Бірінші курс студенттеріне арналған


 Жазғы семестрді ұйымдастыру



жүктеу 302.47 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата07.05.2017
өлшемі302.47 Kb.
1   2   3

5 Жазғы семестрді ұйымдастыру 

 

Жазғы  (қосымша)  семестрлер  (Академиялық  күнтізбені  қара)  оқу 



жылының  негізгі  семестрлеріне  қосымша  түрде  ұйымдастырылады.  Жазғы 

семестрде студенттердің мынадай мүмкіндіктері бар: 

- өзінің академиялық бережектерін жою; 

- GPA жоғарылату мақсатында жеке пәндерді қайта тапсыру; 

- өз қалауы бойынша қосымша пәндерді зерделеу.  

Сол  сияқты  жазғы  семестр  білім  алушылардың  академиялық  икемділігі 

шегінде (Анықтамалық-жолсілтеменің тиісті тарауын қара) білім алушылардың 

басқа жоғары оқу орындарда жеке пәндер бойынша оқуы үшін қолданылады.  

Жазғы  семестрде  білім  алу  әрбір  оқу  жылына  белгіленетін  1  кредит 

құнының  есебінен  ақылы  негізінде  ғана  жүзеге  асырылады  (аталған  пәндердің 

кредиттер  санына  байланысты).  Жазғы  семестрде  білім  алу  кезінде  студент 

аталған  пән  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарымен  қарастырылған  оқу 

сабақтарының  барлық  түрлеріне  қайтадан  қатысады,  рұқсат  алады  және 

қорытынды бақылауды (емтиханды) тапсырады. 

  

Жазғы  семестрде  білім  алуға  тіркелуді  студенттің  жеке  өтініші  негізінде 



Тіркеуші  офисі  (Басты  корпустың  бағана  залы,  Г-1-135  дәрісхана)  жүзеге 

асырады. 



 

 

 

 

 

12

6 Білім алушылардың академиялық икемділігі  

 

Қазақстан  Республикасы  Болонья  декларациясына  қосылу  құрметіне  ие  



болған  және  еуропалық  білім  беру  кеңістігінің  толық  құқылы  қатысушысы 

атанған  тұңғыш  Орта  Азиялық  мемлекет  болып  табылады.  Халықаралық  білім 

беру  кеңістігіне  бет  бұрудың  ең  басты  мақсаты  –  қазақстандық  жоғары  білім 

беру  сапасын  әлемдік  стандарттарға  сәйкес  қамтамасыз  ету,  оның 

тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.  

Болонья  декларациясының  негізгі  қағидаларының  бірі  студенттер  мен 

оқытушылардың академиялық икемділігі болып табылады.  

Білім  алушының  (студенттің)  академиялық  икемділігі  –  бұл  білім  алу 

үшін,  өз  жоғары  оқу  орнында  кредиттер  түрінде  зерделенген  білім  беру 

бағдарламаларын белгіленген тәртіпте міндетті түрде қайта сынақтап, олардың 

басқа  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  белгілі  бір  академиялық 

кезеңге (әдетте, семестрге немесе оқу жылына) ауысуы. 

   

Академиялық икемділіктің екі түрі бар: 



  ішкі – Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқу; 

  сыртқы – шетелдік жоғары оқу орындарында оқу. 

Университетте  академиялық  икемділік  бағдарламаларын  үйлестіруді 

Халықаралық  ынтымақтастық  бөлімі  (тел.  26-25-33)  –  сыртқы  икемділік 

мәселелері  бойынша  және  Тіркеуші  офисі  (Г-1-135,  тел.  540-498)  –  ішкі 

икемділік мәселелері бойынша жүзеге асырады.  

 

Басқа  оқу  орында  оқу  үшін  студент  академиялық  икемділік  шегінде  (өз 



бетімен немесе үйлестірушінің көмегімен) жоғары оқу орнын (ел ішінде немесе 

шетелде)  таңдайды,  зерделеу  үшін  пәндер  тізбесін  анықтайды  және 

бағдарламалардың  үйлестірушісіне  өтінім  береді.  Серіктес  жоғары  оқу 

орынның  ресми  шақыруын  алған  соң,  таңдаған  оқу  орнында  оқу  үшін  студент 

жеке  оқу  жоспарын  құрайды  және  аталған  жоспар  жөнінде  шығарушы 

кафедрамен немесе деканатпен келіседі.    

Үйлестіруші  (қажет  болса)  Студенттер  арасында  конкурс  өткізу 

комисиясының  жұмысын  ұйымдастырады.  Конкурстық  іріктеудің  негізгі 

критерийлері: өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау, «А», «А-

»,  «В+»,  «В»,  «В-»  үлгерімі,  шетелдік  жоғары  орнында  оқу  үшін  –  шетел  тілін 

еркін 

меңгеру 


(мүмкіндігінше 

шетел 


тілінен 

тест 


тапсыру 

туралы 


сертификаттың болуы).  

Академиялық икемділік шегінде білім алуды қаржыландыру төмендегілер 

есебінен жүзеге асырылады: 

  республикалық бюджет қаражаттары; 

  жоғары оқу орынның бюджеттен тыс қаражаттары; 

  ұлттық  компаниялар,  әлеуметтік  серіктестер,  халықаралық  қорлар 

гранттары;  

  білім алушылардың өз қаражаттары.  

Ішкі 

академиялық 



икемділік 

шегінде 


студент 

Қазақстан 



 

13

Республикасындағы  таңдаған  оқу  орнында  (немесе  шетелдік  оқу  орнында  –  



серіктес жоғары оқу орынның келісімі  бойынша) жазғы семестр ағымында оқи 

алады.  Еліміздің  алдыңғы  қатарлы  жоғары  оқу  орындары  өз  білім 

порталдарында 

on-line 


режимінде 

жазғы 


семестрде 

оқуға 


тіркелу 

мүмкіндіктерін  қарастыруда.

 

Тіркелу  тәртібі,  мерзімі  және  оқу  шарттары 



туралы  ақпаратты  оқу  орындарының  ресми  сайттарынан  таба  аласыз  немесе 

университеттің  академиялық  икемділік  мәселелері  жөніндегі  үйлестірушіден 

консультация алуға болады.  

Студент қабылдаушы оқу орыннан қайтып келгеннен кейін өз оқу орнына 

транскрипті  және  аванстық  есепті  ұсынады  (республикалық  бюджеттің,  оқу 

орынның  қаражаттары  есебінен  оқыған  жағдайда).  Транскрипт  негізінде  ECTS 

типі  бойынша  кредиттерді  қазақстандық  жүйемен  қайта  сынақтауға  сәйкес 

білім алушының кредиттерін міндетті түрде қайта сынақтау жүзеге асырылады 

(ECTS,  немесе  European  credit  transfer  system  –  кредиттерді  еуропалық  аудару 

жүйесі).   

    

7 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерін қайта қабылдау және 

ауыстыру ерекшеліктері  

 

Университетте  студенттерді  қайта  қабылдау  және  ауыстыру  тәртібі 



«Д.Серікбаев  атындағы  студенттерді  қайта  қабылдау  және  ауыстыру 

Ережелерімен» ШҚМТУ 706  ҚТ құжаттандырылған тәртіппен реттелген. 

Күндізгі  оқу  түрі  бойынша  білім  алушылардың  ауысу  немесе  қайта 

қабылдау  туралы  өтініштері  университет  ректорымен  жазғы  және  қысқы 

каникул  кезеңінде  (оқу  семестрі  басталғанына  дейін  бес  жұмыс  күнін 

кешіктірмей  қарастырылады).  Сырттай  оқу  түріне  ауысу  және  қайта  қабылдау 

туралы  өтініш  бір  айдың  ішінде  кезекті  емтихандық  сессия  басталғанға  дейін 

бес  күннен  кешіктірмей  қабылданады.  Білім  алушылар  бірінші  академиялық 

кезеңдегі  игерілетін  жеке  оқу  жоспардың  толық  аяқталуынан  кейін  ауыса 

немесе оқудан шығарылғаннан кейін қайта қабылдана алады. 

Білім  алушыны  қайта  қабылдау  немесе  ауыстыру  кезінде  бұрын  өткен 

академиялық  кезеңде  зерделенген  оқу  жұмыс  жоспарларындағы  пәндердің 

айырмашылықтары  нақтыланады.  Оқу  жұмыс  жоспарларындағы  пәндердің 

академиялық  айырмашылығын  факультет  деканы  (деканның  оқу-әдістемелік 

жұмыс  жөніндегі  орынбасары)  анықтайды.  Белгіленген  курсқа  ауыстыру  және 

қайта  қабылдау  оқу  жоспарындағы  пәндердің  айырмашылығының  көлемі 

(пререквизиттерді  игеруге  қажетті  есеппен)  30  кредиттен  аспайтын  жағдайда 

сол курсқа жүзеге асады  

Егер пәндердің айырмашылығының және пререквизиттердің көлемі үлкен 

кредиттер  санын  құраса,  ауысу  мен  қайта  қабылдау  тиісті  курсқа  жүзеге 

асырылады.  

Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндер  академиялық  айырмашылығын  жою 

тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ресімделеді. 

Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндер  академиялық  айырмашылығын  жою 

үшін  білім  алушы  академиялық  кезең  ағымында  оқу  сабақтарының  барлық 


 

14

түрлеріне  қатысады,  оқу  жоспарымен  қарастырылған  ағымдағы  және  аралық 



бақылаудың  барлық  түрлерін  тапсырады  және  қорытынды  бақылауды 

тапсыруға рұқсат алады. 

Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндер  академиялық  айырмашылық  жазғы 

семестр кезінде жойылмаса келешекте академиялық берешек болып саналады. 

ЖОО  оқудан  шығарылған  білім  алушы  ШҚМТУ  білім  алушыларының 

санына  оқудан  шығарылған  мерзіміне  қарамастан  кез  келген  оқу  түріне  және 

кез  келген  мамандыққа  оқуға  қайта  қабылданады.  Білім  алушылардың  санына 

ақылы түрде жүзеге асырылады. 

Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндер  академиялық  айырмашылығы 

белгіленген мерзімде (бір академиялық кезең ағымында) жойылмаған болса, әрі 

қарай ол академиялық берешек ретінде есепке алынады.  

Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушы, оқудан шыққан мерзіміне 

қарамастан,  ШҚМТУ  студенттері  қатарына  кез  келген  оқу  түріне  және  кез 

келген  мамандыққа  қайта  қабылдана  алады.  Білім  алушылар  қатарына  қайта 

қабылдау  ақылы  негізінде  ғана  жүзеге  асырылады.  Қайта  қабылдау  туралы 

өтініш  кезектегі  академиялық  кезеңнің  басталуына  дейін  бес  жұмыс  күнін 

кешіктірмей  (күндізгі  оқу  түрі  үшін),  және  де  емтихандық  сессияның 

басталуына дейін 1 ай қалғанда (сырттай оқу түрлері үшін) қабылданады.   

Бекітілген  GPA  көшу  балл  санын  жинай  алмаған  білім  алушы,  қайтадан 

оқу жылына қалдырылады. 

Қайтадан оқу жылы университеттің басшысының (ОӘЖ проректорының) 

бұйрығымен  беріледі.  Қайтадан  оқу  жылына  қалтырылған  білім  алушы 

ағымдағы  оқу  жылының  1-қазанына  дейін    «Жоғары  білімді  маман  даярлауда 

білім  беру  қызметтерін  көрсету  шартына  (қайта  оқу  жылы)»  қол  қоймаған 

жағдайда академиялық үлгермеушілігі үшін оқудан шығарылады.  

Егер  жазғы  семестрден  кейін  студент,  академиялық  берешектері  бола 

тұрып,  белгіленген  көшу  балл  санын  (GPA)  жинаса,  онда  ол  келесі  курсқа 

көшіріледі.  Бекітілген  көшіру  балл  санын  (GPA)  жинаған  және  келесі  курсқа 

көшірілген  білім  беру  гранты  бойынша  оқитын  студенттің  академиялық 

берешектері  бар  болған  жағдайда,  ол  білім  беру  грантынан  айырылмайды. 

Академиялық  берешектер  ақылы  негізінде  жойылады  (студент  білім  беру 

грантының  иегері  ме,  не  болмаса  шығындарды  толық  өтеумен  шарт 

жағдайында оқи ма, соған қарамастан). 

Бір  мамандықтан  басқа  мамандыққа,  бір  оқу  түрінен  екінші  оқу  түріне 

ауысу тек қана ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады. Білім алушылардың 

ШҚМТУ-дан ұлттық жоо ауысуы тек қана ақылы түрде жүзеге асырылады. 

Орта  кәсіптік  білім  негізінде  оқитындарды  бір  мамандықтан  басқа 

мамандыққа 

ауыстыру 

ҚР 


БҒМ-нің 

21.06.2010ж. 

№316 

«Қазақстан 



Республикасының  Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 

мамандықтары  классификаторының  және  де  Техникалық,  кәсіби  және  орта 

білім  беруден  кейінгі  кәсіптер  мен  мамандықтар  классификаторының 

Сәйкестілік кестесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

 


 

15

8 Университеттің ғылыми кітапханасы  

 

Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ  студенттері  Университеттің  ғылыми 



кітапханасының  кітап  қорын  және  ақпараттық  ресурстарын  пайдалану  құқығы 

бар.


  

Ғылыми кітапхананы  пайдаланудың негізгі  ережелері 

  Кітапхана – мәдениет мекемесі. Мұнда театрдағыдай барлығы да киім ілу 

орнынан басталады. Сыртқы киімді гардеробқа тапсыру керек.  

  Оқу  билеті  –  ол  тек  қана  рұқсаттама  емес,  сондай-ақ  ол  сіз  үшін  кітапқа 

тапсырыс  беріп,  оны  алуға  қажетті  негізгі  құжат.  Оны  үйде  ұмытпаңыз, 

жоғалтпаңыз  және  де  басқа  адамның  қолына  бермеңіз.  Әрбір  оқу 

жылының басында оқырмандар оқу билеттерін қайта тіркеу қажет. Қайта 

тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапханада қызмет көрсетілмейді.  

  Абонементтерден  әдебиетті  «үйге»  алу  мүмкіндігі  бар.  Әрбір  семестрдің 

басында  Кітап  беру  кестесіне  сәйкес  оқу  әдебиетін  жаппай  беру 

өткізіледі,  бұл  кестеде  белгілі  бір  топқа  оқулықтарды  беру  уақыты  мен 

орны  белгіленіп,  кәтапхана  сайтында  орналастырылады,  сондай-ақ 

деканаттар мен кітапхананың хабарлама стендтеріне де ілінеді. 

  Түсінбестік пен жағымсыз жағдайды болдырмас үшін кітапты белгіленген 

мерзімде қайтарып, әдебиетті уақытылы тапсыруды ұмытпаңыз. 

  Оқу  залында  пайдалану  үшін  оқу  мен  ғылыми  үдеріске  қажетті 

әдебиеттер  беріледі.  Бұл  оқулықтар  және  оқу  құралдары,  ғылыми  және 

анықтамалық баспалар, сирек кездесетін кітаптар және мерзімді баспалар, 

электронды  баспалар.

  

  Кітапхана  қорынан  алынған  баспаларды  жоғалтпаңыз.  Жоғалған  немесе 



бүлінген  баспалардың  орнын  дәл  соңдай  немесе  тең  бағалы  баспамен 

кітапханаға  толтыруға  (кітапхананың  қалауына  қарай),  немесе  баспаның 

нарықтық құнын өтеуге Сіз міндеттісіз. 

  Қарым-қатынас 

құру 

әдептілігін 



сақтаңыз! 

Беделді 


университет 

студентінің атына кір келтірмеңіз! 

 

Ғылыми кітапхана бөлімшелерінің жұмыс кестесі  

Ғылыми  кітапхана  жексенбі,  мейрам  және  тазалық  күндерден  басқа 

уақытта,  күн  сайын  жұмыс  істейді.  Әр  айдың  соңғы  жұмасы  –  тазалық  күні. 

Әмбебап  оқу  залы  –  08.00-ден  бастап  19.00-ге  дейін,  салалық  оқу  залдары  мен 

абонементтер 08.30-ден бастап 17.30-ға дейін жұмыс істейді.   

Сенбі  күні  барлық  бөлімдер  08.00-ден  бастап  16.00-ге  дейін  жұмыс 

істейді.     

Ғылыми кітапхананың құрылымы  

Университеттің ғылыми кітапханасы 15 бөлімшеден тұрады. 

 Оқу залы (425 отыру орны бар 6 зал):  

  Әмбебап оқу залы – Г-Б-101 дәрісханасы; 

  Мерзімді баспалардың оқу залы – Г-1-223 дәрісханасы; 

  Құрылыс  әдебиеттерінің  оқу  залы  –  университеттің  2-корпусы  (Тәуелсіздік 

даңғ, 4); 


 

16

  Өнер,  сәулет  өнері  және  дизайн  әдебиеттерінің  оқу  залы  –  Г-2-206 



дәрісханасы; 

  Ғылыми  қызметкерлер,  аспиранттар  мен  магистранттардың  оқу  залы  –  Г-Б-

108 дәрісханасы; 

  Нормативті-техникалық  және  патенттік  құжаттардың  оқу  залы  –  Г-1–222 

дәрісханасы. 

2-абонемент:  

  Оқу әдебиеттерінің абонементі – Бас корпус, бағана залы; 

  Ғылыми және көркем әдебиеттер абонементі – Г-Б-100 дәрісханасы; 

7 мамандандырылған бөлім: 

  Сирек  кездесетің  кітаптар  секторы  бар  қорларды  сақтау  –  Г-Б-100 

дәрісханасы; 

  Әдебиеттерді  толықтыру,  есепке  алу  және  ғылыми  өндеу  –  Г-Б-105 

дәрісханасы; 

  Ғылыми-библиографиялық – Г-Б-106 дәрісханасы;  

  2 компьютерлік зал – Г-Б-101А және Г-Б-101Б дәрісханалары; 

  Кітапхананың даму секторы – Г-Б-105 дәрісханасы; 

  Каталогтар залы – Г-Б-100 дәрісханасы; 

  Әскери кафедра жанындағы кабинет – №5 корпус.  



 

Ғылыми кітапхана қорынан кітаптар алу тәртібі 

 

  Біріншіден  оқу  әдебиеттері  абонементінде  кітапханаға  жазылу  керек,  осы 

жерде  Сізге  ағымдағы  семестрде  қолданылатын  оқулықтар  жиынтығы 

беріледі. 

  Қажетті 

баспаны 


іздестіру 

үшін 


электронды 

немесе 


карточкалы 

каталогтардан  қараңыз.  Іздестіруде  қиындық  туған  жағдайда,  кезекші 

библиографтан көмек сұраңыз.  

  Каталогтан  кітаптың  шифрін,  автордың  аты-жөнін,  кітаптың  атауын  және 

шығу жылын көшіріп жазыңыз.  

  Жазбаша  тапсырысты  оқу  залының  немесе  абонементтің  кітапханашысына 

беріңіз. 

Маңызды! 

1-семестрдің 

басында 

міндетті 

түрде 

"Кітапхана-



библиографиялық  білім  негіздері"  сабақтарына  қатысыңыз.  Тәжірибе  жүзінде 

өздік жұмысы әдістерін қолданып, кітапханаға жиі барып  тұрыңыз, сонда ғана 

алған біліміңіз білгірлік және дағдыға айналады.

  

 



Университет сайтының кітапхана беті

 

Университет  сайтының  ғылыми  кітапхана  бетіне  келесі  сілтеме  арқылы 

кіре  аласыз:  http://www.ektu.kz/researchlibrary/library.aspx.  Сайттағы  кітапхана 

беті  үлкен  ақпараттық  әлуетке  ие.  Одан  сіз  кітапхананың  электронды 

каталогын,  толықмәтінді  электронды  кітапхананы,  Виртуалды  анықтамалық 

қызметті  таба  аласыз,  жаңа  түсімдер  тізімін  көре  аласыз,  өзініңдің  электронды 

оқырман  формулярын  тексере  аласыз  және  көптеген  т.с.с.  Сайттағы  кітапхана 

беті жүйелі түрде жаңартылып отырады.   



 

17

Кітапхананың электронды ресурстары

 

  Ғылыми кітапхананың электронды каталогі; 



  Оқулықтардың толық мәтіндері бар ШҚМТУ электронды кітапханасы; 

  «Параграф»,  «АИПС»,  «SANA»,  «Патенты  РК»,  «DEREK-INFO»,  «ZERDE» 

анықтамалық-іздестіру толықмәтінді деректерінің қоры; 

  Басқа  кітапханалардың  және  ұйымдардың  шалғай  жатқан  электронды 

ресурстары; 

  Электронды оқулықтар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар. 

Университеттің  ғылыми  кітапханасы  барлық  оқу  жылдар  бойы 

семинарлар  мен  тәжірибелік  сабақтарға  дайындалу  кезінде,  рефераттар, 

курстық  және  дипломдық  жобалар  жазу  кезінде  ең  басты  көмекшіңіз  болады. 

Кітапханаға  жиі  келген  сайын,  оқудағы  жетістіктеріңіз  өсіп,  болашақтағы 

кәсіпке деген дайындығыңыз жетік болады. 

Университетің Ғылыми кітапханасына қош келдіңіз! 

   


9 Университеттің сайты мен білім порталы 

 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сайтының адресі:  http://www.ektu.kz/ 

Сайт біздің жоғары оқу орын туралы ресми ақпаратты пайданушыларға үш 

тілде  ұсынады:  жоғары  оқу  орнында  болып  жатқан  негізгі  уақиғалар, 

факультеттер мен кафедралар туралы ақпарат, конференциялар туралы мәлімет 

және т.б. Сайт картасы Сізге қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі.  

 

 


 

18

Ғылыми  кітапхананың  электронды  каталогы  біздің  кітапханамыздан 



қажетті  әдебиетті  тез  табуға  мүмкіндік  береді.  Өз  кафедралар  беттерінде 

бакалаврлар,  диплом  жазушылар  және  т.с.с  үшін  көп  пайдалы  ақпарат  таба 

аласыздар.  Оқытушылар  фотосуреттері  бар  кафедра  құрамы  туралы  ақпаратқа 

да  қол  жеткізуге  болады.  Ректордың  блогына  кіріп,  университет  ректоры 



Шаймарданов 

Жасулан 

Кудайбергеновичке 

өз 


сұрақтарыңызды 

қою 


мүмкіндігі бар. 

 

ШҚМТУ білім порталының адресі: www.do.ektu.kz. 

«Dales»  білім  порталы  –  бұл  оқу  үдерісінің  барлық  кезеңдерін  –  сабақ 

кестесінен  бастап  үлгерімге  дейін  қамтитын  жүйе.  Студенттер  үшін  «Білім 

алушыға» атты жеке қосымша беті қарастырылған.  

Атап айтқанда: 

 Академиялық  күнтізбе  күндері  көрсетілген  негізгі  оқу  кезеңдерінен 

тұрады. 


 Оқу жоспарлары сілтемесінде белгіленген сағаттар мен бақылау түрлері 

көрсетілген  семестр  бойынша  пәндер  тізбесін  көруге  болады,  әрі  қарай 

Оқу  құралдары  сілтемесінен  нақты  бір  пән  бойынша  оқытушылар 

ұсынған оқу материалдарын қарап, көшіріп  алуға болады. 

 Топтар кестесінен және Оқытушылар кестесінен деректер алуға болады. 

 Элективті  пәндерді  таңдау  сізге  өз  оқу  траекторияңызды  оқу  жылында 

таңдау  бойынша  курстарға  электронды  жазылу  жүйесінде  анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Сол  жерде  аталған  қосалқы  жүйені  қолдану 

Нұсқаулығы келтірілген.  

Бұл  функцияны  пайдалану  үшін  өзіңіздің  жеке  логин  мен  пароліңізді 

білу  қажет.  Авторизациялауға  арналған  логин  мен  паролді  өз  факультетіңіздің 

деканатынан алуға болады.  

Сіз  е-Сервистер  тарауында  Студенттің  жеке  жұмыс  бөлмесі  сілтемесінен 

авторизациялаудан  кейін  өзіңіз  туралы  ақпаратты,  өз  оқу  жоспарыңызды,  өз 

үлгеріміңізді  және  т.с.с.  көре  аласыз.  Бұл  функционалдан  барлық  студенттер,  

қашықтықтан  білім  беру  технологиясын  пайдаланып  оқуына,  оқымауына 

қарамастан, деректер ала алады.

 

Сонымен қатар жеке кабинетте Сіз деканаттан, 



тіркеуші  офисінен,  кафедралардан  маңызды  хабарландырулар  ала  аласыз. 

Маңызды хабарландырулармен танысу үшін «Жеке кабинет» жүйесіне жиі кіру 

ұсынылады.

 

 



10 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің құқықтары мен 

міндеттері 

 

 



Университетте “Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқитындарға арналаған 

Ішкі  тәртіп  ережелері”  (одан  әрі  –  Ереже)  әрекет  етеді,  онда  университет 

студенттерінің  құқықтары  мен  міндеттері,  сонымен  қатар  университет 

әкімшілігінің 

білім 

алушыларға 



қатысты 

құқықтары 

мен 

міндеттері 



нақтыланған.  Берілген  құжат  білім  беру  порталында  («Білім  алушыға» 

қосымшасында – «Нормативті құжаттар») орналасқан 



 

19

 «Болонь үдерісі тұрғысындағы академиялық икемділік» атты Халықаралық 



семинарда  (2010ж.  13-15  мамыр,  Талдықорған  қ.)  жоғары  оқу  орындары 

қоғамдастығы Студенттердің ар-намыс кодексін қабылдады.  



 

Студенттің ар-намыс кодексі 

Студент  Қазақстан  Республикасының  лайықты  азаматы  атануға,  өзі 

таңдаған  мамандықтың  кәсіпқойы  болуға,  өз  бойында  шығармашылық 

тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылады. 

Студент  жасы  үлкен  адамдарды  құрметтей  біледі,  айналасындағы 

тұлғалармен  қарым-қатынас  құруда  дөрекілік  мінез  көрсетпейді,  және  де 

әлеуметтік 

қорғалмаған 

адамдарға 

жанашырлық 

танытып, 

оларға 


мүмкіндігінше қамқоршы болады. 

Студент  –  парасаттылық,  мәдениеттілік  пен  адамгершілік  үлгісі, 

әдепсіздікке  қарсы  тұрып,  жыныстық,  ұлттық  немесе  діни  белгісі  бойынша 

кемсітушілікке жол бермейді. 

Студент салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бойын аулақ 

ұстайды. 

Студент  жоғары  оқу  орынның  дәстүрлерін  құрметтейді,  оның  мүлігін 

сақтап, Студенттер үйінің тазалығы мен тәртібін қадағалайды. 

Студент  шығармашылық  белсенділікті  (ғылыми-білім  беру,  спорттық, 

көркемөнер  және  т.с.с.)  дамытуға,  жоғары  оқу  орынның  корпоротивтік 

мәдениеті  мен  атағын  көтеруге  бағытталған  кез-келген  іс-әрекетті  қажетті  әрі 

пайдалы деп мойындайды. 

Студент жоғары оқу орнынан тыс жерде де, өзінің жоғары мектептің өкілі 

болып  табылатынын  ұмытпай,  оның  ар-намысы  мен  абыройын  түсірмеу  үшін 

барлық күшін жұмсайды. 

Студент академиялық ұқыпсыздықтың барлық түрлерімен күресуді өзінің 

парызы  деп  санайды,  соның  ішінде:  білімді  бақылау  тәртібін  өткізу  кезінде 

басқа  адамдардан  көшіру  және  көмек  сұрау;  кез-келген  көлемдегі  дайын  оқу 

материалдарын  (рефераттар,  курстық,  бақылау,  дипломдық  және  басқа  да 

жұмыстар),  Интернет-ресурстарын  қоса,  өзінің  жеке  еңбегінің  нәтижелері 

ретінде  ұсыну;  жоғары  баға  алу  үшін  өзінің  туыстық  немесе  қызметтік 

байланыстарын  пайдалану;  оқу  сабақтарына  келмеу,  оларға  кешігіп  келу  және 

оларды себепсіз жағдаймен босату. 

Студент академиялық ұқыпсыздықтың жоғарыда аталған барлық түрлерін 

Қазақстанның  болашақтағы  экономикалық,  саяси  және  басқарушылық 

зиялыларына  лайықты  болатын,  сапалы  әрі  бәсекеге  қабілетті  білім  алу 

мақсатымен мүлдем үйлеспейді деп санайды. 

 



жүктеу 302.47 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет