Бұл дипломдық жобаның (немесе жұмыстың) мақсаты экг-5А шөмішті



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата10.06.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

56

 

 



 

 

3.13 сурет - Тікелей байланысты түрлендіргіш 



 

Қысқа  тұйықтаулы  роторлы  асинхронды  электр  қозғалтқыштарында 

токтар  және  статор  мен  ротордың  ағын  іліністері  әртүрлі  бұрыштық 

жылдамдықтармен  айналады,  уақыт  бойынша  өзгеретін  әртүрлі  фазалық 

параметрлерге ие болады және тікелей өлшеулер мен басқаруға көнбейді. 

Асинхронды  электр  қозғалтқышта  жұмыс  кезінде  амплитуда  бойынша 

да,  фаза  бойынша  да  өзгеретін  тек  статор  тогы  ғана  оңай  басқарылатын 

айнымалы 

болып 

табылады. 



Сондықтан 

да 


асинхронды 

электр 


қозғалтқыштарын  басқару  үшін  статор  тогының  амлитудасына,  әрі  фазасына 

да ықпал ету қажет. Бұл векторлық басқару жүйесін қамтамасыз етеді. 

Векторлық  басқару  қағидаты  –  басқару  негізгі  айнымалы  күйлердің 

(статор тогының векторы, ротор тогының векторы, ротор ағынының векторы, 

машинаның негізгі ағынының векторы) векторлары бойынша орындалады. 

Электр  жетектің  тағайындалуына  байланысты  бұл  айнымалылардың 

біреуін айналмалы координаталар жүйесі үшін тірек ретінде таңдайды. 

ЖТ-АҚ  жүйесінде  көп  жағдайда  негізгі  ағын  ілінісінің  модулі 

тұрақтандырады,  ал  қозғалтқыш  моментінің  момент  құрушы  статор  тогы 

жасаушысына 

әсерін 

басқарады. 



Бұл 

жасаушы 


статор 

тогының 


коордианталардың  айналушы  жүйесінің  негізгі  ағын  ілінісінің  осінің 

перпендикуляр осіне кескіні (проекция) болып табылады. 

Векторлық  басқару  жүйесін  іске  асыру  әртүрлі  функционалдық 

блоктарды  пайдаланумен  орындалады.  Мұндай  жүйенің  базалық  (негізді) 

элементі  көрсетілген  айнымалы  күйлер  сигналдарын  статор  және  ротормен 

тығыз  байланысқан  координаталар  жүйесінен  айналмалы  координаталар 

жүйесіне  түрлендіретін  координаталар  түрлендіргіші  –  «векторлық 

түрлендіргіш» болып табылады. 

Векторлық  басқару  жүйесі  жоғары  дәлдікті  электр  жетектің 

динамикалық  жүйелері  үшін  ерекше  маңызға  ие  ТТ-АҚ  электр  жетегінің  ең 



57

 

 



жақсы  статикалық  және  динамикалық  сипаттамаларын  алуға  мүмкіндік 

береді;  бұл  ретте  экскаваторларда  қолданылатын  электр  жетегін  автоматты 

реттеу жүйесінің құрылымы мен элементтік базасы толығымен пайдаланылуы 

мүмкін.  Векторлық  басқару  жүйесінің  қызмет  етілуі  үшін  айнымалы 

күйлердің ағымдағы мәндері туралы анық ақпарат талап етіледі. 

Талап  етілетін  ақпаратты  алу  тура  жолмен  Холл  элементтеріндегі 

магнит  ағынының  векторлық  құрылғы  көрсеткіштерінің  (датчик)  немесе 

электр  қозғалтқыш  статорындағы  қосымша  орамдар  негізінде  магнит 

ағынының  векторлық  құрылғы  көрсеткіштерінің  (датчик)  көмегімен  жүзеге 

асырылуы мүмкін. Айнымалылар күйінің ағымдағы мәндері туралы ақпаратты 

жанама  түрде,  мысалы,  күрделі  математикалық  құрылымға  ие  жағдай 

«бақылаушылары»  мен  идентификаторлары  көмегімен  де  алуға  болады. 

Осыған  қарамастан,  өңделген  бағдарламалары  мен  есептеуіш  құрылғылар 

интеграциясының  жоғары  дәрежесінің  арқасында  магнит  ағыны  ілінісі 

векторының дәл осы жанама идентификациясы кеңірек таралды. 

Айнымалы  токтағы  эскаваторлық  электр  жетекті  жасаудың  ең  үлкен 

қиындығы  –  экскаваторлық  орындауда  айнымалы  токтың  арнайы  электрлік 

машиналарының жоқтығы. 

 

 

3.5 Электр жетек нұсқасын таңдаудың негіздемесі 



 

Жоғарыда баяндалғандардан қорытынды шығаруға болады.  

ЭКГ-5  топтамасының  қолданыстағы  экскаваторын  жаңғыртудың 

(жаңарту)  ең  тиімді  нұсқасы  «Рудоавтоматика»  ААҚ  өндірісіндегі  ТЭМТ 

маркалы  күштік  түрлендіргіші  бар  тұрақты  токтың  тиристорлық 

түрлендіргіш-қозғалтқыш  жүйесіндегі  электр  жетегі  болып  табылады  деп 

қорытынды жасауға болады. Бұл келесі себептерге негізделген: 

- экскаватордың құрылымына елеулі өзгерістер енгізу талап етілмейді

-  жөндеу  мен  машинаның  тоқтап  қалу  уақытын  қысқартуға  мүмкіндік 

беретін түрлендіргіштің блоктық-модульдік құрылымы; 

- электр энергиясы шығындарының азаюы.  

 

 



 

 

 



 

 

 

 

58

 

 



4. Өмір тіршілік қауіпсіздігі 

 

4.1 Еңбек қорғау бойынша ұйымдастыру және техникалық шаралар 

 

Еңбекті  қоғамдық  ұйымдастыру  ұғымын  терең  түсіну  үшін  кейбір 

бастапқы  ережелерді  карастыру  қажет.  Бұл,  ең  алдымен,  материалдық  және 

рухани  игіліктерді  жасауға  бағытталған  адамның  мақсаты  қызметі  ретіндегі 

еңбектің сипаттамасы. Бұл жағдайда әңгіме еңбек процесінің өзі туралы, адам 

мен табиғат арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамның мақсатты 

қызметі,  еңбектің  мәні  (бұл  қызметтің  неге  бағытталғаны)  және  өндірістің 

заттай  элементтері,  яғни  еңбек  құрал-жабдықтары  ретінде  еңбекті  біріктіру 

еңбектің ұйымдық-техникалық сипаты туралы түсінік береді. Екінші жағынан, 

кез  келген  қоғамдық  өндіріс  адамдардың  бірлескен,  ұжымдық  қызметін 

көздейді.  Бұл  ретте  әңгіме  өндіріс  процесіндегі  адамдар  арасындағы 

қатынастар  туралы  болып  отыр.  Адамдардың  бірлескен  еңбек  процесіндегі 

олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық 

қатынастардың жиынтығы еңбекті коғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе 

жеке  кәсіпорын  ауқымында)  ұғымы  туралы  түсінік  береді.  Бұл  орайда 

өндірістің  техникалық  жарақтануына  адамдардың  бірлескен  қызметінің 

тиімділігі байланысты болады. 

Еңбекті  қоғамдық  ұйымдастыру  элементтері  қатарына  мыналар  жатады: 

қоғамның  еңбек  ресурстарының  болуы  мен  олардың  жай-күйі,  еңбекті  бөлу 

мен  кооперациялау,  еңбек  тәртібін  қамтамасыз  ету  және  бірлескен  еңбек 

процесін  басқару,  еңбек  шараларын  және  өндірістің  басқа  да  жағдайларын 

белгілеу,  өндірілген  өнімді  бөлу  тәртібі  мен  осы  процеске  өндірушілердің 

өздерінің қатысу деңгейі, жұмыс күшін ұдайы ұлғайту. 

Еңбекті  қорғауды  басқару  жүйесі  ұйымдастырушылық,  техникалық, 

жылутехникалық,  санитарлық-гигиеналық,  биологиялық,  физикалық  және 

басқа  да  ережелер  мен  қызметкерлердің  өмірі  мен  денсаулығын  қорғауға 

бағытталған шаралар мен критерийлерді белгілейді және міндетті түрде: 

–  кәсіпорын  мен  оның  бөлімшелерінде  еңбектің  қорғалуын 

ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды тағайындауды

–  түрлі  жұмыс  орындары  үшін  (кеңсе  қызметкерлерін  қоса  алғанда) 

қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін; 

–  қауіпсіздік  техникасы,  қоршаған  ортаны  қорғау,  өндірістік  санитария 

мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізу тәртібін; 

–  қызметкерлердің  кәсіби  дайындығын,  физикалық  жай-күйін, 

денсаулық  жағдайын  ескере  отырып,  іріктеу  бойынша  жұмыстарды 

ұйымдастыруды; 

–  кәсіпорын  қызметкерлерінің  қауіпсіздік  техникасы  мен  өндірістік 

нысандарды  пайдалану  ережелері  бойынша  барлық  талаптар  мен 

нұсқаулықтарды сақтауын бақылауды жүзеге асыруды  қарастыруы тиіс. 

Еңбекті  қорғау  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастыру  мыналарды 

көздейді: 


59

 

 



а)  жоғары  буындағы  басшылық  пен  ұйым  мамандарының,  бөлімшелер 

мен  қызметкерлердің  арасында  еңбекті  қорғау  бойынша  міндеттер  мен 

жауапкершілікті бөлуді; 

б)  қызметкерлер  мен  олардың  өкілдерінің  еңбекті  қорғауды  басқаруға 

қатысуын; 

в) қызметкерлерді оқыту мен даярлауды; 

г) еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыруды; 

д) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттамасын әзірлеу рәсімдерін 

жасауды; 

е)  еңбекті  қорғау  жөніндегі  ақпаратты  жинау  және  жөнелту  процесін 

жүргізуді. 

Қабылданған тұжырымдаманың негізінде еңбекті қорғауды қамтамасыз 

ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың аяқталуы: 

а) ұйымның онда еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мақсатын 

жасап айқындауға; 

б)  еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмыстарды 

жоспарлауды жүзеге асыруға;  

в) қажетті ресурстарды бөле отырып, талап етілетін еңбекті қорғау және 

еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыруға, 

сондай-ақ персоналды тиесілі даярлауды жүзеге асыруға; 

г)  өндірісті  басқару  кезінде  алған  ақпаратты  талдау  мен  еңбек 

жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға; 

д) алынған ақпаратты талдаудың нәтижесінде анықталған қауіпсіз еңбек 

жағдайлары  талаптарынан  ауытқушылықтарды  жою  жөніндегі  тиісті  іс-

шараларды әзірлеуге және тиісті шешімдер қабылдауға;  

е)  анықталған  талап  етілетін  қауіпсіз  еңбек  жағдайлары  талаптарынан 

ауытқуларды  жою  жөніндегі  іс-шараларды  іске  асыруға,  сондай-ақ  бұрын 

қабылданған  жоспарларды  түзетуді  жүзеге  асыруға,  персоналды  даярлауды 

жақсартуға  және  олардың  деңгейін  көтеруге,  басқа,  неғұрлым  білікті 

жеткізушілер мен мердігерлерді таңдауға мүмкіндік береді. 

Басшылық,  еңбек  қорғау  жұмыс  ұйым  шаралары,  және  сонымен  қатар 

олардың  жағдайы директорға  және зауыттың бас инженеріне жүктеледі,  ал 

жобаланатын  аумақта  есептегіш  орталығы  бастығына  жүктеледі.  Еңбекті 

қорғау  ұжымы  үшін  шихта  дайындау  аумағында  еңбек  қорғау  кабинеті  бар, 

бір  штатты  бірлік  инженері  техника  қауіпсіздігі  және  еңбек  қорғау,  жобалау 

аумағында – еңбек қорғау бұрышы. 

Оператор  жұмысына  келесілерге  рұқсат  етіледі,  техника  қауіпсіздігі 

нұсқауын  өткендер.  Жобаланатын  аумақта  келесі    нұсқаулар  түрі 

қарастырылады. 

1) кіріспе нұсқаудың негізгі мақсаты жұмысшылардың жалпы зауыттың  

техника  қауіпсіздігі  (ТҚ)  ережелерімен  танысуы  және  өндірістік    санитария 

ережелерімен  танысуы,  ішкі  жұмыс  уақыты    ережелері    және  негізгі 

құқықтары ережелерімен танысуы. Бұл нұсқауларды еңбекті қорғау инженері 


60

 

 



жүргізеді  және  де  жұмысшының  мамандығына,  біліктілігіне,  қызмет  етуіне, 

біліміне және қызмет орнына қарамайды, екі сағат уақыт көлемінде жүргізеді. 

2)  жұмыс  орнында  нұсқауды  шебер  жүргізеді,  әрр  адаммен  бөлек,  

нақты  мамандыққа  еңбек  қорғаудың  ағымдағы  нұсқауларымен    таныстыру 

мақсатында. 

3)  ағымдағы  нұсқауды  өте  жоғары  қауіптілік  жұмыстарды  өндіру 

алдында өткізеді, бұларға кезекті демалыс уақыты бөлінеді. 

4)  кәсіптілігіне  қарамастан  барлық  жұмысшыларға  қайта  нұсқау 

жүргізіледі. Бұл нұсқаулар кем дегенде жарты жылда бірден кем емес, және ол 

топтық  немесе  жеке  болып,  мақсатты  аумақтағы  ТҚ  ережелерін  бұзу 

сипаттамасына байланысты жүргізіледі. 

5)  жоспардан  тыс  нұсқаулар  ТҚ  нұсқауларына  байланысты  өткізіліп 

отырады,  процесс  немесе  құрылғы  ауыстырылған  жағдайда,  еңбек  ұйымы 

және  шарттары  өзгерген  жағдайда,  жұмысшының  ТҚ  бұзған  жағдайда, 

жұмыстан екі айға дейін босатылған жағдайларда жүргізіледі. 

Еңбек  қорғау  заңдылықтарын  техникалық  мемлекет  басқарушы 

инспекторы  қарайды,  мемлекеттік  санитарлық  инспектор  және  жергілікті 

кәсіподақ комитетінің инспекторы қарайды. 

Есептегіш орталықта ай сайын ТҚ бұзу туралы ақпараттық  қағаздардың 

шығарылуы,  дәріс  оқытылуы,  стенттерді  рәсімдеу  шараларын  жүргізу 

қарастырылған. 

Техникалық шаралар 

1.

 

Оператор – технологтың  жұмыс орнын ұйымдастыру 



Оператордың  жұмыс  орны  былай  жобаланған,  жұмыс  жасаушының 

шаршауы  минималды  жинақталуы  қажет.  Оператор  қалауына  байланысты 

тұрып  немесе  отырып  жұмыс  жасауына  болады.  Оператор  орындығының 

айналмалы және биіктелуі, арқаның шалқайуы қарастырылады. 

Оператор пульты СН-245-41 шаршарына сәйкес жеткілікті жарықтануы 

қажет.  Сым  көрінбейтін,  сонымен  қатар  жарықтандыру  комбинациясының 

орнатылуы қарастырылады, өйткені жұмыс үзіліссіз жүргізіледі. Яғни күндізгі 

уақытта  жарықтану табиғи  жарықпен, ал түнгі уақытта  жарық түсіру лампа 

жарығымен,  қажет  болған  жағдайда  үстелге  қойылатын  лампа  орнатылады. 

Тікелей  күн  сәулесінен  қорғау  үшін  терезелерге  жалюзи  орнатылуы 

қарастырылады. 

Бөлме  жалпы  ауысу  желдеткіштермен  орнатылған,  ал  аппаратураның 

жұмыс істеу орнында тарту желдеткішімен орналастырылған.  

Қысқы уақытта бөлме жылытылады. 

2.

 

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету 



Қызмет  көрсетушілердің  электр  тогына  түсу  мүмкіндігі  алдын-алу 

мақсатында,  1000  В-қа  дейін  құрылғылар  электр  қорғау  талаптарына  сай 

келесі ұйымдық және техникалық шаралар жүргізілуі  қажет: 

1) аппаратураны қызмет көрсететін және жөндейтін адамдар, 1000 В-қа 

дейін құрылғыларда электроқорғаныстың 3 тобына ие болуы қажет, жеке өзі 

қызмет  көрсеткен жағдайда. 



61

 

 



2) қызмет көрсетушілер (оператор) – 2 топын. 

3) барлық бөлме  контурында жерлену шиналары қойылуы қажет. 

4) барлық металлургиялық қондырғылар жерлендірілуі  қажет, ал электр 

құрылғы  корпусы  жерлендіру  тростары  жеріне  қосылуы  қажет,  техника 

қауіпсіздігі ережесіне  сай. 

 

 



4.2  Электр  тогының  адамға  әсері.  Статикалық  электрленуден 

қорғану шараларын таңдау 

 

4.2.1 Электр тогының адамға әсері 

 

Кез-келген  кернеуде  тұрған  электр  құрылғысы  адам  өмірі  үшін  қауіп 



тудырады. Оқшауланбаған сымдар мен электр қондырғысының ток жіберетін 

бөліктеріне  жақындаған  адам  электр  тізбегіне  қосылған  кернеуге  түседі. 

Кернеу әсерімен оның денесінен адам ағзасының қалыпты жұмысын бұзатын 

электр тогы өтіп, соның салдарынан адамның денесі құрысып-тартылып, дем 

алуы тоқтап, жүрек қағысы тоқтайды. Адам денесінің бір бөліктері күйіп, ол 

ауыр күйік жарақаттарын алады. Адам өмірі тоқтайды, не болмаса ол мүгедек 

болып қалады. 

Адам денесінен өтетін ток қаншалықты көп болса, ол соншалықты оның 

өміріне қауіпті! 

Адам  токқа  түсіп  қалған  ток  кернеудің  жоғары  болуына  байланысты. 

Қауіпсіз  деп  12  вольтті  кернеу  саналады.  Ал  өнеркәсіп  пен  ауыл 

шаруашылығында, және тұрмыста біршама кеңінен  таралған электр желілері 

220 - 380 вольтті (220 вольт – жарықтандыру және тұрмыстық асапаптар үшін, 

380  вольт  –  үш  фазалы  электр  қозғалтқыштары  үшін).  Бұл  кернеу 

экономикалық  жағынан  үнемді,  бірақ  адам  үшін  қауіпті.  Көптеген  өмірге 

қауіпті  жазатайым  оқиғалардың  көбі  220-380  вольтті  кернеуге  түскен 

адамдардың  оқиғаларына  байланысты  болған.  Электр  тогының  қаупі  адам 

ағзасында электр тогын қашықтыққа сезетін арнайы мүшесі жоқ. Электр тогы 

түссіз,  иіссіз  және  шусыз  әсер  етеді.  Электр  қондырғысы  кернеуде  немесе 

токта  тұрғандығын  арнайы  приборлардың  көмегінсіз  сезу  қиын.  Бұл 

адамдардың  қауіпті  көбінесе  сезінбей,  қажетті  қорғаныс  шараларын 

қолданбауына  әкеп  соқтырады.  Адам  денесінен  өткен  электр  тоғы 

биологиялық, электролитті, механикалық және термикалық әсер етеді. 

Тоқтың  термиялық  әсері  дененің  кейбір  жердегі  күйік  қан 

тамырларының,  нервтердің,  қанның  қызып  кетуінен  білінеді.  Тоқтың 

электрлік  әсері  қанның  және  организмнің  басқа  да  сұйықтықтардың 

ыдырауына  байланысты.  Олардың  физикалық-химиялық  құрамының  біраз 

бұзылуын 

туғызады. 

Тоқтың 


биологиялық 

әсері-органикалық 

тірі 

жасушалардың қызуы нәтижесінде буындар тартылып қалады,сонымен қатар 



жүрек  пен  өкпе  қысылады,  нәтижесінде  қан  айналу  мен  тынысалу 

органдарының жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтату да мүмкін. 



62

 

 



 

Электр тоқтың әсері 2 түрлі жарақатқа әкеледі: 

1.Электрлік жарақат. 

2. Электрлік тоқ соғу. 

Электрлік  жарақат  тоқ  әсерінен  тірі  жасушаларының  тек  кейбір 

жерлерін жарақаттайды. Оның түрлері: 

1.Электрлік күю. 

2. Электрлік белгілер. 

3. Терінің металдануы. 

4. Электроофтальмия. 

5. Механикалық жарақаттар. 

1.  Электрлік  күю  ең  көп  таралған  электрожарақат.  Оның  екі  түрі  бар: 

тоқты, доғалы. Күйіктің 4 дәрежесі болды: 

1. терінің қызаруы 

2. көпіршщіктің пайда болуы 

3. терінің барлық қабаттарының жансыздануы 

4. жасушалардың өліп жиналуы 

2.  Электрлік  белгілер.  Адам  денесінде  сұры  және  күлгін  сары  түсті 

дақтар  пайда  болады.  Белгілері  жырық,  соғулар,  дақ  түрінде  кездеседі. 

Электрлікбелгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл. 

3. Терінің металдануы. Электрлік доға нәтижесінде ыдыраған металдың 

кішкентай  бөліктері  терінің  жоғары  бөліктерінде  жиналады.  Олар  қысқа 

тұйықталу және рубильниктердің сөнуі нәтижесінде пайда болады. 

4.  Электроофтольмия  -  электрдоғаның  интенсивті  әсерінен  көздің 

зақымдалуы. 

5.  Механикалық  -  адам  денесі  арқылы  өткен  тоқтың  әсерінен 

буындардың тартылуы. 

Электрлік  тоқпен  соғу  нәтижесінде:  жүрек  жұмысы  тоқталуы  мүмкін;  

тыныс алу тоқталуы мүмкін; электрлік шок болуы мүмкін. 

Электр тогының адамдарға әсер етуіненің салдары мен сипаты келесідей 

факторларға байланысты: 

1. Адам денесінің тоққа қарсы кедергіге

2. Тоқтың шамасы мен кернеуіне; 

3. Электр тогының әсер ету ұзақтығына; 

4. Тоқтың адам денесіндегі жолына; 

5. Электр тогының жиілігі және оның тегіне

6. Қоршаған орта жағдайына. 

Адам денесі электр тогының өткізгіші болып табылады. Электр тогына 

кедергі қасиетін көрсететін тері, сондықтан адам денесінің кедергін ең басты 

тері кедергісімен анықталады. 

Адам терісі құрғақ және жарақаттанбаған болса, қарсыласуы 3-100 дейін 

кОм  шамасын  береді.  Ал  терінің  ішкі  қабырғалары  300-500  Ом  қарсылықты 

құрайды. Ол қоршаған орта күйіне және электр тізбегіне байланысты. 


63

 

 



Тоқ ұзақ соқса ауыр жарақатқа, кейде өлімге алып келеді. Ұзақ тоқ соғу 

әсерін эмпирикалық формуламен есептеуге болады: 

                                                             

Jn =50 ∕t                                                  (4.2.1) 

 

мұнда, J


n

- адам денесіне өткен тоқ

t – уақыт 

Мұны есептеу қорғаныс құралдарын пайдалану үшін қажет. 

 

4.2.2 


Статикалық электрленуден қорғану шараларын таңдау 

 

Статикалық электр тогынан қорғанудың осы статикалық электр тогынан 



қорғанудағы 

өнеркәсіптік 

қауіпсіздіктің 

жалпысалалық 

талаптары 

жобаланатын,  қайта  жабдықталатын  және  жұмыс  істеп  тұрған  қауіпті 

өнеркәсіп нысандарына таралады. 

Статикалық электр тогынан қорғану шаралары А, Б, В және Е дәрежелі 

жарылыс және өрт қауіпті өндіріс орындарының В-1а, В-1, В-1б, В-1г, В-11, В-

11а,  11-11,  11-11а,  11-111  санатты  сыртқы  қондырғыларына  жүргізіледі. 

Аталған  санаттарға  жатпайтын  өндіріс  орындарында  статикалық  электр 

тогынан  қорғану  шаралары,  өндірісте  қызметкерлердің  статикалық  электр 

тогынан зақым алу қаупі бар кезде жүргізіледі. 

Жаңа технологиялық процестерді, техникалық құрылғыларды дайындау 

жұмыстары,  өнеркәсіптік  өндірістерде  заттардың  қауіпті  электрлендірілуін 

болдырмауын  есепке  ала  отырып  жүргізіледі.  Жобалауға  арналған  алғы 

шарттарда келесі мәліметтер көрсетіледі: 

1)  берілген  өндірістегі  қолданылатын  және  өндірілетін  заттардың 

салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісінің мөлшері; 

2)  қауіпті  статикалық  электрдің  пайда  болуын  болдырмау  талаптары, 

алынатын  өнімнің,  оның  сапасын  өзгертпейтіндей  қалыпта,  оның 

салыстырмалы  көлемдік  немесе  беттік  электрлік  кедергісін  төмендету  үшін 

статикалық электрге қарсы заттарды пайдалану мүмкіндігі. 

Статикалық  электр  зарядтары,  заттардың  сығылуы,  майдалануы 

(шашырауы), 

денелердің, 

сұйық 

қабаттардың 



немесе 

түйіршік 

материалдардың  өзара  түйісуі,  салыстырмалы  қозғалысы,  олардың  

кристалдануы  және  булануы  кезінде  пайда  болады.  Статикалық  электрдің 

қауіпті  мөлшерінің  қордалану  мүмкіндігі,  оның  пайда  болу  жиілігімен, 

сонымен  қатар,  зарядтар  қозғалысының  шарттарымен  анықталады. 

Технологиялық  жабдықтарда  зарядтардың  пайда  болуы,  ондағы  өңделетін 

заттардың,  жабдықтардың  бөлшектерінің  материалдарының,  технологиялық 

процестің  физикалық-химиялық  қасиеттерімен  анықталады.  Зарядтардың 

ағынының  пайда  болу  процесі,  негізінен  өңделетін  заттардың,  қоршаған 

ортаның  және  жабдықтардың  материалдарының  электрлік  қасиеттерімен 

анықталады.  Меншікті  көлемдік  кедергісі  10

5

  Ом/м  мөлшерінен  төмен 



64

 

 



болатын заттар мен материалдар, егер олар шашырамаса немесе себеленбесе 

электрмен зарядталмайды. 

Өндірістегі  жабдықтарда,  өңделетін  заттарда,  адамдардың  үстінде 

электр разрядының қауіпті ұшқындарының пайда болуының алдын алу үшін, 

өндіріс  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  пайда  болған  статикалық  электр 

зарядтарының  қауіпсіз  ыдырауын  қамтамасыз  ететін  келесі  шаралар 

қарастырылады: 

1)  жабдықтар  мен  коммуникацияларды  жерлендіру  арқылы  зарядты 

ауытқыту,  адам  денесін  тұрақты  түрде  жерлендіргішпен  электр  арқылы 

түйістіруді қамтамасыз ету; 

2)  меншікті  сиымдылықты  және  беттік  электрлік  кедергіні  азайту 

арқылы зарядтарды ауытқыту; 

3)  радиоизотопты,  индукциялы  және  басқа  да  бейтараптандыруларды 

қолдана отырып зарядтарды ыдырату. 

Статикалық электр зарядының пайда болу жиілігін азайту үшін: 

1)  барлық,  технологиялық  мүмкін  жерлерде,  жанғыш  газдарды 

түйіршікті  сұйық  және  қатты  бөлшектерден,  ал  сұйықтықтарды  –  ерімейтін 

қатты және сұйық қоспалардан тазалау

2)  өндіріс  технологиясы  қажет  етпейтін  жерлерде  шашырау,  майдалау, 

бүркіп шашуды болдырмау; 

3)  аппараттар  мен  тасымалдау  магистралдарындағы  материалдардың 

қозғалу  жылдамдығын,  жобада  көрсетілген  мөлшерлерден  аспайтындай  етіп 

таңдау керек. 

Статикалық  электр  заряды  пайда  болуы  мүмкін  жарылыс  қауіпті 

өндірістерде  технологиялық  және  тасымалдау  жабдықтары  (аппараттар, 

ыдыстар,  машиналар,  коммуникациялар  және  тағы  басқалары)  электр 

кедергісінің  меншікті  сыйымдылығы  10

5

  Ом/м  мөлшерінен  артық  емес 



материалдардан жасалады. Егер заттарды шашпай және бүркіп сеппей өңдеу 

және  тасымалдау  кезінде,  электр  кедергісінің  меншікті  сыйымдылығы  10

5

 

Ом/м  мөлшерінен  кем  болатын  материалдардан  жасалған  электрлі  өткізгіш 



жабдықтар  қолданылған  болса,  онда  бұл  жағдайда  статикалық  электрден 

қорғану шараларын қарастырмауға болады. 




жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет