Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Меншік иесі



жүктеу 1.47 Mb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата14.09.2017
өлшемі1.47 Mb.
  1   2   3

Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан

Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.

Меншік иесі: “Төлеби туы кz” қоғамдық-саяси газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газет Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 2013 жылғы 20 маусымда тіркеліп, №13704-Г куəлігі берілген.

ЖШС директоры ─

бас редактор

Əбдімəлік

Түймебекұлы

РАХМАНҚҰЛОВ

Телефондар: Бас редактор 6-20-14, факс

(872547) 6-20-14, бас редактордың

орынбасары, секретариат 6-19-99, бөлім-

дер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет, тұр-

мыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,

бухгалтерия  6-19-52.

Газет айына бір рет шығады. Редакция

материалдардағы фактілердің дұрыс-

тығына автор жауапты екенін ескертеді.

Газет редакцияның компьютер

орталығында теріліп, “АР-принт”

ЖШС-нің баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Тəшенов

көшесі, №24 үй.

Газетке жазылу индексі 66745

Таралымы 1705

Тапсырыс №

8

24-қаңтар 2015 жыл

ʼêñ´éåê


áàñ-

òàóûø ìåêòåái-

íiº 4-ñûíûï î°ó-

øûñû Ìóñëèì Êó-

ëàåâ (ñóðåòòå)

ñàëμàí ñóðåòòåð.

Îë ìåêòåïiøiëiê

æàðûñòàðäûº

æåºiìïàçû. 

Þ.Í. ÌÎÈÑÅÅÂÀ,

ñûíûï æåòåêøiñi.

Т

Ə

У

Е

Л

С

І

З

Д

І

К

Áiëiì ´ëåìi

Ѽçæ½ìáà°

1. Рəміз

2. Отбасы мүшесі

3. Серт беру (синоним)

4. Дала жануары

5. Үй жануары

6. Уақыт білдіреді

7. Тышқанның үйі

8. Аттың бір түрі

9. Футбол ойнайтын зат

10. Киім ілетін

11. Жүк көтергіш

Жібек ҚАСЫМ,

Т.Тоғысбаев

атындағы орта

мектептің 6 “А”

сынып оқушысы.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек

етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп

оқушылары, мұғалім оларды қалай

тəрбиелесе Қазақстан сол деңгейде

болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін

міндет ауыр» деген болатын. Ендеше, жас

ұрпаққа сапалы білім беру -- ұстаздар

еншісінде. Мемлекеттік білім саясаты ең

алдымен мұғалімдердің біліктілігіне басты

назар аударады. Білім беру ісіндегі озық

үлгілерімен тұғырлы ұстанымдарымен

тығыз байланыстыра отырып дамыту, жас

ұрпақтың, болашақ ұрпақтың қабілеті мен

талантын ашу, шығармашылық ойлау

қабілетін жетілдіру, осы арқылы өз-өзіне

деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда

өз жолын өзі таңдауында. Міне, бүгінгі

таңның басты мəселесі осы.

Шығармашылықтың негізі ізденімпаздықта

жатыр. Баланың өзіне деген сенімін

қалыптастыру,    оның өмірден өз орнын

табуына жол ашады. Осыған байланысты

мектепке келген күннен бастап мен өзімнің

алдымда қиындығы мен қуанышы қатар

жүретін ұзақ жол тұрғанын жақсы түсіндім.

Алғашқы күннен бастап алар асуым мен

жетер мəремді айқындап, өзім үшін

шəкірттердің жүрегіне ең жақын қолайлы

жол деп білген шығармашылық

тақырыбымды нақтылап алдым. Менің

шығармашылық тақырыбым «Биология

сабақтарында БИС технологиясын

пайдалану» болатын. Осы тақырып

төңірегінде үш жыл жұмыс істеп

шəкіртеріме сапалы білім мен саналы

тəрбие бере білдім. Олай дейтін себебім,

оқушыларым аудандық пəн

олимпиадасына қатысып, 2010 жылы

екінші дəрежелі мақтау қағазымен

марапатталды.

2013 жылдың қыркүйек айында

Елбасымыздың қолдауымен,  ҚР білім

министрлігінің қаржыландыруымен іске

асып жатқан білім берудегі Кембридж

тəсілінің негізінде 3 айлық курстың  үшінші

деңгейі бойынша  курстан өттім. Курстан

өту барысында менің көзқарасым, сабақта

пайдаланатын əдіс-тəсілдерім мүлдем

өзгерді десем болады. Соған орай

шығармашылық тақырыбымды

ауыстыруға тура келді. Бұл шешім мен

үшін дұрыс таңдау деп білдім. Болашақта

өркениетті дамыған елдер  қатарына ену

үшін заман талабына сай білім қажет. Сын

тұрғысынан ойлауды дамыту модулі–

əлемнің озық білім берушілердің бірлескен

еңбегі. Бұл сыни тұрғысынан ойлануды

"ойлау туралы ойлану" деп қарастыруға

болады немесе бақылаудың, тəжірибенің,

ойлау мен талқылаудың нəтижесінде

алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға,

талдауға жəне синтездеуге бағытталған

пəндік шешім. Ол болашақта əрекет

жасауға негіз болады. Сыни тұрғыдан

ойлаудың негіздерін біз өте ерте жастан,

яғни, баланың кішкентай кезінен

бастауымыз керек. Бұл модульдің мақсаты

барлық жастағы оқушыларға кез-келген

мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі

ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға,

саналы шешім қабылдауға үйрету. Міне,

осындай сыни тұрғыдан ойлайтын

оқушыларды қалыптастыру үшін ең

алдымен мұғалімдердің өзі сыни   тұрғыда

ойланып, жауап беретіндей сұрақтар қоя

білуі тиіс. Доктор Кристина Алгер «дұрыс

қойылған сұрақтар сыныптың дұрыс

ойлауын қалыптастыра алады» деп

пайымдады. Мен осы уақытқа дейін өз

сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау

модулін қолданып жүрмін деп

ойлайтынмын. Олай дейтін себебім,

оқушылардың шағын топтарына

плакаттар таратып, əр топқа тапсырмалар

беретінмін. Сол тапсырмаларды Блум

таксономиясының тапсырмаларға

арналған нұсқау дағдыларымен

салыстырып қарасам, сол кездегі менің

сыни тұрғыдан ойлатуға үйретеді деген

сұрақтарым тек білу жəне түсіну деңгейінің

сұрақтары екен. Қазір мен егер

сұрақтарды дұрыс қоя алмайтын болсам,

ондай жағдайда дұрыс жауапта ала

алмайтынымды  жəне оқушыларды

жеткілікті деңгейде сыни тұрғыдан ойлауға

үйрете алмайтынымды түсіндім.

Сондықтан əрбір сұрақты қояр алдын

мұқият ойланып, ашық сұрақтар қою керек

жəне ол сұрақтар оқушыларды сыни

тұрғыдан ойлауға үйретуі керек екенін

білдім.


Сонымен,  қорыта айтқанда сыни

тұрғысынан ойлау модулі бойынша жұмыс

жасағанда оқушыларды топқа бөлу,

постер қорғау кезінде жауап  бергенде

белсенділік танытуы, берілген

тапсырмалар бойынша постер қорғауы,

пікірлерін дəйекті мысалдармен жеткізе

білуі ұнады.  Топтастыру барысында

берілген сұрақтардың күрделілігі топтық

жұмысты орындауда қиындық туғызуы,

оқушылардың  берілген  сұрақтарға жауап

беру үшін ұзақ талқылауға тура келуі

біршама қиындықтар туғызды. Осы

кездескен қиындықтарды жою үшін əрбір

сабақты жоспарлаған кезде оқушылардың

жас ерекшелігін басшылыққа ала отырып

жоспарладым. Тізбектелген сабақтар

бойынша өткен сабақтарымда жеткен

жетістігім оқушыларым сыни тұрғыдан

ойлауға,  өз ойын анық,  еркін жеткізуге,

топпен жұмыс жасауға дағдыланды.

Сонымен қатар, бірін-бірі тыңдай білуге

үйренді. Сыныптағы үлгерімі төмен

оқушылардың өздеріне деген сенімділігі

артты.  Рефлексия жасау барысында

бүгінгі сабақта не білді?, не білгім  келеді?

деген сұрақтар төңірегінде сыни тұрғыдан

ойланып,  өздеріне есеп беруді үйренді.

Мен бұрын  оқушыларға дайын ақпаратты

беріп олардың  өз идеяларымен бөлісуге,

өз пікірлерін айтуға  мүмкіндік  бермеген

едім. Бұл əдістердің тиімсіз  екенін білдім.

Бүгінде өз тəжірибемде  дəстүрлі сабақтан

арылып, сыни тұрғыдан ойлауға

бағытталған əдістерді пайдаланып жүрмін.

Дəстүрлі əдістен жаңа əдіске көштім.

Дəстүрлі  сабақта өзім басты  тұлға

ретінде көбірек сөйлейтін болсам,  қазір

басты тұлға  оқушылар. Топтық жұмыс

арқылы балалар сабақты оңай, жеңіл

қабылдайтын жəне балалардың бəрін

бақылау оңай болатынын білдім.  Барлық

ресурсты пайдалана отырып тақырыпты

кеңінен ашуға болатынын түсіндім.

Сондай-ақ əрбір оқушыны өзіндік тұлға

етіп қалыптастыруға  барлық

сабақтарымда ықпал етіп отырамын. Ішкі

уəжі айқын, өзіне сенімді оқушылар ғана

сыни тұрғыдан ойлап, мектепте алған

білімдерін өмірмен ұштастыра алады деп

ойлаймын.

Айнұр КУШЕРБАЕВА,

Ш.Уəлиханов атындағы №2 орта 

мектептің биология пəні мұғалімі.

Ñûíè ò½ðμûäàí

îéëàó ìîäóëi

Маған жай айтсаң ұмытамын,

Көрсетсең есімде сақтаймын,

Өзімді іс-əрекетке қатыстырсаң үйренемін.

(Конфуций). 


Áiëiì ´ëåìi

7

24-қаңтар 2015 жыл

Áàëàëàð øûμàðìàøûëûμû

Санамызды шырмаған тұңғиық

ойлардың бірен-сараиына ғана назар

аударып, түбірін қазбалап үңілеміз де,

басқа ойларымыз сол ойлардың

көлеңкесінде қалып қойып жатады.

Ендеше, сол қаракөлеңкеге жасырынған

көп ойларды оқырманға ой салсын деген

ниетпен жолдамақпын.

Расында да, біз ойлансақ көп нəрсенің

назардан тыс, шет қалып жатқанын

ұғамыз. Өміріміздің көңіл көтеретін

сəттерінде алабұртып, алаңдап, қайғы

қуып, мұң шырмауында жүреміз, ақыл

тоқтатар сəтке жеткенде кешегі шаттықты

сəтті аңсап, көңіл көтеріп, алтынға

бағаланған уақытымызды өткізіп аламыз.

Адам өмірі қамшының сабындай қысқа

болғанымен өзін адаммын деп сезінген

тұлға үшін ол да жеткілікті. Адамның

жаратылысында құмарлық сипат

болғанымен, сол құмарлықтан тиятын

қанағатшылық сипаты да бар. Сол

қанағатшылық сипатты берік ұстанғандар

осындай қысқа өміріне шүкірлік етіп,

өмірінің өрнегін гүлдестемен толтырып,

өз ұрпағына үлгі боларлық дейгейде өмір

сүреді. Ал енді ойланып көрелік, біз қалай

өмір сүрудеміз?

Адам өмірін жылдың төрт мезгіліндей

сипатта алып қарастыруға болады. Жыл

басы саналатын көктемді адам

баласының дүниеге келгеннен,

жастықтың жайдарлы сəттерінен өтіп,

өтпелі кезеңге дейінгі өмір деп бағалайық.

Ал жаз мезгілін жастықтың соңғы

жұрнақтары немесе соңғы жалынының

ұшқындары мен бойында жігері

жанартаудай бұлқына тасыған жігіттік

шақ деп бағалайық. Ал сарғайған күз

мезгілін жігіттіктен өтіп, орта жасқа жетіп,

алаңсыз бала-шағамның қамы деп өмір

сүрерлік мезгіл мен таяққа сүйеніп,

немере қызығын көрерлік мезгіл арасы

деп баға берейік. Ал қаһарлы қыс мезгілін

жерді жапқан аппақ қардай сақал-шашын

ақ басқан қарттық шақ пен айтып келмес

ажалдың арасындағы мезгіл деп

бағалайық. Сол бір адам өмірінің көктемі

болған балғын балалық шақ, көңіліңде

титтей де кірбің болмаған жайдарлы

жастық шақтың жарқын естеліктері кімнің

болса да жадында мəңгі сақталмақ. Мен

де өзімнің жасымды сол көктемнің соңғы

айы -- мамыр айының мамыражай сауық

құрар күндеріне балар едім. Өтпелі

кезеңді бастан өткеріп, мың құбылып, жүз

түрленіп, сан түрлі ойлардың

шырмауынан шыға алмай жүргенімде

жаныма медет болған үш нəрсе болды.

Бірі --  осы сəттердегі көңілді баурап,

жүрекке жылылық ұялатқан махаббат

сезімі, бірі – алдыңда алып асу бар, одан

өтсең, бақыттың мəңгі өшпес шамы

жағылып, одан арғы кездесер өмір

кедергілерінің оңай алынары сөзсіз,

қиындыққа мойымай, жігеріңді жина да

алға ұмтыл деп қолдау берген ел сенімі,

ағалар қолдауы, ата-ананың жаққан үміт

шырағы, ал соңғысы – өмірімнің өзгеше

бір нəзік сəніне айналған, соңғы кезде

жанымнан арылмас, жадымнан

жуықтамайтын өр талантым --

ақындығым мен шығармашылығым.

Сондай бір биікке жетпесем де үлкендер

қолдауына сүйеніп, ілгері талпынып, алға

жүрудемін. Күндердің күнінде асқақ

арманым орындаларына сеніп, кешегімді

бүгініммен салыстырып, өткенімнен

ғибрат алып, ертеңгі күнімнің жарқын

сəулесін қараңғылық жаулаған санама

түсіріп, жүрегіме шырақ жақтым. Ол

шырақ – үміт пен арман шырағы. Сол

шырақты сөндірместен, отын маздатып

елімнің игілігі үшін игі іспен айналысып

келемін. Жоғарыда айтқанымдай,

өткенімнен сабақ алып, ертеңгі күнге нық

қадам басудамын. Өткен күннің берер

тəліміне жетер сабақ бар ма екен? Сол

кешегі күндерімнің, яғни өмірімнің көктемі

болған жастығымның жайдарлы

естеліктерін, жарқын сəттері мен

жаныңды жадыратар сол күндегі қызықты

сəттерді сағына еске аламын.

Жанұзақ ОРАЗБАЙ.

Алғабас ауылы.

«Ерлік – саналы əскери тəрбиенің жемісі, өзіңді

саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мəжбүр етудің

нəтижесі». 

Б.Момышұлы.

Жеңіс! Осы бір сөз əрбір адам үшін қасиетті де

құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз  4 жыл бойы күтті

емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн

кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің əрбір сағаты, əр

минуты қауіп-қатерге толы  болғанын қолына қару алып

соғысқа аттанған аталарамыз бен апаларымыз жақсы

біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай

жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана

мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су

кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт

адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын

басып, еңбек етті. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол

соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген

майдангер жазушы, қаламгер ағаларымыздың

шығармаларынан көп оқыдық, білеміз.  Қанды қырғын

қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп

өздерінің жастығын, күш-жігерін жұмсады. Сол соғыстан

оралмаған солдаттарды күтіп артында аңыраған ана

мен əкелер, желкілдеп өсіп балалар, махаббатын,

сүйгенін күтіп бойжеткен қыздар қалды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін тойлауға санаулы

күндер қалды. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысында елін,

жерін қорғап, бүгінгі бейбітшілік пен тыныштықты

орнатқан ардагерлеріміздің қуанышына ортақтасып,

тарихымызға тағы бір үңілсек .  Қазақстан – Ұлы Отан

соғысы тарихында ерекше орын алады. Республика

халқы соғыс пен еңбек майданында ерен еңбегімен

танылды. Еңкейген қарттан жасөспірім балаларға дейін

егіс басында, зауыт, фабрикада тынбай еңбек етті. 

1941-1942 жылдары Қазақстанға майдан шебіне

жақын жерлерден зауыттар мен фабрикалар көшіріліп

əкелінді. Жалпы Қазақстанда қорғаныстық маңызы бар

280 кəсіпорын жұмыс істеді.  Қазақстанның бай қазба

байлығы жауды жеңуге оқ болып атылды, снаряд болып

жарылды. Атылған əрбір он оқтың тоғызы Қазақстан

металынан құйылған.  Қазақстан ғалымдары жеріміздің

табиғи байлықтарын зерттеп, майданға қажет металл

мен кен орындарын анықтады. Осындай ғылымдағы зор

табысы үшін Қ.Сəтбаевқа  1942 жылы  Мемлекеттік

сыйлық берілді.

Қазақстан халқы тылдағы еңбегімен қатар, өз

қаражаттарына қорғаныс қаруларын жасатқызып,

майданға жолдады. «Қазақстан комсомолы» деген

белгісі бар 45 танк жасалып, атақты палуан Қажымұқан

да өз қаржысына ұшақ жасатты.  Республика майданды

азық-түлікпен қамтамасыз етті. 

Қазақстанға соғыс өрті шалған жерлердің тұрғындары

көшірілді, оның ішінен 10 мыңдай баланы қазақ

отбасылары асырап алды. Оларға өз қамқорлығын

көрсетті. Сол үшін қазақ халқына ризашылығын

білдіретін ұлт өкілдері қаншама! Фашистік

басқыншылардан азат етілген аудандарға да көмегін

көрсетті. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ,  Қазақстанда

14 атқыштар жəне 4 атты əскер дивизия, 6 бригада, 2

авиаполк, 24 арнайы бөлім құрылып,  майданға

аттанды. Отанын қорғауға өз еркімен өтініш жасап,

соғысқа кеткендер қаншама! Солардың бірі медицина

институтының студенті Мəншүк Мəметова:  «Майданға

жіберетін үй-ішімізде  ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ,

сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін», деп майданға

аттанған еді. Қазақстандықтар Ленинградты, Мəскеуді,

Украина даласын, Беларуссияның орманы мен көлін,

Кавказдың қарлы шыңдарын, Еуропаны басқыншы

жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды.

Қазақстандық 316-шы атқыштар дивизиясы Мəскеу

түбінде төрт есе басым жаумен кескілескен ұрыс

жүргізді. Даңқты қолбасшы генерал  майор И.В.

Панфилов пен 28 Қазақстандық жауынгерлердің ерлігі

тарихта мəңгі қалды. Халқымыздың қаһарман ұлы

Б.Момышұлы мен Кеңес Одағының батыры

М.Ғабдуллин де Мəскеу шайқасында ерлігімен, əскери

шеберлігімен  баршаға мəлім болды. Бородино

селосында неміс штабына қаймықпай басып кірген

ержүрек  Т. Тоқтаровтың батылдығы ерекше. Шығыстың

қос аруы атанған Əлия мен Мəншүктің ерліктері баршаға

аян. Мəншүк 1943 жылы Невель түбіндегі шайқаста

«Максим» пулеметімен жалғыз өзі фашистердің

шабуылын қайтарды. Əлия да – мергендер мектебінің

түлегі. Ол 1944 жылы Новосокольники ауданында 80-ге

жуық фашистің көзін жойды. Ал Хиуаз Доспанова – қазақ

қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш, 300 рет

əуе шабуылына шығып, Берлинге дейін барған Хиуаз

апамызға 2004 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Сұрапыл майданда келмеске кеткен қандастарымыздың

жанды бейнелері, олардың аты мен жасаған ерліктері

ұрпақ жадында мəңгілікке сақталады, сақталмау мүмкін

емес.       «Жақаншыл  ұлдан  Отаншыл ұл артық» деген

Мұхтар Шахановтың сөзінің астарында үлкен мəн –

мағына жатыр. Отанымен мақтанып, тəуелсіз

мемлекетіміздің іргесін бекітіп, еңсесін  көтеретін

еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Соғыс жылдары

қаһармандық пен ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен

майдангер аталарымыздың өмір жолдарын үлгі ете

отырып, мен де өз атам туралы мақтанышпен айтып

өткім келеді. Осындай ерлік пен өрліктің нышанына

айналған адамдардың бірі – менің Сарыпбек атам.

Қолына қару ұстап, майданның алғы шебінде болған.

Көптеген ауыр шайқастарға қатысып, ерліктің үлгісін

көрсетті. Қазақ баласы деген сөзге кір келтірмепті. Мұз

жастанып, қар жамылған жылдары жөнінде атам əңгіме

айтқанда тебіреніп кететін. Адам  қазасы жанына қатты

бататын. Ол бірнеше медальдар мен ордендерге ие

болған. Атамның ұрпақтары ел сыйлайтын бір қауым

елге айналды. Атам Қазығұрт ауданына қарасты

Амангелді  елді мекеніне жол салдырған. Ол жолмен

қазір қаншама адам жүреді. Менің оқып жатқан

мектебімнің өзі «Жеңіс» деп аталады. Мектебіміз

кішкентай  болса да өзімізге кең болып көрінеді. Бұл

білім ұясы талай шəкіртті қанат қақтырды. Бірі ұстаз, бірі

дəрігер, бірі құрылысшы... Бəрі-бəрі де еліміздің өсіп-

өркендеу саласында еңбек етіп жүр. Мектеп деген

сонысымен киелі емес пе? Ал қазіргі білімді, ынтымағы

жарасқан  мектепті Таширов Əбжаппар Балғаұлы

басқарып келеді. Бүкіл əлемге қауіп-қатер төндірген

сұрапыл соғыс отының өшкеніне 70 жыл уақыт өтсе де,

жерін жауға таптатпаған жеңімпаз аға-апалардың

қаһармандық ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.

Соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлеріне деген

сүйіспеншілік пен құрмет бүгінгі жəне келер ұрпақтың

жүрегіңде мəңгі сақталады.

Бізден бұрын қаншама ұрпақ ауыспады, нелер қилы

кезеңді халқымыз бастан кешті. Ал енді, осынау іңкəр

еткен заманда, мына еркіндікті, тəуелсіздікті

Жасағанның  дəл  біздің  маңдайымызға жазуы неткен

бақыт, тірліктің неткен ғажайып сыйы! Осы күндерді

көзбен көру бақытына ие болып отырған  біздер, əй,

сірə, тегін ұрпақ болмасақ керек. «Бір азабың мен

тозағың осымен бітсін, көрген көрешегің  аз болмады

ғой, қалсын бəрі де мыңжылдық пердесінің ар жағында,

жаңа ғасырларға жаңғырып кіріңіз», деді ме екен, əлде

ұлы  əлемнің Əміршісі. Ендігі ұрпақтың мақсаты – мол

біліммен қаруланып, кең-байтақ жерімізді теріс пиғылды

басқыншылардан қорғау.

Тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын

болатынына кəміл сенемін. Сондықтан бабаларым

тыныш ұйықта. Артыңда мендей ұрпағың бар.

Диана КЕРІМБАЙ,

Жеңіс негізгі орта мектебінің

6-сынып оқушысы.

Àäàì ¼ìiðiíiº ò¼ðò ìåçãiëi



Жеңіс негізгі орта мектебінің  6 «А» сынып  оқушысы Диана Керімбайдың «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты

мақаласы облыстық байқауға қатысып, екінші орын иеленді. Сабақта озат, өнер мен білімге құмар Диана

болашағынан мол үміт күттіріп отырған талапты шəкірттерімнің бірі. Аудандық «Білім əлемі» газетіне

сыныбының оқушылары да жазылғандықтан, Диананың осы мақаласын жолдап отырмын.

Сынып жетекшісі Айгүл Сахова.

Æåºiñ


Áiëiì ´ëåìi

6

Áàëàëàð øûμàðìàøûëûμû



24-қаңтар 2015 жыл

Абай атам  қазақтың ұлы  ақыны,                                                                                                                                                                           

Аспанымда   жарқыраған  жұлдызы.                                                        

Өлеңдері  қазағыма  жігер  беріп,                                                                                                       

Қара сөзі  үкілеп  жан сырымды.

Əрбір  сөзі  біздер  үшін  ұлағат,                                                                                     

Даналығы  болашаққа  аманат.                                                                                                                                               

Білімді боп өсейік біз достарым,    

Келтірмейік,  ұлы  есімге жаман ат.

Бақдəулет АЙТМЫРЗА,

Ы.Алтынсарин атындағы 

орта мектептің оқушысы.

Қазақ тілі атадан қалған қасиетті дара тіл,

Қазақ тілі мəңгі өшпейді, ей, адамзат, соны біл.

Қанша тілде өлең шығар, романдар жаз, бірақ та,

Шұбарламай таза сөйле, ұмыт қалма, санаңа іл.

Аналардың ақ сүтімен тұла бойға дарыған,

Құдіретін мəңгі өшпейтін қасиетті қазақ тіл.

Дастан, жырлар, тарихымыз осы тілде жазылған,

Өз тіліңді құрметте де, өзге тілдің бəрін біл.

Бас бəйгеде озып шығар тұлпар сынды тіл деген,

Жүйріктігін бұл тұлпардың ешкім өлшеп білмеген.

Тілсіз адам бола ма екен, тіл маңызды əрқашан,

Алғашқы адам, санасыз аң, тілсіз өмір сүрмеген.

Ұлы Абай, Ыбырайлар осы тілде жырлаған,

Осы тілге Мағжан, Ахмет сөз өнерін сыйлаған.

Қазақ тілі неткен ғажап сенбейтұғын жұлдызы,

Ұрандатып хан-батырым қазақ жерін қорғаған.

Мақтанайық, дініміз бар, тіліміз бар тəуелсіз,

Тəуелсіз тіл дами алмас мəдениетсіз, өнерсіз.

Тіл жағынан дұшпандар бар қаулаған,

Былғамастан, көркейтейік осы тілді Сіз бен біз.

Диана КЕРІМБАЙ,

Жеңіс негізгі орта мектебінің оқушысы.

Ґûñ êåëäi

Қыс келді терезені əшекейлеп,

Балалар жүр қуанып, алақай, -- деп.

Боран соқты тағы да қарға орап,

Мен отырмын ойланып, қырға қарап.

Жүр, достарым, тебейікші сырғанақ.

Меруерт НҰРҚАСЫМОВА,

Алғабас орта мектебінің 

5-сынып оқушысы.

Шыр етіп ашқанда дүние есігін,

Өз ана тілінде қояды есімін.

Қазақтың анасы сəбиін аймалап,

Қазақтың жырымен тербетер бесігін.

Жас бала сөйлеуді былдырлап бастайды.

Өз тілінде тақпақтар жаттайды.

«Анау кім, мынау не?» деп сұрап атадан,

Естіген əр сөзін есіне сақтайды.

Осылай мектептің іргесін аттайды,

Абайдай ұлы ақын өлеңін жаттайды.

«Бар байлық тіліңде, құрметтей біл», деген,

Қанатты сөздерді мəңгі есте сақтайды.

Əрбір жан ұнаған кəсібін таңдайды,

Сол асқақ арманмен шыңдарға самғайды.

Елім деп, тілім деп соқса егер жүрегі,

Ол анық, сапарда қанаты талмайды.

Бір спорт таңдады, жеңіске ол жетті,

Əнұранын елімнің аспанға төрлетті.

Жүректі тербетіп шырқалған əуенмен,

Құдіретін тілімнің əлемге өрлетті.

Меруерт ӘСІЛБЕК,

Жаңажол жалпы орта 

мектебінің 9-сынып оқушысы.

¥àçà° òiëií àñ°à°òàò

Áîëàøà°°à àìàíàò

Тəуелсіздікке  -- 23 жыл,                                                                                       

Қиылды осы жолда талай ғұмыр.  

Салауатты өмір салтын құрып,                                   

Келешекке жол тауып, алға ұмтыл.

Ең бірінші  байлығым -- денсаулығым,                                                                                             

“Одан асқан  байлық жоқ”  деген  халқым.                                                  

О, бастан  қадірлей  біл  ей, замандас!                

Тəуелсіздік байлығым орны  толмас.

«Мəңгілік ел» деген атқа болып   лайық. 

Болашаққа нұрлы жолмен аттанайық, 

Бір болашақ, бір тағдыр, бір мүддемен,      

Жарқын күнді жақсылықпен қарсы алайық.

Àáàé àòà


Ґàçà° òiëi – àíà òiëiì

Òàó


Жаныс бабадан тараған,

Түгелбай, Данай ұрпағы.

Құтты мекенге балағам,

Көкорай белді, қырқаны.

Өсиет айтып біздерге,

Ата-бабам қонған жер.

Қараймын қалған іздерге,

Ұрпаққа мұра болған жер.



Нұрдана ҚАНАТ,

Б.Биболатұлы атындағы орта 

мектептің 5-сынып оқушысы.

Ò´óåëñiçäiê — ò½μûðûì

Тəуелсіздік -- тұғырым,

Қалады мəңгі есімде.

Елтаңбасы, Əнұраным,

Асқақтай бер, биікте.



Аружан ӘБСАМАТ,

Қазақстан орта 

мектебінің 6-сынып оқушысы.

Ана


Ана деген ай мен күнің, шуағың,

Ана деген бар адамның қуаты.

Біздер үшін түн ұйқысын төрт бөліп,

Қиналды ғой бала үшін қаншалық.



Ұлбосын САРТАЕВА,

Қазақстан орта 

мектебінің 6-сынып оқушысы.

¯мiр сыйлаμан

Сыйлаған маған өмірді,

Гүліңмін ана ашылған.

Анашым күн ғой мейірімің,

Шапағы мол шашылған.

Жүрегің жұмсақ, көңілің,

Мен бақтағы бұлбұлың.

Ұзақ болсын өмірің,

Қызық сыйлап дүлдүлің.



Нұрдəулет ШЕРЕЗДАН,

Сарқырама орта 

мектебінің 3-сынып оқушысы.

Äîñòàðûì


Бауырдай болып жүріппіз,

Бірге білім алыппыз.

Мұғалімнің ақтап үкілі үмітін,

Сол білімді мəңгі есте сақтаймыз.



Лəззат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Т.Тоғысбаев атындағы 

орта мектептің 6-сынып оқушысы.

ТӘУЕЛСІЗДІК

Тəуелсіздік ел тілегі қашан да,

Жылдар бойы аңсап келген атам да.

Желтоқсанның ызғарынан бастау ап,

Қайран елім, жетті биік арманға.

Тəуелсіздік ауып тұрар аңсарым,

Жиырма үш жыл өтіп кетті қас-қағым.

Келді міне, білім алып шарықтар,

Болашаққа үлес қосар жас шағым.

Мен емес пе, Тəуелсіздік ақ таңы,

Жасыл желек Отанымның бау-бағы.

Көк туымды желбіретіп көтерер,

Қыран болып қалықтаймын мен-дағы.

Жібек ҚАЛДАРБАЙ,

4-сынып оқушысы.


жүктеу 1.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет