Бір тілде деп міндеттеген жоқ



жүктеу 0.71 Mb.

бет6/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

көрінеді. Өзіңіз де адамды танитын 

жасқа келдіңіз. Кейінгі буын ішінен 

қазақы бояуы қанық, қазақ әнінің 

туын желбірететін осы деп қай 

композиторды атай аласыз?

– Менен кейінгі буында Қуат Шілдебаев 

деген өте талантты композитор бар. Оның 

өзі 60-қа келіп қалды, жас деп айтуға 

болмайды. Бірақ мені де кезінде 50-ден 

асқанша жас композитор деп жүрді ғой. 

Біз де сондай бір үрдіс бар, неге екенін біл-

меймін. Алдымызда бірнеше ұрпақ бол-

ғаннан кейін, алдымыздағы компози тор-

ларға қарағанда жас болған соң, солай 

деген шығар?! Артық Тұрсынбаев, Ақтоты 

Райымқұлова сынды талантты композитор-

ларды атар едім. Осы үшеуі де – бір уақыт-

тың ұрпақтары. Бұлар нағыз қазақтың иісі 

бар музыка жазады. Фольклорды жақсы 

біледі. Қандай музыка жазса да, қазақтың 

композиторы жазған шығармасынан 

көрініп тұрады. Мысалы, Қуат Шілдебаев-

тың «Отан-Ана» деген әні неге тұрады! 

Нағыз қазақы ән.



– Қазақтың композиторы болған 

соң, қазақы бояумен ән шығару 

керек қой. Сал-серілердің, дәстүр-

дің ізімен ән шығару үдесінен 

қаншалықты шықтыңыз? 

– Шығармашылықта ешқашан біреудің 

ізімен жүруге болмайды. Адам егер нағыз 

талант, нағыз шығармашылықтың адамы 

болса, өзінің стилін, жолын табады. Абай 

бабамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін 

тап та, бар, қалан!» – дегендей, өзінің 

жолын тапқан адам ғана нағыз талантты 

компози тор деп ойлаймын. Құдайға шүкір, 

қазақ тың даласында таланттар жеткілікті, 

бірақ еңбек етіп, ізденбесең, еш нәрсе 

шық пайды. Орыс тың ұлы композиторы 

П.И.Ч ай ковс   кий ге  «Гений  деген  кім?»  деп 

сұрақ қойғанда: «Гений – 99 пайыз еңбек, 

1 па йыз талант», – деп жауап берген екен. 

Жұрт композиторды Құдай құдірет берген 

адам, отыра қалып жаза береді деп ойлай-

ды. Алдымен ізденіс болу керек. Музы ка 

өнерінде дүниежүзінде қандай жаңа лық 

болып жатқанын тыңдауға мін деттісің. 

Тыңдап отырып, бір кереметін тауып алсаң: 

«Ә, мынау бәле екен, қалай тапқан?» деп 

өзіңе сіңіріп аласың. Кезі келгенде өз таби-

ғатың арқылы сондай бір дүние өз туындың 

болып шығады. Ол жерде ешкімнен ұрлау, 

плагиаттық жоқ. Бір орын да тоқтап қалмай, 

үнемі ізденісте жүру керексің. Бұл тек қана 

музыкантқа қатысты емес, менің қағидам 

– кез келген адам дү ние жүзілік поэзияны, 

дүниежүзілік әде биетті оқу  арқылы білімін  

жетілдіруі ке рек. Адамның табиғаты білімге 

байланысты. Нағыз композитор барлық 

саладан хабар дар болуы керек. 

– Жас күніңізден кімдерді 

тыңдап, кімдердің шығармасынан 

тәлім алып өстіңіз?

– Мен 18 жасымда «до» мен «ре»-ні  

та ныған адаммын. Қарапайым орта мек-

теп  ті үздік оқып, алтын медальға бітіріп, 

музыкалық училищенің дайындық курсына 

түскенмін. Бес жыл училищеде, бес жыл 

консерваторияда, барлығы он жылда 28 

жасымда бітіріп шықтым. Менің ұстазым 

– профессор, Қазақстанның Халық әртісі, 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері Анатолий 

Бычков. Ол кісі үнемі маған: «Кеңес, сен 

қазақсың, қазақша жазуың керек!» деп 

отыратын. Қазақы шығарманы өмір бойы 

тырысып жазып келе жатсам да, ол кісі 

есіме салып тұратын. Бәлкім, ұстазым мені 

солай қайрамағанда, Қазақстанда Кеңес 

Дүйсекеев деген композитор шығар ма еді, 

шықпас па еді?!. Ол кісі баяғы заманның 

ескі әндерін беріп: «Интонациялық байлық-

тарын өзіңе сіңіріп ал, кейін шығарма шы-

лығыңа керек болады», – дейтін. Орыстың 

фольклорын да бір адамдай білемін, 

жазамын десем жаза аламын. Бірақ мен 

қазақ болған соң, тек қазақтың музыкасын 

жазуым керек. Екінші жағынан, мектепте 

жүргенде нота білмейміз, дыбысқа деген 

қағілездігімнің арқасында домбыра тар тып 

үйренгенмін. 50 шақты күй білемін. Кезінде 

баян, аккордеон, мандолин, пианиноны да 

есту арқылы үйреніп, ойнадық. Сыр өңірін-

де туғандықтан, жыр, терме, қисса кішкен-

та йымнан құлағыма құйылған. Сырдың 

ешбір өңірге ұқсамайтын осы уақытқа 

дейін толық зерттелмей келе жатқан өзіндік 

фольклоры, дәстүрі бар. Күйлері де бөлек. 

Ауылға жыршы, жыраулар келгенде, әкем-

нің қасына еріп, түнімен жыр, қисса тың-

дай тынбыз. Менің қалыптасуыма мұның 

бәрі әсер етті. 

Домбыраны бір адамдай тар-

там дедіңіз. Дегенмен дәстүрлі ән-

ші лер орындайтын әндеріңізді көп 

естімейміз...

– Елдің бәрі Досхан Жолжақсынов 

орын дап жүрген «Ойлан, балам!» деген 

әнді Досхандікі деп ойлап жүріпті. Шын 

мәнінде, ол менің әнім. 1980 жылы балама 

арнап жазылған ән. Қазақ ССР-нің 60 жыл-

дығындағы байқауда Гран-приді жеңіп 

алған, домбырамен айтуға арналған «Қа-

за ғымның күйлері-ай» деген әнім бар. 

– Қазір саяси шараларға, елеулі 

даталарға, патриоттық әндерге 

арнап композиторлар арасында 

байқау жариялау жиілеп кетті. 

Байқауға ғана арнап ән жазу үрдісі 

дұрыс па? Бұл композиторлардың 

шығармашылығын шектемей ме? 

Себебі сол әндер байқау барысында 

орындалып, кейін ұмыт болып 

жатады...

– Мәселе – байқауда. Егер жарияланған 

байқау композитордың жүрегіне әсер бе ре-

тін болса, қатысу керек. Кезінде респу бли -

калық бірталай байқауға қатысып, біраз 

әнім лауреат болған. Құдайға шүкір, соның 

барлығы айтылып жүр. Мысалға, «Сәлем, 

саған, туған ел!» деген әнім КСРО-ның 60 

жылдығына арналған жарыста 2-орын ал-

ды. 37-38-жылдары қуғын-сүр гінге ұшыра-

ғандарға арнап бір цикл ән жаз дым. Соның 

ішінен екі әнім байқауға қатысып, «Қош, 

аман бол, туған жер» – 1-оры н   ды, «Ана 

зары» 2-орынды иеленді. 



– Бұрынғы шын таланттар 

талант ты жазбай танып, мықтының 

мық ты лығын  мойындайтын.  Адам-

ның дарындылығын мойындау да – 

өнер.  Сол өнерден неге айырылып 

барамыз? Бақталастық пен көреал-

маушылық неге қазір белең алды?

– Мен сізге бір мысал айтайын. Менің 

замандас буыныма жататын композиторлар 

– Сейдолла Бәйтереков, Тілес Қажығалиев, 

Жолан Дәсенов, Төлеген Мұхамеджанов, 

Алмас Серкебаевтар. Бұлардың көпшілігі 

бақилық болып кетті. Сейдолла Бәйтереков, 

Тілес Қажығалиев, Жолан Дәсеновтер 

қазақ тың қандай талантты композиторлары  

еді. 50-ге жетпей өмірден озды. Бізден 

кейінгі буын композиторлар бізге «сіздер 

қандай талантты ұрпақ едіңіздер!» деп 

таңғалатын. Өзіміздің арамызда өмірде 

бақталастық болмаған. Бақталастықты 

таланты жетпейтін адамдар жасайды  деп 

ойлаймын. Нағыз талантты адамдар қайта 

қуанады. Біріміздің шығармамыз үздік 

шық са, соған барлығымыз қуанып, мақ-

тайтынбыз. Оны жеке бір адамның, сол ар-

қы лы дүйім қазақтың жетістігі деп баға лай-

тынбыз. Таңғаларлық дүние. Адам Құдай 

берген табиғатымен, оқыған-тоқыған 

білімімен бір нәрсе туғызбаса, басқасы – 

бос әурешілік. Менің өмірімде мынадай 

бір оқиға болды: 1979 жылы мен он шақты 

шы ғар ма жазып, енді атым шыға баста ған-

да, бір жігіт «Социалистік Қазақстанға»  

«Дүйсекеев қазақ әндерін жазбайды» деген 

мазмұнда мақала жазды. Сол мақаланың 

ізінше Кеңес Одағы әртістері  эстрадасының 

6-ыншы конкурсы болды. Байқаудың Орта 

Азия бойынша аймақтық сайысы Ташкентте 

өтті. Соған Нағима Есқалиева «Қаракөз 

айым» деген әнімді айтып шықты. Жаңағы 

мақалада дәл осы «Қаракөз айымды» «қа-

зақ әні емес, қазақтың иісі де шықпайды» 

деген болатын. Қазылар алқасы сол әнім 

үшін қазақ әнінің байлығын қазіргі заман 

эстрадасымен ұштастырғанымды үлкен 

жетістікке балап, арнайы жеке грамота 

бер ді. Мақала жазған адам, бәлкім, кө-

реал мағаннан кейін, қолынан іс келмеген 

соң, бақталас болған шығар. Нағыз талант 

ешқашан ондай бейшаралық деңгейге 

түспейді. Роза Рымбаева 1979 жылы Түр-

кия да өткен «Алтын микрофонға» қатыс-

қанда, «Домбыра туралы баллада» әнімді 

түрікшеге аудартып, Стамбулда орындады. 

Әнді естіген залда отырған түріктер шапа-

лақпен қошемет көрсетіп, тағы бір ән сұра-

ғанда, «Сәлем, саған, туған ел» әнімді ай-

тып беріпті. Роза композиторға деп қа зы-

лар алқасының табыстаған арнайы дип-

ломын әкеп берді. Мұндай құрмет сол 

уақытта бұрын-соңды болмаған еді. «Битке 

өкпелеп, тоныңды отқа тастама» деген 

қазақта мақал бар. Тірі жан болған соң, 

жоғарыдағыдай ауыр сөздер, бақталастық 

жүрекке әсер етпей қоймайды. 

– Кеңес өкіметі кезінде 

қаламақыға ғана күн көруге 

болатын. Қазір ше?

– Мысалы, 80-жылдары шығармаларым 

Одақ бойынша, тіпті шетелдерде орындала-

тын. Сол уақытта тек чекпен кіргізетін 

«Березка» деген дүкен болатын. Ұлым тек 

сол дүкеннен киінетін. «Березкаға» Кеңес 

өкіметінің ақшасы жүрмейді, кіргізбейді 

де. Одан бөлек әндерім орындалғаны үшін  

айына мың сом есепшотыма түсіп тұратын. 

Ол кезде министрдің айлығы 350 сом бо-

ла  тын. Құрығанда айына 500 сом қала-

мақы алатынбыз. Ал киноға музыка жазсаң, 

бірден 3500 сом, Одақтық жалға өтсе, 

7000  тағы төлейді. Кеңес өкіметі кезінде 

гастрольдік сапарға шығар алдында қанша 

концерт, қай шығармаларымызды бере-

тінімізді жазып кететінбіз. Концерт болған 

жерден пайызы түсе береді. Қазір ондай 

қадағалау, тексеру жоқ. Екіншіден, әр 

мекемеде өзінің көркемдік кеңесі болатын. 

Алматыда он шақты көркемдік кеңестің 

мүшесі болатынмын. Шығармаларды са-

тып алу үшін үкімет көркемдік кеңестерге 

арнайы қаржы бөлетін. Радиода маңда-

йынан шертіп таңдалып алған шы ғар ма-

ның ақшасын авторға төлеп, әншіні шақыр-

тып, оркестрге жаздыртып, «Алтын қорға» 

сақтайтын. Ал қазір кім болса сол әнді апа-

рып беріп, іріктеусіз өтіп жатады. Шымкент-

тің «алайбазарында» беретін әнді радиодан 

беріп жатыр. Эфир – халықтың тәрбиешісі. 

Баяғыда композиторлар жұмыс істемей-

ақ, үйде отырып-ақ бала-шағасын асырай-

тын. Ал қазір мен жұмыс істемесем, бала-

шағам аш қалады. Кеңес өкіметі тұсында 

бір шығарманы жазам деп алдын ала айт-

саң, 30 пайызын беріп қоятын. Еш нәрсеге 

алаңдамай, сол ақшаға отба сың ды бағып

шығармаңды жазасың. Қал ғанын жазған-

нан кейін төлейтін. Қазір музыка жазуға да 

тендер жариялайтын болған. Өнерге тен-

дер қойғанына аң-таң болдым. Бірақ соған 

қатыстым. Бір бет қағазға әлі жазылмаған 

симфониям туралы жазып бердім. Бір 

жылда бір симфонияға тиын-тебен береді, 

ол ақшаға бір жыл отба сың ды асырай 

аласың ба, алмайсың ба, Құ дай біледі. 

Менің музыка жазғаннан басқа қолымнан 

түк те келмейді. 90-жыл дары тоқырау 

кезінде біраз композитор базарға кетіп 

қалды. Үш-төрт жылдан соң бұрынғы 

деңгейіме же тем дегенше, ол композитор-

дың біраз ша шы ағарады. Базардан шар-

шап келіп, музы каны қалай жазады? Сол 

зардап шеккен, орны ортайған дүние лерді 

қалпы на кел тіретін кез жетті. Дамыған 50  

елдің қата рына енеміз деп жатырмыз. 

Мұнай да, бас қа байлық та жетеді. Енді 

өнер адамда рына жағдай жасаса деймін. 

Осыдан үш жыл бұрын Қазақ радиосының 

көркемдік кеңе сіне Ермек Серкебаев, Бибі-

гүл Төлеге нова сынды Қазақстан өнеріндегі 

беткеұстар нарқасқалары шақырылды. 

Қазақ радио сы ның деңгейіне жетпейді 

деген әндерді алып тастап, бүкіл қорды 

тыңдап, іріктедік. Бір жарым жылдай жұ-

мыс істедік, әрине, төлеп жатқан ақшасы 

жоқ, тек өнерге деген патриоттық сезіммен 

жүрген едік. Төмен әндерді «мынау Қазақ 

радиосының деңгейі емес, Шымкенттің 

«алай базарының» әні ғой, мұндайды жібе-

ре алмаймыз» десем, сол жерде отырған-

дардың біреуі авторға пікірімді жеткізген 

екен. Содан «Дүйсекеев – киллер, ол бар 

жерде барлығын қырады» деген әңгіме 

шы ғып, содан кейін болу ке рек, мені мүл-

дем көркемдік кеңеске ша қыр май қойды. 

– Қазір дәстүрлі әннің әуені мен 

сөзін де бұзып айтып жүргендер бар 

ғой... 

– Дәстүрлі әнді бұзу – қиянат. Мен бұл 

шындықты қазақ халқының, қазақ өнерінің 

келешегі үшін айтып жүрмін. Жаным ашы-

ған соң айтамын, әйтпесе маған келіп жат-

қан пайда жоқ. Дәстүрлі әнді эстрадаға 

салып, оны бұзып айтқан адам – нағыз 

көр генсіз адам. Ондай адамды атып тастау 

керек. Олар ғасырлар бойы таза қалпын 

бұзбай келе жатқан алмасты қырлап шы-

ғарған гауһарды боққа шылап жатыр. 

– Дәстүрлі ұлттық музыкамызды 

Еуропаның классикалық 

музыкасынан төмен санайтындар 

да кездеседі ғой...

– Марқұм болып кеткен Түркіменбашы 

бір кездері Еуропаның классикалық 

музыкасын керек етпей, өшіріп тастап еді. 

Қазір орнына келтірді. Классикалық музы-

касыз өнер болмайды. Моцарт, Бетховен, 

Чайковский қай халыққа болсын керек. 

Дүниежүзілік шедеврлерден үйрену керек, 

олардан тәлім-тәрбие алу керек. Өкінішке 

қарай, бізде оқымаған, тоқымаған, кеуде-

сін құр «қазақпын» деп ұратын надандар 

көп. Не халық музыкасын, не фольклорды 

жөнді білмейді. Барлығы мақала жазады. 

Соның барлығына тоқтау салатын бас ре-

дак торлар отыр ғой. Өз қамымызды өзіміз 

ойламасақ, ешкім ойламайды. Осыдан үш 

жыл бұрын Астанада халықаралық 

композиторлар форумы болды. Еуропаның 

бар лық елінен, бізден іріктелген үш-төрт 

композитор қа тыс ты. Немістің шығармасы 

орындал ғанда, италиялық па, немістікі ме 

танымайсың, бір-біріне ұқсап кеткен. Ал 

біздің қазақтың музыкасы орындалғанда

олар «шығарма ла рыңыздың қазақы иісі 

аңқыған, күре тамырынан айырылмаған 

бақытты халық сыздар» деп таңғалды. 

Еуропа елдерінің қазіргі музыкасы ұлттық 

бояуынан айы рылып қалған. Қазір дүние-

жүзінің назары шығысқа ауып отыр. Шығыс 

тамырынан ажырамаған, оның ішінде 

қазақ та бар. Нағыз сыншыл сырт көз дің 

алдында мақта нып қалдық. Мысалы, 1980 

жылы  Ленинг рад та  «Ленфильмде»  киноға 

музыка жаз дым. Ленинградтың мемлекеттік 

филармо ниясының  Мравин ский  атындағы 

симфо ниялық оркестрі кел ді. 15 шақты үл-

кен кісі келіп: «Где здесь маэс тро?» деп сұ-

ра ды. Дирижерді айтып тұрған шығар де-

сем, бұл музыканы кім жазғандығын сұрап 

тұр екен. Өзім жазған дығымды айтып едім, 

Мәскеудің не Ленин г радтың консерватория-

сының қайсысын бітіргенімді сұрады. 

Алматының консерва ториясын бітіргенімді 

айтып, «Римский-Корсаковтың шөпшегі-

мін» дедім. Римский-Корсаковтың шәкірті 

– Шейнберг, оның шәкір ті – Брусиловский, 

оның шәкірті – ме нің ұстазым Бычков. «А, 

вот откуда. Ленин град ская школа значит» 

деді. Жаңағы келіп тұрған ішекті аспаптарда 

ойнайтын топ  1942 жылы қоршаудағы 

Лени н   град та  Шостаковичтің  №7,  №8  сим-

фо ния сын орындаған музыканттар екен. 

Қазақ тың музыкасы естілген соң, құрметтеп 

маған келіпті. Дүниежүзінің бүкіл класси-

калық шығармаларын орындап жүрген ше-

бер орындаушы-музыканттар келіп, біздің 

музыкамызды бағалап тұрғанда, төбем 

көк ке жеткендей болды. 



– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Әбілахат Еспаев ағамыз көшеде таяқ лақтырсаң, «мен композитор мын» 

дегенге тиетіндігін айтып, алаңдап еді. Сол кісінің айтқан сөзінің «көкесі» 

бүгін болып отыр. Қазір екінің бірі – композитор. Нота білмейді, ыңылдап 

бір нәрсе шығарады. Музыкалық білімі жоқ, қалтасында ақша бар. 

Ыңылдап айтып бергенін студиядағы кәсіби маман түсіріп, фонограм ма 

жазып, екі-үш әнін әншіге орындатып, «мен композитормын» деп 

көкірегін ұрып жүргендер жетеді. «Композитор» деген – латынның ескі 

сөзі, «басынан аяғына дейін құрастыратын адам» деген мағына береді. 

Басынан аяғына дейін құрастырмайтындар – әуесқойлар. Оларға мұны 

айтсаң, намысына тиеді. Әуесқой болмаса, сазгер-ақ болсын, тек саз 

жазатын. Композитор –  әншіге басынан аяғына дейін дайындап, өзі өңдеп 

жеткізуі керек. Белорус композиторы Эдуард Ханок деген досым Мәскеуге 

барғанда: «Кеңес, өнер адамы өзіне-өзі сот, өзіне-өзі прокурор болуы 

керек» дегені есімде. Жазған дүниемнің барлығын тамаша туынды деп 

жарыққа шығарып жатқан жоқпын. Талай дүнием жыртылып қалып, 

талай дүнием биік деңгейге жетпейді-ау деген соң, қалып жатады. Қазір 

әуесқойлардың көбейіп кету кесірінен ән өнері құлдырап бара жатыр. Бұл 

тыңдаушының талғамын бұзады, төмендетеді. 

Саусақтарының ізі түспейтін 

адамдар бола ма?

Саусағының сызықтары жоқ адамдардың болатыны 

рас. Бұл – сирек кездесетін «адерматоглифия» атты 

гене тикалық ауытқуға ұшыраудың салдары. Мұндай 

адамдардың алақаны мен саусақ терісі жалтыр болып 

келеді. Қалып ты адамдардікіндей саусақтың иірім 

сызықтары болмайды. Ғалымдар мұндай нысаналы 

адамдардың өте сирек туыла тынын айтады.



Кейбір адамдардың саусақ ізі болмайды деп 

естідім. Ондай адамдар қылмыс жасаған кезде  

ұсталмайды екен. Шынымен де, саусағының ізі, 

сызықтары жоқ адамдар бола ма?

Ғани ТОҚТАМҰРАТҰЛЫ, Орал қаласы

ДАТ!


Кеңес ДҮЙСЕКЕЕВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор:

Қазір әуесқойлардың көбейіп 

кету кесірінен ән өнері 

құлдырап бара жатыр

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ-АҚПАРАТ



Рудный қаласында ер-

азамат аңшы мылтығымен өз 

отбасын атып тастап, өзіне-өзі 

қол  жұм са ды.  Қостанай 

облыстық ішкі істер департа-

ментінің баспасөз қызметі 

берген ақпаратқа сәйкес, 

жуырда Рудный қаласы ның 

маңында орналасқан «Сви но-

совхоз» бақтар қоғамдасты-

ғын дағы үйлердің бірінде өрт 

шығып, 34 жастағы ер-азамат 

пен 56 жастағы әйелдің мәйіт-

тері табылған. Сараптама 

жұмыста рының  нәтижесінде 

анықталған дай,  аталмыш 

азаматтар алды мен аңшы 

мылтығынан атып өлтірілген 

болып отыр. Тағы да бір зардап 

шеккен әйел алған ауыр 

жарақаттарымен ауруха наға 

жеткізілді. 

Кеше Тәуелсіздіктің 20 

жылдығына арналған «Ислам 

және бейбітшілік» атты жур на-

листердің шығармашы лық 

сайысы тұсауын кесті. Байқау-

ды «Заңғар» шығармашылық 

бірлестігі, «Қаламгер-Азамат» 

Жас тілшілері» қоғамдық қоры, 

«Fattach Finance» ААҚ бірлесіп 

ұйымдастырып отыр.

Отағасы туыстарын 

атып тастады

Ислам мен бейбітшілік 

тақырыбы жаңа 

байқауға арқау болды

Баспасөз қызметінің айтуынша, 2 тамыз 

күні осы қылмысқа қатысы бар күдікті 

қылмыс орын алған жердің маңайынан 

табылды. 50 жастағы ер-азамат өз отбасын 

атқан қаруды пайдаланып, өзіне-өзі қол 

жұмсап қаза тапқан. Өртке оранған үйден 

табылған хатта жазылғандай, ер-азамат 

туыстарын күнделікті жанжалдың кесірінен 

атып өлтіріпті. 

Полиция қызметкерлерінің хабар-

лауынша, жәбірленген барлық азаматтар 

бір отбасының мүшелері болып отыр. 

Аурухана дәрігерлері аман қалған әйелдің 

жағдайы өте ауыр деп отыр. Белгілі бол-

ғандай, зардап шеккен азаматша қаза тап-

қан 34 жастағы ер-азаматтың қалыңдығы 

болыпты. Ішкі істер департаментінің мәлі-

ме тіне сәйкес, қазіргі таңда осы оқиға бо-

йынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу 

амал дары  жүргізілу  үстінде.

 Ерғали НӘБИҰЛЫ   

Байқаудың жарияланғаны «Ел еңсесі 

– Егемендік» атты IV республикалық «Қа-

лам гер-Азамат» жас тілшілер форумында 

айтылды. Байқауға баспасөз бетіне жария-

ланған ислам және бейбітшілік, Қазақстан-

дағы ислам қаржысы: құрылуы мен даму 

үдерістері, исламдық туризм, Қазақстан-

да ғы халал индустриясының дамуы тақы-

ры  бындағы  мақалалар  қабылданады. 

Қоры  тын ды  марапаттау  рәсімі  биылғы 

қараша айының 11-інде Алматы қаласы 

Ғалымдар үйінің қысқы бағында өтеді. 

Сайыстың жүлде қоры 400 000 теңгені 

құрайды. Конкурстың бір ерекшелігі, 

жарыс қа қазіргі ғаламтордың белсенді 

пайдаланушылары болып саналатын 

блогерлер де қатыса алады. Мақалалар 

2011 жылдың 25 қаза нына дейін Алматы 

қаласы, Достық даң ғылы, 124-үй, 154-

кеңседе қабылданады. Сонымен қатар 

үміткерлер kalamger@mail.ru электронды 

поштасы мен 8(727) 264 25 94 телефон 

нөміріне  хабарласу ла рына  болады. 



Заратқазы НҰРПЕЙІСОВ, «Fattah 

Finance» ААҚ басқарма төрағасы:

– Бұл конкурсты өзіміз қаржылан-

дырып отырмыз. Себебі Тәуелсіз дігі-

міз дің 20 жылдығына орай жас жур-

на листердің бабын сынап көрмекпіз. 

Бұл шараны бізбен бірге «Заңғар» 

шы ғар машылық  бірлестігі  де  ұйым-

дас тырып отыр. Жас журналистерді 

қолдау мақсатында ұйымдастырылып 

отырған сайысқа өзге бір тың тақы-

рып қа бәйге жарияладық. Журналис-

тер дің ел экономикасы мен дінге 

деген көзқарастарын байқамақпыз. 

Ардақ ҚҰЛТАЙ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№137 (589) 6.08.2011 жыл, сенбі




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал