысы бойынша операциялардың есебі
Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам 
сол капиталдың мөлшеріне сәйкес, акциялар шығарып және оларды 
акционерлер  арасында  орналастырады.  Қоғам  акционерлерден 
акцияларды  сатып  алу,  қорлар  нарығында  сату,  жою  және  т.б.  қи-
мылдар  жасауы  мүмкін.  Бұл  операциялардың  есебі  үшін  №  1110-


101
2010  «Ұсынылған  қарыздар»  шоттары  пайдаланылады.  Олардың 
кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден өтеп алынған 
кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары              № 
5210  «Сатып  алынған  жеке  меншік  үлестік  аспаптар»  шотында 
бейнеленеді.
Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционер-
лік  қоғам  өтеп  алынған  кәсіпорынның  кіріс  болған  меншікті 
акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:
Дт  —  5210  «Сатып  алынған  жекеменшік  үлестік  аспаптар» 
шоты;
Кт — 1010, 1040 «Касса және есеп айырысу шотындағы ақшалар» 
шоттары.
Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номи-
налды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және 
кассадағы  ақша  қаражаттарының  есебі  үшін  қолданатын  тәртіпте 
сақталады.
Меншікті  акцияларды  акционерлік  қоғам  сату  кезінде  екінші  
тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар 
жасалады: 
Дт — 1010, 1040 «Касса және есеп айырысу шотындағы ақшалар» 
шоттары;
Кт  —  5210  «Сатып  алынған  жекеменшік  үлестік  аспаптар» 
шоты.
Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды құнынан 
артық  баға  бойынша  сатылса,  онда  бағалы  қағаздың  сату  мен 
номиналды құнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына 
мынадай жазу жазылады:
Дт  —  3030  «Қатысушылардың  дивидендтері  және  кірістері 
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты;
Кт — 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» шоты.
Меншікті  акцияларды  жою  кезінде  оларды  акционерлерден 
өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін 
мынадай проводка жасалады:
Дт — 5010 «Жарияланған капитал» шоты;
Кт — 5210 «Сатып алынған жекеменшік үлестік аспаптар» шоты.
Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен 
тәуелсіз  есеп  ведомостарында  түрлері,  өтеп  алу  мерзімдері,  құны 
бойынша жүргізіледі.


102

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет