5 КАНАЛ
10.00 Апта репортажы
10.20 Моя Караганда
10.45 «Жақсылардан ғибрат»
11.10 «Тұжырым»
11.40 «Хочу стать звездой»
12.00 Уьренняя почта
12.30, 17.30, 22.20 Рекламный Визит
12.40 Сто к одному
13.30 «Это смешно»
16.00,02.30 Деректі фильм
16.15 «Мәңгілік тіл»
16.30 Бірде Қарағандыда
17.00 Мир православной духовности
17.40, 21.55 Прогноз погоды
17.45 «Сайгез»
18.15 5арнадағы әнәуен + TVЧАТ
19.00 Ваш день
19.30 Честный детектив
20.00 «Регион 09»
20.35 Худ. фильм
22.40 Худ. Фильм
00.00 «Әуенді Қазақстан» +TVЧАТ
ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ
09.00 Әсем әуен
10.00, 13.50, 15.50, 17.50, 22.05 Реклама
10.10 Кино
11.15 Жайдарман Қарағанды
12.30 Худ. Фильм
14.00 Концерт
15.00 Док. фильм
16.00 Кино
18.00 Ас болсын!
18.35 Заң және заман
19.00 Апта
20.00 «Обсудим»
20.35 Жеңіс солдаты
21.00 Док. сериал
21.30 Док. фильм
22.10 Телесериал
07.00 «Таңшолпан»
10.00 «Қара шаңырақ»
11.00 Айтуға оңай
11.35,19.30 Телесериал
12.30,17.30,20.30,00.00,03.00 Жаңалықтар
12.45 «Менің Қазақстаным»
13.20 «Көкпар»
13.55 Ұлт мақтанышы
14.25 Телесериал
14.55 Мультсериал
15.05 Әйел бақыты
16.10,22.55 «Келін» Т/с
17.00 Жан жылуы
17.25 Еңбек түбі – береке
17.50,02.40 Өзекжарды
18.05 «Бәрегей сардар»
18.15 Қазақстан2050
18.50,03.00 Парламент
19.05,02.15 Иман айнасы
21.50 «Шын жүректен»
23.30 «Сіз не дейсіз?»
00.35 Кино
ХАБАР
07.05 «Айтұмар»
08.00 Жаңа күн
10.00, 15.00, 18.00, 21.00, 02.00 Новости
10.10 «След» Т/с
11.00,13.00,17.00,20.00,23.40 Жаңалықтар
11.10 «Дело вкуса»
11.45 Телесериал
12.10 Сәтті сауда
12.40 101 бизнесисторий
16.50 Подари детям жизнь
13.15 Док. фильм
14.05 «Женский доктор» Т/с
15.15,01.00 Телесериал
16.25 Ұлт саулығы
17.15 Бармысың, бауырым!
18.15 Телесериал
19.00 Орталық Хабар
20.35 Одна судьба
21.35 Жұлдызды дода
22.50 Худ. фильм
ЕУРАЗИЯ
06.00 Телесериал
06.50,18.00 Жаңалықтар
07.00 Доброе утро
11.00 Телесериал
12.00 Ду қол шоколад
13.00 Жұма уағызы
13.15 Ашығын айтқанда
14.15,03.55 «Паутина»
14.30,15.45 Телесериал
15.30 112
15.45 «Наедине со всеми»
16.50 Жди меня
19.50 Белые волки
21.30 Поле чудес
23.00 Худ. Фильм
01.00 Человек и закон
02.00 Қылмыстық іс
5 КАНАЛ
06.30 «Таңертеңгілік 5арнада»
06.30,20.50 ВестиРоссия
07.00,19.35,21.35 Шарайна
07.35,08.40 Дәмдес болайық
07.50,14.35,18.00,22.40 Рекламный визит
08.00,13.00,20.00,22.00 Новости
08.30 Наши дети
08.35 «Азбука спорта»
13.40 Эколайф
13.50,02.30 Деректі фильм
14.45 Прямой эфир
16.00 «Пятай передача»
16.10 Худ. Фильм
17.00 «Жастар»
17.30 «Ғажайып адам»
18.10 Ислам: сауалдар мен жауаптар
18.45 5арнадағы әнәуен
19.00 Ваш день
20.40 Моя Караганда
21.15 Комната смеха
21.25 Все о налогах
22.50 Док. фильм
23.45 В ритме нашего города
23.45 Әуенді Қазақстан + ТV ЧАТ
ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ
07.00,10.00,13.00,17.50,20.00,22.00
ЖаңалықтарНовости
07.45,11.00,13.50,15.50,17.50,18.50,21.40 Реклама
07.55 Әсем әуен
08.50 Док. фильм
10.45,20.45,22.45 Уақыт.кз
11.10 Ас болсын!
11.45 «Дат»
12.10 Телесериал
18.30 Это наша с тобой биография
19.00 Қуырмаш
19.35 Жеңіс солдаты
20.00 Қорытынды жаңалықтар
21.00 Телесериал
23.15 Кино
07.00 Концерт
08.00 Агробизнес
08.30 «Субботалық ТАҢ»
10.00 Дауа
10.35 Ас болсын!
11.25 Қазақстан дауысы
13.00 Поэзия әлемі
13.30 Телқоңыр
14.15 Жедел жәрдем
15.55 Мәлім де беймәлім Қазақстан
16.30 Жарқын бейне
17.00 Арнайы тележоба
17.30,20.30,00.30,03.15 Жаңалықтар
17.50 Әлем таныған Қазақстан
18.00 Концерт
19.45 Тағдыр
20.05 Арнайы репортаж
21.00 Ұлттық шоу
22.30 «Жайдарман»
01.00 Кино
ХАБАР
07.05 «Шаншар»
08.30 Мультфильм
09.30 Бармысың бауырым!
09.45 Продвопрос
10.10 Спорт без границ
12.10 Кино
14.00 Орталық Хабар
14.50 Ойжүйрік
15.40 Жұлдызды дода
17.30 Худ. Фильм
19.15 Тағдыр жолы
19.50 Бенефис шоу
21.00 Жеті күн
22.00 Худ. Фильм
00.20 Бокс
02.00 Телесериал
ЕУРАЗИЯ
06.00 Телесериал
06.50 Белый танец
08.30 Таңғы пошта
09.00, 21.00 Новости
09.10 Смак
09.55 Худ. фильм
11.35 «Фабрика грез»
12.05 Худ. Фильм
14.00 101 кеңес
14.25,02.10 Караоке такси
14.20 «Чернобелое»
16.00 Худ. Фильм
20.00 Х фактор
21.00 Новости
21.30,22.15 Субботалық жаңалықтар
21.45 Тілші түйіні
22.35 «Кешкі кездесу»
00.30 Худ. Фильм
5 КАНАЛ
10.05 Шарайна
10.50 P.S.
11.00 «Моя Караганда»
11.10 «Жастар»
11.55 Ислам: сауалдар мен жауаптар
12.30 Однажды в Караганде
13.00 Мусульмане
13.15, 18.20, 22.40 Рекламный визит
13.25 Субботник
14.15 «Клетка» Шоу
15.00 Специальный корреспондент
16.15 «Субботний вечер»
18.10 Азбука спорта
18.15 «Мелочи жизни»
18.30 «Среда Эргономики»
18.30 5арнадағы әнәуен
19.00 Ваш день
19.30 «Городок»
20.00 Апта репортажы
20.15,22.30 Худ. Фильм
22.00 «Жоғары мәдениет үшін»
00.05 Әуенді Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ
09.00 Әсем әуен
10.00,13.00 ЖаңалықтарНовости
10.45,13.45 Уақыт.кз
11.00,12.50,15.50,17.50,21.55 Реклама
12.05 Док. фильм
14.00 Концерт
16.00 Худ. Фильм
18.00 «Қуырмаш»
18.35 2050
19.00 «Жаңғырық»
19.30 «Дат»
19.50 «Мәңгілік мұра»
20.00 Жайдарман Қарағанды
21.05 Док. фильм
21.25 «Өнегелі ойын» Д/ф
22.00 Телесериал
№ 48 (158) 5 желтоқсан 2014 жыл
Қ
қ
10
Тағзым
Ер есімі – ел есінде
Теміртаулықтар атын да, затын да
жақсы білетін Мәжит Қажыбеков – Ұлы
Отан соғысының ардагері. Ол сонау
1914 жылы Нұра ауданына қарасты
«Ақмешіт» совхозында өмірге кел
ген. Атақты Тілен батырдың ұрпағы,
Тіленнен Бәйті, Бәйтіден Бұйрабек,
Талжан. Бұйрабектен Қажыбек, Әкімбек.
Қажыбектен Мәжит туған. Асқар таудай
әкесінен ерте қалған бала Мәжит өзінен
кейінгі ініқарындастарын тәр бие леуді,
оларды қатарынан кем қалдырмай
өсіруді жастайынан өз мойнына алады.
Шінәрай, Әния, Бәткен, Рымтай атты
қарындастары мен Зада, Серік, Ережеп
сынды інілерін оқытып, адамгершілік
қасиеттерді бойларына дарытады.
Өйткені ол өзі ауыл молдасынан араб
ша хат танып, сауатын ашады. Өз
бетінше оқубілім үйреніп, бойындағы
құштарлығы мен ізденісінің нәтижесінде
ауыл мұғалімі атанады. 19371938 жыл
дары «Құлан өтпес» совхозында мек
теп мұғалімі болып, талай жасөрімнің
мектептегі ғана емес, өмірдегі ұстазы
атанады. Ал 1939 жылы директор бо
лып еңбек етеді, сосын фин соғысы
басталғаны белгілі, сонда майданға
аттанады. «Фин соғысында байланыс
шы болып қызмет атқардым» деп оты
рушы еді марқұм. 1941 жылы Ұлы отан
соғысы басталғанда Ленинградты жау
дан қорғауға қатысқан даңқты жауынгер.
Омырауындағы әрбір орденмедальдің
тарихы өз алдына ұзақ әңгіме. Әлі
есімізде, ол кейде:
– Граниттей Ленинград,
Емессің сен маған жат.
Сүйем сені бесігімдей,
Сүйем сені діл Лениндей.
Жүрегімде жатталған ат,
Ленинград, Ленинград.
Алтын бесік бір сен үшін,
Жаннан қымбат Жеңіс үшін,
Керек десе жан береміз,
Жанға қоса қан береміз.
Сөнгенше күн көктен құлап,
Мызғымайды Ленинград, – деп
ыңылдап отыратын. Оқығаным мен
көңіліне тоқығаны көп ағамыз шежірені,
халқымыздың ауыз әдебиетін айтқанды,
бишешендердің
айтқан
даналық
сөздерін айтып, үнемі айналасына ерек
ше нұр таратып, тәрбиенің тал бесігі
болғанды.
Отан алдындағы азаматтық боры
шын Ұлы отан соғысымен тұспатұс
келгендіктен майдан даласында жеті
жыл өткізіп, 1946 жылы ғана елге ора
лады. Мені, яғни қарындасы Әния мен
Зада інісін Алматыға оқуға жіберді. Көңілі
қалаған Зәкіжан деген арумен тағдыр
қосып, отау болды. Зәкіжан жеңгеміз
өмірге он бала әкеліп, ағамызбен, тату
тәтті ғұмыр кешті. Аяулы жеңгеміздің
жаны жомарт, көңілі мен қолы ашық,
қонақжай, абысынажынға мейірімді жан
еді. Сәуле, Сұлтан, Мұқан, Темір, Болат,
Ардақ, Аққанат, Жасұлан, Ерік, Ермек
есімді ұлқыздары өмірдің кетігіне кірпіш
боп қаланып, отбасында алған жақсы
тәлімтәрбиені өз балаларының бойла
рына сіңіріп келеді.
Соғыстан елге оралған Мәжит
Мына жалғанда өзінің елеулі еңбегімен ел есінде қалатын
тұлғалар баршылық. Əрине, ол үшін мықты ғалым, атақты
ақын-жазушы немесе ел бастаған қолбасшы болу шарт емес.
Керісінше, адал еңбегімен, өмірлік ұстанымдарымен өмірден өз
орнын тауып, отбасында бірлік пен береке салтанат құрса, ұрпақ
өрбітіп, перзенттеріне ардақты ата-ана, қазыналы қария болса
да жеткілікті. Мұны айтып отырғанымыз, ұлылықтың ең шыңы
– қарапайымдылық екенін тағы бір рет дəлелдеу. Себебі, талай
тектілерді түлеткен Теміртаудай құрыш қалада осындай дара
жандар баршылық. Сондай ел-жұртына қадірлі қариялардың бірі
марқұм Мəжит Қажыбеков болатын. Бар ғұмырын игілікті іске
арнап, қоғамда ойып тұрып орын алған асыл жан көзі тірі болса 7
желтоқсанда жүз жасқа толады екен. Мəселе оның басында емес,
атқарған істерінде болғандықтан бүгін сағынышпен еске ала оты-
рып, сол асыл жанның өмірі мен еңбек жолына бір сəт үңілгенді
жөн көрдік.
Ж
аны
айсаң
ақсы аға
аға мыз біраз жыл банк саласында
қызмет етті, сосын аудандық пар
тия комитетінде үгітнасихат бөлімін
басқарды. 1952 жылы Теміртауға қоныс
аударып, мұндағы синтетикалық каучук
заводындағы сірке су қышқылы цехына
оператор болып жұмысқа орналасады.
Кейін Қазақстан Магниткасының алып
құрылысына еліміздің түкпіртүкпірінен
келген азаматтармен танысып, олардың
көпшілігімен етене араласады. Мысалы,
тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан На
зарбаевпен де жақсы араласып, ортақ
істер жөнінде үнемі ақылкеңесін беріп,
пікірлесіп тұрған. Бұл сөзіміздің айғағы,
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Сара
Алпысқызымен үйленгенде сол тойға
қатысып, өзінің ақ тілегін білдірген.
Зейнетке шықса да, қоғамнан қол
үзбей, ұлт мұраты жолында, нақты
айтқанда қазақшасынан орысшасы ба
сым қалада Алланың ақ үйі – мешіттің,
қазақ мектебінің ашылуына да бір кісідей
атсалысып, ретті жерінде ұсынысын да,
тілегін де, талабын да тиісті орындарға
жеткізе білді. Сөйтіп, бойына бала
күнінен сіңген араб тілін үйренуге де
ген құштарлығының арқасында мешітке
имам болып, ислам дінінің хақ жолын
жамағатқа уағыздап, әр кеудеге иман
нұрын құюға тікелей себепші болды,
сөйтіп 2001 жылы өмірден озды.
– Жарықтық, Мәжит ақсақалды
жақсы білетіндердің бірі мен едім. Ол
кісі салмақты, айналасына аса қадірлі,
сөзге шешен, бауырмал ақсақал еді.
Құран аяттарын оқығанда дауыс ырғағы
құлаққа жағымды болғаны соншалық,
жүрекке жететін. Ол кездері қаланың
онон бес ақсақалы бірге жүретін, олар
жүрген жер бейне бір имандылық,
адамгершілік нұрын шашып тұрғандай
көрінетін бізге. Әр үйдің төрінің сәні
болған сол қарттарды сағынатыным
рас. Бізді жанына шақырып, әңгіме
айтқызатын, –деп Мәжит ағам тура
лы естелік айтады Теміртаудың белгілі
азаматы, комбинат ардагері Смағұлдың
Тілеубердісі.
Халқымыз «Әкең өлсе де, әкеңнің
көзін көрген өлмесін» дейді ғой, бұл бір
ауыз жылы сөз біздің төбемізді көкке
жеткізіп тастады. Өйткені «қартайдым
деп қайғырма, Жас бала отыр артыңда»
дегенді де айтқан бабаларымыз емес
пе? Аяулы ағатайымның көзін көрген
жандар енді өздері ақсақал атанып
отыр. Бұл – өмірдің заңы, алдыңғы
толқын ағалардың өкшесін кейінгі
толқын басып жатыр.
Бүгінгі таңда Теміртауда ағамның
Ермек, Темір, Жасұлан, Ардақ сын
ды перзенттері тұрады. Сонымен
қатар Сұлтан баласының баласы, яғни
немересі Бауыржан да Теміртауда, ал
Қарағанды мен Астанада Ерлан, Айгүл,
Еркеш, Ержан, Аяна, Аяш, Раушан,
Зада, Серік інісінің балалары тұрады.
Өткенге көз жіберіп, болашақты
бағамдасақ, Мәжит Қажыбеков –
жапырағын көкке, тамырын тереңге
жайған бәйтерек екен. Ойларым жи
нақ талып, қағаз бетіне мынадай жыр
шумақтары болып жазылды:
Қолыңдағы барыңды,
Туысқа бердің аялап.
Ақылың мен жаныңды,
Өстік біздер саялап.
Қамқор болдың анадай,
Ешбір кемдік көрмедік.
Өстік сені жағалай,
Құлашты кең сермедік.
Еңбегіңді елеген,
Халқың еске алады.
Аллам әркез жебеген,
Сендей ұлды саналы.
Міне, 7 желтоқсан күні марқұм еңбек
және соғыс ардагері Мәжит Қажыбеков
жүз жасқа толады, ол жайында естелік
айтып, рухына арнап ас беру –оны
білетін жамағат пен перзенттерінің
үлесінде. Мен өз естелігімді жазып,
оқырмандар назарына ұсынғанды жөн
көрдім.
Əния ƏКІМБЕКОВА,
зейнеткер ұстаз
Асыл туған адамның,
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның,
Аспан мен жердей парқы бар.
Қ
қ
11
№ 48 (158) 5 желтоқсан 2014 жыл
Дін мен діл
Конференция
Өзінің кіріспе сөзінде облыстық
Дін істері жөніндегі басқарма
жетекшісі Қайрат Нүркенов Ел
басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар
баев қоғамдағы, әсіресе, жастар
арасындағы діни экстремизмнің
алдын алуды күшейту мақсатында
үкімет пен Президент әкімшілігіне
діни лаңкестік пен экстремизм
ге қарсы күресудің мемлекеттік
бағдарламасын жасауды тапсыр
ғанын тағы бір еске алды.
Осыған байланысты 2013 жылғы
қыркүйекте 2013 – 2017 жылдарға
арналған діни лаңкестік пен экстре
мизмге қарсы ісқимыл жасаудың
мемлекеттік бағдарламасы қабыл
данды, оның негізгі мақсаты
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және қоғам мен мемлекетке
діни лаңкестік пен экстремизмнің
келтіретін зардаптарының ал
дыналу болып табылады. Қазіргі
уақытта аталған ісәрекеттерден
болатын зардап жаһандық мәнге
ие болып отырғандықтан әрбір
мемлекеттің ұлттық мүдделерінің
қорғалу
деңгейі
халықаралық
қауіпсіздік жағдайына тікелей бай
ланысты.
Өткізілген
конференцияның
негізгі мақсаты қазіргі заманғы
бағыттарды ескере отырып, алдын
алудың жаңа әдістерін іздестіру,
Бұл семинарға БАҚтың өкілдері, болашақ
журналистер – блогерлер мен студенттер
шақырылды. Бұлар біздің азаматтардың ара
сында қандай да бір сауалдар, проблемалар
бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға
тікелей әсері бар санат болып есептеледі,
соның ішінде соңғы кезде аса өткір мазмұн
алып отырған дін саласы туралы да дәл осы
ны айтуға болады. Сөз, өзіміз білетіндей,
әрдайым тек пайда ғана әкелмейді, соны
мен бірге оның зияны мен зардабы да бар,
әсіресе діни нанымсенімдер бостандығы
сияқты аса нәзік салада оның мәні зор.
«Қарағанды облыстық дін істері жөніндегі
басқарма» ММ басшысы Қ.Нүркенов
өзінің сөзінде соңғы уақытта дін саласын
да түбегейлі өзгерістер болып жатқанын
айрықша атап айтты:
– Ұзақ жылдар бойы бұқаралық ақпарат
құралдарында дін тақырыбы екінші кезекті
мәселенің рөлінде қалып келді – негізінен
мәдениет немесе көңіл көтеру саласының
көлеңкесінен ғана орын алды. Күні кешеге
дейін бұқаралық ақпарат құралдары аса ірі
деген діни мерекелерді немесе елдің назары
на түскен аты шулы қылмыстық істерді ғана
жазып келсе, бүгінгі таңда діни экстремизм,
діни ағымдардағы бүлікшілдік бағыттар ту
ралы мәселе күн тәртібіне келіп жетті. Со
нымен бірге ислам тақырыбына арналған
материалдардың соншалықты көптігіне
қарамастан олар бірқатар жағдайларда
саяси әдістермен әрленіп беріледі. Біздің
еліміздегі және сонымен бірге мұсылман
әлеміндегі көптеген оқиғалар субъективті
түрде беріледі, сөйтіп исламның жағымсыз
бетбейнесі қалыптастырылады. Бұл енді
батыстық медиа құралдарына өте тән
құбылыс, сондайақ «шаһид», «жиһад» «мод
жахед», «секта» және басқа терминдер бір
жағымсыз әрекеттер ретінде қолданылуда.
Дәстүрлі
емес
діни
бірлестіктер
қызметтеріне байланысты аса күрделі сау
Жастарға көбірек
көңіл бөлінсін
Қарағанды облыстық Дін істері жөніндегі
басқарманың басшылығы «Нұрлы білім»
қоғамдық бірлестігімен бірігіп Қарағандыдағы
«Достар әлем» қонақ үйі кешенінде өткізген
облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Діни лаңкестік: қазіргі Қазақстан жағдайында
түсініктері мен негізі» деген тақырыпта бол-
ды, оған мемлекеттік органдар, діни басқарма
өкілдері, ғылыми қызметкерлер, журналистер
қатысты.
тәжірибелер мен пікірлерді бірік
тіру арқылы ісәрекет жасау, са
рапшылар
мен
ғалымдардың
ұсыныстарын ескеру болды. Айта
кетейік жуырда Республика ұлттық
қауіпсіздігі комитетінің төрағасы
Нұртай Абықаев бүгінгі күні 300
ден
аса
қазақстандықтардың,
оның ішінде жартысы әйелдер,
«Ислам мемлекеті» деп аталатын
террористік ұйым жауынгерлері
қатарында соғысып жатқанын
хабарлады. Соның ішінде біздің
еліміздің азаматтарынан «Қазақ
жамағаты»
құрылған.
Арнайы
қызметті жас адамдардың интернет
те жарияланған материалдардың
ықпалымен радикалдану фактілері
қатты толғандырып отыр.
Конференцияға қатысушыларға
Қарағанды
облысының
бас
имамы Өмірзақ Бекқожа және
Қазақстан мұсалмандары діни
басқармасының
республикалық
ақпараттықнасихаттық тобының
мүшесі, исламтанушытеолог Ерсін
Әміре қазіргі заманғы исламның
жағдайы туралы өздерінің көз қа ра
сын әңгімелеп берді.
«Қазақстан Республикасындағы
мұсылмандық қоғамдастық және
заманауи
өзгерістер»
деген
тақырыпта «Орталық Азия даму
корпусы» вицеПрезиденті Нұрлан
Әлниязов баяндады. Алайда бұл
тақырып оның алдындағы сөз
сөйлегендердің баяндамаларын
да жанжақты қамтылғандықтан
Нұрлан Әлниязов осы мәселеге
байланысты өзінің жеке бақы лау
лары мен бөлісті, өз кезегінде оған
көптеген сұрақтар беріліп, аса
қызғылықты әңгімеге ұласты. Ол
көптеген алыстағы аудандарға іс
сапары кезінде көргендерін, содан
түйген ойларын ортаға салды.
Діни теологиялық мәселелерге
қатысты белсенді насихат жұ
мыс тары жүргізілген сайын адам
дардың,
әсіресе,
жастардың
бүлікшіл діни ағымдарға еріксіз
қызығушылығы оянады деген пікір
білдірді.
– Олар интернетке кіріп,
сайт тарды қопарып, сөйлесе ба
стайды. Сондықтан алдыналуға
бағытталған
мұндай
насихат
жұмыстар кейде қарамақарсы
тиімділікке апаруы да ғажап емес,
– деді ол.
Бұл жерде шын мәнінде
біз ағымдағы жағдайды толық
бақылауда ұстай алып отырмыз
ба? деген сұрақ туады. Нұрлан
Әлниязовтың
сөзіне
қарасақ,
теологияға біржола басымызбен
кіріп кетудің керегі жоқ сияқты, сек
талар мен ағымдарға саясатшының
көзқарасымен
бизнесжобалар
ретінде қарау керек. Мәселен «Ие
гово куәгерлері» 98 тілде өзінің
әдебиеттерін басып шығаруда
және әлемнің көптеген елдерінде
өздерінің филиалдары бар. Міне,
осындай сан тараулы жүйені құрып
алған кезде – мейлі, ол христи
ан немесе мұсылман болсын –
өзін әлемнің кезкелген арнаулы
қызметіне өткізе алады. Өйткені әр
елде олардың сенімді серіктестері,
берілген адамдары бар. Әрине,
бұл тұжырым мүлде дұрыс немесе
талассыз осылай деп айтпаспыз,
дегенмен мұндай пікір өмір сүруге
хақылы және оған да құлақ салу
қажет болады.
Конференциядағы пікір алмасу
да облыстағы танымал дінтанушы,
философия ғылымдарының кан
дидаты, «Болашақ» Қарағанды
университетінің профессорры Яков
Трофимов өте қызықты пікірлер
айтты. Сондайақ «Нұрлы білім»
бүлікшіл діни ағымдардан зар
дап шеккендерге көмек көрсету
орталығы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Рүстем Сыздықовтың
«Діни лаңкестік (вахабизмса
лафизм): негізі, түрлері, тара
лу бағыты және қарсы әрекет
ету әдістері» деген баяндамасы
тыңдаушыларға қатты әсер етіп
үлкен қызығушылық туғызды. Кон
ференцияда басқа да қатысушылар
сөз сөйледі.
Конференция
аясында
«Діни лаңкестік пен экстре
мизм түсініктері және негізі»,
«Діни лаңкестік пен экстремизм
ықпалын жеңу тетіктері» секци
яларында жұмыстар жүргізілді.
Облыстық
ғылымитәжірибелік
конференцияның
қорытындысы
бойынша қабылданған қарарда діни
қызметкерлерге, діни үрдістерді
ұстанатын ерлер мен әйелдерге,
өкілетті мемлекеттік органдардың
қызметкерлеріне, соның ішінде
түзеу мекемелері қызметкерлеріне
арнап теологиялық білімін артты
ру, біліктілігін көтеру мақсатында
оқытатын курстар ұйымдастыру
қажеттігі атап өтілді. Сондай
ақ әлеуметтік жарнамалардың
мүмкіндігін
белсендірек
қол
дану ұсынылды. Интернет жүйе
леріндегі діни ақпараттар ағы
мына бақылауды күшейту, діни
әдебиеттер және басқа да мазмұны
күмәнді ақпараттарды таратуға
тыйым жасау қажет. Конференцияға
қатысушылар бұрынғы және қазіргі
спортшылардың
радикалданды
ру әрекетіне қарсы ісқимыл үшін
спорттық клубтар мен секциялар
ды көбейтіп, бұрынғы беделді,
әлемдік атақтары бар дәстүрлі
сенімді ұстанатын спортшылар
ды жаттықтырушылық қызметке
шақыру керектігін қолдады.
Сөз сиқыры
жүректерді жаулайды
Облыстық семинар
Поделитесь с Вашими друзьями: |