Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



жүктеу 469.78 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі469.78 Kb.
1   2   3   4   5

Серікгүл АлТАЙБАЕвА

Ыстық ықылас

Халық  ауызша    әңгімеде  «Қайырымдылық  үйі»  деп  атап  кеткен  мұнда  қазір  52  қарт 

тұрады.  Олардың  басым  көбі  жалғызіліктілер,  отбасылары  да,  жақындары  да  жоқ. 

Сондықтан өздерін іздеп келген қандай да бір адам болса, жанарларына жас іркіліп, бірде 

қуанып, бірде мұңайып, сағынышпен қарсы алады. Бұл жолы қалалық мәслихат хатшысы 

Василий Свиридов және «Калинка» халық ансамблі қарияларды мерекемен құттықтап, хал­

жағдайларын сұрап, елде, қалада болып жатқан жаңалықтарды әңгімелеп, аса бір мейірімге 

толы кездесу өткізді. 

–  Бізге  келетін  қонақтар  баршылық,  міне,  мереке  күні  билік  басшыларының  және 

өнерпаздардың келуі өте жақсы көңіл­күй әкеліп отыр. Тұрғындардың көбі ауру­сырқаулы 

қариялар, сондықтан осындайда  жандарын жадырататын әуезді ән, жақсы әңгіме, қамқор 

лебіз естігілері келеді. Мұны өте жақсы түсінген қалалық мәслихат хатшысына және басқа 

да азаматтарға айтар алғысымыз шексіз, – дейді ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының директо­

ры Олег Куринной.

Қайырымдылық үйінің біраз тұрғындары өз аяғымен жүреді, ал бірқатары төсек тартып 

жатқан сырқат жандар. Қонақтар олардың ешқайсысын да бөле­жарған жоқ, әрбір бөлмеге 

барып, ән шырқап, әңгімелерін айтып, бәрінің де көңілдерін көтерді. Қала әкімінің орынба­

сары Шолпан Мырзақасымова өзінің құттықтау сөзінде тұңғыш Президент күні мемлекеттік 

мерекесінде бірде­бір жан ескерусіз, елеусіз қалмайтынына назар аударды және мерекелік 

жылы лебіз білдіріп, қарттарға түрлі сыйлықтар таратты. Мереке елдің бәріне ортақ, бұл 

күні үлкен де, кіші де, бала да, жас та бақытты, бейбіт елдің шапағатынан құр қалмауға 

тиіс. Қайырымдылық үйінде өткен мереке осындай идеяменен бірнеше сағатқа созылып, 

қонақтар мен оның тұрғындары ұзақ уақыт бірге болды және мұнда әлі де талай мейрам 

болатынына  сендірді.

ҚР тұңғыш Президент күні мерекесі құрметіне Қызыл Жар-

ты ай қоғамының қарауындағы қарттар үйіне әкімдік пен 

мәслихат өкілдері келіп, тұрғындарды құттықтады.

Құқықтық көмек



Бұл күнде әр адамның 

басына келетін тұрмыстық 

жағдайлар аз емес. Ондайда 

кәсіби білік керек бола-

ды. Ал енді екінің бірінде 

толық заңгерлік біліктілік 

жоқ екені бесенеден белгілі. 

Мұны билік жақсы түсінеді, 

сондықтан кейінгі жылдары 

тегін кеңестер өткізу дәстүрі 

қалыптасты.

Тегін кеңес 

берді

Жуырда  қаламыздағы  мәдениет  са­

райында  бірнеше  мемлекеттік  мекеме­

лер  өкілдерінің  қатысуымен  тұрғындарға 

тегін заңгерлік кеңес берілді. Келушілерді 

қабылдауды  ұйымдастырған  Қазақстан 

заңгерлер  қоғамы  мен  «Нұр  Отан» 

партиясының 

облыстық 

филиалы. 

Бұл  күні    алпыстан  аса  қала  тұрғыны 

өздерін  толғандырған  сұрақтар  бойын­

ша  қабылдауға  келді,  оларға  мемлекеттік 

мекемелердің  тәжірибелі  қызметкерлері, 

нотариустар, 

адвокаттар, 

заңгерлер 

жан ­жақты  жауап  берді.  Бәрі  де  өздерін 

толғандырған  сұрақтарға  толымды  жауап 

алып,  мәселені  шешудің  оңтайлы  жолын 

түсініп, алғыстарын жаудырды.

– Негізінен елді толғандыратын мәселе 

әлеуметтік,  құқықтық  мағынада  болып 

келеді.  Ондай  сауалдар  көбіне  сот  орын­

даушыларына,  прокуратура,  Ішкі  істер 

қызметкерлеріне  тиісті  болғанымен,  жұрт­

шы лықты  толғандырғандықтан  біз  бәрін 

де  түсіндіріп,  қандай  жолмен  шешуге  бо­

латынын  анық  айқындап  айтуға  тиіспіз. 

Тегін кеңестің пайдасы да осында, – дейді 

қаламыздағы 

Әділет 


басқармасының 

жетекшісі Уәлихан Жанпейісов.

Мұндай  кеңес  беру  үрдісі  алдағы 

уақытта да жалғасын табады.



Қ

қ

5



№ 48 (158) 5 желтоқсан 2014 жыл

Өндіріс


– Домна пешінің  өнімділігі және 

еңбек  жағдайының  жақсаруы  үшін 

ең  жаңа  жабдықтар  орнатылуда, 

енді  мұнда  екі  жалпақ  құю  алаңы,  

шойын  мен  шлакты  ағызатын 

орындар  және  көлік  пен  басқа  да 

құралдар  үшін  арнайы  жүйелер 

іске  қосылады.  Пешке  тиеу  жаңа 

Индустриаландыру

Өткен аптада облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков комбинатқа атба­

сын тіреп,  №2 конвертор цехында жаңаланған газ тазалау қондырғысын 

іске қосу салтанатына қатысты. Сөз реті келгенде айта кетейік, №2 кон­

вертор цехындағы бұл атқарылған жаңғырту жұмыстарының нәти же сін­

де ауаға шығарылатын шаң­тозаң азайып ғана қоймай, сонымен қатар 

қала экологиясының  біршама жақсаруына оң ықпал ететін болады. Бұл 

жұмысты атқарған мердігер фирма жұмыскерлері ескі қазандықтарды 

түгел  ауыстырып,  газ  тазалау  қондырғысын  еуропалық  стандарттарға 

сәйкестендірген  және  барлық  жұмыстар  қазіргі  заман  талабына  сай 

автоматтандырылған жүйемен басқарылады. 

– Құрметті жерлестер, теміртаулықтар! Бүгін біздің баршамыз үшін 

ерекше  күн  болып  тұр,  өйткені  1­желтоқсан  тұңғыш  Президент  күні 

қарсаңында  аймақта қолға алынған ең ірі жобалардың бірі де бірігейі, 

яғни №2 конвертор цехындағы газ тазалау қондырғысының жаңартылуы 

аяқталып,  ол  іске  қосылды.  Осындай  ауқымды  жұмысты  орындаған 

комбинат басшыларына, мердігерлерге айтар алғысым шексіз, – деп об­

лыс  әкімі  Нұрмұхамбет  Әбдібеков  сөз  сөйлеп,  ризашылығын  білдірді 

және  бас  директоры  Виджай  Махадеван  мырзаға  құрмет  грамотасын 

тапсырды.

Мұнан  соң  бұл  жобаның  артықшылығы  мен  маңызы  жайын­

да    «АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ  бас  директоры  Виджай  Махаде­

ван    құттықтау  сөз  сөйлеп,  тиісті  жұмыстарын  тыңғылықты  атқарған 

бірқатар  жұмыскерлерді  алғыс  хаттармен  марапаттап,  арнайы  тігілген 

жаңа үлгідегі жұмыс киімдерін сыйға тартты.

Бұл жобаның құны 130 млн. доллар тұрады, ал облыс әкімі комби­

натта жүзеге асырылатын жобалардың нәтижесінде Елбасы Н.Назарбаев 

алға қойған болат өндіруді  жылына 6 млн. тоннаға жеткізу тапсырма­

сына жасалған қадам екендігін қадап айтты. Сонымен қатар желтоқсан 

айында  №3  домна  пешін  жаңғырту  жұмысы  аяқталып,  нәтижесінде 

тәулігіне  бес  мың  тонна  шойын  алуға  мүмкіндік  туатыны  тілге  тиек 

етілді. 


Салтанатты  сәттен  соң  мердігер  фирма  жұмыскерлеріне  қонақасы 

берілді.


–  Бұл  жоба  «Техника  қауіп­

сіз дігі  бойынша  500  адам»  де­

ген  атпен  қалыптасқан  арнаулы 

топ.  Олар  комбинаттағы  барлық 

қауіпсіздік 

және 


тәуекелділік 

орын дарын  анықтап,  оны  арнайы 

тізімге  алып  отырады.  Қатысатын 

адамдардың  бәрі  де  алдын  ала 

оқытып,  үйретілген.  Әрине,  бұл 

іске  еріктілер  де,  жанашырлар 

да  көп  керек.  Сондықтан  оған  

кәсіпорындағы  таланттылар  инс ­

титутының  студенттерін  де  қатыс­

тыр ып отырмыз, – дейді мамандар.

Шынында  да  «АрселорМит­

тал  Теміртау»  өндірісінде  қауіп­

сіз дікке,  еңбекті  қорғауға  үлкен 

мән  беріліп  келеді.  Жаңадан  іске 

кіріскен  еңбекті  қорғау  жөніндегі 

бірыңғай  комитет  компанияның 

жас мамандарымен бірге жұмысқа 

ерекше маңыз беріп отыр. Бұл жер­

де  оларға  ешбір    міндет  олардың 

еркінен  тыс  жүктелмейді,  қайта 



Жоба жүзеге асырылды

Бұған дейін жазғанымыздай,  аймақтың инду-

стрияландыру картасына жалпы құны 500 млрд. 

теңге тұратын сексен инвестициялық жоба енген, 

соның екеуі қала ұстаушы кәсіпорын саналатын 

«АрселорМитттал Теміртау» АҚ-да жүзеге асы-

рылуда.

Еңбек қауіпсіздігі



Еңбекті қорғау, жұмыс барысындағы 

қауіпсіздік – бұл кәсіпорынның әр адамы есте 

ұстайтын маңызды мәселе. Сондықтан осы 

мәселеге байланысты бірнеше жобалар жасалып, 

жүзеге асырылуда. Соның бірі еңбекті қорғау 

жөніндегі бірыңғай комитет болып табылады.

Бірегей комитет іске кірісті

жеке  бастамашылық  қолдау  таба­

ды.  Жуырда  өткен  бір  кездесуде 

еңбекті  қорғау  комитеттері  жаны­

нан  тағы  да  қосымша  бөлімшелер 

құру  белгіленді.  Ондағы  мақсат 

барлық  жұмыс  істейтіндерді  қау­

іп  сіздік  мәдениеті,  қауіпсіз  жұмыс 

істеуге  ынталылық  және  кері  бай­

ланыс  қалыптастыру  бола тын. 

Кездесу  кезінде  жас  мамандар  

жаңа  жобаны  қолдап,  техника 

қауіпсіздігін  бұзу  жағдайларына 

байланысты  өздерінің  көргендері 

мен  ұсыныстарын  жеткізді.  Осы 

жылғы  2  желтоқсаннан  бастап 

техника  қауіпсіздігіне  байланысты 

арнайы  сабақтар  өткізіледі.  Ал  та­

латтар  институтының  студенттері 

үшін оқ желтоқсананың ортасында 

басталады. Ал қауіпсіздікке байла­

нысты бөлімдерді мамандары онда 

оқытушылар рөлін атқарады. 

–  Өндіріс  пен  қауіпсіз  өндіріс 

–  бұл  сайып  келгенде  бір  түсінік, 

кез­келген  жоба  жүзеге  асқан  кез­

де  онда  тәуекелділік  болады. 

Сондықтан  әрбір  басшы  маман 

өзінің  жұмыс  орнында  сарап­

тау  жүйесін  құрып,  қандай  да  бір 

тәртіп  бұзудың  алдын  алу  шара­

ларын  үнемі  жүзеге  асыруға  тиіс. 

Сондықтан да жаңа жоба бойынша 

құрылған еңбекті қорғау комитетінің 

мүшелері  өздерінің  қауіпсіздікке 

байланысты стандарттарын жасап, 

қазіргі  қазіргі  жұмыс  істеп  тұрған  

тәртіпке өзгерстер енгізуді белгілеп 

отыр. 

Конкурс


Жаңғырту

Жөндеу 

жұмыстары 

аяқталуға 

жақын

Комбинаттағы №3 домна пеші жаңаланып, күрделі жөндеуден 

өткізілуде. Енді бірер аптадан кейін ол толық қуатында іске кіріседі. Ма-

мандар пешті жаңалаудың негізгі мақсаты технологиялық агрегаттың 

көрсеткіштерін және еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту деп отыр. 

Қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстар мен негізгі технологиялық деңгейін 

ескерсек, бұл бұрынғыдан мүлде басқа домна пеші болмақ. 

құрылғы  бойынша  жүзеге  асады. 

Мұның бәрі сайып келгенде өнімнің 

сапасына  және  пештен  шығатын 

түтінді  газдың  тазалығына  әсер 

етеді. 


Қарағанды  металлургия  ком­

би натындағы  №3  домна  пешінің 

тарихына  көз  жіберсек,  ол  1971 

жылы  29  қаңтарда  іске  қосылған, 

ол  кезде  пештің  көлемі  2700  тек­

ше метр болып, кейін ұлғайтылған 

еді.  Ал  биылғы  жаңалаудан  кейін 

пештің  сыйымдылағы  3848  текше 

метр болмақ, –дейді осы жобаның 

менеджері Петр Шаталин.

– Жаңа пеш іске қосылған кезде 

тәуліктік өнімділік 6300 тонна сұйық 

шойынды  қамтамасыз  етеді,  ал 

шикізат жеткілікті болған жағдайда 

тіпті бұл көрсеткіш одан да жоғары 

болмақ,  –  дейді  домна  цехының 

бастығы. 

  №  3  домна  пешін  жөндеуші  

бас  мердігер  «Имсталькон»  фир­

масы,  қазір  мұнда  бір  мезгілде 

сегіз  жүз  адамдай  жұмыс  істеп 

жүр. Жөндеу жұмысының қарқыны 

жоғары,  жаңа  жыл  қарсаңында  

жаңа  домнаны  іске  қосу  мүмкіндігі 

бар.  Қазан  айында  мұнда  жұмыс 

істейтін  бригадир,  шебер  сияқты 

техникалық  қызметкерлер  іске 

кіріскен  болатын.  Қазір  олар  жаңа 

жабдықтармен  танысып,    жұмыс 

істеудің  қыр­сырларын  игеруде. 

№3 домна пешінің  жаңа жаңарған 

келбетте өнім бере бастайтын күні 

алыс емес. 

Үздіктер марапатталды

Міне, желтоқсан айы да 

келіп, қыс қаһарына мінді. 

Дегенмен, алдағы мере-

келер тізбегін еске алсақ, 

комбинат жұмыскерлерінің 

балалары үшін олардың 

баршасы аса қызықты 

етіп жоспарланғанын атап 

айтуға болады. Мысалы, 

бұған дейін жылдағы дәстүр 

бойынша жарияланған 

жаңа жылдық открыт-

калар салу байқауының 

қорытындысы балалармен 

қатар ересектерді де бей-жай 

қалдырмады.  

Конкурс жарияланғаннан бері оқушылар 

өздерінің  бойларындағы  таланттары  мен 

қиялдарының  жүйріктігін  көрсететін  түрлі 

суреттерін  комиссия  назарына  жіберумен 

болды.  Жақында  соның  қорытындысы 

шығарылып,  үздіктер  марапатталды.  Бұл 

салтанатты  комбинаттың  балалар  мен 

жасөспірімдер  орталығының  және  қазақ 

мәдени  орталығының  көркемөнерпаздары 

ән­бимен әрлеп, көрермендерге тамаша тар­

ту, яғни мерекелік көңіл күй сыйлады.

Комбинаттың  бас  директоры  Виджай 

Махадеванның  өзі  осы  ортадан  табы­

лып,  балаларға  ақ  тілегін  жеткізіп,  олар­

мен  естелік  үшін  суретке  түсуінің  өзі  

бүлдіршіндер  мен  олардың  ата­аналары 

үшін қуанышты жағдай еді.

Жас  ерекшеліктеріне  орай  топтарға 

бөлініп,  сол  бойынша  жүлделі  орындар  

алған  балаларға  естелік  сыйлықтар  мен 

ақшалай  қаражаттар  берілді.  Бірінші  орын 

алған  балалардың  қатарында  Дәулет  Зей­

нулла да бар. 

–  Мен  Шахтинск  қаласынан  келдім, 

сондағы  №16  қазақ  мектебінің  2­сыны­

бында  оқимын.  Конкурс  туралы  хабар­

ландыруды  оқып,  оған  қатысуға  шешім 

қабылдадық. Бұл ретте менен үлкен, 6­сы­

ныпта  оқитын  әпкем  Арайлым  екеуміз 

бірлесіп,  бір­бірімізге  көмектесіп,    жаңа 

жылға арналған открытка салып, кон курс­

қа  жіберген  едік.  Міне,  нәтижесін  көріп 

отырсыз,  мен  жүлделі  бірінші  орынды, 

ал Арайлым екінші орынды иеленді. Ком­

бинат  басшыларына  осындай  конкурс 

ұйымдастырғандарына  алғыс  айтамыз, 

–  дейді  қуаныштан  жүзі  бал­бұл  жанған 

жеңімпаз Д.Зейнулла. 

Конкурс қорытындысынан соң балалар 

өздеріне  жайылған  арнайы  дастарқаннан 

дәм татып тарасты.



Бетті дайындаған  

Руза   АлДАшЕвА

№ 48 (158)  5 желтоқсан 2014 жыл

Қ

қ



6

Тұрмыс және тіршілік

Ұлы Жеңіске – 70 жыл

Ақтауда ІІ спартакиада өтті

Ақтауда ІІ спартакиада өтті

Ешкім де ұмытылмайды

Күн  санап  1941­1945  жыл­

дар  дағы  Ұлы  Отан  соғысы  қа ты­

сушылары мен көзкөргендер азай­

ып барады. Біз тарихи шын дық тың 

тікелей қатысушысы болып табы­

латын    ардагерлерімізден  ақ пар­

ат қабылдап, қайсарлықтары, рух 

күші  үшін,  Отанға  деген  шексіз 

махаббаттары    үшін  алғыс  ай­

тып  үлгеруіміз  қажет.  Алдағы 

2015 жылы Ұлы Отан соғысының 

Жеңістің  70  жылдығын  тойлай­

мыз.    Соғысқа  қатысушыларға 

қай ран  қалып  қана  қоймай,  он­

да ған  жыл  орталарына  түскен 

ұрпақты  жалғайтын  рухани  жіп­

тер ді  жалғап,  сақтай  білуіміз  ке­

рек. 


Біздің  шағын  кентіміз  –  Ақтау  

соғыстан  соң  салынып,  мұнда 

көптеген  соғыс  қатысушылар 

қоныстанған.  Бірақ  соңғы  жылда­

ры  ардагерлер    мүлдем  азайып 

кетті, біз олардың  аты­жөндері мен 

ерліктерін  мәңгі  есте  сақтағымыз 

келеді. Сон дық тан Ақтау кентінде 

ҰОС  қатысу шыларына  және  тыл 

еңбек  ардагерлеріне  арналған 

144 арда герлердің те гі тасқа ойып 

жазылған мемориалдық  компози­

ция ашылды. 

Біздің  мектептің  оқушылары 

Граненко Владислав және Кабдул­

ов  Арман  «ҰОС  қатысушылары 

мен  көзкөрген  туысқандары  ту­

ралы  білу  сыныптастары  мен 

олар дың 

ата­аналары 

үшін 

құн дылық  па?»  деген  сұраққа 



Қазіргі таңда кеңестік кеңістіктегі адамдардың Отанға, оның тарихына деген түсінігі əрқалай, бірінде 

– өшпес, терең патриоттық сезім болса, екіншісінде – өзінің екінші Отаны саналатын туған жеріне деген 

сүйспеншілік. Ал дамыған, алға қарай керуен түзеген заманауи жастар бұл ретте Отанды қалай таңдайды? 

Олар кіндік қаны тамған жерді туған Отаны санай ма, əлде ұлтына қарап таңдай ма? Бұл ретте біздің ай-

тарымыз, баланың таңдау жасауға жеткілікті тəжірибесі жоқ, өз құзырымен болып жатқан мəселені жете 

түсіне білмейтіндігі.  Бұған дайын болуы үшін əлеуметтік тəжірибе қажет, ал бұл тəжірибені тек белсенді 

əлеуметтік қызмет арқылы алуға болады. Бұл мəселені шешудің жолдарының бірі өлкетану қызметі, ол баланың 

жеке əлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мысалы, əлемдегі ең қанды соғыстың аяқталғанына қанша 

жыл болса да, соғыс естелігі əлі күнге дейін жанды тербейді! Кейде ол алыста, көп жыл бұрын, бізден алыс 

жүрген сияқты. Бірақ біз ата-əжелеріміздің альбомын ашып қарасақ, соғыстың қасымызда, жақын, əлі күнге 

дейін санадан, тарихтан өшпегендігін, əрқайсысымыздың отбасымызда екендігін  түсінеміз.

Сайыс


Спорт  жарысын  өткізудің  бас­

ты 


мақсатын 

ұйымдастырушылар: 

«2011­2015  жылдарға  арналған  «Са­

ламатты 


Қазақстан» 

мемлекеттік 

бағдарламасына  сәйкес  кент  аза­

мат тарының  денсаулығын  жақсарту, 

сондай­ақ,  жастардың  дамуына,  еңбек 

Тұңғыш Президент күніне 

арналған іс-шаралар аясында 

Ақтау кентіндегі «Мектеп-

тен тыс жұмыс орталығы» 

және «Спорт сарайының» 

ұйымдастыруымен,  соны-

мен қатар Теміртау қалалық  

білім беру бөлімінің дене 

шынықтыру және спорт 

секторының меңгерушісі 

Д.Есімханов, қалалық 

мәслихат депутаты Сергей 

Гулько, кент спортшысы 

Роман Байрамовтардың 

қолдауымен «Спорт са-

райында» 11 команданың 

қатысуымен спорттың  төрт 

түрінен сайыс өтті. Олардың 

қатарында «Айгерім» 

балабақшасы, «Ақтау кентінің 

әкімдігі» аппараты, Теміртау 

қаласының №9 мектеп-лицейі, 

№28, №29, №32 мектептері, 

сонымен қатар «Central Asia 

Cement» АҚ  ұйымы, «IRON» 

ЖшС, «Ақтау-Су -2006» ЖшС 

болды.

ден  қойып,  шағын  зерттеу  жұ­

мысын  жүргізді.  Зерттеу  бары­

сын да  көптеген  отбасында  со­

ғыс қа  қатысқан  туыстары  бар 

екені  анықталды.  Сауалнамаға 

қатысушылардың  көпшілігі  соғыс 

жылдары  біздің  еліміз  үшін 

жандарын пида еткен жер лес тері­

міз дің аты­жөнін біледі екен. 

Сауалнамаға  8­11  сыныпт ар­

дың  оқушылары,  олардың  ата­

аналары,  жалпы  92  адам  және 

қатысты. 

Өткізілген    зерттеу    нәти же­

лері:


– Сіздің туысқандарыңыз Ұлы 

Отан соғысына қатысты ма?

Мектеп  оқушылары:  Иә  ­ 

84%, Жоқ ­ 6%, Білмеймін ­10% . 

Оқушылардың  ата­аналары:  Иә  ­ 

94%, Жоқ – 2%, Білмеймін – 4% .

Оқушылар  мен  олардың  ата­

ана лары  Иә  –  89%,    Жоқ  –  4%, 

Білмеймін  – 7% .

Соғыстан  кейінгі  екінші  және 

үшінші ұрпақ өкілдері бұл сұраққа 

әр­түрлі  жауап  берді.  Дегенмен, 

сауалнама нәтижесіне қарай келе, 

көптеген  отбасында  Ұлы  Отан 

соғысының  қатысушылары  бар 

деген тұжырымға келуге болады. 



–  Өз  кентіңізден  майданға 

кетіп,  Ұлы  Отан  соғысында  қаза 

болған адамдардың есімін білесіз 

бе? 


Оқушылар:  Иә  –  62%,  Жоқ  – 

38% ,  Ата­аналар: Иә – 96%, Жоқ 

­ 4%. 

 Оқушылар мен ата­аналардың 



сұрақтары  осы  жолы  30%  үй лес­

педі.  Біздің  ойымызша  мұның 

себебі,  біздің  ата­аналарымыз 

мектепте  оқыған  кезде  пионерлік 

және  комсомолдық  ұйым  болды.  

Мектептің  әр  ұжымы  Ұлы  Отан 

соғысына  қатысушы  есімін  алу 

құқығы үшін  күресіп баққан.  



– Сіз соғыста қаза болған әс­

кер лерге ескерткіш қою керек деп 

ойлайсыз ба? 

Оқушылар:  Иә  –  100%.  Ата­

аналар: Иә – 100%.

Оқушылар мен ата­аналардың 

4  сұраққа  жауабы  сәйкес  келеді 

–  бұл  Ақтау  кентінің  тұр ғын дары­

ның  азаматтық    пози ция сының 

жоғары  екендігін  көрсетеді.  Өз 

кентінің  тарихын  оқыған  оқу шы­

лар ға    өлкетану  мәселесіне  бай­

ыпты  қарауға  көмек теседі.  Бұл 

өз  кезегінде  тұлғаға  тәрбиелік 

ықпал ету  мүмкіндіктер кеңістігін 

кеңейтеді. 

Жұмыс  мұнымен  біткен  жоқ. 

Алда жоба жазу,  соғыс және тыл 

еңбек  ардагерлерінің  өмірбаянын 

зерттеу,  «Біз  сол  Ұлы  жылдар­

ды  мәңгі  есте  сақтаймыз»  атты 

буклетті  өз  қолымыздан    жазу 

мақсаты тұр. 

К. АЮПОВА, 

 география мұғалімі,

В. КАЛЫМАНОВА,

 орыс тілі мен əдебиет 

мұғалімі, 

М. ЮСУПОВА,

тарих мұғалімі.

ұжымының  арасындағы  сыйластық, 

ұйымшылдық  қарым­қатынасты  нығай­

ту», ­дейді.

Іріктеу  сайысында  қызықты  әрі  тар­

тысты  ойын  «Спорт  кешені»  ұжымы 

мен  №  29  мектеп  ұжымының  арасын­

да  өткен  волейбол  жарысының  ақтық 

бәсекесі болды. Теміртау қаласының во­

лейболдан  спорт  шебері  Георгиевский 

Владимир төрелік жасаған бұл  сайыс­

та,  алаң  иелері  намысты  қолдан  бер­

мей,  тартысты  додада  жеңімпаз  атан­

ды. Әдіс­тәсілмен бірге, нағыз мықтыны 

анықтайтын  арқан  тарту  сайысында 

І  орынды  «Айгерім»  бала  бақшасы,  ІІ 

орынды № 29 мектеп ұжымы,  ІІІ орын­

ды «Central Asia Cement» АҚ иеленді. 

«Күш  атасын  танымайды»  деген 

аталы  сөз  қол  күрес  сайысына  арна­

лып  айтылғандай.  Нағыз  мықтыны 

анықтайтын бұл сайыста ЖШС «IRON» 

ұйымының жетекшісі Омутчанов Бекзат 

ешбір  қарсыласқа  дес  бермей,  өзінің 

қаншалықты  мықты  екенін  көрсетіп, 

І  орын  иеленді.  ІІ  орынды  «Ақтау­

Су­2006» ЖШС ұйымының мүшесі Аби­

шев  Евгений,  ІІІ  орынды  «Central  Asia 

Cement»  АҚ  қатысушысы  Сигнарь  Ан­

дрей қанағат тұтты.

Ал,  жалпы  есеп  бойынша,  І  орын­

да  «IRON»  ЖШС  ұжымының  өкілдері.                

ІІ  орын  Ақтау  кентіндегі  «Спорт 

сарайының»,  ІІІ  орын  «Central  Asia 

Cement» АҚ үлесінде.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 469.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет