Бірінші сынып пен мектепалды даярлық арасындағы балалардың таным-дағдысын қалыптастыру сабақтастығЫ ¥. Т. Туленов, М. X. А йжарихова



жүктеу 61.23 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.04.2017
өлшемі61.23 Kb.

БІРІНШІ СЫНЫП ПЕН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ 

ТАНЫМ-ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САБАҚТАСТЫҒЫ

¥. Т. Туленов,  М. X. А йжарихова

Атъірау ц.

Үздіксіз  білім  беру  мен  тәрбиелеу  идеясын  жүзеге  асыруда,  оқу-тәрбие  процесін  ізгілендіру, 

бастауыш  сатыда  оқытудың  сапасын  жақсарту  үшін  баланың  мектепалды  даярлығын  жетілдіру 

қажеттілігі туындайды.

Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  мектеп  жасына  дейінгі  білім  беру  үйымдары  мен 

жалпы  білім  беретін  мектептердегі  мектепалдындағы  даярлау  басты  назарда  болып,  оның  негізгі 

міндеттері атап көрсетілді.  Олар:

-  балаларды мектепалды даяырлау;

-  баланың дене жэне психикалықденсаулығын нығайту жэне қорғау;

-  эмоционалды  қалыптасуды  сәттілікпен  жүргізуде  қамқорлық  көрсету  жэне  балалардың 

интеллектуалды жэне жеке-дара дамуын қамтамасыз ету;

- балалардың өсіп дамуындағы кемістіктерін түзету,  осыған мүктаждарға жэрдем көрсету

Қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі  тэрбие  мен  оқыту  жүйесінің  жаңаруына,  жан-жақты  жетілген,

үлттық сана-сезімі, үлттық психологиялық нышандары қалыптасқан,  рухани байлығы дамыған,  ғылым 

мен  практика  жетістіктерінен  хабары  бар  ертеңгі  азаматты  тәрбиелеу  -   отбасы,  балабақша  жэне 

мектепте үздксіз жүзеге асатын міндеттер екені баршаға белгілі.

Әлеуметтік-  экономикалық  дамудың  қазіргі  кезеңінде,  оқу-тэрбие  жүмысының  жаңару 

заманында  ағарту  саласының  мектеп жасына  дейінгі  тәрбиелеу,  білім  беру  буынында  шешуін  күтетін 

келелі мэселелер түр.  Атап айтқанда,  ол  балалардың жеке басын дамыту,  психикалық дамуын, даралық 

ерекшеліктерін,  ішкі  потенциалын  анықтап, 

жан-жақты  зерттеу  негізінде  оқу-тәрбие  жүмысын 

балалардың жақын  арадағы  даму  аймағына  бағыттау.  Ал  балалар тәрбиесіне,  дамуына мектеп жасына 

дейінгі кездің ықпалы аса зор екені ақиқат.

Мектеп жасына дейінгі  балалар тәрбиесі,  оқуы  жэне  дамуы  жайлы теория мен тәжірибе  қарым- 

қатынас  мәселесінде  қиылысады.  Ал  баланың  психологиялық  қасиеттері,  танымдық  үрдістері  жэне 

психологиялық  қалыптасуы  түтас  дамитын,  балалар  психологиясының  дамуындағы  басты  көрсеткіш 

эрі фактор болатын әмбебап ерекшелік -  балалардың қарым-қатынас саласы.

Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына Ежелгі  Грецияның  аса көрнекті  философтары 

Платон  мен  Аристотель  көзқарастарының  ерекше  маңызы  болды.  Платон  (б.э.  дейінгі  427-347)  азат 

азамат  балаларын  ерте  бастан  тәрбиелеудің  мемлекеттік  жүйесі  туралы  идеяны  үсынды.  Платон 

ойынды  тәрбие  берудің  маңызды  қүралы  деп  қарады,  балаларды  тәрбиелеумен  шүғылданатын 

адамдарға  қойылатын  негізгі  талаптарды  айқындап  берді.  Аристотель  (б.э.  дейінгі  384-322  жылдар) 

мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше жэне маңызды шақ деп бөліп қарады. 

Бүл  кезеңде  оның  пікірі  бойынша,  алуан  түрлі  ойындармен  қатар  ақыл-ойды  дамытатын  әңгімелер 

пацдалануға  тиіс,  ал  балаларды  бес  жасынан  бастап  мақсатты  түрде  мектепке  даярлау  керек  десе, 

мектепке  дейінгі  тәрбие  теориясы  негіздерінің  қалыптасуына рим  педагогы  Марк Квинтилиан  да  (42- 

118)  өзіндік  үлесін  қосты.  Ол  мектепке  дейінгі  балалармен  жүйелі  сабақ  жүргізу  мүмкіндігі  бар  деп 

есептеп,  бірақ  берілетін  білім  ауқымы  кең  болмауға  тиіс,  оны  беру  методикасы  «бала  өзі  сүйіп 

үлгермеген  оүуды  жек  көріп  кетпеуі  үшін»  балаларды  қуанышты  көңіл-күйін,  ынтызарын  туғызуы 

керек деді.  Бірінші социалист- утопистер  Томас Мор  (1478-1535)  «Утопия» жэне Томмазо  Кампанелла 

(1568-1639)  «Күн  қалаксы»  еңбектерінде  сипатталған  керемет  мемлекеттерде  мектеп  жасына  дейінгі 

барлық  балаларға  қоғамдық  тэрбие  беру  енгізілген.  Ғылыми  педагогиканы  дамытуды  бастаған  үлы 

славян  педагогы  Ян  Амос  Коменский  (1592-1670)  мектеп  жасына  дейінгі  балаларга  тэрбие  беруге 

үлкен  көңіл  бөлді.  Оның  «Ана  мектебі»  деген  арнаулы  еңбегі  мектепке  дейінгі  дүние  жүзінде  бірінші 

бағдарлама жэне қүрал болды.

Балалардың  мектептегі  оқуға  дайындығы  жайындағы  мэселені  ең  алғаш  рет  қойған 

К.Д.Ушинский болатын.  Ол  өзінің «Ана тілін»  оқытудағы нүсқауларында «Оқытуды  бастаудың негізі» 

деп  аталатын  арнайы  тарау  белгілеген.  Онда  ата-аналар  мен  педагогтарға  ескертіп  былай  деп жазған: 

«Баланың мүмкіншілігі  болмайынша,  методикалық оқытуды  бастамаңдар».  Сөздерді нашар  айту, үзіп- 

созып  жэне  байланыстыра  алмай  сөйлеу,  баяу  игеруі,  зейінінің  нашарлығы  т.б.  баланың  осындай 

ерекшеліктерін ол мезгілсіз оқытудың нышандары ретінде атап көрсетті.

Мектепалды  даярлық тобы мен  бірінші  сынып арасында педагогикалық эрі  ғылыми негіздер  бар.  Ең 

алдымен мектепалды даярлық тобы арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асатын болғандықтан, мүның мазмүны 

мен  барлық  бағыт-бағдары  түгелдей  мектегпік  білімнің  алғашқы  сатысы  деп  айіута  болады.  Олай  дейіін 

себебіміз,  мектепалды  даярлық  тобының  балаларын  дайындаудың  мақсаты  тек  қана  сауат  ашқызып,  білім


үйреіу емес,  сонымен  қатар,  ғылыми-педагогикалық эрі психологиялық түрғыда  баланьщ қоршаған  ортаға 

бейімдалуі, айналасымен үйренісуі, дүниетанымы мен көзқарасының мектегпік өмірге қарай өзгеруіне ықпал 

ететін факторларды нығайіу.  Бүған қол жеткізу үшін балабақшадағы өмірді мектегпік өмірге қарай тэрбиелеу. 

Бүл  сабақтастықтъщ  бірінші  сипаты  эрі  мақсаты  больш  есептеледі.  Даярлық  тобындағы  балалардың 

қызығушылығы  да  эртүрлі  болады.  Сонымен  бірге  ол  аралықтағы  балалардың  ой-өрісі  қалыптасу  үстінде 

болгандықтан,  ол  жердегі  өткізілетін  ойындар  мен  түрлі  сабақтар  олардың  санасына,  дүниетанымьша  эсер 

егіп  қана  қоймай,  маіыналы  түрде  ықпал  жасайды.  Бірінші  сыныпқа  келген  баланың  бойынан  ол 

балабақшалық  даярлықтан  өтгі  ме,  жоқ  па  деген  сүраісгың  жауабьш  лезде  таба  қоюға  болатыны  сияқты, 

балабақшадағы  балалардьщ  бойьшан мектепке  деген  қызығушылықтары  элдеқайда жоғары  сипатга  көрініс 

береді. Қызығушылықтъщ өзі эртүрлі болады. Оқуга қызығушылық төмен дәрежеде болған баланьщ мінезінде 

өзгешеліктер табылады.  Мысалы,  ол ойынға қүмар  болып, жазу мен сызута эуестенбеуі де мүмкін.  Мүндай 

баланьщ мінезін өзгертш, оны  білімге қүмар қыльш шығару оңай емес,  ол үшін тәрбиешінің тэжірибесі мол 

болуы керек, сонда ғана осы іспетгес балалардьщ барлық ынтасы мен күшін күнделікті сабақ жатіығуларына 

қарай тәрбиелеуге болады.

Әрбір  мектеп,  ең  алдымен,  өзінде  қандай  күндылыктар  бар  екендігін  көрсете  отырып,  адамның 

өзін-өзі  тануы  мен  рухани  әлемнің  бір  бөлшегі  тэрізді  етіп  сезінуіне  жол  ашып  беруі  керек.  Ілім 

үйретудегі  ең  жақсы  бастама  ол  -   баланың  басына  жиналғанды  жоғалтпай,  тэртіпке  келтіріп, 

жалпылама білімді саналыға өзгертіп, сол арқылы бала ойын ояту жэне оған пайдалы білім беру.

Ғылымды  шындықпен  көркейткен  білімді  халық  қана  ғылымдағы  мэнге  ие  болып,  басқа  да 

халықтар  үшін  бірдей  көрінеді.  Тәрбиенің  мақсаты  ол  адамның  жеке  мүратын  дамыту  үшін 

пайдаланылатын  қүрал.  Тәрбие  адамды  түтастай  қабылдайды:  оның  ойын,  ақылын,  ерекшеліктерін 

жэне ең алдымен, мінезіне қарайды,  ал мінезде халықтық сипат орын алады.

Ғылым  еркін  дол  ашады,  білім  береді,  үғындырады жэне  сенімді  керек  етпейді.  Белгілі  педагог 

А.С.Макаренко  былай  деген  екен:  «Тәрбие,  жаратылыстану  заңдылықтарындай,  бір  заңдылықтар 

жүйесімен  бағытталып отыруы  керек.  Егер  де  адамның қолында заңдылықтар жүйесі  бар  болып,  олар 

эртүрлі комбинацияда болса, бүдан ешкім үтылмайды».

Балабақша  мен  мектеп  арасындағы  сабақтастық  білім  мен  тәрбие  мазмүны  арқылы  да,  әдістер 

мен тэсілдер,  үйымдастырушылық формалары  арқылы  да жүзеге  асырылады.  Білім  алуға дайындықты 

қалыптастыру  деген  сөз  балаларды  білім  бағдарламаларын  игеруге  жэне  білім  үжымына  үйренуіне 

алғышарттар  жасау  дегенді  білдіреді.  Дегенмен,  бүл  баланың  жан-жақты  дамуын  көздеген,  үзақ  эрі 

қиын үрдіс.

Денсаулық  дайындығына -   денсаулығының тэуір  күйде  болуы,  шыдамдылығы,  қорғаныштығы, 

еңбекқорлығы,  дене  дамуының мэліметтері  (бойы,  салмағы,  кеудесінің көлемі),  қозғалысының дамуы, 

үсақ жэне нақты қозғалыс түрлерін жасай алуы, эріп жаза білуі, ақыл-ойының қабілеті жатады.

Психологиялық  даярлығына  -   ең  алдымен,  интеллектуалдық  даму  деңгейі,  оқуға  күшті  жэне 

түрақты  мотивтер  жатады.  Жоғары  мектепке  дейінгі  жастың  балалары  жыл  аяғында  қоршаған  орта, 

адамдар өмірі туралы біршама білімдерді игереді.

Бала  тек  жаңа  іс-әрекетке  ғана  дайын  болып  отырмауы  керек,  ол  сонымен  өзінің  қүқы  мен 

міндеттемелері  бар  оқушының  жаңа  әлеуметтік жағдайына  да  дайын  болуы  керек.  Даярлық  тобының 

балалары  мен  мектептегі  оқушылардың  арасындағы  байланыс  жыл  бойына  сақталады.  Осы  үрдіс 

балалардьщ мектеп өмірімен жақындап танысуына,  ой-өрісінің көкжиегінің кең болуына игі эсер етіп, 

мектепке  деген  қызыгушылықты  арттырып,  оқуға  деген  қүмарлықты  оятады.  Осылайша,  балабақша 

мен мектептің арасындағы сабақтастық мазмүнды эрі екіжақты  байланыс  болып табылады.  Сондықтан 

да  балабақшада  берілетін  оқу-тэрбие  жүмысының  бағыты  мектепте  балаларға  қойылатын  оқу-тэрбие 

талабына қарай бағытталған болуы тиіс.  Мүның бэрі  екіжақты  байланыстың нығая түсуіне,  оқу-тэрбие 

үрдісінің  мазмүндылық  жағының  артуына,  оның  барлығын  тэрбие  мен  оқу  үрдісінде  қолдануына 

мүмкіндік береді.

Балалардың  мектептегі  білім  алуының  тиімділігі  олардың  дайындық  деңгейімен  анықталады. 

Мектепте  оқуға  деген  дайындық  -   балабақша  мен  отбасындағы  тэрбиенің  маңызды  қорытындысы 

болып  саналады.  Ол  балаға  мектеп  тарапынан  жүктелетін  талаптар  жүйесімен  айқындалады. 

Талаптардың сипаттамасы  оқушының жаңа элеуметтік-психологиялық  позициясымен,  орындауға тиім 

жаңа мақсат пен міндеттерімен байланысты.

Балабақшаның  міндеті  -   тэрбие  мен  білім  жүйесі  арқылы  баланьщ  мектепке  дайындығын 

қалыптастыру,  бастауыш  мектептің талаптарына сай қылу.  Мектепке дайындық,  бір жағынан,  баланың 

жан-жақты  дамуын  көздесе,  екінші  жағынан,  баланың  мектептің  алғашқы  сатысында  игеретін 

сабақтарын оқуға бағыттайтын арнайы дайындық та болып табылады.

Мектепке  дейінгі  білім  беретін мамандарды  кэсіби түрде  дайындау мектепке  дейінгі  педагогика 

мен білікті игеру арқылы педагогикалық практиканың барысында үйретіледі.

Адам  баласының дүрыс,  парасатты жолмен өмір сүруі тек өзіне  байланысты»  десек те,  мына бір 

шындықты  ешкім  айналып  өте  алмас.  Поляктың  Станислав  Ежи  Лец  атты  зиялы  ақыны  «Тагдыр



таразысының  қайда  қарап  ауатыны,  бесіктің  қалай  тербетілетініне  байланысты»  дейді.  Олай  болса 

адам  тағдырына  есейіп,  ер  жетіп,  ақыл  тоқтатқанға  дейін  жауапты.  Яғни  «Бесікті  кім  жэне  қалай 

тербетті  ?»  деген  сүрак  қоюға  әбден  болады.  Бесік  қазақ  ұғымында  киелі  сөз.  Бесік  дегенде  алдымен 

көз  алдымызға дүниеге шыр етіп келген шарана елестейді.  Жаңа өмір жарық дүние есігін ашты,  ортаға 

бір  адам  қосылды.  Баланың  өмірге  келуі  ата-анаға,  ортаға  үлкен  міндет  жүктейді.  Оның  оң-солын 

танып,  адам,  түлга  болуы  шарт...  Жеке  түлганы  қалыптастыру -   біздің  қоғамымыздың  басты  міндеті. 

Бала дүниеге келгеннен бастап 5  (6) жасқа дейінгі аралық қоршаған дүниені  белсенді танитын кез.  Бүл 

кез ғылымда мектепке дейінгі жастағы балалар деп аталады.  Қазақстан Республикасының Білім туралы 

Заңында «Бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында жэне (немесе) 

мектепке  дейінгі  үйымдарда  жүзеге  асырылады»  делінген.  «Бала  тәрбиесі  баршаның  ісі»  десек  те 

тэрбие мэселесіндегі мектепке дейінгі үйымдардың, тэрбиеші -  педагогтардың мол үлесін ешкім жоққа 

шығара  алмас.  Мектепке  дейінгі  үйымдардың  бір  түрі  балалар  бақшасы  болса,  ондағы  оқу-тәрбие 

бағдарламасын  орындауды  ең  алдымен  тәрбиеші-педагог  жүзеге  асырады.  Ол  -   мектепке  дейінгі 

үйымдағы  басты түлға.  Тәрбиеші  өзінің күрделілігі  мен әсемдігі жағынан қайталанбайтын,  ештеңемен 

салыстыруға  келмейтін  жеке  адамның  жеке  адамның  қалыптасу  процесін  басқарады.  Тәрбиешінің 

балалар бақшасындағы қызметі -  тәрбие,  білім беру, қүзыретті түлға қалыптастыру.

Адамның  жеке  басын  қалыптастырушы  деген  талаптарды  қанағаттандыру  үшін  тәрбиеші- 

педагог  қандай  болуы  тиіс?  «Кез  келген  білім  бағдарламасының  табысты  орындалуы  мүғалімге 

байланысты.  Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге 

асыруға ықпал  ете  алады,  ал кәсіби дәрменсіздігі  істі  қүлдыратады»  делінген Қазақстан Республикасы 

орта  білім  беру  жүйесі  дамуының  Мемлекетттік түжырымдамасында.  Бүл  бүгінгі  педагогтарға,  оның 

кәсіби  біліміне  қойылар  талаптың  өте  жоғары  екендігін  анық  байқатады.  Сондықтан  жоғары  оқу 

орнының  қабырғасында  білімділік  пен  кәсіптік  бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын  өз  мамандығын 

сүйетін,  қабілетті,  ерекше  педагогикалық  қасиеттердімеңгерген  болашақ  маман  қалыптастыру  міндет. 

Педагогқа  аса  қажеттілігі:  педагогикалық  мамандыққа  бейімділік  (тума  талант),  баланы  сүю, 

балалармен жүмыс  жасаудағы  төзімділік,  жеке  бас  қасиеті,  т.б.  Болашақ  педагог  болам  деген жастың 

бойында  мамандыққа  деген  ынта,  сол  мамандықты  үнату  ғана  болады.  Ал  мамандықтың  қыр-сырын 

толық  меңгерту,  теорияны  практикамен  үштастыру  педагог  даярлайтын  оқу  орнының  міндеті.  Осы 

орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше.

Практика  шындықты  танудың  қайнар  көзі,  жогары  кәсіби  мамандарды  дайындаудың  маңызды 

бөлігі  болып  табылады.  Оның  мақсаты  -   оқу  процесінде  студенттердің  алган  білімдерін  бекіту, 

мамандыгы бойынша практикалық жүмыс дагдысын қалыптастыру,  іс жүзіне  асыру.  Өйткені,  болашақ 

педагог өз  бейімділігін,  шеберлігін,  алган теориялық білімін практикамен үштастырып отырганда гана 

жүзеге  асырады.  Шеберліктің  бастамасы  өз  мамандыгын  сүюден,  пэнді,  әдістемені  жете  білуден, 

практикадан  басталады.  Практика  студенттерге  меңгерген  білімдерін  тексеруге,  практикалық  дагды, 

педагогикалық  қабілеттілік,мүмкіндік,  инициатива  көрсетіп,  болашақты  көруге  мүмкіндік  береді. 

Осылайша  болашақ  маман  алгашқы  ізденісін  педагогикалық  практикадан  алады.Тэрбиеші  -  

педагогтарды  даярлаумен  педагогикалық  оқу  орындарының  «Мектепке  дейінгі  оқыту  мен тәрбиелеу» 

мамандыгы  айналысады. 

Мамандықтың  бірден  бір  маңызды  міндеті  -   мектепке  дейінгі  барлық 

үйымдар  типтерінде  кәсіптік  міндетті  шешуге  қабілетті  мамандарды  даярлау.  Бүл  міндеттерді  шешу 

оқытудагы  практикалық-багдарлау жүмыстарының жагдайында мүмкін  болады.  5В010100  -  Мектепке 

дейінгі  оқыту жэне  тәрбиелеу  мамандыгының мемлекеттік жалпыга  міндетті  білім  беру  стандартында 

алты практика түрі көрсетіледі.  Олар:

І.Оқу практикасы (таныстыру)

2.  Сәби шақ топтарындагы педагогикалық практика

3.  Оқу -педагогикалық практика (зерттеу)

4.  Мектепке дейінгі топтардагы педагогикалық практика

5. Дипломалды практика

Қай  практиканың  болмасын  басты  мақсаты  -   студенттердің  педагогикалық  мамандыққа 

қызыгушылыгын  тереңдету,  өздерінің  педагогикалық  қабілеттерін  корсету,  болашақ  кәсіби  маман 

ретінде  жүмысқа  дайындау,  психологиялық-педагогикалық  пэндерді  терең  оқып-үйренуге  деген 

талпынысты  тэрбиелеу.  Жогарыда  көрсетілген  практикалардың  кэсіби  маман  даярлау  ісінде  алатын 

орны зор.

Қорыта айтқанда, педагогикалық практика -  студенттерге кәсіптік білім беру жүйесіндегі ерекше 

сала.  Бітіруші түлектің қандай маман  болуы оның алган білімі мен дүниетанымына байланысты.  Жаңа 

адамды  қалыптастыратын  жаңа  формация  педагогы  қогамның  алдыңгы  қатарлы  мүшесі  болу  парыз. 

Мектепке  дейінгі  үйым  мен  оқу  орны  тарапынан табысты  үйымдастырылган  педагогикалық практика 



қүзыретті маман қалыптастырудың алгы шарты болмақ.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  Қазацстан Республшасының мемлекеттік жалпыга міндетті  білім  беру стандарты  050101

-  Мектепке дейінгі оцыту мен тәрбиелеу мамандыгы -  Алматы,  2006.

2.  5(6)  жастагы  балаларды  мектеп  жагдайында  мектепалды  даярлаудъщ  багдарламасы.  -  

Астана,  1999.

3.  Әубэкірова  Ж.Қ. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  царым-цатынас  тренингін 

үйымдастырудың психологиялъщ-педагогикалъщ негіздері:  Псих.г.к.,  дисс...  13.00.07 -  Алматы,  2001.  -  

127 6.

4.  Баймүратова Б. Баланы мектепке дайындау жөнінде.  -  Алматы: Мектеп,  1971-64 6.

5.  Балабацишда  5-7 жастагы  балаларды  мектепалды  дайындау  багдарламасы.  -  Астана- Алматы: 

ЫАлтынсарин атындагы ҚазацБілім академиясының республикалъщ баспа кабинеті,  1999-Б .6 7

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 61.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет