Бір тілде деп міндеттеген жоқ



жүктеу 0.71 Mb.

бет7/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ДОДА

Ф

У



ТБО

Л

ШАХМАТ



Үндістанда шахматтан 20 

жасқа дейінгі қыз-жігіттердің 

арасында әлем чемпионаты 

басталды. Қазақстан намысын 

бұл додада қыздардан 

шымкенттік Гүлісхан Нахбаева 

мен астаналық Еркін Қозғанбаев 

қорғауда.

Ченнаеде әлем 

чемпионаты

Үндістанда өтіп жатқан жастар арасын-

дағы әлем чемпионатына дүниежүзінің кіл 

мықтылары жиналыпты. Сондықтан болу 

керек, мамандар біздің шахматшылардың 

мүм кіндігін өте көмескі көрді. Еркін дүние-

жү зілік шахмат рейтингінде ерлер ара-

сында 2284 орында болса, Гүлісхан 2222 

орынға орналасқан. «Неліктен таңдау осы 

екі спортшыға түсті?» деген ой бәріңізде де 

бар шығар. Олай болса, айта кетейік, Қоз-

ған баев пен Нахбаева биыл ел бірін ші-

лігінде 20 жасқа дейінгілер арасында ел 

чем пионы атанған екен. Сондықтан Үн-

дістан Ченнае қаласында өтіп жатқан дү-

ние 


жүзілік додаға бапкерлер осы екі 

шахматшыны алып баруды жөн көрген. 

Ал, жалпы, бұл дода біз үшін кезінде 

Дәрмен Сәдуақасов сынды дарынымыздың 

жеңімпаз атанғанымен құнды. Бірақ, 

өкінішке қарай, Дәрменнен кейін бірде-

бір жерлесіміз әлем чемпионатында жеңіс 

тұғырына көтеріле алмапты.

Сонымен, әлем чемпионатына қыздар-

дан 69 ару жиналып, жерлесіміздің рей-

тингі 15-інші болды. Ал Еркін 126 қаты су-

шы ның ішінде рейтингі 67-інші болған 

екен. Дегенмен бірінші турда Қозғанбаев 

әлем рейтингінде 2584-орынға Из раиль-

ден келген гроссмейстер Тамира Набатадан 

жеңіліп қалды. Екінші күні Оңтүстік 

Африкадан келген Бенджамин Винсент 

Гер кулес есімді жас шахматшымен кез-

дескен. Әлемдік рейтингіде 2089-орынға 

ие екен. Өте тартысты өткен ойын жер ле-

сі міздің жеңісімен аяқталды. Сөйтіп, екі 

тур дан кейін Еркіннің еншісінде жалқы 

ұпай.

Бірінші ойынды патпен аяқтап, екіншісін 



матпен ұтқан Гүлісхан екі турдан кейін 1,5 

ұпайға ие болды. Алдымен қазақ қызы 

әлемдік рейтингіде 1927-орынға ие дода 

қожайыны Шетти Шристимен кездескен. 

Ойын өте тартысты әрі қызықты өтіп, 

ақыры қарсыластар бірін-бірі жеңе ал ма-

ды. Алайда екінші ойынында аздап тәжі-

ри бе жинақтап, Үндістан жеріне бой үй-

рет кен аруымыз әлемдік рейтингтің 2029-

ын шы шахматшысы австралиялық Эмму 

Гуо дан басым түсті.

Сырт алаңында 1:1 есебімен тең ой на-

ған дарына қарап, өз алаңымызда басым 

тү сетінімізге сенімді болғанбыз. Іштеріне 

кі ріп көрген жоқпыз, бірақ футболшылары-

мыз да солай ойласа керек, матчтың ал-

ғаш қы минуттарында жаяу жүріп алды. 

Сон 


ы пайдаланған «аланиялықтар» өз 

ала  ңымызда ойран салды. Қатарынан бір-

не ше шабуыл ұйымдастырып, жанкүйер-

ле ріміздің жүрегін тулатумен болды. Қайта 

оң қапталдағы қорғаушымыз Антон Чи чу-

лин мен қақпашымыз Сергей Бойченко 

жа рады. Бұлардың қатарына Самат Смақов 

пен Юрий Логвиненконы да қосуға бо ла-

ды. Бар қауіптің бетін қақпантайлап шап-

қы лап жүрген де осылар. Әйтпесе ойын-

ның бас кезінде-ақ қақпамызда доп тулап 

жа тар еді. Жә, басқаларды нашар ойнады 

дей алмаймыз. Бірақ қай-қайсы болса да, 

өз мүмкіндігін толық паш етпеген сияқты 

кө 

рінді бізге. Әлеуеттері бұдан да зор 



жігіттер еді ғой. Мәселен, бас кезінде ши-

рақ көрінген Мәлік Мане ойынды жиі өзіне 

алып, ақыры шаршап қалды. Тіпті ойын 

со ңында аяғын әрең сүйреп жүргендей 

көрінді. Оны не үшін алмастырып таста ма-

ғанына таңғалумен ғана отырдық. Бәлкім, 

оның орнына Евгений Аверченко шық қан-

да матчты пенальтиге жеткізбей, өз пай-

дамызға аяқтар ма едік. Қорғаушылардың 

дег бірін алуға тиіс болған Владимир Джи-

лас тың да жанкештілігін көре алмадық. 

Шабуылшы деген қорғаушылардың зә-

ресін алардай болуы керек қой. Алайда 

Джи ластан еш белсенділік көре алмадық. 

Ша буылшымыздың шау тартқанын бай-

ЕУРОПА ЛИГАСЫ

қаған қарсыластардың өзі серб легио не-

рі міздің аяғын аңдуды қойды. Бәлкім, сон-

дықтан шығар, Джиластың есепті теңестіріп 

кет кені. Рас, мойындауымыз керек, әлгі гол 

та маша соғылды, көрген көз сүйсінерліктей. 

Оны қойшы, Златан Ибрагимовичтің өзі де 

қызығар еді. Сондай-ақ ойынға әр бере 

алмаған ойыншылардың қатарына Марат 

Хай руллинді де қосуға болады. Әдетте 

ойын ның соңына дейін қанаттанып жүретін 

Марат бұл ойында тек жарты сағатқа ғана 

шыдады. Алғашында «Алания» қорға ны-

сын он тесті. Әдемі пастар шығарумен 

болды. Кенет, әдемі пастары да тыйылып, 

өзі де көрінбей қалды. Тек матч соңындағы 

пенальтиде нүктеге жақындағанда ғана 

байқадық. Шынын айтсақ, Мараттың эк-

ран алдында телміріп отырған бізге Ма-

рат тың ойынға зауқы соқпай жүргендей 

кө рінді. Әйтпесе «Аланиядағы» ойыншы-

лар дың қай-қайсысын болмасын аузын 

аш тыратын футболшымыз еді ғой. Бәрін 

қой шы, «Ақтөбе» сияқты маңдайалды ко-

мандамызда Роберт Праймус секілді допқа 

емес, аяққа ұмтылатын футболшылар ой-

на мауы тиіс емес пе?! Қорғаныста да жа-

ры тып өнер көрсеткен жоқ. Алдымен Ма-

рат Бикмаевтың басына тосқауыл бола 

ал май, қақпамызға гол «сыйлады». Егер 

оның орнында басқа біреу болғанда допты 

Бикмаевтың басына жеткізбей-ақ, кері 

қайтарар еді. Одан кейін алаң ортасында 

қар сыластың аяғына қасқырша атылып, 

ес керту қағазын алды. Арада екі минут 

өтпей жатып, «Алания» айып алаңында 

қор ғаушыларының бірін шалқасынан тү-

сіріп, ақыры алаңнан қуылды. 

Сонымен пенальтиге келейік. Әдетте, 

фут болдың жазылмаған қағидасы бо йын-

ша, футболшылар пенальтиді бар пәрме-

ні мен қақпаның ортасына шірене тебуі 

тиіс. Бұл әдістің пайда беретінін мамандар 

әлдеқашан мойындап қойған. Криштиану 

Роналду, Уэйн Руни, Хави сынды саңлақ-

тар дың өздері осы әдісті қолданып жүр. 

Алдын ала қос бұрышқа секіретін қақ па-

шылар көп жағдайда мұндай соққыны 

тоса алмайды. «Аланиялықтар», осы лай-

ша, пенальтидің бәрін діттеген жеріне жет-

кізді. Сергей Бойченко доптың бағытын 

дұ рыс тапқанымен шірене соғылған пәр-

менді соққыны қайтара алмай жатты. Бірақ 

неге екені белгісіз, біздің жігіттер өздерінше 

техникаларына сеніп, допты домалата 

салып жатты. Сөйтіп, Джилас пен Маненің 

домалата салған доптары «Алания» 

қақпашысы Дмитрий Хомичке оңай олжа 

болды. 


Айтпақшы, бас бапкеріміз Владимир 

Мұ қановтың да ойын түсінбей әлекпіз. 

Ойын барысында үш футболшы ал мас ты-

руға болады ғой, неліктен тек Петр Бад-

лоны ғана шығарды?! Егер ойынға қос-

пайтын болса, Евгений Аверченко, Аслан 

Дарабаев, Руслан Сахалбаев сынды саң-

лақтарды несіне қосалқы құрамда ұстап 

отыр. Жарайды, шәкірттерінің жағдайы 

Владимир Васильевичтің өзіне ғана аян 

ғой. Бірақ «Мәлік Маненің аяғында әрең 

тұрғанын көре тұра қалайша пенальти 

тебуге жіберді екен?» деген ойдан әлі 

арыла алар емеспіз.

Сонымен «Ақтөбе» Еурокубокпен тағы 

бір жылға қоштасты. Енді келесі жылды кү-

теміз. Иә, біз жанкүйерлер күтуден шар-

шамаймыз ғой. Күте береміз, күте береміз. 

Ақыры бір жылы Еурододаның топтық 

кезеңінде доп тебетінімізге се неміз.  



Әй, «Ақтөбе-ай», қолда 

тұрған жеңіс еді ғой. 

Еңсемізді неге түсірдің? 

«Қазақстан премьер-

лигасының деңгейі Ресейдің 

жоғарғы дивизионынан 

төмен» деушілердің 

аузына құм құямыз ба?» 

деп едім. Әттең, толық 

мүмкіндігіңді көрсетпедің. 

Амал жоқ, енді әдеттегідей 

Еурододада «Барселона», 

«МЮ» мен «Миландардың» 

ойындарына телміретін 

болдық.

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

«Ертіс» хоккей клубы құрамын күшейтіп жатыр

Реми ди Григорио 

«Астанадан» кетті



ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖАТТЫҒУЫ

Футболдан Қазақстан құрамаларының 

Талғардағы базасына барсақ, ұлттық құ-

рама жаттығуларын бастап кетіпті. Орта-

да Қазақстан ұлттық құрамасының бас 

бап кері, чех маманы Мирослав Беранек 

шәкірттеріне нұсқау беріп жүр. Әр түр-

лі комбинацияларды қос қапталда қай-

та-қайта қайталап, футболшыларды 

машықтандыруда. Риза болғанымыз жі-

гіт тердің бәрін аттарымен атайды. «Таңат, 

Қай рат, Марат» деген дауыстарын жиі ес-

тідік. Тек Серікжанды «Мужиков» дейді 

екен. Байқағанымыз, кейбір ойыншы лар 

алаңда жоқ. Артынан кішігірім жа ра қаты 

барлардың бөлек дайындалып жүр-

гендерін білдік (Олардың арасында Жам-

был Көкеев, Сергей Остапенко бар екен). 

Содан соң құрам сапында «Ақтөбе» клу-

бының ойыншылары әлі келмепті. Еуропа 

лигасы аясындағы «Аланиямен» болған 

қарымта матч түнде ғана аяқталды ғой. 

Ол да түсінікті.

Бас бапкер жаттығу жұмысын жиі-жиі 

тоқтатып, футболшыларға су ішіп алу-

ға мүкіндік береді. Алаң шетінде сал қын 

су дайындап тұрғандар кішігірім құ 

ты-


ларын алып, алаңға қарай құстай ұша-

алаңдарында бірден атойлап алға шаба-

тындары, айтпаса да түсінікті емес пе.

АРДАГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ

Бұдан соң Қазақстан құрамалары жат-

тығатын базаның сәулетті ғимараты 

ның 


ішінде аяқдоп ардагерлерін мара 

пат 


тау 

рәсімі өтті. Қазақстан футбол феде ра ция-

сы ның вице-президенті Сейілдә Байшақов 

14 ардагерге өмірлерінің соңына дейін ай 

сайын 30 000 теңге стипендия төленіп 

тұратыны жөнінде сертификат тапсырыл-

ды. Негізі, ардагерлер бұл төлем ақпан 

айынан бері беріліп келеді. Бұл жолы сол 

төлемақылардың кепілдемелік сертифи-

каттары тапсырылды. Сейілдә Икрамұлы 

сөзінің соңында: «сіздерге тек қана кепіл-

демелік қағаз ғана тапсырып қоймай, 

ұлттық құраманың бас бапкерімен де та-

ныс 


тырмақпыз», – деді. Кепілдеме қа-

ғаз 


дары салтанатты түрде тапсырылған 

кез де ұлттық құраманың бас бапкері Ми-

рослав Беранек ақсақалдардың бәрінің 

қолдарын қос қолдап қысып, ізет көрсетті. 

Ортаға Тимур ағамыз шыққанда, Сейілдә 

Икрамұлы бас бапкерге қарап, «Бұл кісі 

– қазақ футболының жарық жұлдызы. 

Кезінде біздің ұжым «Сегізбаевтың ко-

мандасы» атанған. Команданың капита-

ны» деп өзгелерден ерекше таныстырып 

өтті. Ең соңында Мирослав БЕРАНЕК:

– Сіздермен танысқаныма қуаныш-

ты мын. Сіздер – қазақ футболының та-

ри хысыздар. Денсаулықтарыңыз мық-

ты, өмірлеріңіз ұзақ болсын, – деп ақ-

сақ алдарымызға ізгі ниетін жолдады.

Бұдан соң ардагерлер өздерін ұмыт-

пай, көңіл бөліп, қамқор жасап отырған 

еліміз бен ұлттық футбол федерациясына 

алғыстарын жаудырды. Кейін ардагерлер 

түскі асқа шақырылып, біз кері қайттық.

Талғарға барған сапарымызда бай-

қа 


ғанымыз, ел футболына немқұрайды 

қа 


рамайтын адамдардың ешқайсының 

да ұйқылары қанбаған сияқты. Енді ше, 

«Ақтөбе» терезесі тең ойында опық жеп

Еуропа лигасынан шығып қалғанда, өкі-

ніш өзегімізді өртеп, көбіміз ұйықтай ал-

май, аласұрдық емес пе... 

ды. Алшаңдай басып жүру жоқ, онда 

бас бапкерден ескерту алады. Күннің ыс-

тық 

тығы соншалық, кұтыдағы сулар тез 



жылып кетеді. Олардың ішіне мұз салып, 

салқындатып тұрмаса болмайды. Мұз да 

тез таусылады. Біздің көзімізше екі қайта 

мұз әкелінді.

Жаттығу жұмыстары екі жаққа бө 

лі-


ніп, футбол ойнаумен аяқталды. Алаң ның 

жартысы ғана пайдаланып, екі жақта жеті 

адамнан ғана ойнады. Бас бапкер алаң 

жиегінде өз шәкірттерінің бірде-бір қи-

мылдарын қалт жібермей қарап тұр. Кей-

бір сәттерде ырза болғандығын білдіріп, 

мақтап та қояды, жігіттерді.

Бұдан соң гимнастикалық жаттығулар 

жасалынды. Мұнай арнайы мамандар 

жүр гізді. Кімде-кім дұрыс жасамай жатса, 

бапкерлер мен нұсқаушылар лезде түзеп 

отырады.


Жаттығу жұмыстары аяқталған соң, 

бас бапкер Мирослав Беранекті сөзге 

тарт тық. 

Сириямен болатын жолдастық кез-

де 

су 


 

ге әзірленіп жатырмыз. Бар ойы-

мыз тек осы жодастық кездесуде. Ал 

Түркиямен және Әзірбайжанмен өтетін 

Еуропа чемпионатының іріктеу додасы 

аясындағы матчтар жөнінде сұрамай-ақ 

қойыңыздар. Әр нәрсе өз ретімен. Ол кез-

десулер туралы уақытында сөз қозғаған 

дұрыс. Ал Сирия құрамасына келсек, бұл 

команда да осал емес. Техникалық шебер-

ліктері жоғары. Негізінен, қорғанысқа көп 

көңіл бөлудеміз. Бірақ тек бекіністі ғана 

ойлап жүрген жоқпыз. Жеңіс кілті шабуыл-

да екенін де әсте есімізден шығармаймыз. 

Ұжымдық ойын үлгісін жетілдірсек дей-

мін. Қорғаныста да, шабуылда да тізе қоса 

қимылдау керек. Жұмыла қорғанып, бірі-

ге шабуылдап, барлық футболшылардың 

күш-жігерлерін жойқын күшке айналды-

руды көксеймін, – деді.

Бас бапкер көп ашылып сөйлемеді. 

Бә 


рін жайып тастамады. Ойына түйген 

ішкі жоспарлары мен тактикалық айла-

амалдарын жіпке тізіп шықпайтындығын 

ашық айтты. Еуропа чемпионатының 

ірік теу додасы аясындағы келесі екі матч 

түзде өтетіндіктен негізінен қорғанысқа 

көңіл бөліп жатқандығын сездік. Өте 

дұрыс, Түркия мен Әзірбайжанның өз 



Нұрғазы САСАЕВ

Әзиз ЖҰМАДІЛ

ВЕЛОСПОР


Т

Жеңімпаз 

анықталар емес

Бір аптадан бері өтіп жатқан көпкүн дік-

тің бесінші кезеңі де «Ликвигас» команда-

сы ның шабандозы Петер Саганның же ңі-

сімен аяқталды. 201 шақырымға созылған 

жа рыс жолын бірінші болып қиған сло-

вакиялық саңлақ аталмыш қашықтықты 4 

сағат 52 минут 56 секундта жүріп өтті. 

Оны мен үзеңгілесе тағы 10 велошабандоз 

мә 


реге қатар жетті. Ал небәрі үш-ақ 

секундқа кешіккен екінші пелетонның 

қатарында «астаналық» бес жігіт те бар еді. 

Швед Фредерик Кесьякофф мәре сызығын 

21-ші болып қиса, итальяндық Эрико 

Гаспаротто 25-ші, хорват Роберт 

Кисерловски 25-ші, австралиялық Саймон 

Кларк 34-ші, қандасымыз Асан Базаев 51-

ші орыннан көрінді.

Жалпы, «Астана» командасының са-

пында өткен айдың ең үздік велошабандозы 

атанып, «Австрия турын» жеңген Фредерик 

Кесьякофф осы көпкүндікке де коман да-

мыздың көшбасшысы ретінде аттанған. 

Бі рақ көшбасшы словакиялық Петер Са-

ган 


нан 33 секундқа артта келе жатқан 

Фред әзірге 22-орында. Ал осы көп күн-

діктегі тағы бір көшбасшымыз итальяндық 

Эн рико Гаспаротто 13-орында. Бүгін атал-

мыш көпкүндіктің қорытынды, әрі шешуші 

ту ры. Жарыс жолы 128 шақырымға жал-

ға сады.

Сөз соңында айта кетейік, «Астананың» 

келе сі көпкүндігі Голландия жерінде өтетін 

«Энеко туры» болмақ. Бұл турнирде 

команданың намысын Алан Дэвис 

(Австралия), Максим Гуров, Максим Иг-

линский, Валентин Иглинский, Евгений 

Непомнящий, Сергей Ренев, Андрей 

Гривко, Андрей Мизуров (бәрі де – 

Қазақстан), Мирко Лоренцетто (Италия) 

жә не Танел Кангерт (Польша) қорғайтын 

болады.


Арсен ЖАНАДІЛ

«Ертіс» алдағы маусымда жо-

ғары жетістікке қол созбақ бо лып 

(ел чемпионатының фина 

лы 

на 


шы ғып, алтын медаль үшін та лас-

пақ мақсатта) құрамын нығай тып 

жатыр. Ерлан Сағымбаев жат тық-

тыратын Кереку клубы биыл 

ғы 

маусым аралығында өз құ рамына 



11 тәжірибелі ойын шы ны шақыр-

тып 


ты. Қазір коман 

да сапында 

Илья Соларев, Андрей Ого род ни-

ков, Андрей Тро щин ский, Сергей 

Мирошниченко, Рүс тем Есіркенов, 

Николай 


За р жи цкий, 

Евгений 


Уша ков, Сергей Агеев, Владимир 

Кня зев, Алексей Шо рохов, Ста ни-



Шайбалы хоккейден Павлодардың «Ертісі» маусым аралы-

ғын да құрамын күшейтіп жатқан көрінеді. Былтыр «Барыстың» 

са 

пында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының ойыншысы 

Илья Соларев те «Ертіске» ауысыпты. Павлодар клубының сапы на 

басқа қандай танымал хоккейшілер ауысқанын білуге бола ма?

Жасұлан АХУДЕНҰЛЫ, Атырау қаласы

слав Басов, Дмитрий Левинский, 

Алек сандр Храм ков сынды тіс қақ-

қан хок 


кейшілер бар. Бұлардың 

бі 


разы – әр жылдары Қазақстан 

құ рамасы сапында ойнаған тә жі-

рибелі ойын 

шылар. Сондай-ақ 

Сло  ва кия ның  екі  хоккейшісі  (Эрик 

Вайсс манн және Рене Яролин) бас 

бап  кер  сынағынан  өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан 

Са ғымбаев жаттықтыратын «Ер тіс» 

клубы өткен маусымда төртінші 

орынға ие болса, 2009-2010 жыл-

дар маусымында қола медаль ен-

ші леген  болатын.

26 жастағы Реми де Григорио 

тұңғыш рет 2006 жылы «Альгарве 

турында» көпшілікті мойындатқан 

бо 

латын. Жазық жолда жарысудан 



гөрі тауға өрлеудің хас шебері. Сон-

дықтан болу керек, тау жарыстарын-

да командамызды күшейтсін деген 

оймен «Астана» өткен жылы осы ве-

лошабандозбен келісімшартқа отыр-

ған. Биыл Париж–Ницца көп күн ді-

гінің жетінші кезеңінде жеңіске жет-

кен. Бірақ командамен тек бір жыл ға 



«Тур де Франс» велобәйгесі кезінде Александр Винокуров, Ро-

ман Кройцигер, Паоло Тиралонго сынды саңлақтарымыз саптан шы-

ғып қалғаннан кейін Реми ди Григориоға үміт артқан едім. Фран цуз 

велошабандозы тәуір өнер көрсетті. Бірақ жақында сол спорт 

шы-

мыздың «Астанадан» кететінін естідім. Сонда ол қай клубқа кетпек?

Айдан БЕКАРЫС, Алматы қаласы

ғана келісімшартқа отыр 

ған 

дықтан 


ол енді клубын ауыстырмақ. Ен 

ді 


оған Францияның «Уофидис» ко-

мандасы қызығушылық танытып, 

тіпті өздеріне тартып та үлгерді. «Ре-

мидің басты міндеті – тау жа рыс та-

рында капитандарымызға кө мектесу 

болмақ», – деп де Гри 

го 

рио 


ға не 

үшін құда түскендігі туралы да атал-

мыш команданың бас менеджері 

Эрик Бойе жаһанға жар салып үл-

гер ді. Дегенмен өзі де кей тур нир-

лерде көш басшының қызме тін ат қа-

ратын болады. Айта кетейік, биылғы 

«Тур де Франста» француз саңлағы 

39-орын нан  көрініп,  «аста на лық-

тардың» ішін де ең жоғары нәтижеге 

ие бол ған.

СУРЕТТЕ КІМ?



Талантты 

жазбай таныңыз

Бүгін Қазақстан спортының ең 

әйгілі командасының құйрықты 

жұлдыздай жарқ еткен бір 

саңлағының суретін беріп 

отырмыз. Көгалдағы хоккейден 

Алматының «Динамосы» 

кезінде әлемді шулатып, КСРО 

чемпионатында үстемдік 

құрған. Мына суреттегі жігіт 

осы жеңімпаз команданың 

сапында ойнақ салып, КСРО-

ның 18 дүркін чемпионы 

болған, екі мәрте Еуропа 

чемпиондары кубогының 

иегері атанған. Сүйікті 

командасымен КСРО кубогын 

бес рет жеңіп алған. Екі рет КСРО 

халықтары спартакиадасының 

жеңімпазы атанған. Өкінішке 

қарай, осы суреттегі даңқты 

жұлдызымыз 44 жасында 

қатыгез қаскөйлердің қолынан 

қаза тапқан. Ең сорақысы сол, 

содан бері ұмытылып бара 

жатқандай... 

А) Мұрат Жексенбеков

Ә) Саян Шаймерденов 

Б) Александр Гончаров 

В) Бекзат Саттарханов

Өткен жолы боксшы Виктор Демья-

нен коның жас кезіндегі суретін берген 

болатынбыз. Мәскеу Олимпиадасында 

алтын медальдың алақанынан сынап-

тай сусып, күміс жүлдені қанағат тұтуға 

мәж бүр болғандығын да жазғанбыз 

(қабағы жарылып кетіп, қарсыласын 

жеңіп жатса да, төрешілер жеңіліс пен 

өкініштің кермек дәмін татқызған). Ұлы 

да өз жолын қуып, боксшы болды. Қа-

зір өз бағын кәсіпқой бокс рингтерінде 

сы нап жүр. Жерлесімізді танитындар аз 

емес екен. Хабарласқандар біршама 

болды.

ҚА

ЗАҚ КҮРЕСІ



Бозкілемде 

Қазақстан барысы 

анықталады

Осы турнирдің аясында іріктеу 

белдесулері өткізілген. Мұндай іріктеу 

турнирлері ауылдық, аудандық, облыстық 

және қалалық деңгейлерде өткізіліп, үздік-

тер сұрыпталып алынған. Енді астанада 

өтетін финалдық турнирде аймақтық 

белдесулерден іріктеліп шыққан 64 балуан 

бақ сынайды. «Күш атасын танымас» ай-

да рымен өтіп жатқан турнирдің жүлде қо-

ры да – қомақты. Бірінші орын алған 

балуан «Алтын белбеу» иегері атанып, жан 

қалтасына 150 мың АҚШ долларын 

басады. «Күміс белбеу» иегері мен «Қола 

белбеуді» беліне байлайтын балуандар да 

ақшалай сый-сыяпатқа ие болады. 

Қазақстан Президенті жүлдесі жолындағы 

бұл турнир еліміздің Тәуелсіздігінің 20 

жылдығына арналып отыр. Ал негізгі мақ-

саты – қазақ күресінің Олимпиада ойын-

дары бағдарламасына енуіне ықпал ету.

Айқын ЖАППАР

20 тамыз күні Астанада 

қазақ күресінен Елбасы жүлдесі 

жолындағы «Қазақстан барысы» 

турнирінің ақтық белдесулері 

өтеді.

Польшада өтіп жатқан 

«Польша туры» велокөпкүндігі 

мәресіне жетіп қалды. Бүгін 

– жарыстың соңғы күні. Бірақ 

кімнің жеңімпаз атанатыны тек 

соңында ғана белгілі болатын 

тәрізді.

Жалғыз үміт сенде еді, «Ақтөбе»

Бас бапкер ардагерлермен бас қосты

Кеше Талғарға барып, Си-

рия құрамасымен болатын 

жолдастық кездесуге дайын-

далып жатқан Қазақстан 

ұлттық құрамасының 

жаттығу жұмыстарын 

көріп қайттық. Жаттығу 

жұмысынан соң, Қазақстан 

футболының ардагерлеріне 

өмірлерінің соңына дейін 

ай сайын стипендия алып 

тұратындары жөнінде серти-

фикат тапсырылды.

«Ақтөбе» – «Алания» статистикасы

1

Голдар



1

8

Қақпаға тура соққы



6

10

Қақпаға қиыс соққы



7

5

Бұрыштама



9

1

Офсайд



6

18

Тәртіп бұзу



14

4

Сары қағаз



3

1

Қызыл қағаз



0

 

«АҚТӨБЕ» 1:1 «АЛАНИЯ» 

 (Қазақстан) 

 

(Владикавказ,

  

 

Ресей)

 

пенальтиден – 2:4.

Голдар: Джилас, 75 – Бикмаев, 55.

Пенальти сериясы: Габулов – 0:1. 

Хайруллин – 1:1. Бикмаев – 1:2. 

Кенжисариев – 2:2. Гиголаев – 2:3. Мане 

– 2:3 (қақпашы). Неко – 2:4. Джилас – 2:4 

(қақпашы).

Ескертулер: Семенов, 54. Примус, 67. 

Джилас, 104 — Гнану, 15. Габулов, 61. 

Царикаев, 70.

Ойынның 69-минутында Праймус (Ақ) 

алаңнан қуылды.

«Ақтөбе»: Бойченко, Чичулин, Смақов, 

Хайруллин, Мане, Кенжесариев, Праймус, 

Логвиненко, Семенов (Бадло, 62), 

Малетич, Джилас



Қосалқы құрам: Сатубалдин, Сахалбаев, 

Хохлов, Дарабаев, Лисенков, Аверченко.



«Алания»: Хомич, Гнану (Гиголаев 105), 

Габулов, Хубулов (Дудиев, 46, Бураев, 81), 

Стоянов, Неко, Царикаев, Коста, Григорьев, 

Грачев, Бикмаев

Бас төреші: Саймон Ли Эванс (Уэльс).

«Орталық» стадион (13 мың көрермен)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№137 (589) 6.08.2011 жыл, сенбі            



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№137 (589) 6.08.2011 жыл, сенбі            



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Ж



адыр

а ЖҰМАКҮЛБ

АЙ

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №996

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1571

Шымк


ент қаласы «Оңтүс

тiк по


лигр

афия» б


аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 

8

 (7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №8116

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

й

на



сы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

д

ак



цияның

 м

ек



ен

ж

айы



А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

БҮГІН:

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

ТАМЫЗ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 05:47 

 

            14.21 

 

           20:09    

ЖҰЛДЫЗ

-

ЖОРАМАЛ

 

ТАРАЗЫ

Бүгін жұмыстағы көп мә-

се лелердің шешімін ойлан-

бай-ақ таба аласыз. Шығар-

ма шылық 

шабытыңызды 

шың дау үшін керемет күн. Оған 

қоса, іскерлігіңіздің арқасында 

қыз метте үлкен дәрежелерге кө-

те ріле  аласыз.



САРЫШАЯН

Күрделі болғанымен, жа-

ғым 

ды жаңалықтарға толы 



күн. Сіздің басты тапсырмаңыз 

– қиын сәттерде жылдам және 

мүмкіндігіңізше дұрыс қадам жа-

сау. Басқалар сізді қолдамайды, 

керісінше сынағанда алдына жан 

салмайды.



МЕРГЕН 

Сізге бүгін бір минутыңыз-

ды да босқа жоғалтуға бол-

майды. Бір орнында тыныш 

отыра алмайтын сіз үшін ал-

ды 


ңыздан жаңа мүмкіндіктер 

ашы 


лады. Қолында билігі бар 

адам мен танысып, жаңа мақсат-

тар ды көздей бастайсыз. 

ТАУЕШКІ

Қолайлы әрі сәтті күн. Сізге 

ешқандай қиын сынақтар да, 

белгісіз кедергілер де кездес-

пейді. Жасаған жұмыста ры-

ңыздың қорытындысын шығарып, 

өз еңбегіңіздің жемісін жейтін кез 

де келіп жетті. Алға жаңа мақсат 

қойыңыз. 

СУҚҰЙҒЫШ 

Бүгін сізді жағымды тосын 

сыйлықтар мен сәтті сәйкестік-

тер күтеді. Бұл күн жұмыс іс-

теу ден гөрі, демалуға немесе 

көңіл көтеретін іс-шараларға 

қатысуға қолайлы. Уақытты дұрыс 

пайдалансаңыз, көп нәрсеге үлге-

ре аласыз.

БАЛЫҚТАР 

Бүгін шешім қабылдағанда 

батылырақ болыңыз және де 

оны жария етуден қорықпа-

ңыз. Осы күннің табысы бас-

қа лардың назарын тек өзіңізге 

аудара білуіңізге байланысты 

бол мақ. Аз да болса, таза ауада 

серуендегеніңіз дұрыс.

ТОҚТЫ

Қаржылық тұрғыдан қара-

ғанда бүгінгі күніңіз жаман 

емес. Бұдан бұрынырақ отыр-

ған келісімшарттан пайда түсі-

руіңіз мүмкін. Жұмыста да өзіңізді 

жақсы жағыңыздан көрсетесіз. 

Сізге көбіне өткенді емес, бола-

шақ ты ойлаған абзал.

ТОРПАҚ

Бүгін сізге күнделікті ағым-

да 

ғы істермен айналысқан 



жөн. Сол үшін қазірше шығар-

ма шылық тұрғыдан әрекет етуді 

талап ететін, өте қиын тапсырма-

ларға кіріспеңіз. Жеке өміріңіздегі 

ерекше шешімдер жақсы өзгеріс-

терге апарады.



ЕГІЗДЕР

Бүгін сізге көп мәселелердің 

шешімін табуға тура келеді. Өз 

мүмкіндігіңізді асыра бағалау-

дың ешбір қажеті жоқ. Жаны-

ңыз ға жақсы көмекшілер табуға 

тырысыңыз, сонда дұрыс қадам 

жа сайсыз. Бірақ шығын шығуы 

ғажап емес.

ШАЯН

Күніңіз күрделі, оқыс оқи-

ға ларға толы болуы мүмкін. 

Сіз дің әрбір әрекетіңіз, айнала-

ңыздағылардың сынына ұшырауы 

ықтимал. Іскерлік серіктестері ңіз-

бен арада келіспеушіліктер орын 

алуы да ғажап емес.



АРЫСТАН

Бүгін сіз өте әсершіл келесіз, 

сондықтан болып жатқан 

барлық нәрсені жаман жағынан 

көруге бейім тұрасыз. Осы күні 

алдыңыздан ашылған мүмкіндікті 

дұрыс бағалай алмауыңыз мүмкін. 

Сондықтан көңіл-күй мен сезімге 

емес, ақылға сеніңіз. 

БИКЕШ

Бұл күн сізден жинақылық-

пен, бәріне бір мезетте үлгере 

білетін қабілет талап етеді. Сіз 

әріптестеріңізбен оңай тіл табыса-

сыз, сондықтан олар сізге сенеді. 

Кешкі уақытыңызды cүйіктіңіздің 

қасында өте жақсы өткізесіз.

Та

ра

ту



 қызме

тi 


те

л.: 


8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

р

осының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Тамыздың 6-сы

Алаштың атаулы күні:

• Хиросима күні. Ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің бүкіл-

әлемдік күні. 1945 жылы тамыздың 6-сында АҚШ ұшқышы Томас 

Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның 

Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. 

• Халықаралық «Дәрігерлер бейбітшілік үшін» күні. 

• 42 жыл бұрын (1969) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 

Жарлығымен «Неке және отбасы» кодексі бекітілді.



Туған күн иелері:

Қалиасқар Тоқышев (1947) – генерал-майор, Ішкі істер министр-

лігінің еңбек сіңірген қызметкері;



Бауыржан Нөгербек (1948) – кинотанушы, профессор, ҚР еңбек 

сіңірген қайраткері;



Құралбек Ордабаев (1949) – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 

ардагер футболшы;



Амантай Жылқыбаева (1950) – филология ғылымының кандидаты, 

ШҚМУ профессоры;



Рахматілдә Рахманбердиев (1956) – Жамбыл облысы Ішкі саясат 

басқармасы бастығының орынбасары;



Ермек Қизатов

 (1961) – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-

президенті;

Қанат Әлмағамбетов (1962) – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 

басқарушы директоры;



Ақылбай Сапаров (1966) – «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ басқарма 

төрағасы;



Меруерт Түсіпбаева (1973) – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 

әнші, театр әртісі;



Нұрымбет Сақтағанов (1970) – ҚР Президент әкімшілігінің мемле-

кеттік инспекторы;



Айбек Сағиев (1974) – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі.

Тамыздың 7-сі

Алаштың атаулы күні:

• 1225 жылы Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген.

• 1992 жылы Степногорскіде Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш алтыны құйылды.

• 16 жыл бұрын (1995) Алматы Кино үйінде «Абай» атты фильмнің тұсаукесер 

рәсімі өтіп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

• 1998 жылы Түркияның Анкара қаласында Абай атындағы саябақ ашылды.

• Бес жыл бұрын (2006) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы Қырықоба 

қорғандарының бірінен жыл санауға дейінгі VI-V ғасырға жататын көне 

жәдігерліктер табылды.

• Көлік және байланыс қызметкерлері күні. Қазақстан Республикасы Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес

жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі.



Туған күн иелері:

Меңтай Өтепбергенов (1946) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет 

қайраткері, кино әртісі, Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы;



Ғалия Ыбыраева (1952) – саяси ғылымдар докторы, профессор, академик;

Табылғали Сапаров (1954) – Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының 

әкімі, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты;



Бағлан Мақұлбеков (1956) – Қостанай облыстық сотының төрағасы;

Дина Ғалиева (1963) – Ұлттық банк төрағасының орынбасары;

Бекболат Тілеухан (1966) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан 

Республикасының еңбек сіңірген әртісі.



Тамыздың 8-і

Алаштың атаулы күні:

• 1663 жылы қазақтың әйгілі үш биінің бірі, ұлы жүздің шешені, заңгер Үйсін 

Төле би дүниеге келді.

• Осыдан 13 жыл бұрын (1998) Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов 

атындағы мемлекеттік университеттің бас алаңына Шоқан Уәлихановтың мүсіні 

салтанаты түрде ашылды.



Туған күн иелері:

Сағитжан Тасмағанбетов (1946) – әділет генерал-майоры;

Берік Толымбаев (1962) – мұнай және газ вице-министрі.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:

БЕКБОЛАТ – Қазақтың төл есімі. «Бек» (ел билеуші) және «Болат» (ауыспалы 

мағынада – берік, мықты, төзімді) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Дүние 

есігін шыр етіп ашқан нәрестеге «Ел билеген мықты азамат болсын, көш бастаған 

серке болсын» деген ниетпен қойылатын есім. Бұл есім ел ішінде көбіне 

сәбилерге БОЛАТБЕК деп те қойылып жатады. 

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Екі қыз телефонмен әңгімелесіп отыр:

– Түнімен футбол көріп жай жаттым.

– Қалай болды?

– Нашар. Маған ұнамады. Камера Роналдуды 

емес, қайдағы ұсқынсыз біреулерді көрсете берді...

***

Шалы тамақты шылпылдатып ішіп отыр. Кемпірі 

оны қасықпен басынан басып қалады:

– Тамақ ішкенде, ерніңді шылпылдата бермеші!

Шалы абайлап іше бастағанда, кемпірі тағы 

басынан қасықпен ұрады:

– Шылпылдатып отырған жоқпын ғой!

– Есіме түссе, жыным келіп кетеді!

***

Бастауыш сынып оқушылары орманда 

экскурсияда жүр. Мұғалім орманшыны көрсетіп: 

– Кәне, балалар, айта қойыңыздаршы, мынау кім?

Балалар үнсіз. Мұғалім:

– Мен сендерге ол туралы айтып едім ғой, кәне?!

– Асқар деген жігітіңіз осындай ма не?

***

Әкесі баласына қоңырау шалып жатыр:

– Қайда жүрсің?

– Біреудің тауығын ұрлаймын ба деп...

– А-а-а. Шылым шекпе!

Әзіл-шыны аралас



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №136 (588) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Месел. Рус. Тесе. Итбай. Ода. Анис. Эталон. Бубен. Қоңсы. Ұры. Арат. Үкім. Баум. Бра. Ре. Трио. Қуат.



ТІГІНЕН: 

Тектит. «Оскар». Аяң. Металл. Самбо. Лей. Обыр. Ану. Абақ. Фреон. Бұта. Дилер. Ура. «Юстас». Нығмет. 

Су құсы

Ағайынның 



көмегі

Абайдың 


әжесі

Америка. 

граната 

атқыш 


қаруы

Мандатты 

адам

...


Нетребко

(әнші)


Түтін 

салығы


Боз 

аралас 


көкшіл түс

Шеге


Ауаның

78%


Нота

Қамыр иле-

генде төсе-

летін зат

Көңіл, ниет

Жер асты 

патшасы

(Грек.)


Тасқа 

салынған 

суреттер

Өсімдік 


сабағынан 

тараған 


желі

Кеме жылдам-

дығын анық-

тайтын құрал

Ою-өрнек-

ті аркалы 

қабырға

Кеңсе


Футбол 

термині


...

Куросаво


Теннис. 

кезең


Мадақ 

жыр


Септік 

Гимнаст


Италиядағы 

курортты арал

Томас

... (жазушы)



Жолдардың 

түйіскен 

жері

Өкініш


Латвия 

ақшасы


Сайдалы

Сары...


Ұстамалы ауру

Пішен шабудан 

чемпионатқа қатысады

Беларусьтің Брест облысының Березов ауданында шөп шабудан 

чемпионат өтеді. Ойпаң жердің батпағын шөптен жақсылап тазартқандар 

бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Белорусские новости» агенттігінің 

хабарлауынша, біріншілік бүгін Здитово 

деревнясы маңындағы батпақты жерде 

өтеді. Бұл жерде қияқ, сүттіген, сарыгүл, 

мажыра, қалтагүл сияқты алуан түрлі 

шөп өседі. Қатысушылар шалғымен пі-

шен шауып жарысуы қажет. Алдымен 

шөп шабушылар екі адамнан 100 метрлік 

жолақты орып шығуы тиіс. Содан кейін 

сайыскерлердің бәрі 50 метрге жеке-

жеке жарысады. Жеңімпазға шаңсорғыш, 

екінші орынға – асүй комбайны, үшінші 

орынға желдеткіш беріледі. Жақсы 

нәтижеге қол жеткізгендер шөп шабудан 

Еуропа чемпионатына жолдама алады. 

Беларусьте қолмен шөп шабу бәсекесі 

осы мен төртінші рет өткізіліп отыр. Бай-

қаудың мақсаты – пішен шабу кәсібін 

кеңі нен насихаттау, жұртшылықты қол 

еңбегіне баулу. Мұндай чемпионат 

дүниежүзі бойынша әзірше Беларусьте, 

Финляндияда және Польшада өтіп жүр.

Оқу ақысының орнына 

органын алуды ұсынады

Қаржыдан қиналған студенттер оқу ақысын органдарымен өтеуіне 

болады. Шотландияның Данди университетінің дәрігері Сью Рэбит Рофтың 

ұсынысы жұртшылықты елең еткізді.

BBC-тің хабарлауынша, дәрігер Рофф 

бүйрек ауруының салдарынан болатын 

өлім-жітім көрсеткішіне алаңдаушылық 

білдіреді. Күн сайын бүйрек трансплан-

тациясы кезегінде тұрған науқастардың 

үшеуі донор табылған уақытқа жетпей 

қайтыс болады. Өйткені сау органға 

мұқтаж науқас көп те, донор тапшы. Сол 

себепті ағылшын дәрігері бүйрегін ауру-

ларға бергісі келетін адамдарды ынталан-

дыру қажеттігін айтады. Сондай-ақ донор-

ларды оқу ақысын төлей алмайтын сту-

дент тер арасынан іздеген жөн. Ақшасы 

жоқ, бірақ сапалы білім алғысы келетін 

жастар мемлекеттен тиісті қаржы алып, 

кепілдікке өз органдарын қалдыра алады. 

Рофтың ұсынысы, әрине, көпшіліктің 

наразылығын туғызып отыр. Ұлыбри та-

нияда адам органдарын сату заң сыз әре-

кет саналады. Заңға сәйкес, транспланта-

цияға альтруистік себеппен және меди-

циналық мақсат үшін ғана рұқсат етілген.

Бір ай бойы 

сықылықтап күліп жүр

АҚШ-та Энна Стивенс есімді жеті жасар қыз бала миына жа сал ған 

операциядан соң сирек кездесетін неврологиялық ауруға ұшырады. Ол 

енді тоқтамастан күлетін болды.

The Daily Mail-дың хабарлауынша, 

Эннаның сықылықтап күліп жүргеніне 

бір ай болды. Мұндай ауру күрделі опе-

рациядан кейін пайда болған. Қыз ба-

ла ның миында ісік анықталып, хирург-

тер оны сылып тастаған еді. Әуелде қыз 

баланың сол көзінің астында ісік болған. 

Ньюкаслдағы Виктория королева ауру-

ханасының дәрігерлері оған «ми қатерлі 

ісігі» деген диагноз қойып, операция 

жасады. Енді Энна 16 ай сәуле және хи-

мия терапиясынан өтуі керек. Бірақ 

операция кезінде жүйке жүйесіне зақым 

келген қыз бала өз эмоциясын реттей 

алмайтын ауруға шалдықты. Дегенмен 

дәрігерлер арнайы емдеу курсынан соң 

Эннаның себепсізден себепсіз тырқыл-

дап күлуі тыйылатынын айтады.

Гетеросексуалдар күнін 

атап өтуді ұсынады

Дүниежүзінде гейлер фестивалі өткізіледі де, гетеросексуалдардың мерекесі жоқ. 

Біржынысты махаббаттың уағызы дәстүрлі жыныстық қарым-қатынастың алдын 

орап кетті. Сол себепті әйел мен ер адам арасындағы нәзік сезімдерді кең 

насихаттаған жөн. Бразилияның Сан-Паулу қаласының қалалық кеңесі күнтізбеге 

Гетеросексуалдылық күнін енгізуді ұсынды.

Associated Press агенттігінің хабарлауын-

ша, жергілікті билік желтоқсанның үшінші 

жек сен  бісін  гетеросексуалдар  мерекесі 

ретінде атап өтілгенін қалайды. Тиісті заң 

жобасының авторы Карлуш Аполинарудың 

айтуынша, бұл – гейлер қауымдастығына 

наразылық емес. Дегенмен ол қызтекелер 

мен еркек 

шораларға жиі көңіл бөлініп 

жатуын дұрыс емес деп есептейді. Әсіресе, 

Сан-Паулуда жыл сайын гейлер шеруі діни 

рәсімдерден де ауқымды, салтанатты түрде 

өткізіліп жүр. Бразилия қо ғамының кейбір 

өкілдері жергілікті биліктің бұл бастамасын 

қолдамай отыр. Өйткені гетеросексуал ды-

лықты наси хат тау гомофобияның күшеюі 

мен жыныстық көзқарас бойынша алалау-

шылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Бразилияда 

соңғы бір жыл ішінде дәстүрлі емес жыныс-

тық ориентация ның 260 өкілі кісі қолынан 

қайтыс болған.



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал