Бойынша Сырдария ауданында 201



жүктеу 0.89 Mb.

бет4/7
Дата11.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

 

татулық 

мекені»  атты  театрландырылған  мерекелік

 

концерттік 

бағдарлама

 

өткізілді.  Шараға  аудан  әкімінің  орынбасары 



Б.Өтегенова,  аудандық  ардегерлер  кеңесінің  төрағасы 

Х.Әбенұлы,  соғыс  және  еңбек  ардагерлері,  түрлі  сала 

мамандары,  аудан  тұрғындары  мен  қонақтары  қатысты. 

Мерекелік  шара  «Көктем  вальсі»  биімен  ашылып,  мәдени 

үгіт  бригадасының  мүшелері  еліміздегі  өзге  ұлт  өкілдері 

жайлы  жыр  шумақтарын  оқыды.  Өз  кезегінде  ауданға 

қарасты

 

мектеп,  мекемелер  қызметкерлері  өзге  ұлт 



өкілдерінің  ұлттық  билерін  қойылым  ретінде  көрсетіп, 

думанды  шараның  сәнін  келтірді.  Мектеп  түлектері  арман 

тілектерін  айтып,  әуе  шарларын  ұшырса,  ынтамақ  пен 

бейбітшілік символы саналатын ақ кептерлер аспан көгінде 

қанат

 

қақты.  Аудан  әкімінің  орынбасары  Б.Сұлтанбекқызы 



сөз  сөйлеп,  аудан  халқын  аудан  әкімінің  атынан 

құттықтады.  ҰОС

-

ның


 

ардагері  Я.Тасыров  жұршылыққа 

арнап  ақ  батасын  берді.  Айтулы  күн  қарсаңында  аудан 

әкімі


 

орынбасары  Б.Өтегенова  зейнеткерлік  демалысқа 

шыққалы  отырған  аудандық  мұрағат  саласының  ардагері 

Р.Сәдуқызы  мен  аудандық  құрылыс  саласының  ардагері 

М.Оспанұлына  аудан  әкімінің  Құттықтау  хатын  табыстап, 

сый


-

сияпат  жасады.  Этнос  өкілдері  көпшілік  алдында 

өнерлерін

 

паш  етіп,  дәстүрлері  бойынша  сәлем  салды. 



Қазақ  тілінде  әдет

-

ғұрыптарын,  мәдениетін  жұртшылыққа 



таныстырды.  Шара  барысында  аудандық  мәдениет  үйінің 

өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала биледі және 

аудандық  әуез  мектебінің  домбырашы,  баяншы,  қобызшы, 

скрипкашыларынан құралған ансамбль өнер көрсетті.

 

       


Достық үйінде орналасқан №1 филиал кітапханасының 

ұйымдастыруымен



 

тұрақты 


кішкентай 

оқырмандар 

арасында

 

1-



мамыр 

Қазақстан 

халықтарының 

ынтымақтастық  күніне  орай  «Достықпен  нұрлы  ертеңім»

 

атты  балалар  ертеңгілігі  өтті.  Шараның  мақсаты: 



Балаларға  өздері  өмір  сүріп  жатқан  егемен  еліміз 

Қазақстанда 

мекендейтін 

халықтардың 

достығын, 

ынтымақтастығын  дәріптей  отырып,  достық  қарым

-

қатынастың  қадір



-

қасиетін  ұғындыру.  «100  нақты  қадам» 

Ұлт жоспарында Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен 

ел



үлкен  отбасы»  кең  көлемді  жобасын  әзірлеу  және 

жүзеге  асыру,  ол  қазақстандықтардың  біртектілігін 

нығайтады 

және 


азаматтық 

қоғамның 

бүтіндігін 

қалыптастыру  үшін  жағдай  туғызады  деп  атап  көрсеткен. 

Ал  біздің  бүгінгі  бүлдіршіндеріміз,  ертеңгі  ел  бүтіндігін 

қорғайтын ел азаматтары емес пе!

      


Шараны 

кітапхана 

қызметкері 

жүргізіп,айтулы 

мерекемен  жиналған  қауымды  шын  жүректен  құттықтап 

өтті. Сонымен қатар елімізде мекендейтін түрі басқа болса 

да,  тілегі  бір  өзбек,  кәріс,  орыс,  шешен,  татар  тәрізді 

ұлттардың  өздерінің  ұлттық  киімдері,  ұлттық  тағамдары 

мен  салт

-

дәстүрлері  әр  түрлі  болғанымен  жүрек 



түкпіріндегі  жылылықтың  бір  екендігінен  мағлұмат  беріп 

өтті. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар бір

-

бірін  сыйлайды  және  олар  еліміз  тыныш,  бейбіт  өмір 



сүрулерін  қалайтынын  айтты.  Балалар  айтылған  сөздерді 

бар  ынталарымен  тыңдай  отырып,  өз  ойларымен  де 

бөлісті.Олар  «Достық  деген  сөздің  мағынасын  қалай 

түсінесіңдер?»  деген  сұраққа  бір  ауыздан:  «Дос  деген 

жақсы  онымен  бірге  сен  қуанышыңды  бөлісе  аласың, 

қиналған  кезде  ол  саған  көмек  қолын  созуға  әрқашан 

дайын  тұрады.  Біз  бір

-

бірімізді  қолдау  арқылы  үлкен 



табыстарға 

жетеміз»


-

деп 


жауап 

берді.Ертеңгілікте 

бүлдіршіндер  сонымен  қатар  достық  туралы  жыр 

жолдарын 

жатқа 

оқып 


,мақал

-

мәтелдердің 



мән

-

мағынасына 



тоқталып 

өтті. 


Шарада 

Д.Пірімов, 

А.Серікбаева, Б.Сабитұлы, Н.Ұлықбекұлы, А.Кеңесова мен 

Е.Асқаровалар  белсенділік  танытты.  Ертеңгілік  соңында 

А.Жұбановтың  «Ақ  көгершін»  әні  орындалып,  «Қазақстан 

достық мекені» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 

     


Айдарлы ауылдық клубында «Елін қорғау –

 

ерге серт»

 

атты  ауылдық  жігіттер  байқауы  өткізілді.    Байқауды 

клубының  әдіскері  Оспан  Орынбай  жүргізіп,  сайысқа  ауыл 

мақтаныштары  Доседұлы  Ерсұлтан,  Асылұлы  Нұрсұлтан, 

Жанділдәұлы  Сұңғат  қатысып,  өнер  көрсетті.  Жігіттер 

«Таныстыру»,  «Қызық  екен»,  «5  қару»,  «Жан  досым», 

«Дартс  ату»  кезеңдері  бойынша  өз  біліктіліктерін  көрсетті. 

Айдарлы ауылындағы талантты, қайсар, айбынды да асқақ 

жігіттерді жан

-

жақты насихаттау, сахна мәдениетіне баулу, 



шығармашылығын  дамыту,  қолдау  көрсету,  жастардың 

патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған 

бұл байқауда көрермендердің дауыс беруі арқылы жеңіске 

жетіп,  І  орынды  Доседұлы

 

Ерсұлтан,  ІІ  орынды  Асылұлы 



Нұрсұлтан,  ІІІ  орынды  Жәнділдәұлы  Сұңғат  иеленіп, 

Дипломдармен марапатталды.

 

     


Аманкелді 

ауылдық 


мәдениет 

үйінде 


«Сәлем  

алыстан» 

атты 

патриоттық 

әндерді 

орындаушылардың  мекемеаралық  байқауы

 

өткізілді. 



Байқауға  ауыл  мекемелерінен  10  талапкер  қатысып,  өнер 

көрсетті.  Нәтижесінде  Бас  жүлдені  ауылдық  мәдениет 

үйінен  қатысқан  Елғон  Қанат,  І  орынды  балабақша 

қызметкері  Жәкеш  Ғазиза,  ІІ  орынды  ауылдық  аурухана 

қызметкері  Әлімбетова  Лаура  мен  Иманбердиева  Мөлдір, 

ІІІ  орынды  Қ.Баймағамбетов  атындағы  №  42  мектебінің 

мұғалімі  Баймырзаев  Нұрхан  иеленіп,  қалған  талапкерлер 

Алғыс 


хаттармен, 

сыйлықтармен 

марапатталды. 

«Жадыра» 

әжелер 

ансамблінің 



белді 

мүшелері 

Иманбердиева  Бисенкүл,  Ахметова  Пернекүл  аналар 

ұйымдастыру  алқасының  арнайы  жүлдесімен  (сегіз  мың 



теңге ақшалай жүлде)

 

марапатталды.



 

        


Аудандық  орталық  кітапхананың  пайдаланушыларға 

қызмет


 

көрсету  бөлімінің    ұйымдастыруымен  Қазақстан 

Карулы  Күштеріне  25  жыл  толуына    орай  «Әскері  мықты 

елдің  іргесі  берік»  атты  танымдық  кеші

 

кітапхана 



оқырмандары  және  №210  мектептің  жоғары  сынап 

оқушыларымен  өткізілді. 

 

Мәдени шараның мақсаты: Жас 



жеткеншектерді  ата –

 

бабамыздың  қасық қанымен жеткен  



кең байтақ  еліміз бен жерімізді  қорғауға,  отансүйгіштікке, 

елжандылыққа    тәрбиелей  отырып, 

 

патриоттық  сезімін 



ояту.  Елбасымыздың  Қазақстан  халқына    жолдаған 

Жолдауында  атап  көрсеткендей  ұлтаралық  достық  пен 

бейбітшілікті  сақтауды  насихаттау.  Шараны  кітапхана 

қызметкері  Л.Жұмабаева  кіріспе  сөзбен  ашып,  1992  жылы 

7 мамырда  Елбасымыз  Тәуелсіз елдің әскери  кауіпсіздік 

жүйесін  құруда  «Қазақстан  Республикасының  Қарулы 

Күштерін  құру  туралы»  Жарлыққа  қол  қойғаны    жайлы 

айтып, 


тәуелсіздігіміз 

бен 


тұрақтылығымызды, 

тыныштығымыз  бен  бейбіт  тірлігімізді  қас  қақпай  күзетіп 

тұрған, халқымызға қорған болған

 

ұлттық әскеріміз туралы 



жан 

жақты  мағлұматтар  беріп  өтті.  Мектеп  оқушылары 



қазақ  ақын 

жазушылардың  «Бейбітшілік  сақталады», 



«Шекара»,  «Қазағым»,  «Сарбаздар  маршы»,  «Жас  ұлан» 

атты  өлең  жырларын  мәнерлеп  оқып,  көрермендердің 

ыстық 

ықылсына 



бөленді. 

Кітапхана 

қызметкері 

Ж.Оразымбетова «Ұлт сарбаздары

ел қорғаны» атты кітап 



көрмесімен  таныстырып,  әдебиеттерге  библиографиялық 

шолу  жасады.  Шара  нәтижесінде  кітапханаға  жаңадан  2 

оқырман тіркеліп, 5 кітап оқуға берілді.

 

     



Қоғалыкөл  ауылдық  кітапханасының  ұйымдастыруымен

  

7 мамыр 


-  

Отан қорғаушылар күніне орай



  

«Елді  қорғау –

 

ер  парызы» атты тақырыптық кеш № 44 орта мектептің 

төменгі  4

-

5  сынып  оқушылары,  оқытушылары  арасында 



өткізілді.  Тақырыптық  кеш  барысында  «Сенің  Отан 

алдындағы  борышың»,  «Еліміздің  Қарулы  күштері»  атты 

тақырыптар  бойынша  оқушылар  ұлттық  әскерімізбен, 

қазіргі  кезеңдегі  жетілген    қарулы  күштер  техникаларымен  

қысқаша танысты. Кеш барысында әскери  пәннің  мұғалімі 

Н.Қосбақов  жауынгерлер    жайлы  қызықты    әңгімелер 

айтып, балаларды елін,  жерін қорғауға  әрқашанда  дайын 

болуға    әскер    қатарында    болу  әрбір  азаматтың  қасиетті 

борышы  екендігін,  отанды  сүйіп  өсу  керектігін  айтты.  Кеш 

барысында 



 

«Қарулы    күштер  –

 

біздің    айбынымыз»



 

атты 


кітаптар 

көрмесімен 

кітапханашы 

Н.Жұматаева 

таныстырып, кітаптарға шолу жасады.

 

     



Сырдария аудандық тарихи

-

өлкетану музейі 7  мамыр  –



 

Отан  қорғаушылар  күніне  орай  аудандық  №7  өрт  сөндіру 

бөлімі  қызметкеркерлеріне  «Бүгінгі  ұландар  –

 

ертеңгі  ел 

қорғаушылар»  атты  лекция  оқыды.  Лекция  барысында 

1992  жылдың  7  мамырында  тәуелсіз  елдің  заңдық 

құқықтарының  негіздеріне  және  тәуелсіз  мемлекеттер 

достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен 

келісімдерге 

байланысты 

ҚР 

Президенті 



Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығы 


бойынша 

Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  Күштерінің  Құрылған  күні 

«7 

мамыр 



 

Отан 

қорғаушылар 

күні»

 

болып 



жарияланғандығы және ҚР Қарулы күштері  жайлы мәлімет 

берілді.


 

     


Аудандық 

орталық 


кітапхана 

қызметкерлерінің 

ұйымдастыруымен  «Өскелең  ұрпақты  діни  экстремизм 

мен терроризм  иделогиясынан сақтандыру жолдары» 

атты  пікір 

алмасу    кеші  болып  өтті.  Мәдени  шараға 



кітапхана  қызметкерлері,  №35  мектеп

-

лицейінің  жоғары 



сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

 

    



Мәдени  шараны  кітапхана  директоры  Г.Нұржакиева 

кіріспе  сөзбен  ашып,  Қазақстанда  көптеген  конфессиялар  

мен

 

өзге  ұлт  өкілдерінің    бейбіт  өмір  сүріп  жатқанын, 



дегенмен,  діни  экстремизм  мәселесі  біздің  елімізді  де 

айналып  өтпегенін  айтып  өтті.  Облыстық  дін  мәселелерін 

зерттеу  орталығының    Сырдария  ауданы  бойынша  теолог 

маманы  Қ.Бұқарбаев  Елбасының  «Біз  Қазақстанның 

барлық  азаматтарының  отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне 

деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз»  дегеніндей 

мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының өз елінің 

мүддесіне  қызмет  етуден  көрінетін  туған  еліне,  жеріне, 

Отанына  деген  сүйіспеншілік  сезімі  қоғам  дамуы  мен 

ұрпақтар  сабақтастығының  маңызды  құрамдас  бөлігі 

екендігін  айтып,  еліміздегі  ауызбіршілік,  елжандылық, 

адамды  сүю,  бейбітшілік  пен  тыныштық  –

 

дәстүрлі 



дініміздің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер 

төндіретін  жат  ағымдардан  бойымызды  аулақ  ұстау 

керектігін  түсіндірді.  Сонымен  қатар  жас  өскіндердің 

көкейінде  жүрген  түрлі  сұрақтарға  жауап  беріп,  өзіміздің 

қасиетті  ислам  дінімізді  ұстанатын  қазақтың  инабатты  ұл

-

қыздары  болып  өсетіндеріне  сенімінің  зор  екенін  айта 



отырып, сөзін қорытындылады.

 

     



Ауданымызда  Ұлы  Жеңістің

 

72  жылдығы  кең  көлемде 



аталып өтілді.

  

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және елге 



оралып,  елеулі  еңбек  еткен  боздақтардың  ұрпақтары 

«Жасампаз жасақ» құрып, сап түзеді. Бейбіт шеруді

  

аудан 


әкімі

 

Ғ.Қазантаев бастап,



  

ата


-

баба рухына кұрмет көрсетті. 

Содан  кейін  аудан  тұрғындары  «Тағзым  алаңына» 

жиналып,  ерлікпен  қаза  тапқан  майдангерлерге  құран 

бағыштап,  гүл  шоқтарын  қойды.

 

Бұдан  кейін



 

соғыс  және 

еңбек

  

ардагерлері Я.Тасыров, М. Бержанов, Д.Сақтағанов, 



Р.Байменов  бастаған

 

Сырдариялықтар  соғыс  кезінде 



даярланған  ботқадан  ауыз  тиді.  ҰОС

-

ның  ардагері 



М.Бержанов  жиналған  көпшілікке  ақ  батасын  берді. 

Осылайша  мерекелік  шарада  аудан  өнерпаздары  соғыс 

жылдары  мен  бейбіт  күнді  байланыстыратын  тағылымды 

қойылымдарды 

 

қойып,  ән



  

айтып  би  биледі.  Аудан 

тұрғындары  мен  қонақтарын  аудан  әкімі  Ғ.Қазантаев 

құттықтап,  әр  отбасыға  амандық,  береке  бірілік,  бейбіт 

күннің  тыныштығын  тіледі.  ҰОС

-

ның



 

ардагері  батагөй 

ақсақал Я.Тасыров

 

жұртшылыққа ақ батасын



  

берді.


  

Соғыс 


және 

еңбек


  

ардагерлері 

Я.Тасыров, 

М.Бержанов, 

Д.Сақтағанов, 

Р.Байменовке 

арнайы 

сыйлықтар 



табысталып,  шапан  жабылды.

 

Шара  барысында



  

арнайы 


бөлім  қызметкерлері,  мектеп  оқушылары,  медицина 

мамандарының 

қатысуымен 

әскери 


шеру 

ұйымдастырылды.

 

     

«Музей  түні  –

  2017» 

мерекелік  шарасы  барысында 

музейдің  «Археология  және  этнография»  залында  қазақ 

халқының 

тыныс

-

тіршілігінен 



көріністер 

көрсетіліп, 

«Ескерткіштер  –

 

ел  тарихы»  атты  археологиялық  және 



тарихи  ескерткіштер  суреттерінің  бөліктерін  құрастырудан 

сайыс  өткізілді.  Сайыс  барысында

 

шараға  қатысушы 



көрермен  қағаз  қиындыларынан  бірнеше  секунд  ішінде 

ескерткіш  суреттерін  құрастырып,  жүлдеге  ие  болды. 

Музейдің  «Аудан  тарихы»  залында  келуші  көрермендер 

«Ақынын  ұлықтаған  ел  азбайды»  жергілікті  ақындар 

өлеңдерінен  үзінді  оқыды.  Сонымен  қатар  1898  жылдан 

ұстаздықпен  қоса  емшілікпен  айналысқан  жергілікті  емші 

Садық ахунның өмірбаянымен, адам емдеуде пайдаланған 

шөп  дәрілерімен  (400

-

ден  астам  шөп  түрін  пайдаланған) 



танысып,  Республикалық  «Жұлдызға  жол»  байқауының 

лауреаты 

«Балауса» 

домбырашылар 

ансамблінің 

(жетекшісі  Қ.Жүнісов)  өнерлерін  тамашалады.  Музейдің 

«Көркемсурет  галереясы»  залында  аудан  ардагерлері 

арасында  шахматтан  турнир  ұйымдастырылды.  Жарысқа 

қатысқан  7  ардагер  жүлделі  орындарды  иеленіп,  бағалы 

сыйлықтармен,  Дипломдармен  және  Алғыс  хаттармен 

марапатталды.  Сонымен  қатар  музей  көрермендері  «Өз 

қабілетіңді сынап көр» сурет салу өнерлерін ортаға салды. 

«Қол  үзбей  сурет  салудан»  бақ  сынасып,  жүлделі 

сыйлықтарға  ие  болды.  Музейдің  «Тәуелсіз  Қазақстан» 

залында  кеш  қонақтары  мен  келуші  көрермендердің 

қатысуымен 

«Рәміздерім 

 



мақтанышым!» 

атты 


викториналық 

сұрақ


-

жауап 


ойыны 

өткізілді. 

Ойын 

барысында 



көрермендер 

Мемлекеттік 

рәміздерге 

байланысты  қойылған  сұрақтарға  жауап  беріп,  өз 

жүлделерін алды. Сонымен қатар аталған залда келушілер 

арасында  дойбы  ойынынан  сайыс  ұйымдастырылды. 

Сайыс ережесі бойынша 3 адаммен сайысқа түсіп, жеңіске 

жеткен  жеңімпазға  сыйлықтар  табысталды.  “Музей  түні  –

 

2017”  мерекелік  шарасына  қатысып,  белсенділік  танытқан 



азаматтар мен азаматшаларға музей ұжымы атынан Алғыс 

хаттар  табысталып,  шара  соңы  музей  алдындағы 

жастардың би кешіне ұласты.

 

     



Сырдария  аудандық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту 

бөлімі 


балабақшадан 

бастап 


мемлекеттік 

тілдің 


қолданылуы

 

аясын  кеңейту  мен  оны  дамыту  мақсатында 



2017  жылдың  мамыр  айының  23

-

де  «Тіл  болашағы



-

балабақшадан»  атты  аудандық  байқауын  өткізді

Байқауға  «Мен  сүйікті  балақан»,  «Ана  тілің  –



 

арың  бұл», 

«Ән  шырқайық,  алақай,  би  билейік,  балақай»  кезеңдері 

бойынша 


ауданымыздың 

әр 


балабақшасынан 

бір 


бүлдіршінннен қатысып, өнер көрсетті. Байқау

 

нәтижесінде 



Бас  жүлдені  «Еркін  бөбек»  балабақшасынан  Ерболатқызы 

Жания,


 

І  орынды  «Қызғалдақ»  балабақшасынан  Сапабек 

Арайлым  мен  «Балауса»  балабақшасынан  Бердіхан 

Айниет, 


ІІ 

орынды 


«Балдырған» 

балабақшасынан 

Сабыржанқызы Назым мен «Алтын сақа» балабақшасынан 

Серік  Айсұлтан,

 

ІІІ  орынды  «Балдәурен»  балабақшасынан 



Хазитова  Айзере,  «Айгүл»  балабақшасынан  Ибрагим 

Айару  мен  «Нұр  бөбек»  балабақшасынан  Мұстафа  Жібек 

жеңіп  алды.  Сырдария  аудандық  мәдениет  және  тілдерді 

дамыту  бөлімінің  басшысы  сайысты  қорытындылап, 

бүлдіршіндерді 

арнайы 


бағалы 

сыйлықтарымен 

марапаттады

.

 



      

Жалпы  қоғамда  халықпен  тығыз  байланысып  күні

-

түні 


еңбек  ететін  ұжымның  бірі 

мәдениет  саласы.  Әрқашан 



айтулы  күндер  мен  мерекелік  шаралардың  басы

-

қасында 



болып, барша жұртшылықтың игілігі үшін аянбай тер төгеді. 

Бұл  сала  мамандарына  жүктелген  талап  зор  десек  те 

болады. Осы орайда аудандық мәдениет үйінде 21 мамыр 

«Мәдениет және өнер» қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне 

орай

 

«Мәдениетім 



мәртебем» тақырыбында мерекелік 

кеш  өткізілді.  Шараға  «Нұр  Отан»  партиясы  Сырдария 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

М.Омаров,  мәдениет  саласының  ардагері  А.Бахтиярова, 

мәдениет  және  білім  саласының  ардагері  Ж.Айсин, 

аудандық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің 

басшысы  Ж.Төрәлиев,  ауылдық

-

округ  мәдениет  үйлерінің 



меңгерушілері,  кітапхана  қызметкерлері,  сала  ардагерлері 

мен аудан тұрғындары қатысты. Мерекелік кеш ЛЭД экран 

арқылы  мәдени  қызметкерлердің  күнделікті  жұмыс  жасау 

процестерін, түрлі шараларға дайындықтарын айғақтайтын 

бейнекөрініспен  басталды.  Содан  кейін  сахна  төріне 

мәдени  үгіт  бригадасы  шығып,  әріптестерінің  атқарып 

жатқан  қызметтеріне  шолу  жасады.  Т.Жаманқұловтың 

«Өнер адамы» әні шырқалды. Мәдени қызметкерлер «Нұр 

Отан» 

партиясы 



Қызылорда 

облысы 


филиалы 

төрағасының  Алғыс  хатымен,  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат 

қызметкерлері  кәсіподақ  комитетінің  Алғыс  хатымен,  ҚР 

Мәдениет 

және 

ақпарат 


қызметкерлері 

кәсіподақ 

комитетінің  облыстық  филиалының  Алғыс  хатымен, 

облыстық 

мәдениет, 

архивтер 

және 

құжаттама 



басқармасының  «Алғыс  хатымен»,  облыстық  халық 

шығармашылығын  дамыту  жане  мәдени

-

продюсерлік 



орталық  директорының  Алғыс  хатымен,  «Нұр  Отан» 

партиясы  Сырдария  аудандық  филиалы  төрағасының 

Алғыс  хатымен,  аудан  әкімі  орынбасарының  Алғыс 

хатымен марапатталды.

 

     

31 

мамыр 

Қуғын

-

сүргін 

және 

ашаршылық 

құрбандарын  еске  алу  күні  аудандық  мәдеиет  үйінде 

аталып өтілді. Осы күні жиналған қауым қайғы мен қасірет 

әкелген 


1932 

жылдардан 

басталған 

қуғын


-

сүргінге 

ұшырағандар туралы сахналық қойылымды, «Халық жауы» 

деген  жаланың  құрбаны  болған  Алаш  азаматтарының 

тағдырынан  көрініс  көрсетілді.  Абақтыға  қамалған  әке  мен 

баланың  жазықсыз  мерт  болуы,  ашаршылық  кезінде  күллі 

қазақ 

халқының 



қабырғасын 

қайыстырғаны 

тарих 

беттерінде  жазулы  тұр.  Аудан  әкімінің  міндетін  атқарушы 



Б.Өтегенова атаулы күннің маңыздылығына тоқталды.

 

     



1  маусым  –

 

Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне

 

орай  орталық  алаңда  балалар  мен  жастардың  музыкалық 



оркестрлері  мен  ансамбльдерінің  шеруі  өтті.  Шеруге 

ауданның  барлық  білім  беру  ұйымдарынан  750  ден  астам 

бала  қатысты.  Аудан  орталығындағы  екі  көше  бойымен 

жүріп  өткен  жастар  орталық  алаңға  жиналып  ән  салып, 

музыкалық  композициялар  орындады.  Аудан  әкімінің 

орынбасары  Б.Өтегенова  алғаш  рет  ұйымдастырылған 

шерудің  маңыздылығына  тоқталып,  қатысушы  жастарға 

алғыс  айтып,  мерейлі  мерекемен  құттықтады.  Шараға 

жиналған балалар көтеріңкі көңіл күймен тарқады.

 


      

«Медицина  қызметкерлерінің  күніне»  орай  аудандық 

мәдениет  үйінде  ұйымдастырылған

 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал