Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай


Жуырда Қарағандыдағы «Достар əлем» демалыс орталығында



жүктеу 469.78 Kb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата09.01.2017
өлшемі469.78 Kb.
1   2   3   4   5

Жуырда Қарағандыдағы «Достар əлем» демалыс орталығында 

Қарағанды облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшылығымен  

дінтанудың өзекті мəселелерімен айналысатын баспасөз өкілдеріне 

арналған мемлекеттік-ақпараттық саясатты насихаттау аясында 

облыстық семинар болып өтті. 

алдар туындап отыр. Кейде бейбітшілік пен 

келісімді  бұзатын  бір  ұшқынның  тұтануына 

бірауыз  сөздің  немесе  орынсыз  айтылған 

қалжыңның  өзі  жеткілікті.  Ал  бұл  мысал­

дар  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  діни 

тақырыптарға асқан салмақтылықпен қарауы 

қажеттігін  көрсетеді.  Діни  бірлестіктер, 

билік  органдары  және  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  өзара  байланыста  жұмыс  істеуі 

керек.  Сонымен  бірге  мүдделі  тараптар 

белгілі  бір  шарттарды,  принциптерді  мұқият 

орындауға  тиіс.  Бір  жағдайды  хабарлап  ба­

яндау  үшін  немесе  оны  елге  жеткізу  үшін 

алдымен  өзара  ортақ  жауапкершілік  болуға 

тиіс.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  қазіргі 

уақытта  дін  саласындағы  мемлекеттік  са­

ясат  идеологиясын  халыққа  жеткізуде, 

жұртшылықтың діни сауаттылығын арттыру­

да  орасан  зор  рөл  атқарады.  Осыған  орай 

медиа құралдары өкілдері үшін, соның ішінде 

біздің  облыстағы  қаламгерлерге  де  үйретіп 

оқытатын семинарлардың өткізілуі уақыт та­

лап етіп отырған осындай шарттарға байла­

нысты. Бұл жұмыс діни экстремизмге қарсы 

іс­қимыл жасау жөніндегі мемлекеттік саясат 

аясында жүргізілуде.

Сөзінің соңында Қайрат Нүркенов жалған 

діни  экстремизм  және  терроризм  идеяла­

рын тартуға қарсы бағытталған аса белсенді 

қызмет  жасап  жүрген  «Қарағанды  облыстық 

дін  істері  басқармасы  Қарағанды  облысы 

конфессияаралық  қатынастар  проблема­

ларын  оқып­білу  және  сараптау  орталығы» 

коммуналдық 

мемлекеттік 

басқармасы 

қызметі туралы жан­жақты әңгімелеп берді.

Бұдан  кейін  сөз  «Нұрлы  білім»  бүлікшіл 

діни  ағымдардан  зардап  шеккендерге 

көмек  орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің 

жетекшісі Рүстем Сыздықовқа берілді. Қоғам 

қайраткері сөзін бүлікшіл діни ағымдардың өз 

жұмыстарын  барынша  кеңейтіп  отырғанына 

байланысты  қазіргі  замандағы  халықаралық 

жағдайға арнады.

Аталған  оқыту  семинарында  ҚР  мә­

ден иет  және  спорт  министрлігі  Дін  істері 

жөніндегі комитеттің қоғамдық және ғылыми 

қызметтер  тобының  сарапшысы  Юлия  Де­

нисенко  айтарлықтай  үлкен  жұмыс  жасады, 

ол  осы  басқосуға  қатысушылардың  бәрімен 

тақырыптық салалар бойынша әңгіме өткізді. 

Өкінішке  орай  қазіргі  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының,  әсіресе  штатта  адамдары 

аз  аудандық  газеттердің  ерекшелігі  оларда 

нақты  діни  тақырыппен  бірыңғай  айналы­

сатын  журналистер  ұстауға  мүмкіндік  жоқ. 

Қайрат  Нүркенов  атап  өткендей,  журналист 

көп  ретте  сан  саланы  қамтиды,  ол  бір  күн 

мұғалім, бір күн дәрігер, ал келесіде метал­

лург  өмірін  жазады.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

журналистердің дәл осы діни тақырыпқа ма­

мандануы туралы армандаудың өзі ертерек. 

Сондықтан болар өз сөзінде Юлия Денисенко 

діни тақырыпта жұмыс істейтін қаламгерлер 

қауымын құруды ойластыру керектігін айтып 

қалды.


Дін  тақырыбына  жазатын  журналист 

нені  білуі  керек,  бір  қарағанда  аудиторияға 

қойылған  осы  сұрақтың  жауабы  оңай­ақ 

сияқты,  алдымен  әрине,  әр  автор  діннің 

негіздерін  білуге  тиіс  және  осы  саладағы 

мамандардың  пікірлеріне  де  мұқият  құлақ 

қойғандары  жөн,  сонымен  бірге  міндетті 

түрде  әрбір  сөзге  үлкен  жауапкершілікпен 

қарау керек.

Семинарда 

оған 

қатысушылар 



топ қа  бөлініп  Юлия  Денисенко  алдын­

ала 

дайындаған 



газет 

мақалаларын 

талқылады.  Ондағы  мақсат  авторлардың  

қателіктерін,  жіберген  кемшіліктерін  табу 

болатын. 

Талқыланған 

мақалаларда 

діни  бірлестіктердің  аттары,  «секта»  сөзі, 

«то талитарлық  секта»,  «бүлдіргіш  сек­

та»  деген  сөздердің  өз  орнында  дұрыс 

қолданылмағаны  кемшілік  ретінде  ата­

лып  өтілді.  Семинарға  қатысушыларғабұл 

сөздердің  қандай  мағынаға  ие  екендігі 

түсіндірілді.  Мәселен  «секта»  сөзінің  біз 

білетіндегідей екі мағынасы бар: Secare (лат.) 

– бұл бір бүтінді кесу дегенді білдіреді. Sequi 

(лат.) – соңынан еру, яғни, діни қозғалыстың 

көшбасшысын қолдау деген мағынада. Міне 

осылайша  журналист  өзінің  мақаласында 

қандай да бір діни бірлестікті «секта» дейтін 

болса,  оны  сот  жауапкершілікке  тарта  ал­

майды.  Алайда  «бүлдіргіш  секта»  немесе 

«тоталитарлық  секта»,  тағы  бірде  өзінің 

қызметін  заңды  түрде  жүргізіп  отырған  діни 

бірлестіктерге қатысты «культ» деген сөздер 

қолданатын  болса,  онда  дінге  сенушілердің  

ар­намысына  тигені  үшін  сотқа  беруі  әбден 

мүмкін. 


Оқыту  семинарының  журналистер  үшін 

аса  пайдалы  болғанын  атап  өткім  келеді. 

Юлия  Денисенко  қандай  бір  мәселелер  ту­

ындап жатса «Қарағанды облыстық дін істері 

жөніндегі басқарма» ММ мамандарымен не­

месе  «Нұрлы білім» бүлікшіл діни ағымдардан 

зардап  шеккендерге  көмек  орталығы», 

«Виктория»  әлеуметтік  және  құқықтық 

көмек  орталығы»  қоғамдық  бірлестігімен 

ақылдасуды  ұсынды.  Қарағанды  облыстық 

дін істері жөніндегі басқарма» ММ жетекшісі 

Қ.Нүркенов  конфессияаралық  мәселелер 

бойынша 

қателіктерге 

ұрынбау 

үшін 


кәсіби  мамандардың  кеңесін  пайдалануға 

республикалық  ақпараттық  кеңестік    «114» 

жедел  желісіне  және  «Қарағанды  облыстық 

дін істері басқармасы Қарағанды облысының 

конфессияаралық 

қатынастарды 

оқып­

үйрену  және  сараптау  проблемалары 



орталығының» 8(7212)56­56­93, 30­06­86, 30­

07­44  телефондарына  хабарласуға  болады 

деді.

Виктор МИНИН


№ 48 (158)  5 желтоқсан 2014 жыл

Қ

қ



12

Соңғы бет

МЕНШІК ИЕСІ:

 «Құрыш қала» газетінің 

редакциясы» ЖШС

Құрылтайшысы: 

Ақсақалдар алқасы

Бас редактор Руза АлДАшЕвА

Техникалық редактор: 

Қарлығаш БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, жарнама мәтініне тапсырыс беруші жа уап

 

ты.


 Газетте жарияланған матери алдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Редакция мекен-жайы: Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 үй, 237 кабинет. 

Телефон: 8 (7213) 44­76­62. Телефон/факс: 8 (7213) 44­67­69 Электронды поштамыз: 



khurysh_khala@mail.ru

Газетті  есепке  қою  туралы  №  13019­Г  куәлікті  2012  жылғы  4  қыркүйекте 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. 

Газет аптасына бір рет шығады

Тапсырыс 158

Тиражы 1000 дана.

Форматы А­3. Көлемі 3 баспа табақ.

Офсетті басылым: 

Газет «Құрыш қала» 

газеті редак циясында теріліп, беттелді. 

Газет «Арко» ЖШС баспаханасынан басылды. 

(Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15 үй). Индекс 65023.

Біле жүріңіз

Күнделікті өмірде ойламаған жерден қантамырларымызды жарақаттап 

аламыз. Жарақат алып, қансыраған адамға міндетті түрде алғашқы көмек 

көрсету керек. Уақытында дұрыс ем көрсеткенде ғана қан тез тоқтайды. 

Көпшілігіміз мұндай жағдайда бірден йод дәрмегіне жүгінеміз. Бірақ оның 

әрқашан, дәл керекті уақытында табылмай қалатынын өздеріңіз де өмір 

тәжірибесінен көрдіңіздер. Ал, бүгінгі айтылар кеңестердің сіздерге қашан, 

қай жерде жүрсеңіз де бір кәдеңізге жарарына сенеміз.

Жарақат  алсаңыз,  әуелі  қолыңызды  жуып,  медициналық  резеңке 

қолғап немесе полиэтиленді пакет киіп алыңыз.

• Егер жарақатыңыз айтарлықтай ауыр болмаса:

Ағынды  су  жарақатты  тазартып  қана  қоймай,  қанның  тыйылуына  да 

әсер етеді. Ағынды салқын судың астына жарақатты жуыңыз: қан тоқтап, 

тамырыңыз  басылады.  Есіңізде  болсын:  суық  су  мен  ыстық  суды  кезек­

кезек қолданбаңыз. Жарақатқа кері әсерін тигізеді. Салқын судың орны­

на  қан  тоқтағанша,  мұз  басуыңызға  болады.  Егер  денеңізде  ұсақ  жара 

тіліктері  болса,  ыстық  душ  қабылдасаңыз,  қанды  жуғанмен,  денеңіз  ды­

зылдайды. Сондықтан, алдымен суық сумен жуыныңыз.

1. Вазелин. Жарақаттың аузын бітеп, қанды тоқтатады. Егер, қолыңызда 

вазелин болмаса, гигиеналық ерін далабын пайдалануға болады.

2.  Сірке  суы.  Мақтаға  сәл  сірке  суын  тигізіп,  жарақатыңызды  қан 

тыйылғанша баса тұрыңыз.

3.  Жүгері  крахмалы.  Жарақат  бетіне  жүгері  крахмалының  ұнтағын 

себіңіз. Қан тоқтаған соң ағынды сумен шайыңыз.

4.  Қант.  Таңғалып  отырған  боларсыз!  Қанттың  залалсыздандырғыш 

қасиеті бар. Сол себепті, жараның бетіне жаймен сепсеңіз болады. 

5. Өрмек. Бұған да таңдай қағып отырғаныңыз белгілі! Табиғат аясында 

жүріп, жарақаттансаңыз, таптырмас көмекші. Өрмекшінің ауын өрмекшісіз 

алып, жарақат бетіне жаймен шиыршықтаңыз!

6.  Дезодорант.  Алюминий  хлориді  бар  антиперспирантты  қолдануға 

болады. Саусағыңыздың ұшына алып, жарақат бетіне жағыңыз.

7.  Чили  бұрышы.  Бұрыштың  ащылығынан  қорықпаңыз,  үлкенірек 

қылып  кесіп  алып,  жарақат  бетіне  қойыңыз.  Артынша,  қан  тоқтаған  соң, 

міндетті түрде суық сумен жуыңыз.

8. Аспирин. Аспиринді суға езіп, қоймалжың паста жасаңыз да, жарақат 

бетіне мақтамен жағыңыз. Бұл жараның ісуінің бетін қайтарады.

9.  Жұмыртқаның  ішкі  қабықшасы.  Жұмыртқаны  жарып,  мейлінше 

үлкенірек қабықша алуға тырысыңыз. Мембрананы жарақат бетіне таңып 

қойсаңыз, азғантай секунд ішінде қанның тоқтағанын байқайсыз.

10. Жарақатқа қауіп тимес үшін дәкемен мықтап орап қойыңыз.

Іштен қан кеткенде, ауыр сыртқы жарақат алған кезде қандай алғашқы 

көмек көрсету керектігін сіздермен алдағы уақытта бөлісетін боламыз.

(Ғаламтордан алынды)

1. Жүрек талмасы кезінде 

науқастың сол жақ көкірек тұсы 

шаншиды. Денесі ауырлық 

сезініп, қан қысымы көтеріліп, 

қысылады. Сөйлей алмай, 

қызып немесе мұздайды. 

Бұндай белгілермен асқазан 

және жүрек ауруларын ша­

тастырып жатады. Жүрек 

талмасының қосымша 

белгілері:

• Тыныс алудың қиындауы;

Суық тер;

• Тұншығу, ісу;

• Асқазан ауруы;

• Бас айналу;

• Жүректің шамадан тыс 

қатты соғуы.

2. Бір ерекше жағдай, 

әйел жаратылысы мен ер 

адамдардың жүрек талма­

сында айырмашылықтар 

бар. Мына белгілер тек әйел 

адамдарға тән.

Мамандардың айтуынша, әрбір жетінші адам 

жүрек ауруынан көз жұмады екен. Сол себепті, 

жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек көрсету 

ережелерін бәріміздің біліп жүргеніміз абзал.

Жүрек талмасы кезіндегі 

алғашқы көмек

• Жауырынның (ту сырты), 

сол жақ иықтың ауруы;

• Жақтың ауруы;

• Қолдың ауруы;

• Әлсіздік;

• Ұйқысыздық.

3. Жедел жәрдемге 

хабарласыңыз. Олар келгенше, 

жақын адамдарыңызға хабар 

беріңіз.

4. 325 грамм аспирин 

дәрісін 30 секунд төңірегінде 

тістемей, ұртыңызда ұстай 

тұрыңыз.

5. Егер дәріге қарсы 

тітіркендіргіш қасиетіңіз 

болса, ешқандай дәрі­дәрмек 

қабылдамаңыз.

6. Бұндай жағдайда көлік 

айдамаңыз, тіпті, отырмаңыз 

да. Талып қалған жағдайда 

көлік апатына ұшырап, 

қайғылы жағдайға душар бола­

сыз. Егер көлік айдамай, ішінде 

отырып, талып қалсаңыз, сізді 

ешкім байқамай қалуы мүмкін. 

Мейлінше, сыртта болуға 

тырысыңыз.

7. Сабыр етіңіз, өзіңізді 

«бәрі жақсы болады» деп 

тынышталдырыңыз.

8. Жүрек соғысыңызды 

қадағалаңыз, әсіресе, «бір­

бір­мың, екі­бір­мың, үш­бір­

мың...» деп санағаныңыз 

жақсы.

9. Аяғыңызды биікке қойып



шалқаңыздан жатыңыз. Бұл 

оттегі жұтуға көмектеседі.

10. Ашық терезе, есік неме­

се желдеткіш алдында жатып, 

кең тыныс алып, демалыңыз.

11. Жөтелмеңіз.

12. Тамақ, су ішпеңіз. Суды 

ішуіңізге болады. Онда да, 

тек аспиринді асқазанда еріту 

үшін.


13. Ең бастысы, қалтаңызда 

ұялы телефоныңыз бен дәріңіз 

жүрсін.

Жүрек талмасы бұл өте 



кең тақырып болғандықтан, 

бүгінгі айтылған кеңестерді тек 

тамшылары ғана деп біліңіз. 

Сондықтан, алдағы уақытта 

да біз бұл тақырыпқа айна­

лып келіп, сіздерге кеңінен 

мағлұматтар береміз.

Қанды иодсыз қалай 

тоқтатуға болады?

Лимонды  әдетте  тропикалық  жеміс  деп  білеміз.  Дегенмен,  оның 

адам денсаулығына пайдалы қасиеттері бар екен. Ондағы дәрумендер 

мен пайдалы қоспалардың молдығы сонша, оны «әмбебап» жеміс деуге 

де келеді. Тамақ ауырғанда, іш қозғанда, тіпті гепатитте лимонды естен 

шығармаңыз!

Тамақ ауруы (Ангина)

Тамақ  қатты  ашыған  кезде  бір  лимонның  жартысын  қабығымен 

жеңіз.  Ащы,  бірақ  өте  пайдалы.  Сонымен  қатар,  лимон  шырынымен 

тамақты шаюға болады. Оны сумен араластырып, бір күн бойы әр сағат 

сайын жеңіл шайып отырасыз.

Бронхит


Егер  бронхитке  дейін  жетсеңіз  тазаланған  ақжелкектің  50  грамын 

2­3  лимонның  шырынымен  араластырасыз.  Сосын  шәй  қасықпен 

күніне төрт рет қабылдап отырасыз. Сонымен қатар, сарымсақ пен ли­

мон қоспасы да асқынған бронхиттің алдын алады. Ол үшін 5 лимонды 

қабығымен  және  4  бүтін  сарымсақты  майдалап,  араластырасыз.  Со­

дан кейін, бір литр су қосыңыз. Сосын қараңғы жерде бес күн сақталуы 

тиіс. Дайын болған дүниені күніне 3 рет тамақтанудан 20 минут бұрын 

қабылдау керек.

Тұмау

Шәйға дәрілік шөптермен қоса лимонды да салып ішіңіз. Алдымен 



суға қырмызы, жалбыз, шәлім мен жолжелкендерді салып қайнату ке­

рек. Осындай әмбебап қоспа ағзадағы кальцийдің мөлшерін теңгереді. 

Ал кальций дене температурасының төмендеуіне таптырмас ем бола­

ды.


Гипотания

Артериалды  қан  қысымы  төмендеген  кезде  5­6  лимонды 

еттурағыштан  өткізіңіз.  Дайын  болған  лимонды  пюреге  бадан 

жапырағының  туралғанын  салыңыз.  Сосын  оны  қайнаған  суға  қосып, 

36 сағат мұздатқышта сақтаңыз. Ал содан кейін жарты килограмм бал 

араластырыңыз.  Барлығын  жақсылап  араластырғаннан  кейін  тағы  25 

сағатқа мұздатқышқа қоясыз. Сосын күнде үш мезгіл тамақтан 30 минут 

бұрын қабылдаңыз. Жазылу мерзімі – үш апта.



Лимонмен емдеуге 

болатын сырқаттар

Ата­бабаларымыз 

«Дені 

сау дың  жаны  сау»  деп  бе­



кер  айтпаса  керек.  Денсаулық 

мықты  болса,  адам  баласы  әр 

кез  сымбатты  көрініп,  көтеріңкі 

көңіл­күйде жүретін болады.

Дұрыс  тыныс  алу.  Терең 

демалу.  Қазіргі  таңда  таза 

ауаға  шығып,  табиғат  аясында 

демалуға  көп  мүмкіндік  бола 

бермейді.  Сондықтан  да  ауасы 

тарылған  ортада  тыныс  алу­

ды  үйренген  жөн.  Күнделікті 

таңертең оянған бойда төсектен 

тұрмастан  20  рет  терең  тыны­

стау  керек,  кейін  30­40  минут 

таза ауада жаяу жүріп, сергіген 

абзал.  Мүмкін  болса,  таңертең 

жылы  душ  қабылдаса  игі. 

Сондай­ақ, таңғы жаттығуларды 

жасауды ұмытпаңыз.

Белсенділік 

танытыңыз. 

Жаман  әдеттерден  сақ  бо­

лып,  салауатты  өмір  салтын 

ұстаныңыз.  Шеңбер  айналды­

рып,  көп  уақытты  физикалық 

қимыл­әрекеттерге 

бөліңіз. 

Тіпті,  жұмыс  уақытында  ара­

тұра  үзілістер  жасап,  далаға 

шығып, таза ауада 10­15 минут 

серуендеңіз.

Дұрыс  тамақтаныңыз.  Жар­

тылай  фабрикаттар,  қатты 

қуырылған  тамақтардан,  газ­

ды  сусындардан,  фаст­фуд 

тамақтарынан  аулақ  жүріңіз! 

Бұл  тамақтардың  орнын  жеміс­

жидектер  мен  көп  шөппен 

алмастырыңыз.

Дәрумендерді 

пайда­

лан ыңыз.  А,  В,  С,  Е  т.с.с. 



дәрумендер  адам  ағзасына 

өте  қажет.  Бұл  дәрумендерді 

дәріханалардан  сатып  алуға 

болады. 


Алайда, 

олардың 


азық­түлік  құрамында  да  бо­

латынын  естен  шығармаңыз. 

Мысалы,  А  дәрумені  қауын, 

мандарин,  сәбіз,  жұмыртқа, 

балық,  көп  шөпте  т.б.  көптеп 

кездеседі.  Цитрус  жемістерінде 

кездесетін С дәрумені ағзадағы 

зиянды  қалдықтарды  шығарып, 

иммунитет  пен  қан  айналы­

мын  жақсартады.    Е  дәрумені 

жаңғақтар  мен  өсімдік  майла­

рында кездеседі.

Денім сау 

болсын десеңіз



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 469.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет