Большевиктерге еріксіз қазақ елі тәуелсіздігін мойындатуға елдесі бірден



жүктеу 37.42 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.09.2017
өлшемі37.42 Kb.

207 

қозғалысына  араласқанын  да,  ашық  жазады.  «1917  жылдың  соңынан  

1919  ж  дейін  Алашорда  ұйымында  істедім»  -  деп  жазған  сол 

большевиктерге  еріксіз  қазақ  елі  тәуелсіздігін  мойындатуға  елдесі  бірден-

бір ықпалды ұйым – алашорда күш болды [2,114б.]. 

Торғай  уезі  Тосын  болысының  бесінші  ауылының  қазағы 

А.Байтұрсынов  1886-1891  жылдары  Торғайдың  қазақ-орыс  училищесінде 

оқиды. 1891 жылдан 1895 жылға дейін Орынбор қазақ-орыс училищесінде 

оқыған.Кейін Торғайдың ауыл мектептерінде оқытушы болады.  

1909  жылы  Қарқаралыда  екі  класты  училищесінде  меңгерушісі 

болып жүргенінде Семей губерниялық жандармы «үкіметке қарсы насихат 

жасап жүр» деп А.Байтұрсыновты ұстап, түрмеге жабады. Сәбит Мұқанов 

«XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті»  атты  кітабында  «Шыңғысұлы 

Тәттімбет  дейтін  жандарымда  қызмет  қылатын  адам  «патшаға  қарсы»  деп 

көрсетіп  Ахметті  абақтыға»  жапқызғанын  жазады  [3,137б.].  1909  жылдың 

шілдесінен  1910  жылға  21  ақпанға  дейін  түрмеде  болған  Ахмет  Орынбор 

қаласына  жер  аударылды.  Осы  жылдардан  бастап  А.Байтұрсыновтың 

ғылыми-ағартушылық,  журналистік  қызметі  басталады.  1913  жылы 

«Қазақ» газетін ашып, 1917 жылға дейін сонда редактор болып істейді.  

Қазақ  газетінің  ел  арасында  ағартушылық  ықпалы  үлкен  болады.  

Газетте  Міржақып  Дулатовпен  иықтаса  қызмет  жасаған  А.Байтұрсынов 

үкімет тарапынан қуғын көреді, редакцияны жауып, айып та салып тұрады.  

1917  жылдан  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Алашорда»  ұйымындағы  қызметі 

басталады.  Қазақ  газеті  1917  жылғы  21  қыркүйекте  «Алаш»  партиясының 

бағдарламасын  жариялайды.  Бағдарламаның  бірінші  тармағында  Ресейдің 

демократиялық  федеративті  республика  болуға  тиістігі,  тегі,  діні, 

жынысына қарамай сайлау тең өткізілуі жазылған, депутаттардың тікелей, 

жасырын  дауыспен  сайлануы  айтылады.  Осы  бағдарламада  Қазақ 

автономиясын  дала  облыстарынан  қосылып,  басқа  халықтармен  қатар 

Ресей Федерациясына кіреді делінген. 1917 жылы  5-13  желтоқсанда өткен 

екінші  жалпы  қазақтың  съезінде  Қазақ  автономиясын  жариялау  мәселесі 

сөз  болады.  Съезд  25  мүшеден  тұратын  «Алашорда»  атты  уақытша  халық 

кеңесін құрады.  

А.Байтұрсынов халық кеңесі құрамына ұсынылмайды. Ол оқулықтар 

жазу  жөніндегі  комиссияға  айналады.  «Алаш»  дегеніміз  –  «ұлтшыл, 

қазақтың  басына  қайтадан  хандықты  орнатқысы  келген.  Қазақстанды 

Ресейден  бөліп  әкетуді  мақсат  еткен  партия»  деп  коммунистер  жауып 

тынады.  Ұйымның  дем  берушілерінің  бірі  Ахметке  тура  тиісе  алмайды. 

Елдегі  А.Байтұрсынов  беделінен  де  жасқанса  керек.  Кеңестердің 

Бүкілресейлік  съезінде  ВЦИК  мүшесі  болып  сайланған  А.Байтұрсынов 

Казвоенревком 

төрағасы 

С.Песковскиймен 

бірге 


В.И.Лениннің 

қабылдауында  болып,  ел  тәуелсіздігінің  келелі  мәселелері  бойынша 

кеңеседі.  1920  жылғы  3  маусымда  ВЦИК  Президиумының  Указымен 

бұрынғы  «Алашорда»  мүшелерінің  «контреволюциялық  қызметтеріне» 

кешірім жариялағанымен қылмыс жасуды одан әрі жалғастыра берді деген 

айып тағылып ішінде – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек 



208 

Аймауытов, 

Мырзағазы 

Есполов, 

Халел 

Ғаббасов, 



Дінмұхамед 

Әбілов,Ғазымбек  Бірімжанов,  Ахметсапа  Юсупов  бар  14  адам  ату 

жазасына  кесіледі.  Кейін  1931  жылғы  13  қаңтарда  Ахмет  Байтұрсынов, 

М.Дулатов,  М.Есполов,  Ғ.Бірімжановқа  берілген  ату  жазасы  10  жыл 

концлагерге қамаумен алмастырылады.  

1937  жылы  А.Байтұрсыновтың  алдына  бұрынғы  «кінәлілары» 

қайыра қойылып, жазасын өтеп келген соң қайыра айыпталады. 1937 жылы 

8 желтоқсанда  А.Байтұрсынов  Алматыда атылады.  «Ғасырлар бойы езгіде 

келе жатқан қазақ халқына азаттық әперу жолында» қайран А.Байтұрсынов 

жазықсыз  жапа  шегіп  кете  барды.  Артында  «қазақ  жоғын  жоқтаған»  асыл 

мұралары қалды. «Қазақ халқының Ахаң Кемеңгері болған жан» дейтіндей 

Егемен елі бар. 

Жоғарыда біз Ахаңның қоғам қайраткері ретіндегі асыл бейнесін ашып 

беруге  күш  салдық.  Ахмет  Байтұрсынов  шынында  да  өз  тұсында  туған 

халқының  рухани  көсемі  болған,  өз  сөзімен  айтар  болсақ,  халқына 

«Адамдықтың  тұқымын себуші»,  парасатты  перзенті.  А.Байтұрсынов бір өзі 

бүгінгі  ғылыми  бір  институт  атқаратын  жұмысты,  бір  өзі  болмаса,  ондаған 

автордың  ісін  атқарған  ғалым.  Сол  кездегі  жас  ұрпаққа  ұлттық  жазу  жасап 

берген жаңашыл реформатор қазақ балаларын ана тілінде оқуына күш салған 

қоғам  қайраткері.  Жастарды  ұлт  тілінде  оқытуға  арналған  көптеген 

оқулықтардың  авторы  «Әліп-би»,  Тіл-құралы  сынды  талай  тамаша  ,  оқуға 

жеңіл  оқулықтарды  жазған.  Қазақ  тіл  білімінің  іргетасын  қалаушы-лингвист 

ғалым.  Ана  тілін  оқыту  әдістемесін  жаңа  сипатта  ұсынушы-жаңашыл  ұстаз. 

Қазақстан  ғалым  академиясының  іргетасын  қалаушы,  қазақ  ғылымын 

ұйымдастырушылардың  бірі.  Қазақ  сөзінің  құдіретін  танытқан  сөз  зергері. 

Өзі  «Көсем  сөз»  деп  танытқан  жанрдың  көш  бастаушысы  –  ірі  публицист. 

Халқының ән-күйін жақсы білген – өнер иесі. 

 Ең бастысы қазақ жоғын жоқтаған - А.Байтұрсыновтың ұлттық жазу 

мен  оқу-ағарту  ішіндегі  тарихты  теңдесі  жоқ  қызметі  болар.  1929  жылға 

дейін  республикамыздаараб  таңбаларын  пайдаланған  ұлттық  қазақ  жазуы 

болатын.  Кезінде  бұл  жазуды  тіл  білімі  ғаламдары  «Байтұрсынов  жазуы» 

деп  атаған.  А.Байтұрсыновтың  өзі  болса,  «Қазақ  жазуы»  деп  атаған 

[4,79б.]. Араб алфавиті қазақ  тілінің дыбыстық  жүйесіне сәйкестендіріліп, 

жаңаша түзілген. Қазақ тілінде жоқ таңбалар шығарылып тасталған мүлде 

жаңа  Әліпби  болды.  Таңбалардың  ұлттық  тілдің  дыыбыс  жүйесіне  сай 

келуіне  және  оны  Әліпбимен  жазудың  дұрыс  тәртібін,  емле  ережелерін 

жақсы  түсіндірді.1912  жылдан  бастап  А.Байтұрсынов  «Айқап»  журналы 

мен  Қазақ  газеті  беттерін  де  ұлттық  әліпби  түзудің  жолдарын  ұсынып, 

жөн-жосығын, ұсыныстарының дәлелін жариялап отырады.  

Осы  орайда  А.Байтұрсынов  ғалым  зерттеуші  ретінде  қазақ  тілінің 

дыбыстық жүйесі мен таңбалайтын әріптері жайындағы пікірлерін ұсынды. 

Ең  үлкен  жаңалығы-  өз  Әліпбиіне  «дәйекші»  дегенді  енгізеді.  Сөздің  оң 

жақ  шекесіне  қойылатын  дәйекші  белгісі  сол  сөздің  тұтас  жіңішке 

оқытылатының  белгісі.  Қазақ  тіліндегі  үндестік  заңы  -  сингармонизмге 

икемдеу амалы ашылады. Соған орай А. Байтұрсынов – «Жіңішкелік үшін 


209 

жалғыз  ғана  дәйекші  белгі  алып,  43  түрлі  дыбысты  25  белгімен  дұрыстап 

жазуға  болады»-дейді.  А.Байтұрсынов  түзген  араб  таңбаларында  әріптер 

саны  аз.  Соған  қарамай  олар  қазақ  тілінің  барлық  дыбысын  таңбалай 

алады.  А.Байтұрсынов  түзген  әліпбиді  көпшілік  бірдей  қабылдайды.  

1915 жылдың өзінде бұл жазумен баспадан 15 кітап шығады. 1913 жылдан 

бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде осы әліпбилер 

қолданыла  бастады.  А.Байтұрсынов  1919  ж  жазу  таңбаларын  түсіндіретін 

«Баяншы» атты оқу құралдарын шығарады. Кейін «Әліпби астары» жарық 

көреді.  1914-15  жылдардан  бастап  «Оқу  құралы»,  «Тіл  құрал» 

оқулықтарын  ұсынады.  Араб  таңбалары  негізінде  түзіліп,  қазақ  тіліне 

лайықталған  «Байтұрсынов  жазуы»  1924  жылы  Орынборда  өткен  қазақ 

білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланып, ресми түрде қабылданады. 

Ресейде  1929  жылы  жаппай  латынға  көшкенде  жиын-жиналыстарды 

А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов  араб  таңбалы  қазақтың  ұлттық  жазуын  

сақтап  қалуға  күш  салады.  Бірақ,  кеңестік  саясат  дегенін  істетін  кезеңде 

оған қарсы тұрар қайран жоқты. 

Сөйтіп 


А.Байтұрсынов 

түзген 


«Қазақ 

жазуы» 


Қазақстанда  

17-18  жылдай  жақсы  қолданылып,  енді  тұрақтай  бергенде  жабылып 

тынды.  Жоқ,  мүлде  құрып  кеткен  жоқ.  Қытай  мен  Иран,  Ауғанстан 

қазақтары  әлі  де  «Байтұрсынов  жазуын»  пайдаланады.  Шыңжандағы 

туысқандар  осы  жазуды  еркін  пайдаланып  келеді.  А.Байтұрсыновтың  тер 

төккен  еңбегі  –  «Қазақ  жазуы»  ұлттық  жазуымыз.  Қазақтың  өткендегі 

жазба  дүниелері  осы  әріппен  басылған.  Көптеген  кітап  пен  журнал, 

газеттерде  осы  әріппен  басылып  тұрды.  Сондықтан  да,  көне  мұралардың 

белгісі,  оқығысы  келгендердің  бұл  әліпбиді  оқыса  қазірде  артықшылығы 

жоқ.  Мешіттер  жанындағы  мектептерде  қазірде  осы  Байтұрсынов  жазуы 

оқытылады. Осы әріппен «Шалқар» газеті шығады. 

Қалайда,  Байтұрсынов  жазуы  атты  мәдени  дүниеміз  ұлтымыздың 

өшпес  дүниесі  екенін  әр  кез  есте  ұстанған  абзал.  Есте  ұстанып,  қана 

қоймай өмірде пайдалансақ артық емес. 

Жазықсыз  жапа  шеккен  Ахмет  Байтұрсынов  еңбегін  ардақтау  оның 

артында қалдырған мол мұрасына жасалған құрметтен көрінбек. 

Қазақтың  жоғын  жоқтаған  кемеңгер  ғалым,  асыл  азаматтың  тапқан 

жоғын тамаша пайдалана білу де бізге мұрат болып табылады.        

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: Жазушы,1989. 

2. Байтұрсынов А. Ақжол. - Алматы: Жалын, 1991. 

3. Бес арыс. Естеліктер. Эсселер және зерттеу. Мақалалар. - Алматы: Ана тілі, 



1991 7 

4. Қазақ ССР энциклопедиясы. - Алматы: Жалын, 4- том, 1989. 



 

 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері

жүктеу 37.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет