Бірлік бар жерде, тірлік бар



жүктеу 324.81 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі324.81 Kb.
1   2   3   4

5

1 ақпан  2014 жыл



Елбасының    тапсырмасына  байланысты  ветеринария  саласына

Қазақстан  Республикасы  Үкіметі тарапынан нақты көңіл бөлініп, жағдай

жақсарып келеді.                            

2013  жылы    Республикалық  бюджеттен  «Төлеби  ауданының

ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіп орны мекеме-

сіне   41 млн 778 мың  теңге қаржыға 16  арнайы автокөлік (14 - Нива, 1 -

Уаз  -  Дук,  1  -  Санионг,  1  -  Мұздатқыш,  15  -  Тоңазытқыш,  15  -

ветеринариялық құрал-жабдықтар жиынтығы, кеңсе жиһаздары, 1- инси-

неротр)  пен  құрал-жабдықтар  берілді.  Мекеме  қарамағындағы  15

ветеринариялық  пункттер  жұмысқа  қажетті  құрал-жабдықтармен

толық қамтамасыз етілді.

Аудандық    бюджет  есебінен    2013  жылы  аталған  мекемеге  5  млн  500  мың

теңгеге  1-  Дук  автокөлігі    және  5  млн  теңге  қаржыға  кеңсе  ғимараты  алынып

құжаттары толық рәсімделді. 

«Төлеби аудандық ветеринарлық қызметі» МКК өз қаражаты есебінен 3150,0

теңге қаржығыға  ауру малдарды тасмалдауға қажет 1-газель авто көлігі мен  800,0

мың теңге қаржыға мамандардың қауіпсіздігіне қажетті арнайы киімдер  алынды.

Жалпы ауданда ветеринар мамандар жеткілікті, жаңадан оқу орындарын бітіріп

келіп жатқан мамандар да бар.

Аудан аумағында 2013 жылға жоспарланған жұқпалы аурулардың алдын алу

мен диагностикалық  жұмыстары толығымен орындалып, 2014 жылға тиісті жос-

пар жасалуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 қаулысымен

бекітілген бірнеше ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары  тегін  жүргізіледі.

Атап айтқанда: Құтыру, Аусыл, Лептоспироз, Листериоз, Пастереллез, Сібір жа-

расы, Эхинококкоз, Оспа, Жоғары патогенді құс тұмауы, Қарасан,  Оба, Брадзот

аурулары. Оның ішінде лептоспироз, листериоз, пастереллез, брадзот аурула-

рына  шектеулі  түрде  вакцина  беріледі.  Яғни  аудандағы  жалпы  мал  басына

шаққанда, құтыруға: МІҚ  малдың    15%,   уақ малдың - 6%,  жылқының - 12%,

лептоспирозға  –  МІҚ  малдың    48%,  уақ  малдың    -  19%,  жылқының  -  5%,

листериозға – МІҚ малдың  2%, уақ малдың  - 0,5%,  жылқының  - 5%, пастерел-

лезге – МІҚ малдың  2%,  уақ малдың  - 2%,  жылқының - 0,2 %, брадзотқа - уақ

малдың -2,5 пайызына ғана алдын ала егу жұмыстары тегін   жүргізіледі.

Сонымен қатар жоспарға сәйкес бруцеллез ауруын диагностикалық тексеру

мақсатында қан сынамаларын алып, тексеру жұмыстары  ақысыз,  яғни тегін. 

Бұдан бөлек күнделікті жағдайда кездесетін акушерлік-гинекологиялық, тыныс

алу, ас қорыту, жарақат  алу, паразитарлық ауруларға қарсы емдеу жұмыстары

мал иелерінің есебінен ақылы түрде жүргізіледі. Ақылы қызмет түрлерінің  бағасы

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының келісімімен бекі-

тіліп, ветеринариялық  қызмет көрсететін мамандарға жұмыс барысында қолдану

үшін таратылған. Ақылы және тегін жүргізілетін қызмет түрлерінің тізімдері мен

бағаларын  барлық  қала,  ауылдық  округ  аппараты  ғимараттары  мен  вет  пункт

тердің  көрнекті орындарна іліп қою жөнінде ветеринариялық пункт меңгерушіле

ріне тапсырма берілген.    

Бірнеше жыл көлемінде аудандағы  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдей-

лендіру  (сырғалау,  вет  паспорт беру) жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар

алдағы жылдары жалғастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы жануарларын

бірдейлендіру жұмыстары барысында ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы

№2331 қаулысымен бекітілген Ереженің 22 тармағына сәйкес, жануарлардың иесі

сырға мен ветеринарлық паспорт құнын  бюджет  кірісіне  қайтаруды қамтамасыз

етеді.

Алдағы кезде  аудан әкімдігінің  «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз



қалған  жануарларды  қабылдау    және  пайдалану  қағидасын  бекіту  туралы»

қаулысымен арнайы қағида бекітіліп, сырғаланбаған немесе ветеринариялық пас-

порты жоқ малдар иесіз мал  есебіне жатқызылып, мал иесі анықталып, бірдей-

лендіруден  (сырғалау, паспорт беру)  өткізілмеген  жағдайда  ауданның комму

налдық меншігіне алынатын болады.

Аудан  аумағындағы    ірі  қара  малдардың  аналық  басын  жасанды  жолмен

ұрықтандыру  жұмыстарына    Оңтүстік  Қазақстан  облысы    ауыл  шаруашылығы

барқармасы және  аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп,  келеді.  2013 жылы

аудан көлемінде жұмыс жасағын  17 жасанды ұрықтандыру  бекеттері негізінен

мал  дәрігерлерінің  үйлерінде  орналасқан  болса,    2013  жылы  арнайы  8  бекет

ғимараты пайдалануға беріліп,  2014  жылы  қосымша  17  ірі қара малдың  аналық

басын жасанды  жолмен ұрықтандыру бекеттерінің  ғимараттары  салынатын бо-

лады. 

Дегенменде  барлық  мал  басы  жеке  меншік  иелерінде,  жеке  отбасылары



қарамағында болғандықтан, сиырлардың қай уақытта төлдегеніне бойланысты

оның қайта күйге келген уақытын мал егесі бақылауына алып, мал мамандарына

хабарлап,   техник –ұрықтандырушыны шақыру немесе малын  ұрықтандыру бе-

кеттеріне апаруы керек.  Мал егесі   асыл тұқымды мал өсіруге мүдделі болып,

мамандармен бірлесіп  әрекет жасамаса    техник- ұрықтандырушы маманның

мал  иесінің  қорасындағы  күйге  келген  малдарды  анықтау  мүмкіндігі    болмай

тындығы белгілі.  Сондықтан ірі қара  мал  иелерінің  осы жағдайды  ескеруін

сұранамын. 

Бүгінгі таңда барлық қала, ауылдық округінде ірі қара малдың аналық басын

жасанды жолмен ұрықтандыру бекеттері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етіліп, мамандар бекітілген.  Бұл жұмысты жүргізітін техник-ұрықтандырушыларға

еңбек ақы төлеу мәселесі шешілмегендіктен қызмет  ақылы түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар  мал иелерінің  шаруашылық жүргізу барысында ветеринария

саласындағы заңдылықтарда көрсетілген мал егесінің міндеттеріне байланысты

малдарын бірдейлендіруден өткізу, алдын ала вакцина ектіру, диагностикалық тек-

серту  мал мен қораны кенеге қарсы өңдету,  мал шығыны орын алған жағдайда

ветеринарларға хабарлау тағы сол сияқты  талаптарды   сақтауға,  шақырамын.

Малдарды  ауруларға  қарсы  егу,  емдеу,  диогностикалық  тексерулер  ірі  қара

малдың аналық басын жасанды жолмен ұрықтандыру және басқа жағдайларға

байланысты  сұрақтар  бойынша  қала,  ауылдық  округтерінде  құрылған  ветери

нариялық пункт меңгерушілеріне, «Төлеби аудандық ветеринарлық қыз меті» МКК-

на    (тел:  5-91-64)  немесе  аудандық  ветеринария  бөліміне    (6-21-13,  7-89-58)

хабарласуға  болады. 

Ветеринариялық пункт меңгерушілерінің аты-жөні мен байланыс

сымтетіктері.

р/с


Қала, ауылдық  округ атауы   Вет. пункт  меңгерушісінің       Байланыс

аты  - жөні                              сымтетігі

1

Ленгер 


Ертаев  Абдіразақ

8 702 413 65 25

2

Алатау


Алпаев Бақтияр

8 705 682 43 36

3

Аққұм


Салтаев Қуаныш

8 702 710 41 20

4

Ақжар


Тасқараев Жәнібек

8 702 546 23 95

5

Жоғарғы Ақсу



Ашірбаев Бақытжан 

8 702 296 28 30

6

Зертас


Нұрсейтов Лес

8701 866 88 10 

7

Бірінші - Мамыр 



Қоқашов Болысбек

8 701 651 85 57 

8

Кемеқалған 



Елтаев Қайыржан

8 705 643 16 21

9

Киелітас 



Абдиров Нұржан 

8 771 390 29 83 

10

Көксәйек 



Жайшыбеков Қапалбай         8 778 463 98 35

11

Қоғалы 



Ақжігітов Қабыл

8 702 651 43 96

12

Қазығұрт


Қалтаев Қасымбек

8 705 688 02 43

13

Қасқасу 


Қалиев  Мейманбек

8 702 925 30 53

14

Қаратөбе


Абетаев  Жолшыбек

8 702 600 64 48

15

Тасарық 


Есенқұлов Сапаралы

8 702 679 05 62



О.СҮТТІБАЕВ,

Аудандық 

ветеринария

бөлімінің басшысы

Ветеринария саласындағы ақылы және тегін жүргізілетін қызметтер



Оңтүстіктің халқы «Қыстың қамын жазда ойла» - деген мақалды жадына

ұстап,  қысқа  қажетті  витаминдерді  жазда  даярлайды.  Бұлар  әр  түрлі

көкөністер  мен  жеміс  -  жидектерден  жасалған  тосаптар  (компоттар),

маринадталған көкөністер мен консервіленген өнімдер, ет, балық, құстан

дайындалған консервілер. Дәмі тіл үйіретін осындай өнімдерді дайындап, пай-

даланбайтын отбасы жоқ шығар. Міне қыс та келді. Енді жазда даярлаған

өнімдерді қамбадан шығарып пайдаланатын да кез жетті. Алайда «Біз өсы

өнімдерді  дұрыс  дайындай  алдық  па?»  деген  сауал  туындайды.  Дұрыс

дайындалмаған өнімдерді пайдалану салдарынан кейбір тұрғындар ботулизм

ауруына шалдығып, ауруханаға түсіп жататыны жасырын емес. 2013 жылы

облысымызда ботулизм ауруының 19 жағдайы тіркеліп, 42 адам ауырып, 1-і

қайтыс болса, 2014 жылдың 1 айында 11 жағдай тіркеліп, 20 адам ауырған.           

Біз бұл ауру туралы не білеміз?

Ботулизм - бактерия арқылы болатын ауру. Ботулизмнің бактериясы қоршаған ор-

тада көптеп кездеседі. Бұл бактерия қоршаған ортада (топырақта) спораға айналып

жылдар бойы сақталады. Ботулизмнің спорасы дұрыс жуылмаған өнімдерден даяр

ланған консервіленген өнімдерге түскеннен кейін токсин (улы зат) бөледі. Спора ана

эробты яғни оттегі жоқ ортада көбейеді. Ботулизмнің уы өте қатерлі. Көп жағдай ларда

консервіленген өнімдердің дәмі, түсі өзгермейді. Кейбір жағдайларда газ бөлі ніп, кон-

сервіленген өнімдердің қақпағының көтерілуі кездеседі. Спора тағамдар арқы лы адам

ағзасына түскеннен кейін, ағзада өте тез өрбиді. Бұл аурудың инкубациялық (өрбу)

мерзімі 2 сағаттан 10 тәулікке дейін жетеді, алайда көбіне 12 сағаттан 24 сағат ара-

сында көрінеді.

Ботулизмнің алғашқы белгілері: әлсіздік, бастың айналуы, бастың ауруы, ауыздың

құрғауы. Мұнда температура бірқалыпты күйінде қалуы мүмкін немесе 36,9°С-37,2°С

болады. Кейде лоқсу, құсу кездеседі, іштің өтуіне немесе қатуына әкеп соғады.

Бірнеше сағаттан соң, кейде 1-2 күннен кейін ботулизм улы заты ағзадағы нерв си-

стемасын зақымдайды, көзге әсер етеді, заттар қосарланып көрінеді, оқуға мүмкіндік

болмай қалады. Көздің қарашығы үлкейіп кетеді, жутынуы, сөйлеуі қиындайды, көз

қабағы түседі, қозғау қиындайды, жүргенде теңселіс пайда болады. Беттің әжімдері

кетіп, маска кигендей кейіпке түседі. Ботулизмнің улы заттары ағза дағы бұлшық ет-

терді  зақымдайды.  Соның  салдарынан  тыныс  алу  бұзылып,  кейде  тіпті  адам

тұншығып өлуі де ұшырасады.

Қатты уланып, дәрігерлер кеш араласқан жағдайда өлімнің орын алуы мүмкін. Тіпті

жеңіл уланғанның өзінде 1 айға жуық емделу керек. Кәдімгі антибиотиктермен емделу

күткендегідей нәтиже бермейді, мұндай науқас арнайы ботулизмге қарсы сары сумен

емделеді. Олай болса ботулизмнің белгілері білінгеннен бастап, адамды тез арада

ауруханаға жеткізу қажет.

Әр түрлі көкөністер мен жеміс - жидектерден жасалған тосаптар (компоттар) мен

консервіленген өнімдер дайындаған кезде мына жайларды ескерту қажет:

- барлық көкөністерді, саңырауқұлақтарды даярлау алдында ағын суда өте мұқият

жууды;


- өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус немесе лимон қышқылын міндетті

түрде пайдалануды;

- үйде әзірленген консервілерді пайдаланар алдында қуыру немесе 15 минуттай

қайнатуды;

- қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыкқан банкілерді жедел түрде жою қажет,

тіпті дәмін де татуға мүлдем болмайтындығын естен шығаруға болмайды;

-  консервіленген  саңырауқұлақтарды  тағам  әзірлеуге  пайдаланар  алдында  аса

жоғары температурада ұстаған жөн.

-  үй  жағдайында  әзірленген  көк  ноқатты,  бұршақты,  түсті  капустаны,  ет,  балық,

құстан дайындалған консервілерді тағамга пайдаланбаңыздар.

- үйде дайындалған окорокты тек қайнатқаннан кейін пайдалану қажет.

-  күдікті  консервіленген  тағамдарды  тастамай  зертханалық  бақылау  үшін

сақтаңыздар.

Естеріңізде болсын! Бұл талаптарды сақтаған жағдайда өзіңізді және отба

сыңыз  ды  аса  қауіпті  ботулизм  ауруынан  сақтайсыздар.  Барлықтарыңызға

денсаулық тілейміз.

Е.ТҮКТІБАЙ,

Төлеби ауданы бойынша МСЭҚБ басшысы 

Б.СӘРСЕНБАЕВ,

Сан.гиг.қадағалау бөлімінің бас маманы 

БОТУЛИЗМ-нен сақтанайық ағайын.



Ленгер

жаршысы


6

1 ақпан  2014 жыл



Елбасының  жыл  сайынғы  дәстүрлі  Жолдауларында  айтылатын  аса

маңызды тапсырмалардың бірі – мемлекеттік қызметшілер тарапынан

мемлекеттік қызмет этикасын сақтау болып табылады. Бұл – жалпы

әлемдік маңызды міндет және ол мемлекет қызметінің тиімділігімен, со-

нымен  қатар,  қоғамды  сыбайлас  жемқорлық  әрекеттерінен,  оның

қауіптерінен қорғаумен тікелей байланыс ты. 

Кез келген дамыған мемлекет тер дегі сияқты, Қазақстандағы мемле кеттік қызмет

те  адамгершілікпен,  этикамен  тығыз  байланысты,  сондықтан,  мемлекеттік

қызметшілер  біздің  аза маттарымыздың  өміріне  зор  ықпал  етеді.  Көптеген

жағдайларда осындай тұлғалар адамдардың күнделікті өмірі үшін маңызы зор ше-

шімдерді, сонымен бірге, олардың құқықтарын және бостандықтарын іске асыру

барысында  азаматтардың  өтініштерін  мақұлдауды,  қабылдамауды  немесе

өзгертуді қабылдай алады.

Демократиялық қоғам мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері мен тәртіп тері

мінсіз болуы үшін қалтқысыз қа рекет жасауға тиіс. Дамыған мемлекеттер мемле-

кеттік  қызметшілердің  этика  мәселелерін  және  тәртіп  кодек сін  жыл  сайын

маңыздылығы арта түсетін салалар деп мақұлдады және мақұлдап келеді де. Бұл

жерде біздің еліміз де өзгелерден ерекше болып табылмайды. Тәуелсіздік алған

уақыттан  бастап  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  қоғамға

қызмет ететін кәсіптік, әділ және адал мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жо-

лында  нысаналық  және  жүйелі  жұмыстарды  жүргізіп  ке леді.  Мемлекеттік

қызметшілердің эти калық тәртіптерінің құқықтық ба засы Қазақстан Республикасы

Прези дентінің  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  1995  жылғы  26  желтоқсандағы

Жарлығы шыққан кезден өз жұмысын ойдағыдай жолға қоя бастады. Мем лекеттік

қызмет  институтының  одан  әрі  даму  жолы  «Барлық  қазақстан дықтардың  әл-

ауқаты – гүлдену, қауіп сіздік және жақсару» атты Қа зақстан Республикасының Пре -

зиден ті  Н.Назарбаевтың  1997  жылғы  Қазақстан  халқына  жыл  сайын ғы

Жол дауындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтардың бірі ретінде анықтал ған бо-

латын. Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған басымдықтарға жетуде халық өкілі

бола алатын, ісіне адал және қабілетті мемлекеттік қыз метшілердің тиімді әрі за-

манауи корпусын құру қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік  қызметшілермен  көп ші лік  функцияларын  дұрыс,  сенімді  және

лайықты орындау үшін тәртіптің алғашқы стандарттары Қазақстан Республикасы

Президентінің «Қазақ стан Республикасы мемлекеттік қыз  метшілерінің қызметтік

этика Ере жесін бекіту туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы №3542 Жар лы ғымен

белгіленген  болатын.  Қыз мет тік  этиканың  Ережелеріне  сәйкес  мемлекеттік

қызметке келуде қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше се німділік білдіріледі.

1997 жылы Қа зақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің тәртіп стандарт-

тары ретінде әділдік, объективтілік және қалтқысыз болу міндеттері белгіленді,

олар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы тұра алуы қажет.

Кәсіптік мемлекетті қалыптастыру дың негізі еліміздің 1999 жылғы 23 шілдедегі

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы болып табылады, ол «бір ыңғай кадрлық сая-

сатты және мемлекеттік қызметтің кәсіптік және тиімді жүйесін қалыптастырудың»

ма ңызды сұраныстарына жауап беретін жаңа көзқарастарды анықтады.

Сондай-ақ,  мемлекеттік  қызметші лердің  тәртіптерін  стандарттау  дың  жаңа

кезеңінің  басы 2005 жыл  болып  табылады. Мемлекеттік қызметші лер дің адам-

гершілік  тұрпатына  және  іскерлік  сапасына  талаптарды  күшей ту  мақсатында

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2005  жылғы  3  мамырдағы  №1576

Жарлығымен  Қа зақстан  Республикасындағы  мемле кеттік  қызметшілердің  Ар-

намыс ко дексі бекітілді (мемлекеттік қызмет ші лердің қызметтік этика Ережесі). Ал,

2011 жылғы 1 сәуірде Президент басшылығымен Қазақстан Рес пуб ликасындағы

мемлекеттік қызметші лер дің Ар-намыс кодексінің жаңа маз мұны бекітіліп, ол 5 та-

рауды құрады. Тараулар өз кезегінде тармақтарға және бірнеше тармақшаларға

бөлінді.

Ар-намыс  кодексі  жаңа  мазмұ ны ның  принциптік  ерекшелігі  –  мем   лекеттік

қызметшілердің сы    бай   лас жемқорлыққа қарсы тәртіп те  рінің толық стандарттарын

белгілеуінде болып табылады. Бар шамызға мә лім, бұл ретте Мем    лекет басшысы

Қазақстан Республи ка сының «Мем лекеттік қыз    мет мәселелері бойынша Қазақ -

стан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгерістер және то лықтыру лар ен-

гізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

Заң  мемлекеттік  қызметке  өтуге  тиімді  және  айқын  механизмдерді  бағалау

жүйесін және мансаптық жос парлауды енгізу, басқарушылық «А» корпусын құру,

сонымен бірге, кадрлық қызметтердің рөлін көтеру, көтермелеу шараларын жетіл-

діру  және  мемле кеттік  қызметшілерді,  қызметтік  этиканы  және  сыбайлас

жемқорлыққа  қарсы  шараларды  уәждемеу  арқылы  мем лекеттік  аппараттың

кәсіптілігін және тиімділігін көтеруге бағытталған.

Заңда, сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерге қатысты этикалық және сы-

байлас жемқорлыққа қарсы та лаптар да қарастырылған. Яғни, еліміздің «Мемле-

кеттік  қызмет  туралы»  Заңы  қызметтік  этика  жөніндегі  жаңа  тараулармен

толықтырылды деген сөз. Сондықтан, заңнама дең гейінде этиканы және сыбайлас

жем қорлыққа қарсы тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілердің міндет-

тері белгіленді. Рас, бұрын қыл  мыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың

мемлекеттік қызметке өту фактілері азаматтардың жалпы мемлекеттік аппаратқа

сенімділігіне  жағымсыз  әсер  етіп  келген  еді.  Осыған  байланысты  осындай

тұлғалардың  мемлекеттік  қызметке  өтулеріне  шектеу  қою  жағы  да  тиісті

заңнамаларда арнайы қарастырылған. Аталған шаралар мемлекеттік қызмет ту-

ралы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипатын күшейтуге және халық

сенімділігін  көтеруге  мүмкіндік  береді.  Қызметтен  тыс  уақытта  мемлекеттік

қызметшілер жалпы қабылданған эти калық нормаларды ұстауды, қо ғам ға қарсы

тәртіп жағдайларына жол бермеуді, сыпайылық көрсетуді, қандай да бір қызметті

алу  барысында  мемлекеттік  қызметшілердің  лауазымдық  жағдайларын

көрсетпеуді және пайдаланбауды, қоғам тарапынан өз әрекеттеріне дәйекті сын-

дар үшін желеу бермеуді ұмытпағаны дұ рыс.

Қазақстан Республикасының «Мем  ле кеттік қызмет туралы» Заңы на сәйкес мем-

лекеттік қызметші мем  лекеттік меншіктің сақталуын қам та масыз етуге міндетті

болса, Қа зақ стан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексіне

сәйкес, олар өздеріне сеніп тапсы рылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны

ұтымды әрі тиімді пайда лануға тиіс делінген. Аталмыш мәселе бүгінгі күннің өзекті

тақырыптарының бірі екендігі және қоғам тарапынан үнемі сынға ұшырайтын ащы

шын дық екені де даусыз. Мысалға, мемлекеттік қызметте жүрген немесе соларға

теңестірілген бірқатар лауазым иелері мемлекет тарапы нан мемлекеттік функция-

ларды тиім ді орындау үшін өздеріне сеніп тапсырылған автокөліктерді өздерінің

жеке  мүдделерін  қанағаттандыруда  пайдаланатындығы  жасырын  емес.

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік меншіктегі автокөліктер балабақша, сауда

орталықтары, ойын-сауық ке шен дері, тойхана секілді ғимарат тардың жандарында

байқалып қа ла ды. Сондықтан, кез келген заңға қайшы әрекет жасаған лауазым

иесінің жауап кершілікке тартылатындығын ұмыт пағаны абзал. Ең бастысы, бұл

індетке қарсы тұратын тиісті Заң талаптары да, құзырлы органдар да бар. Елімізде

мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртіптерінің қалыпты және логикалық не-

гізделген заң жүйесінің бары мәлім.

Біз,  яғни  мемлекеттік  қызмет шілер,  барлық  күшімізді,  білімімізді  және

тәжірибемізді ел тұрғында ры ның мәселелерін шешуге жұм сай тындығымызға сен-

діреміз.  Яғни,  Ота нымыз  –  Қазақстан  Республикасына  қалтқысыз  және  әділ

қызмет ететіндігімізді, біздің азаматта ры мыз дың өмірінің жақсаруы үшін ғана жұ -

мыс істейтіндігімізді дәлелдеу уа қыты келді деп ойлаймын.



А.ОСПАНОВА;

Әділет басқармасының жетекші маманы

АР-НАМЫС  КОДЕКСІ - мемлекеттік қызметкерлердің басты борышы

Очищайте дымоходы!

Новый отопительный сезон в самом разгаре, поэтому дополнительно напоминаем домо-

владельцам, что эксплуатация печи разрешается только

при исправном ее состоянии: заранее прочищенном дымо-

ходе, отсутствии трещин и прогаров, герметичности

трубопроводов и приборов местного отопления, плот-

ном закрытии топочной дверки. Печь, дымовые каналы и

особенно труба на чердаке должны быть побелены изве-

стковым раствором.

В местах примыкания сгораемых конструкций к печи должны

быть сделаны отступки, вертикальные или горизонтальные раз-

делки. Для защиты пола перед топочной дверкой следует закре-

пить металлический лист размером 70 на 50 см, а перекрытие

необходимо  защитить  негорючим  материалом  или  оштукату-

рить. Кроме того, запрещается для розжига печи на твердом топ-

ливе  применять  легковоспламеняющиеся  жидкости,  а  также

сушить дрова, одежду и другие горючие материалы на печах и

возле них, оставлять без присмотра топящуюся печь.

Отопительный сезон опасен не только пожарами из-за нару-

шения правил эксплуатации печного оборудования, но и слу-

чаями  отравления  угарным  газом.  Основным  отравляющим

компонентом угарного газа является окись углерода. Окись углерода (СО) - газ без цвета, запаха,

вкуса. В чистом виде он имеет очень слабый, обычно неощутимый запах чеснока. Человек не чув-

ствует его при вдыхании, поэтому отравление наступает незаметно. Однако предотвратить беду, если

вы хозяин частного дома или дачи, не сложно: надо не допускать образования трещин в горизонталь-

ных и вертикальных разделках, не закрывать преждевременно печную заслонку и регулярно прово-

дить очистку труб от сажи и следить за исправностью дымоходов.

Уважаемые домовладельцы! Не стоит забывать о том, что халатность в обращении с печным обо-

рудованием, работающим на твердом топливе, может стать причиной преждевременной смерти ваших

близких.


Б.КАМБАРОВ,

Начальник отдела по чрезвычайным 

ситуациямТолебийского района майор п.п.с

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР 

БӨЛІМІ ЕСКЕРТЕДІ



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал