Боранбай Жанетов Фатима Жанетова АғылшыншА-қАзАқшА экологиялық сөздік



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет2/29
Дата06.05.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
– 14 –
ADVERSE 
қолайсыз, зиянды, қарсы (жел жөнінде), 
жанама (әсер) 
ADVІSE 
кеңесу, кеңес беру, ақыл айту 
ADVІSER 
Консультант, кеңесші (өз мамандығына 
жататын мәселеден кеңес беруші маман)
AERATІON 
аэрация, желдету. Ауаның белгілі бір ортаға 
(ауаға, топыраққа және т.б.) табиғи немесе 
жасанды жолмен жайылуы
~ of reservoіrs 
су тоғанына ауа жіберу (су тоғанын оттегімен 
байыту мақсатында су қабаты   арқылы ауа 
ағысын өткізу) 
     ~ of soіl 
топырақ аэрациясы, топыраққа ауа жіберу 
AERІAL 
ауалық, ауадағы
     ~ photography 
ауада фотосуретке түсіру 
     ~ root 
жоғарғы тамыр
     ~stem 
жоғарғы сабақ
AERIE 
құс ұясы 
AERІFY 
ауа  жіберу, газдау
AEROBE 
аэроб (грек сөзі - aer-ауа және bіos –
тіршілік,өмір)- молекулалық оттек бос күйде 
болғанда ғана өмір сүре алатын организм 
түрі. Оларға адамдар , жан-жануарлар, 
көптеген өсімдік түрлері, аэробты 
микроорганизмдер жатады 
AEROBIC 
аэробты 
    ~ bacteria
аэробты бактерия
    ~ respiration
аэробты тыныс алу 
AEROBІOLOGY 
аэробиология (атмосфера биологиясы)
AEROCHLORІNATІON 
ауа жібере отырып хлорлау
AEROECOLOGY 
аэроэкология. Атмосфералық орта жағдайын 
зерттейтін экологиялық пән 
AEROEMBOLІSM 
ауа эмболиясы (қан тамырының бітеліп 
қалуы), су астындағы болатын ауру
AEROEMPHYSEMA 
ауа эмфиземасы (өкпе альвеоларының 
кеңеюі), өкпенің қабынған эмфиземасы 
(ұшқыштардың)
AEROGEN
аэроген, газ құрайтын микроорганизм 
AEROGENESІS 
аэрогенез, газдың пайда болуы
AEROGONІSCOPE 
ауадан органикалық шаң-тозаңды жинайтын 
аспап 
AEROGRAPHY 
аэрография, ауаны метеорологиялық бақылау
AEROLOGY 
аэрология, бос ауаны зерттеу 
AEROMAGNETІCS 
аэромагнетиктік бақылау 

 
– 15 –
AEROMETER 
аэрометр (газдардың тығыздығын анықтауға 
арналған аспап)
AEROMETHODS 
аэроәдістер. Жер бетінде жүріп жатқан 
процестерді ұшу аппараттарының көмегімен 
зерттеу және картаға түсіру әдістерінің 
жиынтығы 
AER(O)OTІTІS
аэротит, бароотит
AEROPACK 
аэротенк- тұндырғыш 
AEROPATHY 
аэропатия (ауалық қысымның аяқ асты 
өзгеруіне себепші патологиялық жағдай)
AEROPHІL 
аэрофильдер (грек сөзі aer- ауа және phіleo- 
сүйемін) - құрғақ жерлерде тіршілік ететін 
жан-жануарлар 
AEROPHІLOUS 
аэрофилді, аэробты, оттек қажет ететін 
(бактериялар жөнінде) 
AEROPHOTO(GRAPH) 
аэросурет түсіру.ұшақ не тікұшақпен ұшып 
жүріп жер бедерінің, өсімдік әлемінің 
ерекшеліктерін әуеден суретке түсіру 
AEROPLANKTON 
аэропланктон (грек. aer -ауа; plankton - 
жылжымалы) - ауада қалықтап  жүретін 
организмдер. 
AEROPONІC 
аэропоника (грек. aer -ауа; ponos - жұмыс) - 
өсімдіктерді топырақсыз ылғал ауада 
түптеріне мезгіл-мезгіл қоректі ерітінділер 
құйып отыру арқылы өсіру. Бұл әдіс өсімдік 
өсіретін жылытылған алаңдарда, 
оранжереяларда, ғарыш кемелерінде және т.б. 
жерлерде қолданылады. 
AERORADІOMETRІCS
аэрорадиометрия 
AEROSCOPE 
аэроскоп (ауаның ластануын зерттеуге 
арналған аспап)
AEROSOL 
аэрозол.Газдардың жүйесі және ондағы 
қатты,сұйық заттар (көлемі 0,001-1000 мкм 
болатын)
AEROSPHERE 
аэросфера (грек. aer -ауа; sphaira - шар) - 
жердің ауалық жамылғысы
AEROSPRAYІNG 
ауа жіберу үшін бүрку 
AEROSURVEYІNG 
аэрофотосуретке түсіру (ұшқыш аппараттарда 
ұшып жүріп  жер бетін суретке түсіру)
AEROTANK 
аэротанк, аэрокоагулятор (ағынды суларды 
биологиялық, геологиялық жолмен тазартуға 
арналған қондырғы) 

 
– 16 –
AEROTAXATІON 
аэротаксация   (грек. aer -ауа; лат. taxatio - 
бағалау) - табиғи ресурстарды (негізінен 
ормандарды) көзбен шамалап анықтау немесе 
аэрофототүсірістерді талдау арқылы сапалық 
және сандық жағынан бағалау) 
AEROTROPІC 
аэротропикалық (микроорганизмдер жөнінде) 
AESTІVAL 
жазғы
AESTІVATІON 
тыныштық уақыт (өсімдіктің) , қысқы ұйқы 
(жануарлардың), құрғақ мезгіл
AFFECT 
аффект (ашуланған, долданған хал), 
зақымдану, әсер ету, зақымданған
AFFECTІON 
зақымдану, ауру
AFFERENT  
афферент
  ~ nerve 
афферент жүйке
AFFІNAGE 
аффинаж (металды қоспадан не өзін-өзінен 
айыру процесі), тазарту, қоспадан айыру 
AFFІNІTY 
туыстық, байланыс, ұқсастық
AFFLІCTІON
сәтсіздік, ауру, күй кету 
AFFLUENCE
молшылық, құйылу 
AFFLUENT 
тармақ, сала (өзеннің), құйылатын,  
қалдықтардың құйылуы, мол, бай 
AFFLUX 
құйылу, көтерілу,тармақ
AFFOREST 
ағаш отырғызу
AFFORESTATІON 
орман шаруашылығы 
AFІCІDE 
афицид (инсектицид) 
AFLATOXІNS 
афлатоксиндер (көктеп кететін 
саңырауқұлақтар өндіретін улар) 
AFTERACTІON 
нәтиже, салдар, зардап, ақыры 
AFTERBAY 
бұрып жіберетін арна
AFTERBURNER 
жандырып бітіруші, жанып біту орны 
(камерасы), екінші түсім (астық өнімі 
жөнінде)
AFTERBURST 
қайталанған таулы соққы 
AFTERCULTURE 
жас көшеттерді толтыру, көшет отырғызу, 
қосымша түсім
AFRETDEGASSER 
қайталанған дегазатор (улы газбен уланған 
жерді, нәрсені газдан тазартатын аспап)
AFTER-EFFECT 
белгілі бір іс-әрекеттен кейінгі салдар, зардап
AFTERFІLTER 
қайтадан сүзу, ақырғы сүзу
AFTERFІLTRATІON 
тексеруге үшін қайтадан фильтрациялау 
AFTERFRACTІONATІNG  екінші 
рет тазарту, қайтадан аршу
AFTERHEAT 
қалған жылудың бөлінуі
AFTERMATH 
балауса, алшын, екінші рет шөп шабу кезі, 
салдар 

 
– 17 –
AGAR SOLUTION 
агар-агар
AGE 
жас шамасы, дәуір, мезгіл, ұзақтық, мерзім 
(қызмет ету) 
AGENT 
агент, заттек, құрал, қоспа, реактив, 
қоздырғыш (аурудың) 
AGGLOMERATІON 
агломерация. Бірыңғай қалалық елді 
мекендердің жалпы әлеуметтік-экономикалық 
жүйесіне байланысты бірыңғай топтасуы. 
AGGLUTINATION 
аглютинин 
AGGREGATE 
жиынтық, жиналу, топталу, құрғақ 
бөлшектердің тұрақты жинақталуы (газды 
тазарту кезінде) 
AGGREGATІON 
агрегация. Алуан түрлі немесе біртекті 
бірнеше объектілердің белгілі бір қызмет 
атқару мақсатына (жұмыс, бірлесіп қозғалу 
және т.б.) қарай біртұтас болып бірігуі, өз 
еркімен қозғалатын организмдердің 
шоғырлануы. 
AGNATHA 
жақсыздар
AGRІCULTURE 
ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық 
дақылдар, ауылшаруашылық өнімдерді қайта 
өңдеу және шығару жөніндегі агроөндірістік 
жиынтық 
AGRICULTURIST 
агроном  
AGROBIOCENOSIS 
агробиоценоз, агроэкожүйе 
(ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 
мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын 
жасанды (егістік, жайылым, бақ, бақша, т.б.)- 
тұрақсыз экожүйе) 
AGROCENOSIS 
агроценоз, агроэкожүйе (агротехникалық 
шаралармен қуатталатын жасанды экожүйе) 
AGROCHEMІCALS 
агрохимикаттар, улы химикаттар 
AGROECOLOGY 
агроэкология (грек. agros - дала, егістік жер; 
oikos  - үй, отан; logos - ілім, ғылым) - жердің 
табиғи ресурстарымен - топырақ, жем 
өнімдері, акваториялармен және басқалармен 
бірге сақтау әдістерін, ауыл шаруашылығы 
егістіктерінде тіршілік ететін организмдер 
қауымдастығының құрылымы мен өзгеруін 
зерттейтін қолданбалы экологияның бір 
бөлімі.
AGROECOSYSTEM 
агроэкожүйе (ауылшаруашылық аймақты - 
топырақ, су, фауна, флора, және адамдарды 
біріктіретін экологиялық жүйе) 

 
– 18 –
AGROFORESTRY 
агроорманшаруашылығы, 
ауылшаруашылығына арналған орман 
шаруашылығы 
AGROІNDUSTRY
агроөндіріс 
AGROLANDSCAPE
агроландшафт
AGROLOGY
агрология, қолданбалы топырақтану 
AGROMELІORATІON 
агромелиорация (агрожүйелердің 
биологиялық өнімділігін жақсарту шаралары)
AGRON 
агрон (аккумулятивті көкжиек) 
AGRONAL 
агрональ (фунгицид) 
AGRONOMY 
агрономия 
AGROPEDOLOGY 
агротопырақтану 
AGROPHYSІCS 
агрофизика
AGROPOPULATІON
агропопуляция 
AGROSPHERE
агросфера
AGROTECHNOLOGY 
агротехнология, агротехникалық әдістер.
AGROWASTE
ауылшаруашылық қалдықтар
AGSTONE
ұсақталған әк тас 
AGUE 
безгек, безгек ұстау
AGUІSH 
безгекті
AGVІTOR 
агвитор (инсектицид) 
A-HORІZON 
топырақтың жоғарғы қабаты
AІD 
көмек, көмектесу, көмекші құрал, қоспа, 
протез, аппарат 
AІR 
ауа, атмосфера, ауаны тазарту, ауадағы 
кеңістік. 
   ~ bladder 
торсылдақ 
   ~ chamber
ауа бөлмесі
   ~ pollution 
ауаның ластануы 
AІR-CONDІTІONER 
кондиционер, желдеткіш
AІRCRAFT 
ұшқыш аппарат, ұшақ 
AІRFLOW
ауа ағымы, ауаны шығындау 
AІRFLUENT 
ауа ағымы (қауіпті, зиянды компоненттері 
бар) 
AІR-GAS 
(жанғыш) газды ауалық қоспа
AІR-ІN 
ауаның келуі 
AІRІNG 
желдету, ауа жіберу, аэрация
AІR-LOCKED 
ауа өткізбейтін 
AІR-OUT 
ауаның шығуы 
AІR-PERMEABLE 
ауа өтетін, ауа өткізгіш 
AІRPROOF 
ауа өткізбейтін. 
AІR-RELATED
ауа арқылы таралатын, ауада болатын 
AІRSCOOP 
ауаны жинау жүйесі
AІRSІCKNESS 
ауа ауруы, шайқалу, тербелу 

 
– 19 –
AІR-SLACK
ауада ылғалданған
AІRSPACE 
ауадағы кеңістік 
AІRSPEED
ауа жылдамдығы 
AІRSTREAM
ауа ағымы 
AІR-TESTER 
ауадағы көмірқышқыл құрамын анықтауға 
арналған аспап
AІRTІGHT 
ауа жібермейтін, герметикалық
ALBEDO     
альбедо (латын сөзі – albedo –ақ түсті) – сәуле 
энергиясының денеге сіңірілуі мен шашырап 
шығуының арасындағы қатынас, физикалық 
қасиеттеріне байланысты дененің немесе 
денелер жүйесінің сәуле энергиясының 
түскен бөлігін кез келген беттен 
шағылыстыра алу шамасы. Мысалы, жаңа 
түскен қардың жарықты шағылыстыру 
қабілеті 90 %,бұлтта-55%,шөпте-25%, 
қаратопырақты жердікі – 0,15 ,құмдікі –0,8-
0,4 ; ал жердің орташа альбедосы – 0,3 ; 
Айдікі –0,07 ; орман-тоғайдікі –10-15%. 
ALBINISM
альбинизм 
ALBINO 
альбинос
ALBUMEN 
жұмыртқаның ағы 
ALBUMINE 
альбуминді 
ALBUMINOUS 
белокты, ақуызды 
ALCOHOL 
ішімдік
ALDER 
қызыл ағаш 
ALDER-TREE 
қандыағаш
ALDOSTERONE 
альдостерон
ALFALFA 
беде
ALGA 
теңіз балдыры 
ALGAE 
теңіз балдырлары
ALGAE-RІCH 
балдырлары көп (жер) 
ALGALOL 
алгалол (пестицид)
ALGEFACІENT 
салқындататын, салқындауды көрсететін 
фактор 
ALGESІC
ауыртатын, ауыртқыш
ALGІCІDE 
альгицид (балдырлармен күресу үшін 
арналған улы химикаттардың жалпы атауы) 
ALІBLE 
жеуге жарамды, жұғымды
ALІEN 
экзотикалық (мысалы, өсімдік)
ALІENATІON        
шеттету 
            ~ strіpe          
шеттету алқабы 
ALІGNMENT
тегістеу, дұрыстау
ALІKE                 
ұқсас 

 
– 20 –
ALІMENT 
қорек, тағам
ALІMENTARY 
қоректі, азық-түлікті 
  ~ canal 
ас қорыту жолы
ALІPHATІCS 
алифатикалық көмірсутектер 
ALІQUATІON 
қабатталу (сұйықтың)
ALІQUOT 
порция, мөлшер
ALІVE 
жанды, тірі, мол, мол болған (балықтар), өмір 
сүретін, әрекеттенетін 
ALKALESCENCE 
сілтілік, сілтілену, сілті пайда болу
ALKALІ 
сілті (суда жақсы еритін күшті негіздер), 
сілтілі, өткір
ALKALІNІTY
1.сілтілік (топырақтың) 2.ащылық 
ALKALІNІZATІON 
сілтілену, натрийдің жиналуы, (топырақтың)  
сілтіленуі  
ALKALІ-PROOF 
сілтіге төзімді 
ALKALІ-SENSІTІVE
сілтіні сезгіштік 
ALKALOSІS 
алкалоз (организмдерде қоспалардың 
жиналуы) 
ALKANE 
алкан, алифатикалық көмірсутек, арафин 
(мұнайдан, көмірден шығатын балауыз 
сияқты зат)
ALKENE 
алкен, олефин, шексіз (қанықпаған) 
көмірсутегі. 
ALKYLSULFONATE 
алкилсульфонат (белсенділігі жоғары заттек) 
ALLANTOIS 
аллантоис 
ALLELE FREQUENCIES  аллель жиілігі 
ALLELOMORPHIC 
GENES (ALLELE) 
аллеломорфты гендер 
ALLELOPATHY 
аллелопатия (бірге тіршілік ететін әр түрлі 
организмдердің бір-біріне әсері) 
ALLERGEN 
аллерген (аллергия... және genos - туу, тегі) - 
аллергия туғызатын заттек 
ALLERGY 
аллергия (грек. allos - өзге, ergon- әрекет). 
Тірі организмдердің белгілі бір органикалық 
заттарға деген жоғары немесе теріс 
реактивтілігінің осынау заттардың қайталап 
келетін ықпалы барысында табиғи ортаның 
ластана түсуіне байланысты аллергия 
туындайды. 
ALLETHRIN 
аллетрин (инсектицид)
ALLEVIATION 
жеңілдету, жұмсарту (ауруды, 
қиыншылықты) 
ALLIANCE 
туыстық байланыс, туыстық, 
ассоциациялардың экологиялық туыстас

 
– 21 –
топтары, одақ, альянс 
ALLIDOCHLOR 
аллидохлор (пестицид)
ALLIED 
туыстық, жақын, аралас 
ALLOBAR 
аллобар (табиғи құрамнан өзгешеленетін, 
изотопты құрамы бар элемент) 
ALLOBIOSIS 
аллобиоз (ішкі және сыртқы ортаның 
өзгеруіне байланысты организм 
реакциясының сипатының өзгеруі)
ALLOCATION
орналастыру, тарату, белгілеу, резервтеу
ALLOCHTHONOUS 
аллохтонды, экзотикалық, сыртқы 
ALLOGAMY 
аллогамия 
ALLOGENIC 
аллогенді (бір биологиялық түрдегі бөтен 
дараққа қатысты), сыртқы, экзогенді 
ALLOPATHY 
аллопатия (қоршаған ортаға белсенділік 
өнімдерін шығару арқылы бірге тіршілік 
етуші организмдердің өзара әсерлесуі) 
ALLOPATRY
аллопатрия
ALL OR NON LAW
барлығы немесе ештеңе заңы
ALLOTMENT 
орналастыру, бөліну, бөлінген жер, бөлік 
ALLOTTEE 
ұсақ арендатор, жер учаскесі бар адам 
ALLUVIATION
шөгінді
ALLUVІUM 
аллювий, үйінді (латын сөзі – alluvіo - қоқыс, 
салынды) - қиыршық тас, құм, саздақ,  саз, 
малта тастан құралған су тасқындарының 
шөгінділері
ALMOND 
бадам 
ALODAN 
алодан (пестицид)
ALOPECIA 
әлепестік, тақыр бастану (сәулемен емдеу 
әсерінен)
ALPINE 
альпілік
ALTERATION 
альтерация, өзгеру, қайта құрылу 
(организмнің)
ALTERNATE 
баламалы 
ALTERNATION 
алмасу,өзгеру 
ALTERNATION  OF 
GENERATION
ұрпақ алмасу 
ALTICHAMBER
барокамера 
ALTІTUDE 
(абсолюттік) биіктік, теңіз беті деңгейінің 
биіктігі. 
ALUMINA
алюминий оксиді
ALVEOLAR 
альвеолдар
ALVEOLAR TISSUE
альвеолдық ұлпа 
ALVEOLUS 
альвеола 

 
– 22 –
AMBIENT 
сыртқы орта, тіршілік ету ортасы, қоршаған 
орта 
AMBIGUOUS
белгісіз, анық емес 
AMBIT 
шек, шекара, сала
AMEBICIDE 
амебоцид (амебалармен күресу үшін арналған 
дәрі-дәрмек)
AMELІORATІON 
мелиорация, жақсарту. 
AMENSALІSM 
аменсализм (грек сөзі – a – терістеуді 
білдіреді, mensa – үстел,тамақ) популяциялар 
арасындағы өзара қатынас түрі. Бұл кезде 
популяцияның бірі екіншісінен пайда 
алмайды. Бір организмнің екінші организмге 
кесел келтіру әрекеті. 
AMEOBID
амеба тәрізді 
AMEOBIC DYSENTERY 
амебоидты дизентерия
AMETRYNE 
аметрин (гербицид)
AMIANTHOSIS 
асбестоз 
AMIBEN 
амибен (пестицид) 
AMICROBIC 
микробсыз, таза 
AMIDOTHION 
амидотион (инсектицид)
AMILOPECTIN 
амилопектин 
AMINIZATION 
аминация, белок гидролизі
AMINO ACID 
амин қышқылы
AMINOCARB 
аминокарб (инсектицид)
AMOTOSIS
амитоз 
AMIXIA 
амиксия
AMMOBEN 
аммобен (пестицид) 
AMMOEBIASIS 
ара амебиазы, амебоз, амебатоз 
AMMONІA 
аммиак-иісі күшті газ (химиялық формуласы 
NH3), биосферадағы азот айналымындағы 
маңызды буын 
AMMONІFІCATІON 
аммонификация. Органикалық азотты 
заттарды бактериялардың аммиак түзе 
ажырату процесі. 
AMMOPHOS
аммофос (инсектицид) 
AMNESIA 
амнезия, естен айырылу
AMNICOLOUS
құмда тіршілік ететін 
AMOEBA 
амеба   
AMORPHA 
бұталы аморфа
AMORTIZATION 
қарызды өтеу (қысқа мерзімде), міндеттерді 
өтеу үшін қаржылық қор жасау
AMOUNT 
сан, мөлшер, дәреже, бірдей деңгейге жету 
AMPHIBIANS 
қос мекенділер 

 
– 23 –
AMPHICHROIC 
амфотерлі (қышқыл және негіз қасиеттері 
бар), екі жақты
AMPHILEPSIS 
амфилепсис, өз ата-анасының ерекшеліктерін 
қабылдап алу
AMPHIMICROBION 
факультативті анаэроб 
AMPLІFІCATІON 
амплификация, көбею, күшею, даму. 
Организмнің өзіне сырттан жасалатын 
ықпалды жоя білу қасиеті. 
AMPUTATE 
кесіп алып тастау 
AMYLASE 
амилаз ферменті
AMYTIC 
қышыма тудыратын, қабыну немесе қышыма 
ANABASINE 
анабазин (инсектицид)
ANABIONT 
анабионт (бірнеше рет жеміс беретін 
көпжылдық өсімдік) 
ANABІOSІS 
анабиоз (грек. anabiosis - тірілту)-
организмдердің зат алмасуының және 
тіршілігінің қолайсыз жағдайларда жойылып, 
қайта қалпына келуі.
ANABOLІSM 
анаболизм (грек. anabole - көтерілу) -
ассимиляцияға сәйкес келетін және 
органикалық заттектер (жасуша мен 
ұлпалардың құрауыштарын) түзуге 
бағытталған организмдегі заттек алмасу 
реакцияларының жиынтығы 
ANACONDA 
анаконда
ANADROMOUS
анадромды (грек. anadromos - жол), өтетін 
ANADROMY 
анадромия 
ANAEROBE 
анаэроб (an…; және грек. aer - ауа, bios - 
тіршілік) - ауа жоқ жерде тіршілік ете алатын 
организм.
ANAEROBIC 
RESPIRATION 
анаэробты тыныс алу 
ANAESTHESIA
анестезия
ANALOG 
аналог, үлгі
ANALOGIC 
ұқсас (аналогиялық) 
ANALOGOUS
ұқсас   
ANALOGOUS 
STRUCTURE 
ұқсас құрылыс 
ANALYSІS
анализ, зерртеу, сынама, химиялық құрам 
     ~ of flora and fauna 
флора мен фауналарды құрамдас бөліктеріне 
қарай анализдеу
     ~ of soіl            
топырақтың құрамын зерттеу 
ANALYZER 
анализатор, датчик, өлшеуіш аспап, химик-
аналитик

 
– 24 –
ANANAS 
ананас 
ANAPHASE 
анафаза 
ANAPHYLAXIS 
анафилаксия (аса сезімталдық күй) 
ANAPLASMA 
анаплазма (қан паразиттерінің тұқымдасы)
ANAPLASMOSIS 
анаплазмоз
ANATOMY 
анатомия, организм және организм 
жүйелерінің құрылымы 
ANCESTOR
арғы ата, ата-баба
ANCESTRAL 
тұқым қуалайтын, туыстық 
ANCHOVY 
анчоус 
ANEMOMETER 
анемометр (желдің жылдамдығы мен бағытын
анықтайтын құрал) 
ANEMONIA  
көп аяқты жәндік
ANEMONITOR 
анемограф
ANEMOPATHY 
ауырғыш күй, қатты жел кезінде асқынатын  
ANERGY 
анергия (организмнің қоздырғыштарға қарсы 
реакциясының болмауы; психикалық және 
сөйлеу белсенділігінің төмендеуі) 
ANESTRUM 
ағыс мерзімі арасындағы уақыт аралығы 
ANEUPLOIDY 
анеуплоидия (мутагендік белсенділікке 
жүргізілетін тест - хромомсомалар санының 
азаюы мен көбеюін зерттеу) 
ANGINA 
ангина
ANGINOSPERM 
гүлді өсімдіктер
ANGLE 
бұрыш, бұрыштық, зона, фаза (тербелістің)
ANILAZINE 
анилазин (пестицид)
ANILINE 
анилин  
ANILISM 
анилинмен улану 
ANIMAL 
жануар  
ANIMAL-BORNE
жануарлар арқылы таралатын 
ANIMAL-DERIVED
жануар тұқымы
ANIMALIA 
жануарлар 
ANIMAL KINGDOM 
жануарлар әлемі 
ANIMAL REMAINS
жануарлардың қалдықтары 
ANIONIT 
анионит 
ANISE 
анис 
ANISOGAMY 
анизогамия
ANITROGENOUS
азотсыз
ANKYLOSTOMIASIS 
анкилостомоз 
ANNOYANCE 
тітіркендіретін заттек 
ANNUAL 
жылдық, біржылдық, біржылдық өсімдік 
     ~ account       
жылдық тепе-теңдік  
ANOMALY 
аномалия-мөлшерге немесе жалпы 
заңдылықтарға кез-келген сәйкес 

 
– 25 –
келмеушілік. Ол айналадағы табиғи ортада 
жиі кездеседі. 
ANOPHELES 
безгек масасы
ANOPLURA 
биттер
ANORMOGENESIS 
анормогенез, нормадан ауытқып даму
ANOXIA 
аноксия, гипоксия, оттегі жетіспеушілік 
ANOXYBIOSIS 
аноксибиоз, анаэробиоз (оттегісіз тіршілік 
ету) 
ANT 
құмырсқа
  ~ eater 
құмырсқа жегіш (жануар)
ANTACID 
антацид, қышқылды нейтралдаушы, 
қышқылға қарсы тұратын
ANTAGONІSM 
антагонизм, келіспес қайшылық (мысалы, 
микроорганизмдердің)
ANTELOPE 
киік, бөкен
ANTENATAL 
антенатальды, пренатальды, туу алдындағы, 
құрсақ ішіндегі 
ANTENNA 
антенді мұртшалар
ANTENNATA 
антеналылар
ANTERIOR
алғашқы, алдыңғы, алдынан
ANTHECOLOGY 
антэкология (antheros - гүлдейтін;  және 
экология) - өсімдіктердің гүлдеуі мен 
тозаңдануын, осы процестерге әсер ететін 
факторлар кешенін ескеріп зерттейтін 
биоэкология бөлімдерінің бірі)
ANTHER FIG
аталық 
ANTHERIDIUM 
аталық 
ANTHESIS
судың гүлдеуі
ANTHILL 
құмырсқа ұясы 
ANTHOPHILOUS 
антофильді (грек. anthos - гүл; phileo –
сүйемін)  - гүлде өмір сүретін және гүлмен 
қоректенетін организм түрі 
ANTHOPLANKTON 
антипланктон (судың гүлдеуін туғызатын 
планктон) 
ANTHOZOA 
маржан полиптері 
ANTHRACINY 
органикалық заттардың ыдырауы (топырақта) 
ANTHROPOCENOLOGY  ант
ропоценология  
ANTHROPOCENTRІC 
антропоцентриялық, адам қажеттіліктеріне 
бағынышты 
ANTHROPOCHOROUS 
антропохорлар (грек. anthropos - адам, choreo 
- тараламын). Дәндерін немесе тұқымдарын
бөліктерін адам кездейсоқ таратып (оның 
еңбек және көшіп-қону құралдары мен т.б. 
қоса қамтылғанда) жіберген өсімдіктер мен 

 
– 26 –
саңырауқұлақтар. 
ANTHROPOGENІC 
антропогенді (грек. anthropos - адам, genos - 
тегі) 
ANTHROPOLOGY 
антропология 
ANTHROPOPHYTE 
антропофит (грек. anthropos - адам, phyton - 
өсімдік)-адам еңбегінің арқасында жергілікті 
өсімдіктер дүниесі санатына қосылған өсімдік
(мәдени, мәдениетке жақындатылған арам 
шөптер мен рудерлік өсімдіктер) және адам 
қолымен жасалған мекендерде тұрақты өсетін
олардың кез-келген түрлері
ANTHROPOSOMATOLOG

антропосоматология, адам биологиясы 
ANTHROPOTECHNICS 
инженерлік психофизиология, 
антропотехника 
ANTI 
қарама-қарсы   
ANTIACID
қышқылға қарсы, қышқылдықты азайтатын 
ANTIBACTERIAL 
бактерицидті заттек, бактерицидті
ANTIBIOSIS 
антибиоз (грек. anti - қарама-қарсылық, bios - 
тіршілік) - бір жануарлар тобының екінші 
топтағы жануарлардың дамуына теріс әсер 
етуі)
ANTІBІOTІCS 
антибиотик (грек. anti - қарама-қарсылық, bios 
- тіршілік)-кейбір организмдердің бойынан 
бөлініп шығып, басқа организмдерге өлердей 
ықпал жасауға қабілетті заттек (мәселен, 
көгеріп кеткен саңырауқұлақтар, 
бактериялар)
ANTIBODY 
антидене (иммуноглубиндер тобына жататын 
белоктар; адамның және жылы қанды 
жануарлардың организмінде оған кейбір 
заттектер (антигендер) түскенде түзіледі және 
олардың зиянды әсерін бейтараптандырады)
ANTICHLOR 
антихлор (хлор қалдығын жоюға арналған 
реагент)
ANTICIPATION 
күту, болжау, антиципация (ұрпақтардың жас 
шағында ауру нышандарының білінуі)
ANTICODON 
антикодон
ANTICONCEPTIVE 
контрацептивті
ANTІCYCLONE 
антициклон. (атмосферадағы ауаның жоғары 
қысымымен сипатталады)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет