Болатын. Бұл жолы да қоржынға бір қоланы күмп еткіздік



жүктеу 0.78 Mb.

бет6/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ақтөбе облысы

Көлігіммен келе жатыр едім

оңға бұрылар сәтте жаяулар өтетін 

жолақтың арғы басында бір қыз 

асықпай, жолға түсе бастады. Мен 

бергі шеттемін, менің қозғалысым 

ешкімге қауіп төндірмейтін болды. 

Жолақпен кесіп өткелі жатқан 

қызды күтетін болсам, менің 

артымнан келе жатқан машиналар 

да күтіп қалып, дабыл қағар еді. Сол 

себепті жаяуды күтпей өтіп кеткен 

едім, жол полицейлері менің 

жүргізуші куәлігімді алып қойды. 

Олардың әрекеті заңды ма?

Анарбек, Алматы қаласы

ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы 

комитеті мамандарының түсіндіруінше, ҚР Жол 

қозғалысы ережелерінің 13.1 тармағына сәйкес, 

жүргізуші оңға немесе солға бұрыларда жолды 

белгіленген жерден кесіп өтпек болған жаяу-

ларды күтіп, өткізіп жіберуге міндетті. Ереже 

бойынша, жол беру деген – егер жол қозғалысы 

қатысушысының өзге қатысушылардан артық-

шылығы болған жағдайда және ол өзгелерді 

қандай да бір мәжбүрлікке итермелейтін бол-

ған да, жол қатысушысының жүруді бастамауы, 

жалғастырмауы, қандай да бір қимыл-әрекет 

жасамауы және қозғалыс бағыты мен жылдам-

дығын өзгертпеуі. Сол себепті жол полицей лері-

нің Сізге қатысты қолданған шарасы – заңды.



Басы 1-бетте

Таяуда ғылыми еңбектерден біршама 

дерекке кезіктім. Ол туралы мүлдем ай-

тыл  майтындықтан,  қарапайым адамдар 

біле бермеуі мүмкін», – деді ол кісі. 

Осылай жүргенде қолымызға «Қазақ 

тілінің түсіндірме сөздігінің» төртінші томы 

түсті. Аталмыш еңбектің 467-бетінде 

құмайға байланысты «құмай – тазының ең 

жүйрік, алғыр түрі» деген анықтама беріл-

ген. Кітапта өзге дерек жоқ. Ал құмай құс 

туралы ештеңе де айтылмайды. «Құмай» 

сөзі тек тазыға байланысты ғана берілген 

екен. Осыған қарай отырып, біздің құмай 

құс туралы білетініміз аз екенін бағамдау 

қиын емес. 

Жаһандық желіні шарлай отырып, 

атал ған тақырыпқа байланысты біраз де-

рекке жолықтық. Құмай елдің көзіне түсе 

бермейтін қанаттының бірі екен. Негізінен 

таулы жерлерді мекен етеді. Оның өзінде 

де адам аяғы жете бермейтін биік мекенді 

дай-ақ Шелек өзенінің жоғары сағасынан 

да адамдар байқаған екен. Ол маңда бес 

ұя бар екені көзге түскен. Одан бері құмай 

құстар құрып кетпеді ме екен? Қаншама 

жыл өтті. Одан бері талай нәрсе өзгерді 

емес пе?! Жоқ, құмай құс әлі бар екен. 2003 

жылы олардың тағы бір шоғыры байқал-

ған. Одан беріде де көзге ұшырасқан. Құ-

май құстың балапаны да көп болмайтын 

көрінеді. Бір-екі балапаннан артық бас-

пай ды  екен.

Құмай құс пен құмай тазының арасын-

да байланыс бар ма? Кезінде аңшылар 

тазының ерекше бір түріне соның атауын 

берген шығар. Саятшылық жасаған ата-

бабалар аталмыш құстың ұясынан тазының 

күшігін алды ма екен? Бұл жайында әзірге 

бізге белгісіз болып отыр. Аңыз түрінде 

айтылатын әңгімелерде құмай құстың 

ескерусіз қалатыны неліктен? Бұл тұрғыда 

О.Қосанов ағамыз: «Аталмыш құс Қазақ-

с тан ның барлық аймағында кездесе бер-

қоныс етеді. Осының нәтижесінде оны қа-

рапайым қазақ баласы біле бермеуі мүм-

кін. Құмай құсты Тибет, Гималай, Па мир, 

Тянь-Шань тауларында көргенін шетелдік 

ғалымдар өз еңбектерінде сөз етіпті. Ол 

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік 

тау жоталарында кездеседі делінген тағы 

бір мәліметте. Таудағы орманды алқаптан 

жоғары аймақта тіршілік етеді деседі. 

Қолдағы тағы бір мәліметке сүйенсек, 

олардың саны бұрынғы кезеңде біршама 

көп болған екен. Қазіргі күні мүлдем аза-

йып қалған. Құмай құстар не себепті кеміп 

кеткен? Олар жайында өзіміз енді-енді 

біліп жатырмыз. Сол себепті бұл тұрғыда 

нақты жауап табу оңайға соқпайды. 

Осыдан 20 жылдай бұрын, дәлірек 

айт қанда, 1989 жылы құмайдың белгілі 

бір шоғыры Іле Алатауының заңғар шың-

дарынан байқалған. Теңіз деңгейінен 3 мың 

метр жоғары орын тепкен, биіктігі 500 метр 

жартастың қуысында құмай құс көзге 

ұшырасқан. Тағы бір құмайдың тобы Ша-

рын өзенінің орта сағасындағы Жалаңаш 

аңғарында байқалған. Оның өзі теңіз дең-

гейінен 1700 метр биіктікте жатыр. Сон-

мейді. Ерте замандарда оның ұлан-байтақ 

жеріміздің таулы өлкелерінің биік жерле-

рін де мекен етуі ғажап емес. Бертін келе 

олардың Алатау аймағынан басқа жерлер-

де мүлдем құрып кетуі әбден мүмкін ғой. 

«Құмай» деген атаудың елдің жадында 

жатталып қалуы сол себепті де болуы 

мүмкін», – деген пікірді көлденең тартады. 

Бұл уәж де құлақ асуға тұрарлық. 

Біздің халықтың талай құпиясы ашыл-

май жатыр. Оны өзіміз де мойындаймыз. 

Әсіресе елдің аузында айтылатын әпсана 

мен аңыздар тұрғысында толыққанды зер-

делі зерттеу жасай алмай келеміз. Солар-

дың бірі – құмай тазы жайындағы аңыз. 

Оның шындығын ешкім де білмейді қазір. 

Тіпті оның қандай құстан туылатыны жө-

нін дегі жорамал да бір арнаға тоғыспай 

тұр. Қазіргі ұрпаққа ол аңыздар жөнінде 

майын тамыза әңгімелеп беретін шежіре 

қарттардың қатары да кеміп барады. Бүгін-

гі буын өзіміздің аңыз бен әпсанадан гөрі, 

шетелдің қиял-ғажайып оқиғасын жақсы 

біледі емес пе?!

Құмай құс қайда жүр екен?..    

Қызылорда облысы  

Курчатов қаласында өтіп жатқан «Ядролық сынақ және оның зардап-

тарының мониторингі» атты VII халықаралық конференция аясында 

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Тимур 

Жантикинге АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс арнайы 

автокөлік табыс етті.

Ұлттық ядролық орталықта жаңа көлік-

тің сапасын, қызметін тереңінен айтып көр-

сеткен қонақтар алдағы уақытта бейбіт 

атом ды насихаттауда Қазақстанмен бірле-

сіп жұмыс атқара беретіндіктеріне сенім 

білдірді. 

Бұдан кейін жаңа көлікті орталықтың 

мәжіліс залында ресми түрде құжаттары-

мен қабылдап алып, екі ел өкілдері қол 

қойды. Алдағы уақытта АҚШ, Нидерланды, 

Қазақстан елдері осындай радиологиялық 

қауіпсіз тасымалдау көлігін әзірлемек. 

АҚШ-тың Ядролық қауіпсіздік бойынша 

ұлт тық әкімшілігі Қазақстан және Нидер-

ланды үкіметтерімен бірге дүниежүзіндегі 

ядролық және радиациялық терроризмге 

қарсы күреске кеңірек көмектесу үшін 

радиологиялық қауіпсіз тасымалдау ав-

токөліктерін іске қосуды бірлесіп жүзеге 

атқаруда. Бүгінде осындай автокөліктің 

алғашқысы ҚР Ұлттық ядролық орталы-

ғының Атом энергетика институтына та-

быс талып отыр. Елші Кеннет Фейрфакс 

Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықта 

«Ядролық сынақ және оның зардаптары-

ның мониторингі» атты VII халықаралық 

конференцияда айтылып жатқан мәселе-

лер ге қосылатындығын білдіре келе, ал-

дағы уақытта үш елдің арасындағы бейбіт 

келісімді сақтап қалуды басты назарға алу 

қажеттігін айтты. Ядролық қауіпсіздік 

бойынша АҚШ-тың ұлттық әкімшілігінің 

өкілі Энн Харингтонның пікірінше, осындай 

автомобильдерді тарту ету арқылы Қазақ-

с тандағы радиоактивті материалдардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік 

туып отыр. Қауіпсіз тасымалдау көлігін 

сатып алуға Нидерланды корольдігінің 

жарнасы көмек болған. ҚР Индустрия және 

жаңа технологиялар министрлігінің ұсы-

нысымен мұндай көліктерді жүргізушілер 

үшін арнайы курстар ұйымдастырылмақ. 

Көліктің қызметі – радиоактивті қалдық-

тарды қауіпті жерлерден алып шығып, 

тиісті орындарға тасымалдау. Бұл аталған 

үш елдің радиациялық қауіпсіздігін қамта-

масыз етудің кешенді жобасы болып табы-

лады.

Азамат ҚАСЫМ,

Өскемен

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



№141 (823) 

11.08.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Көпен ӘМІРБЕК, «Шалқар» радиосының бас редакторы, 



сатирик, жазушы, ҚР Президенті сыйлығының иегері:

Қазақ сатирасын 

ғаламторға енгізуді 

қолға алғым келеді

– Көпен аға, сіздің бойы-

ңызда сатирикке тән қасиет 

басым ба, әлде жазушылық 

па? Бәлкім, кейінгі кездері әзіл 

айтатындар дың  қатарынан 

көрінбей жүруі ңіздің себебі – 

осы жазушылықпен бай ла-

ныс ты  шығар?

– Менің сырт тұлғама қарап, жұрт 

өте қатал, бет қаратпайтын мінезді 

адам деп топшылайды. «Аяғымызды 

аңдап баспа сақ, бірталай сөз естіп қа-

луымыз мүмкін», – деген де пікір айта-

ды. Себебі жүріс-тұрысым сондай ой 

туғызады. 25 жасымда саяси-сатира-

лық «Ара» журналына орна лас қан 

кезімде Асқар Сүлейменов маған 

«парторг» деген ат қойған. Парторг 

дегенің қара кастюм-шалбар киіп, 

сықиып, сыздап жүретін адамдар. Ме-

нің жүріс-тұрысым сірә, сол сияқты 

болса керек. Кейін Фариза Оңғарсы-

нова апайымыз театрдан менің шы-

ғар машылық кешімді көріп «Көпеннің 

жаны нәзік екен ғой» деген сөз ай-

тыпты. Ол менің өзімнен емес, сөзім-

нен туындаған ой. Жаңғақтың сырты 

бұжыр-бұжыр бол ғанымен, ішінде 

дәні бар ғой. Біз сыртына қарап 

бағалаймыз да, ішіне үңіле бермей міз. 

Ал мына сұраққа қатысты айтарым, 

мен өзімді әлемге әйгілі түрік әзілкеші 

Әзиз Несин немесе Серб сықақшысы 

Бранислав Нушич, қытай сатиригі Лао 

Шэ және өзіміз дің Оспанхан Әубәкіров 

секілді талантты сатирикпін деп есеп-

темеймін. Себебі олардың шық қан 

биігімен есептесек, мен таудың бау-

райында жүргендей сезінемін. Шыңға 

шығып, белеске де көтерілген жоқпын. 

Тек сатира саласына болмысымды 

арнадым, сатира шығармашылығымен 

ай налыстым. Ал негізі болмысым – 

журналис пін. Орысшалап айтқанда 

«мощный» журналиспін. Өйткені қазір 

журналистика саласында қаламын 

тербеп жүрген қалам гер лердің жазған 

мақалаларынан, очерк терінен, эссе-

ле рінен, публицистикалық ой-тол ғам-

дарынан «шіркін-ай, былай жаз са, 

қоғамдық ойды былай қозғаса, қо-

пар  са», – деп қарным ашып отырады. 

Бірақ мен бұл салаға бармадым. БАҚ 

саласынан екі рет Президент сыйлы ғын 

иелендім. Екіншісі – биылғы. Ал сати-

рада халық жоға ры баға бергенімен, 

мен шыңдарға өрле ген жоқпын. Жур-

налистика туралы бір данышпанның 

айтқан сөзі бар, «Өмірде сәуле төккен 

екі нәрсе бар. Оның бірі – күн, екіншісі 

– журналист», – деген. Сатира сәу ле 

шаша ма? Журналистикада жаным 

жадырап, шуақтанып, қуаттанып, ра-

хат  танып, нұрланып жазамын. «Қазақ 

әде биеті» газетінде ұзын-ырғасы бес 

жылдай қалам тербедім. Сонда жүріп 

жазған «Сыр сұхбат» эсселерім көптің 

есінде шығар, Ұлттық университетте 

оқытылды. Марк Твен: «Журналист – 

бәрін білетін, бірақ шала-шарпы 

білетін мамандық», – депті. Мен ол 

пікірге қарсы шықтым. Бәрін түбіне 

дейін түгелдеп, зерттеп жазуға тырыс-

тым. Ең құнды нәрсе – идея. Идея де-

ген – темір қазық. Сол қазыққа қада-

лып жүре берсең, адаспайсың. 

Гео  лог  тар 2 грамм алтын алу үшін 10 

тонна руданы қорытады. Ал біздің 

журналистер 10 тонна топырақ таси-

ды, бірақ алтыны жоқ. Ол соңында 

батпақ бо лып, жерде қалады. Әзілхан 

Нұршайықов тың мынадай пікірі бар: 

«Тозған журналист – тот басқан болт 

сияқты. Не алынбайды, не салынбай-

ды», – деген. Халыққа керемет идея 

мен ой тастаған ағаларымыздың, 

қанаттас қаламдастарымыздың қа-

сиет терін бойыма сіңірдім. Сол себепті 

журналистік қасиеттей қасиетті сати-

ра дан да, жазушы лықтан да онша 

сіңіре қойған жоқпын-ау?! Мен «мо-

щный журналиспін». 

– Сіздің қазіргі қазақ 

сатира сына көңіліңіз тола ма? 

Заманауи сатира 

саңлақтарына берер ке ңе сіңіз, 

болмаса ұсыныстарыңыз бар 

ма?

– Қазіргі қазақ сатирасы қара ор-

ман сияқты. Қара орманның ішінде 

қайың да, қара ағаш та, емен де өседі. 

Бірақ әр ағаш тың өз орны, өз қасиеті 

бар. Кешегі Асқар Тоқмағамбетов, 

Шо на Смаханұлы, Садық бек Адамбе-

ков, Оспанхан Әубәкіров пен кеше 

ғана өмірден өткен Сейіт Кен жеах-

метов, қордайлық Бектұрсын Мәдиев, 

шым кенттік Жолдас Ақбердиев секілді 

сықақшыларды іздейміз. Неге? Себебі 

олар із қалдырған. Ал көзі тірі көкеле-

рі міз Ғаб бас Қабышұлы, Үмбетбай 

Уай дин, Қажы тай Ілиясұлы мен То-

лым бек Әлімбекұлы, Алпысбай Бо-

ран байұ лы  сынды  азамат тары мызды 

ешкім «сатирик емес» деп айта алмай-

ды. Бірақ өзге елдің сатирасын оқып 

отырып, таң боласың. Себебі олар 

әлемдік аренаға шыққан, дүниежүзі 

оқиды. Біздің де әлемді таңданды-

ратын әзілдеріміз бар, бірақ шет тілге 

аударылмайды, насихат жоқ. Хадисте 

мынадай сөз бар: «Өзіңнің біліміңді, 

білігіңді өз ішіңде ғана сақтап, жұрттың 

пайдасына, кәдесіне асырмасаң, онда 

сен алтынды күзеткен қойманың қа-

рауы лы ғанасың». Қазақ сықақшы ла-

ры сол алтын қойманың қарауылы 

сияқты. Осы дан кейін қазақ сатирасы-

на көңілім тояды деп қалай айтуға 

болады? Өзімнен бас тайын, тақыры-

бымыз тар, арзан дү ниеге алданып 

жүрміз. Сатира театрлары арзан күлкі-

ден аспайды. Олар кәрістердің еккен 

пиязы секілді. Бір жыл өнім алғасын, 

ол жерге қайтып оралмайды. Бізге ең 

алдымен қоғамдық мәселелерді қоз-

ғайтын саяси сатира керек. Бұл тақы-

рып тек Қазақстанда ғана емес, әлемде 

де әлсіреді. Саяси сатира Әзиз Несин-

мен бірге өлді-ау?.. Ал айтар ұсыны-

сым, қолдан келсе театрларда коме-

дияны  дамыту  керек.  Егер  кино ко  ме  дия 

мен театрлардағы комедияны қолға 

алсақ, көңілімізге көк шығарады.

– Сатирик ретінде қоғам-

ның дамуына қаншалықты 

қозғау сал дым деп ойлайсыз? 

Әттеген-айыңыз не?

– Жақында «Жұма сәлем» атты 

кітабым жарық көрді. Бұл кітаптың 

ішінде қоғамның дамуына тежеу бол-

ған жәйттерді шыр-пыр болып жазған 

сықақ-өлеңдерім баршы лық. Оның 

бірсыпырасы газет-журнал бет терінде 

жарияланды. Кейін сол өлеңдерге 

қатысты көптеген жақсы пікірлер 

естідім. Кітабым жайында «Бұл жинақ 

бір адамға ғана арналған деп ойласақ, 

бір адамды тілге тиек ете отырып үл-

кен қоғамдық мә 

селені қозғаған 

екен», – деген де пікірлерді естідім. 

Яғни мұндай шынайы пікірдің ту ғанын 

– қоғамның дамуына өзімдік үле сімді 

қосып жүргенім деп білем. Бірақ мен-

де осыдан отыз жыл бұрын қанша 

жоспар, қанша идея болды. Мысалы, 

сол айтылған кинокомедияны қолға 

алып, театрдағы ко медияны дамыт-

қым келді. Қазір іске асы райын десем, 

ол заман баяғыда артта қа лып, менің 

ойларым күнсіген көйлек сын ды тозып 

кеткен. Сол ойларды дер кезінде пай-

даланбағаныма өкінем, өкініш ішімді 

жарып барады. Қайтсем де сол мәсе-

ле ні қол ға алып, кірісетін де шығар-

мын. «Өт кен ге өкінбе, қайтып келмей-

ді, алдағыны Алла біледі. Дәл бүгінгі 

істеген сәтті тірлігің ертеңгі күнгі ба-

қыт қа апаратын баспалдақ», – деген 

хадис. Менің бақытым – комедия лық 

дүниелерді өмірге әкелу деп білем. 

Бұрнағы жылы Шерхан Мұртазаға 

жолы ғып, «Аға, 60-қа толдым», – де-

дім. Сонда ағамыз «Не бітіріп тол дың 

алпысқа сен?», – деп қарсы сұрақ қой-

ды. Ол «сен көркем дүние мен әдеби 

дүниеге не әкелдің?» дегені ғой. Мұ-

нан артық сын болмайды. Маңдайым-

нан таспен ұрғандай, көзімнен отым 

жарқ етті, шынында, сол кезде «мен не 

бітірдім?» деп ойладым. 45 жасқа де-

йін гі жазған сатирамның даңқымен 

келемін.

– Соңғы кездері әзіл-сықақ 

сахнасында еркектердің әйел 

болып өнер көрсетуі жиілеп 

кетті. Бұл құбылыстың сыры 

неде деп ойлайсыз?

– Мен бұл құбылысты мүлдем 

қабыл дай алмаймын. Ресейлік Петро-

сян ның «Қисық айнасындағы» екі 

жігіттің қойылы 

мының көшірмесі. 

Бейімбет Майлин мен Мұхтар Әуезов-

тің заманында қазақ әйелдері сахнаға 

шығудан қашқақтаған. Сол себепті 

еркек әртістер еріксіз әйелше киініп, 

рөлін сомдаған. Халық мәз болып, қо-

шеметтеп, қыран-топан күлкіге кене-

ле  тін.  Ол  тоқтықтан  емес,  жоқтықтан 

болған еді. Ал қазір әйел әртістер шаш 

етектен. Бірақ сол арзан күлкіні ша-

қыру үшін еркектер әйелге айналып, 

өздері күлкіге қалады. Соларды қа-

был даған көрерменді де көрмедім. 

Қанша қажеттілігі бар, ол да түсініксіз. 

Айталық, Аркадий Райкиннің өзі қан-

ша ма әйелдің образын бергенімен, ол 

әйел болып киінген жоқ. Орыстардың 

әйгілі әзілкештері Петросян, Задорнов 

пен Жванецкий де еш уақытта әйел 

болып сахнаға шықпаған. Бірақ олар 

өз бейне-бол 

мыстарымен орыс 

сатирасының  тари хы на  есімдерін 

алтын шегемен қағып қой ғандар. Ал 

біздің жігіттер әйелдің киімін киіп, 

рөлін ойнап, қазақ сатирасы мен сах-

насының тарихына алтын шеге емес

ағаш шегемен іліп қойған сияқты. 

Жастары мыз дың арзан күлкі арқылы 

жұрт көңілін бау рап алуды көздегені 

өнерді сыйламағандық деп білем. 

Мұндай қойылымдар әсіресе, «Екі 

езу», «Нысана» сынды театрларда көп. 

«Бауыржан шоудың» да сахналық кө-

рі ніс тері анайы күлкіге бой алдырған. 

Құдағи мен құданың әңгімесі төсектің 

төңірегінен шықпайды. Қазақ дәстү-

рінде, салт-сана сында мұндай жағдай 

болды ма? Құда мен құдағи қашан 

көңіл қосып еді? Мұның бәрі адам 

езуінде ерсі күлкі тудырады. Ал ерсі 

күл кі езуді жиғызбайды, тіледі. Жұрт-

тың жетегінде кеткен күлкі де, өнер 

иесі де есте қалмайды. Керісінше, 

өнер саңлақтары жұртшылықты же-

тек теп  жүруі  тиіс.

Шенеунік көрсе жүгіріп, қолынан 

сүйе тін әртістердің мүсәпірлігін тіпті 

түсінбеймін. Ататүріктің мынадай сөзі 

есімде, «Біз, ше неуніктер, парламент 

депутаты да, министр де тіпті, прези-

дент те бола аламыз. Бірақ біздің 

ешқайсымыз өнер адамы бола алмай-

мыз. Сондықтан олар біздің емес, біз 

өнер адамының қолынан сүйеміз», – 

деген.

– Қазіргі таңда қазақ 

сатирасының ұлт мүддесіне 

ықпалы бар ма?

– Қазақ сатирасының қазақ 

ұлтының мүддесіне деген ықпалын 

түсіну үшін ең алдымен қазақтың Ана 

тілі – қазақ тілі еке нін сезінуіміз керек. 

Бұрын тілі үшін ті лім-тілім күн кешкен 

Ахмет Байтұрсыновтар қазір бар ма? 

Мемлекеттік тілді шекара қорғағандай 

қорғау керек, қазір шекара да ғы жал-

ғыз сарбаз Мұхтар Шаханов сияқты. 

Кеңес заманының кезінде қылы шы нан 

қан тамып тұрған Қызыл империя 

кезеңінің өзінде Расул Ғамзатов «Ертең 

тілім өлсе, бүгін мен өлуге дайынмын» 

– деген екен. Біздің Қадір ағамыз 

өлеңмен шебер өрнектеп, «Өзге тілдің 

бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп 

өтті. Осы алтын сөз дер қазір ұранға 

айналып кеткен. Қазір қазақ тілі тек 

қағаз жүзінде ғана дамыған, іс жүзінде 

құжаттардың барлығы орыс тілінде 

жүргізіледі. Тіпті банкоматқа барсаң да 

үш тіл тұрады қазақ, орыс және 

ағылшын тілдері. Сонда қазақтардың 

көбі қай тілді таңдайды деп ойлайсыз? 

Әрине орыс тілін басады. Себебі біздің 

санамыз оған үйреніп кеткен. Сонда 

банкоматтың ішіндегі қазақ тілі дамы-

май жатқанда қазақтың мүддесі қалай 

дамымақ? Бірақ қазір жастар 

дың 

иман ға бас ұрған үлкен нөпірі өсіп 



келе жатыр. Осыдан он жыл бұрын 

мешітке барсаң, Құдайдан қорыққан 

бірлі-жарым партократтар отырушы 

еді. Қазір Алланың ақ жолына түскен 

кілең жастар. Ол не? Алланың ақ жолы 

деген – адамзат дамуы ның, адал-

дықтың, пәктіктің, бақыттың ақ жолы. 

Кеңес үкіметі тұсында саусақпен са-

нар лық ғана мешіт болса, қазір әр 

ауылда имам бар. Қай мешітке барсаң 

да адам дардың дені жастар. Мем ле-

кетіміздің діңгегі, қазақ тілінің қабыр-

ғасы, ұлтымыз дың ұйытқысы осы 

жастар ғой. Ал ана тілін дамыту үшін 

мектептерде ұлттық идеоло гиялық 

сабақтар өткізу керек. Біздің ұлттық 

идеологиямыз тың және тыңайған 

жер сияқ ты. Бірақ біз сол тың жерге 

ұлттың дә нін сеуіп жүрміз бе? Ең алды-

мен, сыбайлас тық пен жемқорлықты 

жоймай, мүдденің аяғы тұсаулы ші-

дер лі ат секілді, алысқа шаба алмайды.



– Бүгінгі көрерменнің 

талғамы жоғары. Күлкі мен 

әзіл де ақпараттық технология 

сияқты дамып отыратын 

болды ғой. Сіз осы ағынға 

қалай ілесіп жүрсіз?

Мен заманауи технология ағы-

нына мүлдем ілесе алмай қалдым 

десем де бо ла ды. Сол баяғы қағаз бен 

қалам, басы мызға сеніп, қанағат тұт-

тық.


– Сатира Қазнетке енді ме?

– Сатира Қазнетке әлі енген жоқ. 

Қо ғамда ақпарат құралдарының ішін-

де ға лам тор ғана жоғары сұранысқа 

ие. Интер неттен қазақ сатириктері 

тудырған дү ние лерді көріп, естігін де 

емеспін. Бірақ менің жеке жоспарымда 

бұл мәселе бар. Бас-көз болып, қазақ 

сатирасын ғаламтор ға енгізуді қолға 

алғым келеді. Сол желіде менің де 

шығармаларым жоқ. Бұл біздің – 

марғаулығымыз.



– Пародия мен 

шенеуніктерге жасалып 

жүрген қағытпалар ахуалы 

қалай?

– Пародия – ғажап жанр. Оны тек 

ше бер дің шебері орындайды. Англия-

да «Панч» деген әдеби журнал бар 

екен. Пародия мен эпиграмма жария-

ланады. Сол журналға шықпаған жа-

зушыны ол елде жазушы деп есепте-

мейді. Сол себепті барлығы да журнал 

бетіне шығуға құмар тады. Ал бізде 

ақын болсын, жазушы бол сын, қай-

рат кер болсын өзіне пародия жасаған 

адамды жек көріп, соңына шам алып 

түседі. Бұл – біздегі пародияға деген 

жетім көзқарас. Пародияны шебер 

ойнап жүрген бірталай жастарымыз 

бар. Бірақ олардың дүниелерінде 

жалтақтық басым. Ал пародияға – 

жалтақтық жараспайды. Мұндай 

пародия пародия емес, көпшік, бөс тек 

болады. Оның үстіне пародия жа-

сайтын жаттанды тұлғалар бар, олар 

ха лық ты әлдеқашан жалықтырып жі-

берген. Сол себепті жас пародис тердің 

атын шы ғару үшін аты шыққан атақты 

қайраткерлер керек.



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал