Болашақ педагогтардың зерттеушілік қҰзыреттілігін қалыптастыру жағдайы



жүктеу 82.55 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.04.2017
өлшемі82.55 Kb.

 

ӘӨЖ 374 



 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫ 

 

С



АМАШОВА 

Г.Е.,

 

п.ғ.к., КО кафедрасының доценті 

А

БИЛЬГАЗИН 

Б.И., «КО» мамандығының 2 курс магистранты 

Б

АКИНА 

Ю.А.,  «Педагогика  және  психология»  магистрі,  КО 

кафедрасының оқытушысы 

 

Мақалада 

авторлар 

болашақ 

педагогтардың 

зерттеушілік 

құзыреттілігін  қалыптастыру  жолдарын  анықтаған.  Құзыреттілік 

дегеніміз  не,  оның  жалпы  сипаттамасы.  Кәсіби  құзыреттілік,  осы  ұғым 

шеңберінде  авторлардың  анықтамаларына  талдау  жасаған.  Болашақ 

педагогтардың  зерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  жолдарын 

қарастырған.  Оларды  факультатив  сабақтары,  үйiрме  жұмыстары, 

сабақтан  тыс  жұмыстар  және  т.б.  арқылы  қалыптастыруды 

қарастырған.  Факультатив  сабақтарының,  сабақтан  тыс  жұмыстардың 

түрлері талданған. Олардың мақсаты мен міндеттерін белгілеген. 

Кілтті  сөздер:  құзыреттілік,  кәсіби  құзыреттілік,  зерттеушілік 

құзыреттілік, факультатив сабақтар, ү йірме  жұмыстары,  сабақтан  тыс 

жұмыстар, ғылыми-зерттеушілік дағдылар. 

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі  модернизациялау 



үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін 

жетілдіру,  ақпараттық  технологиялар  жӛнінде  жаңаша  педагогикалық 

кӛзқарас  қалыптастыру  секілді  кешенді  шараларға  тікелей  қатысты.  Әлем 

тәжірибесі кӛрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол 

елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Ӛйткені 


 

білім  арқылы  ғана  қоғамның интеллектуалдық  капиталы мен  инновациялық 



әлеуеті қалыптасады. 

Бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  еліміздегі  білім  беру  саласының  бағыт-

бағдарын  айқындайтын  Білім  беруді  дамытудың  2015-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі [1]. 

Бағдарлама  бірнеше  мақсаттар  мен  міндеттерден  туындап  отыр,  соның 

ішінде  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  мақсаты:  қоғамның  және 

экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарына  сәйкес 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін  жаңғырту,  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  кірігу,  педагог  мамандығының  беделін  кӛтеру,  білімнің  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыру [1]. 

Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  білім  парадигмасы  білім,  білік,  дағды 

жиынтығын  толық  меңгерген,  қоғам  ӛміріне  белсене  араласатын, 

шығармашылықпен  ойлайтын,  ӛзін-ӛзі  кӛрсете  алатын,  ӛздігінен  ақпаратты 

іздеп,  талдайтын  және  оны  дамытуға  қабілетті,  кәсіби  құзыретті, 

функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. 

Мемлекетіміздің  тек  саясат  пен  экономика  емес, білім  беру  жүйесіне де 

үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап 

отырғаны түсінікті. Ӛйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені 

белгілі.  Қай  қоғамда  болмасын  шешуші  фактор  –  адам  және  жеке  тұлға 

болып қала бермек. 

Еліміздегі 

әлеуметтік-экономикалық 

және 

саяси 


ӛзгерістер, 

республиканың  әлемдік  деңгейде  білім  беру  жүйесіне  жетуде  жасаған 

қадамдары  осы  кезге  дейін  педагогика  теориясы  мен  практикасында 

бекітілген  білім  беру  парадигмаларын,  жүйелерін,  әдістерін,  формаларын 

жетілдіру  талабын  қойды.  Білім  берудегі  жаңа  басымдықтар  –  ізгіліктік 

педагогика,  студенттердің  тұлғалық  әлеуетін  анықтау  және  дамыту, 

әлеуметтік 

үдерістер 

мен 

тұлғааралық 



қарым-қатынастарды 

ұйымдастырудың  ерекше  формасы  ретінде  танылатын  оқыту  үдерісінің 

тиімділігін арттыру болып отыр. 


 

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие 



жұмыстарының  талапқа  сай  жетілдірілуі  студенттердің  болашақ  кәсіби 

құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. 

Қазіргі  таңда  білікті  маман  даярлаушы  техникалық  және  кәсіптік  білім 

жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның 

кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  керек  деген  әр  түрлі  пікірлер  жиі 

айтылуда. 

Болашақ  кәсіби  құзіретті  маман  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай, 

жедел  ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық 

қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның 

талабы. 


Студенттердің  кәсіби  құзыреттілік  мәселелері  туралы  пікірлер  кәсіби 

маман  даярлау  мәселелерімен  айналысып  жүрген  отандық  және  шетелдік 

ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде кӛрініс табуда. 

«Құзыреттілік»  түсінігі  білім  беру  саласында  1960-1970  жылдардағы 

шетел  әдебиеттерінде,  ал  1980  жылдардың  соңында  отандық  әдебиеттерде 

кездесті. «Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі 

оның  мазмұнының  кеңдігімен,  интегративтік  сипатымен,  «кәсіптілік», 

«біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді [2]. 

Ғалым  С.М. Вешниякованың  «Кәсіптік  білім  беру»  сӛздігінде:  «Кәсіби 

құзыреттілік  competenens  –  қабілетті,  белгілі  бір  саланың  тұлғаларының 

білімінің,  білігінің,  тәжірибесінің  сәйкестігінің  мӛлшері»,  -  деген  анықтама 

берілген [3]. 

Ғалым  Дж. Равеннің  «Қазіргі  заманға  қоғамдағы  құзыреттілік»  атты 

еңбегінде  «кәсіби  құзыреттілік»  терминіне  жеке  тұлғаның  кӛп  қасиеттерін 

топтайтын ұғым деген анықтама беріледі [2]. 

Л.М Митина«құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар 

практикада,  тілдесімде,  жеке  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамытуда  қолданатын 

тәсілдері», - деген анықтама береді [4]. 

Г.Ж Ниязова  зерттеу  жұмысында  «құзыреттілік»  ұғымына  «Білім  беру 


 

құзыреттілігі  –  бұл  студенттің  мағыналық  бағдарлары,  білімдері, 



біліктіліктері  мен  тұлғалық  және  әлеуметтік  іс-әрекетін  жүзеге  асыруына 

қажетті  нақты  анықталған  объектілер  шеңберіне  қатысты  тәжірибелерінің 

жиынтығы» ,- деп анықтама береді [5]. 

Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің ӛзі болашақ кәсіби маманның  – 

қазіргі  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып 

ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны 

түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге 

бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. 

Жоғарыда  келтірілген  мәліметтерді  тұйықтай  келе  болашақ  педагог 

бойына зерттеушілік құзыреттілікті бірнеше жолмен қалыптастыруға болады: 

-

 

зерттеушілік  қабілеттерін  дамытатын  орта  жасау  керек,  яғни 



факультатив сабақтар, үйірме жұмыстары, курстық жұмыстар

-

 



студенттердің  ӛз  бетінше  танып  білу  қабілеттерін  дамытып  отыратын 

оқыту технологияларын пайдалану арқылы қалыптастыру; 

-

 

сабақ барысында ойын әдістерін қолдану арқылы қалыптастыру. 



Студенттің  зерттеушілік  құзыреттілігін  дамытудың  бірден-бір  жолы 

факультатив сабақтар. Факультатив сабақтар – оқу пәндерін студенттердің ӛз 

таңдауы  және  қызығуларына  орай  тереңдете  оқуына  арналып,  ғылыми-

теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды кӛздейді. Білім 

беру міндеттеріне сәйкес факультатив түрлері келесідей [6]: 

-

 



негізгі оқу пәндерін тереңдете игеру; 

-

 



қосымша пәндерді (логика, риторика және т.б.) меңгеру. 

Студенттердің  зерттеушілік  құзыреттілігін  дамытатын  ортанын  бірі  -  ол 

үйірме  болып  табылады.  Үйірме  жұмыстары  –  студенттердің  сұранысы 

бойынша, пән сабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiнде жүргізіледi 

[6]. 

Үйiрме  жұмысының  мaқсaты:  студенттердің  сыныптан  тыс  уақытта 



шығармашылық  iзденітерін,  ӛзiндiк  қабiлетiн  және  қоғамдық  қарым-

қатынасын қалыптастыру.  



 

Үйiрме жұмыстарын ұйымдастырудың мiндеттерi: 



-

 

оқу-тәрбие  үрдiсiнде  алған  бiлiмдерiн  ары  қарата  дамытуға  мүмкiндiк 



жасау; 

-

 



студенттердің қоғамдық белсендiлiгiн дамыту

-

 



студенттердің  ӛзара  қарым-қатынасын  қалыптастыру,  белгiлi  бip 

еңбекке (болашақ мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету

Үйiрме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талaбы: 

-

 



үйipме жұмыстарының қатысатын студенттердің қабiлетiн ескеру; 

-

 



оқыту мен тәрбие берудiң ӛзара байланысы

-

 



студенттердің еркіндігі; 

-

 



нарықтық экономикалық қажеттiлiктi негiзге алу. 

Үйiрмелерге  қатысатын  студенттердің  практикалық  бiлiм,  бiлiк 

дағдылары  бiрдей  болуы  мүмкін  емес.  Себебi  оның  бiлiмi,  қызығушылығы, 

қабылдауы  және  жұмысқа  қабiлеттерi  әртүрлi  болғандықтан,  алған 

дағдылары  да  тұрақты  болмайды.  Сабақтан  тыс  жүргізiлетiн  оқу-тәрбие 

жұмыстарын  үйiрмелердi  зерделегенде  тӛмендегiдей  жағдайларды  ескеру 

керек: 

-

 



сабақтан  тыс  yaқыттa  жүргiзiлетiн  жұмыстардың  (жоспарларын, 

бағдарламарын,  мазмұнын,  әдiс-тәсiлдерiн,  т.б.)  коғамдық  сұранысқа 

байланысты  жетiстiктерi  мен  кемшiлiктерiн  айқындап,  пән  сабақтарының 

мазмұнымен  салыстыра  және  сабақтастыра  отырып,  сыныптан  тыс 

жүргізілетiн үйiрме жұмыстарының жүйесiн, мазмұнын айқындау; 

-

 



бүгiнгi  әлеуметтiк-экономикалық  нарықтық  қатынастарға  байланысты 

студенттердің ӛздерiнiң қабiлетi мен iскерлiгi бойыншa үйiрме жұмыстарына 

қатыстыру; 

-

 



ұсынылатын  үйipме  жұмыстарының  жүйесi  студенттердің  жеке  тұлға 

pетінде дамып, қалыптасуына ықпал ететiндей болуы. 

Үйірме,  факультатив  сабақтар  студенттердің  ӛзін-ӛзі  тұлғалық 

танытуына,  ұжыммен  ӛзара  қарым-қатынасын  жасауға  мүмкіндік  береді, 

ӛзінің ұйымдастырушылық және лидерлік қабілеттерін кӛрсетуге, ӛзіне және 


 

қоршаған  ортаға  сыни  қатынасының  дәрежесін  реттеуге,  тӛзімділікке 



үйретеді. 

Жалпы  сабақтарды  бүгінгі  заман  талабына  сай  ұйымдастырудың  жолы, 

ол  жаңа оқыту  технологияларын оқу  прцесінде пайдалану  болып  табылады. 

Сол оқыту технологиялардың бірқатарларына қысқаша тоқталып ӛтейік, оқу 

мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  (студенттердің 

белсенділігі жоғарылап, ӛздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), 

М.М. Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  (студенттердің 

интеллектуалды және  шығармашылық потенциалын дамытуға  бағытталған), 

Ж. Қараев  пен  Ж. Кобдикованың  «Үш  ӛлшемді  әдістемелік  жүйесі» 

(деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы  дамыта  оқыту  идеясы  жүзеге 

асырылады).  Педагогика  ғылымының  докторы  Ж. Қараевтың  «Деңгейлік 

оқыту  технологиясы»  (оқылатын  ақпараттың  азаюы  арқылы  емес, 

студенттерге қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. 

Қазіргі  заман  талабы  -  сабақ  кезінде  әр  студенттің  жаңа  білім  деңгейін 

анықтап  қана  қоймай,  сонымен  қоса  сабақты  қызықты  ұйымдастырудың 

жолдарын үнемі іздестіріп тыру қажет. 

Сонымен  қатар,  ойын  технологиясын  қолдану  арқылы  студенттердің 

зерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастыруға  болады.  Сабақ  барысында  тест 

және  карточкалық  тапсырмаларды,  кубизм  стратегиясын,  INSERT  картасын 

пайдалану  арқылы  және  т.б.  технология  түрлерін  қолдану  арқылы 

студенттердің зерттеушілігін қалыптастыруға да болады. 

Зерттеушілік  құзыреттілік  –  белгілі  бір  саладағы  білімдер  жиынтығы, 

зерттеу  дағдыларының  болуы,  алған  білімдері  мен  дағдыларын  нақты  бір 

қызметке  пайдалана  алуы.  Зерттеушілік  құзыреттілік  студентте  оқу-таным 

әрекетінің  ажырамас  бір  бӛлігі  ретінде  қалыптасуы  тиіс,  себебі  аталған 

құзыреттілік тек зерттеушілік әрекеттерде ғана қалыптасады. Студенттердің 

бойына  зерттеушілік  дағдылардың  қалыптасуы,  олардың  пәндер  бойынша 

білімдерінің  кеңеюіне,  дұрыс  бағыт  алуына  және  қызығушылықтарының 

артуына себеп болады. Зерттеушілік дағдылар ойлаудың ғылыми образының 


 

дамуына  негіз  болады.  Олар  балалар  ұжымында,  студентлар,  педагогтар, 



ғалымдар  мен  мамандар  арасында  мәнді  қарым-қатынастың  қалыптасуына 

ықпал  етеді.  Аталмыш  процестің  маңызды  бір  бӛлігі  ретінде  студенттің  ӛд 

бетінше  жұмысын  қарастырамыз,  оларды  тәжірибеде  пайдалана  алу,  кӛп 

мӛлшердегі  ақпаратпен  сауатты  жұмыс  істеу,  зерттеу  үшін  тиісті 

мәліметтерді  жинау,  оларды  талдау,  проблемаларды  шешу  үшін  болжамды 

(гипотеза)  ұсыну,  қорытынды  жасай  алу,  заңдылықтарды  белгілеу, 

практикалық  шешімдер  таба  білу  жатады.  Кәсіби  ӛзін-ӛзі  анықтау 

студенттердің  ғылыми-зерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ӛте 

маңызды. 

Зерттеушілік  құзыреттілігі  студенттер  танымының  ойлау,  іздену, 

логикалық,  шығармашылық  үдерістерімен  байланысты  білім  беру 

құзіреттіліктерінің  тұтас  кешенін  құрайды.  Ғылыми-зерттеу  құзыреттілігін 

қалыптастыру  кезінде  теориялық  материал  саналы  түрде  меңгеріледі,  негізі 

ұғымдардың  белгілері  ажыратылады,  білім  кӛлемі  кеңейеді,  әр  түрлі 

дағдылар  мен  біліктіліктер  қалыптасады,  басқа  пәндермен  сабақтасады. 

Осыған  байланысты  қазіргі  уақытта  заманауи  колледждерде  білім  беру 

барысында  тек  жүйелі  білім,  дағды  мен  біліктілік  қалыптасып  қана 

қоймайды.  Колледждерде  қазіргі  таңда  студенттің  интеллектуалдық  және 

ӛнегелік  дамуына,  шығармашылық  ойлаудың  қалыптасуына,  ақпараттармен 

жұмыс істей алуына бағытталған. Педагогикалық қызметтің негізгі бағытына 

студенттердің  ғылыми  зерттеу  құзыреттілігінің  дамуы  үшін  оқу 

материалдарын бірлестіру арқылы қолайлы орта жасау болып табылады. 

Сабақ  барысында,  тіпті  сабақтан  тыс  жұмыс  түрлерінде  студенттерде 

ғылыми-зерттеу  біліктіліктерін  жүйесіз  дағдыландыру  ғылыми-зерттеу 

құзыреттілігін  қалыптастырып,  дамытуға  негіз  бола  алмайды.  Бірнеше 

заманауи  педагогикалық  технологиялардың  (зерттеушілік,  жобалық, 

ақпараттық-коммуникациялық) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қойылған 

мақсат-міндеттерге қол жеткізуге болады. 

Студенттердің  зерттеушілік  құзыреттіліктерін  қалыптастырып,  дамыту 


 

үшін келесідей бағыттарды ажыратуға болады: 



-

 

зерттеу  сапасын  дамытуға  бағытталған  оқу-әдістемелік  кешендер 



пайдалану; 

-

 



ақпаратпен  ӛз  бетімен  жұмыс  істеудің  тиімді  әдіс-тәсілдерін 

қалыптастыру,  студенттер  қабылдауының  жастық  және  жеке  тұлғалық 

ерекшеліктерін ескеру; 

-

 



жалпы  білім  беру  үдерісіне  жобалар  және  зерттеу  технологияларын 

енгізу:  сабақтан  тыс  уақытта  студенттердің  интеллектуалды  тәрбиеленуі 

бойынша тұлғаға бағытталған жұмыстар жүйесін пайдалану. 

Зерттеу жұмыстары әдетте 2 кезеңнен тұрады: 

а) теориялық

б) практикалық. 

Бірінші  кезеңде  негізгі  рольді  педагог  атқарады,  ол  студенттің  пәнге 

деген қызығушылығын тудырады, шындықты іздеуге, шеберлікті меңгеруде 

кӛмекші болады. Екінші кезең бірінші кезеңнің жалғасы болып табылады. 

Практикалық  кезеңде  студенттер  ӛз  бетімен  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізеді, ғылыми-зерттеушілік дағдылар қалыптасып, бекиді. 

Тәжірибе  кӛрсеткендей  студенттерде  ең  алдымен  тақырыпты  таңдауда, 

зерттеу жұмысының мақсат-міндеттерін тұжырымдауда, гипотезаны ұсынып, 

негіздеуде қиындықтар туындайды.  

Сондықтан  студенттің  зерттеу  жұмысында  ӛзін-ӛзі  ұйымдастыру  үшін 

мына шараларды іске асырған жӛн: 

-

 



ғылыми  жұмысты  бастамас  бұрын,  ең  алдымен,  бір  жылға  арналған 

жұмыс жоспары мен кестесін құру қажет; 

-

 

жұмыс  тақырыбын  қорғау,  алғашқы  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі 



бойынша есеп беру, зерттеу жұмысының бірінші тарауын қорғау, алдын ала 

қорғау сияқты бірнеше рет аралық іс-шараларды ӛткізген жӛн; 

-

 

жетекші мен студент жиі кездесулері тиіс; 



Ғылыми  жұмыстың  тақырыбын  таңдауда,  гипотезасын  тұжырымдауда, 

зерттеу  жұмыстарының  жоспарын  құрғанда  ғылыми  жетекшімен  кеңес 



 

құрып,  таңдалған  тақырып  оның  ғылыми  зерттеу  аясының  шегінде  болуы 



тиіс. 

Тақырып  таңдаудағы  кездесетін  тағы  бір  қиындық  ол  –  жұмыстың 

ғылыми  жаңалығы  мен  практикалық  маңыздылығын  айқындау  болып 

табылады. Кейде жұмыстың практикалық маңыздылығы басым болады да, ал 

жұмыстың  ғылыми  жаңалылық  деңгейі  тӛмен  болады.  Ал  студент  үшін 

барлық  материал  жаңалық  болып  кӛрінеді.  Сондықтан,  студенттердің 

ғылыми  жұмыстарын  ұйымдастырғанда,  оның  ғылыми  жаңалығынан  гӛрі 

практикалық маңыздылығына аса назар аудару керек. 

Зерттеушілік  дағдылар  неғұрлым  ерте  қалыптасып,  дамытса,  соғұрлым 

сабақтар,  факультативтер,  арнайы  курстар  тиімді  ӛтеді.  Сондықтан 

зерттеушілік  дағдыларды  мазмұны  мен  орындалуы  бойынша  қарапайым 

тәжірибелер  арқылы  ертерек  қалыптастырып,  дамытқан  жӛн.  Осыған  орай, 

жоғары  оқу  орнында  болашақ  педагогтардың  зерттеушілік  жұмыстарын 

ұйымдастырып, 

ғылыми 

жобаларды, 



ғылыми 

конференцияларды 

ұйымдастырырып, оларға қатысып отырғандары жӛн. 

Жоғарыда  келтірілген  барлық  мәліметтер  болашақ  педагогтардың 

зерттеушілік  құзыреттіліктерінің  дамуына  ықпал  етіп,  студенттің  құзыретті 

маман ретінде қалыптасуына жол ашады, - деп есептейміз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Қазақстан  Республикасының  2015-2020  жылдарға  дейінгі  білім  беруді 

дамыту тұжырымдамасы // Орталық Қазақстан. - 2003. - 27 желтоқсан. 

2  Равен  Дж.  Компетентность  в  современном  обществе:  выявление, 

развитие и реализация. М., 2002. 

3

 



Сенкибаева  А.Т.  Мұғалімнің  кәсіби  құзырлылығын  дамыту//Білім 

берудегі менеджмент, №4. - 2009. 

4

 

Таубаева Ш.Т. «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің зерттеушілік 



мәденитін қалыптастырудың ғылыми негіздері». п.ғ.д....автореферат 2001. 

10 

 

5  Рындина  Ю.В.  Формирование  исследовательской  компетентности 



студентов в рамках аудиторных занятий, молодой ученый – 2011 - №4. Т. 2 – 

С. 127 – 131. 

6  Самашова  Г.Е.,  Курымбаев  С.Г.  Особенности  использования 

мультимедийных  средств  в  учебном  процессе  вуза.  Қарағанды 

университетінің хабаршысы. – 2011. – N1 (61). – С. 45 – 50. 

 


11 

 

УСЛОВИЯ ФОРМИРОВАНИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ 



КОМПЕТЕНЦИИ БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ 

Авторами 

определены 

пути 

формирования 

исследовательской 

компетенции  будущих  педагоговю.  Проведен  анализ  данного  понятия  и 

общие  характеристики  компетенции,  профессиональные  компетенции, 

проведен  анализ  данному  понятию.  Рассмотрены  общие  характеристики 

компетентности,  исследовательской  компетентностию.  А  также  пути 

формирования  исследовательской  компетентности  будущих  педагогов. 

Приведены  материалы  формирования  компетентности  в  рамках 

факультативных  занятий,  внеклассных  работ  и  т.д.  Проанализирован 

анализ видов факультативных занятий, внеклассных работ. Обозначены их 

цели и задачи. 

Ключевые  слова:  компетенция,  профессиональная  компетенция, 

исследовательская  компетенция,  факультативные  занятия,  внеклассные 

работы, научно-исследовательские навыки. 

 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері

жүктеу 82.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет