Болатын. Бұл жолы да қоржынға бір қоланы күмп еткіздік



жүктеу 0.78 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ

Бекзат  Саттарханов 

Түр  кіс тан 

қаласында 

1980 жылы туылған. Ол 

– көптеген же 

тіс 

тігін 


айтпағанның өзін де, 20 

жасында тәуелсіз еліне 

Олимпиаданың алтын 

жүл десін сыйлаған тұңғыш қазақ. Құй-

рықты жұлдыздай жарқ етіп, жоқ болған 

оның ерлігі елі үшін мәңгі мақтаныш болып 

қала бермек. 

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Әбу Насыр әл-Фа ра би 870 

жылы Оты рар қа ласында дү-

ние ге кел ген. Ұлы ға лым, ой-

шыл фи ло соф, математик, ас-

тро  лог, 

музыка 

тео ре тигі. 



Оты  рар  медресесінде,  Шаш, 

Са марқан, Бұхара, кейін Хар-

ран, Мы сыр, Халеб (Алеппо), 

Бағ дад  ша һар ла рында  білім  алған.  Түркі  ой-

шыл  да ры ның  ең  атақтысы,  ең  мәшһүрі,  әлем   нің 

екінші ұстазы атанған ғұ ла ма. Тарихи де рек тер 

бойынша, 70-ке жуық тіл білген. 

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

Қожа Ахмет Ясауи 1093 жыл-

дар шамасында Сайрам қала-

сында дүниеге келген. Түркі ха-

лық тарының, соның ішінде қа зақ 

халқының байырғы мә де ниетінің 

тарихында айрықша ор 

ны бар 


ұлы ақын, пәлсапашы. Ка шифи 

«Рашахат-ул айн-ил хайат» атты 

еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан баб тың шәкірті 

болғандығы, одан заһир және ба тин ілімдерінің 

сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет 

еткендігі туралы мәлімет бе реді. 



СҮГІР ӘЛИҰЛЫ

Сүгір Әлиұлы Теріскей өңі рін де 

1882 жылы дүниеге келген. Қа-

зақтың атақты күйші, сазгері. Жас-

тайынан ел арасында дом бы рашы 

Сүгір атан 

ды. Сүгірдің «Тел 

қоңыр», «Май да қоңыр», «Шал -

қыма», «Ыңғай төк», «Қос ба сар», 

«Бес жорға», «Боз ін  ген», «Ілме» т.б. күй ле рі бар. 

Сүгір күйлері 1964 жы 

 

лы түңғыш рет ха 



 

 

лық 



аспаптары оркестрінде орын 

да 


лып, 1968-69 

жылдары нотаға түсірілді. 



ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ

Қазақстанның Халық әртісі, 

сазгер Шәмші Қалдаяқов Отырар 

ауданы Шә уіл дір ауылында дүниеге 

келген. Ол – осы заманғы қазақ 

эстрадасының негізін салушылар-

дың бірі, қазақ вальсі нің королі. 

1986 жылы Желтоқсан көте рілісіне 

қа тысушы ұл-қыздар Алматы алаң дары мен кө ше-

лерінде айтқан Шәмшінің «Менің Қа зақстаным» әні 

2005 жылдан бастап мемлекетіміздің Ән ұраны 

болып бекітілді.

сонымен бірге Түркістандағы қалалар 

үшін де Қазақ хандығының сыртқы жау-

мен күресіндегі басты таянышы, стра-

тегиялық тұғыры болды», – деп жа за ды. 

Одан кейін де қаншама жыл Қазақ хан-

дығының астанасы болған, түр кітілдес 

мемлекеттер үшін рухани астана сана-

латын, екінші Мекке атанған Түркістан 

– қазақтың маң дайына біткен хандар 

мен батырлардың мәңгілік мекеніне ай-

налған қасиетті қала. Ұлы Жібек жо-

лының бойына орналасқан, еліміздегі ең 

көне шаһар саналатын сансыз бабтар 

мекені Сайрам да –  облы сымыздағы 

қас  тер  тұтатын  оры н дардың  бірі.  Жоң-

ғар  лар дың  жой қын  шап қыншылы ғына 

тап болғанда ойлы кеңестің орда сына 

ай  налған  Ор дабасы  тауы  да 

– осында.

«Атамекен» корпорациясының ат-

қарушы директоры, кәсіпкер Мұрат 

Төлтебаев осыдан төрт-бес жыл бұрын 

мойны қоқиған алып құс – түйеқұс 

өсірумен ай налысуды бастағанда елдің 

бәрі таңғалған болатын. Ақымаққа бала-

ғандар да болды. Жоқ, Мәкең жаңылмапты. 

Бүгінде бей 

таныс кәсіпті бастағанына 

өкінбейді. Оның аталығының еті 100 келіге 

дейін тартады. Балапандары тәулігіне 

жарты келіге салмақ қоса отырып, он ай-

лығында 100 келіге жетеді екен. Екі жас қа 

толғанда толық қанды түйеқұс са на лып, 

ж ұ   м ы р т   қ а л а й  бастайды. Ал жұ-

мырт қалары  тең біл 

доп  тың  үлкен ді гін-

дей. Біреуін қуыр са-

ңыз, 12-14 ересек 

адам тоя тамақ та на-

ды. Еті ем ретінде де 

пайдалы.  Әсі ре се 

қан қысымы жә не қант диабетімен ауы ра-

тындар үшін табылмас ем екен. Терісі, тұя-

ғы, тұмсығы да кәдеге жарайды. Сон дық-

тан түйеқұсқа деген сұраныс күрт ар ту да. 

Түйеқұс ұзақ жасайтын құстардың қата-

рына жатады. 70 жылға дейін өмір сүріп, 

соның 30-40 жылында өнім бере алады 

екен.

Рес


б

а а


ай ар

70

Со



а

а

а



ай бо

Жылыжайлардың 70 пайызы – оңтүстікте

Жылыжайлардың 70 пайызы – оңтүстікте

Т йе


с та жерсінді

Т йе


с та жерсінді

Африкада мекен ететін түйеқұсты біздің табиғатқа жерсіндіруге болады 

деп кім ойлаған! Бірақ шымкенттіктер жерсіндірді. Енді оны үлкен кәсіп 

көзіне айналдырып, пайда да тауып отыр.

Бүгінгі таңға дейін 11 жаңа сорт ойлап 

таптық Қазіргі кезде оңтүстіктегі мақта

Тасын түртсең, тарих 

б

й

й і

і

Адамзат баласының тарихы аңы

ыздардан баст у

Адамзат баласының тарихы аңыздардан бастау

тіршіліктін бастауы

тіршіліктін бастауы


№141 (823) 

11.08.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Жылдам жүрмейтін жаяуларды күтуім керек пе?



Заңды тұлғаны тіркеуге қандай құжаттар қажет?

Заңды тұлғаны тіркеуге қандай құжаттар жинаймын? 

Құрылған ұйымның 40 пайыз үлесі мемлекетке тиесілі. Мұндай 

жағдайда  әдеттегі  құжаттардан  қандай  өзгешеліктер  болады?        

Серікбай СҮЛЕЙМЕН, Алматы қаласы

ҚР «Мемлекеттік меншік тура-

лы» Заңы бойынша заңды тұл ға-

ның қатысуымен мемлекеттік 

үлесі бар ұйым акционерлік қоғам 

не месе жауапкершілігі шектеулі 

се рік тестік  үлгісінде  құрылады. 

Заң ды тұлғаның мемлекеттік тір-

кеу, оның бөлімше лері мен өкіл-

діктерін тіркеу қызме тіне сәйкес, 

ҚР Әділет министрлігінің 2007 

жылғы 12 сәуірдегі №112 бұй ры-

ғы бойынша келесі құжаттар ұсы-

ны  луы  тиіс: 

– тіркеу жөніндегі өтініш;

– жарғы;


– құрылтайшылар жиналысы-

ның хаттамасы;

– мекенжай анықтамалығы;

– заңды тұлға, оның бөлімше-

лері мен өкілдіктерін тіркеу үшін 

мемлекетке қаражат төленгенін 

растайтын түбіртек.

Гүлзағи әже

Құмға көмілген мыңжылдықтар тарихы 

Ғибратты ғұмыр кешкен, қазақ ауылының сыйлы анасы болған 

Ғүлзағи Тастанбекқызы туралы сыр-сұхбат

ҚОҒАМ


Әже жас бала тәрізді сыр жасырар 

емес. Алдында отырған шөбересі Азамат 

әй-шайға қарамай , көзіне көрінген нәрсе-

ге ұмтылып, бағынбай әлек. Оған әже мәз 

болып күледі. Дауыс көтеріп, жеку жоқ, 

қайта шөбересінің еркін қимылын қызық 

көріп, еркін өссе екен деген тілек жетегіне 

ергендей, сәбидің ырқына әбден көндігіп 

алған. Балпанақтай толық Азамат ашуға 

мініп, қолын сермей басынан ұрса, әже бір 

тісі жоқ иегін жоғары көтеріп, бұрынғы сы-

нан да сақылдап күледі.

– Ақымақ тентек емес, ақылды тентек 

болса, жарады, құлыным. Құдай күнәға 

жазбасын, өз басым момынды жарат пай-

мын. Мен үшін момын – жаманның бір 

түрі.

– Неге олай дейсіз?

– Өзің ақылға салып көрші, қуатым. 

Момынның әркімге өз есесі де, сөз есесі де 

кетеді. Кей адам әйел, еркек демей, өткір 

келеді. Қисынды жерде өткірлік жақсы. 

Бірақ оның да орны бар. «Мен өткірмін» 

деп, беталды тау-тасқа соқтыға берсең, не 

болады. Сол тәрізді, момындықтың да 

орны бар...

Гүлзағи әже ертеңді-кеш намаз оқиды, 

былайғы кездің бәрінде шөберелерін 

жұбатып ойнатады. Бұл да болса – келін-

дері Әмина мен Бұлбұлға үлкен көмек.

– Сталин өлгенде осындағылардың 

бәрі жылады. «Көздерің ақсын, неге жы-

лай сыңдар? Кәпірдің өлгені рас па, өтірік 

пе? Тажалдан құтылдық па, құтылмадық 

па?» – дедім. Ұлым Кәбір:

– Апа, ұстатып жіберейін бе ?! – деп 

әзіл деді.

– Ұстатсаң, ұстат. Тауықтың қарасын 

көрмесем де, тоқсан жұмыртқадан салық 

салғанын ұмытқаным жоқ, – дедім. Расы 

солай еді.



– Сізді төрт жыл Алматының абақ-

ты  сын да  болған  деп  естідім...

Гүлзағи әже маған шоши, таңдана 

қарады.

 – Әкем-ау, оны саған кім айтты?



– Немереңіз Бағдат айтты.

– Әй, айналайын ашық ауыз, ақкөңі-

лім-ай. Ол жайында ешкімге жақ ашпаушы 

едім... Расында, мен Алматының абақты-

сында төрт жыл отырдым.

–Қалайша , әже ?

Бір тісі жоқ иегін сәл жоғары көтере, 

мәсісінің қонышын қайта-қайта жұмарлай 

қысқан күйі: «Ешқашан ұрлық, қылмыс 

жасамасам да абақтыға қамалдым», – 

деді тұнжырай. 

– Ерім төрт-бес күн төсек тартып, 51 

Ақ кимешек киген, 

жоталы қыр мұрынды, әжімі 

мол, қараторы өңді Гүлзағи 

әже қозғалғанда екі 

бүктетіліп, еденді дүңк-дүңк 

еткізіп, ширақ қозғалады. 

Белін жаза алмағаны 

болмаса, әлі тың, 85-те деп 

ойлау қиянат тәрізді. Екі 

сөзінің бірінде «Құдай біледі, 

құдай сақтаймын десе, 

сақтайды» деп сөйлейді. 

Әңгімелесе келе ұққаным, 13 

жасынан намаз оқиды екен.

жасында дүние салды. Қазір ойласам, 

сырқаты соқырішек екен. Үш баламен 

жесір қалдым. Шиеттей жас бала. «Қалай 

асыраймын» деген ой жанымды жегідей 

жеді. Қолдағы бар малды «кәмпеске» 

деген желеумен «Асыра сілтеу болмасын, 

аша тұяқ қалмасын» деп, түк қоймай 

сыпырып алған. Е-е-е, амалсыздың күні-

нен саудагер лер ге ілесіп, үйдегі бар жасау- 

жабдығым 

ды Қытайға түн жамылып 

барып сатып, азын- аулақ мал басын құрай 

бастадым. Бұл «халық жауы» деп қазақтың 

бар зиялыларын құртқан қаһарлы 1937 

жыл еді ғой, балам. Мен де «Жапон 

тыңшысы» деген атпен қамауға алындым...

– Сізді шекарашылар көрсетті ме?

– Жоқ.Атқа мініп, ақжүрек болып жүр-

ген өзіміздің ағайынымыз Жұмабай деген 

кедей жігіт көрсетті.

– Иттің баласы, сен мені абақтыға жап-

тырғаныңмен, ізім өшпейді. Өсімін алдым 

ғой деп, байлар бес-алты қоздаған қойын 

сойып жейтін. Мен сол қой құрлы жоқпын 

ба, артымда өсімім бар. Өкімет аман бол-

са, балаларым жетімдік көрмейді. Алла 

сазайыңды берсін! – деп, тұтқында лып, 

Алматының абақтысынан бір-ақ шықтым.

Әркімнің қайғысы өзіне. Ертеңді-кеш 

балаларымды ойлап тұншығамын. Бір күні 

оңаша зарлап отырып, өлең шығардым.

– Өлеңіңізді айтыңызшы?

 

 Жүр екен қандай күйде балаларым,



Сарғаяр бала десе саналарым.

Арманым үшеуің де тым жас едің,

Келмейтін ештеңеге шамаларың.

Аман бол, мен көргенше, құлыншағым,

Сынып тұр болымсызбен есіл сағым.

Өзіңе, Жаратқаным, жалынамын,

Өзіңсің тексеретін істің ағын.

 

Аман бол мен көргенше Әмір, Кәбір,

Қалмайды-ау бала десе менде сабыр.

Қайтейін , тұтқындағы бір мен емес,

Кім жүрмес, өз елінен көрсе зәбір.

Көбін ұмытыппын қалқам. Зарлап айт-

қан да есіме түскендері ғой.

 – Темір тордан қай жылы босап 

шық ты  ңыз?

– Абақтыдан 1941 жылы 5 мамырда 

шықтым. Ұшарға қанатым жоқ. Мақаншы-

ға үшінші күні әзер жеттім. Бала-шағамның 

қайда екені белгілі. Әуелі жағдайды білгелі 

колхоз кеңсесіне бардым. Үлкен ұлым 

Әмір – Темірхан деген, кіші ұлым Кәбір 

Әмірхан деген қайындарымның қолында 

көрінеді. Қызым Бәһан үшінші туысқа ны-

мыздың үйінде домбаз жасап жүр екен. 

Мен айдалып кеткенде үш балам да 

Темірханның қолында қалып еді.

 Алдымен қызыма бардым. Ол мені 

алыстан байқаса да: «Көрісіп жылағаны-

мызды ел мазақ қылады. Төрт жыл шыда-

ған да енді шыдамай ма?» – деп, алдымнан 

шықпапты. Шіркіннің намысқойлығын 

көрмеймісің?! 

 Ертеңіне Темірхан қайнымның үйіне 

бардым. Көршілер өліп-тіріліп көрісті.

– Үш балаңның терісі жыртылмай, 

қолыңа тисе деп едім. Алла аман келтірді. 

Өзіңді аман көрдім, көріспеймін, – деп 

қайным Темірхан жылап, бетімнен сүйді.

Сол күні ауыл шетіндегі қараусыз қал-

ған кішігірім ескі үйді сылап-сипап, әктеп, 

сонда көшіп шықтым. Малымның біразын 

жеп тауысыпты. Бұтадан қора жасап, 

қалған бес-алты қойымды, сиырымды өз 

қарауыма алдым. Түнде ұйқыға жатар 

алдында: «Астапыралла-а, тар қапаста 

азап шексем де, көкірегім басылмапты-

ау», – деп өзіме-өзім қайран қалдым. 

Адам қанша қиындық, қиянат көрсе, 

сонша өршіп, өжеттеніп, қайраттанып кете 

ме деп ойладым... Әйтеуір, өзім күні бүгін-

ге дейін еңсемді түсірген емеспін.

Бірте-бірте ел қатарына қосылдық, 

немере, шөбере сүйдік. Бәрінен Құдайға 

мың шүкір ететінім, ұлым Кәбір халқына 

қамқоршы азамат атанды...

– Абақтыдан келген соң, Жұмабай-

мен кездестіңіз бе?

– Жоқ. Көп ұзамай соғыс басталды. 

Жұмабай мен жоқта үйге келіпті.

– Соғысқа аттанып барамын. Гүлзағи 

апам ның қолынан дәм татсам деп едім. 

Садық ағамның баласы, қолыңнан дәм 

татқызшы? – десе:

– Дәмнен садаға кет, иттің баласы, шық 

үйден! – деп қызым қуып жіберіпті.

Мен өзім болғанда Құдайдан күттім 

деп, үйге кіргізіп, дәм татқызар едім. «Тас-

пен ұрғанды, аспен ұр» деген ата-баба-

мыз дың салты бар емес пе, қалқам. Ол қан 

майданнан қайтпай қалды. Тағдыр ғой.

– Біреуге қиянат жасамаңдар, жан 

баласын жылатпаңдар, – деп балаларыма 

айтып отырамын.

Әже ақ кимешегінің жиегін қолымен 

түзеп: «Аллаға өкпем жоқ»,  – деді жады-

рай түсіп. – Бір мәрте емес, мың мәрте 

тоба етем, жесір әйел, жетім бала едік. 

Арманым – бөбектерім ер жетіп, ешкімнен 

таяқ жемесе, қорлық, зорлық көрмесе, өз 

шаруасын өзі істесе деп тілеп едім. Құдайға 

тоба, бұл күнге де жеттім. Мен жеткем жоқ, 

Алла жеткізді.



– «Әркімнің балалық шағы – патша-

ның тағы» деген бар. Жас кезіңізде 

қан дай  болдыңыз?

– Бала күнімнен алған бетінен қайт-

пайтын өр боп өстім.

– Ауылда көрген бейнетіңіз аз емес 

шығар.

– Жесір әйел, жетім баланың тірлігі 

қашан оңған? Таң атқаннан күн батқанға 

дейін колхоз даласында тыным таппай 

жұмыс істедік емес пе?! Қырман уағы еді. 

Тізе бүгіп, демалуды білмей, шаң жұтып, 

шаршап-шалдығып, өңшең әйелдер 

бидай толы теңкиген-теңкиген қаптарды 

арбаға тиеп жатқанбыз. Колхоз басқарма 

төрағасы, егде кісі аттың үстінде шірене 

отырып, маған қалжың айтса бола ма. Екі 

білегінен шап беріп ұстап, ерден жұлып 

алдым. Содан кейін бір сөз айтпайтын 

болды.


– Қарулы екенсіз ғой?

– Қарулы едім. Екі қап бидайды екі 

қолтығыма қысып ап, арбаға тией беретін-

мін. Мереке-тойларда ерлермен қатар, 

әйелдер де бір-бірімен күреске түсетін. 

Сондай кездерде қарсыласымның бәрін 

жеңіп, жеңімпаз атанғам. Өзім балуанның 

тұқымымын. Амалбек деген бауырым Қы-

тай да күрестен үш дүркін бірінші орынды 

жеңіп алған. Кейін Қазақстанға көшіп ке-

ліп, өзіміздің Одақ, шетел балуандары мен 

белдесіп, жеңіс тұғырына талай көтерілген. 

Ол бауырымның айлакерлігі сондай, 

қарсыласы лақтырғанда кілемге төрт аяқ-

тап түседі екен. Оның жолын қуған Сағдат 

немерем де бірталай жүлделерге ие бол-

ды.

Гүлзағи әже бір қауым уақыт үнсіз 



қалып, қайта сөйледі.

– Е, ұмытып барады екем. Шамада 

1962 жылы-ау деймін, кезінде біздің 

Қожақұл әулетінен Қытайға ауып кеткен 

тумаларымыз ауылымызға қайта оралып, 

өзеннің арғы жағындағы жазыққа Сәнік 

ауылы боп қоныстанды. Жаңа келгендіктен 

оларға еңбекақыға бөлінетін астық 

берілмеді. Ұлым Кәбір мен келінім Әмина-

ның еңбекақысына тиесілі бидайды үйге 

түсіртпей, машинаның үстіне шелегімді 

лақтырып жіберіп, өзім кабинаға мініп

Сәнік ауылына бардым.

– Шаңырағыңда қанша жан бар?

– Алты жан.

– Мә, мына алты шелек бидайды ал.  

Осылай барлық туысқанға ұлым мен 

келінімнің еңбекақысына тиесілі астықты 

бөліп бердім. Содан «Біздің ауылды 

асыраған әже » атандым. 

 Дүниенің түбіне кім жеткен, қарағым. 

Алла аманатын абыроймен алса деймін. 

Балаларымның, ел-жұртымның алдында 

өлсем, арманым жоқ. Кім біледі. Бәрін 

Алла біледі. Әйтеуір, аманатын өзіне 

абыроймен тапсырсам деймін...

Етжеңді, ұзын бойлы, балуандарға тән 

жалпақ жауырынды әженің сымбатты, 

мейірімге толы, әжімді, қоңыр, ойлы жүзі 

бейне астығы аңызақ желмен тербелген 

күзгі даланы еске салғандай. Азамат атты 

балпанақтай ерке немересін қасынан бір 

елі шығармай, оның әрбір қылығына 

сақылдай күліп, балаша мәз болғанына 

әуесім келіп, бір жағынан аяп:

– Әже, жасыңыз келген кісісіз, шар-

шайсыз ғой. Келініңіз көмектессе қай-

теді? 

–деген маған: 

– Қарағым, мен шарша май мын. Неге 

шаршаймын? Бала бағу да – ең бек. Ата-

бабамыз «Еңбексіз рахат келмес, машақат-

сыз бақыт келмес» деген. Бұл –менің 

кештеу көрген тұңғыш немерем. Келінім 

Әмина көмектесер еді, сырқатта нып жүр. 

Әнеукүні қояр да қоймай, көрші аудандағы 

атақты тәуіпке алып барғам. Қазір, шүкір, 

тәуір. Тілегім: Алла-тағалама аманатын 

осы келінім алдында тапсырсам, өзі мына 

шаңыраққа, бала-шағасына иелік етсе 

деген тілек...



Мамытбек ҚАЛДЫБАЙ, 

жазушы

ӨМІР-ӨЗЕН

ҚА

ЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕ



ТТЕРІ

ПАЙЫМ


АЛАШ-АҚПАР

АТ

Құмай құс қайда жүр екен?..



АҚШ елшісі арнайы автокөлік табыс етті

Басы 1-бетте

Экспедицияның тағы бір ғылы-

ми қызметкері Талғат Мамыров бұл 

қорымды қазақ даласынан табыл-

ған ең көне қорым деп отыр. Оның 

айтуынша, осы кезге дейінгі ел ау-

зын дағы аңыздардың бәрі бекер. 

Қазба жұмысы барысында қорған-

дардан табылған тұрмыстық бұ-

йым дарға қарап, мамандар мұнда 

жерленген сүйектер ерте қола 

дәуірінде өмір сүрген адамдардікі 

деп болжайды. Археологтердің 

айтуынша, «қалмақтардың қала-

шығы» деген болжам да шындыққа 

жанаспайды. Жерлеу дәстүріне қа-

ра 

 

ғанда, бұлар қазақ даласына Қап 



тауынан келген адамдар болуы мүмкін. 

«Біздің жыл санауымызды қоссақ, шамамен 

4300 жыл бұрын өмір сүрген адамдар. 

Сүйектері сол қалпында. Тек үстеріне қыз-

ғылт бояу сеуіп қойғандай. Алғашқы зерт-

теу нәтижелері бұл бояудың жоса екенін 

дәлелдеп отыр», – дейді Талғат Мамыров. 

Зерттеушілердің айтуынша, Қырықобада 

шамамен 200-ге жуық қорған болыпты. 

Қазір оның 165-і сақталған. Әр қорғандағы 

мүрделер әртүрлі. Бір қорғаннан 17 мүрде 

шықса, кейбір қорғандарда екі-үш мүрде 

ғана бар. Сондықтан 1000-ға жуық мүрде 

шығуы мүмкін. Бізді тағы бір таңғалдыр-

ғаны, кейбір мүрделердің үстіне тасбақа-

ның шақ шасын төңкеріп қойыпты. Архео-

логтер тас бақаның тасы төңкерілгендердің 

бәрі әйел дің болмаса жас қыз балалардың 

мүр десі екенін айтып отыр. Тұтынған ыды-

сы деуге де болады немесе сол уақытта 

сон дай бір дәстүр болса керек. Аслан 

Мамедовтің ай туынша, бұл – ғалымдар-

дың басын қа ты ратын тың тақырып. Енді 

бір қазба жұ мыс  тарының орнынан қор-

ғанның ортада жи наулы тұрған сүйек терін 

көрдім. Шашы лып қалғасын, құрас тырмақ 

ниетпен жинал ған ба деп ойладым да, 

тағы да жолбасшы ларымның көмегіне 

жүгіндім.  Жоқ,  оты р    ғызып  жерленген 

адам дар екен. Дұрыстап қарасам, шыны-

мен де, отырған адамға ұқсайды. Әрі  оның 

сүйектері басқалардан әлдеқайда ірі. 

Демек, сол әулеттің басшысы, тіпті ауылдың 

үлкені болуы мүмкін.  Қорымнан табылған 

мүрделердің бір-біріне туыстық қатысын, 

жынысы мен жасын анықтау енді антропо-

логтердің еншісіне қалып тұр.

Ел ішіндегі аңыз әңгімелердің санада 

сіңіп қалғаны сонша, белгісіз аурудан түгел 

қырылып қалған ауылдың орны деген бол-

жамға иек арта бердім. Бірақ оба заманын-

да мүрделерді бір жүйемен арулап жерлеп, 

әйелдердің үстіне тасбақа төңкеріп жүрген 

кім? Жас археологтер қорымды зерттеуде 

жуырда ғана Қырықобаға келіп кеткен Ре-

сей Ғылым академиясының Орал бөлімшесі 

археологиялық зерттеу институтының ла-

бо ратория меңгерушісі, тарихшы Сергей 

Богдановтың болжамдарына сүйеніп отыр. 

Аслан Мамедов маған Қырықобадан 10 

шақырым жердегі бір қорғанды көрсетті. 

Көптоғай селолық округіне қарасты Аман-

гелді ауылының іргесіндегі Қайыр бөгетінен 

күншығысқа қарай бір шақырым жер. Бұ-

рын алыстан бес-алты төмпешік қана кө рі-

нетін. Сөйтсек, ол үлкен қорымның орны 

екен. Бұл ғалымдардан бұрын жергілікті 

халық, яғни ойылдықтар үшін нағыз сенса-

ция болып отыр. Ол жердегі қорымды өзде-

рі шамамен 2300-2400 жыл бұрын өмір 

сүрген адамдардың сүйектері деп болжап 

отыр. Бұл жердегі сүйектердің жерленуі 

қазақтың кәдімгі жерлеу дәстүріне сәйкес 

келеді. Көпшілігі жантая жерленген және 

қастарына тұтынған құрал-сайманы мен 

қару-жарақтары да көміліпті. Жебенің 

ұштары мен қылыштар барлық мүрденің 

жанында бар. Демек, әйелдерді де қаруы-

мен жерлеу дәстүрі болса керек. Өйткені  

кейбір сүйектердің қолында білезік, жанын-

да айна, тарақ, ұршықтың басы сияқты 

түрлі тұрмыстық заттармен қатар, жебенің 

ұштары табылып отыр. Сірә, әйелдер де 

жауын гер болса керек. Ертеректе үлкен 

кісілер: «Ойыл бойы – тарихтың тірі куәсі, 

талай сырды бойына бүгіп жатыр», – 

дейтін. Бұл жердің тарихы жұмбақ күйінде 

қала берген. Ойылдың бір сырын ашуға 

зерттеу шілер енді кірісіп жатыр.


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.78 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет