Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет101/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шарт  қатысушыларымен 
біріккен мүлікті кім билейді?
2.  Бірлескен  қызмет  келісім  шарт  қатысушыларының  мүліктік 
жарналарын  баланстық  бағалау  шоттарында  жазудың  тәртібі  қан-
дай?
3. Бірлескен қызмет нәтижелерінің есебі қалай жүргізіледі?
4.  Бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шарттың  мерзімі  аяқталуы 
бойынша қандай бухгалтерлік проводкалар жазылады?


99
V бөлімше. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЕСЕБІ 
51. Қаржылық салымдардың түрлері
 
Қаржылық  салымдар,  бұл  —  кәсіпорынның  бағалы  қағаздарды 
салып  алу,  еншілес  және  басқа  кәсіпорындарға  қаржылар  салу, 
сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде 
басқа  кәсіпорындар  мен  ұйымдарға  ұзақ  мерзімді  қарыз  беруге 
арналған қаржылық салымдары.
Есепте қаржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді 
болып бөлінеді.
Бір  жылдан  кем  мерзімде  сақталатын  (ұсталатын)  акциялар, 
облигациялар  мен  басқа  бағалы  қағаздарға  қаржылық  салымдар, 
сонымен  қатар  бір  жылдан  кем  мерзімге  берілген  қарыздар  қысқа 
мерзімді болып саналады.
Бір  жылдан  артық  мерзімге  табыстар  алу  үшін  оларды  сақтау 
(ұстау) ниетімен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, 
еншілес  кәспорындардың  жарғылық  немесе  пайлық  қорларына 
салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар 
ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.
Қаржылық  салымдар  құрамында  ақша  құжаттары  болып 
есептелетін  бағалы  қағаздар,  акциялар,  облигациялар,  жинақ 
сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.
Акциялар  кәсіпорынның  иесіне  даму  мақсаттарына  қаржы 
салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың 
бір бөлігін алуға құқық береді.
Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.
Облигациялар  да  олардың  иесіне  қаржы  салғандығын  куәлан-
дырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. 
Егер  кәсіпорынның  қаржылық  мүмкіндіктері  акциялар  бойынша 
дивидендтер  және  облигациялар  бойынша  сыйақыларды  бір  мез-
гілде  төлеуге  мүмкіндік  бере  алмаса,  табыс  алуға  облигация 
иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында 
облигациялар  бойынша  сыйақылар  резервтік  қордың  есебінен 
төленеді,  ал  акциялар  (пұрсатты)  бойынша,  сол  мақсат  үшін 
құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.
Жинақ сертификаттары, бұл — банктердің салымшыларға бел-
гілі  мерзімге  ақша  қаражаттары  (депонирлеу)  салынғаны  туралы 
берілетін  куәліктері.  Осы  мерзім  біткеннен  кейін  ақша  салушы 


100
өзінің  салымын  (депозитін)  және  ол  бойынша  сыйақысын  қоса 
алады.  Әдеттегі  жинақ  шоттарынан  мұның  айырмашылығы, 
клиентке кітапша емес, банктің қарыз қолхатының рөлін атқаратын 
сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп 
қойылған  мерзімге  жетпей  алуға  болады,  бірақ  бұл  жағдайда 
айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгісінде болған 
және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы  уақытта  бағалы  қағаздардың  айналымы  айтарлықтай 
көбеюіне  байланысты  олардың  көбісі  есеп  кітабында  жазу  түрін-
де,  сондай-ақ  ақпараттың  әртүрлі  сақтаушыларында  (оның  ішін-
де  дискеталарда)  жасала  бастады,  яғни  табиғи  көрнекті  емес  (қа-
ғазсыз)  үлгіге  көшті.  Сондықтан,  бағалы  қағаздар  нарығында 
бағалы  қағаздармен  қатар,  олардың  орнын  алмастырушылар  да 
шығарылады,  айналымда  болады,  жойылады.  Бағалы  қағаздың 
иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат — 
бағалы қағаздың сертификаты беріледі.
 

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет